Инфоурок Начальные классы КонспектыКітапша. Тақырыбы: "Диктанттар жинағы"

Кітапша. Тақырыбы: "Диктанттар жинағы"

Скачать материал

Диктант № 4 


Мақсаты:


1) Оқушылардың тоқсан бойынша алған білімдерін тиянақтау.

2) Оқушылардың танымдық білімін, сауаттылығын арттыру, сөздік қорларын молайту.


Достық


Өмірде достар арасында түрлі жағдайлар болады. Бірақ сенімді достар бір–біріне кешірімді келеді. Достықтарын бұзбайды. Достар қиындықтарда бір–біріне көмекке келеді.
 

Қонаққа ең жақын достарыңды шақырасың. Дос сенімен жақсылықта да, жамандықта да бірге болады. (34 сөз)


Тапсырма:



1- нұсқа


2- нұсқа

 


  1. «Момын» сөзіне мағынасы жуық сөздерді жаз.

  2. «Жақсылық» сөзіне сөйлем құрап, сөздердің байланысын тап.

  • Дос туралы мақал -мәтел жаз.



 


  1. «Құрметті» сөзіне мағынасы жуық сөздерді жаз.

  2. «Жамандық» сөзіне сөйлем құрап, сөздердің байланысын тап.

  • Оқу туралы мақал -мәтел жаз.







2.    
тоқсан


Диктант № 5


Мақсаты:


1) Өткен тақырып бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру.

2) Оқушылардың танымдық білімін, сауаттылығын арттыру, сөздік қорларын молайту.


Қызғаныш


Мойнақ көпірден өтіп келе жатты. Аузында тістеген сүйек бар. Ол судағы өзінің көлеңкесін көрді. Көлеңкені басқа күшік деп ойлады. Енді ол сол сүйекке қызықты.

^ Аузындағысын тастап жіберді. Өз сүйегі де су түбіне кетті. (33 сөз)


Тапсырма:


1- нұсқа


2- нұсқа



1. Сүйек сөзіне дыбыстық талдау жаса.

2. Мәтіннен к-г дыбыстарына дауысты дыбыс жалғанғандағы өзгерісі бар сөзді тап.


  • Қарама қарсы мағыналы сөздері бар мақал жаз.





1. Аузы сөзіне дыбыстық талдау жаса.

2. Мәтіннен к-г дыбыстарына дауысты дыбыс жалғанғандағы өзгерісі бар сөзді тап.


  • Айтылуы бір, мағынасы әртүрлі бір сөзге сөйлемдер құрастырып жаз.




Диктант № 6
 


Мақсаты:


1) Оқушылардың тоқсан бойынша алған білімдерін тиянақтау.

2) Оқушылардың танымдық білімін, сауаттылығын арттыру, сөздік қорларын молайту.


Жайлау


Жайлау - қыстаудан алыс жатқан жазғы қоныс. Оның шөбі мол, суы тұнық, ауасы салқын болады. Қыстан арықтап шыққан мал жайлауда тойынады. Адамдар да сергіп қалады, қымыз ішеді. Құрт жасап, ірімшік қайнатады. Еліміздің әр жерінде атақты жайлаулар көп. (36 сөз)


Тапсырма:



1- нұсқа


2- нұсқа



1. Мәтіннен сын есімдерді тауып жаз.

2. Сөз құрамына талда: қыстаудан, адамдар, шөбі.


  • Шөп, адам сөздеріне көптік жалғауын жалға.



1. Мәтіннен зат есімдерді тауып жаз.

2. Сөз құрамына талда: Жайлаулар, қыстан, жазғы.


  • Мал, ірімшік сөздеріне көптік жалғауын жалға.







2.    
тоқсан



Диктант № 7


Мақсаты:


1) Өткен тақырып бойынша оқушылардың білім, білік дағдыларын тексеру.

2) Оқушылардың танымдық білімін, сауаттылығын арттыру, сөздік қорларын молайту.


^ Кемпірқосақтың жеті түсі.


Кемпірқосақтың жеті түсі бар. Олар - қызыл, қызғылтсары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Бұл түстерді жеке арнайы жағдайда ғана көруге болады. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскен кезде жарықтың жеті түсі сынады. Тамшы арасынан кемпірқосақ пайда болады.( 36 сөз)


Тапсырма:


1- нұсқа


2- нұсқа



1. Мәтіннен сын есімдерді тауып жаз.

2 «Күлгін» сөзіне фонетикалық талдау жаса.


  • Бірінші сөйлемді сөз таптарына талда.



1. Мәтіннен сын есімдерді тауып жаз.

2. «Түсі» сөзіне фонетикалық талдау жаса.


  • Соңғы сөйлемді сөз таптарына талда.






Диктант № 8


Мақсаты:


1) Өткен тақырып бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру.

2) Оқушылардың танымдық білімін, сауаттылығын арттыру, сөздік қорларын молайту.


Көктем.


^ Көктем келді. Қыраттың күн беткейіндегі қар ери бастады. Оңтүстіктен жылы жел соқты. Аспанды бұлт торлады. Жаңбыр жиі жауа бастады. Өзенде сең жүрді. 

Жер бетінен ақшыл бу көтерілді. Әр жерден көк шөп көрінді. Ағаш бұтақтарында бүршіктер пайда болды. (37 сөз)


Тапсырма


1- нұсқа


2- нұсқа



1. Сөздерді тасымалдап жаз:

Білімділік, жасырынбақ

2. Мәтіннен сын есімдерді теріп жаз.


  • Төртінші сөйлемді сөз таптарына талда.






  1. Сөздерді тасымалдап жаз:


Кешірімділік, мейірімділік

2. Мәтіннен сын есімдерді теріп жаз.


  • Алтыншы сөйлемді сөз таптарына талда.






Диктанты № 9
 


Мақсаты:


1) Оқушылардың тоқсан бойынша алған білімдерін тиянақтау.

2) Оқушылардың танымдық білімін, сауаттылығын арттыру, сөздік қорларын молайту.


^ Кішкентай көмекші.


Ақан демалысқа атасы мен әжесінің үйіне келді. Атасы - бағбан. Бау- бақша жасыл кілемдей жайнап тұр. Ақан күні бойы атасымен бақта жүреді. Ағаштардың түбін қопсытады. Арам шөптерден арылтады. Атасына бақшаны уақытында суаруға көмектеседі. Ал атасы мен әжесі кішкентай көмекшінің еңбегіне риза. (40 сөз)


Тапсырма


1- нұсқа


2- нұсқа



1. Сын есімдердің тұсына қарсы мағыналы сын есім ойлап жаз.

Арзан – Жақсы -

Ащы - Кең –


2. Мәтіннен етістіктерді тауып жаз.



1 . Сын есімдердің тұсына қарсы мағыналы сын есім ойлап жаз.

ұзын – терең -

ескі - сұйық–


2. Мәтіннен зат есімді тауып жаз.

  •  






^ Мазмұндама және шығарма


Оқушылардың өз ойын жазба тілде тиянақты түрде жеткізуге үйрету мазмұндама, шығарма жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Ауызекі және жазба тілде мазмұндау, шығарма жұмыстары берілген тақырып, тірек сөздер, суреттер, саяхатта көргендері және т.б. бойынша жүргізіледі.
 

Үйрету мақсатындағы мазмұндама жұмысы 2 сыныпта жыл бойына барлығы шамамен 4 рет (әр оқу тоқсаны сайын 1 рет) алынады.
 


^ Мазмұндамаға арналған сөз саны:

2 сыныпта 30-50 сөз.
 

Үйрету мақсатындағы шығарма жұмысы 2 сыныптарда шамамен 3 рет (әрбір сынып сайын I жартыжылдықта – 1 рет, II жартыжылдықта – 2 реттен) алынады.
 

Қазақ тілі пәнінен бақылау жұмыстарының нормасы


Сыныптар


I тоқсан


II тоқсан


III тоқсан


IV тоқсан


Қорытынды бақылау диктант


Мазмұндама


1




1 үйрету мақсатымен


1үйрету мақсатымен


1 үйрету мақсатымен


2


1


1


1


1


3


1


1


1


1


4


1


1


1


1


Шығарма


1






1-үйрету мақсатымен


1- үйрету мақсатымен


2




1




2


3




1




2


4




1




2




І тоқсан

Мазмұндама №1

^ Тақырыбы: Қамалдың қатесі

Мақсаты:
 Мәтін мазмұнын ауызша және жазбаша баяндату арқылы

өзіндік сөйлеу тілін дамыту.

Міндеттері:
 1.Мәтін мазмұнын өз бетімен кеңейтіп жазуға баулу,ойлау 

қабілеттерін дамыту ;
 

2. Оқушының өзінің ойын жазбаша жеткізу арқылы
 

сауаттылығын арттыру.

Қамал мектепке келе жатты. Жолда арық бар еді. Кеше нөсер жауған. Содан арықтың шеті опырылып қалыпты. Қамал аттап өте алмады. Қамал енді ағаштың бұтағына шықты. Ол арықтың бергі шетіне қарай ырғалды. Бұтақ сырт етіп сынып кетті. Қамал суға күмп етті. /40сөз/


Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері:

Арық, нөсер, шеті опырылып, ырғалды.


Мазмұндама жоспары:

1.
 Қамал қайда келе жатты?

2. Жолда не бар еді?

3. Қамал арықтан неге өте алмады?

4. Қамал енді қайда шықты?

5.Ол қарай ырғыды?

6. Бұтақ қайтып сынып кетті?

7. Қамал қайтты?


Мазмұндама №2

Тақырыбы: «Наурызшешек»

Мақсаты:
 Мәтін мазмұнын ауызша және жазбаша баяндату арқылы өзіндік сөйлеу тіліндамыту.

Міндеттері: 1. Мәтін мазмұнын өз бетімен кеңейтіп жазуға баулу, ойлау қабілеттерін дамыту ;
 

2. Оқушының өзінің ойын жазбаша жеткізу арқылы сауаттылығын арттыру.


«Наурызшешек»

Наурыз айында өсетін жапырақты , түрлі-түрлі гүлді, қауашақты әсем өсімдік.

Оны үйде де өсіреді. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. Наурызшешек «Қызыл кітапқа» енген сирек кездесетін бағалы өсімдіктер қатарына жатады. /35 сөз/


Тірек сөздері мен сөз тіркестері:
 Наурызшешек, қауашақты әсем өсімдік, қызыл кітап, бағалы өсімдік.


Жоспары:

1. Әсем өсімдік.

2. Оның дәрілік қасиеті.

3. Наурызшешек түрлері.

4. Сирек кездесетін бағалы өсімдік.
 


Мазмұндама №3
 

Тақырыбы: «Қолғабыс тигіземіз»

Мақсаты:
 Мәтін мазмұнын ауызша және жазбаша баяндату арқылы өзіндік сөйлеу тілін дамыту.

Міндеттері:
 1. Мәтін мазмұнын өз бетімен кеңейтіп жазуға баулу, ойлау қабілеттерін дамыту; 

2. Оқушының өзінің ойын жазбаша жеткізу арқылы сауаттылығын арттыру.


Қолғабыс тигіземіз

Менің анамның аты - Ырсалды. Ол бұрын мәдениет үйінде жұмыс істеген. Қазір кішкентай бөпемен үйде отыр. Бөпемнің аты - Мақпал. Ол әлі бір жасқа да толған жоқ. Менің анам өте еңбек сүйгіш. Ол үйде де тыным таппайды. Кір жуады, сиыр сауады, тамақ пісіреді. Біз осындай жақсы анамызды мақтан тұтамыз. Айтқанын екі етпей орындаймыз. /51сөз/


Тірек сөздер мен сөз тіркестері:
 Мәдениет үйінде, еңбек сүйгіш, тыным таппайды, айтқанын екі етпей орындаймыз.


Жоспары:

1. Менің анам.

2. Оның қызметі.

3. Анам өте еңбек сүйгіш.

4. Анамды мақтан тұтамыз.
 


Мазмұндама № 4

Тақырыбы: «Сақшы сауысқан»

Мақсаты:
 Мәтін мазмұнын ауызша және жазбаша баяндату арқылы өзіндік сөйлеу тілін дамыту.

1. Мәтін мазмұнын өз бетімен кеңейтіп жазуға баулу, ойлау қабілеттерін дамыту
 

2. Оқушының өзінің ойын жазбаша жеткізу арқылы сауаттылығын арттыру.
 


^ Сақшы сауысқан

Ашық жерде бөдене балапандарын жайып жүр еді. Күн жылы. Шөп қалың. Бөденелер алаңсыз.

Қарағайдың бұтағында сауысқан отырған. Ол шықылықтай бастады. Бөдене жан-жағына қарады. Жер бауырлап түлкі келеді екен. Бөденелер ұшып, бұтақтың басына қонды. Түлкі сауысқанға ыза болды.

/38 сөз/


Тірек сөздер мен сөз тіркестері:
 шықылықтай бастады, бауырлап, ыза болды.

Жоспары:

1. Бөдене балапандары.

2. Сақшы сауысқан.

3. Ыза болған түлкі.
 


Шығарма №1

Тақырыбы: «Төрт түлік малдар»

Мақсаты:
 Оқушы өз ойын жүйелей отырып, қоршаған ортасына зерттеу жасайды, ой тұжырымдарын жазбаша жазуға дағдыланады.

Міндеттері:
 1.Тақырыпты ашуда сөздерді дұрыс қолдануы мен сөйлемдердің үйлесімді болуына бағыт-бағдар жасау;

2.Тақырып мазмұнын ашуда мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, өлең жолдарынан үзінділерді дәл тауып, орынды қолдана білуге баулу.


Жоспар:

1. Төрт түлік ата.

2. Жыл мезгілдеріне байланысты малдың қонысы.

3. Төрт түлік малдың пайдасы.

4. Төрт түлік малды бағу-күту.

5. Төрт түлік мал туралы өлеңдер, тыйым сөздер .
 


Шығарма № 2

Тақырыбы: «Қыс қызықтары»

Мақсаты:
 Оқушы өз ойын жүйелей отырып, қоршаған ортасына зерттеу жасайды, ой тұжырымдарын жазбаша жазуға дағдыланады.

Міндеттері:
 1.Тақырыпты ашуда сөздерді дұрыс қолдануы мен сөйлемдердің үйлесімді болуына бағыт-бағдар жасау; 

2.Тақырып мазмұнын ашуда мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, өлең жолдарынан үзінділерді дәл тауып, орынды қолдана білуге баулу.


Жоспар:

1. Қысқы табиғат

2. Қыс мезгілінің өзіндік ерекшеліктері (қар,мұз,боран,аяз,қырау)

3. Қыс жайында айтылған мақал-мәтелдерді,жазылған өлеңдерді,әндерді.

( «Қыс» Абай, «Шырша жыры», «Қылышын сүйретіп,қыс келді»мақал)

4. Қыста ойналатын ойындар.


Шығарма №3

Тақырыбы: «Менің отбасым»

Мақсаты:
 Оқушы өз ойын жүйелей отырып, қоршаған ортасына зерттеу жасайды, ой тұжырымдарын жазбаша жазуға дағдыланады.

Міндеттері: 1.Тақырыпты ашуда сөздерді дұрыс қолдануы мен сөйлемдердің үйлесімді болуына бағыт-бағдар жасау;

2. Тақырып мазмұнын ашуда мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, өлең жолдарынан үзінділерді дәл тауып, орынды қолдана білуге баулу.


Жоспар:

1. Отбасы мүшелері.

2. Отбасы мүшелерінің міндеттері.

3. Сені отбасындағы сыйластық.

4. Отбасындағы ең қымбат адам.

 

І. Сабақтың тақырыбы: Диктант «Жыл мезгілдері»
ІІ. Сабақтың мақсаты: а) білімділік: модуль бойынша өткен лексикалық және грамматикалық тақырыптардан алған білім деңгейлерін тексеру, оқушылардың тілдесім әрекеттерін арттыру, емле мен тыныс белгілері ережелерін сақтап сауатты жазуын арттыру;
ә) дамытушылық: оқушылардың көру, есте сақтау қабілетін дамыту арқылы қазақ сөздерін дұрыс жазуға үйрету;
б) тәрбиелік: бір-біріне бөгет болмай, жазба жұмысын жазудағы тәртіпті қатаң сақтауға баулып, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

ІІІ. Сабақтың түрі: білімді тексеру сабағы (жазба жұмысы)
ІҮ. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, грамматикалық тапсырма
Ү. Сабақтың көрнекілігі: мәтін, тақта
ҮІ. Пәнаралық байланыс: табиғаттану, орыс тілі
ҮІІ. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа сабақ
1. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру.
2. Жазба жұмысының тақырыбын ребус шешу арқылы анықтау.
Ж----жылан
Ы-----ыдыс
Л-----лақ
М----мысық
Е----- есік
З-----зәкір
Г-----гүл
І------із
Л-----лилия гүлі
Д-----доп
Е-----ет
Р-----радио
І-----ілгіш

3. Тақырып бойынша білетіндерін сұрақ-жауап арқылы тексеру.
1. Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
2. Бір мезгілде неше ай бар?
3. Қыс айларын атаңдар.
4. Көктем айларын атаңдар.
5. Жаз айларын атаңдар.
6. Күз айларын атаңдар.
4. Жазба жұмысының мәтінімен таныстыру.

Жыл мезгілдері
Бір жылда төрт мезгіл - көктем, жаз, күз және қыс бар. Көктем айлары – наурыз, сәуір, маусым. Қар наурыз айында ери бастайды. Сәуір айында барлығы көктей бастайды.
Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Жаз маусымнан басталады, қыркүйекке дейін созылады. Шілде - ең ыстық ай. Тамызда кейде жаңбыр жауады.
Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Қазан мен қараша айлары жауынды және салқын болады.
Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыстың ең суық айы – қаңтар. Желтоқсанда күн қысқарып, түн ұзарады.

5. Мәтіннің мазмұнына түсінгендерін анықтау мақсатында қойылатын сұрақтар.
1. Жыл мезгілдерін атаңдар.
2. Қай айда қар ери бастайды?
3. Қай айда барлығы көктей бастайды?
4. Жаз қай айдан қай айға дейін созылады?
5. Қазан мен қараша айларында ауа райы қандай болады?
6. Ең суық ай.
6. Оқушыларға жазба жұмысы барысында қойылатын талаптарды естеріне салу.

1. Мұғалімнің диктантқа байланысты берген тапсырмаларын орындау керек.
2. Сабақ барысында зейін қоя тыңдап, асықпай, қатесіз жазуға тырысу керек.
3. Шала тыңдап, қалай жазу керектігін қасындағылардан, мұғалімнен сұрап, басқаларға кедергі жасамау керек.
4. Таза, ұқыпты жазуды естен шығармау керек.

7. Тілдік дайындық.
1. Қазақ тілінің төл дыбыстарының емлесі.
2. Тәуелдік және септік жалғаулары.

8. Мәтіндегі жаңа сөздермен жұмыс.
Ери, қысқарады, ұзарады.

9. Грамматикалық тапсырма.
Мәтіннен тәуелдіктің ІІІ жағында тұрған сөзді тауып алып септеңдер.

ІІІ. Үйге тапсырма
Өтілген ережелерді қайталау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кітапша. Тақырыбы: "Диктанттар жинағы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по тяжелой атлетике

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2.Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 667 430 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.02.2018 719
    • DOCX 40.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Архабаева Гулхан Жумабековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Архабаева Гулхан Жумабековна
    Архабаева Гулхан Жумабековна
    • На сайте: 6 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7432
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 21 региона

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 560 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 493 человека

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Курс повышения квалификации

Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 525 человек

Мини-курс

Психологическое благополучие и успех в учебе: методы помощи детям на разных этапах развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 205 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 135 человек

Мини-курс

Wildberries: от управления заказами до продвижения товаров

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 26 регионов

Мини-курс

Планирование проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе