Инфоурок Начальные классы КонспектыСабақ

Сабақ

Скачать материал

Дүниетану 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сабақ

Мақсаты:

1.Өсімдіктің басты мүшелерінің бірі сабақтың маңызын түсіндіру.

2. Ой-өрісін дүниетанымын дамыту,сабаққа деген қызығушылығын дамыту.

3. Өсімдіктерді танып білуге, қорғауға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену

Көрнекілігі : өсімдік суреттері,СТО,ойын тапсырмалар,дүниетану оқулығы 2 сынып, 777 жұмбақ

Түрі: аралас,дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

Топқа бөліну гүлдер таңдап алу 2 топқа бөлінеді

1 топ Раушангүлдер тобы

2 топ Түймедақ гүлдер тобы

Бүгінгі дұрыс жауап берген балаға жапырақ беріп отырамын қанша жинасаң сонша аласың ,ал сәттілік болсын.Қане екі топ бір-біріне сәттілік тілесін.

Балалар бүгінгі сабағымызда не істейміз екен соны білу үшін мына тапсырмаларды орындасақ олардың артында не жазылғанын біле аламыз қане жауаптарын айтып көрелік.

1.

6+7                                           11-7                                        8+6                                   12-6

8+5                                          17-8                                         11-6                                  13-5

16-7                                         7+6                                         12-8                                  14-9

15-8                                         9+4                                           9+9                                   9+2

8+3                                          7+7                                            13-6                                 9+6

Оқимыз                               ойлаймыз                                жұмбақ шешу                   өсімдік сабағы

Кестедегі мысалдарды шығара отырып не жазылғанын оқу ендеше біз бүгін  сабақта не істеуіміз керек ?оқимыз,ойлаймыз, жұмбақ шешу ,өсімдік сабағы ,бүгінгі өсімдік сабағы қандай болады сабағымен не істейді деген сұрақтарға жауап алуымыз керек.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру :

ІІІ. Өткенді пысықтау.  Сиқырлы шаршыдағы сандарды таңдаймыз сол сандар бойынша мен сендерге сұрақтар қоямын ал дайынбыз ба ? қане бастайық

50

40

30

60

10

20

70

90

80

 

50-Ауаның қасиеттерін ата,

40-  өсімдік өсетін жұмсақ қабат қалай аталады ?

30-Судың үш күйін ата.

60-топырақтың құрамын ата.

10-Судың қасиеттерін ата,

20-Тамыр деген не ?

70-Өсімдіктің неше түрі бар ?

90-Жұмбақ шешу

Қарасаң көзге көрінбес

Балтамен шапсаң білінбес (ауа)

80-Жылт-жылт еткен,

Жылғалардан өткен (су)

ІҮ.  Мақсат қою кезеңі.

Сөзжұмбақ шешу

1.Үш түрлі күйде болады ? (су)

2.От жануға қатысатын не? (ауа)

3.Заттардың үстінен қарағандағы суреті (сұлба)

4.Суды несімен ішеді.(тамыр)

5.Өсімдік қай жерде өседі ?(топырақ)

Сөзжұмбақтағы қызыл белгімен белгіленген сабағымыздың тақырыбы . Сабақ туралы не білесіңдер сабақ не үшін керек соны топпен сызбаға түсіріп көрелік.

Топтар сабақтың сызбасын өз беттерінше түсіреді.

Балалар сабақ деген не екен, ендеше ол сабағымен не істей алады ?

Балалар,үйде өсетін ,бақшада өсетін өсімдіктердің сабақтары қандай болады ? 

- Барлығының сабағы бірдей ме?

Олай болса, интербелсенді тақтаға  қарайық.Қандай өсімдіктерді көріп тұрмыз ?

Осы өсімдіктердің сабақтарына назар аударайықшы.Сабақ түрі нешеге бөлінеді деп ойлайсыңдар ?

Әрине 2-ге тік және өрмелегіш сабақтар

Ү. Жаңа сабақ:Сабақ өсімдік бойын ұстап тұрады. Ол қоректік заттарды тамырдан  өсімдіктің бүкіл бойына жапырақтан тамырға қарай жеткізіп, өткізгіштік қызмет атқарады. Сабақ тыныс алуға да қатысады.    -Оқулықпен жұмыс   - іштей оқу    сабақ-жуан, аласа, жіңішке болады. Тік сабақ, өрмелегіш сабақ.

1 ойын ойнау Өсімдік құрастыру

Сұрақтарға жауап беру арқылы өсімдік құрастырады

1.Өсімдік онымен жерге бекиді.

2.Су өткізіп тыныс алуға қатысады.

3.Әдемі қарасаң көзің тоймайды,кейін жеміс не тұқым болады,

Бұл қандай өсімдік шықты сабағы қандай ?( Күнбағыс ) Күнбағыстың пайдасы туралы айтып бер ,қай жақта өседі ?Біз жақта өсетін өсімдік пе ?

 

ҮІ. Түсінгендерін тексеру.   Сабақ қандай қымет атқарады? Сабақ түрлері туралы не білдік?   Сабақ өсімдікке неге керек?  Сабақ қандай мүше?  Тік сабақ деген не?  Өрмелегіш сабақ деген не ?

Гүл мен ағаш аттарын табу.Гүлдердің пайдасы мен ағаштың пайдасы туралы сызбасын сызып көрсетейік.

                                                                                                                              

                     гүлдер                                                                                             ағаштар                  

 

 

ҮІІ. Бекіту.  Суреттерге талдау .Екі топқа қорытынды шығару.

ҮІІІ .Үйге тапсырма   1.түсініп оқу   2. Бағалау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по студенческому спорту

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

 2 сынып   Тақырыбы :Сабақ. Мақсатым :  Өсімдік сабағы туралы өз беттерінше ізденіп білім алып мұғалімнің дайын біліміне жүгінбеу керек деген мақсаттар қойылды. Сабақта оқушылар  қызыл түсті және көк түсті гүлдерді  таңдап алып екі топқа бөлініп отырды .Әр топ өздеріне ұнаған гүл аттарын таңдап  Раушангүлдер тобы мен Түймедақ  гүлі топтары деген атқа ие болды. Бір –бірімізге сәттілік тілегеннен кейін бүгінгі сабақта не істейтініміз жайында  оқушыларды  әрбір  а-4  беттеріндегі мысалдарға назарларын  аударттым.Сол мысалдарды есептесек  бүгінгі сабағымызда  не істейтінімізді біле аламыз. Осы математикалық мысалдарды  20 көлеміндегі қосу азайту  тақырыптарында өткендіктен ауызша есептеу дағдыларын  дамыту мақсатымен және сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатымен алынды.Мысалы : біреуін айтатын болсақ 6+7         осы мысалдың артында  оқимыз деген сөз жасырын тұрды олар 8+5           мысалдарды орындап болған соң ,аударып  бергеннен соң оқиды не  16-7         істейміз екенін сабақта ,осындай мысалдар жазылған  а-4 15-8          беттерінен  төрт  беттегі мысалдарды орындап шықты  ең соңғы 8+3          мысалда өсімдік сабағы  деген  сөзге келгенде өсімдік сабағы туралы  бүгінгі сабағымыздан біле алатынымыз  туралы айтылды. Өткенді қайталау этабында сиқырлы шаршы  ойыны ойналды      әрбір топ өзіне ұнаған санды таңдауы керек сол санға сәйкес сұрақтар қойылды . Сөзжұмбақтағы қызыл белгімен белгіленген бөлігін оқиық сабағымыздың тақырыбы болып табылады. Сабақ туралы не білесіңдер сабақ не үшін керек соны топпен сызбаға түсіріп көрелік деп оқушылардың назарын аударып болған соң  әрбір топ сабақтың сызбасын өз беттерінше түсіреді. Балалар сабақ деген не екен, ендеше ол сабағымен не істей алады ?деген сұрақ қойылды әр топ өз сызбаларын ортаға алып шығып сабақ деген не ? сызбаларын оқып қорғап шықты .Бірінші Түймедақ гүлдер тобы ,одан кейін Раушангүлдер тобының жауаптары тыңдалды.Әрқайсысы сабақ деген не?                 деген сұраққа жауап беруге тырысып бақты .Сабағымен өсімдік су ішеді,жапырағы оған жабысады,тамырына сабағы бекиді деп өз ойларын айтты.Әрбір топ бір-біріне баға беріп, қалай жауап бергені жөнінде бағалар қойылды.Оқушыларға білім дайын күйінде берілмей жауапты өздері іздеп тауып сызбаға түсіре білді. Балаларға бақшадағы өсімдіктердің сабағының қандай болатыны сұралды.  Өсімдік  сабағы барлық өсімдіктерде бірдей ме? Деген сұрақ қойылады .Оқушылар бірдей емес деп жауап бергеннен соң интербелсенді тақтамен жұмыс болды интербелсенді тақтадан өсімдіктерді мұқият қарап отыру керектігі тапсырылды.Интербелсенді тақтадан Күнбағыс өсімдігінің Кактус өсімдігінің,жүзім өсімдігінің ,ағаштардың ,өрмелегіш гүлдердің суреттері ұсынылды.Балаларға: Барлық өсімдіктердің сабағы бірдей ме? оқушылар өз бетінше білім алсын деген  мақсатында  сұрақ қойылды.Оқушылар әр өсімдіктің сабағы әр түрлі біреуі тік біреуі оралып өсетінін айтып шықты.Оқушылар оқулықтарын алып оқып, білімдерін толықтырды.Осы сабақта оқулықтан оқылғаннан кейін өзім сабақтар туралы қорытынды сөзімді айттым.Қорытынды сөзім мынадай болды: Сабақ өсімдік бойын ұстап тұрады. Ол қоректік заттарды тамырдан  өсімдіктің бүкіл бойына жапырақтан тамырға қарай жеткізіп, өткізгіштік қызмет атқарады. Сабақ тыныс алуға да қатысады.   Сабақ-жуан, аласа, жіңішке болады. Тік сабақ, өрмелегіш сабақтар болады ,ал ағаштың сабағын біз Дің деп айтамыз деп білімдерін толықтырдым.Осыдан кейін оқушылармен екі топпен Өсімдік құрастыру ойыны ойналды. Сұрақтарға жауап беру арқылы өсімдік құрастырады.Күнбағыс өсімдігінің тамыр жағы,сабағы ,гүлі бөлек-бөлек салынған бөлігі бойынша сұрақтар қойылды. 1.Өсімдік онымен жерге бекиді.Күнбағыс тамыры. 2.Су өткізіп тыныс алуға қатысады.Күнбағыс сабағы. 3.Әдемі қарасаң көзің тоймайды,кейін жеміс не тұқым болады,күнбағыс гүлі. Бұл қандай өсімдік шықты сабағы қандай ?( Күнбағыс ) Оқушылар күнбағыстың пайдасын қай жерде өсетінін баяндап айтып берді. Ақ қағазда жазылған гүлдермен ағаш аттарын табу 2-ші ойынымыз болды,жапырақтар мен гүлдер арасындағы ағаш пен гүл аттарын табу          оқушыларға тапсырылды.              Оқушылар түймедақ,раушангүл,бәйшешек,қызғалдақ гүл аттарын,ал ағаштардың емен,қайың,қарағай,шырша аттарын тез тауып берді.Оқушылар белсене қатысып отырды. Ең соңғы тапсырма Гүлдердің пайдасы мен ағаштың пайдасы туралы сызбасын сызып көрсету тапсырмасы болды әр топ сызбаны толтырды.                                                            Әр топ қатысуы жөнінде дауап беруі жөнінде бір-біріне баға берді.Жеңімпаз топ анықталды.Сыйлық ретінде жеңімпаз топқа қолдан қағаздан жасалған (гофрированный )Раушангүлдер табыс етілді. Сабақты қорытындылай келсем бұл сабақтан оқушылар сабақ туралы білімді дайын күйінде алмай өз беттерінше ізденіп,өздері білім алуға тырысты.Сабақ қызықты ,тартымды өтті.  

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 756 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.04.2014 1829
    • DOCX 17.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нуриева Гульнар Уалкановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нуриева Гульнар Уалкановна
    Нуриева Гульнар Уалкановна
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7886
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 134 человека из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 295 человек из 62 регионов

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов

Мини-курс

Управление стрессом и психологическими состояниями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 15 регионов

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 237 человек из 52 регионов

Мини-курс

Сенсорная интеграция: типовые и инновационные методы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 29 регионов