Инфоурок Начальные классы ПрезентацииМатематика сабағында логикалық тапсырмалар арқылы, оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру

Математика сабағында логикалық тапсырмалар арқылы, оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру

Скачать материал
Скачать материал "Математика сабағында логикалық тапсырмалар арқылы, оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру"

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Интернет-маркетолог

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Тақырыбы:Математика сабағында логикалық тапсырмалар арқылы, оқушылардың ойлау...

    1 слайд

    Тақырыбы:
    Математика сабағында логикалық тапсырмалар арқылы, оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру
    М. Горький атындағы мектеп гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесі


    Дайындаған бастауыш сынып мұғалімі: Пазылова Тамара
    ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС

  • Мазмұны

І.Кіріспе 

ІІ.Негізгі бөлім

2.1 Логика - ойлаудың заңдылықтары мен...

    2 слайд

    Мазмұны

    І.Кіріспе

    ІІ.Негізгі бөлім

    2.1 Логика - ойлаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым


    2.2 Оқу еңбегінің қаруы - ой.

    2.3 Оқушыларды логикалық ойлауға қалай үйретуге болады?

    2.4 Логикалық есептерді шығару арқылы оқушы дұрыс ойлауға, сын көзбен қарауға, бақылағыштыққа машықтанады.

    ІІІ. Қорытынды

    І V. Әдебиеттер

  • КІРІСПЕ Қазақстан Республикасының білім беру стандартында білім берудің басты...

    3 слайд

    КІРІСПЕ
    Қазақстан Республикасының білім беру стандартында білім берудің басты міндеті логикалық ойлауды дамыту болып табылатындығы атап айтылған.

    Бастауыш сынып – оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі.Бастауыш сыныпта балалардың ойлары нақты-бейнеліден абстрактылы - логикалық ойлауға қарай дамиды.Мектептің алғашқы сатысының міндеті – бала интеллектісін себеп – салдарлы байланыстарды түсіну деңгейіне дейін дамыту.
    Бастауыш мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту және белсендіру.Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі.Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек.Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек».Оқу материалы балалардың ойлау қабілеті жетерліктей  жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырылса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.Сондықтан да мұғалім балаларды сабақта талабын шаттандыратындай, ойын оятатындай, белсенділігін,саналы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын,олардың іскерлігін дамытатындай болу ксрск. Оларды қиындыкты жеңе білуге, төзімділікке баулу мұғалімнің басты міндеті.«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны – логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К.Д.Ушинский. Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде ғалымдар А.В.Запорожец, Л.Н.Венгер, И.С. Якиманская еңбектерінде нақты анықтама берілді. Авторлардың  пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз:барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;
    ойлау белсенділігін, өз беттілігін дамыту;

  • НЕГІЗГІ БӨЛІМЛогикалық ойлауды дамыту туралы сөз етпес бұрын логика туралы қы...

    4 слайд

    НЕГІЗГІ БӨЛІМ
    Логикалық ойлауды дамыту туралы сөз етпес бұрын логика туралы қысқаша айтып кету керек. Логика - (грек тілінен алынған logic - сөз, ой,ойлау, ақыл-ой) ойлаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым. Объективті пікірлерге негізделген процесс логикалық ойлау деп, ал дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады. Логикалық ойлаудың қисындылығы олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыстың себептері мен салдары, ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Пікір алмасу кезінде, әсіресе математикалық тұжырымдар кезінде пайымдау,ойлау заңдылықтарын немесе былайша айтқанда сол заңдылықтар мен формалары жөніндегі ғылым- логиканың көмегі мен бір пікірден екінші пікірді шығарамыз. Логикалық тұжырым теориясының ең алғаш грек философы Аристотель негізін қалаған.

    Ой әрекеті барысында адам қоршаған дүниені танып, білу үшін ерекше ақын қызметін орындайды. Бұл нақты қызметіне талдау, біріктіру, салыстыру, дерексіздендіру нақтылау және қорытындылау арқылы жүзеге асырылады.

    Талдау – бұл оймен бүтінді жіктеу немесе бүтіннен оның қырларын, әрекет не қатынас бірліктерін бөліп алу, қарапайым формадағы талдау әрқандай затты практикалық қажеттілікке орай құрама бөлшектерге ажырату.

    Мысалы балаларды қандай да бір өсімдіктермен таныстыруда оның құрамын көрсетуден бастаймыз. (тамыры,сабағы,жапырағы). Талдау тәжірибелік және теориялық болып бөлінеді. Егер талдау жоғарыда айтылған ой операцяларына ұштаспаса,онда қате, механикалық сипат алады. Мұндай талдау элементтері жас балаларда көптеп кездеседі.

    Біріктіру –бұл әрқилы бөлшектер, қасиеттермен әрекет қимылдарды тұтас бірлікке топтастыру.Біріктіру операциясы талдау әдістеріне қарама-қарсы. Бұл қызмет барысында жеке заттар мен құбылыстар күрделі,
    бүтін құбылысқа қатысы бар бөлшек,элементтер тобы ретінде қарастырылады.


    Логика - ойлаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым

  • Логикалық жаттығулар:

1. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан м...

    5 слайд

    Логикалық жаттығулар:

    1. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?
    (Шешуі: Айжан-Мұраттың, Маржан-Асқардың қызы.)

    2.Велосипед дөңгелегінде 8 шабақ бар. Барлық шабақтардың арасында неше аралық болады? (Шешуі: 8 аралық)

    3.Екінші сыныптың өқушылары екі-екіден жұптасып тұрды. Сәкен мен Дәурен жетінші жұп болды. Олар алдынан санағанда жетінші жұп болды, ал артынан санағанда төртінші жұп болды.Сыныпта қанша оқушы бар? (Шешуі: 20 оқушы)

    4. Үш ағайынды. Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әртүрлі класта оқиды.Абзал арманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені ортаншысы,кішісі кім?

    (Ең үлкені Аян,ең кішісі Арман, ортаншысы Абзал.)

    5. Қай ауылдың балалары?

    Әділет, Еркін, Ерлік үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі –
    Қосқұдықтан, екіншісі -Үштөбеден, үшіншісі – Көктөбеден.
    Әділет пен Қосқұдықтан келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, Бұлардың екеуі де Үштөбеде болып көрмегенділігі белгілі болса, қай бала қай ауылдан келген?

    (Еркін- Қосқұдықтан, Әділет- Көктөбеден, Ерлік –үш төбеден.)

  • ҚОРЫТЫНДЫ 
Выготский: «Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілет...

    6 слайд

    ҚОРЫТЫНДЫ

    Выготский: «Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықталып беріледі.Әр баланы өзінің даму зонасында жетілдіру керек» деген екен. Сондықтан мен әр баланың жан-дүниесіне үңілуден бастап, өзіндік ерекшеліктерін зерттеп,біліп алған соң,олардың қабылдау деңгейіне қарай іріктеп, талдап, қолданамын. Тапсырмаларды деңгейлеп беремін.

    Оқулықтағы шығармашылық жаттығулар оқушылардан тек қана математикадан білім емес, күделікті өмірде кездесетін әртүрлі жағдайға байланысты білімді талап ететін тапсырмалар. Бұлар негізінен оқушылардың байқағыштығын, ойлауын, қиялын дамытуға негізделген. Бұл - өте қиын, аса жауапты, бірақ игілігі мол ардақты жұмыс. Ендеше логикалық ойлауды дамыта оқытуды негіздеу үшін логикалық ойлау ұғымын терең түсіну керек. Біз бұл ұғым және олармен байланысты мәселелер бойынша психолошиялық, педагогикалық оқу әдістемелік әдебиеттерді және ғылыми зерттеу жұмыстарын қарап шығып, логикалық ойлауды дамыту ұғымы ойлауды дамыту ұғымын қамтиды деген пікірге келдік. «Ойлау - логиканың заңдылықтарымен формаларына бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді» дейді В.Кириллова. 
    Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман мұғалімге сегіз қырлы,бір сырлы ерен қасиет иесі болуды міндеттейді. Ұстаз алдында отырған бірі шапшаң,бірі баяу,енді біреулері төмен қабылдайтын зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте сақтауы,ойлауы әр қилы шәкірттердің жүрегіне жол тауып олардың шығармашылық қабілетін дамыту күрделі құрылым екені даусыз.




  • Пайдаланған әдебиеттер:Жарықбаев Қ. Психология. – Алматы,  2002.  – 415 бет....

    7 слайд

    Пайдаланған әдебиеттер:
    Жарықбаев Қ. Психология. – Алматы,  2002.  – 415 бет.
    Ильина Т.А. Педагогика. – Алматы, 1977 – 454 бет.
    Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты. – Алматы, 2010. -  135 бет.
    Қосанов Б.М. Математика курсындағы шығармашылық жаттығулар: орындау технологиясы. – Алматы,  2005. -  72 бет.
    Глазырина Л.Л.Математика пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау және есептеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы (2,3,4 сыныптар). «Келешек - 2030»ЖШС, 2010.
    Ерешова К.,Ыдырысова Ш.,Әбенова Г.Логика әлемі. 2 сынып.Алматы «Өлке» 2010.
    Ерешова К,Омарғазинова Г., Логика әлемі. 4 сынып.Алматы «Өлке» 2011.
    Қосанов Б.М.Математикадан сыныптан тыс жұмстарда оқушыларға экономикалық тәрбие беру. – Алматы, 1998. – 54 бет.
    Т.Мейірманқұлова «Білім берудегі инновациялық технологиялар», Алматы, 2000 ж.
    Д.Рахымбек. Оқушылардың логика методологиялық білімдерін жетілдіру. Алматы. РКБ, 1998ж.

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бастауыш мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту және белсендіру.Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі.Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек.Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек».Оқу материалы балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырылса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.Сондықтан да мұғалім балаларды сабақта талабын шаттандыратындай, ойын оятатындай, белсенділігін,саналы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын,олардың іскерлігін дамытатындай болу ксрск. Оларды қиындыкты жеңе білуге, төзімділікке баулу мұғалімнің басты міндеті.«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны – логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К.Д.Ушинский.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 567 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.11.2015 5367
    • PPTX 98.4 кбайт
    • 56 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Егемкулова Зульфия Амировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Егемкулова Зульфия Амировна
    Егемкулова Зульфия Амировна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 109045
    • Всего материалов: 35

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Мини-курс

Личность в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов

Мини-курс

Расстройства пищевого поведения: обзор и основы психологической работы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе