Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыМ. Мақатаев "Сүйемін, өскен Отаным"

М. Мақатаев "Сүйемін, өскен Отаным"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:  М. Мақатаев «Сүйемін, өскен Отаным»

Сабақтың мақсаты: Өлеңнің мазмұнын түсіндіру, М. Мақатаев туралы мәлімет беру.

Міндеттері:

-          өлеңнің негізгі ой-идеясын аша отырып, жаңа сабақты таныту;

-         оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, есте сақтауларын, тілдік қорларын молайту;

-          өлеңнің мазмұнын меңгере отырып, туған елін, жерін құрметтеуге, отаншылдыққа

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Типі: жаңа білім беру

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, шығармашылықпен жұмыс, көрнекілікпен жұмыс

Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта

 

Сабақтың барысы: І. Бағдарлау-мотивациялық кезең.

  1. Психологиялық дайындық.

      Даламызда  бәрі  бар,

      Іздегенің    табылар

      Малы, дәні, кені  бар

      Бәрінен  де  жақсысы

      Кең  пейілді  елім  бар.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

1). Қ. Аманжоловтың «Туған  жер» өлеңін жатқа сұрау.

2). Сұрақтарға жауап беру

- Ақынның көңіл күйі, туған жерге деген ризашылық сезімі өлеңнің қай жолдарында берілген?

- Өлеңнің соңғы жолдарынан автордың қандай ой-пікірін аңғаруға болады?

- Ақынның тағы қандай өлеңімен таныспыз?

- Лирика дегеніміз нені білдіреді?

3. Актуальдау.

1952 жылы Қ. Аманжоловтың құрастыруымен «Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан» жас ақындардың топтамасы жарыққа шықты. «Қыранды қыран алыстан таниды»  дегендей, осында М. Мақатаевтың «Інімнің ойы», «Шебер» деген алғашқы өлеңдері жарияланды.

   Кейін Мұқағали:

«Дейсіңдер-ау! Қасымның несі басым?!

Қасым солай болмаса, несі Қасым,

«Ақынмын» деп қопаңдап жүргендердің

Әммесінен Қасымның десі басым», дей келе:

Қасым  деген-қалғыған жанар  тау ғой,

Жанар тау  ғой,

Жанды да  кетті өртеніп,-деп  Қасымның  мақалымен  жырлайды, мадақтайды.

   Қасым  мен  Мұқағалидың  тағдырлары  ұқсас  болды. Екеуінде  де  ерте  қиылған  қыршын  жас, тауқыметті  тіршілік, екеуі де  қазақ  даласын  поэзия  дариясымен  суарған  екен.

ІІІ. Операциялық – орындаушылық  кезең.

1. М. Мақатаев   туралы  айтып өту.

    М.Мақатаев   1931жылы  9  ақпанда  Алматы  облысы, Райымбек  ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге  келген. Өлең  жинақтары: «Шуағым   менің», «Аманат», «Армысыңдар, достар!», «Жырлайды жүрек», «Қарлығашым, келдің бе?», «Қарасаздан ұшқан қарлығаш» т.б.

    М. Мақатаев – қазақ поэзиясында шоқтығы биік аса дарынды ақын. Оның өлеңдерінде сөздің сұлулығы мен ойдың асқақтығы астасып, үйлесіп тұрады. Ақын 1976 жылы 27 наурызда небәрі 45 жасында дүниеден өтті.

 

Мұқағали шығармаларының негізгі тақырыптары:

О т а н

Т а б и ғ а т

М а х а б б а т

Т а р и х

Д о с т ы қ

     М. Мақатаев – қазақ  поэзиясында  шоқтығы  биік  аса  дарынды  ақын. Оның  өлеңдерінде  сөздің  сұлулығы  мен  ойдың   асқақтығы  астасып, үйлесіп  тұрады.

 Сондай   өлеңдердің  бірі – «Сүйемін, өскен  Отаным !»

 2. Оқулықпен жұмыс. Өлеңді  мәнерлеп  оқу.

 3.Сөздік  жұмысы

    Ескегін - бұл  жерде: желін, самалын,

    Сұлаған - созылып  жатқан.

 4.Өлеңнің  мазмұнын  қара  сөзбен  әңгімелеу.

5. Өлеңді оқушыларға оқыту.

- іштей оқу;

- дауыстап,  мәнерлеп және тізбектей оқу.

6. Өлең мазмұнына қарай тапсырмалар орындау

- Өлең бойынша ақынның нені сүйетінін мына үлгілік күнге қарап жазып шық

- Ақын М. Мақатаев пен Қ. Аманжолов өлеңдерінде (соңғы жолдарында) қандай ұқсастық бар? Ұқсас жолдарды көшіріп жазу.

Сен де аямай бердің маған барыңды,

Мен де аямай барым саған беремін.   (Қ. Аманжолов)

                                 Қарыздармын сондықтан,

                                 Беремін талай жырымды.   (М. Мақатаев)

- Екі өлеңдегі төрт тармақты екінші шумақтың ұйқасу үлгілерін төмендегі сызбаға қарап салыстыр. Не байқадың?

 

Қ. Аманжолов «Туған жер»

М. Мақатаев «Сүйемін, өскен Отаным»

 

 

 

7. Поэзия минуты

  Біздің Қазақстан Республикасы күннен күнге өркендеп, қанатын кеңге жайып, гүлденіп келеді. Президентіміз Н. Назарбаев биылғы жолдауында бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруді мақсат етіп қойды. Олай болса, біз де сол гүл жайнаған Қазақстанымызды жырға қосып көрейік.  Отан, туған жер тақырыбына 1 шумақ өлең құрастыру

ІІІ. Рефлекциялық-бағалау кезеңі

1. Шығармашылық тапсырма

   Сендер бүгінгі оқушылар, ертеңгі азаматсыңдар. Ендеше, «Егер мен (әкім, министр, президент) болсам...»тақырыбына шағын эссе жазыңдар.

2. Ойын-жаттығу. ҚР картасына тілектер жазылған кішкентай жүрекшелер ілу.

- Мен қазақ елінің тыныштығын қалаймын!

- Аспанымыз ашық болсын!

- Қазақстанның жерінің көркеюін тілеймін!

- Еліме бейбітшілік тілеймін!

- Халқымыздың көбеюін тілеймін!

- Қазақ тілінің мәртебесі асқақтай берсін!

3. Оқушыларды бағалау.

4. Үйге тапсырма

М. Мақатаевтың «Сүйемін, өскен Отаным» өлеңінен қалаған шумақтарын жаттап, «Менің өркендеген өлкем» тақырыбына шығарма жазу.

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтоғай орта мектебі

 

 

image002

 

Әдебиеттік оқу

 

М. Мақатаев

«Сүйемін, өскен Отаным»

 

4 сынып

 

Сексенбаева Ақерке Құлдықбиқызы

                         tempimage14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2012-2013 оқу жылы

 

Хабарландыру!

 

           8 ақпан күні 4 -сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен

М. Мақатаевтың  «Сүйемін, өскен Отаным»

тақырыбында 9:45  ашық сабақ болады.

 

 

 

Бастауыш сынып бірлестігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Солнце: Cүйемін
Солнце: Cүйемін
 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "М. Мақатаев "Сүйемін, өскен Отаным""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Карьерный консультант

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 129 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.05.2016 2333
    • DOCX 102.5 кбайт
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сексенбаева Ақерке Құлдықбиқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 11059
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 224 человека из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 059 человек

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Работа с детьми с особыми образовательными потребностями

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 352 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 180 человек

Мини-курс

Психология семейных отношений: понимание, следствия и решения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек