Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық қызығушылығын ойын арқылы дамытудағы мұғалімнің ролі.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық қызығушылығын ойын арқылы дамытудағы мұғалімнің ролі.

библиотека
материалов


Мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық қызығушылығын

ойын арқылы дамытудағы мұғалімнің ролі.



Нәтижеге бағдарланған білім моделінде «Мұғалім оқуды ұйымдастыру шарты ретінде оқыту процесін шығармашылық қалыптастыруға жауапты» - деп көрсетіледі, яғни оқу процесін ұйымдастыруда оқушыны қалай оқытуды емес, оқушыны оқуға қалай үйрету қажеттілігін ойластыруды талап етеді. «Ұзтаз оқушының танымдық іс - әрекетін жақсы ұйымдастырушы, баланың табысына қатты ынта қоятын, олардың рухани өсуіне мүдделі, ықтияттыда қамқор адам».

Көптеген зерттеулер бойынша танымдық қызметтің толық жетіспейтіндігі қосалқы мектеп оқушыларына тән қасиет екендігі дәлелденген. Дәннің өсіп-өнуі топырағына, күтіміне байланыстыболатын сияқты, бала ақыл-есінің қалыптасуыда өскен ортасына, алған тәрбиесіне байланысты. Көрнекті педагог В.А.Сухомолинский: «Сабақ жасөспірімдердің интелектуалды өмірінде құр ғана сабақ»

Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген ынтасын, мүмкіншіліктерін толық пайдаланып, алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін әртүрлі психологиялық жаттығулар, суретті кестелер, танымдық ойын түрлерін пайдалану баланың ой-өрісін, дүниетанымын, зейінін, есте сақтау, қабылдау, қиялдауын дамытумен бірге танымдық қабілеттерін дамытуға да көмектеседі.

Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар. Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни-саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан. Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс. Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері — мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушының аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар және мүмкіндігі шектеулібалалар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Бала тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады. Ойын баланың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Ал мұғалімнің міндеті — балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.

Қазіргі кезде елімізде кемтар балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім білік дағдысын, тәртібін қалыптастыруға байланыстытүрлі шаралар жасалуда. Баланың қуанышы мен реніші ойында анық байқалады. Ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі мынадан көрінеді:

  1. Олар ойланады;

  2. Эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, қиял елестері дамиды, баланың шығармашылық қабілетімен дарыны ұшталады.

  3. Ұжымдық сезімі қалыптасады.

  4. Ерік қасиетін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдереді.

Мысалы: Коллаж «Менің қазіргі отбасым» және «Менің болашақтағы отбасым» Бұл ойынға отбасының барлық мүшелері қатысады. Оларға екі тақырыпта коллаж жасау тапсырылады немесе қалаулары бойынша бір тақырып таңдайды. Коллажбен жұмыс жасау үшін бір көлемдегі қатты қағаз, түрлі-түсті қағаздар, ескі кітаптар, газет, журналдар қажет. Коллажды жасап болғаннан кейін жанұя мүшелері өз жұмыстары туралы әңгімелейді.

Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады. Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және оның оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады. Сабақ барысындағы ойын әдістері оқушыны оқу қызметіне ынталандыру құралы ретінде ойын әдістері мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады. Ойын оқушыны дұрыс мәдениетті сөйлеуге үйретеді, сөздік қорын бағалауға мүмкіндік береді. Оқушыларды заман талабына сай коммуникативті қасиетті эстетикалық талғамы – сезімі жоғары, ұшқыр ойлы, белсенді, креативті, кез келген ортаға бейімделетін, өзін-өзі ұстай алатын тұлға қалыптастыруда, құзырлы білімдерін дамытуда ойын технологиясының маңызды функцияларының атқаратын орны ерекше.

hello_html_5b804594.gifhello_html_24f86c92.gif

hello_html_m969bfb6.gif

hello_html_m2288bb60.gif

hello_html_353dff75.gifhello_html_f5eebd8.gif

hello_html_m66eb8f0a.gif

hello_html_m5728c031.gifhello_html_26290342.gif

hello_html_m164a3d74.gifhello_html_5defa28d.gif

hello_html_1514ed48.gif

hello_html_m56692b20.gifhello_html_45cf3d91.gifhello_html_m2df47aa7.gif


hello_html_3ae627b8.gif

hello_html_6b80b6f1.gif



Ойын- оқушының оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да Мүмкіндігі шектеулі бала сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді.Оны жалықтырмай әр түрлі ойын түрлері мен сабақты қызықты өткізуге тырысамын. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне осы жағдайларды ескере отырып, ойын түрлерін төмендегідей жүйеленеді:

  1. Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер;

  2. Қимыл қозғалыс ойындары: «ұшты-ұшты», «аңшылар», «сиқырлы таяқ», «мысық пен торғайлар», «бақташы мен қозылар», «соқыр теке», мысық пен тышқан,

  3. Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке келтір, көршілер, аралар, дүкен, сен жалғастыр, дәл тауып айт, т.б.

  4. Құрылыс ойындары: лото, және басқа констукторларды пайдалану.

Ойын дегенміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құмарлық пен іліктеудің маздап жанар оты.» Сондықтан В.А.Сухомолинскийдің осы сөзіне сүйене отырып мүмкіндігі шектеулі балалардың ынтасын оқуға деген қабілетін ойын арқылы дамытуға болатынын білдім.
Қазақ тілі сабағындағы ойын технологиясының мақсаты оқушы сабақта үйренген сөздерін ауызекі сөйлеуде, күнделікті қарым-қатынаста дұрыс қолдануға үйрету. Оқушының қызығып ойнайтын ойыны «Адасқан айлар». Бұл ойында оқушының ай аттарын дұрыс жазуға және буынға дұрыс бөліп оқу дағдысын дамытады.

1. ңақарт 2. пақна 3.уарзын

4. рымма 5. мысума 6. рқүқыйке

7. арқаша 8. зақан 9.лежсантоқ

10.мазыт 11.деліш 12.суірә


Бhello_html_m64cbbbde.gifhello_html_5b5c7ccd.gifhello_html_m216522b6.gifала тек ойын ойнап қана қоймай, осы ойын арқылы білім алып, жан-жақты тұлға дамиды.






hello_html_m65526365.gif




Ұсынылып отырған ойындар баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытуға арналған, адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым – қатынас жасауға, басқа ұлт өкілдеріне достық сезімін тәрбиелеуге үйретеді.мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілер үшін талап та жоғары.

Мұғалімнің басшылыққа алатын негізгі ұстанымдары:

  1. Оқытушы мен оқушы арасындағы педагогигалық әдеп пен ынтымақтастықтың сақталуы;

  2. Тәлім – тәрбие, ұсынылған ойындарды меңгерту, оның бала зердесіне әсер етуі, қабылдауы, есте сақтауы;

  3. Балаларға берілген тапсырманың шектен тыс ауыр болмауы;

  4. Тәрбие жұмыстары баланың денсаулығын нығайтуға әсер ететіндей болуы шарт;

  5. Ойын тәсілдерінің тиімділігі іс-әрекеті жүйелі, мазмұн сабақтастығын сақтай отырып бірнеше компоненттерін құру;

  6. Балалардың мінтетті және мүмкіндік деңгейлерін ескеру.

Ойынның жалпы сюжеті:

Оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекетінің, балалардың өзара қарым – қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайды. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықыласпен ынтасын қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді.

Ойындар мынадай түрлерге бөлінеді:

hello_html_48feca41.gif

hello_html_4f76656f.gif

hello_html_747be90.gif

hello_html_98608df.gifhello_html_723c15c.gifhello_html_5188a5cb.gif

hello_html_22858d52.gifhello_html_174aeb43.gif

hello_html_m43bac940.gif

hello_html_5f408ad5.gif

hello_html_28088696.gif


Соның ішінде дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

  1. Заттық дидактикалық ойындар – дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

  2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалык ойындар – «Лото», «Домино» және тағы басқа.

  3. Сөздік дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойындардың негізгі бағыты – балаларға білім-білік, іскерлік, әдет-дағдыларды игерту мен оны бекітуге, ақыл-ой қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Дидактикалық ойындардың негізгі міндеті – балалардың ақыл-ойын дамыту, білімін байыту.

Сюжетті рольді ойындар ақыл-есі кем балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол бала өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті рольді ойынның ерекшелігі оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойын ұзақта қысқа да болуы мүмкін. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты – бір нәрсе жайында сұралып, баланы оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады. Мысалы: «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекетеріне еліктейді. Дамытушы ойындар танымдық сезімді оятады, яғни балада тану іздену әрекетін дамыта отырып, ойдың, талдау мен әрекеттің логикасын ойлау процесінің икемділігін, жаттығуын және тапқырлығын, қиял ұшқырлығын қалыптастырады. Бұл жағдайда сөзжұмбақтар мен ребустар көп септігін тигізеді. Өз шығармашылығымен құрастырылған сөзжұмбақтар баланың аса қызығушылығын тудырады. Бала еркін сөздерді буынға бөліп, ойлау қабілеті дамиды.


Қорыта келгенде жалпы білім беретін мектепте арнайы сыныптарда оқитын психикалық дамуы тежелген баланы сыныптастарына теңестңру немесе қатарға қосу барысында жұмыс нәтижелі болу үшін, әр баланың рухани дамуына психологиялық – педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбилеу, өзіне - өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалаптастыру қажет.

Деңгейлеп қарайтын болсақ бірінші деңгейдегі мақсат – ойын үрдісінен рахаттану. Егер ойын балаға қуаныш әкелетін болса, онда бала кез келген белсенділікке дайын болады.

Екінші деңгейдің мақсаты – функционалдық. Ол ойын ережесінің сақталуы, көріністер ойнау, рөлдерді орындаумен байланысты.

Үшінші деңгей ойынның шығармашылық мақсатын айқындайды. Шешу, табу, қорытындыға жете білу жолындағы іс-әрекетті көсетеді.

Осы жұмысымды қорытындылай келе мынадай ұсыныс жасағым келеді:

  1. Ауылдық жерлерде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға мемлекет тарапынан әлі де болса көмек ұйымдастырылса;






Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Байбекова М.М.,Ибраева П.М. «Әлеуметтік-психологиялық тренингтер». Шымкент 2009 ж

  2. Игенбаева Б.Қ. Бастауыш сыныптарда жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқыту әдістемесі. Алматы. 2005 жыл

  3. Саралап оқыту үшін оқушының ақыл – ой дамуын диагностикалау. Алматы. 1999 жыл.

  4. «Мектепгі психология» № 5. 2011 жыл

  5. «Мектепгі психология» № 1. 2012 жыл

  6. «Мектепгі психология» № 4. 2012 жыл

  7. «Мектепгі психология» № 3. 2009 жыл

  8. «Мектепгі психология» № 10. 2012 жыл


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

        Нәтижеге бағдарланған білім моделінде «Мұғалім оқуды ұйымдастыру шарты ретінде оқыту процесін шығармашылық қалыптастыруға жауапты» - деп көрсетіледі, яғни оқу процесін ұйымдастыруда оқушыны қалай оқытуды емес, оқушыны оқуға қалай үйрету қажеттілігін ойластыруды талап етеді. «Ұзтаз оқушының танымдық іс - әрекетін жақсы ұйымдастырушы, баланың табысына қатты ынта қоятын, олардың рухани өсуіне мүдделі, ықтияттыда қамқор адам».         Көптеген зерттеулер бойынша танымдық қызметтің толық жетіспейтіндігі қосалқы мектеп оқушыларына тән қасиет екендігі дәлелденген. Дәннің өсіп-өнуі топырағына, күтіміне байланыстыболатын сияқты, бала ақыл-есінің қалыптасуыда өскен ортасына, алған тәрбиесіне байланысты. Көрнекті педагог В.А.Сухомолинский: «Сабақ жасөспірімдердің интелектуалды өмірінде құр ғана сабақ»   
Автор
Дата добавления 19.05.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров1644
Номер материала 108243051959
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх