Инфоурок Начальные классы Научные работыҒылыми жоба "Адыраспан - дәрілік шөп"

Ғылыми жоба "Адыраспан - дәрілік шөп"

Скачать материал

 

«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің

Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп - гимназиясы» ММ

 

 

 

 

САПАНОВА МЕРЕЙ

МЕЙРАМҚЫЗЫ

 

3 «Ә» СЫНЫП

 

Жұмыстың тақырыбы:

«АДЫРАСПАН – ДӘРІЛІК ШӨП»

 

Бағыты: Таза табиғи орта – Қазақстан 2030 Стратегиясын іске асырудың негізі

 Секция: қоршаған орта және адам денсаулығын сақтау

Пәні: дүниетану

Жетекшісі: Махмутова Сауле Мурзашовна

Бастауыш сынып мұғалімі

 

 

 

 

Боровской 2019

 

 

 

Мазмұны

 

1.     Кіріспе.....................................................................3 - 4 бет

          2. Негізгі бөлім

      2.1.Ботаникалық сараптама .................................5-6    бет

      2.2. Адыраспанның өсу ортасы ........................... 7-8     бет

      2.3 .Халық медицинасында қолданылуы.............9-12    бет

3. Қорытынды................................................................13-14

4. Пайдаланған әдебиеттер .........................................  15    бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

Мақсаты: Aдырaспaн - қacиeтті, дәрілік өcімдік eкeндігінe зeрттey жүpгізy.

 

Гипотеза: (болжам) менің таңдаған мамандығым дәрігер болғандықтан,мен келешекте осы адыраспанның емдік қасиетін қолдансам, онда денсаулығында ақауы бар адамдарға көмектесіп, тегін емдеп, мақсатыма жетер едім.

 

Зерттеу кезеңдері:

1.Дайындық кезеңі: тақырыпты анықтау, мақсатын, болжауын айқындау,зерттеу әдіс-тәсілдерін меңгеру.

2.Теориялық кезеңі:  тақырып бойынша әр түрлі ғылыми әдебиеттерді оқу және талдау, іздену, кездесу және қажетті деректерді жинақтау,жүйелеу.

3.Қорытынды кезеңі: алынған нәтижелерді пайдаланып,өмірмен байланыстыра отыра қорытындылап және ұсынысты дайындау, ғылыми жобаны қорғау.

Зерттеудің әдістемесі: материалды жинақтау, іріктеу, сұхбаттасу, сауалнама алу және ақпарат көздерінен мәлімет алу.

Зерттеудің жаңалығы: Адамзаттың тіршілік етуі барысында өсімдіктер әлемінің алатын орны ерекше зор. Қазіргі медицинада қолданыста жүрген дәрі-дәрмектердің 40 пайыздай бөлігі өсімдіктер дүниесінен жасалады екен.

Нәтижесі: іздену арқылы зерттеу жұмысының алға қойған мақсатымның орындалуы, болжамның дәлелденуі.

Қорытындыларын практикалық қолдану салалары: зерттеу жұмысының алға қойған мақсаттарын орындай отырып, қазіргі медицинада адыраспанның емдік қасиеттерін қолдану енгізілсе.

 

 

 

 

 

Annotation

 

Aims: do research that Adyraspan is sacred, medicinal plant.

 

Hypothesis: (a guess), I chose the medical profession, and in the future I would like the healing properties of this adierazpena, I would help people with health defects, were treated free of charge and would achieve their goal.

 

Investigation phase:

1. The preparatory stage: the definition of the topic, the definition of the goal, forecasting, development of methods and techniques of research.

2. Theoretical stage: study and analysis of various scientific literature on the topic, search, meeting and collection of necessary information, systematization.

3. Final stage: preparation of proposals and conclusions using the results related to life, protection of the scientific project.

 

Research methodology: collection, selection of material, interviews, questionnaires and obtaining detailed information from sources.

 

The novelty of the study: in the process of human life occupies a special place flora. More than 40% of medicines used in modern medicine are made from the plant world.

 

Result: fulfillment of the research objectives by searching, the validity of the forecast.

 

The field of practical application of the findings: in modern medicine, fulfilling the goals of research, the use of medicinal properties of adyraspan is introduced.

 

 

Кіріспе

 

Мың теңге тұратын дәрі

 дәл шарбағыңның түбінде өсіп тұр

халық даналығы

 Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы», аллергияның шығуы,иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ.Өсімдік тағамдарын ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қол - жазбалардан айқын көреміз.Шипалы өсімдіктер қатарына әртүрлі сәнді өсімдіктер де жатады.Өйткені олардың көпшілігі бойындағы физиологиялық сергек заттардың арқасында денсаулығымыздың серігі де бола алады. Сондай-ақ біздің бау-бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де айтуға болады,өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы, «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы аса пайдалы түрлері де бар. Сондықтан есік алдында өскен арамшөптерді бірден отап тастамай, олардың пайдалы қасиеттері жайында біліп алуға тырыссаңыздар дегім келеді.

Өткен ғасырдың алғашқы жартысында қазақтың халық емшілерінің практикасында қолдан жасалған әртүрлі дәрі – дәрмектерді пайдаланып жүргенін С.Большой: «Қазақ арасында болған кезімде емге санап, сыр,көк тас, ашудас қолданғанын көрдім. Осы заттарды барлық ауруды жазатын дәріге санап, тұмардай жанында сақтап жүреді. Бірақ олардың емдеп жазған науқасын көрмедім»,- деп жазады. Осындай дәрілер жайында басқа авторлардың да жазғандарын оқыдым.

 

Халық емінде өсімдік және импорттық дәрілер көрнекті орын алады. Қазақстанның кейбір аймақтарында «қымбат шөптің (сассапарель –тропикалық ыстық жақта өседі) тамырынан жасаған дәрінің мерезге ем болатынын ертеден білген. Ал сассапарель болмаған жерлерде «тамыр дәрі»түбірінен жасаған дәріні мерез ауруын емдеуге қолданып жүргенін К.Струве және В.Потанин де жазғанын білдім.

[8] Л.К.Сафина. Е.П. Петров    Жасыл аптека1992 ж. 3-4 бет

    Әрине, табиғи факторлардың денсаулыққа пайдасы, емдік қасиеті мол екені даусыз. Бірақ оларды пайдалану үшін терең білім, озық тәжірибе керек. Бұл жағдайлар халық емшілерінде бола бермейді.

Негізгі бөлім

2.1.Ботаникалық сараптама

Aдaмзаттың тіршілік етуі бaрысында өсімдіктер әлемінің алатын орны ерекше зор. Қазіргі медицинада қолданыста жүрген дәрі-дәрмектердің 40 пайыздай бөлігі өсімдіктер дүниесінен жасалады екен. Coл көп ауруға қoлдaнатын дәрілік шөптерінің қaтарында мeні қызықтырып, зерттey нысаны етіп отырған aдыpaспaн дa бap.

Адыраспан "пайғамбар шөбі". Біздің ата-бабаларымыз сондықтан оны үйдің босағасына іліп қойып, осы арқылы отбасын алуан түрлі бәле-жәлелерден сақтауға тырысқан. Осы өсімдіктің түтінімен үйдің ішін түгел ыстап, сол жын-шайтандарды, жаман адамдардың лас ниеттері мен қарғыстарын шаңырақтан аластайтын болған. Қазақтар бұл шөптің қайнатпасымен тері ауруларын да емдеген. Мал дәрігерлік саласында адыраспан тұнбасымен ботаның қотырын емдейді. Адыраспанды ирак халқы «Уарау Аспанд» деп атайды, бұл «барлық ауруға ем» деген сөз екен. Ғылымда адыраспан өсімдігін 1928 жылдан бері дәріл Адыраспанды ежелден-ақ киелі шөп санайтынымыз белгілі. Оны ем ретінде де, үй-жайды зиянды қуаттан тазарту үшін де пайдаланамыз.

  Дегенмен адыраспанды қалай түтету керек? Оны не үшін, қанша және қандай мақсатта пайдаланған жөн?

• Ең әуелі адыраспан залалсыздандыратын, яғни микробтарды жоятын қасиетке ие екенін айта кеткен жөн. Оның түтінімен жұқпалы сырқаты бар адамдардың бөлмесін ыстап қойсаңыз болады. Тұмаудың алдын алу үшін де адыраспан түтетсеңіз, өкінбейсіз. Сондай-ақ төбе құйқасы шымырлап, басы тоқтаусыз ауыратын адамды да адыраспанмен аластап қойған дұрыс.

• Үйге келген қонақ жас баланың тіліне, түріне сүйсінсе және оның бұл көзқарасынан секемденіп қалсаңыз, онда дереу адыраспан түтетіп жіберіңіз. Будақтаған түтінінің немесе отының үстіне бір шөкім тұз бен жарты шай қасық шамасында өсімдік майын тастап, баланың басынан үш рет айналдырып өтіңіз.

[3]Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану.

Алматы: Қайнар1988 242

Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala). – түйетабандар тұқымдас тарамдалған бұтағы мол көп жылдық өсімдік. Бозғылт сары гүлдері жеке- жеке өседі, жемісі қоңыр түсті, ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік.. Өсімдіктің таралатын жері. Шөл, шөлейт, жайылымды жерде, тасты аймақта, құмды өзен мен көл жағасында, жақын ауыл аймақтарда, жол жағасында,үй маңында өседі.

 

Өсімдіктің аты

Биіктігі

Гүлдену мерзімі

Кезесетін орны

Пайдаланылатын бөлігі

Жинау мерзімі

Қандай ауруға пайдаланылады

Адыраспан

30-80 см

Маусым-шілде айлары

Сортаң топырақты далада

Шөбі,жапырағы, гүлі

Тамыз,қыркүйек

Бас ауруы,бел және асқазан т.б

 

Адыраспан: асқазан тазалау,тарамыс ауруы,ұмытшақ,ревматизм,тіс ауруы,буын қабынуы, бел,сал ауруларына және бастың созылмалы ауыруына шипа бола алады.

2.2. Адыраспанның өсу ортасы

Адыраспан – көпжылдық, иісі жағымсыз өсімдік.Сабақтары көп бұтақты.Жапырақтары кезектесе орналасқан.Бұтақтарының басында ақ түсті немесе сары гүлдері болады. Дәндері үш ұялы қорап ішінде. Маусым – шілде айларында гүлдейді.

Еліміздің (ТМД) көп жерлерінде, соның ішінде Орта Азияда, Қазақстан территориясында таралған.Жайылымда, далада, үй айналасында өседі. Дәрілікке адыраспанның шөбі пайдаланылады. Онда төрт пайыздай алкалоид бар.  [7] М.Оспанова. Ж.Лұқпанов Өсімдік – жанға шипа,дертке дауа.1992ж.19 бет.

Кәдімгі жұмсақ жеміс .Malacocarpus crithmifolius

 (Адыраспан тұқымдасы)

Мәртебесі:сирек кездесетін, қалдық түр.Маңғыстау түбегі мен Солтүстік үстіртте кездеседі.Бұл – ежелгі Жерорта теңізі субтропикалық саванна қалдығының ең қиыр солтүстік таралу нүктесі.Қазақстан жерінен тыс Түркіменстан,Солтүстік Памир – Алай, Иран, Ауғанстанда таралған. Жартастарда, үстірт тік жарларында, тасты беткейлерде, құмды және сазды сортаң топырақтарда өседі.Төселіп өсетін әдемі бұта, ұзын бұтақтанған сабағының ұзындығы 1 метр. Сирек кездесу себебі – тұқымы арқылы нашар өсуі және топырақ жабынының бүлінуі «мұнай өндіру және тасымалдау жұмыстары кезіндегі бұрғылау жұмыстары мен құбыр салу). Кей жағдайда өте өсімтал, кескен ағаш түбірінен өсіп шығады. Сұлама бұтақтан тамырланады және атмосфераның ластануына төзімділік етеді. Сәндік бақ ісінде қолайлы (тік көгалдандыру). Ірі, жеуге жарамды жидегімен бағалы, құрамында С дәрумені көп. Мәдени түрде (Ташкент) жерлерінде жақсы гүлдеп, жеміс береді. Көшеттері екінші жылы гүлдейді. Жекеленген даралары ботаника бақтарында 30 жылға дейін, табиғатта 50 жылға дейін өседі. Үстірт қорығында қорғалады. Бұл адыраспанның тұқымдас өсімдігі жайлы мәлімет мен және менің достарым үшін өте маңызды мәлімет болды. Бұл қызыл кітапқа енген өсімдік болып саналады. Қызыл кітапқа тек сирек кездесетін түрлері ғана емес,көп кездесетін түрлері де енгізілген. Себебі, олар адамның тікелей әрекетінің әсерінен (дәрілік және техникалық шикізат ретінде жинау) азайып отыр. Бұған сәйкес шешім – оларды мәдени түрде өсіру, жабайы өскен шикізатты жинағанға қарағанда, көбіне бұл жағдай ұтымды болып отыр. Сондықтан біз, жастар шипалы өсімдіктерді қорғау және сатылуына жол бермеу үшін белсенді жұмыстар атқаруымыз қажет.

[10] Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы Алматы 2006ж. 65 бет.

 

2.3 .Халық медицинасында қолданылуы

Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын , жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол – улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге  пайдаланған. Мал – дәрігерлік тәжірибеде  оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын,түрлі тері ауруларын емдейді. Халық медицинасында  А –ды буын ауруын емдеуге пайдаланады., қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді. Сонымен қатар адыраспаннан  жүн мен жіпті бояу үшін күрең қызыл бояу алынады. Тұқымымен көк шөбінен  алынған тұнбасымен шаруашылық зиянкестеріне қарсы күреске пайдаланады. Адыраспанды мал жемейді. Жаз және күз мезгілінде жинап алған жемісін кептіріп сақтайды. Тұмау тиіп ауырғанда, отбасы мүшелерін адыраспанға тұз қоса отырып аластаудың магиялық функциясымен  қатар ем дарытатын қасиеті бар. Сондай-ақ тіс ауруына, буын сырқырағанда да шипасы бар.

Халық арасында адыраспанды ревматизмді емдеуге пайдаланады. Ол үшін 100 г адыраспан шөбін беті жабылатын ыдысқа салып, үстіне 10 литр су құйып, 15 – 20 минут қайнатып, салқындағаннан кейін сүзіп, 37 – 38 градус температурада ваннаға құяды. Ауру адам әрбір екі күн сайын 10-15 минуттан осылай әзірленген ваннаға түсу керек. Емделу мөлшері 10 ванна. Керекті тұнба әр қабылдауға жаңадан дайындалғаны жөн.

        Өсімдік –медициналық препараттардың сарқылмас көзі.Емдік қасиеті бар шөптерді айыра білу олардың шипалық ұрығы гүлінде, сабағында немесе тамырында болатынын, шөптің жинау мерзімін, дайындау әдісін білу – қиынның қиыны. Бірақ мұны білу керек. Мұны білмейінше шипалы дәрі жасауға болмайды.Ол үшін арнайы білім керек.Шөптердің құрамында организмге пайдалы немесе зиянды,тіпті улы заттардың бар – жоғын айыруда осы тәжірибеге сүйенеді.

     Сонау алты ғасыр бұрын өмір сүрген халықтық емші Өтейбойдақ Тілеуқа­былұлының (1388-1478 жж.) «Шипагерлік баяны» соның бергі кезеңдердегі өнегесі ғана. Тарбағатай өңірінде 1787 жылы өмірге келіп,1850 жылы қайтыс болған атақты Ырғызбай Досқанұлы емші дәрілік өсімдіктерді жақсы білгендіктен, онымен жанды да, малды да емдеп, жаза алатын дәрежеге жеткен. Ол кезінде ұлы Абайдың әкесі Құнанбайды дәрілік шөптерімен ауыр дерттен жазып шығарған деген сөз бар. Емші шипалы өсімдік­тердің гүлінен, жапырағы мен тамырынан дәрі-дәрмек жасағанда, олардың қандай науқастарға ем болатынын табиғи түйсігімен дөп біліп, білігін одан ары дамытқан. Сол емшінің көп ауруға қолданатын дәрілік шөптерінің қатарында біз сөз етіп отырған адыраспан да болған.Адыраспанды емшілер дәрілік шикізат ретінде шілде айында гүлдеген кезінде жинап алады екен. Алғанда да, сол тұрған бойы бәрі ала бермейді, оның енді пісіп-жетілген бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін бір қиқымын жерге түсірмей көлдей орамалға түйеді. Алғанда тамырдан жоғары жағынан ұқыпты кесіледі. Кептірер кезде темір шатыр астындағы көлеңкелі, ауа өтіп тұратын жерге қойылады. Осылайша ол екі жыл сақталуы керек. Ал тұқымын өскіннің қауашағы ашыла бастаған кезде теріп алады. Оны да төбесі жабық болғанымен, ауа өтіп тұратын бастырма астында кептіреді. Астына мата төсеп, сосын тұқымын шөбі мен қауызынан ажыратады.Біз білеміз, адыраспан — барынша улы өсімдік. Оның мұндай қасиеті барын аталмыш өскінді ыстау үшін отқа тигізген кезінде ұшатын ащы түтінінің өзі байқатады.

[5] «Қазақ халық медицинасы» Естөре Оразақов.1989 ж.18-19 бет.

                Адыраспанның емдік қасиетін ақындар да жырға қосқан.

С.Кеттебайұлы

Дала дәріханасы

 Тақырға өсер тарбиып,                            

Тұрар бүрі арбиып.                                  

 Салалы әр бұтағы,                                     

 Бойына ащы нәр жиып.                             

 

Қандай ауру болса да.

Жұғымы оның соншама.

Күз келіп ол піскенде

 Алуды жинап жөн сана.            

Біле білсең тұрағы,

Көшкен жұртқа шығады.

Жаз бойы өңін өзгерпей,

Сарғайып қана тұрады.

Оқушының ізденісі.

            Осы адыраспанның емдік қасиеті жөнінде зерттеу жұмысымды толықтыру мақсатында аудандық емханаға және дәріханаға барып дәрі – дәрмек сататын дәрігерлермен кездесіп, біраз мағлұматтар алдым. Сонымен қатар өз сыныптастарыммен бар білген деректеріммен дүниетану, жаратылыстану сабағында ой бөлістім. Дәрілік қасиеті бар адыраспан шөбі жайында  достарыммен сөз жұмбақ құрастырып, сауалнама алдым. Бірінші кезде достарым адыраспанның емдік қасиеті жайында ешқандай деректер білмеді.Кейін сауалнама алу бойынша сыныптастарымның  адыраспан жайында біраз деректер алғанын байқадым.   

        Cөзжұмбақ   "Адыраспан"

1.Адыраспанның құрамындағы улы зат( алкалоид).

 2. Ауру сөзінің синонимі (дерт).

3. Адыраспанның қандай түрі бар?(қызыл)

 4. Адыраспаннан бұлау жасайтын ауру түрі. (ревматизм)

 5. Адыраспанның тұнбасын қандай ауруға ішеді? (асқазан)

 6. Сабынның қазақша аты (сахар).

7. Ем сөзінің синонимі (шипа).

8. Адыраспанның гүлінің түсі (ақ).

9. Ағзаның ауруға қарсы тұру қабілеті (иммунитет)

IІI.Қорытынды

Осы таңдап алған  ғылыми жобаның мақсаттары мен міндеттерін іздену арқылы іске асыруға тырыстым. Ол үшін мен аудан және мектеп кітапханаларына, аудандық емхана дәрігерлеріне, биология пәні мұғалімімен және емші апалармен сұхбаттасып мәліметтер жинақтадым. Зерттеу жұмысының әр түрлі әдіс – тәсілдерін  пайдалана отыра гипотезаның  шынайылығын дәлелдедім. Ол көптеген  деректер жинау және сауалнамалар алу арқылы орындалды. Осы жоба арқылы адыраспанның емдік құрал екенін дәлелдей алдым.

    «Адыраспан , адыраспан шыққан жерді сірә, баспан!» деп келетін тіркес сөздің айырықша мәні осында деп білемін.

Менің ұсыныстарым

 1. Адыраспан туралы әлі де тереңірек зерттегім келеді.

 2. Қазіргі медицинада адыраспанның емдік қасиеттерін қолдану енгізілсе.

 3. Дәрілік өсімдіктер жайында, оның ішінде адыраспан туралы газет, журналдарға арнайы үлкен ғалым аға - әпкелеріміз зерттеу мақалаларын жариялап тұрса.

 4. Адыраспанды халық базарлардан сатып алып жүр. Олардың санитарлық тазалығына, сапасына, сақталу ережелерінің дұрыстығына ешкім жауап бере алмайды. Сондықтан адыраспан жапырағынан, дәні мен тамырынан дайындалған шай (ұнтақтар) дәріханаларда сатылымға шығарылса.

5.Өз жеріміздің дәрілік өсімдіктерін білгізу мақсатында демалыс айларында (жазғы 3 ай) мамандармен зерттеу жұмыстары өтілсе

6. Мектеп қабырғасында шипалы өсімдіктер айдарымен қабырға газеттері шығарылып тұрса

7. Осындай емдік шөптерді әсіресе адыраспанды жарнамалайтын дәріханаларда бұрыштар болса

8.Сәбилерге  ішінде дәрілік шөптің қоспасы бар, жөтелге арналған тәтті кәмпиттер шығарылса

Қазақстан жерінде тұратын барлық адамдар салауатты өмір салтын ұстанып, өз денсаулығымызды сақтай білейік!

 

 

 

ІY.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

[1]  «Қазақстан» ұлттық энциклопедия. І- том

[2]  Жетісу. Энциклопедия. «Алматы: «Арыс» баспасы 2004712 бет

[3]  Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану.Алматы: Қайнар1988 242

[4] «Дәрілік шөптерді білесің бе?» Л. Тастанбекова, Алматы, 2008 жыл

[5] «Қазақ халық медицинасы» Естөре Оразақов.1989 ж

[6] Ғаламтор жаңалықтары:  http:/massaget.kz, kazaly-idb.kz, https: kosmos.eto-ya.com

[7] М.Оспанова. Ж.Лұқпанов Өсімдік – жанға шипа,дертке дауа.1992ж

 

[8] Л.К.Сафина. Е.П. Петров    Жасыл аптека1992 ж.

 

[9] Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан-2030.

 

[10] Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы Алматы 2006ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша деректер

 

 

[ 3бет]                                                                                                                   Картинки по запросу адыраспан суретіКартинки по запросу адыраспан суреті    [7бет]

[5бет]

 

 

Картинки по запросу адраспан трава фото[9бет]

  

 

 

[11 бет]

 

 

 

 

 

 

                          

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғылыми жоба "Адыраспан - дәрілік шөп""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный дизайнер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

  1. Бұл бастауыш сынып оқушысы зерттеген ғылыми жоба.Тақырыбы: "Адыраспан - дәрілік шөп". Зерттеу мақсаты: Бала кішкентай кезінде көп аурушаң болған.Оның анасы Мерейді емші апаларға апарып, сол емші апа бұл баланы адыраспанмен аластағаны оның есінде қалған.Ес біле келе осы адыраспанмен талай ауруды емдеуге болатынын естіп өскен.Сол адыраспан туралы көбірек білгісі кеп, биылғы оқы жылында осы тақырып бойынша зерттеу жұмысын жүргізді.Ол адыраспан туралы интернет желісінен, кітапханадан және аудан емханаларына барып осы адыраспаннан жасалатын дәрі түрлерін анықтады.Адыраспанның киелі шөп екенін және көптеген ауруларға шипасы бар екенін анықтады. Ұлы ақын Абайдың әкесі Құнанбайды да осы адыраспанмен емдегегі жайында қызық мәлімет айтты.Адыраспанның Мексикада 6 түрі бар, ал Қазақстанда 3 түрі ғана өсетінін зерттеді.Өзінің қорытындысы бойынша келешекте емханаларда осы адыраспаннан жасалған тәтті дәрілер шығарылса және адыраспанды қазіргі таңда базардан аламыз, оның гигиеналық тазалығына ешкім жауап бермейтіндігін де ескерілсе деген пікірін қосты.Адыраспан жайында ақын-жазушыларымызда жырға қосып өлең жолдары да бар екенін зерттей білді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 100 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.05.2019 3393
    • DOCX 1.3 мбайт
    • 114 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Махмутова Сауле Мурзашовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Махмутова Сауле Мурзашовна
    Махмутова Сауле Мурзашовна
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 53109
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 132 человека из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 260 человек

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 093 человека

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 110 человек

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные технологии в образовании (робототехника)

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Современные инструменты инвестирования и управления затратами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе