Физикадан сабақ жоспары: Электромагниттік тербелістер. Еркін электромагниттік тербелістер (тербелмелі контур) Томсон формуласы. (9-класс)

Предпросмотр материала:

Сыныбы: 9а,ә                                          күні: 20.11.14.                                   №21 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс. К.Э.Цилоковскицдің ғылыми еңбектерінің маңызы. Зымыран. Ғарыш саласының қазіргі  жетістіктері.
Сабақтың мақсаты:

1. Реактивті қозғалыс туралы жан-жақты түсінік беру. Ғылымға қызығушылығын арттыру.
 Физика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Физикадан алған білімдерін сабақтан тыс тапсырмалар беру арқылы тереңдету, жинақтау, жүйелеу, қорытындылау.
2. Оқушылардың ой
-өрісін кеңітіп, шығармашылық қабілетін дамыту. Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, батылдыққа тәрбиелеу.
3. Шығармашылық қабілеті дамыған, елін, жерін сүйетін жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың типі:
толықтыру, жинақтау, қорытындылау сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, портреттер, көрініске арналған құралдар (шар, түтікше, жіп), баяндамалар.
Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
-Реактивті қозғалыс-импульстің сақталу заңының көрінісі
-Үрленген шардың қозғалысын бақылау
-Реактивті қозғалыс мысалдары
-Ғарышты игерудгеі жетістіктер
-Зымыран құрылысы, қозғалысы.
-Реактивті қозғалыс анықтамасы
.
-Көп сатылы зымырандар

«Ой қозғау»

   Адамзат ерте заманнан-ақ аспанға ұшуды армандаған. Соның нәтижесіндей ұшатын кілемдер мен жалмауыз кемпірдің ұшатын сыпырғышын ойлап тапқан. Кейін келе ұшатын техникалар пайда болды. Енді адамзаттың алдында ғарыш кеңістігін меңгеру міндеті тұрды. Ол үшін асқан кемеңгерлік, аса ыждағатты есеп, өте күрделі техника және асқан ерлік қажет. Соның бәріде қазіргі кезде жүзеге асты.
   (Осы арада интерактивті тақтада Циолковскийдің портреті көрсетіледі).
- Ғарышқа алғашқы қадам жасау 1857-1935 жылдар аралығында өмір сүрген белгілі ғалым К.Э. Циолковскийден басталады десек болады.
Циолковскийдің идеялары оның 1903 ж шыққан «Әлемдік кеңістікті реактивті құралдармен зерттеу» деген еңбегінде көрініс тапты. Ол зымырандардың көмегімен ғарышты игеру мүмкіндігін теориялық түрде дәлелдеді: денеде бірінші ғарыштық жылдамдық тудыра алатын зымыран құрылысын, көпсатылы зымырандардың сипаттамаларын, массасы айнымалы денелердің қозғалысы туралы, сондай-ақ ғарышқа ұшу жөніндегі басқа да маңызды идеяларды ұсынады. Ойымен қиялы болашаққа ұмтылған Циолковскийдің идеяларында ғажайып қиял мен техникалық мүмкіндіктер арқылы жүзеге асырылатын мәселелер үндестік тапты.
- Тек содан жарты ғасыр өткеннен соң ғана, адам баласының ғарыш кеңістігіне шығуы туралы арманы орындалды.
- Циолковскийдің идеялары орыс ғалымы К.П.Королевтың басшылығымен жүзеге асырылды.
Тұңғыш жасанды Жер серігі біздің еліміздегі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 1957 ж ұшырылған болатын. 1961 жылы адамзаттың тұңғыш ғарышкері Ю.А.Гагарин ғарышқа қадам басты. Жыл өткен сайын ғарыш кемелері, зерттеу бағдарламалары жетілдірілді. Адамзаттың ғарышқа шығуы басқа планеталарды, табиғат құбылыстары мен жер қойнауындағы қорларды зерттеуге мүмкіндік береді. Ғарыш зерттеулері өндіріске де, ғылымға да үлкен пайдасын тигізуде. «Байқоңыр» сияқты ғарыш айлағы бар біздің Қазақстан әлемдегі санаулы ғарыштық мемлекеттердің біріне айналды. Ғарышқа сапар шегіп, ғылыми – зерттеу жұмыстарына қатысқан ғарышкерлердің ішінде біздің екі қазақ ғарышкерлері - Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев та бар.
- Осы арада интерактивті тақтада екі қазақ ғарышкерінің портреттері көрсетіледі және Марфуға Айтқожақызының «Қос ғарышкер» атты өлеңі оқылады
- Қос ғарышкер, Тоқтар мен Талғат десем! Үзілген үмітімді жалғап кетем! Ақынға да кеңістік, ғарыш керек, Көз жұмбасаң ерлікке, самғап бекер! Қос ғарышкер, Қос батыр, Қос жұлдызым, Мерейлі етіп тұрсыңдар достың жүзін. Тағы да озып келсін Талғатым деп, Аспанның бәйгесіне қостым бүгін!
-  Тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров туралы «Қаһарман тұлға» атты шығарма
-  Ғарышкер ағаларымыздың ізбасарлары болашақ ғарышкерлерімізде жоқ емес. Солардың бірі де, бірегейі Мұхтар Аймаханов пен Айдын Ақанұлы Айымбетов.
(интерактивті тақтада болашақ ғарышкердің портреті көрсетіліп,  болашақ ғарышкер туралы мағлұмат беріледі)
-  Енді сабағымыздың басынан бері айтылып жатқан мәселелерді қолымызбен жасап, көзімізбен көрейік.
- Осы арада интерактивті тақтада зымыран макеті көрсетіліп, мұғалім зымыран, көп сатылы зымыран туралы түсінік береді .  Қарапайым зымыран жану камерасы бар отын толтырылған қабықтан тұрады. Отынның жануы кезінде жоғары температураға дейін қызған жоғары қысымдағы газ сопло деп аталатын ерекше пішіні бар камерадан үлкен жылдамдықпен (4 км/с-қа дейінгі) атқылап шығады. Есептеуді жеңілдету үшін қабықша ішіндегі отын түгел жанады да, жану өнімдері mῡ1 импульс алады деп есептейік, мұндағы ῡ1- атқылап шығатын газ жылдамдығы, m-жанған отынның массасы.
- Газ бен зымыранның өзара әрекеттесуі кезіндегі күштер сыртқы күштермен салыстырғанда өте үлкен болғандықтан, «зымыран-газ» жүйесін тұйық жүйе деп есептеуге болады. Бұлай қарастыру жүйеге импульстің сақталу заңын қолдануға мүмкіндік береді. Мәре алдындағы зымыранның сыртқы қабығымен және отынымен қоса есептегендегі массасы М болсын. Онда газ сыртқа атқылап шыққаннан кейін де денелер жүйесінің қортқы импульсі өзгермейді. Онда массасы М-m болатын зымыран қабығы модулі бойынша тең, бірақ газ импульсі бағытына қарама-қарсы бағытталған (М-m) ῡ2 импульс алады, мұндағы ῡ2- зымыран қабығының жылдамдығы. Онда mῡ1=- (М-m) ῡ2 болады. Ал бұдан ῡ2 = - m/(М-m) ῡ1
- Осылай зымыран газдың атқылап шығу жылдамдығы бағытына қарама-қарсы бағытталған жылдамдық алады.
- Қазіргі заманғы зымырандар көп сатылы болып жасалады. Оның әр сатысының отын қоры, тотықтырғышы және реактивті қозғалтқышы бар болады.Әрбір саты отыны жанып болғаннан кейін бөлініп қалады. Бұлай болуы кейінгі сатылардағы отынды үнемдеуге және зымыранның жылдамдығын одан әрі арттыруға себептеседі. Ал егерде зымыран Жерге қайтып оралуы керек болса, үшінші саты ашыларда зымыран 1800-қа бұрылады

ІV. Үй тапсырмасын тексеру мақсатында сайыс өткізу
Сайыс «Ғарыш» және «Зымыран»тобы арасында өтеді. Топ жетекшілері белгіленеді.
Сайыс жоспары:
1. «Ұшқыр ойдан- ұтымды жауап » (сұрақ-жауап)
2. Зерделер сайыс (Қазақтың екі ғарышкері жөнінде қысқаша мәлімет айту)
3. «Тапқыр болсаң-тауып көр» (Тақтада жасырылған формуланы айтып беру)
4. «Шапшаңдық» сайысы (Есептер шығару)
5. «Жанкүйерлер» сайысы
Бір-біріне соқтыққанда денелер,
Импульстік аңдылыққа бөленер.
Сақталады олар жолмен өзіндік,
Міне, ғажап, тек мән берсең сен егер.
«Импульс» - деп неге атаған ғалымдар,
Ойланыңдар, өткенді еске алыңдар.
Күш пен дене импульсі аралық
Ал, қанеки, қатыстар бар табыңдар!
1.  «Ұшқыр ойдан- ұтымды жауап » (сұрақ-жауап)
«Ғарыш» тобына
«Импульс» сөзі қай елдің сөзі.
Дене импульсі дегеніміз не?
Дене импульсі векторы қалай бағытталады?
Дене импульсінің өлшем бірлігі.
Дене импульсінің өзгеруі қандай шамаға байланысты?
Импульстің сақталу заңы қалай тұжырымдалады?
«Зымыран» тобына
«Импульс» сөзі нені білдіреді?
Күш импульсі дегеніміз не?
Күш импульсі векторы қалай бағытталады?
Күш импульсінің өлшем бірлігі.
Тұйық жүйе деген не?
Импульстің сақталу заңы қандай жүйеде орндалады?
2. «Зерделілер» сайысы
Бұл жандарды ардақтаған халық бар,
Ғарышта даңқы шыққан алыптар.
Қара, ойлан, зерек болсаң егер де,
Алыптарды әрқашан да танып қал!
3. «Тапқыр болсаң-тауып көр» сайысы
Жұлдызшаны аш, бағыңа,
Кездесті қандай формула?!
Айтып жібер, ойланып тез,
Формула қандай болды кез.
  1=                             
V. Сабақты пысықтау:

1. Оқушылар шардың көмегімен реактивті қозғалысты көрсетеді
2. Ғарыш айлағының пайдасы мен қатар зияны да жоқ емес.

  «Байкоңыр - мақтаныш па, қасірет пе?» атты баяндама оқылады

.3. «Зымыран» сөзіне 5 жол өлең құрастыру  
VІ Сабақты қорытындылау, оқушы білімін бағалау.

    Мен бүгін... (аяқталмаған ой, сөйлемді аяқтау)
VІІ. Үйге тапсырма

1. §21 оқып түсінгенін айту

2. 18-жаттығу(1) шығарып келу.

3. «Ғарыш саласының қазіргі жетістігі» эссе жазу

                  

Краткое описание материала

Физикадан сабақ жоспары: Электромагниттік тербелістер. Еркін электромагниттік тербелістер (тербелмелі контур) Томсон формуласы. (9-класс)

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Аманиязова Замзагуль Токтабаевна

учитель физики и информатики

  • На сайте: 10 лет и 10 месяцев
  • Всего просмотров: 38049
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 7
  • 38049
    просмотров
  • 7
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Аманиязова Замзагуль Токтабаевна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: