Инфоурок Директору, завучу КонспектыЕліміз тәуелсіздік тізгінін қолына алып, іргесін бекіткен сәттен-ақ Қазақстан халқының сәулетті өмір сүріп, салауатты тұрмыс кешуін қамтамасыз етуге жан-жақты қамқорлық әрекетін жасауда.

Еліміз тәуелсіздік тізгінін қолына алып, іргесін бекіткен сәттен-ақ Қазақстан халқының сәулетті өмір сүріп, салауатты тұрмыс кешуін қамтамасыз етуге жан-жақты қамқорлық әрекетін жасауда.

Скачать материал

       Еліміз тәуелсіздік тізгінін қолына алып, іргесін бекіткен сәттен-ақ Қазақстан халқының сәулетті өмір сүріп, салауатты тұрмыс кешуін қамтамасыз етуге жан-жақты қамқорлық әрекетін жасауда.

       Ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздік тізгіні жас ұрпақтарда, ал дені сау жастарды тәрбиелеу негізі мектеп қабырғасынан басталады.

      Қай заманда болсын есті де еңбек сүйгіш, қайырымды ұрпақ тәрбиелеу адамзаттың асыл парызы саналған. Соңғы жылдары нарық қыспағына түскен жастар рухани да, мәдени де, спорт жағынан да құлдырап кетті. Бұл, әрине, өсер ұрпаққа теріс әсерін тигізуде. Қазіргі кездегі дертке айналып бара жатқан нашақорлық, ішімдік ішу, темекі тарту тағы да толып жатқан теріс қылықтар тым күрделеніп кетті. Әлі де өмір жолына түспеген ұрпақты сақтандыру үшін, бос уақыттарын мәнді де мәнерлі өткізуіне көңіл бөлу керек. Осыдан шығар бірден-бір жол – спорт пен өнерге балаларды тарту.

         Мектептегі тәрбие Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасының 12 бағыты бойынша жүргізіледі.   Осы 8 бағыттың бір бағыты  Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтының денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру болып табылады . Мен өзімнің шығармашылық тақырыбым ретінде «Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау» тақырыбын алдым.

       Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру балалар мен жастарда өз денсаулығына жауапкершілік қатынас орнату дағдысына негізделген, дұрыс дене дамуы мен ағзаның жұмыс қабілетін арттыруға, қозғалыс білік-дағдыларын физикалық жетілдіруіне ықпал етеді, қоғамдық пайдалы еңбекке, өмірге, Отан қорғауға жақсы даярлықты қамтамасыз етеді, тиімді кәсіби қызмет үшін функционалдық, әлеуметтік бейімделу және психикалық орнықтылықты қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттердің қалыптасуын іске асырады, салауатты өмір салты, ағза ерекшеліктері туралы білім жүйесін қалыптастырады, дене тәрбиесі және спортқа баулу негізінде қайраттылық және салауатты өмір салтын дамытуды қалыптастырады.

Олар келесі мақсаттарда көзделеді:

— Жастар арасында салауатты өмір салты құндылықтарын, рухани және шығармашылық мүдделер басымдықтарын белсенді таратуға көмектесетін балалар мен жастардың ынталы бірлестіктерін, қоғамдық жастар ұйымдарын құру;

— Жастар арасында алкоголизм, нашақорлық, токсикоманияның алдын алу және салауатты өмір салтын тәрбиелеу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу;

— Балалар мен жастарды әлеуметтік-психологиялық сауықтыру бағдарламаларын жасау;

— Балалар мен жастардың, ата-аналардың бос уақытын ұйымдастыру үшін тұрғылықты мекен жайы бойынша салауатты өмір салты жексенбілік орталықтарын құру;

— Сауықтыру лагерлері мен балаларды еңбекпен уақытша қамтуда тәрбие жұмысын зерттеу бойынша мониторинг және бағалау жүргізу;

— Жастар арасында спорт түрлерін дәріптеу үшін спорттық-техникалық клубтар желісін ұлғайту.

Бүгінде мектеп дене тәрбиесі мамандары мен медицина қызметкерлері және мектеп әкімшілігі алдында тұрған көптеген мәселелердің ішінде оқушылардың өз денсаулығын сақтауға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру проблемасы айқын көрінуде. Өз денсаулығына деген ынталы  қатынасты қалыптастыру ең бірінші «денсаулық құндылықтары» феноменінің мәнін ашуға келіп тіреледі , себебі бұл өзінің мазмұны мен пайда болу жағынан көп қырлы күрделі ұғым болып табылады. Денсаулық құндылықтарының мазмұны деп біз мына компоненттердің кешенін айтамыз: (дене шынықтыру, интеллектуалдық, сезімдік, әлеуметтік, тұлғалық, рухани). Бұлар оқушылардың салауатты өмір сүруге деген қажеттілігі мен ынтасын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Қазірден бастап салауатты өмір салты нені қамтитынын білу үшін , оның негізгі талаптарын қысқаша қарап өтеміз:

Дене жүктемелері, денешынықтыру және спорт. Бұл бұлшық ет күшін көбейтудің құралы ғана емес. Қозғалыс адам өмірінде маңызды орын алады. Дұрыс зат алмасу, дұрыс және үйлесімді өсу, ептілік, шыдамдылық, тіпті ақыл ойдың дамуы осыған байланысты.

-Шынықтыру.  Бұл көптеген аурулардан сақтаудың ең жақсы құралы және шыныққан ағза тұрақты және  микроб, вирустармен жақсы күреседі.

-Жеке бас гигиенасы. Тазалық және мұнтаздылық – адам үшін өте маңызды . Бұл өзіңді қоғам алдында көрсету мүмкіндігі мен аурудың алдын алу құралы: салақ адам ешқашан басқа адамдардың көңілін тартпайды.

Жұқпалы аурулардың алдын алу. Мұнда жеке бас гигиенасы да , шынығу да маңызды. Сонымен бірге әртүрлі ауруларға қарсы уақтылы егу шараларын жүргізу.

-Зиянды әдеттердің алдын алу. Оларға шылым тарту, алкагольді және есірткілерді пайдалану және дәрігердің кеңесінсіз түрлі дәрілерді қолдану жолдары жатады. Осы зиянды әрекеттердің кез келгені денсаулықты төмендетіп , өмірді қысқартады.

Салауатты өмір салты мен өмір сүру үшін төмендегі талапты орындау керек. Адам денсаулығын сақтауда төмендегідей факторлардың маңызы зор.

1.Айқын жасалған күн тәртібінің болуы.

2.Дұрыс тамақтану.

3.Дұрыс тынығу.

4.Дене еңбегімен шұғылдануы.

5.Таза ауада болып, күн көзінде серуендеу.

6.П. Ивановтың кеңесі бойынша табиғат аясында болуы.

7.Зиянды әдеттерден сақтану.

8.Дұрыс қозғалыста болуы.

Біз мектебімізде оқушыларға денсаулық туралы үйрете отырып, жоғарыда айтылғандардың барлығын сабақ процесінде қолданамыз.

Осы ұстанымдарды негіздеп жасөспірімдерді салауатты өмірге тәрбиелеу барысында мұғалімнің орны ерекше болуы тиіс. Мұғалім мектептегі басты тұлға. Қазақстан Республикасының «Білім заңында» мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, адамзаттыққа тәрбиелеу және олардың ақыл-ой, танымдық шығармашылық қабілетін анықтау басты міндет екендігі айтылған. Осы міндеттердің жауапкершілігі негізінен мектептегі сынып жетекшісіне жүктеледі. Сондықтан оқушы бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой,танымдық сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құруды көздейді.

Біздің балаларымызда не бар? Дәрумендер жетіспеушілігі, күн тәртібінің сақталмауы, оқу жүктемелерінің үнемі өсуі, ал бұған қарама-қайшы балалардың қозғалыс белсенділігінің барынша азаюы, бос уақыттарының көбірек бейнефильмдер көруге, компьютер қарауға арналуы, ал ғаламтор арқылы қарым-қатынас құрбыларымен қалыпты адами қарым-қатынасты айырбастауы. Шылым шегу, сыра ішу, токсикомания және  наркомания жаппай сипат алуда. Психобелсенді заттарды пайдалану, оқушылардың әртүрлі секта қызметіне енуі өзекті мәселе болып отыр. Бұл факторлардың барлығы оқушылардың денсаулықтарына әсер етпей қоймайды, көптеген қауіпті ауруды тудырады, соның нәтижесінде оқушылардың білім мекемелерінде оқуына дайындалуына ықпалын тигізеді. Баланың психикасы, ой-өрісі жақсы дамыса да, бірақ суық тиіп жиі ауыратын болса, созылмалы ауруы болса, мектепте оқу оған қиынға түседі. Ал баланың ағзасы экологиялық өзгерістерді өте тез қабылдайды, бұдан тыныс алу жүйесінің аурулары, аллергиялар, иммунитеттің төмендеуі, зат алмасудың бұзылуы туындайды. Біздің заманауи мектептің өз міндеттері бар, оларды орындай отырып, денсаулық сақтау және нығайту жөнінде ұмытпаған дұрыс. Және әр педагог қызметкер бала денсаулығына зиянды әсерін тигізетін мектеп және оқушы өміріндегі факторларды ғана нақты ұстанып қоймай, оқушы үшін жағдаяттың сәтті болу жолын қарастырып, өзгертіп отыруы керек. Педагогикалық факторлардың ішінде анағұрлым маңызды болып табылатыны педагогикалық әсердің күйзелісті әдісі. Қазіргі заманның баласы үнемі дерлік келесі себептерге байланысты күйзелісті сезінеді: сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттың шектелуі, жауаптарына, мінез-құлықтарына және т.б. мұғалімдердің қанағаттанбауы, ата-аналарының білім сапасына, баланың сабақ оқу қарқынына және т.б. көңілі толмауы. Қайда барса да еститіні айқай, ескерту, мін тағу, психологиялық қысым. Бұл қалыпты жағдай болды, ал ересек адамдар бұдан да маңызды нәрселерге назар аудармайды. Ал үнемі ұрсып жазғыра ма деген қорқыныш, қобалжу, орынсыздығын айыптау – күйзеліс көзі болып табылады. Мұғалімі салмақты, мейірімді, өзара түсіністік ахуалы орнаған класқа қарағанда,   педагогы қатаң, мейірімсіз болған кластарда балалардың ауруы 3 есеге жоғары, невроздық аурулар 1,5-2 есеге көп. Бастауыш сыныптың оқушылары мектеп тәртібі талап ететіндей ұзақ уақыт партада қозғалмай отыра алмайды. Арқа мен мойын еттері шаршайды. Олардың ағзалары бұл жаста қозғалысты қажет етеді. Бұл қажеттілікті ұзақ уақыт шектеу орталық жүйке жүйесінің шаршауына алып келеді. Мұндай дерттің емі – спорт. Дене тәрбиесі мен тұрақты шұғылданған адамның  өмір жасы ұзақ болып, денсаулығы жақсы болатыны насихаттай отырып, мектеп оқушыларының арасында түрлі қимылды жаттығулардың түрлерін күнделікті таңертең  сағат 8:15 1-ші сабақтын алдында өткізіледі. Спорттық іс-шараларына мектепте көп назар аударылады. Әр тоқсанның демалыс күндерінде Денсаулық күндерін өткізудеміз. Мектеп спорттық секциялары спорттың бір түрімен айналысуға тілек білдірушілер үшін  арнайы құрылады. Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы оқушылар дене тәрбиесінің негізгі міндеттерін толық және сапалы шешуге, бос уақытын пайдалы дұрыс өткізуге, іріктеп алынған жаттығулар түрімен айналысуда балалардың жеке қызығушылығын арттыруға жәрдемдеседі, олардың әлеуметтік белсенділігін дамытады. Бізде тілек білдірушілердің санына және мектеп жағдайына байланысты волейбол, баскетбол, футбол, тоғыз құмалақ, шахмат, үстел теннисі ойнатылады.

Соңғы жылдары мектеп оқушыларының денсаулығының нашарлығы туралы көп айтылып  келеді. Бұл жерде тек мектеп кінәлі емес. Баланың денсаулығын сақтау мен нығайту, ең алдымен, ата-ананың басты міндеті. Денсаулықты жоғалту оңай, ал оны қалпына келтіруге  кей жағдайда бір ғұмыр де жеткіліксіз. Кейде мектеп оқытушыларының бар күш-қимылы жеткіліксіз болады, өйткені баланың мектепке дейінгі өмірі тұтастай текке кеткен, орнын толтыру мүмкін емес болып жатады. Бұл мәселенің шешімін ата-аналарға, дәрігерлерге жаба салуға да болар, әйтсе де бала денсаулығы күн өткен сайын нашарлап, кемістері беки беретінін де ұмытпалық. Баланың негізгі уақыты мектепте өтетіндіктен оның денсаулығына жауапкершілік те негізінен оқытушының мойнында. Өйткені бала денсаулығы сыныптағы оқыту процесінің қалай ұйымдастырылғанына да байланысты.

Мектеп қабырғасындағы оқушыларды салауатты өмір салтына пәнаралық байланыс арқылы да жүзеге асырылады. Мысалы:  Пәнаралық байланысты мынадай үш жүйе арқылы құрастыруға болады.

-         Денсаулықты сақтау

-         Денсаулықты қалыптастыру

-         Жеке тұлғаны қалыптастыру

Денсаулықты сақтау – денсаулық, сымбаттылық және сергектік-адам баласының ежелгі заманнан бергі арманы. Адам әр уақытта ұзақ өмір сүргісі, бақытты болғысы және жастыққа тән күш-қуатын сақтағысы келеді. Бұл жүйе жаратылыстану пәні арқылы жүзеге асады.

Денсаулықты қалыптастыру жүйесіне дене шынықтыру пәні жатады. Дене тәрбиесі сабағының міндеті – оқушылардың денсаулығын нығайту, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап спорт түрлерімен шұғылдану.

Жеке тұлғаны қалыптастыру жүйесіне гуманитарлық сабақтар жатады. Бұл-баланың рухани ой-өрісін, қасиетін жан-жақты дамытуға бағытталған.

Денсаулығы жақсы бала оқыту процесінің барлық түрлеріне қуана араласады, әрдайым жайдары, өмірсүйгіш қалпынан таңбай, құрбыларымен де еркін араласып, ұстаздарына да жылы қабақ танытады. Бұл тұлғаның барлық қырының танылуының негізгі шарты. Демек, баланың бойында денсаулық мәдениетінің қалыптасуына басты мән  беру керек. Бала кезінен денсаулықтың заңдылықтары мен қарапайым қағидаларын бойына сіңіріп өскен бала өскенде  де осы бағыттағы ізденісін жалғастыратына сөзсіз. Оларды денсаулыққа деген жауапкершілік көзқарасты, дене мәдениетін қалыптастыру, әр сабақта осы жайларды еске салып отыру, оқытушының бағытталған жұмысы – балада өзге адамдармен қарым-қатынасты қалыптастыру, өз бетімен, өздігінен өмірлік процестерге жауап таба білу сияқты қасиеттерді қалыптастырады.Бала қоғамның ең жоғарғы құндылығы, одан жоғары тұрған ештеңе болмауы керек.  Бала денсаулығын сақтау мектебіміздің негізгі принципі - әр баланың бойындағы өмір резервін, өмірге құштарлық пен бейімділікті бірте-бірте, өте сақтықпен оята білу. Ол құштарлық пен бейімділік, өмір резерві бала бойында дайын күйінде тұрған жоқ. Олар жаңа өсіп келе жатқан көшет тәріздес, тәрбие мен оқыту барысында пайда болады, қалыптасады, дамиды. Бала бойында рухани беріктікті нығайту үшін балаға сенімділікті, өзін бағалауды үйрету қажет.

Бұл мақсаттарды іске асыру үшін оқушылар ең бастысы, адам өз денін сауықтырып, денсаулығын қалпына келтіре алады деген қағидаға сену керек. Осыны жүзеге асыра отырып, әр оқушының денсаулығын қалпына келтіріп, оны жақсарта түсуге арналған бағдарлама жасауға болады.

1.Сабақтан тыс уақытта сауықтыру шараларын жүргізу

2.Күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жасауға үйрету.

3.Сыныпта денсаулық сақтау шараларына арналған көрнекі құралдардың, стендтердің болуы. Оны жасауға ата-аналар мен балаларды қатыстыру қажет.

Әр пән мұғалімі өз сабағында осы мәселелерді балаға терең жеткізіп отырса, онда нағыз жан-жақты дамыған болашақ жас ұрпақ тәрбиелеп шығарарымыз сөзсіз. Жас ұрпақтың спортты серік етіп, денсаулықтарын нығайта түсуі – бүгінгі күннің басты талабы.

Әдебиеттер:

-         Мектепте дене шынықтыру. Республикалық оқу-әдістемелік журнал. №1-3  2011 ж. №6 2012 ж.

Ұстаз.  Ғылыми-әдістемелік журнал. №1 2012ж

-    Қазақстан мектебі» журналы, №4, 2006ж. 
-   Дене мәдениеті – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде. Ізденіс-

2009ж. 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Еліміз тәуелсіздік тізгінін қолына алып, іргесін бекіткен сәттен-ақ Қазақстан халқының сәулетті өмір сүріп, салауатты тұрмыс кешуін қамтамасыз етуге жан-жақты қамқорлық әрекетін жасауда."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист в области обращения с отходами

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Еліміз тәуелсіздік тізгінін қолына алып, іргесін бекіткен сәттен-ақ Қазақстан халқының сәулетті өмір сүріп, салауатты тұрмыс кешуін қамтамасыз етуге жан-жақты қамқорлық әрекетін жасауда.

Ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздік тізгіні жас ұрпақтарда, ал дені сау жастарды тәрбиелеу негізі мектеп қабырғасынан басталады.

Қай заманда болсын есті де еңбек сүйгіш, қайырымды ұрпақ тәрбиелеу адамзаттың асыл парызы саналған. Соңғы жылдары нарық қыспағына түскен жастар рухани да, мәдени де, спорт жағынан да құлдырап кетті. Бұл, әрине, өсер ұрпаққа теріс әсерін тигізуде. Қазіргі кездегі дертке айналып бара жатқан нашақорлық, ішімдік ішу, темекі тарту тағы да толып жатқан теріс қылықтар тым күрделеніп кетті. Әлі де өмір жолына түспеген ұрпақты сақтандыру үшін, бос уақыттарын мәнді де мәнерлі өткізуіне көңіл бөлу керек. Осыдан шығар бірден-бір жол – спорт пен өнерге балаларды тарту.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 661 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.11.2018 423
    • DOCX 54.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Батимова Гулжайна Каирлаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Батимова Гулжайна Каирлаевна
    Батимова Гулжайна Каирлаевна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17500
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы анализа стратегических документов на примере ФГОС ООО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Курс повышения квалификации

Влияние современных танцев на самооценку и развитие личности

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 80 человек

Курс повышения квалификации

Процесс выполнения работ по забивке свай копром

108 ч.

2070 руб. 1240 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Принципы эффективного использования аграрных ландшафтов

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство звука: путешествие по музыкальным жанрам

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Hard-skills современного педагога

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека