Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыКлассный час по теме: "Моя Родина-Казахстан" (1 класс)

Классный час по теме: "Моя Родина-Казахстан" (1 класс)

Скачать материал

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, әртүрлі суреттер

 Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Формасы: тәрбие сағаты
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық  тәрбие беру.

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды дөңгеленте тұрғызып, қонақтарды қарсы алып, тәрбие сағатының тақырыбымен таныстырамын.


Біз бүгін «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз.

 «Менің Отаным-Қазақстан» кітабындағы Елбасының құттықтау сөзімен бастау.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.
- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.


 Кітап мазмұнына шолу жасау.

 

 

Сөзжұмбақ.

1.Қалың ағаш өсетін нулы жер қалай аталады? (орман)
2.Білім ордасы. (мектеп)
3.Мейірімді адам. (ана)
4.Қасиетті тағам. (нан)

Отан деген немене? (топтастыру)

http://kzdocs.docdat.com/pars_docs/refs/25/24824/24824_html_18679831.gif

 









 

- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.

Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
 Сүйемін мен Отанымды,
Гүл жайнаған жерімді.
Сүйемін мен ата - анамды,
Мені өсірген елімді.

Отан деген - Атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, Отан - пана,
Қазақстан - туған ел.

Отанды біз Атамекен,
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.


 

Отанды жас - кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де,
Туып, өмір сүреміз.

Отан - менің өзегім,
Қиының болса төземін.
Алдағы бақыт шақтарды,
Жүрегіммен сеземін.


Отаным - менің өзегім,
Қырыңды шарлап, кеземін.
Білу керек әр ұрпақ,
Бес саусақтай өз елін.

Отаным - мәңгі қорғаным,
Қалаймын бақыт қонғанын.
Сүйемін және сондықтан,
Өзенін, көлін, орманын.

Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің тірегім,
Құшағыңда гүл атам.

 
Ата, Әжем, Әкем, анам -
Төртеуі де «Отан!» маған
Төртеуі де «Ботам» дейді
«Ер азамат атан!» дейді
Мақтанамын Отаныммен,
Отаныма «Ботамын»мен

Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан!
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің, сен Отан!



 

Біз жас ұлан - Отан ана өркені
Үміт артқан болашағы, ертеңі.
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді

Отан дейміз кең - байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Қазақстан - көк байрақты ел едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің мақтанышым, тірегім,
Өзің менің қуанышым, бақытым

Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!
Жас ұландар, берік ұста туыңды,
Жарқыратып туған елдің таңбасын.


Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.
Қазақстан - Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
Мұғалім:- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.

«Отан» деген сөзге кластер құрастыру, берілген сөздерді оқыту.


 

 

Қорытынды:
Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.

Отанға деген құрмет сезіммен еліміздің Әнұранын орындайық.
(Әнұран орындалады.)

Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан.

Сабақтың Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан – тәуелсіз демократиялық мемлекет деген түсінік қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері.

1.Мемлекеттің құрылымы, орны, шекарасы және басқа елдермен достастығы туралы түсіндіру.

2. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, тарихи мәліметтерді саралай отырып, бақылай білу, талдау, қортынды жасай білу, дағдыларын дамыту.

3. Отанымыздың, туған жеріміздің құдіретін ұғындыру, отансүйгіштікке және жауапкершілік сезіміне баулу, патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Әдістері: эвристикалық –ізденушілік, ақпарат құралдарымен жұмыс, талдау, жинақтау, проблемалық.

Оқыту формасы: жеке, ұжымдық.

Көрнекілігі: физикалық карта, буклет, үлестірмелі материалдар, слайд.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, қазақ тілі, музыка.


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі

II. Қызығушылығын ояту. Психологиялық дайындық.

Бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлау үшін тілек айтайық.

Сөзжұмбақ.

1.Қалың ағаш өсетін нулы жер қалай аталады? (орман)

2.Білім ордасы. (мектеп)

3.Мейірімді адам. (ана)

4.Қасиетті тағам. (нан)

Отан деген немене? (топтастыру)


http://kzdocs.docdat.com/pars_docs/refs/25/24824/24824_html_18679831.gif


III. Мағынаны тану.

Ой қозғау.

1.Біздің Президентіміз кім?

2.Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?

3.Қазақстанның астанасын ата.

4. Біз қай елдермен көршілеспіз?

5.Рәміздердің авторларын ата.

Әрбір мемлекеттің рәміздері болады.

Мұғалім баяны. Картамен жұмыс.Қазақстан туралы мағлұмат беру.

Демократиялық –азат, ерікті, тәуелсіз мемлекет.

http://kzdocs.docdat.com/pars_docs/refs/25/24824/24824_html_3b75aebd.gif


IV. Оқулықпен жұмыс.

1.Қазақстан қандай мемлекет?

2.Біздің міндетіміз қандай?

3.Қазақстан қандай елдермен ынтымақтастыққа қол жеткізді?

4. Қазақстан жер аумағы жөнінде не білеміз?

5.Біз қай облыста, ауданда, ауылда тұрамыз?

6.Ауылымызда қандай шаруашылықтар бар?


Сергіту сәті.

Отан әні орындалады.


V. Сандар сыр шертеді.

http://kzdocs.docdat.com/pars_docs/refs/25/24824/24824_html_2d61dfb8.gifhttp://kzdocs.docdat.com/pars_docs/refs/25/24824/24824_html_50dc7352.gif


http://kzdocs.docdat.com/pars_docs/refs/25/24824/24824_html_4e573364.gif

http://kzdocs.docdat.com/pars_docs/refs/25/24824/24824_html_m6c4f9647.gif

http://kzdocs.docdat.com/pars_docs/refs/25/24824/24824_html_m395cf473.gif


VI. Ой толғаныс.

Бес жолды өлең құрастыру.

1.Не? Қазақстан

2. Қандай? Азат,тәуелсіз, демократиялық

3. НЕ істеді? Тәуелсіздігін алды, әлемдік қауымдастыққа танылды.

4. Төрт сөзден тұратын сөйлем: Бірлігі жарасқан –Тәуелсіз Қазақстан

5. Балама сөз: Отан, мемлекет


http://kzdocs.docdat.com/pars_docs/refs/25/24824/24824_html_m441466b5.gif


VII. Қорытынды.

Екі дос туралы әңгіме.

Екі дос кездесіп, әңгіме –дүкен құрды. Біріншісі:Ұйықтап, жүз жылдан соң оянып, елімнің қандай болғанын көрсем ғой) деді. Ал екіншісі тұрып:Мен ұйықтағым келмейді, мен елімнің болашағын өз қолыммен тұрғызғым келеді. деді.

Сұрақтар: Сендер екеуінің жауабының қайсысын қолдар едіңдер?


Егемен елге ақ тілек

VIII. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы:
Менің Отаным - Қазақстан (1 - сынып)
Біздің Отанымыз – Қазақстан (3 - сынып)
Мақсаты: Еліміздің жері, пайдалы қазбалары жөнінде ұғымдарың қалыптастыру. Отаны туралы білімдерін кеңейту; Отан сүйгіштікке баулу; Жан – жақты дамыту;
Сабақтың әдістері: Сұрақ - жауап, топтау, дәлелдеу, сипаттау, жинақтау
Сабақтың көрнекілігі: Сөз жұмбақ, кесте, суреттер, интерактивті тақта
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту
Сабақ барысы
I. КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ.
Бағдарлау - мотивациялық кезең
«Қызықты ұйқастар» шешу арқылы білімімізді қорытындылаймыз.
«Қызықты ұйқастар»
1. Өрмекші құрды тұзақ
Менің ұлтым... /қазақ/
2. Аман болсын қарттар
Суықты болар.../қаңтар/
3. Құт - береке жауғыз,
Келе жатқан.../наурыз/
4. Ашытылған қамыр
Мерекелі... /мамыр/
5. Суда жүзер сазан
Айдың бірі... /қазан/
6. Биіктеуде жас қала,
Бас қаламыз... /Астана/
7. Менің досым салмақты
Бұрынғы астанамыз.../Алматы/
8. Партаның бетін жырма
Күзде басталады.../қырман/
9. Тынықтырар түн
Қуаныш сыйлар.../күн/
- Шешілген қазақ, қаңтар, наурыз, мамыр, қазан, Астана, Алматы, қырман, күн сөзінің әрқайсысына сәйкес үй тапсырмасы бойынша білімдері бекітіледі.
Мысалы: Қаңтар айында қандай мереке бар? Наурыз айында ше? Т. б.
- Ұйқастарды шешу барысында қандай сөзді шығарып алдық?
-«Қазақстан»
- Ендеше «Біздің Отанымыз - Қазақстан» атты жаңа сабағымызды бастаймыз.
1. Өткен күн.
Баяғыда көп жылдар бұрын 15 республика бірігіп, Кеңес Одағында өмір сүрді. Олар тату, бірлік қарым – қатынаста болды. Уақыт өте әр республика өздері тәуелсіз ел болғысы келді. Сөйтіп біздің Отанымыз – Қазақстан да 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды.
Кеңес одағының құрамына кірген елдер (картадан көрсетіледі)
2.«Елдер достығы» /картамен жұмыс/
Бүгінгі таңда Қазақстан осы елдердің барлығымен достық қарым - қатынаста. Осы елдерді картадан іздеп көрелік.
Қазақстан ұлан байтақ жері бар, пайдалы қазбаларға бай мемлекеттің бірі. Он төрт облысы бар.
ІІ. Сараланған бөлім.
Операциялық - орындаушылық кезең.
1. Суретпен жұмыс.
2. Оқулықтан тыс жұмыс.
Ақтөбе қаласы бойынша төмендегідей негізгі өнеркәсіп өнімдері өндіріледі:
Мұнай
Ілеспе газ
Хром рудасы
Ферро қорытпа
Ақтөбе облысы бойынша мынадай кен байлықтары бар:
Никель
Мыс
Мұнай
Конденсат
Хромит рудасы
Алтын
Асбест
Фосфорит
3. Оқулықпен жұмыс.
«Менің Отаным - Қазақстан» мәтінін оқушылар оқиды және түсінгенін айтады. Мұғалім мәтінді оқу барысында қосымша мағлұматтар беріп отырады.
4. Дәптермен жұмыс.
Қазақстан мемлекетімен шекаралас елдер:
Ресей
Түрікменстан
Өзбекстан
Қырғызстан
Қытай
ІІІ. Кіріктірілген бөлім. Рефлексиялық - бағалау кезеңі.
Сын тұрғысынан сұрақтарға жауап беру (иә, жоқ)
1. Қазақстан жері кең байтақ
2. Қазақстан 5 мемлекетпен шектескен
3. Астанасы – Алматы
4. Ұлты қазақ
5. Пайдалы қазбаларға өте бай
6. Өсімдіктер әлемі алуан түрлі
7. Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық - өзендер
8. Ту, Елтаңба, Әнұран еліміздің рәміздері
9. Мемлекеттік тіл – орыс тілі
10. Менің Отаным – Қазақстан
Отанға деген құрмет сезіммен еліміздің Әнұранын орындайық.
(Әнұран орындалады.)
Бағалау.
Үйге тапсырма: «Менің Отаным - Қазақстан», «Біздің Отанымыз - Қазақстан».
Мазмұнын айту

Кері қайту

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Классный час по теме: "Моя Родина-Казахстан" (1 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор школы

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 236 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.09.2015 774
    • DOCX 49 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ернисова Асель Ернискызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ернисова Асель Ернискызы
    Ернисова Асель Ернискызы
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 3259
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 335 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 271 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 597 человек

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Мини-курс

Психология личности: свойства и характеристики личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 27 регионов

Мини-курс

Основы финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе