Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыМақала тақырыбы: "Дарынды және талантты балаларды оқыту"

Мақала тақырыбы: "Дарынды және талантты балаларды оқыту"

Скачать материал

Дарынды және талантты балаларды оқыту

“… Бізге керегі шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, нағыз әдебиет пен өнерін жасайтын тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті.”

Н.Ә.Назарбаев.

Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жан-жақты жағдайлар жасау қажет. Дарындылықтың табиғаты шексіз. Дарын дегеніміз – адамның белгілі бір салада көрсеткен жоғары қабілеттілігі десек, оның мынадай түрлері бар, оны төмендегі кестеден көруге болады.

Дарынды, қабілетті балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам, қабілетті адам басқаларға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Сонымен дарынды, қабілетті, талантты бала деп баланың, ата-ананың, мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады. Мектептің мақсаты – жан-жақты білімді, іскер, өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, қабілетті тұлға қалыптастыру, балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру.

Дарындылықты дамытудағы басты мақсат – еліміздің зияткерлік қорын құру үшін адамзаттың ең талантты тобын пайдалану, жеке тұлғаның дарыны мен қабілетін жоғары деңгейге көтеру. Міндеттері:оқушылардың ақыл-ой қабілетін жетілдіру; шәкірттердің шығармашылық жеке дарындылығын дамыту; оқушыларды тәрбиелеуге олардың жан-жақты дамуын, еңбекке шығармашылық қатынасын, өмірлік, азаматтық белсенді позициясын қалыптастыруға және жоғары адамгершілік сапалары мен рухани құндылықтарының дамуына ықпал ету; дарынды балаларды оқыту мен дамыту; дарынды, қабілетті балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін ұйымдастырылған педагогикалық-психологиялық жағдайларды жақсарту.

Уақыттың өзі мектеп ұстаздарына өскелең ұрпаққа жаңа заман талабына сай озық ұлттық дәстүр рухында білім беріп тәрбиелеуге, өмірде осы алған білімі мен тәрбиесін лайықты пайдалану секілді жауапты міндеттер жүктеп отыр. Бұл міндеттерді абыроймен орындау үшін ұстаздар қауымы оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану керек екені анық.

Қабілетсіз бала болмайды, ашылмаған, дамымаған қабілет иесі болады. Жалпыға бірдей жағдайда оқып жатқан балалардың бірі әуелден ақ «білімді қағып» алса, екінші балаға соны ұғынуға көп уақыт пен күш керек. Сондай ақ, бір адам мамандығының шыңына жетсе, екіншісі қанша талпынса да ортаңғы қатардан табылады. Белгілі бір іс әрекет түрін икемді, нәтижелі атқарған адамды қабілетті дейміз. Қабілеттілік адамдағы жеке дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат. Кез келген адамның жалпы қабілеті болады. Ал жеке дара ерекшеліктерінен оның арнаулы қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындауынан, оған деген ықылас ынтадан дағды мен икемділіктен айқын көрінеді. Жеке бір адамға тән жалпы және арнаулы қабілеттерінің байланысып келіп іс әрекетте өзгелерден ерекше қырынан көрінуі дарындылық.Осы дарындылықтың жоғары деңгейде дамыған түрін талант дейміз. Ал дарындылық пен талант одан әрі дамып, данышпандық қасиетін тудырады. Данышпан деген атаққа адамзат тарихында тек төрт жүздей адам ғана ие екен.

Балалардың дарындылық қасиеттерінің барлығы бірдей бірден жарқырап көріне бермей де қалуы мүмкін. Оған сол адамның мінезі әсер етуі мүмкін. Өз табиғатында дарындылық қабілеті бар баланы да, тәрбиенің нәтижесінде жетістікке жеткен баланы да тәрбиелеу керек, сол балалардың бойындағы қабілетті танып, тауып, қабілетін ұштау міндетіміз. Дарынды бала болашағымыз үшін, қоғам үшін өте маңызды. Әрбір талантты адам шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етіп қоғамға зор пайда келтіреді. Қоғамның болашағы тек қана саяси лидерлерге ғана байланысты емес, оның болашағы, үдеріс сол қоғамда қанша дарындыы, талантты балалар өсіп келеді, соған байланысты. Елдан ерекше дарынды балалар адам біткенді сондай таңғалдыратын кездері болады. Олар өз қатарынан даму жағынан өң бойы озып кеткені сонша, оларды «вундеркинд» таңғажайып қабілет иесі деген мағынада атайды.

Елбасымыздың дарынды баларға айтқан бес ғибраты:

1.     Алдыңа мақсат қоя біл. Талмай ұмтыл. Мақсатыңа қолың бірден жете қоймасаң да, мойыма, алған бетіңнен қайтпа.

2.     «Қолымнан келмейді»деген ұғымды санаңнан біржола өшіріп таста. Ылғи да «Қолымнан келмейтін іс жоқ,мен аспайтын асу жоқ!»деген сенімде бол! Бұл сенім жігеріңді жанып, жеңіске бастайтын бірден бір жол.

3.     Санаңда үрей, қорқыныш, өшпенділік пен күншілдік сезімдері үстемдік құрып жүрсе, олардан тез арыл. Үрей мен қорқыныш алға басуыңа бөгет болып, аяғыңды тұсайды. Біреуге деген өшпенділігің қоздатады. Ешкімді күндеме, күншілдік дерт, айықпас ауру.

4.     Қанша білімді болсаң да, ешқашан білімдімін деп мақтанба.

5.     Әрқашан денмаулығыңды сақтап, нығайтып отыру парызың. Тәніңді таза ұста. Бейауыз болма, былапыт сөз айтудан аузыңды, тыңдаудан құлағыңды сақта.

Н.С.Лейтис қабілетті баланың негізгі қасиеттері мыналар деп көрсетеді:

·        ұқыптылық, жинақтылық, зейіннің тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің жоғарылылығы;

·        ақыл ой, логикалық ойлауының шапшаңдығы, кез келген жағдайды талдап салыстыра білуі;

·        барлық күш қуатын жұмсап еңбек етуі.

Осы аталған қағидаларды басшылыққа ала отырып, кез келген баланың бойындағы қабілетті дамытуға болады. Дарынды бала өзге балалардан өте ерте оянған қабілетінен басқа ешқандай айырмашылық жоқ. Ол да бала, оның да жазуы нашар болуы мүмкін. Ондай балалар кішкене кезінен ақ, санауға, оқуға қызыға ұмтылады, оның қызығу аясы үнемі өзгеріп отырады. Мұндай балалардың өз қатарынан көш ілгері дамығанына қарамастан, жай сыныпта қатарларымен оқитындары кездеседі. Олар ақыл ой жүктемесіне қанағаттанбай, тентек болып отыратыны немесе өзі ойлап тапқан іспен айналысып,сабаққа қатысы жоқ небір әдеби кітаптардан басын алмай отыруы да мүмкін. Ол қиын тапсырмаға қуанып, орындауға белсенді кіріседі, оның көңілінде эмоциялық серпіліс туып, шешім табу барысында бастама көтеріп, тапқырлық көрсетеді. Ол өзге балаға қиын болып көрінетін іске ойын ретінде қарап, үнемі осындай тапсырмалар орындауға дайын тұрады. Ондай балалар еріну, жалығу дегенді білмейді. Олардың білгісі келетін сұрағынан үлкендер шаршайды, не айтарын білмей тоқырап та қалады.

Оқу іс әрекетінде дарынды балалар:

·        оқу барысында өзі қиналмай ақ жетістіктерге жетіп, білімге ие болады.

·        Өз бетінше іс әрекетке бейім.

·        Қоршаған шындықты сыни көзқараспен талдай алады.

·        Өмір, өлім, дін, философиялық проблемалар оларды толғандырып, жауап іздейді, пікір айтады.

·        Үнемі ісін сапалы етіп, жақсы орындауға тырысады (перфекционизм) Осыдан келіп мүмкіндігінен жоғары талап қойып, егер сәтсіздікке тап болған жағдайда қатты қиналады.

·        Оқу, сабақ, ізденіс, зерттеуге құрылғанжағдайда ол үшін өте қызықты да пайдалы.

Алайда, барлық адамдар сияқты дарынды балалардың да кемшіліктері болады:

·        Зияткерлік пен ақыл ой тұрғысынан әлсіздеу адаммен әңгімелесетін болса, оның пікірін мойындамай, оған өзінің пікірін таңады.

·        Барлық жерде бірінші болуға тырысып, мәмілеге бара бермейді.

·        Сөйлесу мәдениеті ақсаңдайды, себебі, айтар ойдың алдын орап кетіп, әңгімелесіп отырған адамға кезек бермеуі мүмкін. Сөйлеп отырған адамның қатесін түзеп отырады.

·        Егер оқу бағдарламасы оңай, іш пыстырар болса, мектепкедеген жағымсыз қатынас қалыптасады.

·        Зияткерлік іс әрекетпен айналысуға көп уақыт жіберетін болғандықтан, денесі жағынан өз қатарынан әлсіз, сондықтан спорт жарыстарына қатысуға құлқы болмайды.

·        Өз қатарына бұйырып, басшы болуға ұмтылуы.

Сыныпта мұндай балалар мұғалімнің назарын өзіне аударуды талап етеді. Олай болмаса бала өзін керек емес сезінуі мүмкін. Сондықтан, жай сыныптағы дарынды баламен арнайы бағдарламамен жұмыс жасауы керек

Өмірдегі шынайы ғажап, адамзатқа маңыздылар дарындылар қолында, ал сол дарындылардың тағдыры біздің, яғни, ұстаздар қауымының қолында.

Дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеуде күтілетін нәтижетіл байлығы мол, кез келген ақпаратты сараптай алатын және осы ақпарат бойынша өз ойын білдіріп, қорытынды жасай алатын, қандай да болмасын қиын істердің шешімін таба білетін, жұмыс үрдісі нәтижесіне қарай бағалай білетін, өз ойларын, бастамаларын тәжірибеде қолдана білетін, ойы жүйрік, таңқаларлық жаңашыл ойлар айтып, жаңалықтар ашатын сезімталдығы жоғары, эстетикалық, рухани құндылықтар иесін таба білу.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала тақырыбы: "Дарынды және талантты балаларды оқыту""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 075 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.10.2015 6207
    • DOCX 23.6 кбайт
    • 25 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Турсынбаев Абай Закирович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Турсынбаев Абай Закирович
    Турсынбаев Абай Закирович
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6679
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 115 человек

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 168 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 771 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 329 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 329 человек

Мини-курс

Современные медиа: экономика, системы и технологии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе