Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Х,һ,в,ф,е,э,щ,ч,ц дыбыстары мен әріптерін қайталау.

Х,һ,в,ф,е,э,щ,ч,ц дыбыстары мен әріптерін қайталау.

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні: 10.12.14 Мектеп: №8 орта мектеп Сынып: 1«а» Пән: әліппе Әдіскер: Жахметова Б.К Мұғалім: Бакирова А.А Практикант: Жұмаш Арайлым Сабақтың тақырыбы: х,һ,в,ф,е,э,щ,ч,ц дыбыстары мен әріптерін қайталау. Сабақтың мақсат: 1. Білімділік: х,һ,в,ф,е,э,щ,ч,ц дыбыстарына тілұстарта отырып сөз құрату, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасау. 2.Дамытушылық: Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды х,һ,в,ф,е,э,щ,ч,ц дыбыстары бар сөз, сөйлем құруға үйрету. 3. Тәрбиелік: Таза қазақ тілінде сөйлеуге, байланыстырып сөйлеуге, түзу отыруға тәрбиелеу. Көрнекіліктері: х,һ,в,ф,е,э,щ,ч,ц дыбысының баспа түрі, смайликтер. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. II.Өткенді сабақты қайталау. III.Жаңа сабақ. IV.Қорытындылау.

I.Ұйымдастыру кезеңі – Cәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңыздар! Сіздерге бүгінгі сабақтан мен беремін. Менің аты- жөнім Жұмаш Арайлым Дариябайқызы.

а) Психологиялық дайындық

- Балалар бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын, көңіл күйімізді көтеріп алайық. – Қазір кімнің көңіл – күйі өте тамаша, қол көтерсін! – Кімнің досы осы сыныпта отыр, қолын шапалақтасын! –Әліппе сабағына кім дайын сол орнына отырсын!

Өткен сабақты қайталау. Өткен тақырыптарын қайталату.

Жаңа сабақ . 3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Бүгін біз сабақта : сөздерді қайталаймыз, әріп жұмбақ шешеміз, буындардан сөз құраймыз.

4. Ойын «Дымбілместен» хат келді, балалар. Ол бізден мына тапсырманы орындауға көмектесуімізді сұрайды. Көмектесеміз бе? Тақтада жазылған сөздердің әріптері жоғалып кетіпті. Дымбілмес көмектесіп сол сөздердің әріптерін дұрыс орналастырайық.

Қа...арман я Ас...ана в Көбе...ек һ Дари... л А... тобус х (Қаһарман, асхана, көбелек, дария, автобус) Сызықтар арқылы әріптерді дұрыс орналастырайық. Иә, балалар біз қашанда көмекке әзір балдырғанбыз. Енді ақылымыз бен тапқырлығымызды да көрсететін кез келді. Жұмбақ жасыру: 1)Шалһарда бар, Базарда жоқ. Гауһарда бар, Ажарда жоқ. (Һ) 2) Аланда жоқ, Аянда бар. Аспанда жоқ, Шаянда бар. (Я) 3) Хатта бар, Атта жоқ. Ханда бар, Аңда жок. (Х) –Балалар бүгінгі сабақта біз қандай әріптерді қайталайды екенбіз? Дұрыс айтасындар бүгін біз х,һ,в,ф,е,э,щ,ч,ц дыбыстары мен әріптерін қайталаймыз.

Сергіту сәті. Ормандағы аюдың. Құлпынайы көп екен, Теріп – теріп алайық, Қалтамызға салайық.

Ойын. Буындардан сөз құра. Әрбір қатардан бір-бір баладан шығады.

Бірінші балаға: ва-гон, ша-ян, гау-һар.

Екінші балаға: еш-кі, ци-рк, щет-ка.

Үшінші балаға: ха-бар, қо-ян, жа-яу. Жарайсыңдар балалар. Барлық сөздерді дұрыс құрыпсыңдар.

Дәптермен жұмыс.

Сөздік диктант алу. Хат, гауһар, вагон, лелефон, электр, чех, цирк.

Сергіту сәті:

Біз аяқпен топылдаймыз

Біз қолмен шапалақтаймыз.

Баспен біз шайқаймыз.

Қолымызды көтереміз.

Одан кейін ақырын

Орнымызда жүгіреміз.

Сабақты қорытындылау.

-Балалар бүгін біз қандай әріптерді қайталадық?

-Сабақ сендерге ұнады ма?

-Несімен ұнады?

-Қане балалар осы әріптерден басталатын сөздер айтып, сабақты аяқтайықшы.

Бағалау:

Сабаққа қатысып отырған оқушыларды мадақтау және смайликтер таратып беру.



Мұғалім:

Әдіскер:

Баға:









Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 19.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров650
Номер материала ДВ-171791
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх