Инфоурок Математика Другие методич. материалыМатематика 6 сынып Масштаб

Математика 6 сынып Масштаб

Скачать материал

Күні: 08.10.2016ж

Сыныбы: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Масштаб.

Сабақтың мақсаты:

         Білмділігі: Оқушыларды масштаб ұғымымен таныстырып, масштабты табуды, қашықтықты өлшеу, оны қағаз бетіне түсіру әдістері туралы білім беру. Картадағы кез-келген географиялық объектінің масштабына қарап қашықтығын анықтауға және оны дәлме-дәл қағазға түсіруді үйрету.

         Дамытушылығы: Оқушылардың ой өрісін кеңейту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, ауызша, жазбаша тез есептеуге дағдыландыру.

         Тәрбиелігі: Еңбекқорлыққа, ізденімпаздыққа бір-бірімен достық қарым-қатнаста болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру сабағы.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, интербелсенді баяндау, сұрақ жауабы.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, глобус, интербелсенді тақта,

Пән аралық байланыс: География.

Сабақтың құрлымы:

    I.            Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

II.            Еңбегіне қарай өнбегі (5 мин)

III.             Білгенге маржан (4 мин)

IV.            Білім кілті танымдылықта (15 мин)

 V.            Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес! (19 мин)

VI.            Оқу түбі тоқу. (1 мин)

Сабақтың барысы:

                              I.            Ұйымдасттыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығын шолу, оқушыларды сабаққа икемдеу, зейіндерін сабаққа аудару.

                          II.            Еңбегіне қарай өнбегі (Білімді тексеру және өзектеу)

a)   Білім минуты. Үйге берілген тапсырманы тексеру (дәптерлерін ауыстырып, тақтадағы үй жұмысымен тексеріп шығу)

№ 175

                           III.       Білгенге маржан. Ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береміз. Әр ұяшыққа бір әріп жасырынған, сұраққа дұрыс жауап бергенде ұяшықтар ашылып сабақтың тақырыбы анықталады.

1.     Екі санның қатынасы дегеніміз не? (Екі санның бөліндісі сол сандардың қатынасы де аталады)

2.     Пропорция дегеніміз не? (Екі қатынастың теңдігі пропорция деп аталады)

3.     Пропорцияның негізгі қасиеті. (Пропорцияның шеткі мүшелерінің көбейтіндісі ортаңғы шүшелерінің көбейтіндісіне тең)

4.     Қандай шамалар тура пропорционал шамалар деп аталады? (Егер екі шаманың біреуін бірнеше есе арттырғанда (кеміткенде) екіншісіде сонша есе артса (кемітсе), онда мұндай шамалар тура пропорционал шамалар деп аталады.)

5.     Қандай шамалар кері пропорционал шамалар деп аталады? (Егер екі шама бірнеше рет артқанда (кемігенде) екінші шама сонша есе кемитін (артатын) болса, онда мұндай шамалар кері пропорционал деп аталады.)

6.     Бірінші санның екінші санға проценттік қатынасы қалай табылады?      ( Бірінші сан екінші санның неше процентін құрайтынын табу санның проценттік қатынасын табу деп аталады)

7.     Берілген қатынасқа кері қатынасты қалай табады?(Егер берілген қатынастың алдынғы мшесін соңғы мүшесі етіп, ал соңғы мүшесін алдыңғы мүше етіп, орындарын ауыстырып жазсақ, онда берілген қатынасқа кері қатынас алынады.)

 

                        IV.            Білімнің кілті танымдылықта.

Жаңа сабақ: Масштаб.

Біз бүгін масштаб және оның пайдасын өтеміз. Бізге кез келген географиялық карталарда қалалардың ара қашықтығы, үйдің планындағы үйдің өлшемдеріде кішірейтіп беріледі. Мысалы, осы кабинеттің кескінін дәптерге түсірейк. Кабинеттің ұзындығын шамамен 10 м деп, енін 6 м деп алайық. Енді дәптерге кескіндеу үшін:

a)     Өлшемдерін бір өлшемге келтіру керек. Бізде бір өлшемде тұр. Енді бізге ыңғайлырақ болу үшін екеуінде сантиметрмен өрнектейміз.

10м=1000 см, 6м = 600 см.

    ә) Өлшемдерінің мәнін 100 есе кішірейтеміз

1000:100=10    600:100=6

    б) дәптер бетіне ұзындығы 10 см, ені 6 см болатын бөлменің кескінін сызамыз.

Сызбадағы 1 см бөлменің өлшемінің 100 см-е тең. Мұны масштабы 1:100 болатын бөлме кескіні дейміз.

Картадағы кесінді ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын масштаб деп атаймыз.

Мысал, географиялық картаның масштабы 1:100000 болса, онда картадағы 1 см кескінге Жер бетінде 100000 см = 1000 м = 1 км қашықтық сәйкес келеді. Керісінше, Жер бетіндегі 1 км қашықтық географиялық картада 1 см кескінмен кескінделеді.

1-есеп. Тақтада тұрған картаның көмегімен Шымкент пен Тараздың арақашықтығын табайық.

2-есеп. Екі елді мекеннің арақашықтығы 300 км. Осы елді мекннің арақашықтығы масштабы 1:7 500 000 картада неше сантиметр болдады?

Шешуі: х – екі елді мекеннің картадағы арақашықтығы.

300 км = 300 000 м = 30 000 000 см.

х:30 000 000 = 1:7 500 000

х=30 000 000:7 500 000 = 4 cм

Әр түрлі сызбаларда масштаб әт түрлі сандық мәндерге ие болады. Масштаб географиялық карталарда: 1:250 000 000; 1:1 000 000 және үй бөлмесінің ланында: 1:200; 1:250, бөлме ішіндегі заттар үшін: 1:50; 1:10 және т.с.с болады.

         Кішкене жәндіктердің, ұсақ бөлшектердің өлшемдері сызбада үлкейтіледі. Мұндай жағдайда қатынастың алдыңғы мүшесі оның соңғы мүшесінен үлкен болады. Мысалы: 5:1; 10:1; 25:1; 100:1 – үлкейту масштабтары. 

 

Кітаппен жұмыс

№ 176

№  177

№  178

№179

Практикалық жұмыс. Қолымыздағы өлшеуіш құралдың көмегімен тақтаның планын сызамыз.

 

V.     Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес!

Топтық жұмыс. Тарсия. Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топқа есептер беріледі.

Сергіту сәті

Мақалдағы қалып кеткен сандарды тауып оларды 3 тілде айту керек.

Білекті ........ жығады,

Білімді ........ жығады.

Білгенім бір ........,

Білмегенім ......... .

Айдағаны ...... ешкі, ысқырығы жер жарар.

..... ақылды дауласса, сөздері асқар ала таудай болар,

...... тентек ....... ақылды дауласса, атысқан жаудай болар.

 

Сабақты қортындылау. «Иә» немесе «Жоқ»

1.     Картадағы кескнді ұзындығының оған сәйкес жер бетәндегі қашықтыққа қатынасын масштаб деп атаймыз. (иә)

2.     50:1 кішірейтілген масштаб. (жоқ)

3.     Әртүрлі сызбаларда масштаб әртүрлі сандық мәнге ие болады. (иә)

4.     Үлкейтілген масштабта қатынастың алдынғы мүшесі оның сонғы мүшесінен үлкен болады. (иә)

5.     Барлық географиялық карталарды масштаб бірдей болады. (жоқ)

 

Кері байланыс. Бес саусақ

Оқушыларды бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Өз бөлмеңнің сызбасын 1:200 масштабымен сызыңдар.

                             № 187 есеп.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Математика 6 сынып Масштаб"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 075 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.04.2017 12085
    • DOCX 19.2 кбайт
    • 48 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Өмірбек Мақпал Жәнібекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Өмірбек Мақпал Жәнібекқызы
    Өмірбек Мақпал Жәнібекқызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24977
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Мастерство мышления: развитие SoftSkills и математической логики

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Формирование умений и навыков самостоятельной работы у обучающихся 5-9 классов на уроках математики в соответствии с требованиями ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 453 человека

Курс повышения квалификации

Преподавание математики в школе в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 736 человек

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 88 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 61 человек

Мини-курс

Техники визуализации в учебном процессе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек