Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыДокумент на тему "Гылыми жумыстар"

Документ на тему "Гылыми жумыстар"

Скачать материал

      Қостанай облысы , Әулиекөл ауданы

«Әулиекөл ауданы білім бөлімінің

№2 Аманқарағай орта мектебі» ММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Magic  FLy» байқауы ,

       «Жұлдызды жолдар ашық»  номинациясы

Автордың аты-жөні: Ансаганов Тайлан Маратұлы

№2 Аманқарағай орта мектебі    3 сынып оқушысы 9 жас

Жетекшісінің аты-жөні: Аяпбергенова Алмагүл Бахитжанқызы

№2 Аманқарағай орта мектебі,

бастауыш сынып мұғалім

2014-2015 оқу жылы

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Жұлдызды жолдар ашық

Жұлдызды аспан әлемі қай кезде де адамдардың ерекше  қызығушылығын тудырып келеді. Бұлтсыз ашық түнде аспанға зер салсаң, көп жұлдызды көресің. Олар самалдай жарқырап, сәуле шашып тұрады. Жұлдызды аспанға қарап ,ғарыштың ұшы-қыры жоқ сырына үнілген сайын,ол жұмбақ бола түседі. Жұлдыздар неге жанады? Түнде олардың нешеуі жарқырап тұрады? Олар бізден алыс орналасқан ба? Жұлдызды аспанның шекарасы бар ма? Жұлдыздар қай жерде пайда болады? Ежелгі заманнан бастап адамдарды осы және басқа да көптеген мәселелер ойландырды, олар біз өмір сүріп жатқан үлкен әлемнің неден жасалғанын түсініп, білгісі келді.Адамдардың ол туралы ең алғашқы түсініктері ертегілер мен аңыздарда сақталған. Жер шары туралы ғылымның пайда болып, тереңге тамыр жаюынан және дамуынан бұрын ғасырлар және мыңжылдықтар өтті. Бұл ғылым бізге дүниенің қарапайымдылығы мен ерекше тәртібін ашып көрсетті. Оны ежелгі Грецияда Космос деп текке атамаған, ал Космос деген сөздің бастапқы  мағынасы «тәртіп» және «әдемілік» дегенді білдіреді.

Әлем жүйесі -  Жердің, Күннің,Айдың, планеталардың, жұлдыздардың және басқа да аспан денелерінің кеңістікте орналасуы мен қозғалысы туралы түсінік.

Табиғаттағы басқа да денелер сияқты жұлдыздар да өзгеріссіз қалмайды, олар да өмірге келеді, дамиды, және «өледі».Жұлдыз-қызған сутегінен құралған көлемді шар.Жердегілерге бұл шар түнгі аспанда жарқыраған кішкентай ноқат болып көрінеді. Жұлдыздардың өмірлік жолын қадағалап, олардың қалай қартаятынын түсіну  үшін олардың қалай пайда болатынын білу қажет. Бұған дейін бұл құбылыс біз үшін үлкен жұмбақ болып көрінетін; қазіргі заманғы астрономдар біздің түнгі аспанымыздағы жарқыраған жұлдыздардың пайда болу жолдарын егжей-тегжейлі сипаттап бере алады.

Қаншама болдым – толдым десе де адам баласы қол жеткен табыстармен шектеліп қала алмайды,ол әрқашан көбірек білуге құштар болады да тұрады.Өйткені бізді қоршаған әлемде әлі де болса ашылмаған сырлар,шешілмеген жұмбақтар,жүрілмеген жолдар баршылық.Адам баласының ұшқыр ойымен ақылы әлем құрылысының таңғажайып сырларын ашуға бағытталғанымен ХХ ғасырға дейін планета аралық кеңістікті зерттеудің ғылыми негізін жасауға мүмкіндік болмады.Ракеталық – космостық техниканың тұңғыш ғылыми негізі қаланғанына көп уақыт өткен жоқ.Ол туралы ойлар алғаш рет Циолковский еңбектерінде қарастырылды.Әрине Циолковскийге дейін де ауасыз кеңістікте ұшу заңдылықтарын қарастырған кейбір зерттеулер болғандығын ескерте кеткен жөн.Мысал үшін инженер Кибальчич ұсынған ауада ұшатын аппарат жобасын еске алудың өзі жеткілікті.Әлемнің және аспан денелерінің пайда болуы және құрылымы жөніндегі алғашқы мифтік түсініктерге ертедегі грек философиясының көрнекті өкілдерінің бірі Гераклит көзқарасы бойынша бізді қоршаған әлемді құдай да, адам да жаратпаған.Ол бірде жанып,бірде сөніп тұратын мәңгі от.  Грек материализмінің шарықтау шегі біздің заманымызға дейін Ү – ҮІ ғасырларды өмір сүрген Демокриттің көзқарастарымен ұштасады.Оның айтуынша,аспан әлемдері Ай,Күн және жұлдыздар уақытқа байланысты өзгеретін,шексіз кеңістіктегі материалдық денелер.Ай да Жер тәрізді,онда да жердегі сияқты биік таулар мен жазық далалар бар деп есептейді.Аристотель философиясынан нәр алған,сол философияға негізделген біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырда өмір сүрген Птоломей Жер – бүкіл әлемнің орталығы, оны Ай,Күн,Меркурий, Шолпан,Марс,Юпитер және Сатурн ғаламшарлары айналып жүреді, сонымен бірге олар қозғалмайтын жұлдыздармен қоршалған деп геоцентрлік жүйе ұсынды . Күн жерге ең жақын жұлдыз есептеледі, және ол жер энергиясының негізгі қайнар көзі болып табылады.Күннің жарығы жерге 8,3 минутта жетеді. Ал ең жақын Кентавр α жұлдызының сәулесі жерге 4 жыл 3 айда жетіп келе алады. Жұлдыздар Жерден өте қашық орналасқандықтан, телескоппен қарағанның өзінде нүктедей ғана болып көрінеді. Айсыз түнде жай көзбен қарағанда 5 мыңға жуық жұлдызды, ал күшті телескоп арқылы миллиардтаған жұлдызды көруге болады. Ғарышкерлер Ай бетінде көптеген зерттеулер жүргізді,жүздеген кг ай жыныстарын Жерге жеткізді.Жүргізілген зерттеулер жылу ағынын,магнит өрісін,радиация деңгейін,Күн желінің екпіні мен құрамын өлшеуге арналды.Бұл зерттеулер қорытындысында Айдан тараған жылу жердегіден үш есе аз екені,ай жынысында сақталған қалдық,магниттік қасиеттер,метеориттердің түсуінен Ай сілкінуінен болатын соққылар анықталды.Айдағы салмақ күшінің Жерге қарағанда 6 есе аздығы кристалдар,оптикалық айналар,өте таза медициналық және химиялық препараттар жасауға кең жол ашады.Айды игерудің болашағы әлі де болса алда,зерттеу маңызды бола бермек. Космостық зерттеу лабораториялардың ұшуы,адам баласының ғарыш төріне көтерілуі,туған мекеніміз Жерді жан – жақты зерттеуге жол ашты.Ғарыш кемелерінен алынған суреттерден мұнай мен газ қорларын іздеуде аса маңызды орын алатын әр түрлі құрамындағы тектоникалық құрылымының ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік туды.Жердегі зерттеулер арқылы мүмкін болмаған Қарабұғаз шығанағындағы тұз қабаттарының орналасу ауданы,егіс және мал жайылымдары,қалың қар қабаттары мен мұздықтар зерттеліп анықталды.Ғарыштық бақылау арқылы шаңды дауыл,өрт,су тасқыны сияқты қатерлі табиғи құбылыстарды өз уақытында анықтауға мүмкіндік ашылды.Ғарыштық техника арқылы көптеген елдер мен құрлықтардың,бүкіл дүние жүзінің дәлірек карталарын жасауға жол ашылды.Халықаралық маңызы бармәселе азық-түлік пен табиғи су қорларын,сол сияқты табиғи ресурстарды көбейту тақтасында әрбір елдің территориясын  зерттеу және оның жүзеге асуы халықаралық қатынастарды жақсартудың ең қажетті шарты болып есептеледі.Күн – кәдімгі жұлдыз,сондықтан оны жалпылама зерттеу жұлдыздар табиғатын түсінуге көмектеседі. Ол Күн жүйесіндегі орталық және ең орасан зор дене болып табылады. Ол күн жүйесіндегі барлық денелерге –сәуле шығару арқылы күшті әсер етеді: оларды қыздырады,планеталар атмосферасына әсер етеді, жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылу береді, барлық өсімдік пен жануарлар әлемінің өмір сүруін қамтамасыз етеді. Осы ұғымдарды терең зерттеу арқылы мен аспан әлемі мен


оның таңғажайып кереметтерін ұғындым. Аспан, жұлдыз, күн туралы ертегі құрастырып, жұмбақтар жинақтадым. Ертегілер мен жұмбақтарымның өзім қатарлы достарыма аспан әлемі туралы ойларын тереңдетуге септігі тиетініне сенімдімін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Менің шежірем»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автордың аты-жөні: Салимов  Ерсұлтан

             №2 Аманқарағай орта мектебі

3 сынып оқушысы

 

           Жетекшісінің аты-жөні: Аяпбергенова А.Б

№2 Аманқарағай орта мектебі,

бастауыш сынып мұғалім

2014-2015 оқу жылы

          

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

I.                   Кіріспе.

II.                Негізгі бөлім.

III.              Қазақтың туысқандық қатынастары

IV.             «Жеті ата» ұғымның мәні

V.                Шежірем

VI.             Өз жұртым .

VII.         Менің отбасым.

VIII.       Қорытынды бөлім.

IX.            Менің жұмысымның жаңалығы.

X.                Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               Аннотация

Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларының тарихын білуі және оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы, сабақ алуы тиіс. 
 Негізгі мақсат - өзінің кім екенін, қайдан шыққанын тарихи білім мен тәрбиені тығыз ұштастыру. Біздің ата-бабаларымыздың тарихының жарқын беттерінен тәлім-тәрбие аларлық, Отан қорғаушыларды патриоттыққа тәрбиелеуде үлгі берерлік айтулы оқиғалар мен іс-әрекеттер жеткілікті. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I.Кіріспе.

Жүз түгілі өз руында білмей одан арғысынан хабары жоқ, "әйтеуір қазақпын, басқаның маған керегі жоқ" дейтіндер де көп. Осындайдан барып туысқандықтың нышандары мен мейірбандылықтан ажырап қалуға болады. Міне, содан аулақ болайық, ағайын, Үлкен кішілігіне қарамай адамға адамгершілікпен қараған сол  мейірбандылықтан барып халқымыздың қай үйінде болсада  дастарханы жаюлы, меймандостығымен,ағынан жарылып құдайы қонаққа үйіндегі барын аузына ұстап,  әңгіме дүкен құрып, батасын алып, ақ көңілімен шығарып салуы бекер емес. Ата –бабамыздың айтып кеткен ақыл кеңесінің бірден-бірге жалғасып келе жатқан өшпес даналық ісі емес пе? Осы орайда ақын Қадыр Мырзалиевутің " Қазақ осы" деген өлеңі қазақ халқының бойындағы бар қасиетін, кім екендігін бір өлеңде  жырлауы асыра мақтағандық емес.

 Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екені баршаға аян. Мұның қандастық жағынан алғанда үлгі боларлық зор қызметі мен маңызын халқымыз ерте түсінген және оны берік ұстанып келген. Енді осы қағиданың терең тамырына көз жіберіп көрейік. Біріншіден, жеті ата тәртібі туыстық, ағайындық бірлікті, ынтымақты ұстана отырып, бір ауыл, бір бауыр болып өмір сүрген. Бір рудың адамдары осы күнге дейін бір жерде мекендеп келе жатыр. Екіншіден, жеті атаға дейінгі туыс-туғандардың тұрмыс-тіршілігі де, күнкөрісі де, тұрған жер, суы да, өріс, қоныс, жайлауы да қысы-жазы қатар немесе бірге болады. Қиындықта бір-біріне демеуші, қамқоршы-пана, қуанышты да, реніш-қайғыны да бірге көтеріп бөліседі. «Туысы бірдің – уысы бір» деген сөз осыдан шыққан.Үшіншіден, бір атадан тараған туыстар мен жас ұрпақтар бірін-бірі жақсы таниды. Ағалы-інілі, апалы-сіңілі дегендей, сыйластықта, бауырмалдықта бірге өседі. Мұндай туыс-туған, жақын-жуықтар арасында орынсыз жанжал, ұрлық-қарлық, барымта, зорлық-зомбылық сияқты жат істер болмайды. Өйтке¬ні тәртіп бойынша туыстар бір-бірі¬нің малын ұрламайды. Керісінше, сырттай қамқоршы болып, жақын-жуықтарының мал-жанына көз салып жүреді. Әкелер мен аналар бір кіндіктен шыққан перзенттерін ел, ру намысын қорғайтын ержүрек, қайырымды, қаншыл, ұйымшыл, бауырмал етіп тәрбиелейді. «Қанына тартпағанның қары сынсын» деп қатты айтатыны тағы бар. Жеті ата ұғымында ағайын арасындағы үзілмес бірлік, бұзылмас тектік тәрбие-тәлімі өте зор және бұл әдемі, ұтымды тәсілдермен жасалған. Ұрпақтарымызды парасатты да, бойында азаматтық намысы бар, елін, жерін сүйетін, өз отбасынын тарихын білетін азамат етіп өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық дамудың негізін келешек қрпақ тәрбиесіне бағыттауымыз керек.Үлкендердің мойнындағы бір міндет – туыстарды жат болмауының қамын күйттеп, кімнің кім екенін, өзінің кім екенін, жеті атасын түгендеп, жалықпай бізге түсіндіріп беруі. Жеті атаны жаттату, тегінді айтқызу, халықтың дәстүрдегі өлең-жырларды айтқызу – бұл ата-әжелер үшін үлкен міндет. Оқушыларды өзінің жеті атасымен, өмірі мен ерлігімен таныстырып, олардың меңгерген білімдерін жетілдіріп, білік пен дағдыға айналдыру, танымдық қабілеттерін дамыту, өз ойын анық жеткізе білуге менінше бұл үлкен жетістік. тәрбиелеуде үлгі берерлік айтулы оқиғалар мен іс-әрекеттер жеткілікті.

ІІ. Зерттеудің мақсаты :

Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларының тарихын білуі және оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы, сабақ алуы тиіс.

Міндеттері: «Жеті атасын білген ұл Жеті жұрттың қамын жер. Жеті атасын білмеген Құлағы мен жағын жер»,- деген жүйелі сөздің мағынасын ашу.

Болжам: Егер біз жеті атаға байланысты және оның қалай таратылатынын бұрынғылардан айтып қалдырған өнегелі сөздеріне сай назар аударсақ, онда өз ұлтымыздың, тіліміздің, дініміздің, ата-бабаларымыздың тарихын сақтай отырып «басқалардан кем болмаспыз».

Зерттеу әдіс-тәсілдері. Зерттеудің барысында жинактау, салыстыру, сауалнамалар, зерттеу әдістері пайдаланылады.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: Зерттеу барысында алынған нәтижелерді тірек сызбалар, диаграммалар жасауда пайдалануға болады.

Негізгі бөлімдері: 1. Қазақтың туысқандық қатынастары «Қырық рулы елміз, қарға тамырлы қазақпыз» деген сөз де баяғыдан келе жатыр. Бұл қазақтың аралас-құралас, алыс-берістік, құда-жегжат, жамағайын, жұрағатын аңғартататын сонау іргеміз сөгіліп, қаймағымыз бұзылмаған заманнан жеткен ұғым. Ата-тегін білмей, жеті атаға жетпей, жеті ата түгілі әртүрлі себептерімен көшіп, алыстап кеткен ағайындардың балаларының бір-бірімен үйленіп қалып жатқандары да аз емес. Өз тарихымызды, ата-тегімізді білу, түгендеу, тарату – әрқайсымыздың адамдық парызымыз болмақ. Менің ата бабам Шақшақ Жәнібек батырдан тараған. Жәнібек – Қошқардың ұлы ғой, алайда ол оны әке демеген, көке деген. Қошқар – Көшейдің ұлы ғой, алайда Жәнібек оны ата демеген, әке деген. Көшей – Шақшақтың ұлы ғой, Жәнібек осы батыр бабасын ата деп, бауырында өскен.
Бұл заман Көшейдің өзі алты ауыл, ал Шақшақ рулы ел-ді. Алты Шақшақ атанған Бақай, Көшей, Дүзей, Ақназар, Есназар, Томай атты балалары өсіп-өркендеп, дәулеттері шалқып тұрған. Бақай, Дүзей, Ақназар, Есназар есімді ұлдары батыр атанып, алыс-жақынға аттары шығып, айбынданып-ақ тұр. Көшей байдың алты ұлы: Тінет, Қарабас, Аю, Қошқар, Қалқаман, Еламандардың да осалы жоқ. Қошқар – ырғалған бай, белгілі би.

 

 

 

 

Шақшақ
 
,Қошқар  ,Көшей ,Жәнібек,Тінет,Ерназар,Төлеміс ,маң,Қаз ,Кәріпбек ,Серік ,Ерлан  ,Жүніс ,Сәлім,Кенжебек ,Торғай ,қаз,Айтуған ,итен,Дүбірбай ,Қанат  ,Азамат   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 «Жеті ата» ұғымның мәні «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген сөз тегіннен тегін айтылмаған. «Жеті ата» деген ұғымда «ата» деген сөз бар. Яғни бұл «ата-баба» деген ұғымды көрсетіп, тайға таңба басқандай, соқырға таяқ ұстатқандай айтып тұр. Олай болса, жеті ата шежіресі өзімізге дейінгі ата-бабаларымыздан бастап таратылады. Яғни: 1. Өзің. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6.Түп ата. 7. Тек ата . Бұл атаулар кей жерлерде басқаша  айтылуы да мүмкін

 Шежірем: Сонымен, мен орта жүзденмін. Руым: Тінет.

Жеті атам:    7. Мергенбай 6.Ақмадия 5. Кенжебек 4. Жүніс. 3 Сәлім.2.Нұрлан  Ол мәліметтерді мен әжемнен  білдім. Өз жұртымен қатар менің нағашы жұртым да бар. Өз ата-бабаларымның шежіресін зертегеннен кейін, өз заманында өз өңір, болыс көлемінде қолында бар  билігіне қарай, қызметіне қарай Отанның тарихына үлестерін қосқан әже-аталарым туралы жеке тоқталғым келеді .

Өз жұрттым

 Мергенбай Сәлім Жүнісұлы .1939 жылы Қостанай қаласында Қонай ауылында туған. 4 сынып білімі бар. Құдай берген 10 перзенттерінің барлығын оқытып, мамандық алып беріп, орын-орнына қоя білді. Жоқшылықтың әсерінен 7-жасынан жалданып мал бағып күн көрісін өткізді.Қазір атам біздің ауылда әжемен бірге өмір сүріп жатыр.Олар 75 жасқа толып кетті. Менің әже-аталарым қарапайым адам болды. Өз заманында өз өңірдің, болыс көлемінде Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосқан адамдар еді.

 

 

Cәлім

 


Нұрлан---------------- Айбол,Есбол,Ерсұлтан     

Нұрсұлтан ---------- Темірлан

Жасулан --------     Біржан,Нұржан

Еркебұлан ----------  Бейбарыс

Менің отбасым: «Отбасы шағын мемлекет» демекші,өз отбасымды ,әрине,ұйыған,тату тәтті,бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым қазақ отбасылырдың біріміз. Қара шанырағымыздың ақылшысы.арқа сүйеріміз-жан әкешім, «Әке –асқар тау,Ана-етегіндегі бұлақ, Бала –жағасындағы құрақ»-деп тегін айтылмаған болар.

Мергенбаев Нұрлан  Сәлімұлы  (әкем) денсаулығы бойынша зейнеткер. Сейсенбаева Шынар Мухамедкалиевна (анам). Үйдің шаруашылығымен айналасады.Өзінмін Сәлимов Ерсұлтан Нұрланұлы 2006 жылдың  01. наурыз  жұлдызында өмірге келдім, 3-сынып оқушысымын. Өмірлік ұраным: «Талаптыға нұр жауар». Сабақты озат оқимын. Келешекте ғалым болғым келеді. "Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады”, – деген атадан қалған ұлағатты сөз бар. Тарихын ұлықтамаған, барын бағаламаған жұрттың бағы жанып, жоғы түгенделмейдi. Бүгiнгiдей кең байтақ жерi бар, киелi төрi бар қазақ – шын мәнiнде, жұлдызы жанған бақытты халық.

 

Менің жұмысымның жаңалығы: Ата-бабалар шежіресін анықтағанда мынадай ойға келдім: ата-бабаларымның жолын қуып, халқыма, еліме еңбек сіңірген ғалым болам. : Осы жоба арқылы мен өзімнің ата-анам, бауырларымды ғана біліп қоймай, жігіт адамның өз жұртынан басқа нағашы жұрты және қайың жұрты болатындығын түсіндім. Жеті ата шежіресіне кім жатады деген ұғым алдым.

 Қорытынды

Осы ғылыми жобамды жазу барысында өзімнің әке-шешемнің шежіресімен тереңірек таныстым.. Қарға тамырлы қазақ жөн сұраса келе туыс болып кетеді. Мұның бәрі ата-тегін білгеннің арқасы. Жеті атасын білген адам жеті жұрттың қамын жер деп сондықтан айтады. Бұл тұрғыда зерттеген еңбегімде тарих, ана тілі пәндерге деген қызығушылығын артып, оқулықтарды, деректерді пайдалана отырып, іздеуімнің арқасында өзімнің жеті аталарым туралы білімімімді толықтырдым. Шежіре арқылы әркім өзінің ата-бабаларының кезінде би болғандығын, батыр болғандығын немесе білгір кісі болғандығын немесе бай болғандығын біліп, соны мақтан тұтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

Мұғалім үшін: «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» Алматы, «Дайк-Пресс» 2008, 911 б. 10.

 «Қазақ ұлтынан – қазақ еліне». Алматы 2010, http://www.kazakheli.kz 11. Мұқанов Қ.

 «Ұмсын сұлу» Аңыз бен ақиқат. Петропавл, «Полиграфия» АҚ 2007, 11-29 бб. 12. Мұқанов С.

«Ұмсын сұлу», «Өмір мектебі» http://www.adebiet.kz 13. «Северо Казахстанская энциклопедия». Алматы «Арыс» 2004, 248 б. 14.

Оқушы үшін: Сейіт К. «Жеті атаны білуіміз керек».

«Шақшақ Жәнібек»2005ж.  Ғаламтор мәліметтері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай облысы , Әулиекөл ауданы

«Әулиекөл ауданы білім бөлімінің

№2 Аманқарағай орта мектебі» ММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу жұмысының тақырыбы:«Менің өлкемдегі дәрілік өсімдігі-түймедақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автордың аты-жөні: Ахметкалиева Алтынай Серікқызы              

№2 Аманқарағай орта мектебі    3 сынып оқушысы

Жетекшісінің аты-жөні: Аяпбергенова Алмагүл Бахитжанқызы

№2 Аманқарағай орта мектебі,

бастауыш сынып мұғалім

 

 

 

 

 

Зерттеу тақырыбы: Менің өлкемдегі дәрілік өсімдігі-түймедақ

 

Зерттеудің мақсаты: Туған өлкеде өсетін өсімдіктерінің дәрілік қасиеттерін тану, ажырата білу, олардың емдік қасиеттерін анықтау, салауатты өмір салтын насихаттау.

Зерттеудің міндеттері: Туған өлкеде өсетін өсімдіктерін зерттей отырып, олардың адам, қоғам өміріндегі маңызын ашу. Бұл өсімдіктердің таптырмайтын емдік көзі екенін дәлелдеу. Олардың өсетін жерлерін, өсу ерекшеліктерін анықтап, қоршаған ортаны таныту, олардың адам өмірінің арашасы екеніне көз жеткізу.

Зерттеудің өзектілігі: Туған жерде өсетін дәрілік өсімдіктердің құпиасын зерттей отырып, адамзат қауымын өзін қоршаған табиғат аясын қорғауға және оны аялай білуге шақыру. Табиғат әлемінің адамдарға берер нәрі мол екеніне көз жеткізу.
Осы өсімдіктің тағайындалуы әр алуан. Түймедақ – адамның физиологиялық денсаулығын сүйемелдеуіне көмекші ғана емес, махаббат істерінде де кеңесші. Түймедақ – біздің жерімізде көп таралған гүл, осы гүл туралы білу тек қана маған емес, әр қайсысына пайдалы, сонымен қатар менің сыныптастарыма.
Зерттеу барысында қолданған әдіс-тәсілдерім:

1.     байқау

2.     көру

3.     есту

4.     ұстап көру


Аннотация
«
Менің өлкемдегі дәрілік өсімдігі-түймедақ» атты бұл зерттеу жұмысын таңдап, зерттей бастағаныма бір жылдан асты. Сынып жетекшім мен ата анамның көмектесуінің арқасында көптеген іс шаралар атқарылды.
Зерттеудің алғашқы баспалдағы жалпы дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтер жинақтаудан басталды. Осы мақсатта мектеп, аудан кітапханаларын үздіксіз аралап, дәрілік өсімдіктер туралы деректер жинақталды. Сонымен қатар, аудандық аурухана қызметкерлерімен және халық емшілерімен жие жүргізілген сұқпаттар оң нәтиже бере бастады.


 

 

Кіріспе
Балалық шақтан маған назды гүл - түймедағы ұнады. Мен оны сұлулықтың және сыпайылықтық  арқасында сүйемін. Сондықтан да түймедақтың тегі туралы және де осы гүлмен байланысты емдік қасиеттерді және белгілерді толығырақ білуді шештім.

 «Өсімдік өмір кепілі» деген қағиданы ұстана отырып өсімдіктердің емдік қасиеттерін зерттеуге бел будым. Менің бұл тақырыпты таңдауыма сынып жетекшім мен анам ықпал етті.
Қоршаған ортаның адамдарға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Соның ішінде дәрілік өсімдіктердің адам өміріне тигізетін маңызы зор екеніне ешкім күмән келтіре алмас.
Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген.
. Ерте заманнан бастап, ғалымдарды да осы өсімдіктер толғандырып келген екен, сондықтан олар да дәрілік өсімдіктер жайлы зерттеген. Осы ғалымдар мен дәрігерлердің жазып кеткендерінің көбісін мен әлі түсіне қоймаймын, соған қарамастан түсінгендерімді сіздерге ұсынып отырмын.


І. Негізгі бөлім
Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген. Шипалы өсімдіктерден дәрі жасау әдістері ұрпақтан - ұрпаққа өтіп, бұл дәстүр атадан жалғасып отырған Қазақстан флорасы пайдалы өсімдіктерге, оның ішінде ерекше маңызды болып саналатын дәрілік өсімдіктерге бай.      Дәрілік флораға дәрілік өсімдіктер, соларға жақын түрлері, халықтық медициналық өсімдіктер мен биологиялық белсенді заттардың көздері кіреді.

Қазіргі таңда республикамызда  100-ден астам дәрілік өсімдіктер өседі. Олардың көбі Қостанай облысында кездеседі.     Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан үш мың жыл бұрын-ақ кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.

Дәрілік өсімдіктер жайында тұңғыш рет біздің дәуірімізге дейінгі ертедегі грек дәрігері Гиппократ (460-377) белгілі еңбек жазды. Ол өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай-ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама жасады. Бірақ ғалым сол сипатталынып отырған өсімдіктерде неліктен шипалық қасиет болатынын айтып бере алған жоқ. Бұл мәселеге арада алты ғасыр өткен соң барып, біздің дәуіріміздің екінші ғасырында ғана Рим дәрігері Гален алғаш рет жауап берді. Ол өсімдіктерде шипалық қасиеттердің болуы олардың құрамындағы белгілі бір заттардың қасиетіне байланысты екенін анықтады. Ол сонымен бірге бұл заттарды қалай бөліп алуға болатынын көрсете отырып, тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.        Ал дәрілік өсімдіктерді зерттеу ісі XVIII-XIX бұрынғы ғасырларда қолға алынып, 1878 жылы Н.И.Анненков «Ботаникалық сөздік» атты кітап құрастырды. Белгілі орыс агрономы А.Т.Болотов «Экономикалық дүкен» атты журнал шығарып, дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мақалалар жариялады. 1912 жылы профессор В.К.Варлихтың «Орыстың дәрілік өсімдіктері» атты еңбегі жарық көрді. Кейінірек С.П.Боткин, Ф.И.Иноземцев сияқты көрнекті ғалымдар сияқты көрнекті ғалымдар қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінде жүрек ауруларын емдеуге пайдаланылып жүрген жалынгүл және меруертгүл тәрізді тамаша өсімдіктерді ғылыми медицинаға енгізді. Өсімдіктердің шипалық қасиеттері сонымен қатар, ботаникалық бақтарда, көптеген жоғары оқу орындарының кафедраларында және аптекалық мекемелерде де зерттеліп келеді. Шипалық қасиеті бар жаңа өсімдіктерді тауып, зерттеуде Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылыми-техникалық қоғамының дәрілік өсімдіктер секциясы да көп іс тындырып отыр.

Жиі кездесетін улы өсімдіктер.

 Біздің жеріміздегі өсімдік-тердің қай-қайсы да шипалық қасиетке бай. Алайда олардың ішінде улы өсімдіктерді дәрі-дәрмек ретінде пайдаланғанда аса сақтық, білімділік, тәжірибелік қажет. Негізінен, біздің даламызда жиі кездесетін улы өсімдіктер мыналар:
1. Итсигек;                                               11. Шашақ жемісті гелиотроп.

2. Көкнәр.                                                 12. Батпақ қалтагүл шөбі

3. Сүттіген.                                             13. Түйе шырмауық, түйе-табан

4. У қорғасын.                                        14. Жатаған темір тікен

5. Шытыр.                                              15. Мүйізді шөңгебас

6.Көкек.                                                 16. Дала қылшасы

7. Қызғалдақ.                                    17. Дала қырық буыны

8. Есекмия.                                          18.Тегеурінгүл

9. Қара пышақ, күшәла.                    19.У балдыр-ған

10. Үшкір азинеума                          20. Сасық меңдуана, т.б.

 

 

Біздің Аманқарағай ауылында және  маңындағы жерлерде, елді мекендерде өсиетін көптеген дәрілік өсімдіктер бар. Оларға түймедақты, итмұрынды, бақбақты, өгейшөпті, жусанды, аскөкті, киікотын жатқызуға болады. [8, 24б.]
Дәрілік түймедақ – бір жылдық шөптесін өсімдік. Медицинада гүл шоғыры пайдаланады. Гүл шоғырынан дайндалған препаратттары, қабынуға, қан тоқтауға, жараларды микробтан сақтауға, тұтастырғыш, ауруды басатын және тыныштаңдырғыш, тырыспаға қарсы, тер, өт айдайтын дәрі.

Ромашка аптечная (ромашка лекарственная)

 

 

  «Түймедақты» халықта әртүрлі ақ гүлжапырақшалары бар өсімдіктерді сөзбен жиі атайды. Түймедақтар әлемнің барлық жерлерінде бар, көбісі орта және оңтүстік Евразияда кең тараған. Түймедақтың жалпы 350-ге тарта түрі бар.Олардың үштен бір бөлігі Ресей даласында кеңінен кездеседі.Сол түрлерінің ішіндегі ең кең тарлғандары: римдік, неміс, далматтық, кавказдық, парсылық түймедақтар.Ежелгі Египетте түймедақ гүлі Күн құдайы Раға арналған.

Дәріханалық түймедақты әртүрлі жерлерде болады: шабындықтарда, ормандарда, бұталарда, кейбір кезде даланың бақшаларында, малға беретін шөптің арасында жиі кездестіруге болады.

    Рим жазушысы және ғалым Плиний  өзінің көп томды «Жаратылыстану тарихы» еңбегінде,  осы өсімдік туралы алғаш рет суреттеп айтты, гректің (chamai) — төмен және (mellon) — алма сөзінен шығып, аласа бойлы шөпті және гүлге тән иіс, алманы еске түсіреді.

    Бұл гүлді халықта әр түрлі атайды, бірақ махаббатпен. Солардың атауларын түсіндірейін:

 

Марьяша орманы, орманды алаңшаларда жиі кездеседі,

қалыңдық – нәзік, ақ көйлек қалыңдыққа ұқсас,

ворожка - түймедақта көз байлайды,

девичник - қыздар түймедақ шеңберін өруді ұнатады,

Иван түсі – Иван Купала мейрамынан кейін, жаздың ортасында бірінші гүлденеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түймедақ – халық емшісі

 Түймедақ – емдік өсімдіктердің арасында ең әйгілі. Дәріханалық түймедақ  және гүлдердің  арасында  қышқылды эфирлі май, азулен, антемис қышқылы, гликозидтар бар.

Жаңа кептірілген дәріханалық түймедақты медицинада қолданады:( нәрілер , экстрактілер) - қызарудан қарсы , әлсіз антисептикалық құралы. Түймедақты қайнатып, шай түрінде қабылдайды (ағылшынның дәстүрлі үй құралы).  Түймедақ тұнбасымен шаштарды шаяды, оларға алтындай реңктің беру үшін . Дәріханалық түймедағында бар эфирлі майы ароматерапияда қолданылады , жиірек - тыныштанған құралы ретінде.

Көзің шаршаса

 Бүгінгі таңда компью-терсіз жұмыс істеу мүмкін емес. Бірақ оның зиянды жақтары да жетіп артылады. Ең біріншіден, компьютер адамның кө-зін қызартып, шаршатып жібереді. Сондықтан кешкісін жұмыстан кел- ген соң өзіңізге 10-15 минут уақыт бөліп, көзге дәріханалық түймедақ гүлінен компресс жасаңыз.

Бұл компрестер көздің шаршауын басумен қатар, көз айналасына түсетін әжімдердің алдын алады.

 

 

 

.

 

 

III. Біз түймедақта бал ашамыз

Күннің ортасында - ақ түймедақ.

Ыстық оғында –  гүл жапырақ .

Гүл жапырақты ақырындап жұламын:

Сүйеді, сүймейді? Гүлде бал ашамын.
Гүл жапырағы асықпай айналды
Маған ақ гүлдер бақыт болжады.

Түймедақта бал ашу құпиясы.

Толық таратылған түймедақты алыңыз, ойыңызда сұрақты қойып және бір – бірден түймедақтың гүлжапырақшаларын жұлып,  «иә»,«жоқ»,«иә»,«жоқ»- айтыңыз, гүлжапырақшалары біткенге дейін. Соңғы гүлжапырақшаны жұлған кезде айтылған «иә»  немесе «жоқ» сөздері, сіздің сұрағыңызға жауап болады. Бұл бал ашу әдісі әсіресе ғашықтарға ұнайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жарат, ойлап шығар»

    Бұл бойкүйезсіз гүл қиялдарға ерік береді. Ол жайлы өлеңдерді салады , әндерді айтады, аңыздар жазады, ертегілерді шығарып жазады. Міне мен де кішкене қиялдадым. Шешемен бірге біз «Түймедақ» печеньесін пісірдік, салат істедік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20141001_170233

Осы жұмыспен шұғылдана отыра мен әр түрлі сөзжұмбақтар құрастыруға тырыстым. Газет, журнал беттерінен қызықты әңгімелер, мәліметтерді теріп жүремін. Осы жұмыстарымды сіздерге ұсынып отырмын.

1.Сөзжұмбақ «Өсімдік мүшелері».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

М

Ү

Ш

Е

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


( Жауаптар: тамыр, гүл, жеміс, жапырақ , сабақ .)

2. Адасқан әріптер «Дәрілік өсімдіктердің аты».

Раақ  дмеаңаун –

Күнел пақжабқыаар –

Іибк  ндыза –

Дігіәмк  пөйегөш –

Ырбасас  йшайқруа –

( Жауаптар: қара меңдуана, үлкен бақажапырақ , сарыбас шайқурай,

                      кәдімгі өгейшөп, биік андыз.)

 

 

 

cvety-devushki-rasteniya-romashki-10517

 

 

 

Ал енди сіздерге сұрақ: айтыңыздаршы, егер әрбір адам 5 түймедақтан жұлса, түймедақтың қаншасы өлетін еді?  Шығару :

Егер, мен бір гүл жұлсам,

Егер, сен бір гүл жұлсан,

Егер де бәрін – мен және сен,

Гүлдерді жұлсақ

Бос қалады алаңдар

Әдемілік, сұлулықта жоғалады.

Айналадағы ортаны, сұлу табиғатымызды сақтауымыз керек, ал түймедақ – табиғи сұлулықтың нәзік символы.

 


Зерттеу жұмыстарының оң нәтижелерін көре отырып мынадай ұсыныстарды алға міндет етіп қойғым келеді:
- Мектеп оқушыларына өз жерінің дәрілік өсімдіктерін таныту мақсатында жазғы демалыстарында мамандар немесе мұғалімдер топсеруендер ұйымдастырса;
- мектеп қабырғасынан емдік қасиеттері бар бөлме өсімдіктерін арнайы өсіріп, баптап, зерттеп, күтетін бұрыш берілсе;
- тек дәрілік өсімдіктерді және олардың емдік қасиеттерін жарнамалайтын дәріханалар ашылса;
- дәрілік өсімдіктерге түрлі дәмдеуіштер қоса отырып, жас балалар жиренбей іше алатын түрлі - түсті кәмпиттер секілді дәрілер жасалса;
Егеменді, тәуелсіз мемлекетте тұрып салауатты өмір салтын сақтай білейік!

Қорытынды.

1.     Дәрілік өсімдіктерді сақтау үшін, оларды бір жерден жинай бермеу керек;

2.     Дәрілік өсімдіктерді жинау үшін әдістерін білу керек;

  3.Дәрілік өсімдіктерді қай кезде, қайда және қай уақытта жинау керектігін,   кептіру және сақтауды білу керек. 

4.Сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау жұмыстарына ат салысу керек;

5.Жабайы өсімдіктердің қайталанбас әртүрлілігін сақтау  қазақстандықтар үшін аса маңызды мәселе болу керек.

Менің білгендерімді енді сыныптастарым мен бүкіл мектеп оқушылары білсін деп ойлаймын. Егер де мен сияқты зерттеумен айналысамын десе жол ашық. Зерттеу жұмысымды ұлы Абайдың өлеңімен аяқтағым келіп тұр:

        Ғылым таппай мақтанба,

  Құмарланып шаттанба

 Бес нәрседен қашық бол,

  Бес нәрсеге асық бол

       Адам болам десеңіз...

 

Рисунок1           Рисунок9

 

                    

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Ә.И. Исамбаев, С.М. Әдекенов, М.К. Көкенов «Қазақстанның дәрлік      өсімдіктері және оның қолданылуы», Алматы,1998ж.

2. Ушбаев К.У., Никонов Г.К. Лечебные свойства растений Казахстана, 1994ж.

    3. Соколов С.Я., Замотаев И.П. Справочник по лекарственным растениям (фитотерапия), М. 1991г.

4. З. Коробцова, Н.Беляева, А.Кравченко  Лесная аптека, М., 1991г.

  5. Алимбаева П.К., Халматов Х.Х., Каррыев М.О. Основные лекарственные растения Средней Азии, Т., 1984г.

 

 

 

 

 

 

 

Табиғатты  сақтаңыздар!

 

 

 


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Документ на тему "Гылыми жумыстар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 116 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.12.2015 1405
    • DOCX 8 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аяпбергенова Алмагуль Бахитжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 49956
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 117 человек

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 285 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 104 человека

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Волонтерство: сущность, мотивация, и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стимулирование интереса к обучению у детей дошкольного возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек