Инфоурок Классному руководителю КонспектыҮлкенге құрмет кішіге ізет

Үлкенге құрмет кішіге ізет

Скачать материал

«Заңды білу - заман талабы»

 

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсаты мен міндеттері:

Ақпараттық:Студенттердің құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру,ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету,алдына мақсат қоя білуге баулу.

Коммуникативтік:Конститутцияны,құқықтық нормативтік актілерді орындай,құрметтей білуге үйрету.

Проблеманы шешу:Оқушының ойлау,тыңдау,сөйлеу мәдениетін дамыту,қабілеттерін шыңдау,сөздік қорларын молайту.

Сабақтың типі: Пікірталас,дөңгелек үстел.

Қолданылатын әдістер мен технологиялар:Білім беруді ізгілендіру,түсіндірмелі –иллюстративті,пікірталас,сұрақ –жауап.

Қолданылатын көрнекілік,құрал –жабдықтар:Түрлі суреттер,заң кітаптары,нақыл сөздер,интерактивті тақта.

 

Барысы:

І Ұйымдастыру.

Ұлттық дәстүр негізінде –жасалған

Аңсағаным, күткенім де осы арман

Табиғаттың шуағынан нәр алған

Қазағымның өз заңы бар жаңарған

Адамшылық қағидадан жаралған

Шұғыласы әділ заңнан таралған

Белгіленген сонда бақыт бар арман

Азат болдық төңген басқа түнектен

Қазақ болдық өз ұрпағын түлеткен

Жеке болдық- әлемге елді тең еткен

Дара болдық құқым ортақ бар ұятпен

Баян қылған барша қазақ мұратын

Аян болған Қазақстан шын атым.

 Құрметті ұстаздар және студенттер! Бүгінгі  тобымызда өткелі отырған  «Заңды білу  -заман талабы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.Алдымен бүгінгі кешіміздің қонаұтарымен таныстырып өтейін.Кәмелеттік жасқа толмаған балалар ісі жөніндегі полиция инспекторы:Насетов Кенжебек және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

 Алтынгүл Жаксыгуловна,колледжіміздің бөлім бастығы:Лаура Маратовна.

Баяндама оқитын: 2  курс студенті Амиргалиев А.

 

Бүгін біздің еліміз –бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз,егеменді мемлекет.Әр мемлекеттің өз заңы болады.Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасында құқықтық жалпы білім беруді ұйымдастырудың шаралары туралы 21 маусым 1995 жылы № 2347 қаулысын жариялады.Елбасы «Заңды білу –заман талабы»екенін көрсетті.Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау,соттау,құқық  ұғымдарының бұзылуына байланысты  түсіндіріледі. Бірақ құқық әділеттілік, теңдік,ізгілік екендігі,қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармауымыз керек.Ондай болса біз қазір қандай құқтарымыз бар екенін қарастырамыз.

Қазақстан Республикасының Конститутциясының 1 –бабында не туралы айтылған?

ҚР Конститутциясының 1 бабында ҚР өзін зайырлы,демократиялық,құқықтық және әлеуметтік мемелкет ретінде орнықтырды.

Оның ең қымбат қазынасы адаммен адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары.

 

Ал балалар конвенциясы туралы  не білесіздер?

 10 бап  2 тармақ –Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді,оның тәнін және жанын зәбірлеуден,адамдық қадір – қасиетін қатыгездіктен,дөрекілікпен қорлаудан,кемсітуден,баланы қылмыстық әрекеттерге және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан,оның құқықтары мен бостандығына қысым жасаудан өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады. Енді қазіргі уақытта ойлап қарасақ осы заң актілеріне сәйкес көптеген қылмыстар әшкереленіп жатыр.

Осы сұрақ барысында сөз кезегі Л.Маратовнаға беріледі.

Жасөспірімдердің нашақорлыққа үйір болуы,қылмыс жасауы қандай себептерге байланысты болады?  Осы жағдайға байланысты құқық қорғау қызметкерлеріне деген ойыңыз...?

Сұрақ полиция инспекторы К.Насетовке.

Егер бақылау қатаң болған болса не себептен қылмыстық әрекеттерге тоқырау яғни тоқтау болмай отыр?

1.Әкімшілік тәртіп бұзушылық түрлеріне енетін әрекет түрлері қандай?

Жауап.

1. Қоғамдық орында спирттік ішімдік ішу.

2.Өрт сөндіру қауіпсіздігі ережелерін бұзу.

3..Аты жөнін айтпастан телефон шалып мазалау.

4.Бопса (шантаж)ё    2йфЯйФЙ1431

5.Дөрекілік.

6.Балағат сөздерді ауызекі сөйлеу тілінде қолдану т.б.

2.Құқық бұзудағы жазаға тарту түрлері қандай?

1.Қылмыстық жауапқа 16 жасқа толған адамдар тартылады.

2.Ауыр қылмыс \адам өлтіргені үшін\14 жастан тартылады.

3.Қылмыс жасаған жасөспірімдер арнаулы мекемелерде жазасын өтейді.

Бейне көрініс: «Тараздағы төбелес»

Бейне көрініс туралы студенттердің ой-пікірін тыңдау.

Енді келесі кезекті  «Балалықпен отбасқан тағдыр!» атты көрініске берейік .

Міне құрметті студенттер «Балалықпен отбасқан тағдыр!»атты көріністен алған әсерлеріңіз және осы жағдайға деген көзқарастарыңыз қандай?

Сұрақ полиция инпекторына: Бұл оқиға қылмыстың қай түріне жатады?

Сұрақ тәрбие ісінің орынбасарына: Қазіргі жастардың тәлім тәрбиесімен мәдениетіне көңіліңіз тола ма? Балаларды қорғау конвенциясы бойынша

10 бап  2 тармақ –Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді,оның тәнін және жанын зәбірлеуден,адамдық қадір – қасиетін қатыгездіктен,дөрекілікпен қорлаудан,кемсітуден,баланы қылмыстық әрекеттерге және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан,оның құқықтары мен бостандығына қысым жасаудан өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады деп қарастырылған осы заңға сүйене отырып,бүгінгі біздің кешімізге хат жолдаған жұмбақ кейіпкердің хатына назар аударалық..

Жұмбақ кейіпкердің хатын талдау.

Студенттер пікірін тыңдау.

Келесі кезекте ән көңілдің ажары дей отырып ортаға « Ұстазым »әнімен Владимир Айдарұлын шақырамыз.

Қорытынды:

Бүгінгі кешімізді қорытындылай келе әр азамат өзінің бойындағы қадір –қасиетін сақтай отырып егемен еліміздің болашығына жақсы көзқараспен қарай отырып ҚР заңдарын қатаң әрі адал сақтауға міндетті.

Әрбір Қазақстан азаматтарының міндетіне тоқтала кетсек.Әрбір азамат ҚР-ның Конституциясы мен заңдарын сақтауға,басқа адамның құқықтарын,ар-намысы мен қадір –қасиетін сақтауға,табиғатты қорғауға,табиғи мұраларды сақтауға міндетт

 

                                    Қоянды  орта  мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               Ашық тәрбие сағаты:

       «Үлкенге құрмет кішіге ізет»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                          

 

                                                          10  А  сынып  жетекшісі  : Дамысқан  Ризагүл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу  жылы

Тақырыбы: Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет

Мақсаты:

Білімділік: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: «Үлкенге- құрмет , кішіге- ізет» ұранымен оқушыларды қарттарды сыйлауға, құрметтеуге, қадірлеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту;

Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, суреттер, слайдтар.

Барысы:

1-жүргізуші: Ақерке

Ата-анаңның тілегі – адам болып өскенің;

Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің.

Үлкендерді құрметтеп,

Көрінер кіші ізетің.

2-жүргізуші:  Хуандық

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса

Сыйлы болмақ өзі де

Үлкен болған кезінде.

1-жүргізуші: Ақерке

Құрметті ынталы оқушылар, ұлағатты ұстаздар, қадірменді қонақтар сіздерді бүгінгі «Үлкенге – құрмет, кішіге- ізет» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер демекпін.

2-жүргізуші: Хуандық

§  Енді  Қарттар, қариялар жайлы не айтар едің?

1-жүргізуші: Ақерке

Бұл сұрағыңа біздің сыныптастарымыз не деп жауап берер екен?

           Риза

Қариялар көк бойлаған емендер,

Тамырларын ізде ағайын тереңнен.

Желкілдеген жапырағы жас орман,

Келесің сен-келешегім деуменен.

Алатаудай кейпі биік қашанда,

Таң сызылып, күлер күн нұр шашарда.

Бата бер деп бар адамдар жария қол,

Бір биіктен бір биікке асарда.

1-                              Б. Айдана

Қайран қазақ қарттары қадірменді,

Сіздерге Алла биіктік бәрін берді.

Мына әлемде таба алмас адамзат,

Өздеріңдей білікті тәлімгерді.

Сіздерсіздер бүгінгі ұлықпандар,

Мың жасаған ұрпақпен ұлық жандар.

Қарттар тарих, қазына, ел қазығы,

Ей, адамзат, осыны ұмытпаңдар.

2-                               Назерке

Жылдар өтіп, бейнелер мұнарланып,

Жатқан менен жаңғырар жыр арналып.

Әруағыңның өзі де дүбірлетіп,

Есімдерің аталар ұрандалып.

Қасиеттерің ұмытылмас ешқашан,

Қадірлі де құрметті ғой әрқашан.

Жүрсін адам қарт кісіні аялап,

Жүрсін адам қарт кісіні мадақтап.

4-оқушы: (Т Айдана  )

Өмір оты ерте өшірілмесе, адам баласының қартаюы табиғи заңдылық. Қарттардың тілегі – ел амандығы, жұрт тыныштығы. Уайымы сырлас, сыйлас қатарының сирегі. Олар бүгінгісін ғана ойламайды, өткен өмір жолын зерделеп, алдын болжауға тырысады. Қарттар – кісіліктің төресі

 Айсымбат

Көп жасаған қария –

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.

1-ші  жүргізуші   Хуандық 

Сыныбымыздың  оқушылары   Назерке  Мадиналарға  кезек  берейік.  Қазақ  биі

2-ші  жүргізуші  Ақерке

Бүгін біздің сүйікті атамыз Мақалбай ата бізге қонақта . Ол бізге бар мейірін, бар ақылын төгіп келіп отыр. Мақалбай ата, ендігі сөз өзіңізде.

Мақалбай ата:  жанболат

Ата – анаңды құрметтесең,  Сенде жақсылық игілік көресің

Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер  Ата – бәйтерек,

Бала – жапырақ

Әке – асқар тау,

Ана – бұлақ,

Бала жағасындағы құрақ.

Қарияларды ардақтап өтсең, құрметтесең,

Қартайғанда сені де етер ізет.

Маған мынаны айтып беріңдерші, балаларым.

Дүниеге адам баласы келгенде қалай туылады?

Балалар жауабы тыңдалады.

  Диас

Бір бала бар

Атаға жете туады,

Бір бала бар,

Атадан өте туады.

Бір бала бар –

Кері кете туады!

Мақалбай ата: Жарайсың, енді сендер соның қайсысыңдар?

 Балалар : Біз үлкенді құрметтеген, кішіге ізет көрсеткен жалынды жастармыз!

Мақалбай ата: Бәрекелді, өздерің шеттеріңнен шешен екенсіңдер ғой!

Үлкендерді құрметтеуге арналған қандай мақал – мәтел білесіңдер?

Оқушылар жауабы тыңдалады.

1-                              Диас  Үлкенге үнемі сәлем бер.

2-                                          Үлкенге қарсы шықпа

                                     Таңшолпан  Үлкеннің батасын қабыл ал.

                                                      Атаға бөлінгендер адыра қалады.

                                                     Көпті қорлаған көмусіз қалады.

                                      Еламан    Үлкен кісіні ренжітпе.

                                       Ауылыңда қария болса,

                                                     Жазып қойған хатпен тең.

                                     Эльмира   Кәрі келсе асқа,

                                                       Жас келсе іске.

                                     Айдос           Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі.

                           Айсымбат  Ақылды қария – ағып жатқан дария.

                                    Жарденбек  Кәріліктің алды, жігіттіктің соң

                                 К. Айдана   Махмуд Қашғари: «жасы үлкенді қадірлесе – құт болар.»

                                            «кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі»

                                    Дина     Өткен менен кеткенді,

                                                Көп жасаған қарт білер. Шал ақын.

                                     Т. Айдана «Кішіпейілдіктің кетімсіздігі – ақылдың жетімсіздігі.»

               Мақалбай ата:  Жанболат

Ал, балаларым, жарайсыңдар! Енді өздеріңе ақ батамды берейін.

Сабағыңды оқы беске,

Жақсылығың жетсін көпке

Балалар үйінің қуанышы бол,

Бауырыңның жұбанышы бол.

Сенімін ақта үлкендердің,

Түлесін көктеп мекенің!

1-                             Жүргізуші  Ақерке

Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар. Ұлықпан Хакім мың жасаған дейді, ешкім мың жасамайды, тек өсіп-өнген, тәрбиелі ұрпағымен мың жасайды. Ия, ұрпағының өсіп, жетіліп, айналасына үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар?

2-                              Хуандық  Қазақтың басқа халықтардан айырмашылығы – “Ұрпағым” деп шыр-пыр болатыны. Ол үшін көзсіз көбелектей отқа түсетіні. Бұл- біздің ең ұлы ұлттық қасиеттеріміздің бірі.

Ортамызға келіп отырған меймандарымызға біздің көкейімізде көптеген сұрақтар туындалуда. Сол сұрақтарға оқушылар  қалай  жауап бересіздер ме?

1.     Әдемі қартаю дегенді қалай түсінесіз?

2.     Басыңыздан кешкен үлкендер мен жастар арасындағы қарым-қатынастағы жақсы ғибратты сәттен еске түсірсеңіз?

3.     Жас кезіңізде балалықпен , үлкен кісіні ренжіткен кезіңіз болды ма?

1-                              Альвира 

Жас ұлғайып, кәрілік кезеңге аяқ аттау – қазақ қауымын қай уақытта да

ойлантып, толғандырған. Өзі де дәулетті әулеттен, не ішем, не кием деп бас қатырмай ән қанатына тербелген Біржан сал: «Әудем жер баса алмаймын аяғымнан, Ұстаймын екі қолдап таяғымнан. Кәрілік келіп қалдың қай жағынан?»-деп жырласа, Абай атамыз да: «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман», — деп күңіренген. Ащы айқайымен Сыр бойын ұйқыдан оятқан ер Нартай да: «Қартайдым, елім, қартайдым, Келе де береді жантайғым»,- демеп пе еді.

2-оқушы:   Риза

Ия, кәрілік дегенің, бажайлап көрсең, қуанышы аз кезең сыңайлы. Дегенмен өлі арыстаннан тірі тышқан артық дегендей, бір- бірімізге ұзақ ғұмыр тілеп, «жүз жаса», «жағың түскенше, жаманшылық көрме», «шөбереңнің алақанынан су іш» деп жатамыз.

1-жүргізуші: «Әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды»,- деген бар емес пе? Ата-анаға қатыгездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан безген жан болып саналады. Қазақ халқында ондай пенделер қатаң жазаға, қатты қарғысқа ұшыраған.

2-жүргізуші: Алайда, «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада», – демекші, өзінің перзенттік борышын түсінбеген, сөйтіп, ата-анасын жерге қаратып, көкіректерін қарс айырғандар бұрын да болған, қазір де жоқ емес. Құдайға шүкір, ер азаматтар мен көне көз қарияларымыздың жөн-жосық тәлімдері арқылы мұндай өрескел істерге жол берілмейді.

Ақерке  Енді  оқушылардың  көрінісін  тамашалаңыздар 

Көрініс:

Хор  әке  туралы  жыр

Қорытынды:

«Бала өсіргің келсе, дана жүректі қатты ұста, үйрет білім, ізетті», — деп Әбу Насыр әл-Фараби айтпақшы, аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға халықтың асыл қазынасы саналатын қарттарымыз жас ұрпаққа үйретіп, айтып отырайық, — деп бүгінгі сабағымызды аяқтайық.

Мұғалім:

«Бабаларым, рахмет сендерге!

Балаларым болмасын деп бос кеуде,

Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,

Өмірге мен мылқау болып енгенде

Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Үлкенге құрмет кішіге ізет"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор по маркетингу

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 643 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.04.2017 1637
    • DOCX 33.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дамысқан Ризагүл Дамысқан. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дамысқан Ризагүл Дамысқан
    Дамысқан Ризагүл Дамысқан
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2283
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 147 человек

Мини-курс

Родительство

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Культурное наследие России: язык и фольклор

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек