Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы«Желтоксан желі ызғарлы»

«Желтоксан желі ызғарлы»

Скачать материал

№ 9 Агротехникалық колледжі.

 

 

«Бекітемін»

№9 АТК Директоры

______________Иутина Л.Я.

 

 

 

16-шы желтоксан Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған сахналық

іс-шара.

 

        Тақырыбы:

 

 

                         "Желтоқсан желі ызғарлы"

 

 

 

                                http://im1-tub-kz.yandex.net/i?id=138774842-15-72&n=21

 

                   Дайындаған мұғалім:                                                    Ускина Ж.С.

                                                                                                                  

                             

 

                   Қатысқан топтар:                                              УА-12, Ф-31, Ф-11, Ф-21 топ        

                                                                                                                    студенттері.

 

 

                                                                    

                                                        Новоишимка ауылы

2013-2014 жылдар.

Сабақтың тақырыбы: «Желтоксан жері ызғарлы.»

Сабақтың мақсаты:

Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы ұғым құрастыру.  1986 жылғы Алматы оқиғасының себептерін, сипатын, қозғаушы күштері мен тарихи маңызын білдіру.Ар-намыстың, ұлттық қасиеттің тәуелсіздік туының желбіреуіне жеткізген ұлы рух болғанын. Оқушылардың өзіндік түсінігін дамыту.

Көрнекілігі: Сағыналық көрініс көрсету. Мультимедиалық проектор ,слайт көрсету.Еліміздің рәміздері, алтын адам мен барыс бейнесі, желтоқсан көтерлісшілерінің суреттері.

1.Жүргізуші:

Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,

Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.

Арман еткен, қыршын кеткен бабалар,

Елің алды егеменді теңдігін.

Атыңнан айналайын, егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер!

2.Жүргізуші:

Наши знания – Независимость
Наша цель – мир и благоденствие
В этом мире есть лишь одна Родина
Это – Казахстан!
1.Жүргізуші: Қайырлы кеш, құрметті қонақтар, ұстаздар және достар! «Желтоксан жері ызғарлы.» атты, Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған тарихи кешімізді бастаймыз.

2.Жүргізуші: Добрый день, дорогие друзья, уважаемые учителя и гости праздника! Мы рады приветствовать Вас в этот торжественный час в нашем зале. 16-го декабря наша Республика отмечает знаменательный праздник – День Независимости!

1.Жүргізуші: Кешіміздің алғашқы құттықтау сөзін №9 Агротехникалық колледжінің директоры Иутина Любовь Яковлевнаға беріледі                                                      2.Жүргізуші: Слова  поздравление предоставляется директору Агротехнического колледжа №9 Иутиной Любовь Яковлевне.                                                             1.Жүргізуші: Тарихмыздың өткен өмірінен қысқаша баяндаманы тарих пәнінің мұғалімі  Уалива Сәуле Сұлтан қызына береміз.                                                              2.Жүргізуші: Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қанын төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті.                              1.Жүргізуші: 200 жыл патшалы Ресейдің отары болдық. 70 жыл әкімшіл-әміршіл үкімет үстемдік етті. Тілімізден, дінімізден айырылдық.                                 2.Жүргізуші: Тәулсіздік үшін халқымыз 325 рет көтеріліске шықты.

Ол көтерлістер 1996 жылы дүрбелеңге ұласты. 1986 жылғы желтоқсан қозғалысымен тарихка енді.

1.Жүргізуші: 1920-1921 жылдары және 1932-1933 жылдары ұлтымыз қолдан жасалған аштықтан, зорлық-зомбылықтан елінен безіп, өз ұясын, руын, туған-туыстарын сақтап қалу үшін 44 елге тарыдай шашылып кетті.                          2.Жүргізуші: Сіздерге елімізден пана таба алмай шетелге кетіп бара жатқан қандастарымыздың көшінен көрініс ұсынамыз.

КӨРІНІС( «Елім ай» өлеңін бастап, әбден арып-ашып, көшіп келе жатқан көшпен басталады.)

1.Жүргізуші:

Тап келген халқым талай зар заманға,
Жем болды: қорғау, құзғын, қарғаларға...
Бодандықтың бұйдасы бас тұқыртып,
Барар жер, басар тауы қалмағанда
Айрылып ата-жұрттан, қолда бардан,
Айнала төңірекке толды арман...
Салтын сақтап қалуы мұңға айналып,
Халқын сақтап қалу да болған арман
Бұл бақыт басымызға зорға қонған!
2.Жүргізуші:

Бостандыққа ғұмырын арнағанда,
Бабалар баяғыда салған арна...
Адамзат атаулының аңсары бұл
Азаттықтың рухы барда қанда...
Тәңірім – табынарым:қолда,қолда!
Тағы да жалынамын:оңғар Алла!
Түбі бір көк бөрінің ұрпағымыз
Тәуелсіз қазақ елі бар ғаламда!
1.Жүргізуші: Кешегі көшіп кеткен бауырластарымыз, тәуелсіздік алған соң отанымызға қайта оралуда.

2.Жүргізуші: Өткен ғасырлардағы, үстіміздегі ғасырдың басындағы қанды шайқастар, ірілі-ұсақты небір көтерілістер, ең ақырғысы тарихқа «Желтоқсан оқиғасы» деген атпен енген, кейіннен «Желтоқсан» ұлт-азаттық көтерілісі деген бағаға ие болған.1986 жылғы жастар мен студенттердің жанкештілігі, тәуелсіздікке қан төгіссіз бейбіт жолмен қол жеткізу үшін арпалысқан ел ағаларының ерен ерліктері халық санасынан өшер ме?!
1.Жүргізуші:
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы әр қазақтың жан жарасы. Қалың тарихтың парақтарына қанмен жазылған бұл күндер жайында толғана да тебірене айтуға болады. Сол жылдарда Қазақстанда ұлтаралық қатынастар ушығып тұрған еді. Қазақ тілі мәртебесінің төмендетілуі, қазақ мектептерінің, балабақшаларының жаппай жабылуы, өзге ұлт өкілдерінің жер-жерлерде қазақтарды төмен санауы, қала берді Алматы қаласына ауылдан келген ағайындарымыздың есепке тұра алмай, қор болуы, өз жерлерінде жүріп тұрғын үйге зар болуы сияқты себептер қазақ жастарының намысын оятты. Осы кезде Қазақстан Орталық Партия Комитетінің 1-хатшысы Д.А.Қонаевтың түсіп, онын орнына Мәскеуден ұлты орыс-Колбиннің тағайындалуы отқа май құя түсті. Тарих сахнасына енді солар шықты. Ол ерлер жастар болатын.1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы-КСРО-дағы демократиялық қозғалыстардың ең үлкені.
2.Жүргізуші: Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов.

1. Жүргізуші: Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, ендеше Қайрат жайындағы көріністен үзінді тамашалаңыздар.

2.Жүргізуші:

Желтоқсан айы естесің
Дауыл боп бұрқап ескенсің.
Азаттық күйі қашаннан
Көкейін елдің тескенсің.
Бұрқ етті қазақ баласы
Кеудеде өршіп наласы.
Алаңға қарай ағылды
Таусылып барлық шарасы.
1.Жүргізуші:

Дауылға желтоқсанның желі айналды,
Ашуға мінді Алатау кәрі айбарлы.
Күтпеген іс ақыры «не болды» деп,
Күллі әлем Алматыға қарай қалды.
Кез емес жаугершілік «аттан» атты,
Алаңның шеруі емес салтанатты.
Қытымыр қыстың басы сол бір айда,
«Желтоқсан» жеті әлемді жалт қаратты.
  КӨРІНІС ( Қайрат өз құрбысымен  серуен құрып жүргенде, „қызыл алаңда“ қазақ жастарының көтерілісін көрсетеді, қолдарында „Әр Республиканың өз басшысы“, „Қазақстан жасасын“, „Дербестікті талап етеміз“ деп жазылған қағаздары бар. Сол көтерілісте Қайратты ұстап әкетеді)

 

2.Жүргізуші:Темір тордың ішінде Қайрат өлең жазады. 

1.     Жүргізуші:(Өлеңін оқиды.)

Қайнама қазақ қамы үшін, Қарусыз шықтық алаңға.

Алыстан әскер алдырып, Қырып салды-ау табанда.

Сөйлесем даусым жетпейді, Кез болдық мынау заманға.

Шовинизм еді ғой, Басты себеп жанжалға.

(Осы кезде екі жендет Қайратты сот залына әкеледі.)

Хатшы: Сот келеді, тұрыңдар!

Хатшы: Отырыңдар!

2.Жүргізуші: Сот үкімді оқиды.

Сот: -Алдындағы сот нәтижесі бойынша:

     Қазақ КСР Жоғары сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтың айыптау ісін қарай келіп, жоғарыда айтылған оқиғалардың негізінде Қазақ КСР қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287, 299 және 301 баптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді. Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп табылып мынандай қылмыстық жазаға тартылсын.

Қазақ КСР Қылмыстық Кодексінің 60-бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65-бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР қылмыстық кодексінің 171-1 бабы бойынша ең жоғары өлім жазасына, атуға кесілсін.

Апасы: -Жоқ, бұл үкім дұрыс емес. Менің балам ақ, ол қылмыскер емес.

Хатшы: -Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңыздар.

Сот: Қайрат Рысқұлбеков ақтық сөзің бар ма?

Қайрат: Бар.

”Ақтық сөз” өлеңін оқиды.

Қайрат:

”Ақтық сөзің не?” – деген,

Бүгін қойды сот сұрақ.

Айтамын оны халқыма,

Жоқ пиғыл менде жасымақ.

                          Күнәдан таза басым бар,

                          Жиырма бірде жасым бар.

                          Қасқалдақтай қаным бар,

                          Бозторғайдай жаным бар,

                          Алам десең, алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

”Еркек тоқты - құрбандық”,

Атам десең атыңдар!

                           Хош аман бол артымда,

                           Ағайын, туған-азамат.

                           Артымда қалған ата-анам,

                           Ел-жұртым саған аманат!

Сот: -Бүгінгі сот жабық.

(Екі жендет Қайратты залдан жетеледі. Осы кезде апасы баласының соңына жүреді. Осы кезде Қайрат “Анама” деген өлеңін оқиды.)

Қайрат:

Мейірімді ақ жүзіне анамның,

Көңіл жүдеп, көз жасаурап қараймын.

Кешір ана, кешірімшіл едің ғой,

Кемістігі  көп-ау мына балаңның.

Кейін білдім, кеш ұғындым, өкінем,

Өкінем де, басымды иіп өтінем.

Кешір, ана, кешірімшіл едің ғой,

Қолыңнан тым ерте ұзап кетіп ем.

2-жүргізуші: Алматы сәулет құрылыс институтының студенті Қайрат қазақ елінің 21-ші басшысы зобалаңына ұшырып, 21 жасқа келгенде, түрменің 21-ші камерасында, 21-ші мамыр күні қапаста дүниеден өтті.

1-жүргізуші:    Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,

                           Қайрат аға рухыңа мен иілем.

                           Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,

                           Әділ жанның қазасына күйінем.

 

2.     Жүргізуші: Жазаға тартылған 99-дың 76-сы ерлер де, ал қалған 23-і қыз-келіншектер болған. Тарихымызда ерекше орны бар, бәріміз куәсі болған халқымыздың қасіреті мен ар намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджановаларды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз.

1.Жүргізуші: Олай болса, алғашқы құрбандарды 1 минутты еске алайық.

2.Жүргізуші рахмет, отырыңыздар. Енді ол қырандарымыз жайында слайт шоудан көреміз.
ҚАЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВ

http://kzdocs.docdat.com/pars_docs/refs/7/6291/6291_html_21d9e4a9.png


Қайрат Рысқұлбеков 1966-жылы 13-наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында малшы әулетінде дүниеге келді. Қайрат 1973-1981 жылдары Шу ауданындағы Төле би ауылына орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп-интернатта оқып сегіз жылдық білім алды. Мектепте сабақты жақсы үлгеріп, кластан класқа емтихансыз көшіп отырды. Қоғамдық жүмыстарға белсене аралаласып, мектептің бастауыш комсомол ұйымының хатшысы болды.

Ал 1981-1983 жылдары Бірліктегі бұрынғы Киров атыңдағы орта мектепте оқып, он жылдықты бітірген соң, әскер қатарына шақырылғанға дейін әкесі Ноғайбайға жәрдемші-малшы болып, Көктерек товарлы-сүт фермасында жұмыс істеді.

1984-1986 жылдары Амур өлкесі Белогор қаласыңда әскери міндетін абыроймен өтеді. Әскери-саяси қызметтердің үздігі ретіңде бірнеше мақтау қағаздарымен марапатталып, әскери бөлімше командирлері ата-анасына алғыс айтқан құрмет қағаздарын жіберді. 1986-жылы мамырда әскери борышын өтеп ауылға келіп, тамыз айында әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматы сәулет-құрылыс институтына келіп сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түсті. 1986-жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның бас тізгіні қайдағы біреуге тапсырылуына бейбіт наразылық білдірген жастар мен студенттерге қосылып, Орталық алаңға шығып, шеруге қатысты.

Қазақ қыздарын шашынан сүйреп, айуандықпен тепкілеп, кейбіреулерін, тіпті, қаныпезерлікпен көк мұзға отырғызуға дейін барды.

Міне, осылай оспадар-озбырлыққа шыдамаған, ана қауымын пір тұтып сыйлап өскен ер-намысты жігіттер қыздарға араша түсіп "бұзық" атанды. Араша түскендердің бел ортасында жүргеңдердің бірі Қайрат еді.

Асанова Ләззат Алтынайқызы (27.07.70 Алматы обл. Панфилов ауд. Ақжазық а.25.12.86 Алматы) - Желтоқсан көтерілісінің құрбаны.1985ж. Алматыда П.Чайковский атынд. муз. уч-щеге оқуға түскен. Алматыда 1986 ж 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп-төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа алаңға алғашқы ереуілшілер қатарында «Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!» деген ұранмен шықты.Көтеріліс қатыгездікпен жанышталғаннан кейін басқа да ұсталған 87 адам қатарында Алматыға Қазақ КСР ҚК-нің 65-бабымен айып тағылып, қамауға алынды. 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қ-нда болған оқиға түпкілікті баға беру жөнінде респ. Жоғ. Кеңесінің Төралқасы құрған комиссия мүшесі Ф.Игнатовтың мәлеметтеріне қарағанда Ләззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін муз. уч-ще жатақханасынан табылғанда, ол туралы «жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген » деген қауесет таратылған . Осыған қарамастан мәйіті Алматы обл. Панфилов ауд-ндағы Ақжазық кентіне Ішкі істер министірлігі мен Мемл.қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Ләззатты жерлеудің алдында денесін ақ жуып, аруланған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қолынан қаза тапқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң ғана Асанова жөніндегі шындық қалпына келтіріле бастады. Ләззаттың ерлігіне арналған ән, ол жөнінде баспасөз беттерінде ғалымдар мен мемлекет, қоғам қайраткерлерінің пікірлері жарық көрді.

Азаптады қарақшылар қанқұйлы
Қазақ қыздар қорлық көрді сан қилы.
Арпалысып теңдігі үшін халқының
Батыр Ләззат желтоқсанда жан қиды.
Елі үшін ерлігімен елене
Абырой мен атағына бөлене
Ләззат сынды қазақ қызы қаһарман,
Ұрпағына болар мәңгі өнеге!


Cыпатаев Ербол Мұқажанұлы (10.03.1964 ж. Алматы облысы Панфилов ауданының еңбекші ауылы - 23.12.1986 ж. Алматы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1981-1982 жылдары Кеңшарда жүргізуші болып істеді. 1982-1984 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болды. 1985 жылы Алматыдағы энергетика институтына оқуға түсті. 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. 18 желтоқсан күні ауыр жараланып ауруханаға түсіп, сонда қайтыс болды. Мәйітін ауылына Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Қазақстан тәуелсіздік алған соң ғана Сыпатаев жөніндегі шындық айтыла бастады. Ол туралы баспасөз беттерінде, Желтоқсан көтерілісіне байланысты жарық көрген жинақтар мен кітаптарда жазылды.


Сабира Мухамеджанова


Ж
http://kzdocs.docdat.com/pars_docs/refs/7/6291/6291_html_m1e1bb5dd.jpgелтоқсан оқиғасының тағы бір қызғалдақ құрбаны-Сабира Мухамеджанова. Ол 1970 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы, Ақмектеп ауылындағы Ленин жолы атындағы 8 жылдық мектепті үздік бітірді, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты, осы арқылы мұғалімдер мен оқушылар арасында зор беделге ие болды.1985 жылы сегіз жылдықты үздік бітірісімен, Өскемен қаласында мұғалімдер даярлайтын оқу орнының қазақ бөлімінде оқиды. 1986 жылдың 19 желтоқсанында Өскемен қаласындағы әмбебап дүкенінің маңайына жиналған жастар Алматы оқиғасының шындығын білуге, ізгі-тілек, ниетін білдіруге барған. 16-желтоқсан күні өткен жиналысқа анасымен бірге барған Сабира атып тұрды Ол: (Саңқ-саңқ етіп)

-Бәріне кінәлі мен. Алаңға мен үгіттеп апардым .Оларды оқу орнынан қумандар. Шеруді де мен ұйымдастырдым, -деп таймастан. Күтпеген жерден кесіп айтқан Сабираның сөзінен жұрт тынып қалды. Оларды семсердей сөздің сесі басты.-О, не дегенің, қызым-ау,- деген анасының шарасыз даусы ғана естілді. Кенеттен Сабира жиналысты тастай салып жүгіре жөнелді. Дүрбелеңге үн қосқаны үшін, өзінің ар-намысына, анасына атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына, училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай Өскемен педучилищесінің 1-курс студенті Сабира Мухамеджанова жатаханың 5-қабатынан құлап өледі.Үлбіреген қызғалдақ мезгілсіз қиылды. Біз Сабира әпкемезді желтоқсан құрбаны ретінде мәңгі есте қалдырамыз.

Елінің тәуелсіздігі мен бостандығы жолында жанын пида еткенЖелтоқсан Батыры, отан сүйгіштік пен патриоттық тәрбиенің нақты үлгісі емес пе. Сабираның ерлігі туралы халқымызға, жас ұрпаққа кеңінен айтып отыру керек. Себебі, Сабираның балалық шағы, мектептегі оқыған кезі туралы мәліметтер жинау керек. Ал болашақта батыр қыздың өмірі, ерлігі туралы арнайы кітап, поэмалар жазылып, есімі еліне, тіпті бостандық аңсаған барша адамзатқа да белгілі болатындығы анық.
  1.Жүргізуші: Міне, осылайша алаңға шыққан қазақ жастары қорлық көріп, жәбір шекті. Оладың бірқатары түрмеге жабылып, сотталды, бірқатары оқудан шығарылып, қызметтерінен айырылды, қатаң сөгістер алды, ішкі істер қызметкерлерінің үнемі назарында болды. Қаншама қазақ жастары денсаулықтарынан айрылып, мүгедек болып қалды. Дегенмен, қазақтың өр Рухы өлмеді.
2.Жүргізуші:
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.
Ел үшін жанын қиып, жауды қуған,
Ерлерді ұмытса да ел бел ұмытпас.
Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.

1.Жүргізуші:

«Ынтымақты елге ырыс енші». Аталардан қалған аңыз да соны меңзейді. Сондықтан бостандығымыз баянды болу үшін өзімізбен мидай араласып кеткен жүздеген ұлт өкілдерімен арамызға сызат түсірмеуіміз керек. Мыңға жөн айтып алқалы топты аузына қаратқан қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың сөзімен айтқанда «Біз мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз». Бір сөзбен айтқанда қалайтынымыз бейбітшілік, тыныштық, бостандық, еліміздің босағасын нығайту. Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз.

2.Жүргізуші:

Бір ата, бір ананың түлегіміз.

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

«Бірлік барда  тірлік бар»  деген бабамыз. Бірлік деп бірге соқсын  жүрегіміз! - дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды қорытындылаймыз! Келіп көргендеріңізге көп-көп рахмет айтамыз.

1.Жүргізуші: Ән «Қазақстан елім менің»

            

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Желтоксан желі ызғарлы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Карьерный консультант

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Іс шараның негізгі мақсаты: Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы ұғым құрастыру. 1986 жылғы Алматы оқиғасының себептерін, сипатын, қозғаушы күштері мен тарихи маңызын білдіру.Ар-намыстың, ұлттық қасиеттің тәуелсіздік туының желбіреуіне жеткізген ұлы рух болғанын. Оқушылардың өзіндік түсінігін дамыту. Әрі студенттердің, ой жігерің отанға деген ыстық сезімдерін ояту. жастар біздің болашағымыз, елін қорғайтын азамат пен азаматшалар болып өсулеріне жол көрсету.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 756 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.06.2014 3732
    • DOCX 179.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаяхметова Маншук Маратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шаяхметова Маншук Маратовна
    Шаяхметова Маншук Маратовна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 74853
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1200 человек из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 598 человек

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 721 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 235 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 168 человек

Мини-курс

Эволюция и современное состояние искусства

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Планирование проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в искусственный интеллект

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 115 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека