Инфоурок Информатика ПрезентацииИнформатика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану

Информатика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану

Скачать материал
Скачать материал "Информатика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану"

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ш.Смаханұлы  атындағы  не...

    1 слайд

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
    Ш.Смаханұлы атындағы негізгі мектебі
    Баяндама
    Тақырыбы :
    Информатика пәнін оқытуда жаңа
    педагогикалық, ақпараттық-коммуникативтік
    технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану

    Пән мұғалімі: Төкебаев. С

  • Оқушының пәнге деген қызығуын және сабақтың сапасын арттыруда менің алға қой...

    2 слайд

    Оқушының пәнге деген қызығуын және сабақтың сапасын арттыруда менің алға қойған мақсатым мынадай:
    логикалық ойлау қабілетін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру;
    оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу;
    оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту;
    оқушының жеке басының дара және дербес ерекшелігін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.

  • Міндеттері:а) Информатика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық-коммун...

    3 слайд

    Міндеттері:
    а) Информатика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану;
    ә) Ақпараттық – коммуникативтік технологияны қолдану арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру;

  • Жоспар:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
ІІІ. Қорытынды.

    4 слайд

    Жоспар:

    І. Кіріспе.
    ІІ. Негізгі бөлім.
    ІІІ. Қорытынды.

  • Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекел...

    5 слайд

    Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында: «Білім беру формасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
    Н.Назарбаев

  • Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең...

    6 слайд

    Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық - коммуникативтік технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі ақпараттық - коммуникативтік технологиялар» ұғымы  «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.
    Ақпараттық –коммуникативтік технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
    Ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.           

  • Ақпараттық - коммуникативтік технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақс...

    7 слайд

    Ақпараттық - коммуникативтік технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:
    үйренушінің шығармашылық әлеуметін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; сараптамалық – зерттеу қызметі дағдыларын дамыту; оқу қызметі мәдениетін дамыту;
    оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін қарқындандыру, оның тиімділігі мен сапасын арттыру;
    қазіргі қоғамның ақпараттануымен байланысты пайда болатын әлеуметтік тапсырысты өткізу.

  • Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты...

    8 слайд

    Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
    Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым .

  • Оқу процесінде тәуелсіз қолдануға бағытталған ақпараттық – коммуникативтік те...

    9 слайд

    Оқу процесінде тәуелсіз қолдануға бағытталған ақпараттық – коммуникативтік технологиялар құралдарының жіктелуі.
    Есептеуіш әр түрлі есептерді
    және басқа рутиналық
    операцияларды автоматтайды.
    Жаттығу орындары
    (тренатерлер) өтілген
    материалдарды бекіту немесе
    қайталау.
    Оқытушылар теңгерудің қажетті
    деңгейін қамтамасыз ете отыра,
    оқу және практика қызметінің
    ебін, біліктілігін қалыптастыра-
    ды, білігін таратады.
    Зертхана қашықтықтағы
    тәжірибелерді нақты құрылғыда
    жүргізуге мүмкіндік береді.
    Демонстративті зерттелетін
    объектерді, құбылыстарды,
    оларды зерттеу және оқыту
    мақсатында жаңғырту.
    Имитационды құрылымдық
    және функционалдық сипаттама-
    ларды зерттеу үшін шындықтың
    нақты аспектісі көрсетіледі.
    Моделдейтін объектілерді,
    құбылыстарды, процесстерді
    оларды зерттеу және оқу
    мақсатында моделдеуге
    мүмкіндік береді.
    Ақпаратты іздеу және анықта-
    малық ақпараттарды жүйелендіру
    бойынша біліктіліктерді және
    білетіндерін қалыптастыратын
    мәліметтерді хабарлайды.
    Ақпаратты –
    коммуникативтік
    технологиялардың
    құралдары

  • Ақпараттық – коммуникативтік технология құралдарын меңгеру, жаңа элементтің е...

    10 слайд

    Ақпараттық – коммуникативтік технология құралдарын меңгеру, жаңа элементтің енгізілуінің негізінде адам қызметінің өзгеруі сияқты мәселелер көп уақыттан бері психологтарды қызықтыруда. 1937 ж. Л. С. Выготский былай деп жазған: «Адамның өмір сүру процесіне құралдың ендірілуі осы құралды қолдану және басқарумен байланысты көптеген жаңа қызметтерді өмірге әкеледі, осы құрал орындай алатын көп жай процестерді керек емес қылады, психикалық процестер және олардың ұзақтылығын, интенсивтілігін, жүйелілігін өзгертіп, бір қызметті екінші қызметпен ауыстырады, қысқаша айтқанда, бүкіл өмір сүру құрылымын өзгертеді».

  • Ақпараттық – коммуникативтік технология құралдары оқушыларға жаңа ақ...

    11 слайд

    Ақпараттық – коммуникативтік технология құралдары оқушыларға жаңа ақпарат көздеріне жол ашады, жеке жұмыс пен білім алудың нәтижелілігін, тиімділігін көтереді, кәсіби дағдыларды қабылдау және бекіту үшін мүмкіндіктер береді, қашықтықтан оқытудың жаңа формалары мен әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндіктер ұсынады.
    Ақпараттық – коммуникативтік технология құралдары, ашық білім беру жүйесінде, мұғалімдерге осы уақытқа дейін қол жеткізе алмаған, оқыту мазмұнын жылдам жаңарту және жаңа білім мен технологиялар пайда болған сайын оқыту жүйесін жаңадан құру мүмкіндіктерін береді. Ақпараттық технологиялар мұғалімді дәстүрлі оқыту жүйесіне тән күнделікті оқыту материалын баяндау сияқты қызмет түрлерінен босата отырып, мұғалімге еңбек етудің интеллектуалды формаларын ұсынады.

  • Ақпараттық – коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалі...

    12 слайд

    Ақпараттық – коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:
    Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру,
    әдістемелік пәндік Web –сайттар ашу;
    Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
    Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар).
    Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.

  • Елбасы атап көрсеткендей «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен б...

    13 слайд

    Елбасы атап көрсеткендей «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте – мөте қажет» - жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

  • Іс тәжірибемде ақпараттық технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отыры...

    14 слайд

    Іс тәжірибемде ақпараттық технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс-шараларды қолданудың маңызы зор екенін байқадым.
    Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану.
    Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс-әрекетін компьютерлік ойындар және т.б.) сабақта жиі қолдану.
    Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.
    Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық – техникалық базасын жетілдіру.

  • Жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеуге ты...

    15 слайд

    Жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеуге тырысамын. Оқушылардың өздігінен танып - білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуіне жетелеймін. Ол үшін оқытудың интерактивті формаларын сабақта қолданамын. Олар:

    Жеке шығармашылық тапсырмалар, жобалар.
    Блок – схема, графиктер, диаграмма, карта т.б.
    Тірек – сызба, көрнекіліктер және анықтама құралдары.
    Ойын арқылы оқыту.
    Сөзжұмбақ, ребустар.
    Логикалық есептер.
    Тестілеу және бақылау.

  • Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл  коллективтік, өзін-өзі толықты...

    16 слайд

    Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.
    Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін - ұйымдастыру және сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.

  • 1. Венн диаграммасы Электрондық поштаКәдімгі поштаХабарламаларды
компьютерлік...

    17 слайд

    1. Венн диаграммасы
    Электрондық пошта
    Кәдімгі пошта
    Хабарламаларды
    компьютерлік желі
    арқылы қабылдау
    және жөнелту
    тәсілі. Құпия сөзбен
    қорғалған.

    Пошта бөліміне
    траспорт арқылы
    жеткізіледі.
    Адресаттың
    жеке пошталық
    жәшігіне салынады.
    Жөнелтушінің
    пошта жәшігіне
    жетеді.

  • 2.   Ақпараттық өріс. Компьютерлік желіКорпоративтіТелекоммуникациялық 
есепт...

    18 слайд

    2. Ақпараттық өріс.

    Компьютерлік желі
    Корпоративті
    Телекоммуникациялық
    есептеуіш
    Аймақтық желі
    Интернет желісі
    Ауқымды желі
    Жергілікті желі

  • 1. Перфокарта: Екілік 
санау жүйесіОндық
санау жүйесіСегіздік
санау жүйесіОн...

    19 слайд

    1. Перфокарта:
    Екілік
    санау жүйесі
    Ондық
    санау жүйесі
    Сегіздік
    санау жүйесі
    Он алтылық
    санау жүйесі
    Екілік санау жүйесі
    Сегіздік санау жүйесі
    Ондық санау жүйесі
    Он алтылық санау жүйесі
    0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.
    0, 1.
    0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9,
    A, B, C, D, E, F.
    0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7.

  • 2. «Үш қадамнан тұратын сұхбат»:1. Сұраушы. (Оқушы сұрақ қояды.)
2. Жауап бер...

    20 слайд

    2. «Үш қадамнан тұратын сұхбат»:
    1. Сұраушы. (Оқушы сұрақ қояды.)
    2. Жауап беруші. (Сол сұраққа жауап береді.)
    3.Сарапшы (Жауапқа сараптама жасайды.)

  • Сабақтың тақырыбы: «Сот сабағы»Сабақтың мақсаты: Оқушының пәнге...

    21 слайд

    Сабақтың тақырыбы: «Сот сабағы»
    Сабақтың мақсаты: Оқушының пәнге
    деген қызығушылығын
    арттыру, әділдікке,
    шыншылдыққа,
    еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
    Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.
    Сабақтың әдісі: Іскерлік ойын сабағы.
    Көрнекілігі: Әділдік туралы нақыл сөздер,
    мультипроектор.
    Пәнаралық байланыс: Құқық
    Сотқа қатысушылар: Сот төрағасы, хатшы, вирус, Операциялық жүйе, айыптаушы, қорғаушы, екі күзетші, Касперский, Doctor Web, NOD 32, компьютер, сараптаушы.

  • Соттың жүруі:Хатшы: - Сот келе жатыр, орындарыңыздан тұрыңыздар!
Сот төрағасы...

    22 слайд

    Соттың жүруі:
    Хатшы: - Сот келе жатыр, орындарыңыздан тұрыңыздар!
    Сот төрағасы: - Айыпкерді әкеліңдер!
    Хатшы: - Айыпкер әкелінсін! (Екі күзетші айыпкер Вирусты әкеледі).
    Сот төрағасы: - Атырау облысы, Сарыарқа ықшам ауданының сот отырысын бастаймыз. Сот процесіне айыптаушы Жайтұрмыс Диляра, қорғаушы Ахаев Мансур, жәбірленуші Операциялық жүйе, айыпталушы Вирус қатысып отыр. Осы сот процесі Атырау қаласы, Сарыарқа ықшам ауданының тұрғыны Операциялық жүйенің арызы бойынша жүргізіледі. Хатшы арызды оқыңыз.
    Хатшы: - Атырау облысы, Сарыарқа ықшам ауданының сотына осы ауданның тұрғыны Операциялық жүйеден

  • Арыз      Менің арыз беру себебім, - 20 қаңтар 2009 жылы интернет арқылы Виру...

    23 слайд

    Арыз
    Менің арыз беру себебім, - 20 қаңтар 2009 жылы интернет арқылы Вирус ілесіп келіп, менің барлық жүйеме зиян келтірді, керек десеңіз жүйедегі барлық бағдарламаға еніп, өз білгенін жасап, қорлық көрсетті. Тек маған ғана емес компьютердің де жұмыс істеуіне кедергі келтіруде, өйткені, жұмыс жасар алдында бағдарламамен бірге кірісіп көптеген қиыншылықтарды тудырды. Вирусқа әділ жазасын берілуін сұраймын.
    Сот төрағасы: - Сөз жәбірленуші Операциялық
    жүйеге беріледі.
    Хатшы: - Жәбірленуші Операциялық жүйе
    шақырылады.
    Операциялық жүйе: - Мен, тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға ант беремін. Арызда жазғандарымды растаймын. Мені осындай күйге түсірген Вирус тиісті жазасын алуын сұраймын.
    Сот төрағасы: - Айыпкер Вирус! Сіз өзіңіздің қылмысыңызды мойындайсыз ба?
    Айыпкер Вирус: - Жоқ мойындамаймын.
    Сот төрағасы: - Олай болса куәгерлер шақырылсын!
    Хатшы: - Куәгер Компьютер шақырылады.

  • Куәгер Компьютер: - Мен, тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға тиіс...

    24 слайд

    Куәгер Компьютер: - Мен, тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға тиістімін. Мен, Операциялық жүйесіз жұмыс атқара алмаймын. Иә, Вирус тек Операциялық жүйеге ғана емес, барлық бағдарламаға еніп кедергі тудыруда. Сондықтан Вирусты бізге жібермейтіндей етіп қамауға алуларыңызды сұраймын.
    Сот төрағасы: - Олай болса келесі куәгерлерді шақырыңыздар!
    Хатшы: - Куәгерлер Касперский, Doctor Web, NOD 32 шақырылады.
    Куәгер Касперский: - Мен, тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға тиістімін. Компьютерге вирус жұққаннан бастап, Операциялық жүйеге зиян келтіруде. Осы жолды қарастыра отырып, жүйеге енген бар вирусты жойып қолымнан келгенінше жәрдем беріп келемін.
    Куәгер Doctor Web: - Мен де, Касперский айтқандай жүйеге зиян келмес үшін өз жәрдемімді аямаймын. Бірақта Вирус ол жағдайды мүлдем түсінбейді. Тиісінше жазасын алсын.
    Куәгер NOD 32: - Мен де, алдағы куәгерлер айтқандай қолымнан келгенінше өз көмегімді беріп келемін. Өйткені біз болмасақ Компьютер мен Операциялық жүйенің жағдайы қалай болары екені мәлім. Қысқасы, Вирус өз әділ жазасын алсын.

  • Сот төрағасы: - Барлық куәгерлерді тыңдадық, енді сараптаушыны тыңдайық.
Сара...

    25 слайд

    Сот төрағасы: - Барлық куәгерлерді тыңдадық, енді сараптаушыны тыңдайық.
    Сараптаушы: - Мен соттың тапсырмасы бойынша бұл жағдайды тексеріп, мынадай қорытындыға келдім. Өздеріңіз білесіздер, бүкіл әлемге Вирус айтарлықтай зиян келтіруде. Вирус өздігінен пайда болған жоқ, ол әдейі қасақана жасалынған. Вирустың кінәсі Компьютерге еніп операциялық жүйеге және басқа да бағдарламаларға зиян келтіргені. Сондықтан да Вирустан дер кезінде қорғанбасақ, келешекте керекті мәліметтерді жоғалтуға душар етеді. Ал сақтану үшін мынадай шаралар қолдануға болады: вирустан сақтайтын арнайы бағдарламаларды пайдалану, вирусты жұқтыру мүмкіндігін азайту тәсілдерін қарастыру, дискіні физикалық зақымданудан сақтау.
    Сот төрағасы: - Сөз айыптаушыға беріледі.
    Айыптаушы: - Мен, Қазақстан Республикасының «Ақпараттық жүйелерді және ақпараттық ресурстарды қорғау» заңының 8 мамыр 2003 жылғы №412-2, 5 тармағы, 20 – стаьясы, 1-2 бөлімдерін басшылыққа отырып, «Ақпараттық жүйелерге рұқсатсыз ену», «Ақпараттарды ұрлау және рұқсатсыз қолдану арқылы қоғамға зияны келтіру», «Ақпараттық жүйелерді бұзу, бүлдіру арқылы компьютерлік жүйенің жұмысына кедергі келтіру» бойынша, Вирус заң алдында жауапты. Вирус Операциялық жүйеге және басқа да бағдарламаға айтарлықтай зиян келтірді. Сондықтан да бүкіл әлемге танымал Вирусты, заң жүзінде өмірлікке сотталуын сұранамын.


  • Сот төрағасы: - Сөз қорғаушыға беріледі.
Қорғаушы: - Мен, Вирусты қорғаушы ре...

    26 слайд

    Сот төрағасы: - Сөз қорғаушыға беріледі.
    Қорғаушы: - Мен, Вирусты қорғаушы ретінде айтарым, Вирустың ешбір кінәсі жоқ деп айта алмаймын. Өйткені істі жүргізу барысында біраз жайттарға қанық болдым. Бірақта ең бірінші вирусты ойлап тапқан кінәлілерді тауып, жазалау керектігін баса айтқым келеді. Адам ойлап таппаса, Вирус мұнда отырмас еді. Сол себептен Вирус «Айыппұл» төлеп, сот отырысынан босатуыңызды сұранамын.
    Хатшы: - Тұрыңыздар! Сот кеңесуге кетеді (Сот 1-2 минут кеңесуге шығып кетеді).
    Хатшы: - Тұрыңыздар! Сот келе жатыр! (үкім оқылады).

  • Сот төрағасы: - Мен, Қазақстан Республикасының «Ақпараттық жүйелерді және ақп...

    27 слайд

    Сот төрағасы: - Мен, Қазақстан Республикасының «Ақпараттық жүйелерді және ақпараттық ресурстарды қорғау» заңының 8 мамыр 2003 жылғы №412-2, 5 тармағы, 20-статьясы, 1-2 бөлімдерін басшылыққа отырып, «Ақпараттық жүйелерге рұқсатсыз ену», «Ақпараттарды ұрлау және рұқсатсыз қолдану арқылы қоғамға зияны келтіру», «Ақпараттық жүйелерді бұзу, бүлдіру арқылы компьютерлік жүйенің жұмысына кедергі келтіру» бойынша, Вирустың кінәсі бар екендігін айта келе «Айыппұл» төлеп сот отырысынан босатылады. Бұл жағдайда, негізгі кінәлілерді тауып, тергеу ісі қайта жүргізілсін. Сонымен сот отырысын жабық деп жариялаймын.

  • «Өзіңді білу - адамгершілікке жеткізеді» - деп неміс психологі Н.Энке...

    28 слайд

    «Өзіңді білу - адамгершілікке жеткізеді» - деп неміс психологі Н.Энкельман айтқандай әрбір мұғалімнің алдына қоятын мақсаттары болады. Сол мақсатқа жету үшін әрбір мұғалім тығырықтан шығатындай жол іздейді.

  • Сонымен, қорыта айтқанда, жаңа технологиялар:
Оқушының өз қабілетіне,...

    29 слайд

    Сонымен, қорыта айтқанда, жаңа технологиялар:
    Оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
    Оқушыны ынталандыруға;
    Оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынасына;
    Оқушының өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік беретініне көз жеткіздім.

  • Назар салып 
тындағандарыңызға
 көп-көп рахмет!

    30 слайд

    Назар салып
    тындағандарыңызға
    көп-көп рахмет!

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 409 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.11.2016 1468
    • PPTX 915.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Токебаев Сабыр Дилтаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Токебаев Сабыр Дилтаевич
    Токебаев Сабыр Дилтаевич
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11896
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Информационные технологии в профессиональной деятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель информационных технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 190 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 973 человека

Курс профессиональной переподготовки

Информационные системы и технологии: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информационных систем и технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Стратегии карьерного роста и развития

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Маркетинг и продажи: стратегии и инструменты для успешного бизнеса

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и психологическими состояниями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек