Инфоурок Начальные классы Конспекты"Достық" тақырыбына сабақ жоспары

"Достық" тақырыбына сабақ жоспары

Скачать материал

Сабақ жоспары

 

Пән: Сынып сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Достық»
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға дос, достық туралы түсіндіре отырып, олардың достық қарым – қатынасын нығайту. 

 Дамытушылық: Оқушылардың өз ойын жетік білдіруге, ашық айту, тез ойлану қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту. 
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, миға шабуыл, түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: Мозайка, қоржындар, стикерлер, үлестірмелі қағаздар, музыка

Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру бөлімі

«Өзіңді-өзің таны» тақпағымен бастау. Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Сондықтан өздеріңді жақсы қырынан көрсете біліңдер. Ережемен таныстыру. Бүгін мен сендерді топқа бөлдім, сондықтан топпен бірлесіп жұмыс жасаймыз. Дайын болсақ онда бастаймыз!

 

Негізгі бөлім

Іздегенде табылатын қасыннан, көңілі бар қызғалдақтай ашылған

Мені жаксы түсінетін, Сырымменен бөлісетін

Жақын туысым болмасада, Құпиямды сенетін адам. (Дос)

Сонымен балалар біздің бүгінгі тәрбие сабағымыз Достық тақырыбына арналмақ.

-Балалар, ал сендер өздерің дос дегенді қалай түсінесіңдер? Ол не үшін керек?

-Жарайсыңдар, енді осы тақырыпты кеніңен ашайық. Ол үшін барлығымыз маған назар аударамыз! Қазір мен сендерге бір әңгіме оқып беремін, ал содан соң сендер менің дайындаған сұрағыма жауап бересіңдер!

 

Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп: 
-Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы, - депті. Қарт жігітке: 
-Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, - депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шықырыпты. Жігіт келген соң, қарт: 
- Шырағым, жаман жігіт емессің, - депті. 
Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? – депті жігіт. Қарт күліп: 
- «Жігіті жолдасына қарап бағала» дейді халық, - депті. 

 

-Сонымен, «Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенді қалай түсінесіңдер? 
- Адам көбіне өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас, дос болады. Шын жолдас, достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді, олар бір-біріне өте жақын, бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді. Осындай жолдастық, достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. «Адамдар бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық - өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі». 

 

Сергіту сәті  «Кірпілер, кірпілер»

 

Балалар, мен сендерге мынадай тапсырма дайындап қойдым. Әр топқа қазір әр түрлі жағдайат беріледі. Сендер топ ішінде оны талдайсыңдар. Сосын қорғайсыңдар. Бұл тапсырмаға 4 мин беремін.

Жағдаяттан шығу.
1.
Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып ол конькиін Мараттың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады. 
Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған. 
Ал Марат оны көрді де, «Танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақсы досым Қанат» деді. Қанат ұялып қалды.      -Қанат неліктен ұялды? 


2. Аңсар пен Мирас бесінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Аңсар сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Мирас та ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Мирас айтты: Мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы, - деп өз өтінішін Аңсарға айтты... 
- Аңсар егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар? 


3. Қаңтардың қара суығы. Айбек екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып келіп, қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға толтырып, қораға кіре берісте Айбектің аяғы тайып, құлап түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді... Айбектің тобығы шығып кетіп ауруханада көп жатты... 
- Сендер Айбектің досы болсаңдар не істер едіңдер? 


4. Құрбылары Жанарға балмұздақ берген-ді. 
Жанар кетті алға тез, 
Алды-артына қарамай, 
«Рахмет» - деп, жалғыз сөз 
Айтуға да жарамай! 
- Сендер қалай ойлайсыңдар, осыдан кейін балалар Жанармен дос бола ма? 

-Жарайсыңдар балалар, дұрыс айтасыңдар. Сендермен толықтай келісемін.

 

-Енді балалар біз сіздермен шығармашылық жұмыс жасаймыз, ол үшін сендерге мен ақ парақ тараттым. Сендердің міндеттерің осы параққа өз досыңның суретін салу және оны қорғау. Мен сендерге 6 минут беремін. Бастаймыз.

-Тақтаға көрме жасау. Балалар, қарандаршы біздің тақта қаншама достарға толды, бәрекелді!

-Олай болса, дос тақырыбын ашып, жақсы түсінсек, барлығымыз үлкен тақтаға назар аударамыз. Не көріп тұрмыз? –Иә, бұл қоржындар. Қазір сендер бір-бірден шығасыңдар. Мына жерде стикерлер жатыр. Сендер бір стикерді алып оқисыңдар, егер ол жағымды болса,  қоржынға жабыстырасыңдар, жағымсыз болса 2 қоржынға жабыстырамыз. Кеттік!

-Жарайсыңдар балалар! Мен сендерге өте ризамын. Бәрін де дұрыс жасадыңыздар!

                                                                                                                    

Қорытынды бөлім

 

«Шаттық шеңбері» өз досыңа не тілер едің? Әр бала өз атынан өз сыныптастарына не тілер едің деген сұраққа жауап береді. Қазірде де, болашақта да өз достарыңды қорғап, көмектесіп турасыңдар деген ойдамын. Өз достарыңды бағалай біліңдер! Осымен балалар біздің сынып сағатымыз аяқталды. Белсене ат салысып қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Достық" тақырыбына сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 769 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.01.2017 1439
    • DOCX 18.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Түлкенова Арайлым Маралқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Түлкенова Арайлым Маралқызы
    Түлкенова Арайлым Маралқызы
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 52568
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Классики русской педагогической мысли

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Эволюция классической музыки до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе