Тақырыбы : Квадрат теңдеу
Сыныбы : 8
Мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың «Квадрат теңдеулер» тақырыбы бойынша білім, білік, дағдыларын
жүйелеу;
Дамытушылық:
Оқушылардың ой өрісін кеңейту, математикаға деген қызығушылығын, белсенділігін
арттыру; есептеу дағдысын жетілдіру, танымдық қызығушылығын дамыту;
Тәрбиелік:
Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, тез ойлап, тез қорытуға және
сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
Түрі : Аралас
сабақ
Типі : Білімді
шолу, жүйелеу.
Әдістер: Интерактивті
әдіс-тәсілдер.
І.Ұйымдастыру
бөлімі.3 мин
Бүгінгі сабақта
топ-топпен жұмыс жасаймыз. Жұмыс барысында алдынғы сабақта қабылданған топ
ережелерін сақтаймыз.
Топқа
бөлу.Сыныптағы оқушыларды «Шаңырақ» арқылы
топқа бөлу. Топтарға әр түрлі фигуралар (үшбұрыш, шеңбер, квадрат) ұсынылады,
сол арқылы топтасып отырады.
І топ (үшбұрыш)
ІІ топ (шеңбер)
ІІІ топ (квадрат)
ІІ. «Үй тапсырмасын тексеру»2 мин
0
1.Алған білімдерін жан- жақты
тексеру. 7 мин
1.1 Ауызша есеп «Шар»1 мин
1.2 Теориясын бекіту «Құс әуеге
қалықтайды» 5 мин
1.3 Ажырата білу «Қатесін тап!» 1 мин
ІІІ. Ой
қозғау. (Теориялық білімдерін саралау)10 мин
Өткен тақырыптар
бойынша теориялық материалды қайталау үшін әр топ берілген тапсырмаларды
орындау керек . Оқулықпен жұмыс № 139. Тақтамен жұмыс.
Сергіту сәті: «Ауадағы жазулар»2 мин
ІV
Шығармашылық есеп (3-топқа) Тапсырманың жауабын кластер түрінде
көрсету керек.
5 мин
В) Екі
санның арифметикалық ортасы 7-ге, ал квадраттарының айырымы 56-ға тең. Осы екі
санның квадраттарының қосындысын тап.
Шешуі:
ІV. Мақалдардың жалғасын тауып, астында
берілген тапсырманы орында.5 мин
1 топ «Жеті
жұрттың тілін біл, …………». (жеті түрлі білім біл)
2 топ «Отыз
тістен шыққан сөз,……….».(отыз рулы елге тарайды)
3 топ «Жалқаудың
екі досы бар,……….».(бірі ұйқы,
бірі күлкі)
Рефлексия
1 мин
• Шеңбер-осы
фигураның ішіндегі өте мейірімді,басқаның қайғысын,қуанышын бөлуге даяр
тұратындар
• Үшбұрыш
- өте еңбекқор,төзімді,өз жұмысының шебері
• Шаршы
- көшбасшылық қабілеті басым адамдар
V
.Қорытынды: (қарлы кесек стратегиясы) 6 мин
VІ.Үйге
тапсырма 1 мин
№137,138
В-тобы
VІІ. Кері
байланыс.Бағалау.3 мин
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.