Инфоурок Химия КонспектыКонспект урока по химии на тему: "Тұрмыс химиясы, оған байланысты есептеулер мен жаттығулар" (10класс)

Конспект урока по химии на тему: "Тұрмыс химиясы, оған байланысты есептеулер мен жаттығулар" (10класс)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Тұрмыс  химиясы, оған байланысты есептеулер                                                                                                                  жаттығулар.

 Сабақтың  мақсаты:   1  Білімділік.  Оқушыларға   тұрмыста                                                            қолданылатың  заттардың химиялық заттар                                                     екендігін ұғындыру.

 2 Дамытушылық:   Оқушылардың дүниетанымын, ойлау, салыстыру,                                                    жинақтап қорыта білу  дағдыларын дамыту.

 3 Тәрбиелік. Оқушылардың химиядан алған білімдерін пайдалана                                     отырып күнделікті өмірмен  байланыстыра білуге тәрбиелеу.

  Көрнекілік: Суреттер, Әктас, есеп,көмір,бенгал оты,су,жұмыртқа,

  Сабақтың  түрі:  сыныптан тыс жұмыс.

  Сабақ барысы:  1. Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы, мақсаты тақтадан

                                        көрсетіледі.                                                                                                                            2 Әр оқушы өзіне берілген хабарламаны ортаға

                                       салады.                                                                                

   1-мұғалім: Ерте заманнан бері адамдар күнделікті тұрмысында химиялық  құбылыстармен  кездесіп отырады. Қоршаған орта көптеген химиялық реакциялардан тұрады. Шын мәнінде, оны көптеген адамдар аңғара бермейді, жай қалыпты табиғат құбылысы деп түсінеді.Шындығында да, табиғатта жүріп жатқан әрбір құбылыстың артыңда химиялық мәні зор реакциялар бар. Атап айтсақ, күнделікті ағаштың, көмірдің жануы. Бұл химиялық құбылысқа ешкім де көңіл аудармайды, себебі көзді ашып өмірге келгелі бері, көргеніміз жану үрдісі, сондықтан оган назар аудармай көмір, ағаш жанғанда жылу мен жарық бөлінеді дейміз де қоямыз.Ал бұл үрдіске химиялық көзбен қарасақ, онда жану  деген химиялық құбылыс,оттек қатысыңда жүреді, бірақ заттың бәрі жанбайды. « Әрбір жанатын заттың тұтану нүктесі болады»-деген мәліметтерге көңіл аудару керек. Тұрмыста кең  қолданылатың, химиялық жолмен жасалынған немесе химия ғылымына қатысы бар біраз заттарға химиялық көзбен қарайық.

  2-оқушы. Көмір. Жер қыртысында миллиондаған жылдар нәтижесінде пайда болатын көміртек элементінің түр өзгерісі. Көмірдің тіршілік барысындағы маңызды қасиеті жанатындығы, жанған кезде жылу бөлетіндігі. Адамзат баласы осы жылудың нәтижесінде қазірге дейін тіршілік етіп келеді. Химия ғылымында «түссіз көмір», «сары көмір», «жасыл көмір», «көк көмір»,»көгілдір көмір»,»қызыл көмір» деген түсініктер бар. Ол не дейсің ғой?

«Түссіз көмір»-газ, «сары көмір»-күн энергиясы, «жасыл көмір»- өсімдік тектес отындар, «көк көмір»-теңіздің көтерілуі мен қайтуы кезіндегі  энергия, «көгілдір көмір»-желдің күші, «қызыл көмір»-жанартау энергиясы. Көмірдің тағы бір түрі антрацит көмірі, тығыздығы жоғары, көмір құрамында 95% көміртек бар,отын ретінде қолданылады.

  3-оқушы. От. Жану үрдісін адамзат баласы ерте кезден пайдаланады. Отқа байланысты химия ғылымында көптеген түсініктер бар. Олар «батпақ оты»-батпақта не бейіттерде кездесетін органикалық заттардың шіруі нәтижесінде жаңғыш газдардың (силан, фосфин) жануы.

   «Бенгал оты»-бертолле тұзы, қант, стронций тұзы қоспасы. Ашық жалынмен түрлі түске боялып жанады. Түсті стронций тұзы қызыл, барий не мыс тұзы      жасыл, литий тұзы қызыл  қосылса өздеріне тән түске боялады.

    «Эльма оты»- заттың ұшында пайда болатын электр заряды. Ол найзағай ойнағанда пайда болады. Атауы Италияның Эльма қаласындағы  шіркеуде пайда  болуына байланысты  қойылған.

   Мұғалім: Ал енді балалар, көмір мен жануға байланысты мынадай есепті шығарындар.

Есеп.  Тас көмірдің құрамы: массасы бойынша С-84%, S-3.5%,Н-7%,1.5%     жанбайтын қоспа және 4% су бар. 1кг отынды жағу үшін,қанша литр оттек(қ.ж) қажет.

      4-оқушы. Ата- бабаларымыз су туралы, оның қасиеттері туралы ертеден-ақ пайымдаған. Суға байланысты табиғатта немесе адам  ағзасында жүретін құбылыстарды да қазақтар ерте кезден білді. Суда тұз  еритінін біліп,оларды  тамаққа пайдаланды. Судың температурасы жоғарылағанда, ерігіштің күшейетінін, салқын суда майлы зат ерімейтінін, ал қайнаған суда ыдыс не кір жуса, тез кететінін білді.

  Мұғалім үй  тапсырмасын сурауда. Тор цеткаға су құйып алып келу.

   5-оқушы.  Ал   балалар, назарларыңды тақтаға аударыңдар.

    Айгерім химия сабағында ерітінділердің   проценттік  концентрациясына  есептеулерді меңгерген соң фармацевт боламын деп шешті. Сойтіп үйдегі аптечкадағы 3%-тік сутек асқын  тотығының ерітіндісін өзі жасап көрмек болды. Ол үшін, спирттің босаған ыдысын дистильденген  сумен шайып тастап, оған төрт гидроперит  таблеткасын салды (оның әрқайсысының салмағы 0,75мл). Оның үстіне 97мл дистильденген суды өлшеп алып, ыдысқа құйып, қақпағын тығыз етіп жапты.

    Сеңдер қалай ойлайсыңдар, Айгерім сутегінің асқан тотығының 3%-тік ерітіндісін дұрыс алды ма?

   Бір оқушы шығып, дұрыс алғаңдығын  дәлелдейді.

   0,75*4=3гр. W=m(еріген зат)                

                                m (ерітінді)  100%         W=3гр*100%=3%                        

                                                                                100гр

 

    Есеп-1.  Жарақатты зарарсыздандыру үшін йод ерітіндісі қолданылады, бұл йодтың  спирттегі 10%-тік ерітіндісі. 200г йод  ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм йод және спирт қажет?

Есеп-2. Тұздың 100гр 20%-тік  ерітіндісімен 50гр 32%-тік ерітіндісі  араластырылады. Алынған ерітіндідегі  заттың массалық үлесі қандай.

  Мұғалім. Әктас. Кальций оксиді мен гидроксидінің негізінде алынатын  қосылыстар. Сөндірілген және сөндірілмеген хлорлы  әктастар болады. Құрылыс материалында, тері илеу өндірісіңде, суды  тазалау үшін қолданылады.

6-оқушы. СаО -ақ түсті қиын балқитын зат. Техникада оны «сөндірілмеген әк» деп атайды. Оны әктасты жоғары температурада (1000С шам) қыздырып, ыдырату арқылы алады:

            СаСО3== СаО+СО2

   СаО-нағыз негіздік оксид. Са сілтілік жер меттал болғандықтан, оның оксиді сумен оңай әректтесіп кальций гидроксидін, яғни сілтісін түзеді:

           СаО+Н2О=Са(ОН)2+70кДж.

   Бұл реакция өте қуатты жүреді, су бұрқылдап «қайнап» жатады, тіпті біразы буланады. Нәтижесінде, сөндірілген әк деп аталатын көпсіген кеуек ақ ұнтақ түзіледі. (тәжирибе көрсетіледі)

Назарларыңды тақтаға аударындар.

  Мұғалім. Құс  жұмыртқасының қабығы кальций карбонатынан тұрады.

   

   Әрбір жұмыртқа  қабығында 10гр. кальций  карбонаты бар. Егер тауық жылына 220 рет жұмыртқаласа және сіздің үйіңізде 5 тауық болса, кальций карбонатының орнын толтыру үшін жеммен бірге қанша бор қажет.

   М (СаСО3)=100г/моль

   100г СаСО3-те    40г(Са)*

   10г            -          х                 х=10*40г=4г(Са)

                                                         100г                

     х=4г(Са) жоғалтады.

     Яғни әр тауық жылына 220*4=880г Са -ді жоғалтады. Бордың бір жылға қажет қоры 10гр. 220*5=11000гр.немесе 11кг.

                                                         Жауабы .11кг.

   

   Мұғалім. Гипс. Кальций сульфатының (СаSО42О)   сулы тұзы  170С қыздырғанда сусызданып, алебастрға айналады.   

    7-оқушы.  Кальций тұздарының құрылыста   үлкен маңызы бар.Олардың сумен химиялық байланысып, кристалгидраттар түзетін қабілетін кеңінен пайдаланады. Мәселен, табиғи гипсті СаSО4-2Н2О өртегенде,өзінің кристалдық  суының біразын жоғалтып, алебастрға айналады.

        СаSО4  2Н2О=СаSО4   0,5Н2О+ 1,5Н2О

    Алебастр ұнтағын сумен араластырғанда кері реакция жүріп,қайтадан гипс түзіп қатаяды. Гипстің бұл қасиетін  тек құрылыста қолданып қоймайды,әшекейлік бедер, статуэткалар жасағанда және  медицинада  пайдаланады.                                                                            

 Мұғалім. 1. Жай «А» заты сумен белсенді  әрекеттесіп, »Б» және «В» газы түзіледі.   2. «А» заты қышқылымен әрекеттесіп, «В» газы түзіледі.3.«Б» заты қышқылмен әрекеттесіп, жалынды қызыл-кірпіш түске бояйтын, медицинада қолданылатын тұз түзіледі

   Белгісіз А,Б,В затын тап.

  Оқушылар тақтаға шығып сызбаны жүзеге асырады.

    А-заты Са,  Б-заты Са(ОН)  В-заты Н медицинада қолданылатын тұз                          СаSО4

    Са+2Н2О аН)22

    Са+2НСI—СаСI22                      Са(ОН)22SО4- СаSО4+2Н2О

   8-оқушы. Бетон. Құрылыс материалы. Қазіргі заманғы құрылысты бетонсыз     көз алдымызға  елестету мүмкін емес. Бетон  табиғаттағы тастың орнын  алмастырады. Бетон жабысқақ ұнтақ заттардың қиыршық тас, күлмен қоспасы, құрамында 10-15% цемент кездеседі. Бетонның арасында темір (арматура) қосса темірбетон шығады.

  9-оқушы. Цемент. Латынша «қиыршық тас»  деген мағына береді. Цемент-бейорганикалық жабысқақ ұнтақ заттар түрінен сумен қосқанда қатайып, қатты формаға айналатын зат. Оны химиялық құрамы жағынан кальцийдің силикаты мен алюминаты немесе құрамында SIО2 көп құмға әктас және шлакты қосып 1450С қыздыру арқылы алады.

   Ал балалар, мына сұраққа жауап беріп көріңдер.

   Кеуекті жылу сақтайтын қасиеті жоғары  бетон алу үшін, бетон дайындайтын қоспаға алюминий пудрасын қосады. Қандай реакция негізінде газ бөлінеді?

  Оқушы жауабы: бетонның құрамында цемент бар, оның құрамында әктас кіретін болғандықтан одан Са(ОН)2, ал ол АI2О3-пен әрекеттескеде алюминий сыртқы  жұқа қабыршығынан  айрылады да,ол бірден сумен әрекеттесіп сутек бөлінеді     

2АI+6Н2О-- 2АI(ОН)3+3Н2

  Ал бөлінген сутек цемент «қамырын» қопсытып, соның әсерінен кеуекті бетон түзіледі.

   Назарларыңызды тағы да тақтаға аударыңдар.

   Химияның негізгі міңдеті қалдықсыз экологиялық  таза өнім алу.

    Мен осыны тұрмыс химиясында қалай  жүзеге асырудамын.

          Босап қалған жұмыртқаның

          Қабығын тек  тастама,

          Суға салып, аузын жауып,

          Қойып қойғын көп күнге.

                                                                   Аузын ашып иісінен

                                                                   Шошымағын оқушыларым,

                                                                   Белгісі ғой дайын болған

                                                                   Тыңайтқышың үйдегі.

  Ал айтыңдаршы оқушылар, бұл арқылы өсімдік қай элементті тыңайтқыш ретіңде сіңіреді?

  Оқушы жауабы: жұмыртқаның босаған қабығындағы қалған заттар сулы ортада ақуызға тән шіри бастады. Бұл шіруді «аммонификация» деп атайды.

  Шірігенде азот аммиакқа, одан аммоний ионына айналып, ол өсімдікке сіңеді. Олай болса бұл сұйық тыңайтқыштың құрамында азот бар. Ал жағымсыз иістің шығыу, аммиак пен күкіртсутек түзілуінен.

   Келесі тапсырма.   Ұлы Отан  соғысында және соғыстан кейін сабын  тапшы болды. Әйелдер шашын ағаш күлінің сүзіп тұнбасымен жуды. Бұл әдісті әсіресе   құдық суын пайдалатыңдар қолдаңды.

    Сұрақ: бұны химиялық жағынан қалай түсіңдіресіңдер?

   Оқушы жауабы:  Себебі күлдің құрамында К2СО3 бар, ло гидролизденгенде орта сілтілік болады. Сабынның құрамына да сілті кіреді. Құдықтың суы, кермек су болғандықтан К2СО3 суды жұмсартады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект урока по химии на тему: "Тұрмыс химиясы, оған байланысты есептеулер мен жаттығулар" (10класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 003 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2016 1270
    • DOCX 20.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Зияданова Любовь Саменкановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Зияданова Любовь Саменкановна
    Зияданова Любовь Саменкановна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1887
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия")

Учитель химии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Курс повышения квалификации

Химия окружающей среды

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 440 человек

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 58 человек

Мини-курс

Стратегии брендинга в условиях глобальной конкуренции и изменяющихся рыночных тенденций

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные коммуникационные стратегии в образовательной среде: от управления до мотиваци

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Маркетплейсы: организационные, правовые и экономические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 15 регионов