Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Мағжан шығармаларындағы ұлттық болмысты Наурыз мерекесінде пайдалану әдістері
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Мағжан шығармаларындағы ұлттық болмысты Наурыз мерекесінде пайдалану әдістері

библиотека
материалов

Мағжан шығармаларындағы ұлттық болмысты

Наурыз мерекесінде тиімді пайдалану әдістері

Мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны, педагогы, қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаевтың “ Елдің елдігін сақтайтын – әдебиеті, тарихы, жол жорасы …’’ деген аманатын ардақтау, мақтан тұту. Оқушыларды туған жерін, тарихын, тілін, салт-дәстүрін сүйіп, оны қастерлеуге баулу, ізгілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Зал шарлармен, қанатты сөздер жазылған плакаттармен безендірілген.


Мерекенің өту барысы:

Жаршы :Уа, халайық! Уа, көпшілік! Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз мейрамына шақырамыз! Келіңіздер, тамашаны көріңіздер.


1-жүргізуші:

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн-көктем,

Жарығыңмен, шуағыңмен күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл-көктем!

2- жүргізуші: Қазақ жаңа жылы дін әсерінен

таза. Бұл күні ешбір құлшылық, дін әрекеттері

жасалмайды. Бар болғаны ел бір бірімен көрісіп:

Жасың құты болсын деседі.


1- жүргізуші: Наурыз келді тамаша,

Ән айтамыз таласа.

Апам,атам той-тойлап

Қуанып жүр балаша.

2 жүргізуші: « Жұмабай» ауылының Наурыз тойына қош келдініздер!


1 көрініс

Бала: Сүйінші, сүйінші, сүйінші... Ұл туды...ұл...ұл...

Сүйінші сұраған бала өз сүйіншісін алып жатты. Жабдықталған киіз үй ішінде Жұмбай ата немересін қолына алып, аймалап-толғанып:

- Менің атымды түбінде осы балам шығарады.

Сенің атың Мағжан, сенің атың Мағжан, деп азан шақырып атын қояды .


2- жүргізуші: Табиғат наурызымен ажарлы, Наурыз - мейрам ғажабы.


1- жүргізуші: “ Қазақтың Наурызы - діни мейрам емес, тұрмыс мейрамы. Бұл мейрамды тұрмыспен, ғылыммен байланыстырып, қоғамға пайдалы игі іс жасайтын, ауыл адамдарын тап-жігімен ұйымдастыратын мейрам ету керек...” деген пікірді Мағжан атамыз осыдан көп жылдар бұрын айтып еді.


Әжелері: Күнім айым.

Еркетайым,бөлейін енді

Таста дауыл,

Жатқан ауыл,

Ұйқың да келеді.

Жұмсақ бесік,

Жылы төсек,

Жата ғой қозым деп бесік жырын айтып,

Тербетіп сәбиді ұйықтатуда.

Ауыл тегіс жиналып,

Шілдехана тойын өткізіп, ақар шақар болып

жатыр...


1- жүргізуші: Наурыз, наурыз жыл басы,

Наурыз, наурыз бақыт жалғасы.

Наурыз, наурыз жыл басы,

Наурыз, наурыз бақыт жалғасы.


2- жүргізуші: «Бекен» ауылының Наурыз тойына

Қош келдініздер.


ІІ көрініс

Бекен болысының ақ ордасында Ахиден Аханов балаларды оқытып жатыр, кішкентай Мағжан есіктен сығалып жүрді де, босағаның жанына барып отырып алады Мұғалімнің сөзін мұқият тыңдап, ұғып алуға тырысты. Ересек балалар Мағжанның қылығына күле бастап еді, мұғалім қайран қалады. Мұғалімнің тақтаға жазған сөздерін ағасы Мүсілім оқи алмай тұрғанда, кішкентай Мағжан қол көтеріп, рұқсат сұрап судыратып оқып береді. Мұғалім Мағжанның қолынан жетектектеп ең алдыңғы партаға отырғызады.


Мұғалім: Бүгіннен бастап сен де менің шәкіртім боласың.

Сөйтіп, төрт жасар зирек Мағжан мектеп есігін ашады.


1-жүргізуші: Бәйшешектен білеміз,

Көктем келіп калғанын.

Мәз боламыз күлеміз,

Көрсек гүл жарғанын.

Би:<Бәйшешектер>

2-жүргізуші:

Құтты болсын ұлыстың ұлы күні,

Шаттандырған елімді Тәңір нұры.

Табиғатты түлеткен нұрландырып,

Құтты болсын Наурыздың жаңа күні


1-жүргізуші:

Наурыз күні қазаның ортаймасын,

Ел қуанып шаттанып,той тойласын!


2-жүргізуші:

<Мағжан> ауылының Наурыз

Думанына қош келдіңіздер!

Күй: <Хафиз>

III көрініс

Қатысушылар: Мағжан, Гүлсім ханым, кезекші, мұғалімдер және автор.


Автор: 1920 жылы халық наурызбен қайта қауышты…

Сол жылы Омбыдан Қызылжарға көшіп келген мұғалімдер курсында Мағжан әрі директор, әрі мұғалім болып қызмет істеді. Сол кезде Башқұртстаннан Мичурин деген ауқатты кісі жақында ғана үйленген Гүлсім деген жас әйелімен көшіп келеді де, Гүлсім Мағжан басқаратын курсқа математикадан сабақ беретін мұғалім болып орналасады.

Гүлсім курсқа келген күннен бастап өзінің асқан сұлулығымен ерекше тәкаппар мінезімен жұрттың көңілін өзіне аударады. Ол ешкімге сәлем бермей, берген сәлемін де алмай тіп-тік шығып кетеді екен.

Мұғалімдер бөлмесі… Гүлсім бір столдың жанында жалғыз отыр. Бөлмеге Мағжан кірді де, Гүлсімге қарама-қарсы отыра кетті. Гүлсім селт ете қарамады. Әр мұғалім өз бетінше жұмыс жасап отыр.

Кенет есік қағып кезекші кіріп келеді,

Кезекші: Гүлсім ханым, Гүлсім ханым сізді телефонға шақырады.

Гүлсім шығып кетеді. Мағжан үстелдің үстінде қалып қойған Гүлсімнің қалың дәптерін алды да, басын шайқап күлімсіреп, табан астынан мына сегіз жол өленді жазады.

Мағжан: Бота көз, сиқырлы сөз, Гүлсім ханым,

Әр жерде өткізсек те өмір таңын.

Кей уақыт көзіңізге көзім түсіп,

Ойнайды аласұрып неге жаным?

Бота көз, сиқырлы сөз, ханым Гүлсім!

Көктегі күн күлмесін Гүлсім күлсін.

Гүлсім күн көкте ақырын жүзе білет,

Сүйдіріп күйдіргенін қайдан білсін.


Сәлден соң Гүлсім ханым бөлмеге қайта кіріп: - Мағжан мырза, мені қожам шақырады, рұқсат болса мен қайтайын.

Мағжан рұқсат етеді.

Ертеңінде Мағжан басқа мұғалімдерімен дәлізде келе жатса Гүлсім оларға қарама-қарсы жүреді.

Гүлсім: Сәлеметсіз бе, құрметті Мағжан мырза, - деп қастарынан өте шығады. Мағжан аң-таң болып қарап қалады.

Сабақ бітті... Мағжан Гүлсімге келіп:

- Гүлсім ханым, сізді орта жолға дейін шығарып салуға бола ма?-деп сұрайды.


Гүлсім: Жоқ Мағжан мырза, жол астына дейін емес, жол аяғына дейін шығарып салуға болады.

Бір сәтке Мағжан бөлмеден шығып кетеді, жалма-жан Гүлсім ханым Мағжанға өлеңмен былай жауап жазады:

Жүрәклар тәңірісі отлы!

Көзіңнің шағласын меннан.

Көшір бір өзге ауылға,

Сиқырлы йылдызым, тездан!

Өлеңді үстел үстіндегі Мағжан қағаздарының арасына алып қояды.

Мағжан келді де, Гүлсім ханымды қолынан демеп, екеуі шығып кетті.

... Мағжанның махаббат жайлы сұлу сырлары осылай сырғырлап шыққан еді.

Ән: «Бәрінен де сен сұлу»


1 - жүргізуші:

Әз наурызым, құтты болсын қадамың,

Жолы болсын ары таза адамның.

Шалдықтырма зардабына заманның,

Арам ойын іске асырма заманның.


2-жүргізуші: Елге арна тетігіңнің ақтығын,

Халқың сезсін тілегіңнің пәктігін.

Наурызбенен ырыс, береке құт келіп,

Шалқыта бер шаңырақтың шаттығын.


Мағжан Жұмабаев атындағы элитарлық мектеп-гимназияның деректерінен үзінді келтіріледі.


1-жүргізуші: Мағжан атамыздың сүйікті ойыны “Ақсүекті” ойнайық.

Залда тыныштық орнап, шамдар сөнеді. Әр ауылдың жастары ортаға шығып “Ақсүйек” ойынын ойнайды.


2-жүргізуші: Жаңғырар дәстүр-салтымның,

Көзелсін бұлақ-жылғасы.

Қастерлі менің халқымның

Мереке Наурыз жыл басы.

Би: “Сен сұлу”


1-жүргізуші: ендігі кезекті Мағжан ауылының ұландарына бермекпіз. “Аударыспақ”, “Арқан тарту” ойындарын ойнайық.


2-жүргізуші: 1925 жылы 22 наурыз күні “Еңбекші қазақ ” газеті бұқара халықты Наурыз мейрамымен құттықтап, өзінің бірінші бетіне ірі әріптермен:

Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз келіп,

Шаруаның кенелген,

Мейрамы ежелден,

Құтты болсын бұл Наурыз! – деп жазды.

1-жүргізуші: Наурыз мейрамының қасиеті дәмінің бірі – наурыз көже. Наурыз көжені жеті түрлі өнім түрінен, сүзілген құрт, бидай (тары, күріш) , пияз және сәбізден қазан толы етіп тайқазанға пісіреді.


2-жүргізуші: Наурызым-

Сары уызым,

Жүдеп едім сен кетіп.

Қайта келдің,

Байтақ елдің,

Қуанышын көлдетіп.


1-жүргізуші: Дәстүрімнің,

Жақсы ырымның

Нышанысың жол етер.

Берекелі,


Көже толы

Қазаның не жетер

Тайқазан басындағы ұландар көже таратады.


2-жүргізуші: Ұлыс күні кәрі-жас,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өріскен.

Сақтай гөр деп терістен,

Кел, тілек бер десіп,

Көз көрместей, өш десіп,

Шалдар бата беріскен.


Көже ішіліп болған соң ел төрағасы қолын жайып:
Бақытты ас берсін,

Ұлыстың ұлы күнінде,

Ұлын оңға қонсын,

Қызың қырға қонсын.

Қыруар малың өріске толсын,

Дәулетінді асырсын,

Дұшпаның басылсын.

Менің берген бұл батам,

Ұлыс күнге сақтап жүрген сүр батам,

-деп бата береді.

Жиналған жұрт: Ауызды ақтан айырмасын,

Қызылды етті уақытымен көрсетсін ,-деп

Тарқасып жатыр.


1-жүргізуші: Мағжан мектебіндегі Наурыз

мейрамы құтты болсын


2-жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні барлығыңызға

бақ қонсын!



Сценарийді жазған: Мамедярова Роза Момынқызы



http://img0.liveinternet.ru/images/attach/c/7/95/277/95277350_R31.png



Автор
Дата добавления 15.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров114
Номер материала ДВ-342465
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх