Инфоурок Дошкольное образование КонспектыМАДС оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

МАДС оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Скачать материал

«Таран ауданы әкімдігі     білім беру бөлімінің №1 орта мектебі»КММ

 

 

Ашық сабақ

«Су – тіршілік көзі»

 
 

 

 

 

 

 

 


su-omir-nari-erketai

 

                                                                                                 Тәрбиеші:У.А.Абдуллина

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Су – тіршілік көзі»

 Мақсаты:  Су және оның маңызы туралы білімдерін тереңдету.

Білімділік: Су –тіршілік көзі екенін, пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: тәжірибе жасау барысында бақылағыштық, дәм сезу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғау, суды ластамауға, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: қысқы ағаш,су, сүт, қасық,суреттер,бояу түрлері, түтікше,тұз, стакан, қар, мұз, бу,карточкалар.

Қолданылатын әдістер: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, көрсету, тәжірибелер, суреттерді құрастыру.

Сабақтың барысы:

 Ұйымдастыру кезеңі:Балалар,мынау ағашқа назар аударайықшы,бұл ағашта құстар ,қарлар бар екен,қарларда жұмбақтар жасырылған екен,мұқият тыңдаңдар:

1.Жылт-жылт еткен, жырадан өткен.
2.Отқа жанбайды,суға батпайды

3.Көтеріліп теңізден,аспанға биік барамын.

Биіктен қайта түскенде,өңі кірер даланың.
4.Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

5.Дәмі де жоқ, түсі жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ.

Дұрыс балалар, әрине су. Ал,ендеше бүгінгі оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы – «Су – тіршілік көзі».

Судың дыбысын тыңдау.

-Балалар,сендер қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?

-Су бізге не үшін қажет?

Жануарлар мен өсімдіктерге не үшін қажет?

Қалай ойлайсыңдар,мұз,қарды жылы жерге әкелсе не болады?

-Әрине ериді,ендеше соны дәлелдеу үшін ыдыстағы қар мен мұзды оқу іс-әрекетінің соңына дейін үстелдің үстіне қоямыз.Бүгінгі оқу іс-әрекетінде нағыз ғалымдар сияқты сендермен тәжірибелер жасаймыз

I Тәжірибе «Су — мөлдір» - тәрбиеші

● Тәрбиешінің  алдында екі шыны ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды. Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді. Яғни, «Су – мөлдір, сүт мөлдір емес».Балалар  нәтижесін белгімен белгілейді.

II Тәжірибе «Су сұйықтық» -тәрбиеші

-Судың пішіні бар ма?

Біз қазір судың пішіні бар ма, жоқ па соны тексереміз. (тәрелкеге,колбаға,стақанға  су құю)

Әрине жоқ, суды қай ыдысқа құйсаң ол сондай пішінді болады.

-Балалар су қандай зат? (сұйық зат)

Балалар  нәтижесін белгімен белгілейді.

 III Тәжірибе «Суда дәм жоқ»- Балалар

● Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді. Дәмі қандай екен? Енді осы суға кейбіреулерің   қант қосып көріңдер, ал басқаларың тұз қосып көріңдер. Суды ішіп көріңдер дәмі қандай болды екен? (балалардың жартысы суға қант қосады, ал басқалары тұз қосады, өздерінің сезімдері туралы айтады)

Дұрыс суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал судың дәмі жоқ екен. Нәтижесін белгілейді.  

IV Тәжірибе «Судың иісі жоқ» -Балалар

● Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста  суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады.Нәтижесін белгілейді.

 V Тәжірибе «Судың түсі өзгереді»

● Балаларға бояу беріп, судыңда түсін өзгертуге болатынын да тәжірибе жүзінде біледі.

Судың түсі бар ма? Егер де бояу қосып жіберсек, оның түсі өзгереді. Оны да тәжирибе арқылы дәлелдейік. Стакандағы суға гуашь бояуларын қосайық. Нәтижесін белгілейді.

Сергіту сәті: «Су,ауа,жер»

-Енді, экранға назар аударайық

Бейнекөрініс «Ол не?Бұл кім?»

Балалар сонымен су – түссіз, дәмсіз, иіссіз, тұрақты пішіні жоқ табиғи ресурс. Осыны дәлелдеу үшін біз сумен тәжирибе жасап көрдік.

Білесіңдер ме судың үш қасиеті бар – сұйық, қатты, бу. (үстел үстінде тұрған ыдыстағы су, мұз және қайнаған суды көрсету)

Стақандағы суды тоңазытқышқа қойсақ, ол мұз болып қатып қалады. Ал мұзды жылы жерге қойсақ, ол еріп суға айналады. Суды шәйнекке құйып қайнатсақ, қақпағынан бу шығады, яғни бу болып ұшады.

Балалар сендер су туралы мақал – мәтелдерді білесіңдер ме, қане айтыңдаршы?

1.Су бергеннің сауабы бар,

Су төкеннің жауабы бар.

2.Ағын су жолын табады,

Ақ адам оңын табады.

3. Сумен ойнама – батарсың,

Отпен ойнама – жанарсың.

4.Су анасы – бұлақ,cөз анасы – құлақ.

— Міне осылардың барлығы сумен байланысты. Балалар  ал сендер білесіңдер ме су қайдан, қалай пайда болатынын?  (балалардың жауаптары тыңдалады) Дұрыс айтасыңдар. Ендеше мен сендерге толығырақ түсіндіре кетейін.

Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып, қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды.

Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр»

Жарайсыңдар балалар, ал енді «Күн мен жаңбыр» деген ойынды ойнайық.

Ойын шарты: Мен сендерге күн дегенде сендер жүгіресіңдер,серуендейсіңдер,ал жаңбыр дегенде қолшатырдың астына тығыласыңдар.

Су туралы қандай тыйым сөздерді білеміз?

1.Су ішкен құдыққа түкірме.

2.Түнде суға барма.

3.Түнде судың бетін ашық қалдырма.

4.Өзен, көлдерді ластама.

Балалар суға қоқысты тастауға болмайды, жазда өзенге, көлге түсуге барғанда, өзімізден кейін қалған нәрселердің барлығын жинап бірге алып кету керек. Осының бәрін суға тастауға болмайтынын білу керексіңдер.

Жарайсыңдар балалар, сусыз адам да, жануар да, өсімдіктер де тіршілік ете алмайды. Сондықтан «Су – тіршілік көзі» деп айтамыз.

Сурет салу: «Гүлдер»

Енді,балалар,соңғы тәжірибемізде біз суға бояу қостық,енді осыған сусабын қосып,суды түтікшемен  көпіртейік.Көпіріктерді қағаз бетіне түсіріп гүлдің суретін бейнелейік.

Сабақты қорытындылау:  

Оқу іс-әрекетінің басында қар мен мұздың қайсысы тез еріді екен.Қараңдаршы,балалар,қар еріп кетіпті,ал мұз әлі еріп бітпеген.Нәтижесі:Қар мұздан  тез ериді.

Алған білімдерін постер арқылы белгілеу.Енді,балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетінен қандай әсер алдыңдар,соны білу үшін:егер оқу іс-әрекеті ұнаса-күнге шуақ жапсырасыңдар,ұнамаса -бұлтқа қар жапсырасыңдар.

Бағалау: «Жас зерттеушілер» қағазымен мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "МАДС оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 075 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.11.2016 687
    • DOCX 85.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдуллина Улдай Алигапаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абдуллина Улдай Алигапаровна
    Абдуллина Улдай Алигапаровна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26791
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Развитие креативности у детей дошкольного возраста (на примере использования разнообразных материалов)

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 263 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация воспитательной деятельности в условиях реализации ФГОС

Специалист в области воспитания

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 525 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 784 человека из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 995 человек

Мини-курс

Практические навыки трекинга и менторства

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инвестиционные проекты: оценка, эффективность и стратегии

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы политической науки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе