Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыМектепке дейінгі балаларға арналған "Ұлттық ойындар" жиынтығы

Мектепке дейінгі балаларға арналған "Ұлттық ойындар" жиынтығы

Скачать материал

Киіз үй


Киіз үй – көптеген ғасырлар бойы Еуразияның ұшы-қиырсыз жазирасын басқарған ежелгі халықтың көшпенді тұрмысы мен өмір салтына мейлінше қолайлы болған баспана түрі. Соңғы қола дәуірінің өзінде-ақ (б.з.д. ІІ мыңжылдық тың соңы – І мыңжылдықтың басы) Еуразия даласында доңғалақ үстіндегі алғашқы жылжымалы тұрғын жайлар пайда бола бастады. Орта ғасырларда платформаларға орнатылған, ондаған жетек малы сүйреткен орасан зор жиналмайтын киіз үй-ордалар кезіп жүрген. Арба үстіндегі тұрғын жай (күйме) – киіз үйлердің осындай салтанатты түрлері Қазақстанда ХҮІІ ғасырға дейін қолданыста болды.

 

 

Киіз үйдің құрылысы

Киіз үй жиналмалы және жазылмалы ағаш қаңқадан, киіз жабындардан және үйдің барлық бөліктерін бекітетін таңғыш шалмалар мен бау-басқұрлардан, арқандардан құралады. Ағаш қаңқасы төрт бөліктен тұрады: кереге – киіз үйдің шеңберлі қабырғасын түзететін ажырамалы буындар; уық – күмбез сырғауылдары; шаңырақ – күмбез төбесіндегі шеңбер; қос жармалы есік.

 

 

Шаңырақ

Шаңырақ – дөңгелек құрсаудан және айқыш-ұйқыш иілген жуан талдан (күлдіреуіш) құралады. Киіз үй күмбезінің құрылымы шаңырақ арқылы біріктірілген. Түскен қардың салмағы елеулі болған кезде уықтар үлкен киіз үйдің шаңырағына 2 тонна шамасында қысымдық күш түсіреді. Сондықтан шаңырақ киіз үй қаңқасының басқа бөліктері сияқты талдан емес, далада өсетін ағаштардың ішіндегі ең қатты әрі берігі – қайыннан жасалады.

 

 

Екі қақпалы есік

 

Керегенің екі қанатының ортасына ең алдымен жарма ағаш есік жақтауы орнатылады (оның тағы бір атауы – сықырлауық). Есік жақтауларының өлшемдері киіз үйдің мөлшеріне және керегенің жазулы торларының биіктігіне байланысты болады. Есіктің биіктігі 140 см мен 175 см аралығында, ені – 70 см мен 100 см аралығында. Киіз үйдің жарма есігі ішке қарай ашылады.

 

 

Өрнекті жалпақ тоқыма таспа

 

Ағаш қаңқаның бөлшектері жүннен есілген немесе арнайы тоқылған бау-басқұр және таңғышпен байланады. Арнайы есілген немесе тоқылған жалпақтау жіппен есік пен кереге сағанағы, сондай-ақ екі керегенің қоспасы таңылады. Өрнекті жалпақ тоқыма таспа (басқұр) кереге басын сырт жақтан, айнала күмбез сырғауылдары (уық) бекітілген соң құрсаулап ұстап тұрады.

 

 

Ши

 

Киіз жабын төрт бөліктен тұрады. Киіз үйдің төрт бұрышты үш немесе төрт бөлігі (туырлық) кереге мен күмбездің төменгі бөлігін жауып тұрады, кереге мен туырлық арасына ши (шым ши) ұсталады. Трапеция пішінді екі киіз (үзік) күмбезді жауып тұрады. Шаршы етіп қиылған киіз бөлігі (түндік) киіз үйдің төбедегі терезесіне жабылады; оның үш бұрышындағы бауды белдеуге байлап, бір бауын төбедегі саңылауды ашуға болатындай етіп бос қалдырады. Ол жерден киіз үй ішіне жарық түседі, ауа кіреді және ошақтың түтіні шығады.

 

 

                                                                                                                                                            Киіз үйдің жасауы

 

Киіз үй - отбасының тіршілік ету орталығы. Жаратқан ретіне келтіріп, нұрын құйған, ата-бабадан қалған тіршілік орталығы – киіз үйдің бейнесі мен рәміздемесі түрлі элементтерден құрастырылған. Киіз үйдің ортасында ошақ орналысқан. Қазақ тұрмысының аса маңызды қырлары ошақпен байланысты.

 

 

Сандық


Ошақтан әрі кіреберіске қарсы киіз үйдің сыйлы орыны – төр орналасады. Тұрғын-жайлық киіз үйлерде бұл жерде кебеже-сандық және отбасының байлығына арналған басқа да ыдыстар, сондай-ақ төсек-орын (жүк) жиналып, төр осы екенін паш етеді. Сандық - сәндеп, оюлап ағаштан жасалатын киіз үй жиһазы. Сандықтар былғарымен немесе қаңылтырмен қапталады. Оларды қаптама сандықтар деп атайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Төрт түлікке қатысты тыйымдар.

 

 1.  Мал қораның сыртында және ішінде сықыруға болмайды.

 

2.  Мал туып жатқанда жанында адам тұруына болмайды.

3.  Буаз малды өріске айдарда немесе өрістен қайтқанда қуалауға болмайды.

4.  Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.

5.  Жатқан малдың үстінен аттамайды.

6.  Жас малдың мүйізі шығар кезде қолмен сипауға болмайды.

7.  Жас малдың тісін санауға болмайды.

8.  Мал сауғанан кейін қол жұмай, бөтен адммен қол беріп амандасуға болмайды.

9.  Күн батқаннан кейін қорадан мал шығаруға болмайды.

10.         Малды аяққпен теппейді.

11.         Малға «кет» деп дауыс көтеріп зекімейді.

12.         Түнде мал санамайды және ешкімге мал бермейді.

13.         Малды біреуге силағанда яки сатқанда, ноқта-жүген, бас жібі берілмейді.

14.         Жас ботаны бірден көзге түсірмейді. Ол бір ай шымылдықтың не ши қоршаудың ішінде ұсталады.

 

 

 

 

 

Қазақ халқының ырымдары.

 

1.  Сейсенбі күні үлкен іске кіріспейді, мал сойылмайды, жаңа мекенге көшпейді, алыс жолға шықпайды.

2.  Сәрсенбі – сәтті күн.  Үлкен іске кірісуге, алыс жолға шығуғу болады.

3.  Жұма – қасиетті күн. Бұл күні ет көп болсын деген ниетпен халқымыз қысқы соғымдарын сойған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйдегі тыйымдар.

 

 1.  Жер таянып отыруга болмайды.

 

2.  Тізені табанды тартуға болмайды.

3.   Белді босқа буынуға болмайды.

4.  Тізені құшақтауға болмайды.

5.  Аяқ-қолды жіппен байлауға болмайды.

6.  Бос бесікті тербелеуге болмайды.

7.  Үйге жүгіріп келуге болмайды.

8.  Күн батар алдында үйықтауға болмайды.

9.  Таяққа сүйенуге болмайды.

Өзара әдепті болу.

 

1.  Ер балалардың қыздарға дөрекі сөз айтуына, оларға қол жұмсауына болмайды.

2.  Қыздар өздерін кішпейіл, сыпайы ұстауы керек.

3.  Қыздардың ер баланы тебуіне болмайды.

4.  Есікті теуіп ашуға болмайды.

5.  Балалар бір біріне лақап ат қойып шақырмауы керек.

6.  Бір біріне бас киім лақтырып ойнауына болмайды.

7.  Жолдасының сөзін соңына дейін тыңдауы керек.

8.  Адам айтқан сөзінде тұрып, уәдесін орындауы тиіс.

 

 

Дастарқан басындағы және ас ішудегі әдептілік.

 

1.  Дастарқан басына адамдар жасына қарай отырады.

2.  Тамақ алдында, тамақтанып болған соң қонақтардың қолына су құйылады

3.  Дастарқанға алдымен нан қойылады.

4.  Нанды төңкеріп қоюға болмайды.

5.  Нанды бір қолымен сындыруға болмайды.

6.  Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды.

7.  Қонаққа кетік кесеге шай құюға болмайды.

8.  Үйде отырған қонақтарды санауға болмайды.

9.  Ас ішіп болғаннан кейін «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деген жөн.

10.         Дастарқанды аттауға болмайды.

11.         Егер көрші тамақ әкелсе, ыдысын бос қайтаруға болмайды.

12.         Жерге төгілген сүтті айранды басуға болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көшеде және үйде әдепті болу.

 

1.  Белді таянуға болмайды.

2.  Жақты таянуға болмайды.

3.  Бетті басуға болмайды.

4.  Басты шайқауға болмайды.

5.  Саусақты орынсыз ауызға салуға болмайды.

6.  Адамға қарап қолды шошайтуға болмайды.

7.  Тісті қайрауға, таңдай қағуға болмайды.

8.  Адамға қарап түкіруге, түшкіруге болмайды.

9.  Ішекті тартуға болмайды.

10.         Тырнақты тістеуге болмайды.

11.         Екі қолды төбеге қойып отыруға болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үлкендерді құрметтеу.

 

1.  Үлкен кісіге бірінші болып сәлем беру керек.

2.  Үлкен кісі үйден шығарда оның аяқ киімін қою керек.

3.  Тамақ ішер алдында үлкендердің қолына жылы су құю керек.

4.  Үлкендердің әңгімесін көңіл бөліп тыңдау керек.

 

 

Тыйымдар.

 

1.  Үлкен кісінің алдын кесіп өтуге болмайды.

2.  Үлкендердің сөзіне араласуға болмайды.

3.  Үлкен адам алдында аяқты созып отыруға болмайды.

4.  Құран оқығанда күлуге болмайды.

5.  Жатқан кісінің үстінен аттауға болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пышаққа қатысты тыйымдар.

 

1.  Пышақпен ойнауға болмайды.

2.  Пышақтын жүзін жалауға болмайды.

3.  Адамға пышақ кезенуге болмайды.

4.  Пышақты сыйға беруге болмайды.

5.  Бір нәрседен шошынғанда пышақты жастықтың астына қойып ұйықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балабақшаларда ұлттық ойындарды пайдалану

Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.

Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады. 

Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен. 

Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ат мінгізіп, шапан жабу

 

Құрметті қонаққа, ақынға, батырға, палуанға және сол сияқты елге еңбек сіңірген ардақты, айтулы азаматтарға ат мінгізіп, шапан жабу қазақ халқының ертеден келе жатқан аса лайықты, жарасымды ата салты, яғни бұл «батыр», «ақын», «палуан» деген құрметті атақтардан кейінгі берілетін құрметтеу, сый-сияпат, марапат, мадақ белгісінің айғағы, ең жоғары құрметі ретінде беріледі. Ат мінгізу, шапан жабу салты салты қазіргі күнде де жарасымды жалғасын тауып келеді.

 

 

 

Хан алшы

 

Ойынға 5-10 балаға дейін қатыса береді. Асық көп болу керек. Көп асықтың ішінен үлкенірек біреуін қызыл түске бояңдар. Осы асық « Хан» болады. Алдымен санамақ арқылы ойын бастаушыны тағайындап алыңдар. Осы бала асықтың бәрін уысына жиып алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді.Сендер «ханның» қалай түскенін байқап отырыңдар. Егер «хан» бүк, шік, тәйкі түссе, ойын бастаушы бала « ханның» түсуіне қарай жақын асықтарды бас бармақтардың көмегі арқылы сұқ саусағымен итере- ыршытып біріне – бірін дәлдей отырып тигізеді.Тигізген асықтарды өзіне алады. Осы арада «ханды» тек ең соңғы өзі сияқты жатқан асықпен атып алуға болатынын ұмытпағандарың жөн.Ойын бастаушы басқа асықтарға қолымен не асықпен тиіп кетсе, ойынды келесі бала жүргізеді. Ал, егер «хан»алшысынан тұрса, «ханды» әрқайсысың өз қолдарыңа түсіруге әрекеттеніңдер. «Хан» кімнің қолына түссе, сол бала жеңіске жетеді. Ойынды да сол жеңген бала бастайды.

 

 

 

 

Омпы

 

Асықты мұртынан немесе жамбасынан тұрғызуды «Омпы» дейді. Омпы ойынына 2-10 балаға дейін қатыса берулеріңе болады. Ара қашықтығы 10-20 адым ( қалауларың бойынша) жерге екі көмбе сызыңдар. Әр қайсысың көмбенің тең ортасына белгіленген сызық бойындағы көнге екі асықтан тігіңдер. Ортасына бір асықты омпысынан тұрғызыңдар. Көмбедегі сызық бойына кезекке тұрып, қолдарыңдағы сақаларыңмен көнге тігілген асықтарды атып түсірулерің керек. Атып алған асықтарың өздеріңе қалады. Егер омпыға тигізсеңдер, көндегі барлық асықтарды аласыңдар.Неғұрлым көп асық ұтып алғандарың жеңіске жетесіңдер.

 

 

Атбақыл (Көтеріспек)

 

Ойынға екі бала қатысады. Біреуің сақаңды иіріп, екіншің сол сақаны атыңдар. Егер сақаға тигізсеңдер, атқан бала сол жерден сақасы жатқан жерге дейін екінші баланы көтеріп апарады. Біріңнің сақаңды бірің атып, екеуің алдыға қарай жылжи беріңдер. Ойынды қанша ойнасаңда өз еріктеріңде.

 

 

Көтермек

 

Ортаға екі бала шығыңдар. Бір- бірлеріңе арқаларыңды тіреп тұрып қолдарыңды шынтақтастырыңдар. Жүргізушінің белгісінен кейін жерден қайсысың бұрын екіншіңді көтеріп аласыңдар, ұтқан болып есептелесіңдер. Жеңіске жеткендерің ортада қалып, келесі баламен сайысқа түсесіңдер. Соңғы жеңімпаз анықталғанша, ойын осылай жалғаса береді.

 

 

Тақия тастамақ

 

Ойынға бірнеше бала қатысады. Балалар, шеңбер жасап отырыңдар. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп жүріп, біреулеріңнің артыңа білдіртпей тақияны тастап кетеді. Егер сезіп қойсаңдар, жүргізушіні қуып жетулерің керек. Ал, жүргізуші қуған баланың орнына келіп тұра қалуға тырысады. Жүргізушіге жете алмаған бала айыбын төлейді, өнер көрсетеді.

 

 

Түйілген орамал

 

Алдымен кез- келген орамалды түйіп- түйіп доп тәріздес етіп алыңдар. Бір бала ортада тұрады, қалғандарың оны қоршап тұрасыңдар. Сыртта тұрған біреуіңнің қолыңда түйілген орамал болады.Берілген белгіден кейін ортада тұрған бала осы орамалды сендердің қолдарыңнан алып қоюға әрекеттенеді. Ал, сендер бір- біріңе лақтырып, қашып, ортадағы балаға түйілген орамалды бермеуге тырысуларың керек. Орамалды беріп қойған бала ортада жүрген баламен орнын алмастырады.

 

 

Оқтау тартыс

 

Бұл ойынды ойнау үшін де ортаға екі бала шығады. Алдымен жерге сызық сызыңдар және сол сызықтың екі жағына тұрыңдар. Енді оқтаудың екі ұшынан ұстап тартыңдар. Қайсысың сызықтан өтсең, жеңілесің. Ал, күшің басым болып тартып алғаның жеңіске жетесің.

 

 

 

Бәйге

Бәйге жарысының бірнеше түрі бар. Олар: тай жарыс, құнан жарыс, топ бейге, аламан бейге. Бәйге жарысы жазық жерлерде өткізіле береді. Көмбеге алғаш озып келген шабандоз жеңімпаз атанып, сыйлыққа ие болады.

 

 

Көкпар

Атқа мінген топ жігіттердің қатысуымен өтетін жарыс. Белгіленген межеден 50-60 адымдай жерге көкпар тасталынады Көкпар тартуға бауыздалған лақ немесе серке беріледі. Жерде жатқан көкпарға бірінші жеткен шабандоз көкпарды іліп алып қашады, қалған көкпаршылар қуып жетіп, тартып алуға әрекеттенеді. Кім бұрын көкпарды көмбеге екелсе, сол жеңімпаз атанып, көкпарды өзіне қалдырады.

 

 

Атқа мінгізу

4-5 жасқа келген ұл баланы атқа мінгізу ресімі. Алдымен ағаштан ашамай-ер жасалады. Ашамай-ердің алды-арты биік сүйеніші болған. Жуас құнанды ерттеп, баланы мінгізіп, тізгінді бала ұстағаннан соң бір адам құнанды жетектеп жүреді. Әйелдер шашу шашқан. Үлкендер бата беріп, той жасалған.

 

 

Итеріспек

Күш сынасу ойыны. Үлкен, кең шеңбер сызылады. Шеңбер неғұрлым кең болса, ойын қызығы арта түседі. Басты ойыншы ортадағы қарсыластарын шеңберден итеріп шығаруы қажет. Кімнің күші басым сол жеңімпаз. Итеріспек бір аяқта тұрып күш сынасатын ойын, екінші аяғың жерге тиіп кетсе, жеңілгенің.

 

 

қызыл қоңыз

қызыл қоңыз немесе ел қайда көшеді? Ертеректегі қазақтың сүйікті ойыны болған. Балалардың топталып ойнайтын ойыны. Алақандағы қызыл қоңыз білектің бойымен алған бағытымен жорғалайды, екінші баланың қоңызы басқа бағытты таңдайды. Осы арқылы балалардың «Көш қай бағытқа көшеді?» дауы басталады. Ауыл көшкен сәтте дұрыс шешімін тапқан жеңімпаз аңықталады.

 

 

Домалақ-ағаш

Тереңдігі 10-20см шұңқыр қазылады. қасында қолында таяғы бар қорғаушы бала, екіншісі домалақ-ағашты шұңқырға қарай беттей қуғыштайды. қорғаушы оны шұңқырға түсуден қорғайды. Кішкене шар шұңқырға түскенше ойын жалғаса береді. Ойыншылар кезек алмасып ойнайды.

 

 

Жаяу тартыс

Екі ойыншы бір-біріне арқасымен тұрады. Иықтарына жіп іліп оны қолтық астына өткізіп жіберуі тиіс. Жіптің шеті байланған, ортасынан түйілген. Белгі берілісімен ойыншылар бір-бірін бір мезгілде өз бағыттарына қарай тарта бастайды. Күші басым ойыншы әлсіз қарсыласын өзіне тарта бастайды. Белгіленген межеден өткізіп тартып алса сол ойын жеңімпазы!

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектепке дейінгі балаларға арналған "Ұлттық ойындар" жиынтығы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 064 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2016 2024
    • DOCX 457.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мырзабекова Салтанат Балтабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 73119
    • Всего материалов: 18

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Проектирование и реализация деятельности педагога-организатора в соответствии с требованиями профессионального стандарта

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 690 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы организации безопасной среды в дошкольном образовании

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 41 человек

Курс повышения квалификации

Специфика деятельности по присмотру и уходу за детьми дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы творческой фотографии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 225 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Театральная педагогика: творческое развитие и воспитание

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека