Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы«Желбірей түс, тәуелсіздік жалауы»

«Желбірей түс, тәуелсіздік жалауы»

Скачать материал

Желбірей түс, тәуелсіздік жалауы

 

Категориясы: Тәрбие сағаты

 

Тәрбие сағатының мақсаты:

 

а)  Білімділік: Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздік тарихымен танысу.

 

ә) Тәрбиелік: Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін түсіндіру. Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

 

б) Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру.

 

Тәрбие сағатының әдісі: Әңгімелесу, пікірлесу, сұрақ-жауап

 

Тәрбие сағатының көрнекілігі:

1.      Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны,

2.     Н.Ә. Назарбаевтың портреті.

3.     Нақыл сөздер жазылған плакаттар.

 

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру.

2. Негізгі бөлім.

 

Жүргізуші:   Армысыздар,ұстаздар мен оқушылар!

                      Айналаға шын қуанып қараныздар

                      Жиырма жыл толды,Тәуелсіздік алдық біз,

                      Келді кезек, болашақты бағамдар.

-дей келе, Бүгінгі біздің «Желбірей түс, тәуелсіздік жалауы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

 

Оқушылар орындарынан тұрып, ҚР-ның Әнұранын орындайды.

 

Жургізуші: Гректің «гимн» сөзі қазақша «ұран», «ұран салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де әрбір ру-тайпасының таңба белгілері, жалауымен қатар, Әнұраны да болған. Елді жау шапқанда жер-жердегі сарбаздарды жинауға ат шаптырып, ұран салады, хабар береді. Кезінде сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған.

Жүргізуші: Сонымен Әннұранның әнін жазған, сөзін жазғандар кімдер?

Оқушылар жауабы. Әні: Шәмші Қалдаяқов

Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекең Нәжімеденов

Жүргізуші:  Бәрі болған қараң сынды көне

                      Ел белгі де, ерлік өнерде.

                      Жаһандағы ең жауынгер халықта,

                      Кім сенеді «Ту болмады» дегенге?

Жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы қай жылы бекітілді ?

Оқушы: 1992 жыл 4 -маусым - тарихи күн. Сол кезде Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР-ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 жылы маусым айында тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев ұлт Туына тағзым етті.

Жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына кім сипаттама береді?

Оқушы:  Ту ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран, Тудаң сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн шұғыла, қыран, өрнек бейнесі алтын түстес. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

Жүргізуші:

                    Бас білгізіп жер тарпығын тарпаңға,

                   Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.

                   Қалай оның Елтаңбасы болмайды,

                   Түлігіне дейін салса ен-таңба.- дей келе Елтаңбаға сипаттама берейік. Ал, балалар, ҚР-ның Елтаңбасында нелер бейнеленген?

Оқушылар: күн сәулесі, көк аспан, шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары.

Жүргізуші: Олар қандай мағынаны білдіреді?

Рауан: Көк аспан – кеншіліктің, тыныштық пен биіктіктің белгісі. Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын білдіреді.

Айдана: Елтаңбадағы алтын шаңырақ Қазақстанның «қара шаңырақ» деген қасиетті сөзінен алынып, шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп, халықтың қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына күн ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр.

Қанат: Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз-ертегісінен алынған. Аңыз бойынша, қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттен азат еткен.

Мадина: Бидай сабақтары – молшылықтың нышаны. Аспан ашық, жұлдызы жарқыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болу.

Жүргізуші: Сонымен біз өзіміздің  мемлекеттік рәміздерімізге тоқталып кеттік.   Енді біз өзіміздің туған өлкеміз – Тәуелсіз Қазақстанға тоқталайық.

Қазақстан ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған.

 

Жүргізуші: Еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен қандай батырларды білесіңдер?

 

Оқушылар:  Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастапберіректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.

 

Жүргізуші: Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.

                      Тарихым жатыр тасымда,

                      Тіл қатып, келер ғасырға.

                      Азаттық дейтін ұғымның

                      Желтоқсан тұр басында.

Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде қандай оқиғамен есте мәңгі сақталады?

 Оқушылар:   16 – желтоқсанда қазақ жастары  Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

 

Жүргізуші: Осы желтоқсан оқиғасында кімдер қатысқан? Кімдерді білеміз?

 

 Оқушылар:   Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

 

Жүргізуші: Иа, осындай ағаларымызбенн апйларымыздың арқасында қазір біз Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп отырмыз.

 

Жүргізуші:  Қазақстан деген сөзге өзіміздің елімізге толық сипаттама берейік.

 

Қ – Қасиет пен құт дарыған ел,

А - Аңсаған арманы орындалған ел.

З - Заман ағысынан қалмаған ел.

А - Азаттығын асқақтатқан ел.

Қ - Қаһарман, батырлар туған ел.

С - Сан ғасыр азап шеккен ел,

Т - Тәуелсіздік, егемендік алған ел.

А - Азаматын ардақтаған ел.

Н - Намысын сақтай білген ел!

 

Ал енді тәрбие сағатымыздың келесі сатысына көшетін болсақ, бұл бөлім негізінен  ІV турдан тұрады.

І тур: Ситуациялық сұрақтар

ІІ тур:  сұрақ- жауаптар

ІІІ тур: мақал-мәтелдердің жалғасын табу.

IV тур: оқушы шығармашылығынан

 

 

 

 І тур : Ситуациялық сұрақтар қою арқылы оқушылардың ой- өрісін дамыту.

Жүргізуші: 1- топқа:  Егер әкім болсаң, еліңе қандай көмек көрсетер едің? (1-мин.)

Оқушы жауабынан:

1.     Оқушы. Мен туған жерімнің табиғатын көркейтер едім.

2.     Оқушы. Мен балалар бақшасын салуға көмектесер едім.

3.      Оқушы. Мен ауылыма су жеткізер едім.

4.     Оқушы. Мен мешіт салдырамын.

5.      Оқушы. Мен барлық адамға жұмыс тауып беремін.

 

Ұпайлары: Барлығы да 5 ұпайдан алды.

 

Жүргізуші:  2- топқа: Қазіргі кезде Сирия және т.б. елдерінде соғыс болып жатқанын білесіңдер. Осы елдегі өзің сияқты құрбыңа қандай көмек берер едің? (1-мин.)

 

1.     Оқушы. Мен кітап сыйлар едім

2.     Оқушы . Мен киім беріп жіберемін.

3.     Оқушы.  Мен тамақ берер едім.

4.      Оқушы. Мен хат жазар едім.

5.     Оқушы.  Мен ойыншық сыйлар едім.

 

Ұпайлары: барлығы 10 ұпайдан алды.

 

Жүргізуші:  3- топқа:  Егер сен желтоқсан оқиғасы тұсында студент болып, саналы жас болсаң, желтоқсан оқиғасына қатысуың мүмкін. Оқиғаға қатысу мақсатың не? (1-мин.)

 

1.     Оқушы. Туған елімнің басшысы қазақ болғанын қалар едім.

2.     Оқушы. Үлкендер арасында әділетсіздік болмау үшін күресемін

3.     Оқушы . Ел басқаратын әділ басшыны қалаймын.

4.     Тәуелсіз ел болу үшін күресемін.

5.     Өзімнің туған тілім үшін қатысамын.

 

Ұпайлары: барлығы 15 ұпай.

Білімділігімен алға 3 бала шықты.

 

 

 

 

 

 

ІІ-тур.Сұрақ-жауап. (1-мин.)

1-сұрақ: Қазақ батырларын ата.( Қаракерей Қабанбай, Наурызбай, Б.Момышұлы , т.б.(

2-сұрақ: Қазақ әнұранының авторлары кім? ( Әні: Шәмші Қалдаяқов

Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекең Нәжімеденов)

3-сұрақ: Тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздері. ( Әнұран, Ту, Елтаңба)

4-сұрақ: Мемлекеттік туымыздың авторы кім?  (Шәкен Ниязбеков)

5-сұрақ: Қазақстан Тәуелсіздігін қашан алды? (1991 жылы 16 желтоқсан)

6-сұрақ: Желтоқсан көтерілісі қай жылы болды? (1986 жылы желтоқсанда)

7- сұрақ: Қазақстанның Президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)

8-сұрақ: Қазақстанның Ата Заңы қай жылы қабылданды? (1995 жылы 30 тамыз)

Ұпайлары:, барлығы 15 ұпай

Бұл турдан екі  бала алға шықты.

 

ІІІ-тур. Мақал-мәтелдердің жалғасын табу. (Отан, ел, туған жер, батыр, ерлік туралы) (2-минут).

Отан үшін отқа түс----------------(күймейсің)

Арың үшін алыссаң---------------(өлмейсің)

Ерлік пен бірлік-------------(егіз)

Батыр туса---------------------(ел ырысы)

Жаңбыр жауса-----------------(жер ырысы)

Ұпайлары: барлығы 25 ұпай.

 

IV-тур: Оқушылардың шығармашылық ой-өрісін дамытуға байланысты, мына: Туған ел, туған жер, Отан, Қазақстан, Елтаңба, егеменді ел сөздерін кірістіріп өз ойыңды өлең-шумағы арқылы жеткіземіз. (2-минут)

Оқушы шығармашылығынан:

 

1-оқушы: Қазақстан кең байтақ,

Туған өлкемсің!

Қазақстан тәуелсіз ел,

Байтақ жерімсің!

Егеменді елдің,

Мен бүгінгі ұрпағы.

2-оқушы: Сүйемін туған елімді,

Сүйемін байтақ жерімді.

Сүйемін қазақ халқымды,

Сүйемін Отан анамды.

Сонымен бүгінгі «Желбірей түс, тәуелсіздік жалауы» атты тәрбие сағатымызда белсене қатысқандарынызға рахмет.

 

V. Қорытынды сөз.

Қазақ елінің бүгінгі таңда іргелі, мәдениетті, өркениетті елдер қатарына қосылып, ізгі ниетті адамдар назарына ілігуі оңайлықпен келген жоқ. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқы ертеден-ақ үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өтті. Олар: туған елі, жері, ана тілі.

Сондай-ақ еліміз озды, жеріміз жаңғырды, ана тіліміз өз мәртебесін алды. Осының бәрі – тәуелсігіміздің нәтижесі. Қол жеткен жемісі.

Міне, оқушылар мына байлақтың иесі сіздер – Қазақстан Республикасының келешегі, тірегі, тілегі де сіздер.

              Құлпырған еліміздің ұл - қызымыз,

              Әзірге маңдайдағы құндызымыз.

              Арасын жермен көктің жалғаушымыз,

               Ертеңі жарқыраған жұлдызымыз.

- дей келе, бүгінгі 6 «б» сынып оқушылары әзірлеген «Желбірей түс, Тәуелсіздік жалауы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Желбірей түс, тәуелсіздік жалауы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

» Желбірей түс, тәуелсіздік жалауы» -  Категориясы: Тәрбие сағаты. 6 класс Тәрбие сағатының мақсаты: а) Білімділік: Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздік тарихымен танысу. ә) Тәрбиелік: Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін түсіндіру. Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. б) Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру. Тәрбие сағатының әдісі: Әңгімелесу, пікірлесу, сұрақ-жауап Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті. Нақыл сөздер жазылған плакаттар      -Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру. 2. Негізгі бөлім.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 236 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.04.2014 2018
    • DOCX 28.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Махамбетова Маржан Айбеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Махамбетова Маржан Айбеккызы
    Махамбетова Маржан Айбеккызы
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1585
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешные деловые сделки: от встреч до заключения контракта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Налог на прибыль и учет доходов/расходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе