Сабақтың
тақырыбы: «Гүл. Тұқым. Жеміс.»
Сабақтың
мақсаттары:
1.Білімділік: Оқушылардың гүл,тұқым,жеміс тарауынан алған білімдерін қайталап,
бір жүйеге келтіріп, қорытындылау.
2.Дамытушылық:Оқушылардың
қосымша деректермен жұмыс істей білуге баулу, шығармашылық қабілеттерін
арттыру,тіл байлығын дамыту.
3.Тәрбиелік:Өсімдік
туралы білімдерін толықтыра отырып,гүлдердің маңызымен таныстырып,оларды
қорғауға тәрбиелеу,көбейтіп өсіруге үйрету.
Сабақ
түрі: Ойын сабақ
Сабақтың
әдісі:Биологиялық диктант,гүлдердің формуласын жазу,тест
жұмысы, «Синквейн құрастыру»,Эссе жазу,Өлең шығару,сүретті ребус құрастыру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
\бағалау парақтары таратылады\
Егер
біздің арамызда ұлы жазушылар мен сазгерлер болса не істер еді? Әрине өлең
жазар еді.
Өттіңіз бе гүлді жинап?
Тағзым
жасап,иіліңіз.
Гүлден
нәзік,әрі ғажап
Еш нәрсе жоқ біліңіз.
«Дайындық»кезеңі
«Көбелек құтқару» ойыны
\сұрақ-жауап.\
1.Өсімдіктің көбею
мүшелері?
2.Гүлдің маңызы
қандай?
3.Аталықтың
құрылысы?
4.Аналықтың
құрылысы,қызметі?
5.Гүлсерік деген
не?
1-кезең:
«Өзіндік құрастыру».
Әр оқушыға
гүлдердің суреттері таратылады,сол гүлдерге қарап жеке ой құрастырады.
2-кезең:.
«Топтық құрастыру».
Оқушылар жұптасып отырып
,тапсырмалар орындайды.
1-топ:
«Синквейн құрастыру»
Сөз:
«Гүл»
1Зат
есім:
2Сын
есім:
3Етістік:
4Сөзді
сөйлем:
5Синоним:
2-топ:Шырынды
құрғақ жемістерді ажыратыңдар.
Шырынды, құрғақ жемістерді
ажыратыңдар?
р\с
|
Жемістер
|
Шырынды
|
Құрғақ
|
1
|
алма
|
|
|
2
|
апельсин
|
|
|
3
|
Грек жаңғағы
|
|
|
4
|
шие
|
|
|
5
|
алхоры
|
|
|
6
|
күнбағыс
|
|
|
7
|
жүзім
|
|
|
8
|
алмұрт
|
|
|
9
|
қызанақ
|
|
|
10
|
қарақат
|
|
|
11
|
картоп
|
|
|
12
|
Емен жаңғағы
|
|
|
13
|
ананас
|
|
|
14
|
інжір
|
|
|
15
|
асбұршақ
|
|
|
16
|
бүлдірген
|
|
|
17
|
құлпынай
|
|
|
18
|
мандарин
|
|
|
19
|
алқа
|
|
|
3-топ:Гүл
туралы өлең шығару.
4-топ:Эссе
жазу; «Менің сүйікті гүлім»
5-топ:
Ой толғау, «Менің сүйікті жемісім»
6-топ:
«Тест жұмысын» орындау.
7-топ:
«Биологиялық диктант» жазады.
Биологиялық диктант
1.Аталық және аналық
жыныс жасушаларының қосылуы ------------------------- деп аталады.
2.Гүлдің көбеюге
қатысатын бөлімдері -------------------------
-----------------------------------.
3.Бір гүлдің
аталық тозанының сол гүлдің аналығының аузына түсуі ------------------------------деп
аталады.
4.Бір гүлдің
аталық тозанының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі
----------------------------------- деп аталады.
5.Бір гүлде аталық
пен аналық болса ол -------------------------
деп аталады.
6.Гүлдің дәл ортасында
---------------------- орналасады.
7.Жәндіктер гүлдің
-------------------------- қоректенеді.
8.Аталық гүлдер
мен аналық гүлдер бір өсімдікте болса
--------------
--------------------- деп аталады.
9.Гүл шығаратын
өркенде белгілі ретпен орналасқан гүлдер жиынтығы ----------------------- деп
аталады.10.Гүл құрылысындағы , гүл бөліктерінің атын бас әріппен белгілеу
-----------------------------------------деп аталады.
8-топ:Берілген
гүлдердің формуласын жазу.
9-топ:Сүретті
ребус құрастыру.
3-кезең:
«Әлеуметтендіру» .
Оқушылар
екі топқа бөлініп, желмен, бұнақденелілермен тозанданатын гүлдердің модельдерін
жасайды, сипаттайды.
4-кезең:
«Жарнамалау» .
Оқушылар
кезектесіп,гүлдің құрылысын жарнамалап, гүл бөліктерін магниттық тақтаға орналастырады.
5-кезең: «Үзіліс».
6. «Ой
түйін»кезеңі.
\Алған
білімге қорытынды жасау.\
-Осы сабаққа дейін
білгенім,
-Нені осы сабақта білдім?
-Нені түсіну
қиынырақ болды?
-Нені әліде білгім
келеді.?
Оқушыларды
бағалау \бағалау парағы арқылы\
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.