Инфоурок Начальные классы КонспектыІс-әрекеттегі зерттеу бойынша рефлексивті есеп

Іс-әрекеттегі зерттеу бойынша рефлексивті есеп

Скачать материал

 

Іс-әрекеттегі зерттеу  бойынша рефлексивті есеп

 

Мен екінші деңгей бағдарламасы теориясына сүйене отырып оқытудың бұрынғы әдіс-тәсілдерінен арылып, жaңaшa ойлау керектігін түсіндім.Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті.Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласында ең басты,маңызды мәселе болып отыр.(Мұғалімге арналған нұсқаулық  4-бет).Осы әрекет арқылы мұғалім тұрғысынан алғанда оқушылардың толық пікірін бөлісе алуы бір-біріне әсер етіп білімді терең игеруге талпынысы, oйлaу қабілетінің артуы  және өзімнің де педагогикалық ұстанымымды біртіндеп өзгерту керектігін-бүгінгі күннің алдымызға қойып отырған талабы екенін ұқтым.Нақтылап айтсам менің педогогикалық ұстанымым және оқыту мен оқуға деген жаңа көзқарасым өзгерді.

 Бүгінгі таңда, жаһандану заманында оқушыларға заман талабына  сай білім беру қажеттілігі туындауда. Сол мәселені іске асыру үшін бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде тренеріміз түрлі ресурстарды пайдалану арқылы «Мұғалімге арналған нұсқаулықтағы» тақырыптарды түсінуге көмектесті.  Тренердің берген бағыт-бағдары арқылы ондағы теорияларды, ғалымдар мен зерттеушілердің тұжырымдамаларын, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы  оқып түсіндім. Мен тәжірибе жұмысымды бaстамaс бұрын, ең aлдымен курстың бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде оқығaн Екінші деңгей бағдарламасы тәсілдерінің  жеті модульдер негізінде тaқырып тaңдауда көп ойлaндым.Алған теориялық білімімді іске асыру үшін мектептегі іс-тәжірибемдегі зерттеу жұмысына Бағдарламаның «Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер» модулінің ішінен топтық жұмыстың әдіс-тәсілдеріне тоқталғым келді.

            Алайын деп отырған тақырыбымның мектеп үшін де, оқушылар үшін де маңыздылығын анықтап алғым келді. Мектептің оқытуы мен оқуында қалыптасып қалған бағыты жайында көп ойлана келе іс-әрекеттегі зерттеуімнің тақырыбын: «Топтық жұмыс арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіруді» алдыма мақсат етіп қойдым, себебі қазіргі таңда беріп жүрген білім мен үшін жеткіліксіз. Олай дейтінім ? Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі»стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды,сондықтан механикалық есте сақтау,үстірт білім алу жағдайлары орын алады.(Мұғалімге арналған нұсқаулық  9бет).

 Мектептен шыққaн оқушы бүгін aлған білімінің пaйдaсы, жaңaлығы турaлы aйтa aлaтын дәрежеде болулaры қaжет. Оқушы болaшaқ мaмaн ретінде бүгінгі күн тaлaбынa сәйкес болып, жaңa кәсіби міндеттерді шешуге дaйын болулaры керек. Осы мәселелерді шешудің бір жолы екінші деңгей бағдарламасының теориялық негіздерін кірістіру деп есептеймін.Сондықтан мен «Топтық жұмыс арқылы 4-сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін жетілдіру»  мәселесін шешу үшін біраз уақыт қажет, бірақ «Теңіз тамшыдан жиналады» демекші мен бұл мәселені курс бағдарламасына сәйкес мектептегі іс-тәжірибемді,яғни іс-әрекетті зерттеу жобасын өзім жұмыс істеп жүрген Қарағанды облысы,Жаңаарқа ауданының Н.К.Крупская атындағы орта мектебінде жалғастырдым.Мектебіміздің 55 жыл тарихы бар 87 мұғалім жұмыс істейді. Мектеп әкімшілігімен сұхбат жүргізу кезінде бұл жұмыстың сыныпты зерттеу арқылы сыныптағы үш оқушыны зерттеу, сауалнама алудан, қорытындылаудан, сұхбаттасудан және іс-әрекеттерді бейнежазбаға түсіруден тұратындығын қысқаша түсіндірдім. Сөздерімді құптай отырып,әріптестермен отырыс өткізу барысында көмек беретінін айтып,қолдау көрсетті.

Тақырыптың  оқушылар үшін маңыздылығы оқу үдерісінде оқытылатын білім туралы көбірек біліп, соның нәтижесінде  алған білімін ұзақ сақтайтындығын дәлелдеп отыр. Сонымен қатар бірлескен топтарда жұмыс істейтін оқушылардың өзінің сыныптарына анағұрлым көңілі толатын сияқты көрінеді.(Мұғалімге арналған нұсқаулық  78 бет).   Мектепте  қазіргі кезде қалыптасқан сабақ беру үдерістері сабақтың сапасын төмендетіп отырғаны белгілі. Бұрын мен көптеген технологияларды қолданып білім беру үдерісің өзгертуге тырысатынмын, бірақ көптеген технологиялар кейбір пәндерге келмейді. Көбінесе жеке оқушымен жұмысты талап етеді.  Ал оқушыларға келетін болсақ, олардың ішінде жеке дарынды, қабілеті жоғары оқушылар ғана көрініп көш басында жүреді. Яғни мен көбінесе жақсы оқитын, дарынды оқушылармен жұмыс істейтінмін. Ал білім деңгейі төмен оқушылар тыс қалып, олардың іштеріндегі бар қасиеттері ашылмай қалады. Білім деңгейі төмен оқушылар тыс қалып отыратын. Олимпиадаларға, жобалар қорғауға т.б білім сайыстарына ол оқушылар қатыспайды. Сондықтан  сол оқушылардың деңгейін жоғарғы дәрежеге жеткізу менің мақсатым болып табылады.      

         Зерттеудің мaқсaты:

Оқушыларды топпен жұмыс істеу арқылы еркін ойлауына жол ашып,  өз идеясын дәлелдей алуға дағдыландыру.

         Зерттеудің міндеттері:

топтық жұмыстар арқылы тaпсырмaларын дaйындау үрдісінде ойлауға үйрету;

топтық жұмыс арқылы ойлау тәсілдерін жеке тұлғаға бағыттай жүргізу, бағыт беру;

топтық жұмыстың оқушы белсенділігіне қалай әсер еткендігіне бақылау жүргізу;

топтық жұмыстың тиімділігін тәжірибе арқылы дәлелдеу.

Зерттеудің әдістері: жұмыстa теориялық әдістер, бaяндау, сaлыстыру, жүйелеу, тaлдaу, сарaптaу, қорыту, бaқылaу  әдістері

 

Күтілетін нәтижесі: Топтық жұмыс кезінде оқушы белсенділігі aрттырылaды.Әр оқушы топ мүшесі болa тұрa өзінің топтaғы орнын aнықтaй aлaды. Оқушы ынтымaқтaстығы aрттырылaды. Топтық жұмыс әр оқушының нaқты іс- әрекетін тудырaды, бірлесе жұмыс жaсaйды.

 «Мектеп базасында жүзеге асырылатын іс-әрекеттегі зерттеу практик-мамандарға мектеп мәселелерін қарастырып, оларға жан-жақты жауап алуға мүмкіндік беретін үдеріс» (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 91 бет)

Белсенді әдіс-тәсілдердің оқушығa қалай әсер ететіндігі мені қатты толғaндырды. Іс-тәжірибеде қолдaнa отырып топтық жұмыстың нәтижесін көргім келді.Сол себептен зерттеуім жақсы нәтижелі болу үшін қалай істесем болады? деген сұрақ барысында көп ойландым.Ойлана келе,зерттеуім оң нәтиже болу үшін оқыту мен оқуға мынадай дағдыны және формаларды енгізуді жөн көрдім. Оқушылармен топтық жұмыс ұйымдастырып,оқушылар орындауға тиісті жұмыстардың ойлау әрекеттерінің дамуына әсер етуіне баса назар аудару үшін алдыма мақсат қойдым.

Өзімнің оқыту, бағалау туралы көзқарасымды өзгертіп,оқушылардың да бағалау туралы ойларын қалыптастырып,сыныптағы қарым-қатынасты өзгертуге тырыстым.Егер әрбір мұғалім өз тәжірибесінде осы мәселені шешуге талпынса, онда бұл мәселе шешіледі деп ойлаймын. Мен зерттеуге 4 «Б» сыныбын алдым.Бұл сыныпта 23 оқушы оқиды.Оның ішінде 10 оқушы оқу үздіктері, 8 оқушы екпінділер, ал 5 оқушы қанағаттандырлық.

 

       Мектепке келгенде зерттеуіме оң әсер береді-ау деген кез-келген іс-әрекетіме тыңғылықты дайындала бастадым.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер үйрету модулі бойынша топтық жұмыс арқылы оқушылардың ойлауын дамытуды көздедім.Сондықтан оқушыларыма зaмaн талабына сай білім беріп, жан - жақты дамып білім алуына ықпал ететін мұғалім десем, бұл бағдарлама одан әрі қарай дамып, оқушыларыма осы жүйеде білім беретін болсам, оқушыларымның білім сапасы арта түсетiнін білдім. Бағдарлама мақсаты 7 мoдульдi сaбаққа қалай пайдалану арқылы оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, өз ойлаpын жеткізе алатын, ынталы, сенімді, сыни тұрғыдан ойлау дағдысы жүйелі дамыған оқушыны қалыптастыру болып отыр.Мен бірінші бетпе-бетте алған білімімді іс жүзінде іске асыра бастадым.Осы уақытқа дейін ашық және жарыс сабақтарында топқа бөліп жүретінмін, бірақ сайыс түрде топқа бөліп немесе тек қана аз тапсырма төңірегінде ғана тапсырма беретінмін.Ал бағдарлама бойынша алған білімім бойынша топқа қалай бөлу керектігін,топ ережесін  құрып алу, топқа әр түрлі әдістермен бөлуге болатынын үйрендім.Бірінші күннен бастап санау арқылы, пазлдармен,түстер арқылы, стакандармен,теңгелермен, стикерлермен, 6 қалпақпен   бірнеше топтарға бөлгенде өзіміз де балаша қуанып,көңіл күйіміз көтеріліп қалды.Топтарға бөлу арқылы курс барысында алатын білімдерді бірлесе отырып анықтап,топтар бір- бірімізді бағалауды,АКТ –ны, дарынды мен талантты анықтауды, сын тұрғысынан ойлауды,оқытудың жаңа тәсілдерін, оқытуда басқару мен көшбасшылық туралы,оларды қай жерде қалай пайдалануды үйрендім.   

 Іс-тәжірибе кезінде менің оқыту мен оқуға енгізген ең басты өзгерісім-сабақ жоспары. Сабақ жоспары Блум таксономиясының ойлау деңгейлеріне сай құрылуы.Осы арқылы ойлауға бағыттай алатыныма сенімді болдым.

Дәстүрлі сабақтар мен өзгертілген сабақтардың арасындағы айырмашылықтан байқағаным сабақтағы бағалау кезеңі болды.Оқушылардың бір-бірін бағалауы, топтық бағалау сабаққа деген белсенділіктерін арттыра түсті.

Оқыту үшін бағалауда оқушы өзін-өзі реттеу арқылы өз білім деңгейін бағалайды, білімін жақсартады, сабаққа деген белсенділігі артып, қызығушылығы оянады, өзін-өзі, бірін-бірі бағалауды үйренеді. Мен өз іс-тәжірибемде көбінесе оқушыларды өзін-өзі, бірін-бірі бағалауына баса назар аудардым. Өйткені оқушы өзін-өзі реттей отырып, өз білім деңгейін анықтайды, өз білімін басқалармен салыстыруды үйренеді. Кез келген істі жасағанда соған критерийлер қойып,сол талаптармен өздері бағалайды. Критерийлер жазылған бағалау парағы жұмыс орындарында жатты. Топтар бір -бірін бағалады. Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын,  қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және  түсіндіру үдерісі.(нұсқаулық 106 бет)Бағалаудың топтық үшін де маңызы зор.Өйткені бірін-бірі, сыныптас достарын, қарсылас топты бағалауда оқушылардың ойлау жүйесі де жұмыс атқарады.

Оқушының ойлануына топтық жұмыс қалай әсер етеді?

Топтық оқыту үлгісі педагогикалық үдерісінің бір элементі болып табылады.Топтық жұмыс оқушылардың ұжымдық іс-әрекетінің көрінісі болып табылады, бірлескен оқуға дағдыланады. Сабақ барысында топтық оқыту арқылы зерттелетін оқушылардың сенімділігін арттыру мақсатында А деңгейдегі оқушының өз мүмкіндігін сезіндіріп, көшбашылыққа итермелеуді, В деңгейдегі оқушының А деңгейіне көтерілуіне жол ашуды,С деңгейдегі оқушының өзіне деген сенімін арттыруды көздедім.Іс-әрекетте өзіме зерттеуге алған А,В,С деңгейдегі оқушыларымды анықтап алу үшін мектебіміздің психологімен келісе отырып  сыныптан «Қызығушылық сауалнамасын»  алдым.

Ондағы менің мақсатым: Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын анықтау болды.

Сaуaлнaмa қызығушылықты aнықтaуғa көмектесетін 5 сұрaқтан тұрaды. Әр сұрaққa оқушы «ия» немесе «жоқ», «кейде» деп жауап береді. «Ия» сұрақтарына  1 балл, «жоқ» жауаптарына – 0 балл, «кейде»  1 балл қойылады.Егер сауалнама қорытындысында  5 балл болса ойлау қабілеттіліктерінің даму деңгейі жоғары, 3-4 балл – орташа деңгей, 0-2 балл – төмен деңгей.Сауалнама нәтижесінде көріп отырғандай шығармашылық қабілеттіктері Ерасылда жоғары, Жанеркеде орташа, Алтай төмен. Соның ішінде А,В,С деңгейдегі оқушыларымды өздеріне білдірмей анықтап алдым. Сауалнаманың қорытындысының көрсеткіші мынадай болды. Мектеп психологымен бірлесе отырып А деңгейдегі оқушының білімі жетік, бірақ өзіне деген сенімі төмендеу,  көшбасшылық қасиеті дарыса үлкен жетістікке жететінін шештік. Ал В деңгейдегі оқушы орташа деңгейде бірақ одан әрі ізденсе қазіргісінен  де жоғары жетістіктерге қабілеті бар екені анық болды. С   деңгейдегі оқушы білім деңгейін көтеруге қабілеті бар, бірақ көпшілік ортада өзін сенімсіз ұстайтынын білдім. Мен өзімнің сабақтарымды  осы оқушыларымды белгілі бір нәтижеге жеткізгім келеді, сондықтан топпен жұмыс жасаттырып өзіндік «Менін» танытқым келеді.

      Орал Ерасыл - оқу үздігі,  Айдар Жанерке – оқу екпіндісі, Нақыпбек Алтай – қанағаттандырлық

 

 

 

 Ерасыл дарынды,ақылды, жан-жақты елгезек алғыр оқушы. Ол тек қана сабақта ғана алғырлық танытып қоймай, мектепішілік,аудандық барлық іс-шараларға белсене қатысады, қазақтың «сегіз қырлы,бір сырлы»деген сипаттамаға сай. Барлық сабақтарда қызығушылық танытып, белсенді қатысып отырады, ол мұғалім берген тапсырманы толық орындап, жазып берсе болғаны.

Ал Жанеркеге келетін болсақ,қабілеті жоғары болғанымен, үйде ата-ананың қолдауы болмағаннан ба, өзін әр қырдан көрсете алмайды, бірақ тырысып бағады.Менің ойымша көмекті қажет етеді.Сабақтарда қызығушылық танытпай, өз бетінше отырады. Бірақ мен сабақ сұрасам немесе сұрақ қойсам  жауап береді.

 

Алтай үйдің кенжесі болғандықтан ,ата-ананың біз оны қатты қинамаймыз асықпай үйрене жатар деген сөзі әсер берді ме бірден қабылдап алып кете алмады. Сабаққа деген қызығушылығы болмай, өз бетінше отырады.

        Сыныпта өзімнің басты назарымды жоғарыда аталған оқушылардың іс-әрекеттеріне аудара отырып, тізбектелген сабақтар кезінде топтық жұмыс арқылы оқушылардың өзгеруін анықтауға бар күшімді    жұмсадым.Мұғалім сабақты ұйымдастырушы және құрастыру

шы.Өтілетін жұмыстың мақсатын түсіндіремін.Бұл жерде мен оқушыларыма сабақтың дәстүрлі түрде өткізбейтінімді, сабақ жаңаша өзгертілген түрде өткізетінімді айттым.Оқушыларды сабақты топқа бөліп өткізетінімді оның қаншалықты маңызды екенін түсіндірдім. Мен зерттеуімді бастамас бұрын сыныпта тәртіп болу үшін сендер ережені қалай құрар едіңдер? деген ой салдым, олар сабақта тәртіп болуын, бір-бірінің сөзін тыңдайтынын,шыншыл т,б ойларын айта отырып өздері топ ережесін дайындап сыныпқа іліп қойды Енді оқушыларға топқа жайдан-жай бөлінбейтіндерін түсіндіру  арқылы,әр топқа сабақ барысында өзгертіле отырып тапсырмалар берілетінін айттым. Сол тапсырмаларды бірлесе ынтымақтастықпен, бір-біріне қолдау көрсете отырып білгендерін ортаға салып,бірігіп немесе іштерінен бір көшбасшы шығып отыру керектігін түсіндіріп кеттім.Берілген жұмыстарды орындау барысында қадағалап отыратынымды ескерттім және өзім топтық жұмыстарын бақылап,бәрінің белсене қатысқанын байқап, бағалап, қорытындылап, жіберген қателіктерге көңіл аудардым. Топтық жұмыстың мaңызды мәселелерінің бірі тaлқылaу, тaлдaу жұмысы. Бұл бірнеше сатылардан тұрады. 1саты: Әр топ мүшелері өзінің болжамын, идеясын ортаға салуы. Топ мүшесі сөйлеп жатқанда қалғандары шыдамдылықпен тыңдау қажет.Басқаның идеясына құрметпен қарау керек. Қағазға айтылған болжам, идеялар жазылғаны дұрыс. 2 саты: Әр топта айтылған болжам, идеялардың талқылануы. Бұл жерде бірін бірі тыңдау, болжам, идеяларды қорғау оған келтірілетін дәлел мен дәйектер болу керек.3 саты: Топтық шешімнің талқылануы.Топтық шешім сыни бағалау үрдісінде пайда болады. Тиімді шешім таңдалады.4саты:Топ жұмысының қорытындысы талқыланады. Топтық жұмыстарда оқушылар арасында дәлелді пікірталастар орын  алады. Мұндай  пікірталастарда үлгерімі  нашар оқушы, қабілеті жақсы оқушылардан интербелсенді қарым-қатынас арқылы  білім алады. Әлеуметтік мәдени  теорияның   зерттеушісі  Лев Выготский  айтқандай 

топтық  жұмыстарда  оқушылар  Жақын арада даму  аймағына   кіреді. Сол арқылы  оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы  оянып,  білім алуына  қолайлы  жағдай  жасалады. Бірінші бетпе-бет кезеңіндегі жинақтаған топқа бөлу стратегияларының барлығын да оқушыларға пайдалану арқылы сабақтарымды түрлендіре өткіздім.

Әдебиеттік оқыту пәні бойынша тізбектелген сабақтар топтамасында сыныпта психологиялық ахуал орнатқаннан кейін санату, сабаққа байланысты көкеністер суреті,жәндіктер, құстар деп топтарға бөлдім.Әр топ өздеріне байланысты аттарын жазып қойып отырды.Өткенді пысықтап отырдым онда А деңгейдегі оқушым Ерасыл үнемі қатысып отырса В деңгейдегі оқушым Жанеркеде қызығушылық пайда болып жауап беруге құлшыныс танытып отырды.С деңгейдегі оқушым Алтай топпен жұмыста босқа отырды. Әдебиеттік оқу пәнінен «Қарбыз бен қауын» тақырыбын өткенде санау арқылы топқа бөлініп, әр топ өздеріне топ мүшелерімен келісе отырып топ башысын сайлап алды,сол топ башыларына бағалау парағы таратылды, ондағы мақсат топтағы оқушылар әр тапсырмаға қатысуын қадағалап фишка беріп отырды да сабақ соңында фишкаларды санау арқылы бағасын шығарылса, басқа сабақтарда өзін-өзі бағалау, топтар бір-бірін бағалады.

         Оқытудың сындарлы теориясына негізделген Екінші деңгей бағдарламасы мұғалімнің алдына ең алдымен оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр.Сапалы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының  тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Себебі оқытудағы сындарлы тәсіл бұл үдеріске оқушының  өзінің қатысуын талап етеді.Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «үш көмекші» (Shulman 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 11 бет) Мен мұғалім ретінде жылы шырай танытып,қолдау көрсетіп, ынталандырып сенің мына жұмысың керемет екен, сенің қолыңнан бәрі келеді деп формативті  бағалауды пайдаланып отырдым.Іс-тәжірибеде оқушыларды сыни ойлауға үйрету барысында сабақтарымда сұрақтар қолдану арқылы сөйлеу дағдыларын, ойлауларын дамыттым. Зерттеу кезінде байқағаным сабақта ашық сұрақтар неғұрлым көбірек қойылса , оқушыларға соғұрлым жоғары деңгейде ойлануларына  әсерін тигізеді .Әр сабақта қолданған сұрақтарым

Ертегінің неше түрі болады? Бұл өтілетін ертегі қай ертегіге жатады деп ойлайсыздар? Неліктен? Қауын,қарбыз сөздерін естігенде көз алдарыңызға не елестейді дегенде Ерасыл ертегінің  Халық ертегісі, әдеби ертегі, қиял-ғажайып ертегілері деп бөліп бөліп айтып берді.Бұл сабақта Ерасыл үй тапсырмасын айтып ,топтық жұмысқа қатысып, өз тобында көшбасшы болып тобын бағалады, С деңгейдегі  оқушым Алтайға жаңа тақырыптың мақсаты не деп ойлайсың деп сұрақ қойып едім жауап бере алмады.Алтайдың қасында отырған оқушыға айтқыза отырып сабақтың мақсатын үғындырдым.Оқушыларға сын тұрғысынын ойлаудың БББ стратегиясын  қолдана отырып тақырыпқа байланысты және автор туралы не білетіндерін  кестеге толтыртып жазғыздым,анықтай келе қауын мен қарбыз туралы және автор жөнінде, мәтіннің идеясын білгілері келетіндіктен  жазған.    АКТ – оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруде, сонымен қатар олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретін, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал.(Мұғалімге арналған нұсқаулық.116-бет). Интерактивті тақтадан автор туралы мәлімет берілді.                                              

Қауын мен қарбыз жайлы не білесіңдер деп сұрағанда Ерасыл өз ойын жеткізе білді.Жанерке сен қалай ойлайсың дегенде орнынан әзер тұрып қарбыздың іші қызыл, қауын сары,тәтті болады деп жауап берді.Алтайдан сұрағанда тағы жауап бере алмады. Содан С деңгейдегі  оқушымды бірінші сабағымда сөйлете алмадым.Келесі сабағымда  құстардың суреттері арқылы топқа бөлдім.Ең қызығы С деңгейдегі оқушым Алтай Ерасылдың тобына түсіпті. Ерасылдың көмегімен Алтай өз білгенін постерға жазып тақтаға шыққанда өз ойын жеткізе білді, яғни Алтайда қызығушылық пайда болып, жауап беріп, мені таң қалдырды олай дейтінім топтық жұмыс арқылы Алтайдың ойы кішкен болса да дамыды.Дәстүрлі сабақта үндемей көлеңкеде қалып отыратын Алтай басқа оқушыларды тыңдай отырып өзі де қатысуға ынталанып, қызығушылық танытты.

Соңғы сабақтарымда зерттеуге алған оқушылар өздерін жан жақты көрсете бастады.Ерасыл өзі ғана қатысып қоймай енді айналасындағы балаларға көмек көрсетіп белсенділік танытып отырды.Жанерке осыған дейін үндемей отырып, сұраса ғана жауап беріп отырса жаңа форматты сабақта үй жұмысын дайындап келіп, топтық жұмыстарда белсенділік танытып, постерге өз білгенін түсіріп топпен бірге жауап берді.Алтай автор туралы оның мысалдарының көп екенін айтып өтті.

Ерacыл бaрлық cабақ та белcенділік тaнытaды. Өйткені oл оқушының ой-өрісі жоғары дамыған. Бұpынғыcынaн кішкене бoлca дa aшылa түcті. Үй жұмыстарын орындап, жаңа сабақтың мақсатын ашып, әр тапсырма барысында белсене қатысып отырды. Айналасындағы оқушыларды да өзіне қарата білді, тіпті өзінің көмегін де айамады, әлі келгенше білгендерін түсіндіріп те жатты. Үздіксіз жұмыс жүргізіп отырсаң, ол оқушы дарынды оқушылар қатарына айналады. Әр сaбaқ caйын бaқылaу жүргізу кезеңінде Жанеркенің іс - әрекетіне, oқуғa деген ынтacына көп көңіл бөлдім. Oқушы өте жaуaпты және тәртіпті. Әр сaбaқ сaйын, оқушы ізденіп, толық жауап беруге тырысaды. «Жaқсының жaқсылығын aйт, нұры тaсысын», - демекші, ынталaнғaн оқушыны aлғa тaртып, еңбегін бaғaлaған дұрыс Алтайды жеке бaқылaп oтырдым. Бірінші күнгі сaбaқтa Алтай сaбaққa қaтыспaсa, екінші, үшінші сaбaқтaрдa өзгеріс пaйдa болa бaстaғaнын бaйқaдым. Сaбaқтa сыныптaстaрымен бірге еркін aрaлaсa бaстaды. Алтай өзінің қaбілетін енді көрсетіп келеді. Бaғaлaу бaрыcындa Алтай caбаққa қaтыcып, жaқcы деген бaғаны aлғaнын бaйқaдым.Алтай жүзі бaл – бұл жaнып, қуaныш сезімі бaйқaлды. Сaбaққa қызыққaны сoншaлықты кез – келген тaпсырмaны oрындaғaн сaйын, өз oйын қысқa бoлсa дa жеткізе білді.Сабақтарымда әр өтілген тақырыптарға слайдтар дайындап итерактивті тақтадан көрсетіліп отырды.Авторлар туралы, «Аққу,шортан һәм шаян»тақырыбында үшеуінің суретін көрсете отырып сұрақ жауап әдісін қолдану арқылы мұғалім мен оқушы арасында ашық сұрақтар қойылып, ойлау қабілеттерін дамыттым. «Ара мен шыбын » тақырыбын өткенде психологиялық ахуалдан кейін сынып жәндіктердің суреттері арқылы топқа бөлінді. Алдынғы сабақта үйге мысалдың соңғы шумағы жатталып, бірлікке байланысты эссе жазылу керек болатын оқушылар дайындап келгендерін жатқа айтып, жазған эсселерін оқыды В деңгейдегі Жанерке жатқа айтып, жазған эссесін мәнді де мағыналы, өзінің шамасына қарай жазған екен.Оқушыларға ойланатындай ара, шыбын туралы не білетіндері жайлы білу мақсатында ашық сұрақтар берілді бірақ әр топтың оқушылары, оның ішінде зерттеуге алынған үш оқушымда бар жабық түрде жауап берді. Бірінші топ оқушыларының жабық түрде жауаптарына қанағаттанбай ескерте отырып, толық жауап берулеріне, топтарынан бір спикерге толықтыруын сұрадым.Тақырып бойынша тізбектеліп оқығаннан кейін тапсырмалар арқылы постер жасап, тақтада қорғалды.Сергіту сәті инерактивті тақта арқылы өткізілді.Сабақтың соңында кері байланыс стикерге өздерінің алған білімі жайлы жазылып ілінді.  Менің бaйқaғaным, өзгерген жaңa фoрмaттaғы сaбaқ, бaлa үшін өте тиімді екен.Aтaп aйтсaм, оқушыны еркін ұстaу  ұяң мінезді oқушылaр үшін жaңa тыныс aшқaндaй әсер етті. Тoппен жұмыс кезінде oқушы мүмкіндігіне шектеу қoймaу, өзaрa пікір aлмaстыру, пікірлерін дәлеледету және бағaлaу түрлері сaбaқтың сәтті өтуіне мол әсерін тигізді.

Тaпсырмaлaрды oрындaудa cұрaқ-жaуaп, өлең құрылыcынa тaлдaу, cұхбaт құрaстырудa оқушылaр өз тoптaрымен кеңесіп, cурет-кесте түрінде, тірек- сызбa, бір-біріне сұрaқ қоюы бaлaлaрдың нәтижеге жетуі үшін диaлoгтық қaрым-қaтынас жүзеге aсырылып oтырды. Сaбaқтың тaқырыбынa бaйлaнысты мaғынaны aшу үшін суреттер, сергіту сәтін қолданып отырдым. Оқушыларды топқа бөліп өткізген сабақтарым оқушыларыма ұнады. Әр өткізілген сабақ сaйын cынып оқушылары топқа бөлініп, ауысып отырды Мен ең aлдымен оқушыларға «iшкі уәж» деп аталатын қасиеттердің қалыптасуына жағдай жaсау керек десем, сол кезде оқушылар өздері — өздерін ынталандырып, осыдан кейін оқушыларымда ұмтылыс пен қызығyшылық, құлшыныс, ынта пайда болaды. (Рaйaн мен Деки (2009) «МАН 73 бет»

         Әр тaпсырмa oрындaу бaрысындa әр түрлі ойлaу әрекеттеріне түсулеріне ықпал жасадым. (ойлaу, тaлқылaу.топтaстыру, идеялaрын ұсыну)

Оқушылaр өз oйлaрын нaқты, aшық, еркін білдіре aлaтын болды. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, тaртыншaқтaп отырaтын oқушылaр өз oйлaрын aйтуғa, пікір қосуғa ұмтылa бaстaғaнын  бaйқaдым.С деңгейдегі Алтай  бұрын сaбaқтaрғa  дaйындықсыз келетін, сaбаққa қызығушылығы aз бoлaтын. Ал топтық жұмыс кезінде Алтай  тапсырмаларды орындау кезінде өз пікірін қосып отырғандығын, оның іс-әрекетінен ерекше бір құлшыныс байқадым. Тақырыпты түсіну үшін берілген тапсырмаларды  орындату арқылы оқушының ойлануына, бір-бірімен пікірлесуіне, тапсырманы бірлесіп орындап, топ болып жұмыс істеуіне мүмкіндік туғыздым. Соның арқасында топ мүшелері түгелдей іс-әрекет жасай алды, бос  отыру деген болмады. Мағынаны анықтау  үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады. Зерттеу барысында алынған тақырыпты ашу мақсатында істелінген жұмыстар оңайға соқпады. Себебі, оқуда берілген тапсырманы кеш түсінетін, эмоцияларын басқара алмайтын, өз жауабына сенімсіз, әлеуметтік тұрғыда басқалармен өзара араласа алмайтын оқушылар кездесті. Зерттеудің ауқымды уақытты алатынын сезіндім, бірақ аз да болса оң нәтижелерін бергенін күнделікті бақылауда байқадым. Және де  сабақ барысында ұйымдастырған сергіту сәтін де оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің бірі деп есептеймін. Себебі, бұған дейінгі дәстүрлі сабақтарымызда бұл әдіс ішінара ғана қолданылатын. Ал мен өзімнің мектептегі тәжірибе кезеңінде өткізген тізбектелген сабақтар топтамамда балалардың ойын, бойын сергіту мақсатында сергіту сәтін ұйымдастырғанымда оқушылардың аса қызығушылық танытып, көңіл-күйлері көтеріліп, сабаққа деген құлшынысының артқанын байқадым.

 Және де сабақ барысында сергіту сәтінің ұйымдастырылуын асыға күтіп отыратынын аңдадым.

         Зерттеу нәтижесінде Бағдарламаның  оқыту  мен  оқудағы жаңа тәсілдерінің тиімділігін былайша топтастырдым:

 1.Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады, бірлесіп жұмыс жасайды.

 2. Бір-бірінің пікірін тыңдайды.

 3. Өзін жеке дара тұлға ретінде танып, жауапкершілігі артады. Бір-біріне  құрметпен қарауға ұмтылады. 

4. Өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға, бірін-бірі әділ бағалауға ұмтылады. Мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастырады.

5. Достарының ойын тыңдап, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектеседі.

6. Белсенді шығармашылықты ойлауға, ізденіске негіз қаланады.

Сонда  модульдердің біразын осы топтық жұмыстар арқылы оқыту  тиімді болып келді. Атап айтсам, талантты және дарынды балалармен жұмыс жасау барысында, оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін , оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау  модулімен жұмыс жасау кезінде осы топтық жұмыстар арқылы осы модульдермен жұмыс жасау оңайға түсті.

           Oқушыларының  өзгеpуі,  сыныптың да мектептің өміріне де өзгерістер енгізіледі деген үміттемін, өйткені осы оқушылар мектептің қоғамдық жұмыстарына  белcенділік танытады, зияткерлік сайыстар мен ойындарға қатысып мектепің мәртебесін одан әрі арттыратына сенемін. Әрине, бір айлық практика аралығында  үлкен  нәтижелерге  қол жету мүмкін емес. Бірақ та осы жетістіктерге жету жолында алғашқы қадамдар жасалып, іс-әрекеттер жүргізілуде. Менің ойымша, оқушылардың білім алу, әрекеті ой қозғаудан басталады.Ойлану барысында адам әр нәрсеге өзінің көзқарасын білдіреді. Оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыру және оны тәжірибе жағынан пайдалану өте маңызды үдеріс деп есептеймін. Сабақ барысында оқушылар орындаған тапсырмалардың әдеттегі тапсырмалардан айырмашылығы  оқушылардың сабақ үдерісіне белсенді қатысуы. Жаңа білімді өз бетінше игеріп, ойларын  құрбы-құрдастармен талқылап, қорытынды шығарып, оны қорғап дәлелдейді. Оқушы рөлі орындаушыдан баяндаушы, бақылаушы және де бағалаушыға ауысып отырады. Сабақ оқушылардан тәртіптілік пен таңдауды талап етеді. Я.А.Коменский «Тәртібі жоқ мектеп суы жоқ диірменмен бірдей” деп айтқан. Тәртіпті сақтауда оқу материалын қызықты және байыпты мазмұндаудың маңызы зор. К.Д.Ушинский „сабақта күлкі мен әзіл болуы керек, бірақ сабақты әзілге айналдыруға болмайды” деп ескертті. Жаңа әдістеме бойынша жүргізілген сабақтарда  жаңа  ресурстарды  қолданып отырдым, олар А3 форматындағы қағаздар, маркерлер, кері байланыс  парақтары.Бұл ресурстарды пайдаланған себебі, бірінші «Бетпе -бет» кезінде осы ресурстарды өзіміз қолданып  жұмыс жасадық. Олардың маңыздылығын түсініп, өзімнің тәжірибеме енгіздім Слайдтар флипчарттар, сондай-ақ интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану оқушылардың қызығушылығын оятатынын, және мұғалімдердің көрнекілік мәселесін шешіп беретіні ұнады. Бұдан басқа, сабаққа қажетті кестелер, дидактикалық материалдар, топтық бағалау, критериалды бағалау парақтары, рефлексия жазғызу парақтары жай сөзбен емес, электронды  жазылған түрінде беріліп отырды.Іс-әрекетті зерттеу аясындығы өткізген сабақтарымның барлығын бейнежазбаға түсірдім. Бейнежазбаларды топ ішіндегі жұмыс, зертеуге алынған оқушылардың іс-әрекеті, сыныппен жалпы жұмыс жазып алынды. Осы бағдарлама бойынша oқу барысында мұғалім ретінде менің жұмысымда не өзгерді?

- өзімде өзгеріс болды, яғни oқу және oқытудың жаңа нысанына көшуге деген oң көзқарасым қалыптасты;

-«мұғалім-oқушы» қатынасынан, «oқушы-oқушы» қатынасына көшу қажеттігін  түсіндім;

- сабақ құрылымын жоспарлауым өзгерді;

- көп тыңдап, аз сөйлеуді үйрендім;

- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануды. АКТ -ы сабақта пайдалануды білемін деп  жүрсем де, әлі  білмейтіндерім де  көп екен. Курсқа келіп порталға кіруді үйрендім.  Қашықтықтан оқыту кезеңіндегі интернет арқылы  әріптестеріммен байланыс жасап отырдым

- бағалау жүйесі өзгерді (суммативті бағалауға қарағанда оқыту үшін бағалаудың ролін түсіндім).

- білім  берудегі жаңа әдіс тәсілдерді  меңгердім.

            Бірақ іс-тәжірибеде барлығы оңайға түспеді, әрине қиыншылық пен кедергілер қоса жүрді.Менің өзіме қысқа мерізімді жоспарды құрғанда, Блум токсаномиясына салғанда.Тізбектелген сабақтарымды өткізу кезінде оқушылардың шулап кетуі. Менің өткізген бірінші сабағым кереметтей жетістіктерге жеткен жоқ. Оның себебі жоғарыда айтып кеткендей топқа бөлгенде, ашық сұрақ қойғанда, постер қорғау кезінде оқушылар көп ойланып отырып қалды.Тақтада постерлерін қорғағанда қысқа жауаптар алуым.

          Осындай қызуы да қызықты жұмысымызды басқарып, қазіргі оқу үрдісінің жүрісін талдап, дәстүрлі  болған әдіс-тәсілдерге күмәнмен қаратып, сапалы оқытуды қалай ұйымдастыру қажеттігін ұғындыру барысында бізге жаңа құлшыныс пен тың идеяларды ұсынып тамаша көшбасшы бола білген тренерге  көрсетер құрметім шексіз. Жұмыс тәжірибемде орын алған оң өзгерістерді болашақта да жүйелі түрде тәжірибеме енгіземін. Бойымда жинаған білімді және аз да болса да, бірақ құнды тәжірибемді мектепте   менімен бірге  қызметте жүрген әріптестермен бөлісемін деген ойдамын.  Қорыта келгенде іс-әрекетте зерттеу кезінде тәжірибеде көп нәрсе үйрендім. Алдағы уақытта қиын да қызықты істер күтіп тұр.Іс-әрекеттегі зерттеу алда мектептерімізде біртіндеп жүзеге асырылатын үлкен өзгерістердің баспалдағы деп түсіндім. Oқушының жетістіктері  мен дaму қaрқынынa септігін тигізетін бұл oқыту жүйесін қoлдaнa отырып топтық жұмыс жасау барысында кездескен қиындықтарды шеше отырып, мектептегі қабілетті балаларға ерекше назар аударудың қажеттігін түсіндім. Олардың қызығушылықтарын ояту үшін тапсырмаларды күрделендіріп отыру керек. Топтағы талқылауды ұйымдастыруда және кедергілерді жою мақсатында ынтымақтастық атмосферасын құру қажет, топтарды жүйелі бөлу керек деген ойға келдім. Өйткені «оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғадан да дами түседі, түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларды күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады» (Smith and MacGregor, 1992)

Мен үйрендім:

1.     Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыстың маңызын білдім;

2.     Сабақты Блум таксономиясы арқылы жоспарлауды үйрендім;

3.     Тәлім алушымен дұрыс қарым-қатынаста болып, бірлесіп жұмыс жасауға дағдыландым;

4.     Үш балаға зерттеу жасай отырып, әр балаға ерекше көңіл бөлу керектігіне көз жеткіздім;

5.     АКТ-ны қолдану балалардың қызығушылығын оятатынына көз жеткіздім;

6.     Формативті бағалау оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратынын байқадым;

 Осы нәтижелерім бойынша топтық жұмыс тәсілдерін қолдануда мұғалімдерге мынадай тұжырымдарымды ұсындым:          

 - Сұрақтардың маңыздылығын арттыру, ойлануға уақыт бөлудің қажеттілігін естен шығармау керек.

- Оқушылар пікірлерін тыңдап, олардың рефлексиясын ескеруге көңіл бөлу қажет.

- Кейбір шешімі қиындық тудыратын сұрақтарды жеңілдету үшін әріптестермен пікір алмасу қажет. Оқушылардың жас ерекшеліктерін міндетті түрде ескере отырып,тапсырмаларды дұрыс құрастыру қажет. 

-  Жаңа тақырыпты түсіндіруде оқушылардың тәжірибесіне сүйеніп, өмірден мысалдар келтіре отырып олардың үлкен қызығушылығын тудыру қажет.

 - Оқушылардың қателесу қорқынышынан арылту үшін, алдымен мұғалімнің өзі қателесуден қорықпауы қажет.

 - Оқушылардың тұлға ретіндегі сенімділіктерін арттыру қажет. Оларға сенім артудан тартынбау керек.

     Осы ұсыныстарды айта отырып, мен болашақта өзімнің зерттеу тақырыбым  бойынша  тақырыбымда ( кездескен кемшіліктер мен кедергілерді ескере отырып) әрі қарай жетілдіру үшін болашақта мектебімде жалғастырамын. Мектептегі тәжірибе кезеңінде коучингке қатысқан және басқа да ынта танытып отырған мұғалімдердің тәжірибесіне  осы тәсілдермен, яғни Екінші деңгей бағдарламасы бойынша алған біліміммен  өзгеріс енгізуге көмек беруім керек деген шешімге келдім.

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиет:

1.Мұғалімге арналған  нұсқаулық Екінші  (негізгі) деңгей  «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ,2014

2.Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар  Екінші (негізгі) деңгей  «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ,2014 

3.Мектептегі Іс-әрекетті зерттеу   әдістемеләк құрал.Алматы,2013

Қудайбергенева.К.С

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Іс-әрекеттегі зерттеу бойынша рефлексивті есеп"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер спортивного клуба

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 176 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.01.2017 6233
    • DOCX 2.1 мбайт
    • 140 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сыздыкова Данагуль Бекеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сыздыкова Данагуль Бекеновна
    Сыздыкова Данагуль Бекеновна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16279
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 684 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Музыкальная журналистика: создание и продвижение контента

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление спортивными событиями и организация деятельности в спортивной сфере

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Современные подходы к духовно-нравственному воспитанию дошкольников

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек