Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Конспект урока по познанию на тему "Елбасы елдікке құрмет мереке"

Конспект урока по познанию на тему "Елбасы елдікке құрмет мереке"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Елбасы күні- Елдікке құрмет мереке

Мақсаты:1)Жас ұрпаққа еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлының

балалық шағымен таныстыру;

2)Елімізге еңсе тіктетіп,мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды

әлемге танытқан тұлғамен тереңірек таныстыра отырып, түсініктерін

кеңейту, өз ойын ашық айтуға баулу;

3)Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу;

Көрнекілігі: Елбасы суреттері, Н.Ә.Назарбаев туралы ертегі кітаптардың мұқабасының суреттері т.б. слайдтар

І. Кіріспе бөлім.

А) Сынып сағаты басталмай тұрып, «Жұлдыздар» тобының орындауындағы «Елбасы-елдің тұтқасы» әнін баяу дыбыстатып қойып қою.

H:\Фото\SAM_1671.JPG

Ә )Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Күнтізбелік мерекелер бойынша біздің елімізде 2012 жылдан бері Тұңғыш Президент күні мерекеленуде.

Қазақстандықтар үшін бұл- маңызды оқиға.

Президент күнін атап өту қалай тарихқа енді?

2011 жылдың қоңыр күзінде ,яғни, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында бір топ депутаттарымыз 1 желтоқсанды Тұңғыш Президент күні ретінде мемлекеттік мерекелер санатына қосу туралы бастама көтерген еді. Депутаттар өз ұсыныстарының мәнін Тұңғыш Президенттің сол 1991 ж.1 желтоқсанда сайланып, Қазақстан Рес-публикасында президенттік институтқа қадам дәл осы күні басталғанымен түсіндірген еді. Осылайша «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға тиісті қосымша енгізіліп, 1 желтоқсан ресми негізде Тұңғыш Президент күні болып белгіленді.

Әрі мұның әлемде бар үрдіс екенін айрықша атап көрсеткеніміз де орынды.

Мұндай атаулы күн өркениетті елдердің көбінде бар.

Мәселен, АҚШ-та 1971 ж. әр ақпанның үшінші дүйсенбісі «Президент күні» болып жарияланып, ресми мерекелер қатарында. Сол сияқты Британияда маусым айында патшайымның туған күні салтанатты жағдайда,мемлекеттік деңгейде,Шығыстағы Жапонияда, Исландияда, Голландияда өткізіледі.Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Әр жерде әрқалай аталғанымен, тойланғанымен Президент күні

-елді топтастырып,жұртты жұмылдырып,жастарды мемлекетшілдікке тәрбиелейді.

Сондықтан бұл мереке біздің еліміз үшін де тағылымы мол мереке болады деп ойлаймын.

Ел мен Елбасы - етене егіз ұғымдар.Осыған байланысты Елбасына деген құрметті елдікке құрмет деп қараған жөн.Ендеше Елбасы күнін атап өтуді мен елдікті еңселетіп, тәуелсіздікті тұғырлы ете түсетін ерекше күннің бірі деп санаймын.



Сонымен, 2012 жылдың 1 желтоқсаны елімізде алғаш рет Тұңғыш Президент күні болып тойланды.

В) Сынып сағатын өту жоспармен таныстыру

Г) Қазақ хандығы, Жолдау, Елбасы жайлы киноэпопеяны қосу.

Тарихқа үңілсек, біз Тәуелсіз ел болмай тұрып, көшпенді халық кезімізде қазақ елін басқарушы адамды кім деп атадық? (хан)

- Қазақ хандығының биыл қанша жылдығын тойлап жатырмыз? (550 жылдығын)

- Қазақ хандығының негізін салушылар кімдер еді?

Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, егемендік алғалы бері де жиырма төрт жыл болды.

Осы уақыт аралығында Қазақстанды барша әлем таныды десек те болады. Мәдениетіміз, өнеріміз, экономикамыз, білім мен ғылымымызбен өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылдық деп мақтанышпен айтуға қақымыз бар..

Шындығында, Мемлекет басшысының елімізді аяғынан нық тұрғызып, әлемге танытудағы еңбегі ұшан-теңіз.

-Елбасына қатысты бүгінгі күн жаңалықтарына қысқаша тоқталайықшы.

Елбасы жолдауы және Н.Ә.Назарбаев туралы көгілдір экраннан көрсетіліп жатқан кинолар: «Менің балалық шағымның аспаны»,т.б.. тоқталу.


Жұптық жұмыс тапсырмасын беруH:\Фото\SAM_1686.JPG

Ата-анамен оқушы. «Бір айналым сөйлесім» стр. бойынша

1 жұп- «Менің Президентім» шағын әңгіме жазу (Мереке Шымбергенқызы және оның қызы Ұлдана)

2 жұп- Президентке «Ақ тілек» (Арай Әлібекқызымен ұлы Ерасыл)


Д) «Президент» -ой қозғау:

-Балалар, сендер осы Президент деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

(Оқушы пікірлері.)

Слайдтан көрсету. Мұғалім түсіндірмесі:

«Президент» сөзі латын тілінен аударғанда «алдында отырушы» дегенді білдіреді.

ҚР Конституциясы

40 бап, 2-тармақ: Республика Президенті- халық пен мемлекеттік билік бірлігінің , Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.

  • Президент болу үшін адамда қандай қасиет болу керек?

(көрегендік, аратор, ұлтжанды)

ІІ. Негізгі бөлім.

(ББҮ стр. қолдану) 1.Кестенің 1-ші бағанын толтыру, оқыту.

Осы кезде орыс тілінде Елбасы жайлы білетінін Қадырбек Аян ортаға салады, ал Қабдеш Адия ағылшын тілінде.




Білемін


Білгенім

Үйренгім келеді?

1.Президентім Н.Ә.Назарбаев

2.Мұсылман,қазақ

3.Дүниеге келуі: 6 шілде,1940 ж

4.Шамалған ауылы, Қаскелең ауданы,Алматы облысы

5.Жұбайы: Сара Алпысқызы

6.Үш қызы: Дариға Назарбаева,

Динара Назарбаева,Әлия Назарбаева

1.Әкесі-Әбіш,анасы-Әлжан

2.Жеті аталары:

Әбіш,Назарбай,Еділ,Кембаба,Мырзатай,Айдар,Көшек.

3.Кино шықты «Менің балалық шағымның аспаны»

«Небо моего детство»

4.Авторы Роза Ақбұлатова Елбасы т-лы ертегі кітаптар шықты.

1.Ертегі кітаптарды алып, оқығым келеді



Президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы шыққан ертегі кітаптардың мұқабасы. Алматы, 13 қыркүйек 2011 жыл.

http://gdb.rferl.org/14794A43-2158-4358-9D81-69A337E92949_w270.jpg


2. Ертегі кітаптарға тоқталу.

Аймахан Шынайым:

Елбасының балалық шағы.
-Роза Ақболатованың «Менің президентім – Ақ патша» деп аталатын «қазіргі заман желісіндегі ертегісі» 2010 жылы жарыққа шыққан.
«Мен бүгін сендерге Нұрсұлтан деген бала жайлы ертегі айтып бергім келеді» деп басталады ертегі

Ертегіде Нұрсұлтан «әкесі 1941 жылы сұрапыл соғысқа кеткеннен кейін дүниеге келгендігі» жайлы жазылған. 
Алматы облысының маңындағы бір ауылда тұратын жас келіншек «Алладан сүйіктісінің жеңіспен оралуын, өзіне ұл сыйлауын сұрап, дұға етті».деп жалғастырылады Роза Ақболатованың бірінші ертегісі.

Күндердің күнінде келіншектің «дұғасы қабыл болады». Ертегіде бұл сәт «әлемнің ғажайып салтанатты шеруі болды» деп суреттелген.
Диас:

Ары қарай ертегі Нұрсұлтанға қалай ат қойылғаны туралы жазылады.

«Дәстүр бойынша қазақтар дүниеге есігін ашқан сәбиге есімді ырымдап қойған...

«Нұр» – байлық пен сәттілік, «сұлтан» – жылдың керемет айы.

Бұл – белгілі сұлтан, бүгінгі таңда оны «Азамат» деп атайды!

Үлкен әріппен жазылатын адам!» дейді ертегі.

Сөйтіп, Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген балаға «Нұрсұлтан» деген есім қойылады.
Оған есімді әжесі Мырзабала қойған.
Елімізде Нұрсұлтан есімімен аттас 3077 адам бар екен.Ал, Нұрсұлтан Назарбаев есімді

Нұрикамал:

Кітапта Нұрсұлтанның жастайынан домбыраға жақын болғаны, әнді жақсы көргені жазылады. Автордың баяндауынша, «жыл он екі ай мектепке жаяу барып, сыныпта жақсы оқыған Нұрсұлтан отанына теңдесіз көмекпен келген».

Айдана:
Бас кейіпкердің Теміртаудағы еңбек жолына тоқталған автор ол жылдардың жас Нұрсұлтанға тигізген пайдасына ерекше тоқталған: «Ыстық жалын оның жүрегінде Құрманғазының әуенін ойнатып, жан дүниесін тебірентетін...

Домна пешінің ыстық оты мен темірдің балқыған көрінісі жас азаматтың мінезінің қалыптасуына әсер етті» 

Ерсұлтан:

Ертегіде ер жеткен Нұрсұлтанның «Украинада әскерде болғаны» бір сөйлеммен ғана айтылған. Дәл сондай жалғыз сөйлем «Сарамен кездескендегі вальс кейіннен үйлену тойына жалғасқанын» баяндайды.

Адия:

Қазақ, орыс және ағылшын тілінде 2011 жылы жарыққа шыққан бұл ертегі «Менің президентім – Ақ патшаның» жалғасы.

Екінші ертегіде ержеткен Нұрсұлттаның «жетістіктері» сөз болады. «Нұрсұлтан әскерде жүргенде сол жердің кішкене балалары шаңғы теуіп ойнайтынын байқап қалады, сондықтан өз ауылының балаларына шаңғы әкеп беріп, оларға шаңғы тебуді үйретуге сөз береді» деп жазады ертегіші.

Ертегідегі бас кейіпкердің жетістіктерінің бірі – өткен жылы Астанада өткен ЕҚЫҰ саммиті.


H:\Фото\SAM_1743.JPG


Нұрәли:

Ертегіде «тарихта қаларлықтай» болып өткен Қысқы Азиадаға да бірнеше бет арналған екен. Бұл шара «дүниежүзілік телеарналарда трансляцияланып, еліміз бен Елбасымыздың даңқын қайтадан көкке көтерді» дейді автор.

«Құрметті қыздар мен ұлдар, біздің қандай бақытты елде тұратынымызды түсінесіңдер ме?» деп сұрайды автор.
Ертегі «Біздің ең басты жеңісіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екендігін әрдайым жадыларыңда сақтаңдар! Біздің сүйікті Елбасымыз!» деп аяқталады.

Камилла:
Роза Ақболатованың үшінші ертегісінің кейіпкері – Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға. Автор бұл ертегінің 2006 жылы шыққандығын айтады.
Онда атасы мен әжесінің еркесі болған кішкентай Дариға жайлы 

баяндалады. Жастайынан табиғатпен етене өскен Дариғаның туған күніне атасы апорт алмасының көшетін сыйлапты.

Дариға алма ағашын күтіп, баптап өсіреді. Алайда бойжеткен Дариға Мәскеуге кетіп қалғанда ағашы солып, жеміс бермей қояды. Біраз жылдардан кейін Дариға келіп, апорт алмасын қайта жайқалтады.

Бұл ертегі тек орыс тілінде ғана басылыпты. Қолымызға тиген үш кітап та әдемі безендірілген, сапасы да жақсы. Тіпті кейбірінің ішінде президент Назарбаевтың мектепте оқып жүрген, мектеп бітірген, жұмыс істеп жүрген кездеріндегі суреттері бар.

H:\Фото\SAM_1769.JPG

Жұптық жұмысты тексеру.


ІІІ. Ойтолғаныс.

1. Видео көрсету. Осы кезде «Білгенім» бағанын толтырту.

Кестенің 2-ші бағаны бойынша жазғандарын оқыту.

2. Видео.

3. Елбасының лауазымдары мен мансаптары. Оқушылар Елбасының әр атағын айтып, топтастыру жұмысын жасайды.

Экономика ғылымдарының докторы (1993) (Нұрасыл)


ҚР ҰҒА-ның (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигі (Бекасыл)

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы (Зарина)

Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы (Сұлтан)

Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы (Нұрикамал)

Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы (Адия)

Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы (Камилла)

Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы (Нұртілеу)


Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды (Диас)


Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. (Шынайым)


Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры.

(Нұрай)

Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. (Гүлназ)

Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған. ( Айтолқын)


4. Оқушылардың мереке қарсыңында Елбасы жайлы жаттаған өлеңдеріне кезек берейік.



3.Сабақты қорыту.

- Алдағы уақытта Президент жайлы не үйренгілерің келеді?

«ББҮ» кестесінің үшінші бағанын толтырады.

-Рефлексия.

Кері әсер парағын толтырады.

H:\Фото\SAM_1809.JPG





H:\Фото\SAM_1817.JPG










57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 10.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров111
Номер материала ДВ-438156
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх