Инфоурок Химия Конспекты"Химия еліне саяхат" сайыс ашық сабақ

"Химия еліне саяхат" сайыс ашық сабақ

Скачать материал

Сыныбы:  9

Тақырыбы: «Химия әлеміне саяхат»  сайыс сабақ         

Мақсаты:  Бейорганикалық химия курсы бойынша алған білімдерін бекіту, тереңдету, логикалық жан-жақты ойлануын, сөйлеу қабілеттерін, түйсігін, дүниетанымын дамыту, пәнге қызығуын арттыру, бірлікке, ұйымшылдыққа, адамгершілік жақсы қасиеттерге баулу, өз бетінше ізденіп, білім алуға дағдыландыру және тәрбиелеу

Сабақтың түрі: сыныптан тыс сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын, топпен жұмыс

Көрнекілігі: қанатты сөздер, плакаттар.

Пәнаралық байланыс: биология

Сабақтың барысы:

І бастаушы:   - Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар!

ІІ бастаушы:  -Саламатсыздар ма, қымбатты сайысқа қатысушылар!

І бастаушы:   Уа, халайық!

Бәріңе бірдей жар салайық,

Химия тілін үйренем деушілерге,

Химия тілін білмек ойлы балаларға

Химия құмарлығын арттыруға, талпынушыларға

Бүгін болатын кешімізді арнаймыз

Бүгін сіздер мектебіміздегі химия-биология апталығының аясында өтіп жатқан  «Химия әлеміне саяхат» сайыс сабағымыздың  куәсі болмақсыздар.

ІІ бастаушы:  Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тура тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім,- деп Абай атамыз айтқандай уақытында химия сырын түсінбей кейіннен уысымызға түспей қалмас үшін, бүгінгі таңда химия ғылымымен әрі қарай сырласып, кейбіреулерімен мұңдасып қалу үшін өткізгелі отырған кешті бастауға рұқсат етіңіздер.

 Бұл кеште мектебіміздің 9 сынып оқушыларынан құралған 2 топ өз білімдерін  арапқа салып, бақтарын сынамақшы. Ендеше сайыскерлерді ортаға шақырайық.

І бастаушы:   __________________________тобы

ІІ бастаушы:   __________________________ тобы

І бастаушы:   Шеберлікті, білімді

Сараптап сіздер көріңіздер

Әдіқазы алқасы

Әділ баға беріңіздер

ІІ бастаушы:  Сайыстың әділ бағасын беріп, сайыскерлерімізді бағалайтын қазылар алқасымен таныс  болыңыздар 1. __________________________________

                                  2. ____________________________________________________

                                  3. ____________________________________________________

 І бастаушы: Сәлем беріп отырған жалпыңызға,

                         Беріктігін білдіріп салтымызға.

                         Жеңіс деген біздерге сол емес пе,

                         Үлгі, өнеге қалдырсақ артымызға.

ІІ бастаушы: Жоқ ешкімнің шатасы,

                         Үлкендердің батасы.

                         Топ басшысы таныстыр

                         Сәлем - сөздің атасы.

Бүгінгі сайыстың бірінші кезеңі             Сәлемдесу 

І бастаушы:   Химия ғылымдардың бұл төресі,

                       Оза алмайды жарыста тар өресі.

                       Біліміңді көрсетер кезің келді

                       Басталмақшы кезеңіміз келесі

Сайыстың екінші кезеңі  «Біліміңді сына» .  Бұл кезеңде әр топқа 12  сұрақтан  қойылыды, берілген сұрақтарға тез, жылдам жауап беру қажет. Әр сұраққа 1 ұпай. Егер қарсы топ жауап бере алмаса, екінші топ жауап беруге болады.

ІІ бастаушы:  І-топ сұрақтары:

1.  Сулы ертінділері, балқымалары электр тогын өткізетін заттар   (Электролиттер)

2.  Зарядталған атомдар немесе атомдар тобы     (ион)

3.  Оң зарядталған иондар     (катион)

4.  Күкірт қандай валенттіліктер көрсете алады?   (ІІ, ІҮ, ҮІ)

5.  Өткір иісті, ауадан 2 есе жеңіл, тұншықтырғыш газ  (аммиак)

6.  Азот қышқылының тұздары қалай аталады?    (нитраттар)

7.  Жылу, электр тогын өткізгіш, жылтыры бар, иілімді заттар    (металдар)

8.  Ең қиын балқитын металл    (Вольфрам)

9. Заттың көрінбейтін ең кіші бөлшегі (атом)

10. ІІ топтың негізгі топшасының элементтері    (сілтілік жер металдар)

11.  Теріс зарядталған иондар   (аниондар)

12.  Күкірт қышқылының формуласы   ( Н24)

І бастаушы: ІІ-топ сұрақтары:

1.  Электролиттердің иондарға ыдырау процесі  (диссоциация)

2.  Диссоциацияланған кезде сутек иондарын бөліп шығаратын заттар (қышқылдар)

3.  Тұздардың сумен алмасу реакциясына түсуі   (гидролиз)

4.  Күкірт (ҮІ) оксидінің формуласы    (SO3)

5.  HNO3 қандай заттың формуласы     (азот қышқылы)

6.  Ортофосфор қышқылының формуласы    ( Н3РО4 )

7.  Ең жеңіл металл    (литий)

8.  Электр тогын күшті өткізетін металдар   ( күміс, мыс, алюминий )

9. Химиялық реакциялардың жылдамдығын арттыратын, реакция соңында жұмсалмай қалатын заттар    ( катализаторлар)

10.  Күкірт қышқылының тұздары қалай аталады    (сульфаттар)

11.  Ең қатты металл    (хром)

12.  Қоршаған орта әсерінен металдардың бүлінуі    (коррозия)

ІІ бастаушы: Біреуінің жүрегінің түгі бар

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар

Біреуінің күмбірлеген күйі бар

Біреуінің қатты істейтін миы бар

Жарыстың үшінші кезеңі «Сиқырлы ұяшықтар»  Бұл кезеңде әр топтың  оқушылары берілген ұяшықтардан ұпай санын таңдай отырып, берілген сұрақтарға жауап береді.

І-бастаушы: 10 -  Адам ағзасының 60-65% құрайтын сұйық зат (су)

10 - Калий қандай металл (сілтілік)

10- .Химиялық элементтердің периодтық жүйесін ұсынған ғалым (Д.И.Менделеев)

20- Гемоглобин молекуласының құрамына қай элемент кіреді (темір)

20- Металл атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын заттар (тұздар)

20-.     Атом-молекулалық теория негізін салушы (М.В. Ломоносов)

30-А.Македонскийдің Индияға сапары кезінде оның әскерлері іш аурумен ауырған, ал офицерлер ауырмаған бәрінің де сусыны, тамағы бірдей, бірақ ыдыстары қандай металдан жасалған? (күміс)

30-Қышқыл жаңбыр дегеніміз не? Оның қоршаған ортаға қандай әсері бар? (аудағы ұлы газдардан түзілген жаңбыр)

30- .     Бұл заттың 0,9% ерітіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады, адам ағзасы көп қан жоғалтқанда қан тамырына құйылады (натрий хлориді)

І- бастаушы:   Химия – жыр, әніміз, шаттанамыз,

                         Табысын пайдаланып, мақтанамыз.

                         Кең байтақ кенге толы Қазақстан

                         Қойнауы алтын – күміс, жатқан аңыз.

Төртінші кезең Жарнама «Химия айналамызда»  Әр топқа 2 минут уақыт беріледі.

Тұрмыста қолданылатын әр түрлі заттардың біреуіне химиялық құрамын, қолданылуын жарнамалайды.

ІІ-бастаушы: Әр топ дайындалып болғанша кешімізді тамашалап отырған көрермендерге де дайындап қойған сыйымыз бар.

«Г», (газ,галоген,графит,гидрокарбонат, глюкоза,гомолог,гидролиз)

«М»,(мұнай, металл,молекула,метан,магний,мұз, майлар)

 «К»(карбонат,көміртек,күкірт,крахмал,калий,көмірсутек,каучук) әріптерінен басталатын  жеті сөз атаңыздар

І-бастаушы: Тағы келді сыналар шақ айналып,

Тереңіне білім теңіз байланып,

Кім шешеді, сол сайыста ұтып тұр,

Есеп шашар кезегі келіп тұр.

ІІ бастаушы: Бесінші кезең «Зерек болсаң, шешіп көр». Берілген гүлдердің ішінде есептер жасырылған.Әр топ өзіне екі гулден таңдайды. Әр есепке 10 ұпай. Әр топтан екі оқушы шығып орындайды. Есепті шығаруға 1 минут уақыт беріледі.

