Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Конспекты на тему"Құстардың қысқы тіршілігі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Конспекты на тему"Құстардың қысқы тіршілігі"

библиотека
материалов


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімдері: Экология

Тақырыбы: Құстардың қысқы тіршілігі

Мақсаты: Балаларға құстардың қысқы тіршілігі (жемінің азаюы, үйлерге, адамдарға жақындап, олардың көмегін қажет етуі) туралы әңгімелеу.

Дамытушылық: балалардың қыс кезінде құстарға қамқорлық жасауға деген белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: құстарға деген қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: құстардың қысқы тіршілігін бейнелейтін суреттер.




Дәлелдеу - ояту




Тәрбиеші әрекеті

Балалардың әрекеті

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті,

Төріме міне, еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, қанеки бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге,

«Сәлеметсіздер ме, апайлар!»

Балалар өлең жолдарын қайталап, бір-бірімен амандасады.




Ұйымдастыру -іздену

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілінің қай айы?

- Қыс мезгілінің айларын атаңдар.

- Бүгін нешінші күні?

- Қыс табиғатта қандай өзгерістер болады?

Жұмбақ жасыру.

Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық.

(қар)

Қыста шыны боп қатады,

Жылыда су боп жатады.

(мұз)

Шелпек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші сен оны.

(аққала)

- Кім қыс туралы тақпақ айтады?

Дидактикалық ойын:

Шегірткеге не жарасады?

Тауыққа не жарасады?

Ақылды балаға на жарасады?

Бүркітке не жарады?

Құстардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелеу:

- Қыс мезгілінде құстар тіршілігі қиындай түседі. Сондықтан адамдар құстарға көмек көрсетулері керек (жем, нан қиқымдарын, кептірілген жемістерді үйшіктеріне салып отыру).

- Біздің даламызда, тоғайларда қандай құстар мекендейді? Олардың денесін не жауып тұр? Құстарды аңдардан қалай тез ажыратуға болады?

- Құстардың кейбір түрлері сиреп келеді. Сондықтан да оларды адамдар қорғауға алды. Оларды арнайы қорықтарда өсіріп, тұқымын көбейтіп, санын көбейтуде.

Құстардың жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай құстар қыстап қалатын құстар, жыл құстары болып бөлінеді.

- Қыстап қалатын қандай құстарды білесіңдер?

- Олар қысы жазы өз мекенінде тіршілік етеді.

- Қыста құстар немен қоректенеді?

- Ал адамдар оларға қандай көмек көрсетеді?

- Құстардың бір-біріне қандай ұқсастықтары бар?

- Құстар не істей алады?

- Неге құстарды біз «досымыз» дейміз?

- Құстар туралы кім тақпақ айтады?

Т. Нұрмұханбетов «Тоңбайды»

Қатаң қыс келді де,

Тұз-дала томпиды.

Тоңбайын деді де,

Көл мұздан тон киді.

Үйрек пен қаздарға

Болмайды тон қайғы.

Бүлк етпей аязға

Мамықтан тоңбайды.

Жаңылтпаштар айтқызу

Бір ақ шымшық,

Екі ақ шымшық.

Үш ақ шымшық,

Төрт ақ шымшық.

* * *

Ұшып кетті үш құс,

Ұшып келді ұшқыш.

Мен сендерді екі командаға бөлемін.

- «Өнер» орталықта құстың суретін дәнді-дақылдармен жапсырамыз.

- «Құрылыс» орталығында қағаздан, жұмыртқадан құстарды жасауға болады және құстарға арнап ұя да жасаймыз.

Жұмбақ жасыру.

Бір-ақ уыс көлемім,

Шыбын-шіркей қорегім.

Бау-бақшаны қорғаймын,

Ал атым ше?

(торғаймын )

Ұшқаны қызық жалпылдап,

Өзі сондай қарқылдақ.

(қарға)

Үстіне ақ қамзол киіп алып,

Жүреді қанаттарын жиып алып.

(сауысқан)

Еркін самғап ұшсын деп,

Мәпелейміз баптаймыз.

Бейбітшілік құсы, - деп,

Қай құсты біз мақтаймыз?

(көгершін)

Сергіту сәті.

Қарға болып ұшайық,

Торғай болып қонайық.

Сауысқан боп секіріп,

Тоқылдақ боп шоқиық.

Ойын: «Құстар қалай дауыстайды?»

Қарға------ қарқылдайды

Сауысқан----- шақылдайды

Шымшық------ шиқылдайды

Тоқылдақ --------тоқылдайды

Құр ----------- құрқылдайды

Балалар:

Қыс мезгілі.





Қар, мұз, аққала





Балалар хормен тақпақтарын қайталайды.

Аула сырты, баққа да

Тұрғызамыз аққала.

Аққаланы айналып,

Би билейміз шаттана.

***

Жас ұланбыз шыныққан,

Жасқанбаймыз суықтан.

Қардан жасап аққала,

Сырғанаймыз шаттана.

Балалар қимылмен көрсетеді

(секірген)

(шоқыған)

(оқыған)

(самғаған)





Қар жауып тұр.






- Ағаш бүршігін, кепкен жемістермен қоректенеді.


- Адамдар оларға жемшашар жасап, оған нан қоқымын, жем шашып береді.


Сауысқан, көгершін, қарға, шымшық,



Торғай, торғай, торғайсың,

Жақын келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.

***

Кептер хабар тасыған,

Үйреніп оған жасыған.

Хат әкелген өткеріп,

Сан қиындық басынан.

***

Ала қанат сауысқан,

Құртты көрсе жабысқан.

Бір томардан томарға,

Секең-секең ауысқан.

***

Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Боран соқса қор болар,

Бұтаға келіп қонар.

***

Сары бауыр шымшықтар,

Қыстан аман шығыңдар.

Жазды көріп жайнаңдар,

Қуанғаннан сайраңдар






Торғай, қарға, сауысқан, көгершін





Рефлкесивті - түзету









Қортындылау.

Ойын: «Не артық?»

Шарты: Балалар қыстап қалатын құстарды, жыл құстарының арасынан тауып алу.

-Қыстап қалатын құстарға қалай көмектесеміз?

- Құстар ұяны не үшін салады?

- Құстардың денесін не жауып тұрады? Ол не үшін керек?

- Құстардың қандай пайдасы бар?

- Балалар қыстап қалатын құстарды атаңдар.

Қамқоршымыз құстарға,

Табиғатты сүйеміз.

Аялаймыз оларды,

Жақсы көріп бәріміз.

Мадақтау







Cұрақтарға жауап береді



Торғай, сауысқан, көгершін, қарға


Хормен бірге қайталайды.

Қортынды нәтиже:

Білуі тиіс: Құстардың олардың қысқы тіршілігімен танысады.

Түсінігі: Құстардың азығын,оларға жемшашар жасап, қамқорлық жасауды игереді

Көрсете білді: Өлеңді тыңдап не туралы екенін айта алады. Суретке сөйлем құрып,сұраққа жауап бере алады.





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 10.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров103
Номер материала ДВ-324547
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх