Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Маншук, 2-сынып, адебиеттик оку

Маншук, 2-сынып, адебиеттик оку


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Әдебиеттік оқу

Г.Кусаинова

«Гимназия сыныптары бар №20 Мұхтар Әуезов атындағы ЖББОМ- нің бастауыш сынып мұғалімі»

Тақырыбы: С.Машақов «Маншук»

Мақсаты: ҰОС-на қатысқан батыр қыз туралы мағлұмат беру;

Білімділік: Өлеңнің мазмұнын меңгерту үшін өлеңді талдау,

түсініксіз сөздерді анықтап,мағынасын тануға жұмыс ұйымдастыру;

Тәрбиелік: Мәншүктің батырлық істерінен үлгі алып, өз Отанын сүюге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Бір – бірімен сөйлесу арқылы, кейіпкерді сипаттау арқылы байланыстыра сөйлеу дағдылары жетіледі;

Негізгі идея: «Ер есімі – ел есінде»

Әдіс – тәсілдер: Сыни тұрғыдан ойлау, ментор әдісі, АКТ,оқытудағы жаңа тәсіл модулі.

Күтілетін нәтиже: Өлеңнің мазмұнын меңгереді, қосымша мәліметтер жинайды, өлеңмен танысады;

Ресурстар: Сабаққа сай суреттер, оқулық,, маркерлер, дәптер.

Білу. Психологиялық ахуал қалыптастыру; Сәттілік тілеу;Топқа бөлу.

Оқулықтың 211- 212 бетіндегі үй тапсырмасымен жұмыс;

Диалогті әдіспен сұраққа жауап алу: ҰОС соғысы туралы не білесің?

Бауыржан Момышұлыны сипатта. Осы мәтін арқылы не білдік?ҰОС – на қазақ жерінен батыр апаларымыз бен ағаларымыз аттанғанын ,олардың не үшін аттанғанын өткен сабақта да тоқталғанбыз. Үй тапсырмасын жаңа сабақпен байланыстыру. Ой тастау: Тағы қандай батырларды білесіңдер? «Соғыс» деген сөзді естігенде сендерде қандай сезім пайда болады? Қай елдерде соғыс жүріп жатыр?Оқушылардың жауабы: Ә.Молдағұлова М.Мәмбетова Т.Бигелдинов ; Соғыс – қасірет әкеледі,адамдар атысады, оққа ұшады; балалар бірі ағасынан,бірі әкесінен айырылады;

Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру;»Кейіпкерді тап» ойыны. Конвертке кейіпкердің суретін салып сипаттау: Медицина институтында оқып жүрген. Жасы 19 –да. Соғысқа өзі сұранып, Алматы қаласынан аттанған. Қазақтың батыр қызы.

М.Мәмбетова екенін оқушыларға тапқызып бүгінгі жаңа сабақты хабарлау.

Түсіну.Оқытудағы жаңа тәсіл модулі бойынша слайдтан Мәншүктің өміріне қатысты сөздер мен сандар тізбегі беріледі. Оқушы таба алса айтады, білмесе көмек беріледі. Мысалы: 1922ж. 19, 1942ж. 1943ж. Орал, Жиенғали, пулемет, ескерткіш,Псков,кино. Осы мәліметтерді пайдалана отырып, Мәншүктің өмірдерегі оқушылармен бірлесе құрылады. Толық мәліметті Википедия. кз. сайтынан алуға сілтеме беріледі. Мәншүк 1922 жылыОрал қаласы Орда ауданында Мәметовтар отбасында Жиенғалидің Мәнсия атты қызы дүниеге келеді. Мәншүк жиырма жылдан соң, ержүрек қыз атанып, тарихта қаларын кім білген? Ата-анасынан ерте айырылған ару қыз жастық шағын да тәрк етті. Алматы медицина институтында оқып жүрген шағында жау жақтан ескен соғыстың ызғарлы желі жас қайыңның жапырағындай жайқалған бойжеткенді жұлып түсірді. Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай,»Фашистерді жою үшін майданға жіберетін,менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз»- деп, 1942 жылы соғысқа аттанады. Осылайша Отанды артқа тастап,ерлермен қатарласып жүріп жаумен алысты. Әйелмін деп әлсіздік танытпады, жаспын деп соғыс жалынын жатырқамады. Бар арманы –қалайда жеңіске жету;Талай зобалаңды бастан өткерді;ерлермен бірге жер бауырлап жүріп су кешті,ну орманды артқа тастап,басын отқа да салды, суға да батырды.1943жылы 15 қазанда Псков облысы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде қантөгіс болған. Сол күні Маншук жан серігі- пулеметімен дамылсыз оқ атып, ерен ерлік көрсетіп, қаза болды.»Ерлік ұмытылмайды» дегендей Батыр қыздың ерлігі ұмытылмайды.Невель қаласында,Псков жерінде, өзінің туып өскен қаласы Орал да Мәншүкке арнап ескерткіштер орнатылған,музейлер ашылған.

АКТ. Видео: «Сен білесің бе?» Бұл соғыстың 1941-1945ж.аралығына созылғаны,биыл бейбіт өмірімізге Ұлы Жеңіске 70 жылды атап өтетінін айту; Кімнің аталары ҰОС-на қатысқан? Оқушылар өз аталары туралы ойларын топта ортаға салады.Апамыздың ерлігін мақтан етіп киноға түсірген,ақындарымыз өлең шумақтарын шығарған.

Қолдану. Оқулықпен жұмыс:С.Машақовтың «Мәншүк» өлеңімен таныстыру. Автор туралы қысқаша айтып өту.(27 қараша 1906ж. туылған )

Өлеңді мәнерлеп оқу.1- шумақты талдау: Қызу ұрыста,соғыста ерлермен қатарласып жаудан тайсалмай алысқанын; 2- шумақта: Мәншүк жан серігі – пулеметімен дамылсыз оқ атып, ерен ерлік көрсеткені, оғымен талай фашисті жер жастанғандығы;

3- шумақта: Өзіне қанша қауіп төнседе, ол өлімнен қорықпай тайсалмағаны туралы айтылды;Глоссарий құру: қаһар , қатуланған,жасымаған, қауіп сөздерінің мағынасын ашу;

Талдау. 1-топ:Ақын сөздерін пайдаланып Мәншүкті сипатта.

2- топ: Қызу ұрыстың жүріп жатқанын өлеңнің қай жолынан байқадың?

3- топ. Осы өлең арқылы не білдік?

4- топ: Ақын өлеңді кімге арнады?

Сұрақтардың балаға әсері: Қойылған сұраққа жауап іздеп, дәлелдеуге тырысты. Қысқа әрі нұсқа жауап қайтаруға жұмыстанды.

Сергіту сәті.

Постер қорғау: «Мәншүк»Топта әр топ постермен қорғап,түйін жасады. Топтағы бағалаушы өз тобын бағалап болған соң өзім қорытып,бағалап шықтым.Постер қорғау арқылы Мәншүктің бойындағы қасиеттерін анықтады.

Жинақтау.Қортыту: Ментор әдісін пайдаланам.

Сырттай ментор. Егер соғыс болмаса, Мәншүктің өмірі қалай өтуі мүмкін?

Іштей ментор: Сол заманға тап болсаң, соғыстағы жауынгерлерге қалай көмектесер едің? Сөзбен бе? Іспен бе?

Түйін.Ол кешкен аз ғұмыр өте мәнді өтті. Себебі оның жаны біздерге жеңіс алып берді. Халқы үшін ерен еңбек сіңіріп,әр кезеңде келер ұрпақтың санасына өшпейтіндей дара жолы бар қазақтың батыр қызы бүгінде тыныш заманның тәуелсіз төрінде ескерткіш болып қана тұр.

Бағалау. Оқушылар бірін бірі бағалайды, мұғалім формативті бағалайды, кері байланыс жүреді.

Үйге: Өлеңді жаттау. Өлең мазмұнына сай сурет салып келу.


Краткое описание документа:

Тақырыбы: С.Машақов «Маншук»

Мақсаты: ҰОС-на қатысқан батыр қыз туралы мағлұмат беру;

Білімділік: Өлеңнің мазмұнын меңгерту үшін өлеңді талдау,

түсініксіз сөздерді анықтап,мағынасын тануға жұмыс ұйымдастыру;

Тәрбиелік: Мәншүктің батырлық істерінен үлгі алып, өз Отанын сүюге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Бір – бірімен сөйлесу арқылы, кейіпкерді сипаттау арқылы байланыстыра сөйлеу дағдылары жетіледі;

Негізгі идея: «Ер есімі – ел есінде»

Әдіс – тәсілдер: Сыни тұрғыдан ойлау, ментор әдісі, АКТ,оқытудағы жаңа тәсіл модулі.

Күтілетін нәтиже: Өлеңнің мазмұнын меңгереді, қосымша мәліметтер жинайды, өлеңмен танысады;

Автор
Дата добавления 29.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров756
Номер материала 295073
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх