Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыЕресектер мен мектепалды даярлық тобында өткізілген "Қош келдің, наурыз"! ертеңгілігінің сценариі

Ересектер мен мектепалды даярлық тобында өткізілген "Қош келдің, наурыз"! ертеңгілігінің сценариі

Скачать материал

Ересектер және мектепалды даярлық тобында өткізілген 

«Қош келдің, Наурыз»! атты ертеңгіліктің сценариі

 

  Дайындаған: Урисбаева Гулмира Бердихановна,  Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

                      әкімдігінің   білім   бөлімінің  «№54 «Айналайын» балабақшасы»  МКҚК  әдіскері

                           

       

Бала:

Уа, ағайын туысқан,

Наурыз күн туды шығыстан.

Сол тойға келдім шақырып,

Ат терлетіп алыстан.

Ақ түйе қарны жарылды,

Наурызды елім сағынды.

Асыққан сен де бұл тойға

Барлық жұрт мұнда ағылды.

 

Жүргізуші:

Келіңдер наурыз тойға бәрің бүгін,

Аямас өнерпаздар ән мен жырын.

Тойлайық халық тойы наурызымның,

Шуағын жерге төккен бақыт күнін.

Келіңдер наурызды қарсы алайық,

Билейік, ән салайық, жыр жырлайық.

Қаһарлы қыстан өтіп наурыз келді,

Арқаңды кеңге салшы уа халайық.

 

Жүргізуші: Бүгінгі біздің наурыз тойымызға Қабанбай батыр аулынан келе жатқан қонақтарды қарсы алайық.

 

Музыкамен ересектер тобының балалар кіреді

 

Жүргізуші:

Қане халқым, шаттан бүгін,

Қош келдің той думанға.

Билейді ортада бәрі  бүгін,

Мерекелік наурыз тойда.

 

  Жүргізуші: Наурызбай  батыр аулынан келген қонақтарды қарсы алайық.

                                

                               Музыкамен мектепалды даярлық тобының балалары кіреді

 

Жүргізуші:

Наурыз келді,  наурыз келді ағайын,

Құшағыңды құмарлана жазайын.

Көктем шыға күлімсіреп көк аспан,

Күйге толсын, әнге толсын маңайың.

 

Ән:  «Наурыз келді алақай»

Жүргізуші:

Наурыз тойы, наурыз тойы,

Құтты болсын халайық.

Қане достар, қане достар,

Тақпақ айтып алайық.

 

 

Нұрлан:

Сәлем беріп аталарға,                                  

Құттықтаушы ек әжені.

Кеселерге апалар да,

Толтыратын көжені.

Қанат қақты көңілді осы,

Балалардың ерке ойы.

Сонау бала күннің досы,

Наурыз тойы ел тойы.

 

Нұрсауле:

Наурыз келді күн жылына бастады,

Еріп жатыр Алатаудың тас қары.

Көрші қария көршісіне кіреді,

Жақсылықпен жайнап амандасқалы.

Наурыз келді көктем келді жарқырап,

Жағадағы желге ойнайды бал құрақ.

Жауқазындар қар астынан қылтиды,

Күннің ыстық сәулелерін тартып ап.

 

Рамазан:

Салтанатты сәнімен,

Мәнері шен мәнімен.

Келді кемел әз наурыз,

Тіл үйірер дәмімен.

«Наурыз құтты болсын»-деп,

Тілек айтам бәріңе,

Жүрек тұрсын жол сілтеп.

 

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар  наурыз тойына  жақсы дайындықпен келген екенсіңдер. Енді бүгінгі тойымызда  кеше дүниеге келген баланың бесік тойы  өтеді. Ендеше ауылдың үлкен әжесін  шақырайық,  баланы бесікке салып берсін.

 

Жүргізуші:

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Бесік тойына  келе жатқан,

Құрметті қонақтарды қарсы алайық.

 

Музыкамен  әжелер кіріп балалармен  амандасады

 

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, төрге шығыңыздар. Біз сіздерді күтіп отыр едік. Кеше дүниеге келген сәбиді бесікке салғызып, батаңызды алайық.

Әже: Өркендерің өссін, үлкен азамат болыңдар.Әрине сәбиді бесікке салып берейін. Сендерді де кішкентай кездеріңде бесікке салып, той жасаған. Келін баланы әкел,  бесікке салып берейін.

 

 «Бесікке салу рәсімі»

Жүргізуші:

Наурызды қызықтады бүгін халқым,

Ежелден келе жатқан дәстүр салтын.

Ұлыстың ұлы күні жылдың басы,

Болғай ол білдіретін елдің парқын.

Көктем, көктем күллі әлем көгерер,

Наурыз тойым жыл басы боп қала бер.

 

Ән: «Наурыз көктем»

 

Жүргізуші:

Көктем келді балақай,

Жасарды жер алақай.

Тойдың сәнін келтіріп,

Тақпақ айтсын  балақай!

 

Нұржан «Қош келдің, Наурыз» Авторы: Қадыр Мырза-Әлі

Наурыз келді жер көгерді,

Бәйшешектер гүлдеді.

Күн жылынды нұрын төгіп,

Аймалайды бізді енді.

Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме.

Бақыт, байлық тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне!

 

Айдана:

Наурыз тойы, елдің тойы,

Көктем тойы-төлдің тойы.

Әжеме еріп Ақтауымды,

Араладым күні бойы.

Жасасын деп шіркін наурыз,

Құтты болсын айтты атамыз.

Барлық үйге кіріп шығып,

Барлық үйден дәм татамыз.

 

Салтанат: «Көктем келді» авторы Қонысбековтікі

  Қарлар еріп далада,

  Күн шығыпты алақай.

  Күн жылынып мінеки,

  Көктем келді алақай.

  Бүршік атып ағаштар,

  Көкке оранды алақай.

  Біз ойнаймыз асыр сап,

  Қуанышпен алақай.  

 

Жүргізуші: Ендеше ортаға жігіттерімізді шақырайық.

 

                                                                    «Жігіттер биі»

 

Музыкамен Алдар көсе мен Тазша бала кіреді

 

Алдар көсе: Ассалаумағалайкум, халайық! Бәрің жиналып қалыпсыңдар ғой. Наурыз тойы құтты болсын!

Жүргізуші: Қош келдіңіз, Алдар көсе, Тазша бала. Жоғары шығыңыз! Алдеке, әлде сіз біреуді алдауға асығып отырсыз ба?

Алдар көсе: Жоға, мен бәрін алдай бермеймін, қарақтарым! Менің алдайтын адамдарым-қылығы елге жақпайтын, жалқау, сараң, жаман адамдар. Оны былай деп әнге қосып жүрем.

Мен, Алдармын, Алдармын,

Алдар десең алдаймын.

Сайтанды да арбаймын,

Сараңдарға қаттымын.

Кедейлерге балдаймын.                                            

Мен Алдармын, Алдармын,

Шегі жоқ бұл даңқымының.

Өмірімді арнаймын,

Бақыты үшін халқымның.

А-а-а-а-е-е-е-е-е

Ақ пейілмен дос болған,

Алдар деген мен болам.

Құтты болсын Наурызым,

А-а-а-а-а-е-е-е-е-е-е-е

 

Жүргізуші:

Бәрекелді,

Үніңіз майда  құлаққа,

Атыңыз мәлім жыраққа.

Алдар көсе: Менің бала кезімде сүйіп ойнаған бір ойыным бар еді. Енді балаларға сол ойынды үйретейін. Ойынның аты  «Теңге ілу»  деп аталады   Бұл өзі шапшаңдықты, ептіліккті  талап етеді. Бала кезімде байдың семіз былқылдаған балаларын талай жер қаптырып, жеңіп кетуші едім.

 

Ойын « Теңге ілу»

Жүргізуші:

Наурыз келді тамаша,

Ән айтамыз таласа.

Әжем, атам той тойлап,

Қуанып жүр балаша.

 

Ән: «Қош келдің төрлет, Наурызым!»

Тазша бала:

Ей балалар, балалар,

Енді маған қараңдар.

Наурызды тойлайық,

Қызық ойын ойнайық.

 

Менің ойынымның  аты  «Ханталапай» деп аталады. Бұл ойын ептілікті, жылдамдықты талап етеді. Мен сендерді сынап көрейін.

 

Ойын: «Ханталапай»

Жүргізуші:

Біздің халық өнерпазға бай тегі,

Әнші деп те, күйші деп те, айт оны.

Талаптарың таудай екен, ал енді,

Жақсылап бір билесеңдер қайтеді.

 

«Қазақ биі»

 

Жүргізуші: Ал Тазша бала сенің өтірікті қиыстырып айтатыныңды елдің бәрі біледі. Әрине сенің өтірігің күлкі үшін айтылатын, зиянсыз өтіріктер ғой. Мына жұрт күлкіге кенелсін. Өтірік өлең айтып жіберші.

 

Тазша бала:

Бір қоянды міндім де аспанға ұштым,

Екпініне шыдамай жерге түстім.

Алты күндей ақ боран соғып еді,

Жалғыз қурай ығында ас қып іштім.

 

Балапанын үйректің,

Үй сыпыртып үйреттім.

Екі пілді ұстап ап,

Үш масаға сүйреттім.

 

Алдар көсе: Ой, Тазша сен де өтірікті айтады екенсің. Балалар айтыңдаршы,  пілді маса сүйрей ала  ма?

Балалар: Жоқ.

Осы кезде домбыра әуенімен Қожанасыр есекпен келеді

 

Қожанасыр: Өй, тәк былай. Шу-шу жануарым! Әй-әй-әй! Мынау қайтеді-ей! Әуп! (түспекші болады есектен құлап түседі) Қожанасыр үсті-басын қағып: Әй шуылдақтар, неменеге күлесіңдер-ей, мен өзім де түсейін деп жатыр едім. Әй жануар жүр былай, тағы  әнеукүнгідей кетіп қалып, жаяу қалып жүрермін. Байлап келейін.

 

(Есегін бұрышқа әкеліп  байлап келеді)

 

Жүргізуші: Е, Қожеке Қош келдіңіз, Наурыз құтты болсын!

Қожанасыр: Е, аман  ба, қарағым. Мен  Рамазан деген құрдасымның немересінің тоқым қағар тойынан келе жатыр едім.

Тазша бала: Е, Қожеке, бос отырғанша әңгіме болсын. Мен мен мана жолда келе жатып бір нәрсені тауып алып едім, әрі-бері қарап, не нәрсе екенін  біле алмай тұрғаным. Осының не нәрсе екенін  сіз айтып жібермейсіз бе?  (Сыңар етікті көрсетеді)

Қожанасыр:( етікті аударып-төңкеріп қарап) Е, тәйірі, сол да сөз болып па? Мен зат танысам, бұл кәдімгі балтаның қабы емес пе?

Тазша бала: Қожеке, осы ағаңыздың жасы үлкен бе, сіздің жасыңыз үлкен бе?

Қожанасыр: Өткен жылы әкем: «ағаң  сенен 1 жас үлкен» деген еді, енді биыл құрдас болатын шығармын.

Тазша бала: Қожеке, осы жұрт неге таңертең ерсілі-қарсылы жүре бастайды?

Қожанасыр: Жұрттың бәрі бір жаққа жүрсе, жер аударылып кетпей ме? Сондықтан  ерсілі қарсылы жүре береді.

Жүргізуші:  Сіздер айтысып отыра бергенше, одан да біздің балалардың   айтысын  тыңдап көріңіз.

 

Дәстүрлер күннен-күнге жалғасады,

Тойымыз одан әрі жалғасады.

Ортаға ақындарды шақырайық,

Көріңдер олар қалай айтысады.

 

Айтыс (Назира мен Мақсат)

Мақсат

Жылдың басы наурыз,

Жылдың басы наурыз,

Наурызға арналсын,

Бүгінгі жыр-әніміз.

Наурыз деп ей, қыздар,

Кел, шырқайық бәріміз.

 

Назира

 Көптен күткен айымыз

Келген шақта наурыз.

Шараларға толғанда,

Наурыз көже бал уыз.

Әнін бастасын,

Қоштауға біз дайынбыз.

 

Мақсат

 Қыздарға бұл не болған,

Тоймаған ба көжеге.

Сөйлегенде шиқылдап,

Ұқсайды екен шөжеге.

Шөже,шөже, шөжелер,

Шөжелерге көже бер.

 

 

 

Назира 

Жамыраған қозыдай,

Маңыраған қозыдай.

Бірін-бірі тыңдамай,

Ән салатын ұлдар-ай.

Көже көрсе,тап беріп,

Бас салатын ұлдар-ай.

 

Екеуі қосылып:

Жылдың басы –наурыз,

Жылдың басы- наурыз.

Наурызға арналсын,

Бүгінгі жыр-әніміз.

 

Жүргізуші:

Кел балалар ойнайық,

Наурыз тойын тойлайық.

Күш сынасып ортада,

Арқан тартысып көрелік.

Ойын  «Арқан тарту»

Қожанасыр: Алдаркөсе өзіңе де атты тауып қойған екен. Көсе десе-көсе, иегінде бір қылтанақ жоқ.  Ал Алдар екеніңе менің күмәнім бар.  Әй, Алдар, мықты болсаң  сен мені алдап көрші.

Алдар көсе:  Қап, әттеген-ай,  алдауыш домбырам үйде қалып қойып еді. Оны алып келетін атым жоқ астымда, Қожеке, мына есегіңді мініп барып келейін бере тұршы.

Қожанасыр: Жарайды ала ғой.

Алдар көсе: Есекке мініп жатып, ал ендеше алдаған деген осы. Енді саған есек жоқ. (шаба жөнеледі.

Қожанасыр:  Қап, мына көсе мені алдады ғой.  Енді қайттім. Әй-әй тоқта!   (Қуа жөнеледі)

 

Жүргізуші:

Көктемнің төкті нұры,

Көңілдің кетті мұңы.

Кел достар ән шырқайық,

Ұлыстың ұлы күні.

Ән   «Наурыз келді тағы да»

Жүргізуші:

Ал, халайық тұрмайық,

Ортамызды ашайық.

Ырыс тілеп бұл жылға,

Тақпақ айтып алайық.

 

Сұлтан:

Наурыз айы тамаша,             

Көңілдіміз бәріміз.                         

Осы жылға жаңаша,                           

Арналады әніміз.                             

Ақсақалдар, әжелер,

Ақ батасын береді.

Бар тіршілік оянып,

Күн жылынып келеді.

 

Еркебұлан:

Мерекесі ұлыстың,                         

Құтты болсын жаңа жыл.              

Әнін айтып, би билеп,                      

Күліп ойнап бала жүр.                     

 

 

Тілек тілеп туысқа,

Байлық бақыт береке.

Қуанайық кел достар,

Бүгін сондай мереке.

 

Дана:

Наурыз келді құт болып,                 

Мына бізге сүт болып.                   

Аққа аузымыз толады,                 

Бар жақсылық болады.                  

Бәйшешек гүл ашады,

Мұздар сайға қашады.

Суға толып өзен, көл,

Кемерінен асады.

 

Жүргізуші:

Құт қонақ өзің үйімде,

Қуаныш сыйла еліме.

Күлімде наурыз күлімде,

Әнім де саған биім де.

Би: «Домбыра»

Жүргізуші: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің  халыққа арнаған ақыл-кеңесін тыңдай отырайық.

 

«Үш би» қойылымы

Жүргізуші:

Ұлы тойда әдемі,

Әннен шашу шашайық.

Ал, балалар кәделі,

Наурыз деп жырға басайық.

 

Ән   «Наурыз тойы әдемі»

Жүргізуші:

Аман болсын әрқашан халқым менің,

Ардақта наурыз тойын, салтыңды елім.

Осы той болсын басы берекенің,

Игі еңбектің жемісін бәрің жегін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша:

 

«Үш би» қойылымы

Жүргізуші

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,

Көшінің соңы болады-деп,  

данышпан ойлы аталарымыз айтқан. Міне, сол  аталарымыздан тағы да білмеген жайды сұрап, біліп алайық

1-ші бала (Асхат)

Ата, алты алаш деген не?

Төле би (Наурызбек)

Балам, Алты алаш деген Алаша ханның балалары:

-Қазақ

-Қырғыз

-Қарақалпақ

-Өзбек

-Түрікпен

-Жайылған.

2-ші бала (Әлихан)

Ата, Үш жүз деген кім?

Төле би

Үш жүз деген қазақтың ағайынды үш баласы--- Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз

1-ші бала

Ағайынды кісілердің өкпесі немен тарайды?

Төле би

Ағайынды кісілердің өкпесі сағынысып көрісумен тарайды.

2-бала

Ата, жер туралы, ел туралы, сөз туралы не айтар едіңіз?

Төле би

Жаңбыр жаумаса, жер жетім

Басшысы болмаса, ел жетім

Ұқпасқа айтқан сөз жетім.

1-бала

Ата, дүниеде не жаман?

 

 

Қазбек би (Бекзат)

Біріншіден-бірлігі кеткен ел жаман

Екіншіден-егесіп өткен ер жаман

Үшіншіден-тіл алмаған ұл жаман

Төртіншіден-белсеніп шапқан жау жаман

Бесіншіден-асқынып кеткен дерт жаман

Алтыншыдан-серпілмеген қайғы жаман

Жетіншіден-жас келіншек жесір қалса, сол жаман.

3-бала (Нұрбек)

Ата дүниеде не жаман ?

Әйтеке би (Қамбар)

Дүниеде іштен шыққан жау жаман.

3-бала

Ата,  дүниеде не қымбат?

Әйтеке би

Балам, дүниеде Отан қымбат

3-бала

Ата, сабыр, ақыл, туралы не айтар едіңіз?

Әйтеке би

 

Ашу деген ағын су,

Алдын аса арқырар.

Ақыл деген дария,

Алдын тосса тоқырар.

3-бала

Ата, байлық, батырлық туралы не айтар едіңіз?

Әйтеке би

Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін.

Батыр болсаң, жауыңа найзаң тисін.

Жүргізуші

Рахмет, аталар, сіздердің даналы ақылдарыңды еске сақтаймыз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ересектер мен мектепалды даярлық тобында өткізілген "Қош келдің, наурыз"! ертеңгілігінің сценариі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 667 830 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.04.2018 952
    • DOCX 28.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Урисбаева Гулмира Бердихановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 56236
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогическое сопровождение детей с ЗПР в условиях ДОУ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 669 человек

Курс повышения квалификации

Использование ресурсов пластилинографии в художественно-эстетическом развитии детей дошкольного возраста с учётом требований ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 446 человек

Курс повышения квалификации

Проектирование предметно-игрового пространства дошкольной образовательной организации в соответствии с ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 165 человек

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Финансы и управление в медиакоммуникациях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная журналистика: история, этика и авторское право

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе