Инфоурок Иностранные языки СтатьиІ жарты жылдық бойынша рефлексивтік есеп

І жарты жылдық бойынша рефлексивтік есеп

Скачать материал

Т «№ 10 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-сінің ағылшын тілі пән мұғалімі Басбаева Айнурдың І жартыжылдық бойынша рефлексивтік есебі.

«Адам байлығының ең тамашасы –білім.

Барлығы соған ұмтылады, бірақ ол өзі келмейді».

Әбу -Райхан әл- Беруни.


І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша сабақ беретін сыныптарым бойынша ағылшын тілі пәнінің үлгерімі-100,

сапасы -51,7 болды. Бұл І тоқсанмен салыстырғанда 5 пайызға артқандығын көрсетеді.

ІІ тоқсанда да жоспар бойынша сабақ беретін сыныптарыма орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларымды уақытында жасақтап, жүйелі түрде оқушыларға бағдарламаның жеті модулін байланыстыра отырып сабақ өткіздім. Себебі күнделікті сабақтарымызда оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалану, бағалаудың түрлерін қолдану, жас ерекшеліктеріне сай білім беру, талант пен дарынды анықтау, оларды көшбасшы етіп тәрбиелеу заман талабы.

ІІ тоқсан барысында мектебімізде деңгейлік курстан өтіп келген мұғалімдермен ақылдаса отырып, арнайы жоспар жасақтап, Lesson study зерттеу сабағын әріптестеріммен бірге жүргіздік. Ол үшін ең алдымен өзім сынып жетекшілік ететін 6 «А» сыныбын таңдап алдық. Қазақ тілі пән мұғалімі Таңбаева Гүлшат І деңгей және орыс тілі пән мұғалімі Маканова Ақмарал ІІІ деңгей бағдармаламасын бітірген мұғалімдер. Әріптестеріммен ақылдаса отырып, зерттегу үш оқушыны таңдап алдық.

hello_html_m3f6a9485.png


А деңгейіндегі оқушы-Алуадин Ақжүніс, В деңгейіндегі оқушы-Довлетова Жансеп және С деңгейіндегі оқушы-Аметов Адайбек.

А деңгейіндегі оқушы зерттеуге алған себебім: Бұл оқушы сыныптастарына қарағанда алғыр, зерек, ізденімпаз, білім алуға құштар, шапшаң ойлағыш барлық пәндерден үлгерімі жақсы.

hello_html_7ed8d243.png

В деңгейіндегі оқушы зерттеуге алған себебім: Бұл оқушы ортада көп ерекшеленіп көрінбейді, білімі орташа, мінезі тұйық, сабырлы, кейде қойылған сұрақтарға сенімсіздік танытып, өз ойын ашық айта алмайды.

hello_html_c6e22ca.jpg

С деңгейіндегі оқушы зерттеуге алған себебім: Күнделікті сабаққа кейде дайындықсыз және кешігіп келеді, білімге деген ұмтылыс-құлшынысы көңілге қонымсыз.

hello_html_a5b6a52.jpg

Зерттеу барысында осы оқушылардың бойынан төмендегідей өзгерістерді көргім келді. Мәселен А. алған білімін басқа оқушылармен бөлісуге дағдыланып, өз бетінше ізденуге тобындағы оқушыларды тартса, білімқұмар дарынды оқушы болғандықтан дарындылық қабілетін одан әрі шыңдаса, төмен деңгейдегі оқушының жаңаша білім алуға бет бұруына өз септігін тигізсе.

В. оқушының өз-өзіне деген сенімділігі қалыптасып, ойын еркін жетілдірсе.

С. оқушының бойындағы құндылықтарды анықтау, кішкене де болса таланттың көзін ашса, өз ойын жинақтап еркін жеткізуге, топ мүшелері арасындағы қарым-қатынасы жақсарса, сыныпта жағымды ахуал орнатуға өз үлесін қосса.

Жоспар бойынша бірінші сабақты қазақ тілі пәнінен «Сан есімнің емлесі» тақырыбында Таңбаева Гүлшат сабақ өткізді. Үш оқушы үшін оқу нәтижелерін анықтап алып, сабақты өз деңгейінде өткізді. Сабақ барысында мұғалімдермен зерттеуге алған оқушыларды бірге бақылап, сабақтан кейін талқыладық. Оқушылар топпен жұмыс жасау арқылы, диалогтік әдісті пайдалану негізінде сабақтың мақсатына, нәтижесіне жеткендігі аңғарылды.

Және де бұл сабақта оқушылар бірін-бірі бағалап, сабақ соңында мұғалім жиынтық бағалады.

Екінші сабақты орыс тілі пәнінен Маканова Ақмарал Словосочетание. Предложение тақырыбында өткізді. Әр сабақта үш баланы үнемі бақылауда ұстап, сабақтан соң талқылау болып отырды. Бізге топпен оқыту әдісінің тиімді екені белгілі болып, келесі сабақты оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ойын түрінде өткізуді жоспарладық.

Ал үшінші сабақты мен ағылшын тілі пәнінен өткіздім.

Тақырыбы: The school day in England.

Мақсаты: Англияның мектептері туралы түсінік беру.

Күтілетін нәтиже: оқушылар өтілген тақырыпты меңгереді, сөздік қоры молаяды, сыни тұрғыдан ойланады, топпен және жұппен жұмыс жасай алады.

Ұйымдастыру бөлімінде оқушыларды мектепке байланысты сөздерді қолдану арқылы екі топқа бөлдім.

Үй тапсырмасында өтілген тақырыптың жаңа сөздерінің аудармасын екі топтан жарыс түрінде сұралды.

Қызығушылығын ояту бөлімінде оқулықта берілген суреттерді берілген сөйлемдермен сәйкестендірді.

hello_html_m7d7dac40.jpghello_html_36ad4cf1.jpg

Мағынаны тану бөлімінде Англияның мектептері және мектеп формалары туралы таныстырылым көрсетілді.

Ой толғаныс бөлімінде оқушылар екі елдің мектептерін салыстырды. Бұл сабақта мен критериалды бағалауды жүзеге асырдым. Оның критерийлерін оқушылармен ақылдаса отырып, анықтап алдық. Кері байланысты бес саусақ арқылы жүргіздім. Оқушылар бес саусақтың ішіне сабақтан алған бес түрлі әсерлерін жазды.

hello_html_64ab9cbe.jpghello_html_m1f258b2d.jpg


hello_html_m38f7be2f.jpghello_html_791d675d.jpg

Әрбір өткізілген сабақта әрбір мұғалімге белгіленген оқушыны бақылап, нәтижелерін жазып отыру тапсырылды. Бұл сабақта біз алдыңғы сабақтармен салыстырғанда оқушылардың өзгере бастағанын байқадық. А деңгейіндегі оқушы топпен бірге жұмыс жасап, өзгелерге көмек беріп, топта көшбасшылық танытты. В деңгейіндегі оқушы алғашқы сабақта өзін көрсете алмаған болса, соңғы сабақта белсенділік таныта бастады, бірақ оның бойында әлі де сенімсіздік байқалды. Үшінші оқушы С деңгейіне келетін болсақ алғашқы сабақтан –ақ өзіне көңіл бөліне бастағанын байқап, белсенді түрде сабаққа араласа бастады. Соңғы сабақта оның барынша берілген тапсырманы бар ынта жігерімен орындап, сабақ соңында 4 деген бағамен бағаланды. Ол үй тапсырмасында қателіктер болса да, ол толық орындауға дағдылана бастады.

ІІ тоқсан қорытындысы бойынша Ақжүніс 5- ке шықты, Жансеп 4-ке шықты ал Адайбек 3-ке шықты. Себебі ол әлі тест жұмыстарын және сөздік диктанттарды қате орындайды. Алдағы уақытта бұл оқушымен жұмысты күшейту керек деп ойлаймын.

Қорыта келгенде, бұл тәсілдің нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін жаңа тәсілдер арқылы кеңейте алдық. Сабақ соңында өз мақсаттарымызға жеттік, қалыс қалған оқушылар болған жоқ. Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып, оқушылардың сұрақтарға толық жауап беруіне, ойларын ашық айтуына дағдыландыра бастадық.Топтық жұмыс арқылы ойларын ортаға салып талқылау, талдау, өз пікірін ашық айтуға дағдыландыра отырып, оқуға деген қызығушылығын арттырдық. Болашақта осындай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, өткен сабақтарымызбен оқушының білім, білік дағдыларын арттыруды көздеп отырмыз және С дәрежесіндегі оқушылармен әлі де жұмыстар жасап,В дәрежесіне жеткізуге, ал В дәрежесіндегі оқушыны А дәрежесіне жеткізуге тырысамыз. Талантты және дарынды оқушыларға күрделенген тапсырмалар беруде әлі де ізденуге жұмыстанамыз.

Сонымен қатар өз тәжірибеммен бөлісу мақсатында БАҚ беттерінде мақалалар жарияладым.

Олар infourok сайтына қысқа мерзімді жоспар жібердім.

Аудандық Мұнайлы газетінде «Мектептегі оқу үдерісіндегі өзгеріс» атты мақалам жарық көрді.hello_html_m1801a958.png


hello_html_1e76abe2.jpghello_html_5a171a7c.jpg



Ғұлама ғалым А. Эйнштейн: «Мен өз шәкірттерімді ешқашан үйреткен емеспін, тек олардың үйренуіне жағдай жасап отырдым»- деген екен. Сол айтқандай, мен де алдағы уақытта оқушыларымның өз бетінше білім алып үйренуіне барынша жағдай жасауға тырысамын.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "І жарты жылдық бойынша рефлексивтік есеп"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-консультант

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 189 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.02.2016 19777
    • DOCX 28.7 мбайт
    • 226 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Басбаева Айнур Ибадуллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Басбаева Айнур Ибадуллаевна
    Басбаева Айнур Ибадуллаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 71590
    • Всего материалов: 28

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основные методики обучения немецкому языку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 83 человека

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания иностранных языков: английский, немецкий, французский

Учитель иностранного языка

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 102 человека из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Теория и методика билингвального обучения иностранным языкам

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 51 человек

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе