Инфоурок Химия Другие методич. материалыХИМИЯ САБАҚТАРЫНДАҒЫ МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ

ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДАҒЫ МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ

Скачать материал

ОӘЖ 37.04:372.8:372.832

 

ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДАҒЫ МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік

университетінің аға оқытушысы, т.ғ.к.

 

Еспенбетова Шолпан Омарқызы

 

Қазіргі таңдағы ақпараттандырылған заманда оқу үдерісінде оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану түрлі мәселелер тудырумен қатар білім алушылардың таным сапасын жетілдіруге, оқу материалдарын меңгеру сапасын арттыруға және қолдануға тиімді. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын меңгерту барысында, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық инновациялық технологияларды пайдалану зор рөл атқарады [1].

Дәстүрлі сабаққа мұғалімнің дайындығы оқу материалын тиянақты таңдаумен, онда логикалық байланысты құрумен, оқушылардың көрнекті түрде қабылдауына ыңғайлы сабақты сызбалы кестемен ұйымдастыруға негізделген.  Бұл жағдайда оқушылар ұсынылған оқу мазмұнын оңай игереді, бірақтанда, мұндай материал жеке адамның шығармашылық потенциалын дамытуға қабілетті емес. Қазіргі уақытта шығармашылық тұрғысында жұмыс жасайтын мұғалімдер өздерінің тәжірибесінде оқытудың инновациялық педагогикалық технологиясын  қолданады.  Біз өз тәжірибемізде оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы болып табылатын, модульдік оқыту қолданылды.    

Модульдік оқыту – мән-мағынасы жағынан жеке-бағдарлы болып табылатын педагогикалық технологиялардың бірі. Ол оқу үрдісін бір уақытта тиімді етуге мүмкіндік береді, оқытудың мақсатын жүзеге асыруда оның толықтығын, оқушылардың жеке және танымдық дамуын қамтамасыз етеді [2].  Аталған технология оқыту нәтижесінде жұмыс істеу барысында оқу, ғылыми және апараттық әдебиеттерді өз беттерінше игеруге негізделген. Модульдік технология оқушының танымдық әрекетін өзін-өзі басқаруы үшін кең мүмкіндіктермен қатаң басқаруға жол береді. Модулдiк оқыту химияның мектеп курсында сабақ беру мәселесін жаңартудың шешiмiн табу үшiн қосымша мәлiметтердi оның қосымша базасы және материалдың тиiмдi әдiстерден табуда қолданылады.

Аталған технологияның маңызды жетістігене интеграциялық сапа, немесе біріккен мазмұн жатады. Әр модульге біріккен кешен технологиялары арқылы жетеді. Проблемалық, алгоритмдік, бағдарламаланған, ойша әрекетердерді «толық игеру» сатылап қалыптасады. Модульдік оқыту оқушының оның қажеттіліктеріне сәйкес білімдік мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. 

Модульдік оқытудың жаңа парадигмасы – оқушы өзі оқиды, мұғалім оқытумен негіздеуді басқаруды жүзеге асырады. Мұғалімнің рөлі алмасады. Ол дәлелдеуді, ұйымдастыруды,  үйлестіруді,  кеңес беруді, бақылауды талап етеді. Бұл технологияны қолдануда оқушыны мұғалімді тыңдатудың, жаттығулар мен тапсырмаларды шешуде  қинап орындатудың қажеттілігі жоқ. Модуль оқушының интеллектісінің, дербестілігінің, ұжымдылығын, оқу – танымдық әрекетін басқара білу қабілеттілігінің дамуын қамтамасыз етеді. Модульдік технология оқушылардың оқу әрекетінің белсенділігіне негізделген, оқу материалының мазмұны тез және сапалы қабылдауға болатын тақырыптарды қамтиды. Химия сабағында модульдік технологияны қолдану әрбір оқушының дербестік қабілеттерін дамытады, оқу-танымдық әрекетінде нақты мақсатқа жетуге, білімді игеру деңгейін өздері анықтауға, білім мен біліктегі аралықты көруге, оқу-әрекетінде өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға үйретеді [3]

Модульдік оқыту сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін жоғрылату дәрежесін құратын жарыс элементтері қатысады. Модульдік оқыту технологиясын химия сабағында үшінші жыл қолданып келеміз. Әрине барлығы оңай емес. Оқушылар әр уақытта да дербес жұмыс істеуге дайын бола бермейді, және де модульдік сабақтарды дайындауға көп уақыт қажет. Бірақ нәтиже айтарлықтай көрінеді, тіпті үлгерімі төмен және сабаққа немқұрайлы қарайтын оқушылардың өздері жақсы жетістіктерге жетіп, жетістікке ұмтылуға қызығушылық тудыратын оқушылардың саны арта бастады.

Модульдік оқыту сабақтарында дидактикалық мақсаттарды құру барысында оқу материалын және оның мазмұнын таңдай отырып оқытудың әрбір сатысында оқушылардың танымдық әрекеттерінің мақсатарын анықтау жатады, тақырыпты игеруді жоспарлауда барлық оқу материалын өңдеу қажет [4]. Одан кейін оқу мазмұнын сәйкес мақсатталған нақты блоктарға құрылымдау керек. Осы блоктардың негізінде кешенді дидактикалық мақсат (КДМ) қалыптасады. Одан әрбір жеке блок үшін (сабақ) кіріккен дидактикалық мақсаттарға (КДМ) бөлінеді. Блок жеке оқу элементтерінен (ОЭ) тұрады, оның әрқайсысы өзінің дидактикалық мақсатына ие. Осы мақсаттардың шешімінің жиынтығы кешенді дидактикалық мақсатқа жетуді қамтамасыз етеді.     

Сабақты модульдік оқыту бойынша дайындау әдістемесі. Модульдік сабақты өңдеу барысында, ол 2 академиялық сағатты алу керектігін ұмытпау керек, себебі кәдімгі сабақ барысында оқылатын тақырып бойынша оқушылардың бастапқы білім және білік дәрежессін анықтау керек, жаңа ақпарат беріп, оқу материалын өңдеп, қорытынды бақылау жүргізу қажет.

 

Пергамент
 


 

 

 

Голубая тисненая бумага,Голубая тисненая бумага,Голубая тисненая бумага
Голубая тисненая бумага
Голубая тисненая бумага
Голубая тисненая бумага
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Әрбір  оқу  элементі – сабақтың біріккен мақсатына жетуіне қадам.  Оқу элементі көп болмауы керек (максимальді мөлшері - 7), бірақ келесілер міндетті:  

ОЭ-0 – оқытудың нәтижесіне жетуі бойынша біріккен мақсатты анықтайды. 

О Э-1 – тақырып бойынша бастапқы білім деңгейін және жаңа материалды игеруге арналған тапсырмаларды қамтитын тапсырамаларды енгізеді;

ОЭ-n - (n – келесі оқу элементінің нөмірі) білімді қорытынды бақылауды, сабақтың қорытындысын шығаруды (сабатың мақсатына жету дәрежесі бағаланады), үй тапсырмасын таңдауды (оқушының сабақ барысындағы жұмыс жетістігіне байланысты беріледі), рефлексияны (басқаларды бағалауды ескере отырып өзінің жұмысына, өзіне баға береді) қамтиды.  Оқушылардың дербес жұмыс істеуі үшін тапсырма түрлерінің әртүрлілігіне назар аудару керек: сұрақтарға жауап (ауызша және жазбаша), кестені толтыру, тест тапсырмалары, суреттермен жұмыс, оқулықпен жұмыс, оқу материалын конспектілеу және т.б. тапсырма логикалық сипаттағы жұмыстарды қамтуы мүмкін: ребустар, сөзжұмбақтар, жұмбақтар және т.б.  тапсырмалар оқу материалының қарапайым репродуктивті өнімі болып есептелуі керек.   Олар оқушыларды әртүрлі ақпарат көзі бар жұмыстармен: мәтіндер, суреттер, кестелер, сызбалармен таныстырады. Оқылған материалды тексеру және бекіту үшін әртүрлі қиынды деңгейіндегі тапсырмалар қолданылады. Оқушылар оны өз беттерінше, өз қалауларынша таңдай алады. Әрекет түрлерін алмастыру, сонымен қатар оқушылардың әртүрлі қиындық дәрежесіндегі тапсырмаларды орындауы сабақты біршама қызықты етеді, психологиялық жүктемені шектетеді, оқушыларды сабақта өздерін жақсы көрсетуіне мүмкіндік береді.

 

Голубая тисненая бумага
Голубая тисненая бумага
 

 

 

 

 

 


 

 

 

Голубая тисненая бумага
Голубая тисненая бумага
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Жаңа модульмен жұмыс істеу барысында оқушылардың жұмысқа дайындық дәрежесі туралы ақпарат алу үшін білімін және білігіне бастапқы бақылау жүргізіледі қажет болған жағдайда сәйкес жөндеулер жүргізуге болады.  Және де әрбір оқу элементін меңгергеннен кейін күнделікті және аралық бақылауды (өзін-өзі бақылау, өзара бақылау, үлгімен салыстыру) алған маңызды. Бақылаудың бұл түрлері білімді меңгерудегі кемшіліктерді көрсетеді және оны шектеуге мүмкіндік береді. Модульмен жұмыс аяқталғаннан соң барлық модуль барысындағы деңгейді анықтайтын қорытынды бақылау жүзеге асады.

Модульдік оқытуда көбінесе оқушылардың білімін және білігін рейтингтік бағалау қолданылады. Рейтингтік жүйе мөлшерлік шкалаға ұқсас, бірақ олай емес. Рейтинг – бұл ұпай жинау арқылы алынатын нақты сан. Оқу жылының аяғында барлық ұпайлар жинақталып, рейтингтік баға шығады. рейтинг арқылы бағалау осы мамандыққа арналған оқушының дайындығының сапасын сипаттауға мүмкiндiк бередi. Модульдік оқытуада әрбір тапсырма ұпаймен белгіленеді, оның рейтингісі және орындалу уақыты құрылады, және де рейтингтік бақылаудың негізгі принципі – бұл білімді бақылау және бағалау, жүйелі жұмысты ескеруде білік пен дағды.  Сол сияқты, оқытудың модульдік технологиясын қолдану кезінде дәрежелі дифференция принципі жүзеге асады. Бұл оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартын игеру ғана емес, білім алудың жоғары сатысына дейін жетуге мүмкіндік береді. 

Модульдік оқыту сабағында мұғалімнің рөлі оқушылар жұмысын басқаруға, берілген тапсырмалардың шешу жолдарын тексеруге, кеңес беруге, оқушыларға көмек және қолдау көрсетуге негізделеді. Осының негізінде  мұғалім сабақта әрбір оқушымен тілдесе алады.   

Модульдік сабақты қорытындылауда жұмыс қорытындысы шығарылады, балалар тақырыптың оқу элементінің барлық тапсырмалары бойынша қорытынды жасайды және жұмыс дәптерлерін тексеруге өткізеді. Белгіленген уақытынан бұрын тапсырманы орындаған оқушыларға қосымша ұпайлар беріледі.   

Модульдік сабақты жүргізу кезінде оқушылардың топтарға бірігіп жаттығуы жүреді, онда бірнеше әлсіз және орташа білімді оқушылар, сонымен қатар міндетті түрде бір білімді оқушы жұмыс жасайды. Осылай, жұмыс барысында білімді мықты оқушы әлсіздерге көмектеседі және өз білімін шыңдайды.     

Модульдік технологияны қолдану арқылы жүретін сабақ қосарланған түрде жүреді. Тәжірибе аталған технологияны мектептің жоғарғы және орта деңгейінде енгізуге болатынын көрсетеді.  Оқыту процесінің қарқындылығы жоғары болады, егер оқушы өздігінен білім алу тәсілдерін игерген болса.  Себебі мұғалімнің басты міндеті – өзінің қамқорлығындағыларды дербес білім алуға, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасауға үйрету, оқушылардың интеллектуалды қабілеттерін дамытуға шын ниетімен үлесін қосса.    

Модульдік оқытуды қолдану мына жағдайларды көрсетті: 

- Ол уақыт бойынша тиімді, жаңа материалды меңгеруде, оқылғандарды қайталауда да тиімді. 

-  Аталған технология топпен және жеке оқытуға ыңғайлы. 

- Аталған технология оқушылардың өсімпаздық әрекетін ұштастыруға мүмкінік береді. Талап етілген стандартты деңгейде материалды сапалы игеруді қамтамасыз етеді.  Аталған жұмыс формасын қолданатын  сыныпта үлгерімді    100 % ға, ал сапаны  80–85 % ға дейін көтерді.  

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.      Галеева Л.Н. Сто приемов для учебного успеха ученика на уроках биологии: Методическое пособие для учителя. М.: 5 за знания, 2006 г.

2.      Гузеев В.В. Поколения образовательных технологий: “Традиционные методики”, Модульно-блочные и цельноблочные технологии. Ж.: Химия в школе.  №9 – 2003 г.

3.      Иноземцева Н.А. Клетка – структурная единица живого. Модульное планирование темы. Ж.: Биология в школе №2. 2003 г.

4.      Козлович Ю.П. Модульная технология: изучение полисахаридов. Ж. Химия в школе.  №3. 2004 г.

 

Резюме

 

На этой статье был рассмотрен проблемы обучения химии по модульной технологии в срденей школе.  Автор попытался раскрыть проблемы при внедрении данных приемов в процессе обучения школьников.

 

Summary

This article discussed the problems of teaching chemistry in a modular technology in high school. The author has tried to uncover problems in implementing these techniques in teaching students.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДАҒЫ МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Овощевод

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазіргі таңдағы ақпараттандырылған заманда оқу үдерісінде оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану түрлі мәселелер тудырумен қатар білім алушылардың таным сапасын жетілдіруге, оқу материалдарын меңгеру сапасын арттыруға және қолдануға тиімді. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын меңгерту барысында, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық инновациялық технологияларды пайдалану зор рөл атқарады [1]. Дәстүрлі сабаққа мұғалімнің дайындығы оқу материалын тиянақты таңдаумен, онда логикалық байланысты құрумен, оқушылардың көрнекті түрде қабылдауына ыңғайлы сабақты сызбалы кестемен ұйымдастыруға негізделген.  Бұл жағдайда оқушылар ұсынылған оқу мазмұнын оңай игереді, бірақтанда, мұндай материал жеке адамның шығармашылық потенциалын дамытуға қабілетті емес. Қазіргі уақытта шығармашылық тұрғысында жұмыс жасайтын мұғалімдер өздерінің тәжірибесінде оқытудың инновациялық педагогикалық технологиясын  қолданады.  Біз өз тәжірибемізде оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы болып табылатын, модульдік оқыту қолданылды.     

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 668 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.06.2014 1930
    • DOCX 46.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Еспенбетова Шолпан Омаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Еспенбетова Шолпан Омаровна
    Еспенбетова Шолпан Омаровна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18729
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика реализации образовательного процесса и мониторинг эффективности обучения по дисциплине «Химия» в соответствии с требованиями ФГОС СПО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 90 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 576 человек

Курс повышения квалификации

Химия окружающей среды

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 440 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по химии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 659 человек

Мини-курс

Продвижение экспертной деятельности: от личного сайта до личного помощника

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление и менеджмент в спортивной сфере

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стрессоустойчивость и успех в учебе: практические методики и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек