Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыЕртеңгілік: " Алтын күз ".

Ертеңгілік: " Алтын күз ".

Скачать материал

 

«Алтын күз»

Мақсаты:
1) табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту;
2) күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін, шығармашылықтарын  дамыту; 3) балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Мерекеге сай безендірілген залдың сахнасына «Алтын күз» тақырыбы түрлі - түсті жапырақпен жазылып, шарлармен әшекейленеді. (Музыка әуенімен ортаға жүргізуші шығады.)
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті ата -  аналар, қадірлі қонақтар! Бүгінгі біздің  жыл мезгіліндегі ең тамаша - «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! 

Береке ,бақ  дарыған,

Жомарт көңіл жарқын жаз.

Сары алтынға малынған

Жетті міне алтын күз.

Балаларымызды қошеметтерінізбен қарсалайық!!

Тәрбиеші жеке – жеке балаларды атап шақырады. (Музыка әуенімен балалар сахнаға келіп орналасады.)

Тәрбиеші:

-         Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі  мектепалды  даярлық тобының балалары дайындаған «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

 


Тоңазып атырап

Көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ,

Жерге кеп түседі.

Аспанды сұрғылт бұлт

Жан – жақтан жабады.

Күн бірте суытып,

Жауын көп жауады.

Айтыңдаршы балалар,

Бұл қай кезде болады?


 

  Хормен (балалар): Күзде.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар!

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын:

Ағайынды – бәрі

Шықса – жасыл,

Түссе – сары. Ол не?

Балалар : Жапырақ

-         Дұрыс айтасыңдар! Қазір бізде  жылдың қай мезгілі?

-         Күз!

Олай болса сендердің күз туралы тақпақтарыңды тыңдайық.

 

 

 

Азамат

Алтын, алтын, сары алтын,

Алтын күзде нұр жатыр.

Біз мектепке баратын,

Алақай-ау, күн жақын.

Азат

Алтын сары, қызыл, көк...

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

 

Тәрбиеші:

-         Тамаша балалар ,ендеше алтын күзге арналған «Алтын күз »әнін айтайық!

       Тәрбиеші:

-         Балалар бүгін бізге қонаққа Күз ханшайымы келе жатыр екен (Осы кезде әдемі әуенмен күз ханшайымы келеді)

Күз ханшайымы : - Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Күз ханшайымы:  Уа, халайық, дархан далам армысың,

                              Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.

                                Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

                              Алмақ болып бар халқымның алғысын.

                               Мен – күз ханшайымын.Сендерді көргеніме қуаныштымын.

Балалар:

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Берекелі күз келді

Тәрбиеші : Балалар, күз бізге құр келмепті, ол өзімен бірге сыйлық  ала  келіпті.Сендердің  өнерлеріңді  тамашалауға келіпті, қане өнерлерімізді көрсетейік.

Келесі орындалатын  «Жаңбыр-жаңбыр» әнін қарсыалыныздар!

-  Балалар  күзде қандай өзгерістер болады?

-  Қүз айларын атайық (қыркүйек, қазан, қараша)

Тәрбиеші: Ендеше ортаға күз айларын шақырайық.


 Мирас:  (Қыркүйек)

Бірінші қыркүйек

Білімге бастады,

Мал мен аң жүр билеп,

Құс шарлап аспанды

Нурасыл: (Қазан)

Жаңартқан ғаламды

Жаңбырлы ғажап ай.

Осынау заманды

Орнатқан қазан ай.

Али : (Қараша)

Мол байлық тергені

Шаттығы қаншалық

Қарашы өрледі

Қараша ән салып.


Тәрбиеші: Міне, балалар, күз айларымен таныстыңдар.

Өнім биыл тамаша!

Көз тоймайды қараса:

Сәбіз,пияз, қияр, картоп, қызылша,қызанақ, орамжапыраққа қарашы.Көкеністер бір жерде жиыла қалып дауласты.

 

Балалар: Көкөністер барлығы

Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз?

Ішіндегі адамға

Тиеді көп пайдамы


Айсулу:  (Қызылша)

Мен де бір сөз айтайын

Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ болмайды

Винегрет те үстелде.

Динара: (Орамжапырақ)

Мақтанғаннан не пайда ?

Менсіз дәмді щи қайда?

Мені қосса самсаға

Бәрі жейді тамсана.

Аяла: (Қияр)

Дәмім тілді үйірген,

Мен тұздалған күйімде!

Жаңа піскен кезімде

Бәрі жейді сүйсіне!

Бекнур: (Сәбіз)

Кім бар сәбіз шырынын?

Жастайынан ішпеген.

Мені жеген адамдар

Кем болмайды күшке де!

Абдулла: (Қызанақ)

Піскен кезде қызанақ

Көз тартар қызыл түсімен

Бар ма адам сүйсінбе

Томат шырын ішпеген?

Жания: (Пияз)

Боламын мен дәмдеуші

Барлық-барлық тағамға

Көкеністер ішінен

Мен пайдалы адамға

Наргиз К:  (картоп)

Мен ұялшақ картоппын

Мен емеспін мақтанар

Мені жақсы көреді

Үлкендер мен балалар .

Бос айтысты қояйық,

Дауласуды тоқтайық


 

Тәрбиеші: Көкеністер бәрі де ,

                   Денсаулыққа пайдалы

         Мұны жақсы біліңдер,

                   Оларды жақсы көріңдер.

 

Тәрбиеші:

 Тапталады табанға,
Судыр - судыр жапырақ.
Өрттей сары бояуға,
Малынғандай атырап.

Тәрбиеші: Алтын күзге арналған қыздардың «Жапырақтар» биін қарсы алыңыздар!

Тәрбиеші:Қане, балалар, осындай молшылық күз айында  бір ойын ойнап жіберейік.

Ойын: «Жемістер мен көкөністер » деп аталады (тәрбиеші ойынның шартын түсіндіреді)

Тәрбиеші:

Алма-алмұрт албырап,

Жеміс-жидек пісіпті.

Қауын-қарбыз балбырап,

Қамбаларға түсіпті.

Жемістерімізді ортаға шақырамыз!


Арсен:  (Алмұрт)

Тіл үйренген алмұртпын

Танысымын бар жұртың

Жақсы өсіре алмайды

Қараса егер салғырт кім.

Алия:  (Алма)

Нарттай қызыл алмам бар

Мәз болады алғандар

Жазда әдемі киінем

Тілді балдай үйірем


Аманат: (Анар)

Бұтақтан үзілген

Жарылса анармын

Моншақтай тізілген

Дәндерін аламын.

Айжан :  (Жүзім)

Мен жүзіммін, жүзіммін

Моншақ болып тізілдім

Көктемде ерте гүлдеймін

Кешігуді білмеймін

 

Наргиз Т: (Өрік)

Өрікпін ,мен өрікпін

Бау-бақшаға көрікпін

Баптап мені күткен соң

Талды бойлап өріппін

 

Бекжан:  (Шие)

Мен шиемін,шиемін

Күннің көзін сүйемін

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен бас иемін.


Ата – аналармен ойын:  «Картоп» (Жылдам, үзбей аршу)

Тәрбиеші:

Алтын күзді қарсы алып

Би билейміз, ән салып.

Ұлы тойдай ұлы ісім,

Жаралған ел жыр үшін

-         Келесі орындалатын  ұлдарымыздың

«Жігіттер»биің   қабыл алыңыздар!

Тәрбиеші: «Қолшатыр» ойын.

 

 

 

 

 

 


Тәрбиеші :Күз ханшайымы, балалардың өнеріңе баға беріңіз?

Күз ханшайымы: Өте тамаша, балалар!

Тәрбиеші:

-         Балалар , сөз кезегін «Күз ханшайымына» берейік оның бізге берер сыйығы бар екен.

(Алтын күз өз себетінен жеміс жидектер алып балаларға үлестіреді

 

 

 

Хормен балалар:

Қош, алтын күз, алтын күз

Өзіңменен қашанда

Кемелденсін халқымыз.

 

Тәрбиеші:

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар келесі  кездескенше

Осымен мерекеміз аяқталды.

«Алтын күз»  атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға рахмет. Қош сау болыңыздар.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ертеңгілік: " Алтын күз "."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Теолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 068 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.01.2016 655
    • DOCX 22.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакипова Алмагуль Аманболовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жакипова Алмагуль Аманболовна
    Жакипова Алмагуль Аманболовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8092
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация услуги по воспитанию детей в специальной (коррекционной) школе-интернате

Специалист в области воспитания

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 10 регионов
  • Этот курс уже прошли 64 человека

Курс повышения квалификации

ФГОС ДОО. Развитие поисковой активности, инициативы и познавательной мотивации методом экспериментирования у детей дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 542 человека

Курс повышения квалификации

Коррекционная работа с детьми, имеющими расстройства аутистического спектра, в условиях реализации ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 286 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 524 человека

Мини-курс

Занятия спортом при заболеваниях опорно-двигательного аппарата

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление расстройств: путь к психическому здоровью"

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе