Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Мұғалімдерге арналған семинар жоспары

Мұғалімдерге арналған семинар жоспары


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

C:\Users\Lenovo\Desktop\Мама Алматы жумыстар\Camera\IMG-20151008-WA0005.jpg



Мектеп № 201 орта мектеп-лицей Семинарды тыңдаушылардың саны -15 Мерзiм. .09.2015ж

Мұғалім: Жанашева Алтын Нағыметқызы.

Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы: Білім сферасын руханилық және ізгілік бағытында жаңартудың қажеттілігі

Мақсаты : Қазіргі замандағы жаһандық мәселелер туралы түсінік беру арқылы жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу.

Міндеттері :

1.Адамзаттың жаһандық мәселелерінің рухани-адамгершілік сипаты туралы түсінік беру

2.Бағдарламасының психологиялық- педагогикалық негідері арқылы рухани- адамгершілік білімін дамыту.

3.Мұғалімдерді руханилыққа ,ізгілікке баулу.

Семинардың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті «Нұрға бөлену».

Жағымды көңіл – күйге келудің мәні мен мақсаты таныстырылады

Жоспар

1 Рухани – адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы

2.«Өзін-өзі тану» Рухани – адамгершілік Бағдарламасының психологиялық- педагогикалық негідері. (Сана арқылы оқыту)

3.Жалпыадамзаттық құндылықтар.

4.Өзін-өзі тану пәнін басқа пәндермен интеграциялау (мысалдар көрсету)

5.Шығармашылық тапсырма (Гуманитарлық пәндерге интеграцияға мысал келтіру)

6.Топпен ән айту «Ұстазым» Ә.Еспаев

7. Қорытынды

Рухани кәусәр бұлаққа барар жолды іздеу – әр адамның міндеттерінің міндеті

Өзін-өзі тану пәні адамның өзін-өзі тануына, өзінің ең жақсы қасиеттерін анықтауға, өз ар-ұжданын сақтап, әрқашанда АДАМ деген атқа лайық болуына ықпал етеді.

Рухани бастау ол адамгершілікпен, риясыз мейірімділікпен, махаббатпен, өзара түсінушілікпен, төзімділікпен жүзеге асырылады

Рухани-адамгершілік – адамдарға деген  ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың  мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды.

Бір минутқа да күмәнданбаймын: осы бір болмыстың барлық ежелгі сұрақтарына жауап беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту керек, өзіңнің бастауыңа оралуың қажет. Назарбаева С. А.

Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көші-қон толқындары, есірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкеріс бұл проблемалардың жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті. Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар:

1)“менталдық немесе мәдени Жаһандану-дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаҺандық діни жүйеге (христиандық, ислам, иудаизм, индуизм, буддизм, конфуцийшілдік) бөлінеді. Адамзаттық мәдени құндылықтар ортақтығының күшею үрдісі “менталдық” Жаһанданудың бір көрінісі болып табылады. Мәдени жаһандану саласында бүгінгі күннің өзінде біртұтас жалпыадамзаттық мәдениеттің нышандары — жаңа нысандармен (желілік мәдениет, кибермәдениет) ұштасқан ежелгі мәдени дәстүрлердің (классикалық, еуропалық, америкалық, шығыстық, мұсылмандық және үнділік) синтезі көріне бастады. Бұл жағдай әрбір ұлттық, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы жолында орасан зор күш-жігер жұмсауын талап етеді;

2)экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын - рыноктардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта экономикалық Жаһанданудың нақты сипаттары бар:
а) үлкен компаниялардың жетекші рөлі;
ә) жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі;
б) жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік ағындары құрылымының өзгеруі;
в) жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі;
г) барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың жаhандық желіге аударылуы;
ғ) бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын жаhандық желіге аударылуы;

3)аумақтық Жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі. Мемлекетаралық экономикалық және әскери-саяси одақтар Жаһанданудың барынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді. Бұл ретте Жаһандану нәтижесінде болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтық құрылымдарға бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылады. Бірақ ол ұлттар мен халықтар арасындағы этникалық және мәдени айырмашылықтар барынша жойылған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Кейбір мамандар дәстүрлі мемлекеттерді аймақтық қауымдастықтардың ығыстыру үрдісі дами түседі деп есептейді. Ал енді бір зерттеушілер аймақтық қоғамдасу үрдісін бүкіләлемдік Жаһанданудың зиянды әсерінен қорғанудың бірден бір жолы деп қарайды;

4) ақпараттық-коммуникациялық Жаһандану — қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі жатады. Сонымен қатар, келешекте екі бағыттағы ғарыштық жүйелерді басымдылықпен дамыту; байланыстырудың жеке жүйесі мен жаhандық позицияланудың дамуы; ақпараттық коммуникациялық кешендердің негізінде бизнесті, өндірістік үрдістер мен үй шаруаларын басқарудың жаhандық жүйесін құру; өмір сүру үрдістерінің мейлінше үлкен бөлігін компьютрлендіру мен роботтау жүреді;

5) этникалық Жаһандану негізгі екі үрдістен тұрады — планета халқының санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы. Жаһанданудың жағымды нәтижелеріне мыналар жатады: неғұрлым жылдамырақ экономикалық даму, өмір деңгейінің жоғарылауы, техникалық жаңалықтар мен басқару дағдыларын жеделдетіп енгізу және тарату, жеке тұлғалар үшін де, ел үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызу. Жаһандану тұңғыш рет біртұтас ақпараттық кеңістік арқылы әлемдік экономиканың барлық құрамдас бөліктерін —өндірісті, ғылымды, қаржыларды,тұтынуды біріктіруде. Олардың қазіргі өзара тәуелділігі соншалықты, ұлттық және аймақтық нарықтардың әлемдік нарықтан кез келген оқшаулануы ол ұлтты немесе аймақты құлдырауға ұшыратады. Жаһандану кері айналмас сипатқа ие болып, экономикалық дамудың шартына айналуда. Рыноктар арасындағы кең ауқымды қаржылық ағындарға байланысты қазіргі күнде триллион доллармен өлшенетін, тауардың өзіндік құнын 10—12%-ке түсіретін және сонымен бүкіл циклдық дамуды өзгертетін электрондық сауданың елеулі өсуі байқалады. Дегенмен де, Жаһанданудың қазіргі үрдісі бірқатар кері зардаптар әкеледі. 1990 жылы адам басына есептегенде орташа кіріс аса дамыған 17 елде басқалармен салыстырғанда 4,5 есе жоғары болған. 1999 жылы жердің аса бай тұрғындарының 20%-і әлемдік ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнімнің) 86%-не, ал аса кедейлері 1%-ке ие болды. Планета халқының 30%-і күніне бір доллардан кем қамтамасыз етілген. Постиндустриалдық, индустриалдық және дамушы елдердің арасындағы алшақтық кему орнына, керісінше, өсе түскендігі байқалып отыр. Ашық нарықтық принциптерге шартты түрде сүйенетін, ал шын мәнінде дамыған елдердің бәсекелестік артықшылығын пайдаланатын “Вашингтондық консенсус” адамзаттың аз бөлігі үшін ғана қызмет етеді.

Дағдарыс:

1. Жеке тұлғалық: зияткерлік, эмоционалдық, тәндік.

2. Қоғамдық: экономикалық, саяси, мәдени, тбасылық, білім беру.

3.Экологиялық: ниет бұзылуы, климаттық, ресурстық, табиғи.

Рухани дағдарыс: жеке тұлғалық, экологиялық, қоғамдық: .иетің жолдасың.

Неге арналсаң соны істе. Ж.Аймауытов.

Шығудың жолы:«жаңа аскетизм». Руханилық ойдың, істің таза болуы.

Аскетизм рақымшылдық жасау, материалдық құндылықтарды рухани құндылықтарға өзгерту. Іс- әрекеттің дұрыс болуы.

Жаһандық теңсіздік ғаламдық тепе теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Мысалы: Арал!!! Семей Невада. тб.

Жаһандану жағдайында оған жұтылып кетпеу керек. Жаһандық теңсіздікті сүйіспеншілікпен, руханилықпен жеңуге болады.Жүректі тыңдау.

Қаталдық қатыгездікке айналмауы керек. Ғ.Мұстафин.

Ауере Печчи: «адам өзін өзі өзгертуді ойлауы керек». Мәселенің шешімі адамның рухани дүниесінде.

2.Адамзаттың жалпығаламдық бірлігі.

Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу

логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпыадамдық құндылықтарды қорғауға негізделген халықаралық ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр.

Жаһандану үрдістері әртүрлі әлеуметтік және экономикалық даму деңгейдегі дамушы елдерге және халықтарға алуан түрлі әсер етеді. Дамушы елдерге жаһандану дамуға жаңа мүмкіндіктер жасайды. Сонымен қатар, осы елдер үшін аса үлкен қиындықтар да туғызады. Мысалы, дамыған елдермен салыстырғанда, дамушы елдердің артта қалу деңгейі күн санап арта түседі.

Ғаламдық нарықтық экономикаға ену үшін дамушы елдерден өз әлеуметтік - экономикалық құрылымын түбегейлі өзгертіп, барынша күш - жігер салуын талап етеді. Халықаралық нарық толығымен көпұлтты компаниялардың және дамыған постиндустриалды елдердің "ойын ережелеріне" бағынады. Дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ғылым, техника және технологиялар деңгейі әзірге өте төмен, ал бұл өз кезегінде олардың дамыған елдермен қатар бір деңгейде әлемдік нарықта бәсекеге түсуге мүмкіндік бермейді.

Дамушы елдердің алдында әлемдік ғаламданушы экономикаға кірігу міндеті тұр. Ал, екінші жағынан олар дамыған елдерге тәуелді болудан қашады. Жаһандық мемлекеттік жүйе - қазіргі мемлекеттердің әлемдік жүйесі. Әлемдегі мемлекеттер соның принциптеріне негізделіп құрылған үлттық мемлекет үлгі болып табылады. Бүгінгі таңда ұлт әлемнің қоғамдық ұйымдасуының негізгі бірлігі болып табылады,ал ұлттық мемлекет - оның саяси ұйымдасуының негізгі өлшемі. Бұл екі бірлікте - қоғамдық және саяси - бір-біріне сәйкес келеді, ал бұл олардың мәнін, маңыздылығын, шынайылығын және олардың бірінсіз - бірінің күні жоқ екендігін білдіреді. Бұл ереже ұлт пен ұлттық мемлекетке легитиімділік көзі мәртебесін береді. Билікке қол жеткізу және оны ұстап тұру үшін саясаткерлер және оны қолдаушылар ұлт мүддесі үшін қызмет етуі керек. Ал мұндай қызмет тек бір ұлт қана өмір сүретін ұлттық мемлекет аясында ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Ұлтты және ұлттық мемлекетті қазіргі әлемді ұйымдастырудың қоғамдық-саяси үлгісі ретінде мойындау ұлтшылдыққа ерекше, алғашқы (әзірге, жалғыз) ғаламдық идеология мәртебесін әперді. Ұлтшылдық бүгінгі түріндегі мемлекеттік жүйенің легитимдендіру құралы және идеологиялық шеңбері қызметін атқарады. Өз кезегінде бұл жүйе өзінің әмбебаптығына орай ғаламдық сипат алуда. Ұлттық мемлекеттер жер шарын түгел жайлап, тек бір-бірін ғана халықаралық қатынастардың бірден-бір субъектісі ретінде мойындайды. Осылайша, өмірдің көптеген салаларына тән жаһандану үрдісі осы ғаламдық мемлекеттік жүйенің инфрақұрылымдық іргетасына негізделген.

Классиктер рухани-адамгершілік білім туралы.

Сократ ешқашан да дайын жауап бермеген, жетелеуші сұрақтар қою арқылы ақиқатты іздеуге көмектеседі: ол сөйлесіп тұрған адамын мысалдардан – ережеге, нақты заттар мен қарым-қатынастан – түсінікке апарады.

Сократ тыңдаушысын өз-өзімен қайшылыққа әкелуді және біртіндеп шынайы игілік негізі ретінде адамгершілікке апаруды көздейтін бірізділікпен және жүйелі түрде сұрақ қою педагогикалық әдісін қалыртастырды.

Жаңа туылған нәрестенің ақыл-ойы, миы таза болады, қайырымдылық пен зұлымдықтың ешқайсысын таңдай алмайды, қайырымдылық адамның өмір сүру үдерісінде жиналады.

Адам дүниеге келгенде таза мектеп тақтасындай болады, тақта бетіне әр адам өз қолжазбасын жазып қалдырғандай кішкене нәрестенің де таза санасына өсе келе әр нәрсе жазылады.

Әбу Насыр әл-Фараби (872-950)

Ізгілік психологиясының классиктері

Өз құмарлығының тозағына күймеген адам, оларды жеңе алмайды.

Тән мен жан нышандардың өзара біте қайнасуының тереңдігі сонша, біз тәндік нышан арқылы жанның қасиеттері туралы, сол сияқты жанның ерекшеліктері арқылы тәннің тиісті формалары туралы да терең зерделей аламыз.Адамдар да өсімдіктер сияқты кейбіреулері жарықта, кейбіреулері көлеңкеде өскенді қалайды. Жарықтан гөрі көлеңкені қалайтындар да бар

К. Г. Юнг (1875-1961) Мұғалім өз сабағын сәулелендіретін нұрды қайдан алады?

... мұғалім өз бойындағы рухани әлемнен алады, егер ол әлем әсемдікке, асқақтыққа толы болса ...

Біз рухани бастаудан туындайтын, сыртқы әлемнен келетін ақпаратты дамытамыз, асқақтатамыз,ізгілендіреміз. Міне, осы бейнелермен оқушыларымыздың рухани әлемін толықтырамыз.

Ш.А. Амонашвили

Мұғалімнің заңдары:

  • баланы сүю;

  • баланы түсіне білу;

  • баланы шабыттандыра білу.

Мұғалімнің парыздары:

  • баланың бойындағы шексіз кемелдену мүмкіндігіне деген сенім;

  • өз бойындағы жоғарғы рухани бастауға деген сенім;

  • тек ізгі әдістердің күшіне деген сенім..

Мұғалімнің жеке қасиеттері:

  • мейірімділік,

  • ашықтық және шынайылық,

  • Адалдық.

Баланың сүйеніштері:

  • дамуға,

  • есеюге,

  • еркіндікке ұмтылыс.

Интеграция мысалдары

Әлемді тану

1. Күн (риясыз, сөзсіз таза Сүйіспеншілік және төзім мысалы)

2.Жер ( өз міндетін қалтқысыз орындау үлгісі)

3. Таулар

4. Ағаштар.

5. Көбелектер

6.Барлық жерде шырын жинайтын араға ұқсаңдар, бірақ артында тазалық болмайтын шыбынға ұқсамаңдар.

7.Солтүстіктің жарық жұлдызы. Үнемі солтүстікті көрсетіп тұрады. Жолдан адасқандарға бағыт көрсетеді.Сіздің де өмірлік үлгіңізден жолдан тайғандар болса, өзінің өмірлік бағытын айқындасын.

8. Жануарлар.

9. Су

В.Ф. Бак «Биология жүрек тілімен» кітабында альтруизм заңы аталады.

Өмір – ашық жүйе. Оған үзіліссіз қуат пен ақпарат ағыны құйылып жатады да, өмірді қоректендіріп, нәрлендіріп жатады.

Тіршіліктің әр бөліктері арасында ақпараттық- қуаттық алмасып жатуы Ғарыш заңдылығының бір маңызды бөлігі.

Ол адамдық мораль деңгейінде «егер алғың келсе, бере біл» деген ұстанымен бекітілген.

Биологиялық жүйеде өмірдің тұтас ағза ретінде дамуы оның жеке құрамдас бөліктерін «өзінің мүддесі үшін құрбан» етеді. Альтруизм адамның адамгершілік сапасы ғана емес, бұл—өмір қағидасы да. Әр жеке клетка өз дамуын, өсуін басқа клеткалар үшін құрбан етеді.

Дұрыс қуаттық-ақпараттық алмасу барысында, кері байланыс болған жағдайда көп клеткалы ағзаның әр клеткасы өзіне қажеттінің бәрін ала алады да, тұтас ағза өсіп жетіледі.

Физика.

  1. Ғалымдар туралы оқиғалар.

  2. Тепе-теңдік. (Біз өмірде тепе-теңдікті сақтап, үлкен ауытқулардан аулақ болуымыз қажет).

  3. Жарық пен көлеңке. (Біз жарыққа қарай жүрсек, көлеңке артымызда болады. Жарық көп болған сайын көлеңке азаяды. Жарыққа арқамызды қаратып жүрсек, онда көлеңке алдымызда болады. Жарық – бұл біздің бойымыздағы жалпыадамзаттық құндылықтар, көлеңке – бұл біздің теріс жақтарымыз. Көлеңке бұл жарықтың жоқтығы. Жарық бар жерде көлеңке жоқ)

  4. Р=mgh,

Р – әлеуеттік энергия, m – дене массасы, h – дененің нөлдік деңгейден биіктігі. Адам дүние тірлігінен, яғни материалдық деңгейден, көтерілген сайын, оның әлеуеттік шығармашылық энергиясы арта түседі










57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 11.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров547
Номер материала ДВ-328257
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх