Инфоурок Социальному педагогу Другие методич. материалыЭссе на тему Жастар

Эссе на тему Жастар

Скачать материал

Тақырыбы: Мен мемлекетімнің гүлденуіне не істей аламын? 
Мақаланың мақсаты мен міндеті: 
Бұл тақырыпты жазудағы басты мақсатымыз еліміздің ертеңі атанған жасұлан жастардың ұлтжанды ұландар болуының кепілі – патриоттық сезімнің кіші буындағы жалған болуының себебі мен осындай өтірік елжандардың отанға сүйіспеншілігін жандыруда жол іздеу. Тығырықтан шығу үшін үлгі беру. 

Жалған патриоттар 
Сенің отаның саған не бере алады деп сұрама, сен өзіңнен отаныңа не бере аламын деп сұра. Дж. Кеннеди 
Қазіргі Қазақстанның абыройы асқақтап, әлеуеті дамып келе жатқаны әрбір отандасымыздың құлақ құрышына сіңіп қалғаны жалған емес, сол даму жолында бөгелген белестеріне де сын айтып сыни көзқарасын танытатын адамдардың қоғамда болуы да жат дүние емес екені анық. Еліміз елеулі де еңселі мемлекет атану үшін аз тер төкпеді. Сөзсіз, әрбір елдің саяси тәжірбиесінде кездесетін қателіктер жіберіп, бармақ тістер сәттер де болды. Бірақ жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ дейді емес пе аталы сөз?! Әлемнің саяси сахнасында соңғы жиырма жылда өзін белсенді әрі жан – жақты көрсеткен отанымыздың бүгінгі таңдағы абыройы қасықтап жиналып, тек ерен еңбек арқылы келгені ақиқат. Екі онжылдық ішінде халқымыз күрделі күйбелеңді де, өзіндік өзгерісті де көрді. Тек осындай соқпақ пен ойға толы ұлы жолда ел басқарған елбасы да, өкілетті өкімет те ащы сын мен қатал сөгіске бір емес бірнеше рет ұшырағаны өкінішті. Әрине, сын түзелмей, мін түзелмейді. Алайда, аузым бар деп орынсыз сынау да өрескел қателік. Соңғы бесжылдықта жас толқын жаңа буын аузынан: «Қазақстан – парақорлар отаны», «Елімізде әділеттілік жоқ!», «Отанымызда сөз бостандығы жоқ», «Басқа елдер бізден әлдеқайда дамып кеткен», «Білім деңгейі жоғары шетелде оқыған абзал» деген сынды сөздер жиілеп шығатын болды. Иа, айтылар сын адамға жаңа серпіліс беретіні талассыз. Бірақ «Жаманға жаман десең жантая түседі» деген халық даналығы да жай айтылмаған болар. Бұл сөзбен сынды құртып, жалған сөйлеуге шақырғым келмейді. Тек бәріміз сөз қозғап сын айтпай тұрып, ауыз ашар алдында жеті рет өлшеп бір рет кессек екен деген ой. Қайткенмен де қателік те тәжірибе. Бұқараның бұлай сөйлеуіне де жөн бар. Отанға опасыздық жасап, қалталарын толтыра қашқан азаматтардың да, бай–бағыландарды жауапқа тартпаған соттардың да ел жадында аз болмағаны рас. Бірақ осындай сөз аузынан шыққан адамның бұлай сөйлеуінің түрткісі не? деген сауалға көптің берер жауабы «патриотизм», «отанға деген махаббат пен жан ашу». Ойлана қарасақ жанашыр адам сөйлеп қана қоймай әрекет те жасайды емес пе? Ал сонда сынымен адамның сағын сындырып, тауын шағатын адамдардың кім болғаны? Осындай жалған патриоттардың күн санап өсуі өкінішті. Отанға деген ілтипатын білдіріп, «жан ашығандықтан» сынайтын адамдар құр сөйлеп қана қоймай әрекетке көшсе ғана даму үдерісіміз қарқындай түспей ме? Егер осындай сөз аузынан шыққан адам тамшыдай ғана үлес қосып, өз басы парадан, «ағалықтан» аулақ болса, бұл да бір жетістік емес пе? Егер қазіргі жас ұрпақ шетелдік білім деңгейін біздің елімізге енгізерліктей ғалым, ағартушы, ұстаз атанса ел көркеймей ме? Егер әр азамат өз отанының игілігіне бір тамшы тер төксе жарқын болашақ кепілі осы емес пе? Әр адам қоғам мүшесі, яғни қоғам кірпіш тасы. Өз қоғамымызды өзіміз құраймыз емес пе? Елдің басты билігі де біз емес пе? Бос кеуде патриот емес ретінде айтарым: «Иә, мен парақорлар отаны атанған елімді сүйемін! Иә, мен әділеттілігі жоқ елімді сүйемін! Иә, мен білімі төмен туған жерімді сүйемін! Сүйгендіктен елімнің ертеңі үшін аянбай тер төгудемін!». 
«Патриот – ол Қазақстанды шын сүйетін, ұлттық құндылықтарды қастерлейтін, бойында адалдық, ар-намыс, ізгілік қасиеттері бар, халқының дәстүрі мен Отанына деген сүйіспеншілігі мол адам» - дейді елбасы Н. Ә. Назарбаев патриоттар жайлы. 
Бір қарағанда «бір адам не өзгерте алар?» сынды сауал туындайды. Алайда мен болашақ тілші ретінде осы мәселені көтеріп, елге ой салып, әрдайым ойға тамызық болып жүрсем бұл да өзі тамшыдай болсын үлес болар. Қазіргі жаңа толқынның саналарына ой салып, жүректеріне отанға деген махаббат сезімін ұялата алсам, соның өзі ерен еңбек. Ертеңгі таңның жарқындығы мен еліміздің қарқыны қазіргі жасөспірімдердің отанына деген махаббаты мен сүйіспеншілігіне тікелей байланысты. Сол ертеңгі болашаққа қадам жасаған әр жанның тұсауын «Отан» деген сөзбен кесіп, ел берекесі үшін әр азамат жауапты екенін кеуделеріне түйсек, бұл да жеңіс. Әр адам ол қоғамның, яғни елдің үлкенді-кішілі бөлшегі. Сондай бір бөлшек келешекте елі үшін жанталасып, өз ортасына «бар қателікті жою үшін өзің еңбек ету керек» дейтін ой салса, ел ойының сапасы өсері талассыз. Мен туған жерімді сүйемін және сол елімнің әлемде ақпараттандыру саласы бойынша алдыңғы қатарда бой көтеру үшін аянбаймын. Ал нақ осылай кез-келген ұстаз, дәрігер, бақташы, кәсіпкер, ғалым не қарапайым шахтер ойласа, бұл арманның орындалары анық. 
Түйін 
Егер мен «жалған патриот» болғанда дертке қандай дауа табар едім? Біріншіден, мен өз отанымның нағыз шынайы патриоты бола аламын. Нағыз патриот ретінде елеулі еліміздің туын әлемде әрдайым үлгі ретінде танитындай өз саламда аянбай тер төге аламын. Жаһанды ақпараттандырып отырған ВВС немесе Associated Press секілді порталдардан отандық Kazinform, Tengrinews, Interfax сынды ақпараттық медиахолдингтердің оза шабуына жарқын болашақта білек сыбана кірісе аламын. Отандық «төртінші билік» өкілдерінің мәртебесін көтеріп, ақпаратпен жабдықтау, сауатты әрі нақты хабар жеткізуге септігін тигізетін, елбасымыз қалағандай бәсекеге қабілетті тілші болу үшін талпынамын. Еліміздің жарқын болашағының келеріне кеудемде күдік көлеңкесі көрінбесіне уәде бере аламын. Екіншіден, болашақ әке, отағасы ретінде артымнан қалар тұяқтарға отанға деген махаббат сезімін туған сәттерінен бастап бойларына дарыта аламын. Отбасынан бастау алатын отанымның кіші ұяшығының ұлтжанды ұландарға толарына кепіл бере аламын. Үшіншіден, бүгінгі күні елбасымыздың аманат етіп тапсырған «Мәңгілік ел» даму жолы стратегиясының жетік орындалуын тілші ретінде жіті қадағалай аламын. Сол даму жолындағы жетер жетістікке тер төгер адамзат баласына әрдайым қол ұшын соза аламын. Еліміздің мәдени-танымдық дамуы «ЕХРО-2017» немесе «Универсиада-2017» сынды іс-шаралармен тоқтап қалмауы үшін белсенді студент болып ат салыса аламын. Бұл дүлділдер додасында мен оза шапсам да, жауырыным жерге тиіп, жеңіліс тапсам да айтылған сөздерімнің тек қағаз бетінде қалмауына ант ете алар едім!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе на тему Жастар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 273 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.11.2015 2046
    • DOCX 19.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сабытаева Салтанат Сарсеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сабытаева Салтанат Сарсеновна
    Сабытаева Салтанат Сарсеновна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 47748
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профориентационная деятельность для лиц с интеллектуальными нарушениями и выпускников коррекционных школ

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 92 человека

Курс повышения квалификации

Методика и содержание деятельности социального педагога в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 212 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация психолого-педагогической и социальной работы с несовершеннолетними

Специалист органа опеки и попечительства в отношении несовершеннолетних

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 108 человек

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Самосовершенствование: шаги к личному росту и эмоциональному благополучию

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 259 человек из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 73 человека

Мини-курс

Современные подходы к духовно-нравственному воспитанию дошкольников

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек