Инфоурок Директору, завучу Статьи"Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі - оқушы дамуының негізі"

"Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі - оқушы дамуының негізі"

Скачать материал

Алматы қаласы,Түрксіб ауданы

Нусупбекова Мейрамгүл Барказатовна -директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары

«Д. Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектеп» КММ

 

Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі – оқушы дамуының негізі

Ел дамуының басты белгілері ғы­лым мен техниканың, экономи­ка­ның жетістіктері болса, оның бастауы – білімде, ал, білім беру негізі – мұғалімнің біліктілігі мен біліміне, тәжірибесіне келіп тіреледі. Ол үшін мұғалімнің білімі мен біліктілігі оның педагогикалық шеберлігіне ұш­тасуы керек. Педаго­гикалық шебер­лік дегеніміз – үнемі жетілдіріп отыруды қажет ететін ба­ла­ларды оқыту мен тәрбиелеу өне­рінің негізі. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әрбір ізденімпаз педа­гогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылымның тиісті салаларынан хабардар, әсіресе, балалар психологиясының, жас ерек­шеліктерінің мәселелеріне қанық, оқы­ту мен тәрбиенің әдістемесін же­тік мең­герген адам болуы тиіс. Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атан­дыр­ғаннан артық абырой мен құрмет жоқ. Сондықтан, ұстаздың сапасын ең жо­ғары деңгейге көтеру – уақыт талабы дейміз. Өйткені, келешек ұрпақтың бар­лығы ұстаз қолынан өтіп, тәлім-тәрбие алады. Ізденімпаз мұға­лімнің шы­ғармашылық ерекшелігі – оның сабақты түрлендіріп, қосымша материалдармен байытып, тұлғаның жүрегіне жол таба білуінде. Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Д. Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектепте «Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі – оқушы дамуының негізі» тақырыбында аудандық семинар өткізді. Семинарға Түрксіб ауданынан 25 мектептің басшылары мен оқу тәрбие жұмысының орынбасарлары қатысып тәжірибе алмасты.

Семинар мақсаты – педагогикалық шеберліктің оқушы шығармашылығының дамуына ықпал ететіндігін тәжірибе жүзінде көрсету. Жаңартылған білім мазмұнына сай білім беруді меңгерген ұстаздар тәжірибе  идеяларын жүзеге асыра отырып, жеткен нәтижелерін көрсетті.

Семинар жұмысына аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, мектеп әкімшіліктері мен сертификатталған педагогтардан тұратын 56 адам қатысты. Ұлт ұстазы атанған алаш ардақтысы, әдіскер-ғалым А.Байтұрсынұлы: «…Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мек­тебі һәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, әдістемеден хабардар, оқы­та білетін мұғалім», – дейді «Мектеп керектері» атты мақаласында. Келген қонақтар математика пәнінен «Талантыңмен таныл» (Ақылбаева Н.Ә.) тарих пәнінен «Қазақстан азаматтарының қаржылық сауаттылығын арттыру қажет» (Минахунова К.И.) , технология пәнінен  «Ғажап бұйым-шебер қолдан шығады» ( Оралбаева Н.С.), қазақ әдебиеті пәнінен  «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл» (Тоғызбаева А.Ұ.) және 9 «А» сыныбында «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін.Абай  қара сөздері» (Нүсүпбекова М.Б.), 1-сыныптың сауат ашу пәнінен Тилеулиева Айнұрдың «Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін?» сабағына, орыс тілі пәнінен  «В мире сказок»,  АӘД пәнінен «Калашников автоматының құрылысы» (Кемалов Н.М.) сабақтарына   қатысты. Сабақ үстіндегі оқушының белсенділігі, мұғалімнің сабақтағы көшбасшылығы, тапсырмаларды орындаудағы талантты – дарынды оқушының суырылып анықталуы, АКТ-ның қолданылуы, оқушының шығармашылық деңгейі, бағалау мен рефлексия жасаудағы сыни көзқарастың қалыптасуы – мұғалімнің сабақты ұйымдастыру деңгейін сабақ барысында байқай алды. Әр қатысушы кері байланыс парағын толтырып, сыни пікірлерін айтты. Сабақтар барысында педагогтар сабақта оқушылармен жұмыстың белсенді әдістері мен тәсілдерін тиімді де жан-жақты ұйымдастырды. Мұғалімдер оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін арттыруға, өз беттерімен ізденіс қабілетін дамытуға көп назар аударып, талқыланған мәселелерде ынта туғызу мен шешімін табуда өз ойларын еркін жеткізулеріне көп көңіл бөлді.

Семинар барысында бірнеше ұстаз «Дарынды оқушы - ұстаз еңбегінің жемісі» тақырыбында шеберлік  минуттарын өткізді. Оқушылар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты ұйымдастырылыған «25 ән, 25 кітап» акциясы бойынша сыныптан тыс оқыған шығармаларынан  үш тілде сахналық қойылым көрсетті.  Қазақ тілінде М. Әуезовтің "Ай - Қарагөз" (Жетекшісі - Чакакова Б.Т.) ағылшын тілінде  "Рамео и Джульетта" (Жетекшісі - Жақсыбаева Г.) орыс тілінде Ш.Айтматовтың "Легенда о манкурте" (Жетекшісі - Нуртазина Г. А.) Келген қонақтар оқушылардың  драмалық шығармалардағы рөлдерін өте шебер орындағынына, ағылшын, орыс тілінде еркін сөйлегеніне тәнті болды.

Ән жанрында  мұғалімдердің «Қызғалдақтар» вокальді тобы «Шолпан» әнімен бастады, оқушылардың хор ұжымы "Менің елім Қазақстан", (Жетекшісі: Жолдыбаев К.Е.) Көркем сөз шебері Нүсіпбек Тоғжан «Тәуелсіздік» жырын, Жүсен Шұғыла «Ана» өлеңін нақышына келтіре оқып қалың қауымды тамсандырды.

Сонымен қатар мектеп директорының оқу жұмысының орынбасары

Н.С. Шындаулетова  мектепте атқарылып келе жатқан жұмыстардың барысына тоқталып өтті. «Эссе жазу талаптары» жөнінде директордың оқу - ісі жөніндегі орынбасары Нүсүпбекова  М. Б. жан-жақты талдады. Эссе түрлері, эссе  жазу кезеңдері (проблеманы анықтау -ойлану–жоспарлау –жазу–тексеру), жиі кездесетін қателіктер, бағалау мақсаты – білім алушылардың оқу үдерісінде алған білімі мен білігін анықтау екендігіне және бағалау нормаларына  туралы айта келіп, Республика көлемінде жүлде алған үздік эссе жұмыстарының авторларын ортаға шығарды. Ортаға шыққан оқушылар мақтау қағаздары мен баулыған ұстаздарымен мақтанды. Эссе жазатын адам үшін ең маңызды қасиет – тілді еркін меңгеруі, басқалардың сезіміне әсер ететіндей дәл, анық бейнелі етіп сабақтастыра жаза білу жөнінде пікірталас өрбіді.

Психолог Құрманғазы А.Б. 15 күн бойы жүргізген «Сөздің құдіреті» тәжірибесін бөлісті.

Қатысушылар тарапынан шараны қорытындылау кезінде аудандық білім бөлімі мен мектеп ұжымына үлкен алғыстарын білдіріп, осындай іс-шаралардың жүйелі түрде өткізілуі  керектігін айтты.

Семинар жұмысының қорытындысында қатысушылар анықталған мәселелерді шешу үшін ұсыныстар берді:

-         топтағылардың бірлескен жұмысының нәтижесінде ғана табысқа жетуге болатындығын түсіндіру жұмыстарын жетілдіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі - оқушы дамуының негізі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Научный сотрудник музея

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 105 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.05.2017 1109
    • DOCX 488.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мейрамгуль Нусупбекова Барказатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4250
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика обучения испанскому языку

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы психологического консультирования, психогигиены и психосоматики

72/108/144 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 89 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 143 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация расчетов с потребителями и поставщиками жилищно-коммунальных услуг

Специалист по расчетам и платежам за жилищно-коммунальные услуги

300 ч. — 1200 ч.

от 3250 руб. от 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Театральная педагогика: творческое развитие и воспитание

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы профессиональной деятельности эксперта в области индивидуального консультирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе