Инфоурок Информатика КонспектыИнформатика 8 сынып Урок

Информатика 8 сынып Урок

Скачать материал

Пәні: Информатика

Сыныбы: 8

Күні: 1.09.2014 ж.

Сабақ №:1

Сабақтың тақырыбы: Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру..

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға информатика кабинетіндегі техника қауіпсіздігі ережелерін  түсіндіру.
  2. Дамытушылық: Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын қалыптастыру.
  3. Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, мәтінді өңдеу, жазу кезінде тез әрі қатесіз жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  түсіндіру,сұрақ –жауап, компьютермен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Ø  сәлемдесу;

Ø  оқушыларды түгендеу;

Ø  оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа материалды меңгерту:

Техника қауіпсіздігі ережелерін келесі топ бойынша бөлуге болады:

1.      Жалпы ережелер

2.      ДК –мен жұмыс жасау алдындағы ережелер

3.      Жұмыс жасау барысындағы ережелер

4.      Авариялық жағдайдағы ережелер

5.      Жұмыс аяқтау барысындағы ережелер

Жалпы ережелерге келесілер жатады:

1.      Кабельдер, сымдар, розеткалар, штекерлерді түртуге, мұғалімнің рұқсатынсыз орнын ауыстыруға болмайды.

2.      Мұғалімнің рұқсатынсыз аудиторияға кіруге және шығуға болмайды.

3.      Мұғалімнің рұқсатынсыз аудитория ішінде жүруге болмайды.

4.      Ылғал қолмен немесе ылғал киіммен ДК-де жұмыс жасауға болмайды.

5.      Корпусы немесе кабельдерінің бүтіндігі бұзылған ДК-де жұмыс жасауға болмайды.

6.      ДК тұрған стөл үстіне сөмке, кітап қоюға тиым салынады. Стөл үстінде тек қаламсап пен дәптер ғана тұруы қажет.

7.      Пернетақта үстіне ештеңе қоюға болмайды.

8.      Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға және де жұмыс жасап отырған жолдастарыңа кедергі жасауға болмайды.            

ДК –мен жұмыс жасау алдындағы ережелер:

1.      Тоқ көзінен қосылмай тұрған ДК-ді қарап шығу қажет: корпусының бүтіндігі, кабельдерінің изоляциялануы.

2.      Кабельдер бір-бірімен айқасып, жұмыс барысында кедергі жасамай ма, байқау керек.

3.      Жұмыс орнын қолдану  есебі журналында сәйкесінше жазуларды енгізу.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

Жұмыс жасау барысындағы ережелер:

1.      ЕТ жұмыс жасау барысында экраннан оптимальды қашықтықты сақтау керек (60-70 см). Минимальды қашықтық – 50 см.

2.      Сабақ барысында сыныпқа кірген мұғалім немесе басқа адамдарға оқушылардың тұруына қажет емес.

3.      Егер көзіңіз шаршаса, жұмыс орныңыздан тұрмай-ақ, көз шаршауын басатын жаттығуларды жасауға болады.

4.      Оқушылар электр тоғымен зақымдануда бірінші медициналық көмекті көрсетуді, өртсөндіргішпен жұмыс жасай білу және өртті сөндіру әдістерін меңгеруі қажет.

5.      Оқушылар көз шаршауын басатын жаттығуларды білулері қажет.

Авариялық жағдайдағы ережелер:

1.      Егер жұмыс барысында ДК-дің бұзылу; яғни, жағымсыз иіс немесе түрлі дыбыс  байқасаңыз, онда тез ДК – ді өшіріп, ол туралы мұғалімге хабарлаңыз.

2.      Қажетті жағдайда өртті сөндіруге көмек беруге болады.

3.      Электр тоғынан зардап шеккен адамға бірінші медициналық көмек көрсету керек.

4.      Өртті сумен өшіруге болмайды. Тек құм немесе өртсөндіргішті қолдану қажет.

5.      Егер электр тоғынан зардап  шеккен адам электр тоғы әсерінде болса, оны жалаң қолмен ұстауға болмайды. Электр өткізгіш болып табылмайтын материалдарды қолданып, зардап шеккен адамды босатуға болады.

Жұмыс аяқтау барысындағы ережелер:

1.      Мұғалімнің айтуынша компьютерді өшіру қажет.

2.      Жұмыс орнында тазалық жүргізу.

3.       Жұмыс орнын пайдалану есебі журналында сәйкесінше жазулар енгізу керек.

 

Тапсырмалар мен сұрақтар:

1)      Техника қауіпсіздігі ережелерін қанша топқа бөлуге болады және оларды ата?

2)      Жалпы ережелерді ата?

3)      Жұмыс жасау алдындағы ережелер?

4)      Жұмыс жасау барысындағы ережелер?

5)      Авариялық жағдайдағы ережелер?

6)      Жұмысты аяқтау барысындағы ережелер?

7)      Электр тоғымен зақымданған адамға көмек көрсету?

 

ІІІ. Үйге тапсырма.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.   Информатика.8-сынып.

2.   Интернет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: Информатика  

Сыныбы: 8

Күні: 8.09.2014 ж.

Сабақ №: 2

Сабақтың тақырыбы: Санау жүйелері.

Сабақтың мақсаты:

1.      Білімділік: Оқушыларға санау жүйелері туралы түсінік беру.

2.      Дамытушылық: Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және санау жүйелерімен жұмыс жасау қабілеттері мен дағдыларын  дамыту.

3.      Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Ø  сәлемдесу;

Ø  оқушыларды түгендеу;

Ø  оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

Ø  теориялық білімдерін тексеру.

Ø  практикалық тапсырмаларын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту:

«Сан»  түсінігі  математика үшін де,  информатика үшін де маңызды болып табылады.

Сан қандай да бір алфавиттің символымен немесе символдар тізбегімен өрнектеледі. Мұндай символдарды цифр деп атайды. Сан  түсінігімен санау жүйелері туралы түсінік байланысты.

Санау жүйелері – сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі және оған сәйкес сандармен әрекет жасау ережелері. 

Бұрынғы және қазіргі қолданылып жүрген барлық санау жүйелері позициялық және позициялық емес  санау жүйелері болып екі үлкен топқа бөлінеді. Позициялық санау жүйелерінде цифрдың мәні орналасу орнына тәуелді, ал позициялық емес санау жүйелерінде тәуелді емес.

Позициялық емес санау жүйелерінде әр цифрдың мәні оның тұрған орнына тәуелді емес.

Позициялық емес санау жүйелерінің ішінде ең көп тарағаны – римдік санау жүйесі.

Позициялық санау жүйелері

Позициялық санау жүйелерінде әрбір цифрдың мәні, осы санның жазылуында тұрған орнына тәуелді. Қазіргі кезде кең тараған позициялық санау жүйелеріне ондық, екілік, сегіздік және он алтылық жүйелер жатады.  Әрбір позициялық жүйенің нақты анықталған цифрлар алфавиті мен негізі бар.

Позициялық санау жүйесінің негізі цифрлар санына тең және көрші позицияда тұрған бірдей цифрлардың мәндері неше есеге ерекшеленетінін анықтайды.

Сандардың бізге үйреншікті жазылу жүйесі ондық жүйе деп аталады, ол он араб цифрларынан тұрады.  Кез келген санды  жазу үшін 0-ден 10-ға дейінгі 10 цифр қолданылады, оның негізі 10-ға тең; екілік жүйеде тек 0 және 1 цифрларын қолдануға болады, негізі-2;  сегіздік жүйе сегіз цифрдан  тұрады, негізі – 8; он алтылық  жүйеде ондық санау жүйесінің он цифры және қалған 6 цифрдың орнына латын алфавитінің әріптері қолданылатын, барлығы он алты  цифр бар, негізі – 16.

                                                                                             2.2. кесте
Позициялық санау жүйелері

 

Санау жүйесі

негізі

Цифр алфавиті

ондық

10

0,1,2,3,4,5,6,7,8,9

Екілік

2

0,1

Сегіздік

8

0,1,2,3,4,5,6,7

Он алтылық

16

0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 А(10),В(11),С(12),Д(13),Е(14),F(15)

 

Ондық  санау  жүйесі

Бұл жүйеде сандарды жазу үшін он цифр қолданылады:  0,1,2,3,4,5,6,7,8,9.

Ондық жүйе позициялық болып табылады, өйткені ондық санның жазылуында цифрдің мәні оның позициясына немесе сандағы орнына байланысты.

Мысалы, 777 саны жеті жүздіктің , жеті ондықтың және жеті бірліктің қосындысын білдіреді.

777= 7*102+7*101+7*100

Санның цифрына бөлінетін позицияны разряд деп атайды.

Екілік санау жүйесі

 

Екілік жүйеде әдетте ондық емес, позициялық екілік санау жүйесі, яғни негізі «2» санау жүйесі қолданылады.

Екілік жүйеде кез келген сан 0 мен 1 цифрларының көмегімен жазылады да, екілік сан деп аталады.

Екілік санның әрбір разрядын (цифрын) бит деп атайды.

Сегіздік санау жүйесі

Сегіздік санау жүйесінің  негізі 8-ге тең, ал  0,1,2,3,4,5,6,7  сандары  алфавиттік сандар  болып табылады.

Оналтылық  санау жүйесі

 

Екілік сандарды жазуды қысқарту үшін негізі 16 санау жүйесін яғни оналтылық санау жүйесін қолданамыз.

0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 A, B, C, D, E,F

 

VІ. Компьютермен жұмыс. Жаңа сабаққа байланысты практикалық тапсырмалар орындау

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1. Санау жүйесі деп нені айтады?

2. Позициялық санау жүйесінің позициялық емес санау жүйесінен айырмашылығы неде?

3. Позициялық  санау жүйесінің негізі деп нені айтады?

4. Санды екілік жүйеден ондық санау жүйесіне қалай ауыстырады?

5. Он алтылық санау жүйесінде санды жазу үшін қандай цифрлар қолданылады?

 

VІІІ. Бағалау.

ІХ.  Үйге тапсырма 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.   Информатика. 8-сынып.

2.   Әдістемелік нұсқау.

3.   Интернет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: Информатика  

Сыныбы: 8

Күні: 15.09.2014 ж.

Сабақ №: 3

Сабақтың тақырыбы: Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру.

Сабақтың мақсаты:

1.      Білімділік: Оқушыларға сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру тәсілдерін түсіндіру.

2.      Дамытушылық: Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және санау жүйелерімен жұмыс жасау қабілеттері мен дағдыларын  дамыту.

3.      Тәрбиелік: Адамгершілікке есептер шығару кезінде ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Ø  сәлемдесу;

Ø  оқушыларды түгендеу;

Ø  оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

Ø  теориялық білімдерін тексеру.

Ø  практикалық тапсырмаларын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту:

Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру.

Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру жиі кездеседі. Санды екілік, сегіздік немесе оналтылық жүйелерден ондық жүйеге ауыстыруды қарастырдық.

Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру.

89110=11011110112

Ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстыру.

Ауыстыру ережесі:   Ондық оң бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін бөлшекті 2-ге көбейту керек. Көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік бөлшектің үтірден кейінгі бірінші цифры ретінде алып, бөлшек блігін қайтадан 2-ге көбейту керек.

Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру.

Сандарды ондық жүйеден сегіздік жүйеге ауыстыру үшін екілік жүйеге ауыстыру әдісін қолдануға болады. Түрлендіретін санды ондық жүйенің ережесі бойынша  7-ден аспайтын қалдығын еске сақтай отырып, 8-ге бөледі.

Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстыру.

Ондық сандарды оналтылық  жүйеге жоғарыдағы ұқсас ауыстырады. Айырмашылығы –берілген сан 8-дің орнына 16-ға бөлінеді.

 

VІ. Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар:

1-нұсқа

1. Ондық  сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 181,36910           б) 176,52610        в) 700610             г)  12510           д) 22910

2. Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 32210                 б) 150,700610      в)  284,24510        г)  42810                 д) 315,07510

3. Екілік санды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 111101100112       ә)   11011010010012    б) 10011010110012

4. Екілік сандарды кесте бойынша оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 111101100112     ә) 11011010010012      б) 10011010110012

5. Сегіздік сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 3248    ә) 15768   б) 176528   в) 1368   г) 305078

6. Оналтылық сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) А5916  ә) 8716   б) В6816   в) С1616

 

2-нұсқа

1. Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 32210      ә) 15010    б)  283,24510    в) 42810   г)  315,07510

2. Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 18110    ә)176,52610    б)36910      12510    22910

3. Екілік санды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 110111110112     б) 10101110111012   в) 11101111010112

4. Екілік сандарды кесте бойынша оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 110111110112    б) 10101110111012    в)  11101111010112

5. Сегіздік сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 4068    б) 1258     в) 2278

6. Оналтылық сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар.

а) 1F5A16      б) 4D616    в) 2СЕ16

3-нұсқа

1. Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 8810     б) 37,2510      в) 206,12510

2. Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 8810     б) 37,2510      в) 206,12510

3. Екілік санды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 1001111110111,01112      б)  1110101011,10111012

4. Екілік сандарды кесте бойынша оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 100100102    б) 10100101,01112    в) 10011000,000101012

5. Сегіздік сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

 а) 668     б) 37,258      в) 206,1258

6. Оналтылық сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 9F4016     б) ABCDE16       в) 1ABC,9D16

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1. Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай ереже қолданамыз?

2. Ондық бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру ережесі қандай?

3. Қандай жағдайда периодты бөлшек алынуы мүмкін?

4. Ондық сандарды сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай амалдар орындаймыз?

5. Сандарды екілік жүйеден сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін не істейміз?

 

VІІІ. Бағалау.

ІХ.  Үйге тапсырма 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.   Информатика. 8-сынып.

2.   Әдістемелік нұсқау.

3.   Интернет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: Информатика  

Сыныбы: 8

Күні: 22.09.2014 ж.

Сабақ №: 4

Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

1.      Білімділік: Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыруға есептер шығару, амалдарды қолдану тәсілдерін түсіндіру.

2.      Дамытушылық: Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және санау жүйелерімен жұмыс жасау қабілеттері мен дағдыларын  дамыту.

3.      Тәрбиелік: Адамгершілікке, есептер шығару кезінде ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Ø  сәлемдесу;

Ø  оқушыларды түгендеу;

Ø  оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

Ø  теориялық білімдерін тексеру.

Ø  практикалық тапсырмаларын тексеру

ІІІ. Есептер шығару:

Позициялық санау жүйелеріндегі арифметикалық амалдар.

            Екілік  санау жүйесінде арифметикалық амалдар ондық жүйедегі ережелер бойынша  орындалады, айырмашылығы санау жүйесінің негізі екіге тең және тек екі цифр ғана пайдаланылады.

Қосу

0+0=0

1+0=1

0+1=1

1+1=10   бір көрші (үлкен) разрядқа тасымалданады.

 
 

 

 

 

 


Мысалы:

     101

+

     011

 

Қосу процесін кезеңімен қарастырайық.

  1. Алдымен қосу кіші разрядта орындалады:

1+1= 10 қосындының кіші разрядына 0 жазылады да , бірлік алдыңғы үлкен разрядқа тасымалданады.

  1. Келесі сол жақ разрядтың цифрлары мен тасымалдың бірлігі қосылады:

0+1+1=10. Қосындының бұл разрядында 0 жазылады да, бірлік тағы да келе үлкен разрядқа тасымалданады.

  1. Енді үшінші сол жақ разрядтың цифрлары мен тасымалдың бірлігі қосылады:
  2. Нәтижеде

101

            +

                        011

 


1000          алдық. Сонымен, 10002=810

Қосу – екілік арифметикадағы маңызды операция. Компьютерде екілік сандармен орындалатын басқа үш арифметикалық операция – азайту, көбейту, бөлу, әдетте қосуды көмегімен орындалады.

Азайту

0-0=0

1-0=1

0-1=1

1-1=0

 
 

 

 

 

 

 


Мысалы :

            101

     -     

101

 

0*0=0

1*0=0

0*1=0

1*1=1

 
Көбейту

 

 

 

 

 

Мысал :  1012 мен 1102 екілік сандарының көбейтіндісін табыңдар. Сандарды кіші разрядтан бастап бағанда орындайық:

            101                Тексеру: 1012 = 1*22+0*21+1*20=5

*

            110                               1102= 1*22+1*21+0*20=6

           

000

111102=1*24+1*23+1*22+1*21+0*20=16+8/+4+2+0=3010

                                               Яғни 5*6=30

Бөлу

 

Екілік санау жүйесінде бөлу –ондық жүйедегі  сатылап бөлу сияқты орындалады. Екілік жүйеде бөлу мейлінше оңай орындалады, өйткені бөліндінің кезекті цифры тек нөл немесе бірлік қана болады.

 

VІ. Бағалау.

VII.  Үйге тапсырма 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.   Информатика. 8-сынып.

2.   Әдістемелік нұсқау.

3.   Интернет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: Информатика  

Сыныбы: 8

Күні: 29.09.2014 ж.

Сабақ №: 5

Сабақтың тақырыбы: Екілік арифметика.

Сабақтың мақсаты:

1.      Білімділік: Оқушыларға екілік арифметикамен жұмыс жасау тәсілдерін түсіндіру.

2.      Дамытушылық: Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және санау жүйелерімен жұмыс жасау қабілеттері мен дағдыларын  дамыту.

3.      Тәрбиелік: Адамгершілікке, есептер шығару кезінде ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Ø  сәлемдесу;

Ø  оқушыларды түгендеу;

Ø  оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

Ø  теориялық білімдерін тексеру.

Ø  практикалық тапсырмаларын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту:

Екілік санау жүйесі

Екілік жүйеде әдетте ондық емес, позициялық екілік санау жүйесі, яғни негізі «2» санау жүйесі қолданылады.

Екілік жүйеде кез келген сан 0 мен 1 цифрларының көмегімен жазылады да, екілік сан деп аталады.

Екілік санның әрбір разрядын (цифрын) бит деп атайды.

Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру.

89110=11011110112

Ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстыру.

Ауыстыру ережесі:   Ондық оң бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін бөлшекті 2-ге көбейту керек. Көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік бөлшектің үтірден кейінгі бірінші цифры ретінде алып, бөлшек блігін қайтадан 2-ге көбейту керек.

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1.      Екілік арифметика деген не?

2.      Екілік санау жүйесі деген не?

3.      Сандарды екілік санау жүйесіне қалай ауыстырады?

 

VІІІ. Бағалау.

ІХ.  Үйге тапсырма 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.   Информатика. 8-сынып.

2.   Әдістемелік нұсқау.

3.   Интернет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: Информатика  

Сыныбы: 8

Күні: 6.10.2014 ж.

Сабақ №: 6

Сабақтың тақырыбы: Логика және логикалық операциялар. Ақиқат кестелері.

Сабақтың мақсаты:

1.      Білімділік: Оқушыларға компьютердің логикалық негіздері, логикалық пікірлердің негізгі түсініктері мен логикалық операциялары туралы білімдерін қалыптастыру.

2.      Дамытушылық: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

3.      Тәрбиелік: Оқушыларды компьютермен жұмыс жасау  кезінде ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Ø  сәлемдесу;

Ø  оқушыларды түгендеу;

Ø  оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

Ø  теориялық білімдерін тексеру.

Ø  практикалық тапсырмаларын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту:

Логиканың негізгі түсініктері.

            ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің ішінде, әдетте логикалық деп аталатын есептер де аз емес. Логика- бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.

            Ғылыми пән ретінде логиканың формальды, математикалық ықтималдықты логика  және т.б. түрлері қалыптасқан.

            Формальды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізді талдаумен байланысты.

            Ықтималдық логика – кездейсоқ параметрлермен  жасалатын сынақтың бірнеше серияларын қолдануға негізделген.

            Математикалық логика формальды логиканың бөлігі болып табылады және оның дәлме дәл анықталған обьектілері мен пікірлері бар, олардың ақиқаттығын немесе жалғандығын бір мәнді шешуге болатын ойларды ғана зерттейді.

            Математикалық логиканың саласы пікірлер алгебрасы ретінде (оның басқаша  логика алгебрасы деп атайды, ол алғаш рет 19 ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Бульдің еңбектерінде пайда болды. Бұл - дәстүрлі логикалық есептерді алгебралық әдістермен шешуге талаптанудың нәтижесі), информатикада жақсы меңгерілген.

            Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық құралдарының жұмысын сипаттауға өте қолайлы, өйткені компьютердегі екілік санау жүйесі болып табылады, өздерін білесіңдер, онда екі цифр:  0 мен 1 қолданылады, ал логикалық айнымалылардың мәндері де 2:   0 және 1.

Пікір дегеніміз – жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. Мысалы, 

«Қара –ақ», «2*2=4» деген ақиқат, ал «тау тегіс », «2*2=5» деген –жалған пікірлер.

Егер пікір айтылған ой обьектілерінің кез келгені үшін рас болса, онда жалпы пікір тепе тең ақиқат деп аталады. Мысалы, «иттің төрт аяғы бар» пікірі кез келген ит үшін рас.

Күрделі жағдайларда сұрақтардың жауабы ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық жалғаулықтарын пайдаланып, құрамды пікірелер арқылы беріледі.

            Логикалық жалғаулықтардың көмегімен  басқа пікірлерден құрастырылған пікірлерді құрамды деп атайды. Құрамды емес пікірлерді қарапайым немесе элементар деп атайды.

Құрамды пікірдегі ЖӘНЕ жалғаулығы әрқашан құраушы пікірлердің бәрін ақиқат деп ұйғарады.

Барлық компьютерлік бағдарламада және математикалық пайымдауда немесе жалғаулығы тек біріктіруші ролде түсініледі. Мысалы:  х=0 немесе у=0 пайымдауындағы немесе жалғаулығы не у=0 не х=0,  у=0 және  х=0 дегенді білдіреді.

ЕМЕС жалғаулығы теріске шығаруды тұжырымдау үшін қолданылады.

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1.Пікір дегеніміз не?

2. Қандай пікірлер жалпы деп аталады? Жалпы және жеке пікірлерге мысал келтіріңдер?

3. ЖӘНЕ жалғаулығына мысал келтіріңдер?

4.НЕМЕСЕ жалғаулығымен бөлуші рөлде, біріктіруші рөлде мысал келтіріңдер?

5. Пікірлер алгебрасы нені зерттейді ?

6. Формалды және табиғи тілде берілетін пікірлерге мысал келтіріңіз? 

 

VІІІ. Бағалау.

ІХ.  Үйге тапсырма 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.   Информатика. 8-сынып.

2.   Әдістемелік нұсқау.

3.   Интернет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: Информатика  

Сыныбы: 8

Күні: 13.10.2014 ж.

Сабақ №: 7

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің логикалық негіздері.

Сабақтың мақсаты:

1.      Білімділік: Оқушыларға компьютердің логикалық негіздері, логикалық пікірлердің негізгі түсініктері мен логикалық операциялары туралы білімдерін қалыптастыру.

2.      Дамытушылық: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

3.      Тәрбиелік: Оқушыларды компьютермен жұмыс жасау  кезінде ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Ø  сәлемдесу;

Ø  оқушыларды түгендеу;

Ø  оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

Ø  теориялық білімдерін тексеру.

Ø  практикалық тапсырмаларын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту:

Логиканың негізгі түсініктері.

            ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің ішінде, әдетте логикалық деп аталатын есептер де аз емес. Логика- бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.

            Ғылыми пән ретінде логиканың формальды, математикалық ықтималдықты логика  және т.б. түрлері қалыптасқан.

            Формальды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізді талдаумен байланысты.

            Ықтималдық логика – кездейсоқ параметрлермен  жасалатын сынақтың бірнеше серияларын қолдануға негізделген.

            Математикалық логика формальды логиканың бөлігі болып табылады және оның дәлме дәл анықталған обьектілері мен пікірлері бар, олардың ақиқаттығын немесе жалғандығын бір мәнді шешуге болатын ойларды ғана зерттейді.

            Математикалық логиканың саласы пікірлер алгебрасы ретінде (оның басқаша  логика алгебрасы деп атайды, ол алғаш рет 19 ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Бульдің еңбектерінде пайда болды. Бұл - дәстүрлі логикалық есептерді алгебралық әдістермен шешуге талаптанудың нәтижесі), информатикада жақсы меңгерілген.

            Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық құралдарының жұмысын сипаттауға өте қолайлы, өйткені компьютердегі екілік санау жүйесі болып табылады, өздерін білесіңдер, онда екі цифр:  0 мен 1 қолданылады, ал логикалық айнымалылардың мәндері де 2:   0 және 1.

Пікір дегеніміз – жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. Мысалы, 

«Қара –ақ», «2*2=4» деген ақиқат, ал «тау тегіс », «2*2=5» деген –жалған пікірлер.

Егер пікір айтылған ой обьектілерінің кез келгені үшін рас болса, онда жалпы пікір тепе тең ақиқат деп аталады. Мысалы, «иттің төрт аяғы бар» пікірі кез келген ит үшін рас.

Күрделі жағдайларда сұрақтардың жауабы ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық жалғаулықтарын пайдаланып, құрамды пікірелер арқылы беріледі.

            Логикалық жалғаулықтардың көмегімен  басқа пікірлерден құрастырылған пікірлерді құрамды деп атайды. Құрамды емес пікірлерді қарапайым немесе элементар деп атайды.

Құрамды пікірдегі ЖӘНЕ жалғаулығы әрқашан құраушы пікірлердің бәрін ақиқат деп ұйғарады.

Барлық компьютерлік бағдарламада және математикалық пайымдауда немесе жалғаулығы тек біріктіруші ролде түсініледі. Мысалы:  х=0 немесе у=0 пайымдауындағы немесе жалғаулығы не у=0 не х=0,  у=0 және  х=0 дегенді білдіреді.

ЕМЕС жалғаулығы теріске шығаруды тұжырымдау үшін қолданылады.

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1.Пікір дегеніміз не?

2. Қандай пікірлер жалпы деп аталады? Жалпы және жеке пікірлерге мысал келтіріңдер?

3. ЖӘНЕ жалғаулығына мысал келтіріңдер?

4.НЕМЕСЕ жалғаулығымен бөлуші рөлде, біріктіруші рөлде мысал келтіріңдер?

5. Пікірлер алгебрасы нені зерттейді ?

6. Формалды және табиғи тілде берілетін пікірлерге мысал келтіріңіз? 

 

VІІІ. Бағалау.

ІХ.  Үйге тапсырма 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.   Информатика. 8-сынып.

2.   Әдістемелік нұсқау.

3.   Интернет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:_________ Ш.Жидебаева

        (Оқу-ісі жөніндегі орынбасыры)

Пәні: Информатика  

Сыныбы: 8

Күні: 7.12.2015 ж.

Сабақ №: 13

Сабақтың тақырыбы: Күрделі шарттар Шартты оператор.

Сабақтың мақсаты:

1.     Білімділік: Оқушыларға Паскаль тіліндегі күрделі шарттармен және шартты операторлармен жұмыс жасаудың негізгі кезеңдерін түсіндіру.

2.     Дамытушылық: Оқушылардың шарттармен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын  дамыту.

3.     Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Ø сәлемдесу;

Ø оқушыларды түгендеу;

Ø оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

Ø теориялық білімдерін тексеру.

Ø практикалық тапсырмаларын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту:

Күрделі шарттар

 

Және, немесе, емес  қызметші сөздерімен біріктірілген, бірнеше қарапайым шарттардан тұратын шарттар (логикалық өрнектер) күрделі шарттар деп аталады.

Паскаль тіліндегі логикалық операциялар:

And (және)  логикалық операциясы бар күрделі шарт қарапайым шарттардың екеуі де орындалған жағдайда ғана ақиқат деп есептеледі.

Ал егер қарапайым шарттардың кемінде біреуі орындалса, онда or (немесе) логикалық операциясы бар күрделі шарт ақиқат деп есептеледі.

Not (емес) А=0 логикалық операциясы А≠0 шартымен бірдей.

 

          Кейбір есепте үш және  одан да көп тармақ, яғни шығу сызықтары бар шарттарды тексеруге тура келетін кездер кездеседі.

Бұған мысал ретінде квадрат теңдеу

ах2 + bx + c = 0, (a ≠ 0) түбірлерін табатын программа құруды қарастырайық:

1.     Квадрат теңдеуді математикалық  жолмен шешуді;

2.     Квадрат теңдеудің блок-схемасын сызу.

3.     Квадрат теңдеуді шешудің Паскаль тіліндегі программасын жазу. 

 

        Оқушылар топпен жұмыс істейді. Топтық жұмыста оқушылар тармақталу операторлары туралы білімдерін толықтырып, күрделі шарттардың есептерде қолданылуын өздері қорытып шығарады. 

 

VІ. Компьютермен жұмыс. Жаңа сабаққа байланысты практикалық тапсырмалар орындау.

ах2 + bx + c = 0, (a ≠ 0) квадрат теңдеуінің түбірлерін табатын программаны компьютерде теріп, нәтижесін көреді.

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1.     Тармақталу операторлары дегеніміз не?

2.     Тармақталу операторының толымды түрі?

3.     Тармақталу операторының толымсыз түрі?

4.   Тармақталу операторында қолданылатын қатынас белгілері?

5.   Алгоритмдік  тілде қандай түйінді сөздер қолданылады?

6.   Паскаль тілінде күрделі шарттардың жазылу түрі

 

VІІІ. Бағалау.

ІХ.  Үйге тапсырма. 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.   Информатика. 8-сынып.

2.   Әдістемелік нұсқау.

3.   Интернет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:_________ Ш.Жидебаева

       (Оқу-ісі жөніндегі орынбасыры)

Пәні: Информатика  

Сыныбы:

Күні: 9.12.2015 ж.

Сабақ №7

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс.

Сабақтың мақсаты:

1.     Білімділік: Оқушылардың білімдерін практикалық жұмыс алу арқылы тиянақтау.

2.     Дамытушылық: Оқушылардың алгоритмдермен жұмыс жасау қабілеттері мен дағдыларын  дамыту.

3.     Тәрбиелік: оқушыларды компьютермен жұмыс кезінде ұқыптылыққа, техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, компьютермен практикалық жұмыс.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Ø сәлемдесу;

Ø оқушыларды түгендеу;

Ø оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

Ø теориялық білімдерін тексеру.

Ø практикалық тапсырмаларын тексеру

ІІІ. Практикалық жұмыс:

Тапсырма №1.

Өзіңе таныс бірнеше (3) алгоритмді мысалға келтір. Жұмыс дәптеріңе пункттер бойынша жаз.

Тапсырма №2. Жұмыс дәптеріңе орында.

У функциясының мәнін табу алгоритмдерін жаз:

а) y=(5x2 – 4)(x2 + 7);

b) y=(4x + 2)2 + x3;

Тапсырма №3. Жұмыс дәптеріңе орында.

 Келесі алгоритм бойынша У функциясының формуласын тап.

а) 

1)   х – ті  х – ке көбейтіп, нәтижені а1 деп белгілеу;

2)   а1 – ді 5 –ке көбейтіп, нәтижені а2 деп белгілеу;

3)  а2 – ден 6 – ны алып тастап, нәтижені а3 деп белгілеу;

4)  а1 – ге 4-ті  қосып, нәтижесін а4 деп белгілеу;

5)  а2 – ні а4 – ке бөліп, нәтижені У деп белгілеу.

б)

1) х – ке 1-ді қосып, нәтижені b1 деп белгілеу;

2) 1 – ді b1- ге бөліп, нәтижені b2 деп белгілеу;

3)  b2 – ден 1 –ді алып тастап, нәтижені b3 деп белгілеу;

4)  b2 –ге 1 –ді  қосып, нәтижені b4 деп белгілеу;

5) b3 – ті b4 – ке бөліп, нәтижені b5 деп белгілеу;

6) b5 – тен 1-ді алып тастап, нәтижені У деп белгілеу.

 

 

Тапсырма №4. Жұмыс дәптеріңе орында.

Бес сан берілген: a, b, c, d, f. Осы сандардың қосындысын, көбейтіндісін және орташа мәнін есептейтін алгоритм блок-схемасын құр. Сызықтық алгоритм.

Тапсырма №5.  Жұмыс дәптеріңе орында.

Бағдаршам алгоритміне блок-схема құр. Тармақталу алгоритмін пайдаланыңдар.

Тапсырма №6. Жұмыс дәптеріңе орында.

Бес сан берілген: a = 2,   b = -6,  c = -49,  d = 94,   f = 0.

Осы сандарды енгізу және шығару алгоритмін құр. Циклдік алгоритмін пайдаланыңдар.

VІ. Қорытынды.

VІІ. Бағалау.

VIII.  Үйге тапсырма. 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Информатика. 8-сынып.

2.     Әдістемелік нұсқау.

3.     Интернет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: Информатика  

Сыныбы: 8

Күні: 22.12.2014 ж.

Сабақ №: 15

Сабақтың тақырыбы: Циклдік алгоритмдер

Сабақтың мақсаты:

1.     Білімділік: Оқушыларға циклдік алгоритмдермен жұмыс жасаудың негізгі кезеңдерін түсіндіру.

2.     Дамытушылық: Оқушылардың циклдік алгоритмдермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын  дамыту.

3.     Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Ø сәлемдесу;

Ø оқушыларды түгендеу;

Ø оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

Ø теориялық білімдерін тексеру.

Ø практикалық тапсырмаларын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту:

Циклдік алгоритмдер.

Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер бірнеше рет орындалады. Математикада, есеп шығару барысында айнымалы мәні өзгеруіне байланысты бір теңдеудің көмегімен бірнеше рет есептеледі.  Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше қайталанатын болса, ондай процессті цикл деп атайды. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады. Циклдік алгоритмдер қолдану арқылы программаны қысқа да нұсқа жазуға болады. Қайталану бөлігіне қайталану (циклдік) командалары қолданады. Қайталану саны белгілі немесе белгісіздігіне байланысты циклдар екі түрге бөлінеді. Қайталану саны белгілі болса, ондай цикл арифметикалық, ал егер белгісіз болса, итерациялық деп аталады.

                     Арифметикалық цикл           Итерациялық цикл       

 

 

IV. Компьютермен жұмыс.

Тапсырма №1.

Бес сан берілген: a, b, c, d, f. Осы сандардың қосындысын, көбейтіндісін және орташа мәнін есептейтін алгоритм блок-схемасын құр. Сызықтық алгоритм.

Тапсырма №2.

Бағдаршам алгоритміне блок-схема құр. Тармақталу алгоритмін пайдаланыңдар.

Тапсырма №3.

Бес сан берілген: a = 2,   b = -6,  c = -49,  d = 94,   f = 0.

Осы сандарды енгізу және шығару алгоритмін құр. Циклдік алгоритмін пайдаланыңдар.

V. Жаңа сабақты бекіту:

1.     Алгоритмнің типтері?

2.     Сызықтық алгоритм дегеніміз не? Мысал келтір.

3.     Тармақталу алгоритмі дегеніміз не? Мысал келтір.

4.     Циклдік алгоритм дегеніміз не? Мысал келтір.

 

VІ. Бағалау.

VII.  Үйге тапсырма. 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.   Информатика. 8-сынып.

2.   Әдістемелік нұсқау.

3.   Интернет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:_________ Ш.Жидебаева

       (Оқу-ісі жөніндегі орынбасыры)

Пәні: Информатика  

Сыныбы: 8

Күні: 25.01.2016 ж.

Сабақ №: 17

Сабақтың тақырыбы: Циклдік алгоритмдерді программалау

Сабақтың мақсаты:

1.      Білімділік: Оқушыларға циклдік алгоритмдерді программалаудың негізгі кезеңдерін түсіндіру.

2.      Дамытушылық: Оқушылардың циклдік алгоритмдермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын  дамыту.

3.      Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Ø  сәлемдесу;

Ø  оқушыларды түгендеу;

Ø  оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

Ø  теориялық білімдерін тексеру.

Ø  практикалық тапсырмаларын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту:

Көп жағдайда аргументтерінің әр түрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процесстерді ұйымдастыру үшін циклдік құрылымды алгоритмдер – қайталау операторлары қолданылады. Олар әр түрлі заңдылық негізіндегі ереже бойынша қолданылады.

Паскаль тілінде қайталау процессін жүзеге асыратын циклдік операторлардың 3 түрі бар: арифметикалық цикл  - FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл – WHILE және шартты соңынан тексеретін цикл – REPEAT.

Егер шартын алдын ала тексеретін циклдегі операторды неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану шарты берілсе, онда WHILE,  REPEAT операторлары пайдаланылады. Ал  FOR  операторы қайталану саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылады.

FOR операторын параметрлі цикл операторы деп те аталады, өйткені, қайталау саны функция аргументі сияқты циклдің параметрі қызметін атқаратын басқару айнымалысы арқылы беріледі.

FOR операторының екі түрі бар:

FOR <айнымалы>:=<S1> to <S2> do <оператор>;

FOR <айнымалы>:=<S1> downto <S2> do <оператор>;

Мұндағы, S1 және  S2 – цикл параметрінің алғашқы және соңғы мәндерін анықтайтын өрнектер;  for…do – цикл тақырыбын анықтайтын түйінді сөздер; <оператор>  - цикл тұлғасы.

FOR – ҮШІН,  TO – ДЕЙІН, DO – ОРЫНДАУ деген мағынаны беретін түйінді сөздер.  Паскаль тілінде цикл параметрі міндетті түрде бүтін немесе реттелген типтегі айнымалы болуы қажет.  Параметрдің өзгеру қадамына байланысты операторда TO  немесе DOWNTO (DOWN – төмен, TO – дейін, DOWNTO  - кері қарай) түінді сөздері пайдаланылады. Егер қадам +1 ге тең болса, онда операторда TO, ал қадам -1 –ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады.

Параметрдің бастапқы және соңғы мәндері бүтін сан түрінде немесе өсуі, кемуі бойынша реттелетін болуы тиіс, әйтпесе оларды бүтін мен беретін арифметикалық өрнек түрінде жазуға да болады.

 

 

 

 

 

 

FOR операторының блок-схемасы

IV. Компьютермен жұмыс.

Тапсырма №1.

А) Қадақпен берілген массаны (1-50 қадақ аралығын) кг-ға түрлендіретін программа құрыңдар. (1 қадақ =0,4кг).

Б) Дюйммен берілген қашықтықты (1-20 дюйм аралығын) см-ге түрлендіретін (1 дюйм=2,54 см) программа құрыңдар. 

Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.

Тапсырма №2.

1-ден 100-ге дейінгі тақ сандардың және жұп сандардың қосындыларын табу алгоритмін және программасын құрыңдар.

Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.

Тапсырма №3.

 өрнегінің а=1,2,...,100 болғандағы мәндер кестесін жасайтын программа құрыңдар.

Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.

V. Жаңа сабақты бекіту:

1.      Циклдік алгоритм дегеніміз не?

2.      Қандай циклдік операторлар бар?

3. FOR операторының жазылу форматы қандай?

 

VІ. Бағалау.

VII.  Үйге тапсырма. 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.   Информатика. 8-сынып.

2.   Әдістемелік нұсқау.

3.   Интернет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:_________ Ш.Жидебаева

        (Оқу-ісі жөніндегі орынбасыры)

Пәні: Информатика  

Сыныбы: 8

Күні: 01,02,206 ж

Сабақ №: 19

Сабақтың тақырыбы: Компьютерде модельдерді зерттеу және модель жасаудың негізгі кезеңдері.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға компьютерде модельдерді зерттеу және модель жасаудың негізгі кезеңдерін түсіндіру.
  2. Дамытушылық: Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және компьютерлік модельдермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын  дамыту.
  3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Ø  сәлемдесу;

Ø  оқушыларды түгендеу;

Ø  оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

Ø  теориялық білімдерін тексеру.

Ø  практикалық тапсырмаларын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту:

Компьютерлік модельдеу – қазіргі заманғы  ғылыми танымның басқарушы принципі. Сондықтан, ғылыми-практикалық зерттеулерде оның атқаратын міндеті аса жоғары.

Модельдеу әдісі – ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі. Модельдеу әдісінің пайда болуы техникалық жүйелердің күрделілігіне, материалдық процестер мен құбылыстарды зерттеу қажеттілігіне орай туындайтын ой-түрткілерге, себептерге, тағы басқа байланысты. Модельдеу кез келген затты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, модель зерттеліп жатқан объектінің субъект баса көңіл қойып отырған қасиеттерін жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Ол объектіні құбылыстарға, заттар мен процестерге тән қосалқы белгілерден айырып, ондағы жалпы, негізгі, елеулі заңды белгілерді табуға мүмкіндік береді. Сондықтан модельдеу танымның формасы, әдісі, ірі категориясы болып саналады.

Модельдеу екі түрге бөлінеді:

 1) Пәндік модельдеу зерттеу объектісінің белгілі бір физикалық, геометриялық, динамикалық немесе функционалдық сипаттамаларын нақыштайтын модель жасау арқылы іске асады.

 2) Идеалды модельдеу кезінде модель ретінде сұлбалар, сызбалар, формулалар, табиғи және жасанды тілдердегі сөйлемдер, тағы басқа қолданылады. Мұндай модельдеу түріне математикалық (компьютерлік) модельдеу жатады.

 

Әлдебір құбылысты оның моделі арқылы зерделеу модельдік эксперимент деп аталады. Күрделі жүйелерді зерттеу кезінде көбіне бірін-бірі толықтыратын бірнеше модельдер қолданылуы мүмкін. Кейде бір құбылысты зерттегенде бір-біріне қарама-қайшы келетін модельдер пайдаланып, бұл қайшылық таным дамуының аса жоғары деңгейінде шешімін табуы мүмкін. Модельдеу танымның басқа да формалары мен әдістерімен (эксперимент, абстрактілеу, гипотеза ұсыну, теория құру, түсініктемелеу, тағы басқа) бірлесе отырып, адам білімінің тереңдей түсінуіне зор ықпал етеді.

Модельдеу принциптері:

 

 Эволюция

 


         Редукционизм

 


Радционалдық

 


 Эволюция

 

Ø  күрделіні қарапайымдандыру мүкіндігі.

Ø  төменгі формалар күйін таңдау арқылы жоғары формалар күйін болжау.

Ø  әлемнің нақты объектілерін логиканың, математиканың көмегімен таңдау.

 

VІ. Компьютермен жұмыс. Жаңа сабаққа байланысты практикалық тапсырмалар орындау

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1.   Компьютерлік модельдеу дегеніміз не?

2.   Модельдеу әдісі деген не?

3.   Компьютерлік модельдеудің қандай түрлері бар?

4.   Модельдік эксперимент деген не?

5.   Модельдеу принциптері қандай?

 

VІІІ. Бағалау.

ІХ.  Үйге тапсырма 

Пайдаланылған әдебиеттер:

4.   Информатика. 8-сынып.

5.   Әдістемелік нұсқау.

6.   Интернет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: Информатика  

Сыныбы: 8

Күні: 10.12.2013 ж.

Сабақ №: 27

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі. Құжаттарды құру және сақтау.

Сабақтың мақсаты:

1.      Білімділік: Оқушыларға мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат беру, программа интерфейсінің атқаратын қызметін түсіндіру, құжаттарды құру және сақтау жолдарын көрсету.

2.      Дамытушылық: Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және мәтіндік процессор жұмыс жасау қабілеттері мен дағдыларын  дамыту.

3.      Тәрбиелік: оқушыларды компбтермен жұмыс кезінде ұқыптылыққа, техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, компьютермен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Ø  сәлемдесу;

Ø  оқушыларды түгендеу;

Ø  оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

Ø  теориялық білімдерін тексеру.

Ø  практикалық тапсырмаларын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту:

Microsoft Word-ты  іске ұосу үшін келесі әрекеттер тізбегін орындау қажет.

                  Пуск – Программы – Microsoft Word

Жаңа  құжат  құру - Файл-Создать.

Бұрыннан  бар  құжатты  ашу :  Файл- Открыть;

Құжатты  сақтау  -Файл-Сохранить  немесе Файл- Сохранить  как  командаларын  орындау  қажет.

Меңзердің  сол   жағындағы  мәтінді  өшіру  үшін   Backspace батырмасын  қолданады. Delete  батырмасын   қолданғанда  меңзердің  оң  жағында  орналасқан  мәтін  өшіріледі. Мәтіндік  редокторларда  мәтіннің   бүтін  блоктарын   да  өшіруге  болады.  Ол  үшін  алдымен   жоюға  тиіс  блокты   белгілеу    керек.  Маусттың  батырмасын  блоктың  басында  шертіңдер де   оны  жібермей   нұсқағышты  блоктың   аяғына  жылжытыңдар.  Немесе  Shift  батырмасын   басулы   қалпында  ұстап  меңзерді  басқару  батырмасында  шертіңдер.  Мәтінді  белгілегеннен  кейін  Delete  пернесін  басыңдар.      

     Word  құжаты   бетімен  орын  ауыстыруды  басқару   үшін  арнайы  пернелер  комбинациялары  қолданылады.  Кестеде   құжат  бетімен   орын   ауыстыруды   жылдамдату  үшін   қолданылатын  пернелер   комбинациясы  көрсетілген.

   Сонымен  қатар  құжат  бойынша   орын  ауыстыру  үшін  сырғытпаны  немесе  айналдыру  жолақтарын  қолдануға  болады.

Егер  айналдыру  жолағындағы  сырғытпада  шертіп  оны  босатпай  жылжытса  онда  мәтін   белгілі  бір  ара-қашықтықта  дейін  жылжиды.

 

Айналдыру   жолағының  қарайған  жеріне  шерту  арқылы  беттер  бойынша  парақтауға  болады.

      Word-та  құжат  көру  режимінің   бес  түрінің   бірінде  құжатты  өндеуге  болады. Оларға  кәдімгі, электрондық  құжат,  құрылым,  шен  салу  парағы  және  бас  құжат   режимдері   жатады.  Режимдерді  Вид  менюі   арқылы  көруге  болады.

      Құжат  көру  режимдерін   қосу  үшін   терезесінің   сол  жақ  бұрышындағы  пернелердің  біріне  шертуге   болады. Сол  жақ  шеттегі  перне-Кәдімгі  режим,  келесі-Электрондық  құжат  режимі, одан  кейінгісі  Шен  салу  парағы  режимі  шетінде  орналасқаны  құрылымдылық   режимі.  Бас  құжат  режимі   Вид  менюі  арқылы  қосылады.

     Кәдімгі   режим  мәтінді   енгізу  және  өңдеу  үшін  қолданылады.  Бұл Word-тың  алғашқы  келісім  бойынша  орнатылған  режимінде  құжаттың  жеңілдетілген  версиясы  ұсынылады. Дегенменен, бұл  режимде  құжаттың   соңғы  көрінісін  көру,  яғни  парақтың   жолақтары  объектілердің  бағаналары  мен  қадамдары  көрінбейді, бет  үзілімі  сызықтар  түрінде  көрінеді, ал, графикалық  объектілер  тіптен  көрінбейді.  Егер  сендер  құжат  көру  режимінің  басқа  режимдеріне   ауысатын  болсаңдар , онда  сендер  әрқашанда  сол  жақ  бұрыштағы  Обычный  пернесін  шерту  арқылы  кәдімге  режимге  орала  аласыңдар.  Электаондық  құжат  режимі  экраннан  құжатты  оқуға  ыңғайлы  болып  табылады  және  құжат  бойымен  бәрәнші  орыннан  екінші  орынға  оңай  ауысуға  болады. Бұл  режимге  Электронный  документ   пернесін  шерту  немесе  Вид  Электронный   документ  командасы  таңдау  арқылы  қосылуға  болады.

      Құжат  құрылымын  өзгерту  үшін   Құрылымдылық  режимі  қолданылады. Бұл  режимде мәтін  иерархиялық  түрде  бейнеледі, құжаттың  тек  қана  негізгі  тақырыптары    және  толық  түрде  қарастыруға  болады.  Сонымен   қатар ,  құжат  бөлімдерінің   орналасу  тәртібін  өзгертуге  және  блоктарын  айтарлықтай   ара-қашықтыққа  ауыстыруға  болады.  Бұл  режимге  қосылу  үшін  Вид –Структура  командасын  орындаңдар.

VІ. Компьютермен жұмыс. Жаңа сабаққа байланысты практикалық тапсырмалар орындау

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1. Мәтіндік құжатты пішімдеу деп нені түсінесіңдер?

2. Мәтінді белгілеу тәсілдерін атаңдар?

3. Мәтінді пішімдеу режимін атаңдар?

4. Абзацтық шегіністердің қандай түрлерін білесіңдер?

5. Жоларалық интервал түрлерін атаңдар?

 

VІІІ. Бағалау.

ІХ.  Үйге тапсырма 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.   Информатика. 8-сынып.

2.   Әдістемелік нұсқау.

3.   Интернет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: Информатика  

Сыныбы: 8

Күні: 23.12.2013 ж.

Сабақ №:30

Сабақтың тақырыбы: Кесте ішіндегілерді енгізу және пішімдеу.

Сабақтың мақсаты:

1.      Білімділік: Оқушыларға Word мәтіндік процессорінде кестемен жұмыс, кесте ішіндегілерді енгізу және пішімдеу әдістерін түсіндіру.

2.      Дамытушылық: Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және мәтіндік процессормен жұмыс жасау қабілеттері мен дағдыларын  дамыту.

3.      Тәрбиелік: оқушыларды компбтермен жұмыс кезінде ұқыптылыққа, техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, компьютермен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Ø  сәлемдесу;

Ø  оқушыларды түгендеу;

Ø  оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

Ø  теориялық білімдерін тексеру.

Ø  практикалық тапсырмаларын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту:

Кестелерді жасау әдістері. «Кесте» түсінігімен барлығымыз таныспыз. Кесте мәтіндік және графикалық хабарламаларды көрнекі етуге мүмкіндік береді. Кесте бағанмен жолдан және екеуінің қиылысуында орналасқан ұяшықтан тұрады. Ұяшыққа бірнеше жол немесе абзацтар, сонымен қатар суреттер, т.б. заттар да орналасуы мүмкін. Ұяшықтағы мәтінді кәдімгі ереже бойынша форматтауға болады:

1-әдіс

Бос кестені орналастыру үшін курсорды қажет жерге апарып, Кесте менюіндегі Қою – Кесте командасын таңдаңдар. Кестені қою терезесінде бағандар мен жолдардың сәйкес сандарын қойыңыз.

Кесте өлшемдері көрсетілген соң оны Автоформат батырмасын басу арқылы автоматты түрде форматтауға болады. Терезенің төменгі жағындағы қосымша батырмалар таңдалған стандартты типтегі кестеге қосымша рәсімдер жасауға мүмкіндік береді.

2-әдіс

Кестені Стандартты аспаптар тақтасындағы Кестені қосу батырмасын шерту арқылы құруға болады. Ашылған терезеде керекті ұяшық сандардан тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып қоюға болады.

Кесте ішіндегі қозғалыс тышқан курсорының көмегімен жүзеге асырылады.

Жаңа жолды қосу үшін Кесте менюіндегі командаларды орындау арқылы және курсорды оң жақ бұрыштағы төменгі ұяшыққа орналастырып, Tab пернесін басу арқылы жеңіл орындауға болады. Сондықтан алдын ала керек жолдар санын ойластырып жатпай, қажет болғанда жаңа жолды қоса аласыз.

 

Ұяшықтарды қосу және біріктіру, өшіру.

Ұяшықтарды біріктіру үшін қажетті ұяшықтарды белгілеп, Таблица – Обьединить ячейки командасын таңдау қажет.

Ұяшықтарды бөлу үшін қажетті ұяшықты белгілеп, Таблица – разбить ячейки командасын таңдау қажет.

Ұяшықтарды қосу үшін : Таблица – Вставить ячейки командасын таңңдау қажет.  

Қатар  және баған қосу үшін Таблица – Вставить командасын таңдау қажет.

 

VІ. Компьютермен жұмыс. Жаңа сабаққа байланысты практикалық тапсырмалар орындау.

Кесте құру.

1. WORD мәтіндік процессорды қосыңыз.

2. Төменде берілген бос кестені құрыңыз.

3. Әр түрлі әдісті қолданып, кестені қойыңыз.

 

Фамилия

Аты

Әкесінің аты

Туған жылы

Сыныбы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1.      Кесте деген не?

2.      Кесте құру жолдарын ата?

3.      Ұяшықтарды біріктіру, бөлу, қосу үшін қандай командаларды орындаймыз?

4.      Кестені пішімдеудің жолдарын ата.

5.      Кестедегі қозғалыс қандай перенелер көмегімен жүзеге асырылады?

 

VІІІ. Бағалау.

ІХ.  Үйге тапсырма 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.   Информатика. 8-сынып.

2.   Әдістемелік нұсқау.

3.   Интернет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: Информатика  

Сыныбы: 8

Күні: 24.12.2013 ж.

Сабақ №:31

Сабақтың тақырыбы: Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру. Суреттер мен жазуларды пішімдеу.

Сабақтың мақсаты:

1.      Білімділік: Оқушыларға Word мәтіндік процессорінде графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру. Суреттер мен жазуларды пішімдеу әдістерін түсіндіру.

2.      Дамытушылық: Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және мәтіндік процессормен жұмыс жасау қабілеттері мен дағдыларын  дамыту.

3.      Тәрбиелік: оқушыларды компбтермен жұмыс кезінде ұқыптылыққа, техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, компьютермен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Ø  сәлемдесу;

Ø  оқушыларды түгендеу;

Ø  оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

Ø  теориялық білімдерін тексеру.

Ø  практикалық тапсырмаларын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту:

Құжатқа дайын сурет қорын кірістіру үшін  Вставка-Рисунок-Картинки...  командасын орындау қажет.

А) суреттер...( ClipArt программасы обьектілерінен );

Б) файлдар...( файл түрінде сақталған обьектілер );

В) автофигуралар;

Д) сканерленген;

Е) диаграммалар (Excel электрондық кестесі арқылы тұрғызылған диаграммалар).

            1. Вставка-Рисунок-Картинки... командасын  таңдағанда  Microsoft ClipGallery диалогтық терезесінде Картинки қосымшасынан және Рисунок категориясын таңдаңдар.

            2. Суретті таңдағаннан кейін Вставить батырмасын шерту қажет. Суретті орналасуын тағайындау үшін Динамикалық менюден Формат рисунка – Положение командасын таңдау қажет.

          

Вид – Панель инструментов- Рисование командасы арқылы түрлі дайын геометриялық фигуралар мен түрлі графикалық әрекеттерді орындауға болады.

Түрлі автофигуралар мен WordArt  коллекциясын пайдалануға болады.

VІ. Компьютермен жұмыс. Жаңа сабаққа байланысты практикалық тапсырмалар орындау.

Практикалық жұмыс №1

Сызба құру. Президенттің жеке және кеңесуші аппараты

Сызбаның  тақырыбые енгіз. Рисование панелін пайдаланып, тіктөртбұрыш  сыз. Көшіру командасын немесе Ctrl   пайдаланып қалған төртбұрыштарды көбейт. Төртбұрыштарды сызықтар  арқылы қос. Әр төртбұрышқа мәтін енгіз.

Практикалық жұмыс  №2

WordArt  және  ClipArt  обьектілерін таңдау арқылы кесте құр.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1.      Құжатқа дайын сурет қорын кірістіру үшін қандай амалдар орындаймыз?

2.      Рисование  панелі арқылы қандай әрекеттер рындаймыз?

3.      Формат рисунка – Положение командасы қандай қызмет атқарады?

 

VІІІ. Бағалау.

ІХ.  Үйге тапсырма. Word –тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру, Фигуралық мәтін кірістіру. (Мазмұндау).  Шығармашылық жұмыс жасау.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.   Информатика. 8-сынып.

2.   Әдістемелік нұсқау.

3.   Интернет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: Информатика  

Сыныбы: 8

Күні: 13.01.2014 ж.

Сабақ №:33

Сабақтың тақырыбы: Өздік жұмыс.

Сабақтың мақсаты:

4.      Білімділік: Оқушылардың білімдерін өздік жұмыс алу арқылы тиянақтау.

5.      Дамытушылық: Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және мәтіндік процессормен жұмыс жасау қабілеттері мен дағдыларын  дамыту.

6.      Тәрбиелік: оқушыларды компьютермен жұмыс кезінде ұқыптылыққа, техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, компьютермен практикалық жұмыс.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Ø  сәлемдесу;

Ø  оқушыларды түгендеу;

Ø  оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

Ø  теориялық білімдерін тексеру.

Ø  практикалық тапсырмаларын тексеру

ІІІ. Өздік жұмыс:

Практикалық тапсырма №1.  

MS Word – пен танысу.

1. MS Word мәтіндік процессорды таныс әдістердің бірін пайдаланып ашыңыз.

2.Құрал-саймандар тақтасындағы Стандартты, Форматтау белгілерін қараңыз, ол үшін оларға тышқан сілтемесін әкелсе жеткілікті.

Анықтама менюінен Стандартты құрал-саймандар тақтасының әрбір пункті бойынша ақпаратты табыңыз.

Практикалық тапсырма №2.  

Берілген мәтінді теру. Орфографиялық тексеру жүргізу және қатесін түзету.

1. WORD мәтіндік процессорын ашыңыз.

2. Берілген мәтінді теріңіз.

Қазақ халық ертегісі

Ай менКүн

Өткен заманда біреудің Айсұлу мен Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен.

Бірінен-бірі асқан сұлумын деп бірімен-бірі үнемі ұрысып, жиі-жиі жанжалдасып қалады екен.

3. Автоматты түрде мәтіннің орфографиялық қатесін тексеруді орындаңыз және қатесі болса түзетіңдер.

4. Терілген мәтінді сақтап қойыңдар.

Практикалық тапсырма №1.  

Кесте құру.

1. WORD мәтіндік процессорды қосыңыз.

2. Төменде берілген бос кестені құрыңыз.

3. Әр түрлі әдісті қолданып, кестені қойыңыз.

 

Фамилия

Аты

Әкесінің аты

Туған жылы

Сыныбы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Практикалық тапсырма №3.

WordArt  және  ClipArt  обьектілерін таңдау арқылы кесте құр.

 

VІ. Қорытынды.

VІІ. Бағалау.

VIII.  Үйге тапсырма. 

Пайдаланылған әдебиеттер:

4.   Информатика. 8-сынып.

5.   Әдістемелік нұсқау.

6.   Интернет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: Информатика  

Сыныбы: 8

Күні: 20.01.2014 ж.

Сабақ №:34

Сабақтың тақырыбы: Презентациялар. Программа интерфейсімен танысу. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары.

Сабақтың мақсаты:

1.      Білімділік: оқушылар презентациялар мен программа интерфейсімен таныстыру. Мультимедиялық презентациялардың конструкторын және презентацияларды құру және безендіру шаблондарымен жұмыс жасау тәсілдерін түсіндіру.

2.      Дамытушылық: оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және презентациялармен және слайдтармен жұмыс жасау қабілеттері мен дағдыларын  дамыту.

3.      Тәрбиелік: оқушыларды компьютермен жұмыс кезінде ұқыптылыққа, техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, компьютермен практикалық жұмыс.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Ø  сәлемдесу;

Ø  оқушыларды түгендеу;

Ø  оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

Ø  теориялық білімдерін тексеру.

Ø  практикалық тапсырмаларын тексеру

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:

Презентация – ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізатпен қызмет түрлерін ұсыну.

MS Power Point  программасының  әрбір презентациясы слайдтар жиынынан тұрады.Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған обьектілер немесе текст тұруы мүмкін.

Слайд – көзге көрінетін күрделі  көрініс. Оның құрылымына тақырып, мәтін кесте, графикалық бейнеклиптер дыбыс үзінділері, сызбалар енгізуге болады.

Слайд фильмдерді жасау құралы – MS Power Point графикалық пакеті. Ол әр түрдегі презентацияны көрсетуге мүмкіндік береді.

Power Point интерфейсін іске қосу.

БастауБағдарламаларMS OfficcePower Point.

Программа интерфейсі келесі бөліктерден тұрады:

Ø  тақырып жолы;

Ø  меню қатары;

Ø  тапсырмалар тақтасы (құралдар панелі);

Ø  жұмыс аймағы;

Ø  айналдыру жолағы;

Ø  сызғыш;

Ø  қалып-күй жолы.

 

 

 

Power Point-та кез келген презентация жасау мынадай әрекеттер тізбегін орындаудан тұрады:

Ø  презентация құру, тексті енгізу және редакторлеу, слайдтардың кезектесуін реттеу.

Ø  презентация жоспарын құру. Жоспарды қажетіне қарай өзгерту;

Ø  қажетіне қарай жеке слайдтарды форматтау;

Ø  презентацияларға объектілер қосу;

Ø  презентацияларға  ауысуды, анимацияларды, эффектілерді, сілтемелерді қолдану және өзгерту;

Ø  үлестірмелі материалды және баяндамашыға арналған ескертулерді әзірлеу.

Ø  слайдаралық уақытты анықтау және қолдану;

Ø  презентацияны демонстрациялау.

VІ. Компьютермен жұмыс. Жаңа сабаққа байланысты практикалық тапсырмалар орындау.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1.      Презентация дегеніміз не?

2.      Презентация не үшін керек?

3.      Слайд деген не?

4.      MS Power Point  программасын қалаай іске қосамыз?

5.      MS Power Point  программасының интерфейсі қандай бөліктерден тұрады?

6.      MS Power Point-та презентация жасау қандай әрекеттер тізбегін орындаудан тұрады?

VІІІ. Бағалау.

ІХ.  Үйге тапсырма.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.   Информатика. 8-сынып.

2.   Әдістемелік нұсқау.

3.   Интернет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: Информатика  

Сыныбы: 8

Күні: 27.01.2014 ж.

Сабақ №:35

Сабақтың тақырыбы: Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру. Анимация әсерін баптау. Презентацияларды көрсету.

Сабақтың мақсаты:

1.      Білімділік: оқушыларға презентацияға кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру мен анимация әсерін баптау және презентацияларды көрсету тәсілдерін түсіндіру.

2.      Дамытушылық: оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және презентациялармен және слайдтармен жұмыс жасау қабілеттері мен дағдыларын  дамыту.

3.      Тәрбиелік: оқушыларды компьютермен жұмыс кезінде ұқыптылыққа, техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, компьютермен практикалық жұмыс.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Ø  сәлемдесу;

Ø  оқушыларды түгендеу;

Ø  оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

Ø  теориялық білімдерін тексеру.

Ø  практикалық тапсырмаларын тексеру

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:

PowerPoint-та слайдқа  қойылған әрбір элемент: текст, кесте, сурет, диаграмма, дыбыс немесе видео обьект болып табылады.

Обьект қою.

Обьектіні безендірілген слайдқа қою жеңіл. Обьектіні екі рет шерту, обьект құратын немесе редакторлейтін сәйкес қосымшаны шақырады.

Картинка қою.

Вставка-Рисунок-Картинки командасын орындайды немесе картинка қоюға арналған жері бар  слайдтың  безендірілуінде  екі рет шертеді. Ары қарай картинка қою Word-тағыдай жүреді. Айта кететін нәрсе PowerPoint-та картинканың түсін өзгертуге болады. Яғни, картинканың кейбір түстерін басқа түске бояуға болады.

 

Дыбыс пен видео.

PowerPoint-та дыбыстар мен видеороликтерді слайдты демонстрациялау кезінде ойнатуға болады. Кейбір дыбыстар Эффекты анимации панелінде келтірілген. Басқа дыбыстар  мен клиптерді  Вставка командасынан табуға болады.Клип қойылған соң слайдта белгісі пайда болады.  Клипті ойнату үшін белгіде екі рет шертеді.

 

Диаграмма қою.

Диаграмманы Excel-де құруға болады. Егер құрылған диаграмма болса, оны PowerPoint-қа слайдқа енгзуге  болады. Диаграманы PowerPoint-та құру үшін, Вставка-Диаграмма командасын орындайды. Ары қарай диаграммамен жұмыс Excel-дегідей жүреді.

 

Word-тан кесте қою.

Егер кесте Word-та құрылған болса, оны PowerPoint-қа қою үшін, көшірмесін алмастыру буфері арқылы  алып,  слайдқа орналастыруға болады.  Үш баған мен төрт жолдан үлкен кесте онша көрнекі көрінбейді. Сондықтан қарапайым кестелермен жұмыс жасаған дұрыс. Презентацияға Word кестесін қою үшін, Вставка-Рисунок-Таблица Microsoft Word командасын орындайды. Содан соң қажетті қатар саны мен жол санын енгізеді. ОК батырмасын шерткен соң, PowerPoint-тың құралдар тақтасы мен меню командалары Word программасының элементтеріне ауысады. Енді кестемен Microsoft Word-тағыдай жұмыс жасауға болады.

 

VІ. Компьютермен жұмыс. Жаңа сабаққа байланысты практикалық тапсырмалар орындау.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1.      PowerPoint-та обьект деп нені есептейді?

2.      Слайдқа картинка қоюдың жолы қандай?

3.      Слайдқа диаграмма қалай қойылады?

4.      Word-тан кесте қою тәсілі қандай?

5.      Анимация әсерін баптау үшін қандай іс-әрекеттер орындайды?

6.      Презентацияларды көрсету үшін не істеу керек?

 

VІІІ. Бағалау.

ІХ.  Үйге тапсырма.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.   Информатика. 8-сынып.

2.   Әдістемелік нұсқау.

3.   Интернет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: Информатика  

Сыныбы: 8

Күні: 17.03.2014 ж.

Сабақ №: 42

Сабақтың тақырыбы: Мәтінмен жұмыс.

Сабақтың мақсаты:

1.      Білімділік: оқушыларға MS Word мәтіндік редакторында мәтіндермен жұмыс жасау тәсілдерін түсіндіру.

2.      Дамытушылық: Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын  дамыту.

3.      Тәрбиелік: оқушыларды әдептілікке, компьютермен жұмыс кезінде ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ –жауап, компьютермен жұмыс.

Сабақтың барысы:                                                

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Ø  сәлемдесу;

Ø  оқушыларды түгендеу;

Ø  оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

Ø  теориялық білімдерін тексеру.

Ø  практикалық тапсырмаларын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту:

Пішімдеу деп мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әр түрлі әрекеттерді айтады. Құжат пішімдеуді құжат құруға дейін де, сол сияқты одан кейінде жүргізуге болады. Пішімдеуді орындау реті құжаттың ақырғы нәтижесіне әсер етпейді, бірақ құжатты баспаға шығармай тұрып пішімдеу керек. Егер алынған құжат қандай да бір себептермен ұнамаған жағдайда оны қайта пішімдеуге болады.

Пішімдеу әрекеттерін орындай отырып;

- әртүрлі қаріптерді пайдалануға;

- жұмыс өрісінің шекараларын өзгертуге, сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрістерін айқындауға;

- беттегі мәтінді туралауға;

- жоларалық интервалды орнатуға және өзгертуге;

- мәтінді бағандарға бөлуге;

- мәтінде жиектердің әртүрлі типтерін қолдануға;

- мәтінді рәсімдеумен байланысты басқа да мүмкіндіктерді (тізім, құйма және т. б) қолдануға болады.

Пішімдеу кезінде аспаптар панеліндегі батырмаларды да, меню командаларында пайдалануға болады.

Пішімдеу операцияларын бүкіл мәтінмен де, оның бөлімдері: символмен, сөзбен, жолмен, абзацпен, бөліммен, бетпен де жүргізуге болады. Ол үшін пішімделетін бөлікті белгілеу керек.

Мәтінді белгілеудің келесі тәсілдері бар.

- Бір ғана сөзді белгілеу үшін оны екі рет шертеміз.

- Бүкіл жолды белгілеу үшін маус нұсқағышын жолдың басына жылжытып бір рет шертеміз.

- Сөйлемді белгілеу үшін пернесін басып тұрып, сөйлемнің кез келген жерінде маусты бір рет шертеміз.

- Абзацты белгілеу үшін оны үш рет шертеміз.

- Бүкіл құжатты белгілеу үшін  пернелер комбинацияларын басып немесе Правка →Выделить все командасын орындаймыз.

Құжаттың үлкен бөлігін белгілеу үшін белгіленетін бөліктің басында бір рет шертеміз де,  пернесін басып тұрып, белгіленетін бөліктің соңына ауысып маусты тағы бір рет шеретеміз.

Пішімдеудің негізгі режімдері.

Мәтін енгізу кезінде символдарды пішімдеу режімдерін бірден беруге болады немесе бұл режімдерді бүкіл құжаттың мәтіні теріліп болғаннан кейін қолдануға болады.

Символдарды пішімдеу. Символдарды пішімдеудің ең жылдам тәсілі пішімдеу панелінің батырмаларын пайдалану.

Ж «жартылай қарайтылған».

К «курсив»

Ч «асты сызылған»

 

Пішімдеудің бірнеше баптауын бірден өзгерту үшін Формат → Шрифт командасын орындаймыз. Экранда одан қажетті параметрлерді таңдауға болатын Шрифт терезесі пайда болады.

 

ІV. Бекіту тапсырмалары:

А) Сұрақтар.

1. Пішімдеу деп нені айтамыз?

2. Пішімдеу кезінде нелерді пайдалануға болады?

3. Ж, К, Ч батырмаларының қызметі қандай?

4. Пішімдеудің бірнеше баптауын бірден өзгерту үшін қай командаларды қолданамыз?

Ә) Тест сұрақтары.

Б) Компьютермен жұмыс: Сөйлемді талдау: Сөйлемді жазып, сөйлем мүшелерін шартты белгілерімен сызу. Ол үшін қажетті сөзді ерекшелеп, Формат →Шрифт сұхбат терезесінің шрифт астарлы бетінде астын сызу

(подчеркивание) өрісінде қажетті сызық түрлерін таңдау керек.

 

V. Бағалау.

 

VI.  Үйге тапсырма.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: Информатика  

Сыныбы: 8

Күні: 7.04.2014 ж.

Сабақ №: 44

Сабақтың тақырыбы: Формулаларды енгізу. Абсолют, салыстырмалы және аралас сілтемелер.

Сабақтың мақсаты:

1.      Білімділік: оқушыларға MS Excel электрондық кесетсінде формулалармен және сілтемелермен жұмыс жасау тәсілдерін түсіндіру.

2.      Дамытушылық: Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын  дамыту.

3.      Тәрбиелік: оқушыларды әдептілікке, компьютермен жұмыс кезінде ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ –жауап, компьютермен жұмыс.

Сабақтың барысы:                                             

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Ø  сәлемдесу;

Ø  оқушыларды түгендеу;

Ø  оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

Ø  теориялық білімдерін тексеру.

Ø  практикалық тапсырмаларын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту:

Кез келген электронды ұяшыққа:

-         сан

-         формула

-         мәтіндік ақпараттарды енгізуге болады.

Сан. Үнсіз келісім бойынша сан ұяшықтың оң жақ шетіне тураланады. Санның мәндері бүтін, ондық бөлшек, бөлшек болуы мүмкін. Оларға арнайы символдар қосылуы мүмкін. Ұяшыққа сыймайтын үлкен сан енгізілсе, онда Excel ұяшықты ####### символдарымен толтырылады, сондықтан санды толығымен көру үшін бағанды кеңейтуге тура келеді.

Форомулалар. Егер сіз «=» белгісімен басталатын символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оларды формула деп қабылдайды.

Формула бір жолға барлық амалдар белгісі қолданылып және символдар тізбектеліп, бірінен кейін бірі жазылады.

Мысалы, сіз ұяшыққа Д5 формуласын енгіздіңіз: =F5+D5*C57

Бұл ұяшықтың мәні В5 және С5 көбейтіндісін А5 ұяшығындағы мәнге қосқанда шығатын санға тең болады.

Мәтін. Егер сіз сан немесе формула емес символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оны мәтн, яғни символдық ақпарат ретінде қабылдайды. Мысалы, -55,69  немесе а 55,9 – мәтін.

Excel – де сандардың бүтін бөлігінен бөлшек бөлігін ажырату үшін көп жағдайда үтір қолданылады, бірақ қалауыңыз бойынша оны өзгертуіңізге де болады.

 

IV. Сергіту жаттығулары (2 мин)

 

V. Жаңа тақырыпты бекіту (20-25 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

1.      Электронды кестеде берілгендердің қандай типі болуы мүмкін?

2.      Электронды кестенің ұяшығына мәтінді қалай енгізеді?

3.      Енгізілгеннің мәндер емес, формула екенін Excel қалай анықтайды?

Тапсырма.

Берілгендерді енгізу, редакциялау және рәсімдеу.

Парақты келесі мазмұнда рәсімдеңіз.

1. Excel- ді ашыңыз.

2. Үлгі ретінде ұсынылған кестені құрыңыз:

Қызметкерлерге берілетін сыйақы (теңге)

Аты-жөні

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Барлығы

Салимжанов А.К.

5300

4500

6000

 

Михайлов М.Д

2500

3000

4000

 

Аубакиров Т.Т

1500

1700

2500

 

Садыкова М.С.

1000

1500

2000

 

3. Кестені сақтап қойыңыз.

 

VI. Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар:   Практикум : 11.5, 11.6 тапсырмалар.

VII. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1.      Мәтін мен сан енгізудің қандай ерекшеліктері бар?

2.      Ұяшықтарға енгізілген деректерді тігінен орналстыру үшін не істейміз?

3.      Формула қандай символмен басталады?

4.      Кестені баспаға шығару жолдарын ата.

VIII. Үйге тапсырма беру: практикум : 11.7, 11.8 тапсырмалар.

IX. Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: Информатика  

Сыныбы: 8

Күні: 14.04.2014 ж.

Сабақ №: 45

Сабақтың тақырыбы: Функциялар. Стандартты фунцияларды пайдалану.

Сабақтың мақсаты:

1.      Білімділік: оқушыларға MS Excel электрондық кесетсінде функциялармен жұмыс жасау тәсілдерін түсіндіру.

2.      Дамытушылық: Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын  дамыту.

3.      Тәрбиелік: оқушыларды әдептілікке, компьютермен жұмыс кезінде ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ –жауап, компьютермен жұмыс.

Сабақтың барысы:                                                

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Ø  сәлемдесу;

Ø  оқушыларды түгендеу;

Ø  оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

Ø  теориялық білімдерін тексеру.

Ø  практикалық тапсырмаларын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту:

Мәтін енгізу

  • Саннан басқа кез-келген символдар мәтін ретінде қарастырылады.
  • Белгіленген диапазондағы ұяшықтар арасымен табуляция пернесі арқылы ауысуға болады.

Мәтінді түзету.

1.      Мәтін енгізілген ұяшықты белгіле.

2.      Формула қатары арқылы мәтінді өзгерт.

3.      Формула қатарында енгізу батырмасын басып

4.      Болдырмау батырмасын өзгертпеу үшін басу керек.

Сандарды енгізу және пішімдеу.

  • Кез-келген санмен бастаған,  мына +, - символдармен және ашылу жабылу жақшаларымен басталған жазбалардың барлығы сан болып табылады.
  • Диапазонға қатысты ұяшықтарға сандар енгізу үшін, диапазонды белгілеп табуляция пернесі арқылы орындайды.

Деректерді сақтау және қорғау.

            Жұмысты аяқтау үшін Файл/Закрыть командасы арқылы тек қана жұмыс парағын ал Файл/Выход командасы арқылы Excel –ді жабуға болады. Файл/Сохранить арқылы жұмыс кітабын сақтауға ал атын өзгертіп сақтау үшін Файл/Сохранить как командасын орындау қажет.

            Сервис –параметры командасы арқылы жұмыс кітабын ашу үшін пароль қоюға болады.

Деректерді өңдеу формулалары.

Формула енгізу.

  • Формуланы енгізу =  тең символы арқылы орындалады.
  • Формулаларды ұяшық адрестері мен операторлар арқылы құрастырады
  • Формуланы енгізу <Enter> пернесін басу арқылы аяқталады.

Деректердің орнын ауыстыру және көшірмелеу.

Правка-Копировать ;

Правка-Вырезать;

Правка-Вставить командасы арқылы орындалады.

Правка-Копировать және Специальная вставка командасы арқылы арнайы параметрлерді тағайындауға болады.

Жұмыс кестесін  автоматты түрде пішімдеу. Формат/Автоформат командасы арқылы кестені автоматты түрде форматтауға болады.

Формат/Условное форматирование арқылы шарт бойынша форматтауға болады.

Файл/Печать командасы арқылы принтерді таңдап, құжаттың белгілі бірбөлігін немесе барлығын баспаға жіберуге болады.

ІV. Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар:  

1-тапсырма

Сенің жанұяң үшін қандай ақпарат көздері маңызды екенін анықта. Нәтижесін достарыңмен салыстыр.

Күнделікті уақыт (кететін ақпарт көздері)

мама

папа

мен

Апа (қарындас)

әже

Кітап оқу

1

1

1

1

1

Газет-журналдар оқу

 

0

1

2

 

Телевизор көру

2

1

2

2

3

Интернеттен ақпарат іздеу

4

4

3

3

 

Жанұя мүшелерімен қарым-қатынас араласу

1

 

 

 

0

 

Практикум : 11.5, 11.6 тапсырмалар.

V. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1.      Мәтін мен сан енгізудің қандай ерекшеліктері бар?

2.      Ұяшықтарға енгізілген деректерді тігінен орналстыру үшін не істейміз?

3.      Формула қандай символмен басталады?

4.      Кестені баспаға шығару жолдарын ата.

VI. Үйге тапсырма беру: практикум : 11.7, 11.8 тапсырмалар.

VII. Бағалау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Информатика 8 сынып Урок"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 139 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.02.2016 2597
    • DOCX 696.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қайратұлы Айтмұрат Қайратұлы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Қайратұлы Айтмұрат Қайратұлы
    Қайратұлы Айтмұрат Қайратұлы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2672
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Информационные технологии в профессиональной деятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель информационных технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 190 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 973 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 685 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 809 человек

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Аномальное психологическое развитие и психологическая травма

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов

Мини-курс

Управление стрессом и психологическими состояниями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек