Ортаңғы
«Құлыншақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Тәрбиеші: Базаркуль
Нурмукановна Актубекова.
«Коммуникация» білім
беру саласының
ұйымдастырылған оқу қызметі «Көркем әдебиет»
Өтпелі тақырып: «Мен
және қоршаған орта»
Тақырыбы: Қ.Байзақов «Сыйлап сәлем береміз»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Үлкендермен сыйластық
қарым-қатынасты бағалауға сыйластық сезімдерін тәрбиелеу
Дамытушылық: Балаларды қоршаған ортамен
байланыс-та болып, шығармалар арқылы тіл байлығын арттыру.
Оқыту:
Ертегінің мазмұнын ретімен айта білуге, өз ойын түсіндіре білуге үйрету
Педагогикалық
технологиялар: АКТ, ойын технологиясы
Ресурстармен
қамтамасыз ету: Суреттер, карточкалар, слайд
Билингвалдық
компонент: Сыйлау-уважение
Ұйымдастырылған
оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық
кезеңі:
Тақпақ оқу.
Көшелерден
біз өткен
Ата
көрсем,
Жақын
кеп,
Сәлем
берем ізетпен:
“Ассалаумағалейкум!”,
- деп.
Алдан
әже жолықса,
Бөгелем
де әдейілеп
Сәлемдесем
сол тұста:
“Есенсіз
бе, әжей!”, - деп.
Кім
кезіксе көшеде,
Таныс
емес демеймін.
Аға,
тәте, көкеге,
“Сәлеметсіз
бе!”, - деймін.
2.Негізгі бөлім:
Суретпен жұмыс.
Сәлемдесу
түрлері: Амансыз ба ,Сәлем, Сәлеметсіз бе, Ассалаумағалейкум, Қайырлы таң,
Қайырлы күн. Қазақ тәрбиені амандасудан,есен-сау сұрасудан бастаған
Жалпы
сәлемдесу мәдениеттің сырт көрінісі болып көрінгенмен, адамның ішкі мәдениетін
де біраз көтеріп тастайды.”Сәлеміңнен жаңылма”,”Сәлемің дұрыс болсын” деген
талаптың өзі-ақ сәлемдесу мәдениетінің, адамгершіліктің белгісі екендігін
анықтап тұрғандай.
Сергіту сәті.
Ал,
балалар тұрайық
Алақанды
соғайық,
Бір
отырып, бір тұрып.
Біз
тынығып алайық.
Қ.Байзақов «Сыйлап сәлем береміз» шығармасын оқып,
талдау.
Мақал-мәтел жату.
Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.
3.Қорытынды
Балаларды
мақтап, мадақтау.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.