ІІ бастаушы: Ой хой, шіркін, мына заман аламан,

                         Аламанға шын жүйріктер жараған.

                         Дода жарып, алға шыққан ерекше

                         Еңбегіңді біз ерлікке балаған.

Келесі кезең «Егер де мен.......... »      топ басшыларының сайысы» Ортаға әр топтың топ басшыларын шақырамыз. Әр топ басшысы өздеріне тапсырма алады.

«Егер де мен химик маман болсам.......»

«Егер де мен эколог  маман болсам....»

І бастаушы: Жұлдызды боп туғандар аз өмірде,

                        Болғанымен әркімнің де көңлінде.

                        Дарындылық адамзатқа жарасқан,

                        Ұтып алған алқа тұрса өңірде 

«Химия әлеміне саяхат» кешінің қорытындысын айту үшін сөз қазылар алқасына беріледі.

ІІ бастаушы: Құтты болсын ұтып алған бас бәйге,

                          Сіздер үшін бұл әлі де жас бәйге.

                          Алла оңдап, халқың қолдап әрқашан

              Ала берің жарыс сайын бас бәйге, - деп бүгінгі жеңімпаздарды құттықтаймыз. 

І бастаушы:   2030 –дың барысымыз

   Болашаққа бастайды әр ісіміз.

ІІ бастаушы: Егемен елімізді көркейтетін,

Білім шыңына шығу-парызымыз , - дей отырып,бүгінгі кешімізіді аяқтаймыз.

 Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сайыстың кезеңдері:

1. Таныстыру ( үй тапсырмасы)

2. «Біліміңді сына» сұрақ-жауап

3. «Сиқырлы ұяшықтар »

4.  Жарнама «Химия айналамызда»

5. «Зерек болсаң, шешіп көр»

6. «Егер де мен .........» топ басшыларының сайысы

7.  Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өркенде, шалқы  химия

1. Химия- жыр әніміз, шаттанамыз,

    Табысын пайдаланып, мақтанамыз.

    Кең байтақ кенге толы – Қазақстан

    Қойнауы алтын-күміс, жатқан аңыз

           Жайна да гүлден жер, қия,

            Көңілге шабыт-нұр құя

            Беделің артып өркенде

            Аймақты қамтып химия,

            Өркенде, шалқы химия!

2. Химия – ел ырысы, ғасыр үні,

    Ғылымға қазіргі зор басын иді.

   Талай жыл адамзатқа жұмбақ болған

   Ашылды табиғаттың жасырыны

          Жайна да гүлден жер, қия,

          Көңілге шабыт-нұр құя

          Молшылық көзі-химия

          Апат та өзі - химия,

          Тылсым ғылым бұл - химия!

3. Тыңайтқыш молайған соң ауылымда,

    Дән өсті туған өлке сауырында.

    Ішсең –ас, кисең – киім, үй жиһазы

    Химия дәру болған сауығуға.

         Иіткен тас, саз, құмды да,

         Сенен зор, өктем туды ма?

         Соғысқа сорға, қатерлі жолға

         Жұмсалмасын химия

         Жұмсалмасын химия

   Жайна да гүлден жер, қия,

   Көңілге шабыт-нұр құя

   Беделің артып өркенде

   Аймақты қамтып химия.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Свиток: вертикальный: «Егер де мен химик маман болсам.......»
 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Свиток: вертикальный: «Егер де мен эколог маман болсам.......»
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


3,5 моль көміртегі (ІҮ) оксидінің массасын тап (Ж:154 г)

75 г азот (ІІ) оксидінің алатын көлемін есепте (Ж.56 л)

1,5 л (қ.ж.) көмірқышқыл газында болатын молекула санын тап (Ж. 9,03 ∙10 23)

Масссасы 128 г күкірттің зат мөлшерін тап (Ж: 4 моль)

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Химия еліне саяхат" сайыс ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Семейный психолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 462 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.02.2016 1694
    • DOCX 564.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джанылсаева Аида Саяновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Джанылсаева Аида Саяновна
    Джанылсаева Аида Саяновна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9839
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания химии в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 262 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия и биология")

Учитель химии и биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия")

Учитель химии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Формирование социальной ответственности и гармоничного развития личности учеников на уроках

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проектный подход к рекламе: эффективные стратегии и инструменты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Figma: основные принципы дизайна и композиции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек