Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыЕртеңгілік Тақырыбы: « Ана - тіршілік тірегі»

Ертеңгілік Тақырыбы: « Ана - тіршілік тірегі»

Скачать материал

Тақырыбы: Ана – тіршілік тірегі

Мақсаты: Оқушылар бойына 8 наурыз мейрамын құрметтеу, қастерлеу сезімін дамыту. Оқушыларды мейірілімділікке, аналардың аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі ана күшінің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру. Жалпы барлық аналарға деген, қыздарға деген сыйластыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойындағы өнері мен талабын артыра түсу.                

1- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қымбатты аналар және қыздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
2 – жүргізуші: Бүгінгі мерекелік кешімізді « Мама, мама » әнімен ашайық.
1 – жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
2 – жүргізуші: Құрметті аналар, аяулы қыздар! 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын... Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар. – дей келе құттықтау сөз кезегі сынып жетекшіміз Кабзиева Бақыткул Қаскеленовнаға беріледі.
1 – жүргізуші: Абзал аналарымыздың құрметіне  Айтжан Әлияның мың бұралған тамаша биін  қабыл алыңыздар.
2 – жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры, аңыз ертегілері мен ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың, әжелеріміздің құдіретті сезімдеріне арналған балалардың өлең, тақпақтарын қабыл алыңыздар.            
1 – жүргізуші: Аналар адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт - аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата - анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен.
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда флешмоб  биі.
2 – жүргізуші:
«Отбасы - шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Сондай отбасының данасы, қариясы болады. Қариясы бар үйдің, қазынасы деп қазақ халқы бекер айтпаған. Ендеше келесі оқушылардың өлең жолдары аналарымызға арналады.
1 – жүргізуші:
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

2 – жүргізуші:
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда  «Көңілді тапқырлар»

1-жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Жырларын аналарға бағыштайды. Олай болса аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.
2 – жүргізуші:
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар.
Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! Көрініс « Қарт пен бала әңгімесі »

Автор: Төр үйде атасы мен баласы әңгімелесіп отыр.

Баласы: -Ата,ата, маған сұрақ қойыңызшы.

Атасы: -Балам, үйдің алтын қазығы кім?

Баласы:- Ата, үйдің алтын қазығы-бала.

Атасы: -Жоқ балам, үйдің алтын қазығы-ана. Ана ақылды болса, бала дана

болады. Ана тәрбиесі-қызға үлгі, әке тәрбиесі-ұлға үлгі. Ана-ақылшың, әке-

қамқоршың, аға-қорғанышың, інің-сүйенішің, қарындасың-қанатың екенін

ұмытпа.

Атасы:-Балам , жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

Баласы: -Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін-мейірімді әке.

Атасы:-Жоқ,балам, әке қанша  мейірімді болса да ананың жаны бөлек. Ашты тоқ, жоқты бар ететін ол-ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран

ұйымайды.

Атасы:  Ал, балам, өмір сүру үшін не қажет?

Баласы: — Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет.

Атасы: — Жоқ, балам, өмір сүру үшін су,от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су-тіршіліктің нәрін береді, от-өмірге жалын береді, тұз-астың дәмін келтіреді, қыз-өмірдің сәнін келтіреді, ақыл-өмірдің мәнін келтіреді.

Автор: Адам барма, ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдықты, ар-намысты сақтаған,

Мен ананың сонысына мақтанам.

1 – жүргізуші: Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!

Кешіміздің соңында «Вальс» биін тамашалаңыздар.
2 – жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің «Ана - тіршілік тірегі» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.
1 – жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
Сау - саламатта болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ертеңгілік Тақырыбы: « Ана - тіршілік тірегі»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по привлечению инвестиций

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: Ана – тіршілік тірегі

Мақсаты: Оқушылар бойына 8 наурыз мейрамын құрметтеу, қастерлеу сезімін дамыту. Оқушыларды мейірілімділікке, аналардың аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі ана күшінің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру. Жалпы барлық аналарға деген, қыздарға деген сыйластыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойындағы өнері мен талабын артыра түсу.

1- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қымбатты аналар және қыздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
2 – жүргізуші: Бүгінгі мерекелік кешімізді « Мама, мама » әнімен ашайық.
1 – жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
2 – жүргізуші: Құрметті аналар, аяулы қыздар! 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын... Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар. – дей келе құттықтау сөз кезегі сынып жетекшіміз Кабзиева Бақыткул Қаскеленовнаға беріледі.
1 – жүргізуші: Абзал аналарымыздың құрметіне Айтжан Әлияның мың бұралған тамаша биін қабыл алыңыздар.
2 – жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры, аңыз ертегілері мен ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың, әжелеріміздің құдіретті сезімдеріне арналған балалардың өлең, тақпақтарын қабыл алыңыздар.
1 – жүргізуші: Аналар адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт - аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата - анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен.
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда флешмоб биі.
2 – жүргізуші:
«Отбасы - шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Сондай отбасының данасы, қариясы болады. Қариясы бар үйдің, қазынасы деп қазақ халқы бекер айтпаған. Ендеше келесі оқушылардың өлең жолдары аналарымызға арналады.
1 – жүргізуші:
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

2 – жүргізуші:
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда «Көңілді тапқырлар»

1-жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Жырларын аналарға бағыштайды. Олай болса аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.
2 – жүргізуші:
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! Көрініс « Қарт пен бала әңгімесі »

Автор: Төр үйде атасы мен баласы әңгімелесіп отыр.

Баласы: -Ата,ата, маған сұрақ қойыңызшы.

Атасы: -Балам, үйдің алтын қазығы кім?

Баласы:- Ата, үйдің алтын қазығы-бала.

Атасы: -Жоқ балам, үйдің алтын қазығы-ана. Ана ақылды болса, бала дана

болады. Ана тәрбиесі-қызға үлгі, әке тәрбиесі-ұлға үлгі. Ана-ақылшың, әке-

қамқоршың, аға-қорғанышың, інің-сүйенішің, қарындасың-қанатың екенін

ұмытпа.

Атасы:-Балам , жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

Баласы: -Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін-мейірімді әке.

Атасы:-Жоқ,балам, әке қанша мейірімді болса да ананың жаны бөлек. Ашты тоқ, жоқты бар ететін ол-ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран

ұйымайды.

Атасы: Ал, балам, өмір сүру үшін не қажет?

Баласы: — Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет.

Атасы: — Жоқ, балам, өмір сүру үшін су,от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су-тіршіліктің нәрін береді, от-өмірге жалын береді, тұз-астың дәмін келтіреді, қыз-өмірдің сәнін келтіреді, ақыл-өмірдің мәнін келтіреді.

Автор: Адам барма, ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдықты, ар-намысты сақтаған,

Мен ананың сонысына мақтанам.

1 – жүргізуші: Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!

Кешіміздің соңында «Вальс» биін тамашалаңыздар.
2 – жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің «Ана - тіршілік тірегі» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.
1 – жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
Сау - саламатта болыңыздар!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 983 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.05.2018 395
    • DOCX 17.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кабзиева Бакыткул Каскеленовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9089
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 219 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 553 человека

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 788 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 845 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Мини-курс

Психология семейных отношений: понимание, следствия и решения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Нейропсихология в школе: путь к успеху и благополучию детей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе