Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалы"Әкем, шешем және мен" отбасылық толағай сайыс

"Әкем, шешем және мен" отбасылық толағай сайыс

Скачать материал

 

Бекітілді:                                                             Тексерілді:

Мектеп директоры                                             Директордың оқу ісі

С.Ж.Елеусызов                                                  жөніндегі орынбасары

                                                                            А.С.Султанова

                                                                             

 

 

 

 

 

Толағай (отбасылық сайыс)

Тақырыбы: «Әкем,шешем және мен»

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              

 

 

 

 

                                                                  Ұйымдастырған: Қайратбекқызы Амангүл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018-2019 оқу жылы

Толағай (отбасылық сайыс)

Тақырыбы: «Әкем,шешем және мен»

Мақсаты: тәрбиеленушілер мен ата - аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Міндеті:

Білімділік: тәрбиеленушілерге тәуелсіз ел екенімізді, спортқа деген қызығушылықтарын толықтыра түсу.

Дамытушылық: ата-ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты дамыту, жетілдіру

Тәрбиелілік: патриоттыққа, шапшаңдыққа баулу
Көрнекіліктер: қап, шеңбер, арқан, доп т.б, музыкалық аппаратура, слайд

Жүргізуші:

Барысы:
жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар және тәрбиеленушілер қауымы! Бүгінгі «Денсаулық - әлеуметтік байлықтың негізі» дегендей бүгінгі «Әкем,шешем және мен» толағай отбасылар сайысына қош келдіңіздер!

«Әкем,шешем және мен» толағай  отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын - сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебіміздің   мектепалды даярлық  тобының  тәрбиеленушілер қауымы мен сүйікті де, белсенді ата - аналарының арасында өткізгелі отырмыз.
жүргізуші:
Денсаулық - ол шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық - ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық - ол күлуің
Көңіл - күйің жадырай.
Денсаулық - ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай.
жүргізуші: Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Отбасыларымызды шақырамыз.
1.                                 отбасы
2.                                 отбасы
3.                                 отбасы

4.                                 отбасы

5.                                 отбасы

6.                          отбасы ортаға шақырамыз

 жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын, біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1. Оқу ісінің меңгерушісі – Султанова Айгуль Сембаевна
2. Мектепалды даярлық бірлестігінің жетекшісі – Жиенбаева Сангул Мангазыевна
3. Дене шынықтыру пәні мұғалімі–  Шакеров Ринат О.


Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.

жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата - ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.
 жүргізуші:
Спорт – денсаулық кепілі десек, «Әкем, шешем және мен»толағай отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына атсалысады, екіншіден бағдарламаға қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени мереке сыйлайды.!
 жүргізуші:
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен - тек жоймайық!

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Күшімізді көрсетейік, сынайық!
Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,
Қаймықпай, көңілді болып тарайық!
жүргізуші:
Бүгінгі спорттық сайыс 8 кезеңнен тұрады.
1.  Таныстыру, Таңғы жаттығу

2. «Құлатпай алып өт» сайысы.

3. «Теңбілдоп» сайысы.

4.«Секіртпемен секіру» сайысы.

5.«Сурет салу» сайысы

6.  Қорытынды

 

Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңіздер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіздер!
 жүргізуші: Сайысқа арнайы 3 отбасы қатысады.
Өнер қуып отбасы өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп.
Таныстырып өздерін кетер дейміз.
1 турымыз бірінші бөлімі отбасымен таныстыру
Ал, енді І «Таныстыру» кезеңін бастайық!(топтың атауы, ұраны,эмблемасы)
 Тапсырма: Таныстыру, Таңғы жаттығу, Әр топ өзін таныстырады,жаттығуларын көрсетеді.

Сабырлы да, салмақты әділ-қазыларымыз ұпай сандарын көрсетулерін сұраймыз.

жүргізуші:

 Қалма жұрттың соңында,

Қажет болса мың атта

Аздық етер оныңда,

Жету үшін мұратқа.

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен - тек жоймайық!
Олай болса, екінші турымызға өтеміз.
 

ІІ.«Құлатпай алып өт» сайысы

Шарты: Ата-аналар қолдарын айқастырып, баласын отырғызып, кедергілер арасымен жүгіріп өту керек.  

Нәтижесі: Бірінші келген топ жеңімпаз.

Сабырлы да, салмақты әділ-қазыларымыз ұпай сандарын көрсетулерін сұраймыз.

Жүргізуші:                                                 

ІІІ.  «Теңбілдоп» сайысы
Шарты: Бұл ойында топ мүшелерінің әрқайсысына әр түрлі тапсырма беріледі. Берілген тапсырма бойынша белгіленген межеге ортада құрылған фишкалардың арасымен өтіп жүгіріп барып келуі керек. Ойын кезінде фишкаларды құлатпай,, өту қажет,
1. Футбол добын аяқпен теуіп жүгіру. (бала)
2. Волейбол добын жерге соғып жүгіру. (анасы)
3. Ракеткамен шарикті жоғары серпітіп алып жүгіру (әкесі)

Әділ-қазылар ұпай сандарын көрсетіңіздер.

жүргізуші:

IV.«Секіртпемен секіру» сайысы.

Шарты: 1. Әкесі алдыға аунап, 5 рет секіртпемен секіреді,

2. Анасы алдыға аунап, 5 рет секіртпемен секіреді

3.Баласы жүгіріп барып, қайтып келеді

Нәтижесі: толық істеген отбасына жоғары ұпай беріледі.

Ал,енді әділ-қазылар әділ ұпайларыңызды беріңіздер.

Жүргізуші: келесі сайысымыз 

V. «Сурет салу» сайысы

Шарты:  бала кедергілерден жүгіріп өтіп, қағазды ұстап тұрады. Сосын анасы жүгіріп барып, Отбасына байланысты сурет бастайды, қайтқанда жүгіріп қайтады, әкесі суретті аяқтайды да, орнына жүгіріп бару керек.

Нәтижесі: уақытқа үлгеру, суретті аяқтау, бірінші келген топ жеңімпаз.       

Отбасылардың өнеріне тәнті болып отырған әділ-қазы мүшелері ұпайларыңызды көрсетіңіздер!

Жүргізуші:

Сайыс осымен тәмам. Төреші әділ-қазыларымыз ұпай сандарын есептеп, қай отбасы топтары, топ жарып жеңіске жететіндігін хабарлағанша, барлық қатысушылардың орындауында  «Жаса,Қазақстан!» әнін тамашалаңыздар.

жүргізуші:

 VI. Қорытынды бөлім
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Үйлеріне қайтады, - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі..
жүргізуші:

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші
Құрметті қонақтар!

 Келіп қатысқандарыңызға көп - көп рахмет!!! Жеңізтеріңіз құтты болсын!!!

 

Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулендірейік!

 Салауатты өмір салтын қолдаймыз,

Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.

Денсаулықты жанымызға серік қып

Болашаққа аманат қып жолдаймыз.

Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет!.

 «Әкем,шешем және мен» толағай отбасылық сайыс осымен аяқталды, Сау болыңыздар!!!!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Әкем, шешем және мен" отбасылық толағай сайыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 465 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.11.2018 1664
    • DOCX 35.5 кбайт
    • 24 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қайратбекқызы Амангүл Қайратбек. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 35305
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности учителя-наставника в образовательной организации

Учитель-наставник

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 144 человека из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 502 человека

Курс повышения квалификации

Использование методики Гленна Домана в работе с неговорящими детьми при подготовке к обучению грамоте

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 68 человек

Курс повышения квалификации

Разработка коррекционно-развивающей программы по формированию психологической готовности ребенка к школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 226 человек

Мини-курс

Информационные технологии в науке и бизнесе: от концепции до реализации

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общие понятия и диагностика антивитального поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе