Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Классный час на тему Ұлы жеңіске 70 жыл!

Классный час на тему Ұлы жеңіске 70 жыл!



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі

Картинки по запросу ұлы отан соғысы туралы суреттер



АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ



?qa=blob&qa_blobid=17077766365271312206

Ұлы жеңіске 70 жыл!

Дайындаған: жаратылыстану

ғылымдарының магистрі,

физика пәнінің оқытушысы

Алпамышева Қ.О.

Өндірістік оқыту шебері Ақбаев Ж.









2014-2015 оқу жылы

Тәрбие сағатының мақсаты: Студенттерге Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты көрініспен ашылады: (Күй ойнап тұрады)

Автор: 1941 жыл 21 маусым күні-жаздың жаймашуақ күні. Әңгіме-дүкен құрып жүрген құрбы қыздар және көңіл көтеріп ән айтып отырған жігіттер бейнеленеді. Армандары мен мақсаттарын, болашақтарын бірге байланыстырған қос ғашық көше бойлап, қыдырып жүр.

Жігіт:

Ауылдағы анамды тастап арман қуып, оқуға бара алмадым. Елдегі еңбекке де үйреніп қалдық. Сенің бейнең күндіз-түні жадымнан шықпайды. Бас қосып, шаңырақ көтерсек қайтеді?

Қыз:

...не дерімді де білмеймін, менің де өмір бойы сенің жаныңда болғым келеді. Бірақ, ойлануым керек.

Автор: Осындай бақытты сәтті радиодан тараған суық хабар бұзып жібереді.

Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4-те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабул жасамау туралы шартты опасыздықпен бұзып, біздің еліміздің терреториясына басып кірді... (жастардың үрейі ұшып, жүгіргендері бейнеленеді).

1-қыз: Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме? Сұмдық-ай енді қайттық? Күніміз не болар екен?

2-қыз: Қойыңдар жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?


1-азамат:


Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер
Ер басына күн туса, етігімен су кешер – деген бар емес пе, жыламаңдар, жастарыңды тиыңдар!


Бәрі: Отан үшін аттанайық!

1-жүргізуші: Армысыздар қадірменді соғыс ардагерлері, ұстаздар, ата - аналар, студенттер! Бүгінгі 69 топ студенттері ұйымдастырған «Ұлы жеңіске 70 жыл» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Ұлы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары.

2-жүргізуші: Ұлы жеңістің тарихтан алатын орны ерекше. Бүкіл кеңес халқының 20-25 млн-нан астам ержүрек ұлдары мен қыздары құрбан болды. Бұл соғыста миллиондаған әйелдер жесір, балалар әкесіз қалды. Аналар ұлдарынан айырылды, оның құрбандығына шалынбаған отбасы қалмады. Фашистік қарақшылар 1710 қала мен жұмысшы поселкелерін, 70 мың село мен деревняны құртып жіберді. Осы соғысқа Қазақстаннан 1 млн. 800 мың адам қатысса, олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты, хабар ошарсыз кетті. 60 елді қамтыған, 120 миллионға жуық адамға солдат шинелін кигізген мұндай соғыс адамзат тарихында болған емес. 1418 күнге созылған бұл қатерлі айқастағы халқымыздың жанқияр ерлігі мен жеңіс тарихын ешкім де, ешқашан да ұмытпақ емес. Соғыс өрті қашан да ел есінде. Ендеше, соғыс даласында хабар-ошарсыз кеткен, қаза тапқан ер-азаматтарды бір сәт үнсіз еске алайық.

1-жүргізуші: Ұлы Отан соғысы тарихтағы ең қайғылы оқиға болып табылады. Ал, осы соғыс қалай басталған екен?
1933 жылы 30 желтоқсанда Германияның рейхсканцлері болып Адольф Гитлер сайланады. Ол бірден дүниежүзілік соғысқа дайындығын бастайды. Германияда «фашизмді» орнатты. Гитлердің негізгі мақсаты-әлемді жаулап алып, билігін орнату болды. Осы мақсатпен ол 1939 жылы 1 қыркүйекте ІІ Дүниежүзілік соғысты бастады. Ең алғаш соғыс фашистік Германияның Польшаға шабуылынан басталды.

2-жүргізуші: «Фашизм» дегеніміз – диктаторлық билік белгісі. Ең алғаш фашизм 1919 жылы Италияда пайда болған. Оның негізін калаған Бенито Муссолини болды. Ол Гитлердің жақын жақтасы болған. Германиядағы фашизмнің негізін қалаған Адольф Гитлер. 1940 жылы желтоқсан айында КСРО мен фашистік Германия арасында шабуыл жасаспау туралы шартқа қол қойылды. Бірақ, шабуыл жасаспау туралы Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды.

Көркем сөз:

1-студент:

Жүргенімде қуанышпен қамданып,

Керек-жарақ заттарымды қолға алып.

Жиырма екінші сағатында қырық бірдің

Батыстан дауыл соқты долданып.

Таң алдында сағат бесті соққанда,

Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да.

Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау,

Шекараға келіп салды  ойранды.

Осы хабар уақытында алынды,

«Соғысқа» деп дабыл қағылды.

Қуанышты жас жүректі суытып,

Баса қалды лапылдаған жалынды.

2-студент:

Қатық құйып ішкен күнім зереңге,

Елім, сені енді қайтып көрем бе?!

Қайғыменен, жетімдікпен өсіп ем,

Қызықты күн енді көрмей өлем бе?!

Отаныма берген бірақ антым бар,

Дедім сізге: Ал, соғысқа тартыңдар!»

Ұлы Отанды қорғаңыздар аянбай,

Арттарында сізге сенген халқың бар!

Тоқта, достар, тез мін атқа,

Қатерлі ауру сын сағатта.

Батыстан зіл қара бұлт

Төнді айналып Кавказ қартқа.

Қай жан шыдар бұл мазаққа.

Өлім арлы азаматқа.

1-жүргізуші:

Соғыс деген — аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген — төккен ары ұлдың және қыздыі да.
Соғыс деген — Сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген — соғыс деген — зұлымдықтың айнасы.

2-жүргізуші: Отан Ана еліміздің ер азаматтарының қолына қару, бойына қуат беріп, жауға шығарып салды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Келесі кезек көркем сөзде:

«Майданнан хат» (үзінді):

Хат жазамын майданнан,

Мейірімшіл ғазиз-анама

«Жақыным-жарым» дегенмен,

Анаңдай жақын бола ма?

Көңілінде тілек, көзде жас,

Екі қолың жағаңда.

Қасірет шегіп, қан жұтып,

Сарғайдың ба санаға?

Сағынған соң мен ойлап,

жүрегің оттай жана ма?

Ет бауырың елжіреп,

Қайғыра берме балаңа.

Сабырдың суын бере көр,

Жаныңдаға жараңа.

Ажалсыз адам өлмейді.

Мезгілсіз шөлмек сына ма?

Ердің басы ел үшін,

Арыма жаным садаға.

Бұлт жамылып қар төсеп,

Мен жатырмын далада.

«Майданға хат» (үзінді):

Құлыншағым аман ба?

Қолыма тиді сенен хат.

Хабарыңды есітіп,

Қуанып қалды ғаламат.

Күніге тоқсан тілеймін,

Құлыным кел деп саламат.

Жүрегім – жалын, ішім у,

Жанымда ауыр жарақат.

Суретің келді хатыңда,

Шекпен киген жалаңқат.

Ерге лайық бес қару,

Асыныпсың автомат.

Суретіңе қарасам,

Емшегім иіп, сүт тамад.

Көзімнің жасы төгіліп,

Ұйқыдан кетті рахат.

Отаның үшін қарағым,

Арың қымбат жаныңнан.

Бөбектерің аман-сау,

Ас жейді әзір қолымнан.

Ербеңдеген ермегім,

Тастамаймын қолымнан.

Лақ-қозы қайырсам,

Қалмайды сүйем соңымнан.

Жағдайсыз емес келінім,

Оны да көрем бағымнан.

Қайырмайды тілімді,

Жібектей майда жамылған.

Көңілімде алаң жоқ,

Жаны сүйген жарынан.

Уһілеп кейде демалып,

Шығады түтін жалыннан.

Хабарыңды жиі жаз.

Өтпесін көп күн арадан.

Талқандап жауды аман қайт,

Бұлт серпіліп көгімде.

Жазылсын жүрек жарадан!

1-жүргізуші: Келесі кезекте ән «Ана туралы баллада». Орындайтын Нарзулла Асель.

1-жүргізуші: Гитлердің КСРО-ны жаулап алу жоспары «Барбаросса» деп аталды. Ол жоспар бойынша Гитлер КСРО-ны 3-4 айда жаулап аламын деп есептеді. Гитлер шабуылды үш бағытта жүргізді. Бірінші бағыты Украинаға, екінші бағыты Беллорусияға ал үшінші бағыты Мәскеуге шабуылы болды. 

Мәскеу үшін шайқас 1941 жылдың 30 қыркүйекте басталып – 
1941 жылдың 6 желтоқсанында аяқталды.

2-жүргізуші: Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Мәскеу түбіндегі шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316 – атқыштар дивизиясына Мәскеуге апаратын негізгі өзекті жолдың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. 28 танк жоюшылар («28 панфиловшы») тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков «Россия кең – байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» ұранын көтерді. Оның бұл сөзі бүкіл майданға тарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай – ақ Москва қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды. 

Келесі кезекте ән «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген». Орындайтын Аймахан Қуаныш.

1-жүргізуші: Отанымызды қасық қанымен, албырт жанымен қорғаған аты аңызға айналған батырларымыздың ерліктері тарихта мәңгілік сақталып қалды. Кеңес Одағы Батыры атағын алғандар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рақымжан Қошқарбаев, Төлеген Тоқтаров.

1 - студент: Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі –БауыржанМомышұлы. Бауыржан Момышұлы 1910 - жылы 24 желтоқсан Жамбыл облысы, Көлбастау ауылында момын шаруа отбасында дүниеге келген. Соғыс кезінде қолбасшы Рокоссовский лейтенант шеніндегі жап-жас қазақ жігітінің қабілетіне риза болып, полк командирлігіне тағайындаған. Б.Момышұлы соғыскезінде 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланды. Басшалық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылады. Бірақ, атақ кешіктіріле береді. Еңбекқор Б.Момышұлы мойыған жоқ. Ол 37 дәптер күнделік жазған батыр, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазады. «Артымызда Москва» кітабы Кубаның бүкіләлемге белгілі басшысы Фидель Кастроның сүйіп оқитын кітабына айналды. Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысында ұрыс жүргізу әдістері үлгі ретінде қабылданып, Кубаның әскери академиясында оқытылды. Даңқты жауынгер, гвардия полковнигі, хатшы, аты аңызға айналған батыр. Президент жарлығымен қаһарман атанды.


Бауыржан Момышұлы - қара басы,
Халқымыздың болған адам садағасы.
Бауыржан Момышұлы – қазақ деген,
Ғаламат ұлы сөздің баламасы.
Халқындай ол да бағлан, ол да батыр
Халқындай ол да кеніш, ол да тақыл.
Қайыспас қара емендей қайран ерді,
Халқына теңеу мәні сонда жатыр.


2 - студент: Әлия Молдағұлова 1924 - жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданында дүниеге келді. 2 жасында жетім қалып, Әубәкір ағасы тәрбиесінде болды. Содан кейін Санкт-Петербург қаласында балалар үйінде тәрбиеленді. 19-ға толмаған 1943 - жылы Кеңес Одағы батыры атағын алды.


Даламыздың даңқысың,
Балауса гүл Әлия!
Шоқ жұлдыздай жарқырап,
Ағып түскен Әлия!
Мәңгі жасап жерде енді,
Биіксің сен Әлия!
Саған деген еліңнің,
Көңілі шексіз дария.

3 - студент: Мәншүк Мәметова 1922 - жылы 8 - қазан Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауылында дүниеге келді. Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944). Шын есімі Мәнсия. Әкесі Ахмет - дәрігер. Мәншүк дәрігер боламын деген. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді. 1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. 1943 - жылы 15 - қазанда Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты. 21 - жасында Кеңес Одағы батыры болды.

4 - студент: Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов - Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. 1922 жылы 5-тамызда Сарыарқаның кең-байтақ даласында, Ақмола облысының өзен-көлі тасыған, емдік суы атқылаған Майбалық ауылында туған.

Аэроклубта тамаша тәжірибеден өтіп, ұстаздарының оң көзіне түскен талапты жігіт Талғатты 1940 жылы Саратов әскери-авиация мектебіне оқуға жібереді. Ондағы қатаң сұрыптаудан жанарының оты бар жігіт аман-есен өтеді. Саратовтағы ұшқыштар мектебін екі жыл оқып, сержант шенімен бітірген соң, Чкаловтағы бомбалаушы ұшқыштар мектебін аяқтайды.

Ал қан майданға аттанар алдында Ижевск қаласынан «ИЛ-2» штурмовигімен ұшуды үйреніп шығады. Сол күннен бастап әскерилер арасында «ұшқыш танк» деп аталып кеткен «Илюшаға» басы бүтін бауыр басып, 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. 2014 жылғы 9 қарашада Алматы қаласында дүниеден өтті.

5-студент: Рақымжан Қошқарбаев Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы (1999).1924 ж. 19 қазанда Ақмола облысы Ақмола ауданында дүниеге келген. 1942 ж. әскерге алынып, 1944 ж. Фрунзедегі (Бішкек) жаяу әскер училищесін бітірген. 1944 ж. қазан айынан бастап I Белорусь майданындағы 150-Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында взвод басқарып, Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатынасты. Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30-сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды. Рақымжан Қошқарбаев Ұлы Отан соғысында алғашқылардың бірі болып, Берлинде Рейхстагтың үстіне қызыл туды тіккен халық қаһарманы.


6- студент: Еліміздің еркіндігін, ар намысын қорғаған ержүрек перзентеріміздің бірі - Төлеген Тоқтаров. Ол 1920 жылы Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Қарақұдық ауылында дүниеге келген. Төлегеннің ата-анасы ашаршылық жылдарының құрбаны болған. Әкесінің інісі Ғадылқұмар Төлегенді сол кездегі Риддер қаласына алып келеді. Мұнда Төлеген қазақ мектебінде жеті кластық білім алады.

Кішкентай кезінен қиындық қыспағын көріп, ол өте пысық әрі өжет болып өседі.

1938 жылы он жеті жасында сол кездегі ірі кәсіпорын - қорғасын заводына жұмысқа түседі. Ол алғашқы күндерден -ақ өзін қабілетті іскер жас ретінде көрсетеді.

Ұлы Отан соғысы басталғанда әскер қатарына алуын өтінген Төлегеннің өтініші қабылданады.

Төлеген Нагаткино, Соколово, Трошково, Бракловицы, Траково деревнялары үшін болған ұрыстарда ерекше ерлігімен көзге түседі, Төлегеннің бөлімшесі 1942 жылдың 9 акпанында Бородино селосы үшін дұшпанға қарсы ұрыс жүргізді. Бұл ұрыс бірнеше күнге созылды. Даңқты ерлікке толы Бородино үшін болған ұрыста Төлеген қаһармандық ерлік көрсетіп, қаза тапты. Отан гвардияшы Т.Тоқтаровқа Кеңес Одағының батыры атағын беріп, оны ерлігі жоғары бағаланды.

2-жүргізуші: Келесі кезекте ән «Шығыстың қос шынары». Орындайтын Нарзулла Асель.

1-жүргізуші: Келесі кезекте көрініс

Көрініс: «Отан үшін отқа түс»

Автор: Шағын бөлмеде қабырғадағы картаға мұқият қарап, генерал тұрады.

Генерал: Қап! Мына фашист иттің тікендей қадалып тұрғанын қарашы! Соқыр ішектей созылып тұрғанын лағалеттің.

Бауыржан: Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын жолдас генерал!

Генерал: Ах, соғыс, соғыс! Майдан, қырғын арпалыс, қылшылдаған аяз, қасарысқан дұшпан. Осының барлығына шыдау керек.

Бауыржан: Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық емес пе?! Шыдаймыз, жеңеміз жауды!

Генерал: Капитан Момышұлы, сізге батальоныңызбен бірге Москва түбін жаудан азат етуді бұйырамын.

Бауыржан: Құп болады жолдас генерал.

Автор: Мәскеу түбінде Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді.

Соладат: Жолдас генерал баяндауға рұқсат етіңіз. Қызыл армия Москва түбінде Гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл шайқаста Бауыржан Момышұлы басқарған батальон ерліктің тамаша үлгісін көрсетіп, жауды ойсырата жеңді.

Генерал: Капитан Момышұлына және оның ботальонына менің алғысымды жеткізіңіз!

Соладат: Құп болады, жолдас генерал!

Автор:Фашистердің Москва түбінде жеңілуі Ұлы Отан Соғысындағы түбегелі бетбұрыс болды.

Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Біздің халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық ерлігі жеңіспен аяқталады. Бұл жеңіс 20 миллион жерлестеріміздің қанымен, тірілердің табан ет, маңдай терімен келді. Соғыста ерлікпен қаза тапқан қыршын жастарымыздың қаһармандық рухы ұрпақтар есінде мәңгі сақталады!

Автор: Қуаныштан жылап та, күліп те тұрған халықтардың көңіл – күйлері бейнеленеді.

2-жүргізуші: Келесі кезекте ән «Катюша». Орындайтын Нарзулла Асель.

2-жүргізуші: Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 11600 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілсе, оның 497 - сі қазақстандық, оның ішінде 97-сі қазақ. 110 қазақстандық Даңқ орденінің толық иегері.

Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін студенттерге сөз берейік!


Бір бассаң да, алға бас

Өжет елдің жігіті

Өшін алмай шыдар ма?

Кескілескен дұшпанын

Кесіп түспей тынар ма?

Тайынба, жолдас жауынгер,

Ел тағдыры қолыңда!

Тайынбасаң оқ пен от

Бөгет болмас жолыңа!

Халықтың ыза кегінен 

Сауыт киіп сан қабат,

Жай түсер жаудың шебіне,

Жауызды өлтір саңлақ ат!

Қапы қалма, қырылсын!

Өздері қазған орына

Өздері мерт боп жығылсын!

Қасқия шап, қарсы бар

Өмірдің нұрлы таңы үшін!

Бір бассаң да алға бас,

Миллиондардың бағы үшін!

Ленинградтық өренім


Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді,
Бұлағымдай көремін.
……………
Шамы Күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған…
Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!
Жабықпағын Ленинград!
Отан әмір берген шақ.
Сап-сап қол барар
Қорғап сені ол қалар.
Жанышталар айдаһар!
Жата алмаймын төсекте,
Жаным қалай жайланар?
Құс ұйқылы көнемін,
Қайтып ұйқы көремін,
Жетсін деймін сендерге,
Жыл құсындай өлеңім,
Қаласында Лениннің,
Сайып қыран өренім…


Соғыстан қайтқан солдаттар


Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға,
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?
Кешікпей жарым келер деп,
Төрінен сайлап орынды.
Батысқа қарап елеңдеп,
Ару жүр тосып жолыңды.
Көтерді бәрін ауырдың,
Азамат болып арды ақтар.
Көрдің бе жарын арудың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?
Кетерде солдат жарының,
Ішінде қалған ана жыл.
«Көкемді айтпай танырмын», -
Деп бір сәби бала жүр.
Қайрылмай қалай кетесің,
Хабарсыз қалай ол тоқтар?
Көрдің бе оның көкесін,
Соғыстан қайтқан солдаттар?


Майдангерлер

Қан майданның жүректе жарасы бар,

Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.

Арамызда жүретін алшаң басып,

Ардагерлер азайып барасыңдар.

Қастерлейді халқымыз қаһарманын,

Жүр есінде сан жарық, сапарларың.

Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер,

Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың. 

Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,

Жүздеріңде жанған от жарқылы бар.

«Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің,

Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.

Жасқанбаған жауынан жарақты ер,

Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел.

Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ,

Жүздеріңе сендердің қарап білер.

Дарқан мінез, дария ой, дара шыңдар,

Жарқын жүзді, жүрегі ақ, жаны асылдар.

Арамызда жүретін алшаң басып,

Майдангерлер азайып барасыңдар.

Сен құрметте оны

Сен құрметте оны!
    Түсіндін, бе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ,
    Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен ұстап та жүрген жоқ,
Қолтықтағы ұзын таяғын.
Кеше елге қатер төнгенде
Ол жауға қарсы шапты,
Бізді жалмамақ болған ажалды
Өр кеудесімен қақты.
Ол арыстанша алысты,
Өлім соққысын өз үлесіне алды.
Денесін оқ пәршелесе де
Ел намысын қорғап қалды.
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?
Сенің келешегің үшін берді ол
Азаттық, жолында аяғын!

Ардагерлер

Жауыздар жасағанда қастандығын,
Бейбіт елге бір зұлмат басталды күн.
Сұм фашистің тарихтан білеміз ғой,
Қырық бірде соғысты ашқандығын.
Және біздер білеміз қырық бесте
Бас сауғалап олардың қашқандығын.
Жаулап алам деп келіп,
Бабамыздың
Жеңе алмаған рухының асқарлығын.
Отан үшін от кешкен батырлардың,
Ерліктері өшпейтін дастан бүгін.
Даңқтарын олардың тілеймін мен,
Ғасырлардан ғасырға асқандығын.
Байқап тұрсаң сол жылдар келісті кім?
Қазанынан қайғының ел ішті мұң.
Жарылған бомбалардың әсерінен, 
Сорпасы қайнап жатты жер үстінің.
Батыс жақтан бір қауіп төніп келді,
Тарылтам деп Кеңестің кеңістігін.
Ақырында бабалар Берлинді алып,
Біржолата құлатты неміс туын.
Есепсіз ерліктердің арқасында,
Тойлап жүрміз біз бүгін ЖЕҢІС КҮНІН.
Сұм соғыстан аман сау қалған ерлер,
Отан үшін отқа да жанған ерлер,
Бәріңіз де біздерге қымбатсыздар,
Құрметті де қадірлі ардагерлер!!!

1-жүргізуші: Қазақ даласы небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата – бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.

Келесі кезекте шашу биін қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: 1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. Халқымыздың зердесіне 1945 - жылдың 9 - мамыры мәңгілік сақталады, ғасырлар бойы ұмытылмайды. Себебі бұл - Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталған күні. Әлем фашистік құлдық қаупінен азат етілген күн. 9 мамыр — Жеңіс күні.

Келесі кезекте ән «Жаса Қазақстан». Орындайтын Аймахан Қуаныш.

1-жүргізуші:

Ұлы кешке сенген күн,
Фашистерді женген күн.
Ағаларға ерген күн,
Бақыт гүлін терген күн —

деп ақын Қадыр Мырза Али жырлағандай міне бүгін аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенге — 70 жыл.

Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін! Назарларыңызға рахмет!

Келесі кезекте құттықтау сөздерін берейік:




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 25.12.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров84
Номер материала ДВ-286653
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх