Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыМектепке дейінгі балалардың және оқушылардың жаттап алуына лайықты деген өлеңдері мен тақпақтар жинағы.

Мектепке дейінгі балалардың және оқушылардың жаттап алуына лайықты деген өлеңдері мен тақпақтар жинағы.

Скачать материал

Бірінші бөлім

(Балдырғандар үшін)

 

   Туған   жер

Атқұлақты ат қылып,

Асыр салған осы жер.

Ақ батпаққа аунасып,

Жарыс салған осы жер.

Айналайын, туған жер,

Кіндік қанын жуған жер.

 

             Бауырсақ

Нәйім-нәйім, бауырсақ!

Ағын суға шомылсақ!

Жаман бала — ойынсақ!

Жақсы бала — малсақ!

 

 

         Айгөлек

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек!

Айдай толған кезімде

Би билеймін дөңгелеп!

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек!

Күндей нұрлы шағымда

Күнге жетем өрмелеп!

 

 

3

          Бақ-Бақ

Бақ-бақ,

Ашамайдың құлағын

Шақ! Шақ!

Жақсы бала — Аппақ!

Жаман бала — Сатпақ!

 

           Ақтүш

-Ақ-түш!..

-Ақ сиырдың сүтін іш!

Ақ сүт берер саған күш.

Шым-шым мөлдір суға түс,

Тұмау келсе, қуа түс.

 

                    Бақа

-         Бақа, бақа, балпақ,

Басың неге жалпақ?

-         Темір телпек көп киіп,

Басым содан жалпақ!

-         Бақа, бақа, балпақ,

Көзің неге тостақ?

-         Қарауылға көп қарап,

Көзім содан тостақ!

-         Бақа, бақа, балпақ,

-         Бұтың неге талтақ?

-         Көп отырдым ерініп,

Бұтым    содан талтақ!

 

 

4

 

        МАЗАҚТАМАЛАР

  Кетік-Кетік

Кетік-кетік, кекшебай,

Талқаныңды екше, бай!

Тауға барып тары же,

Тауыспасаң, тағы же!

 

 

Құрама

Ой, жылауық Құрама,

Ойбай салып жылама!

Талқан шылап бергенше,

Тарынғаның бола ма?!

 

Жаурауық

Іш-шай!

Күннің суығы-ай!

Боз биенің қулығы-ай!

Алты қойдың асығы-ай!

Алтынбектің жасығы-ай!

 

Жаңабай

Берекесіз Жаңабай,

Бес ешкісін баға алмай,

Кердең қағып, үйіне

Кетіп қалды қарамай!

 

 

5

Алдаушы

«Ақан жақсы» деймін,

Нанын алдап жеймін!

Алдағанға көнбесе,

«Жаман бала» деймін!

 

Ойнамасаң...

Ойнамасаң, ойын бақ,

Ойынбайдың қойын бақ!

Қара бие сояйын,

Қағын саған қояйын!

Кетік пышақ берейін,

Кертіп жесең, көрейін!

 

Халық   санамағы

Бір дегенім — білеу,

Екі дегенім — егеу,

Үш дегенім — үскі,

Төрт дегенім — төсек,

Бес дегенім — бесік,

Алты дегенім — асық,

Жеті дегенім — желке,

Сегіз дегенім — серке,

Тоғыз дегенім — торқа,

Он дегенім — оймақ,

Он бір — қара жұмбақ!

 

 

6

 

                                        Ілияс   Жансүгіров

Аман   бол!

Бауырсақ шайнап жегізген,

Жая десем, жал беріп,

 Шекер десем, бал беріп,

Аялап мама емізген,

Аяулы анам, аман бол!

 

            ТӨРТ   ТҮЛІК   ЖЫРЫ

               Бөрте   лақ

Шөре-шөре, лағым,

Тентек болма, шырағым!

 Секектеме, деміңді ал,

 Селтендемей құлағың.

 

             Ботақаным-бөбегім

Қара көзің мөлдіреп,

Қызықтырмай қоймайды

Жібек жүнің үлбіреп

 Қарасам, көз тоймайды.

 

                 Әукешім

Әукім-әукім, әукешім!

 Қасиыншы әукесін.

 Енең әне келеді,

 Ақ мамасын береді.

 

 

 

7

 

            Құлыншағым-құндызым

Құлыншағым, — құндызым

Құлдырайды, шабады.

Жылтылдаған жұлдызым,

 Құстай қанат қағады.

 

                     

                                    Мариям   Хакімжанова

                   ОТАН

Отанжерім,

Отансуым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан — ұран,

Отан — туым,

Отан мәңгі гүлденеді!

                    Өтебай   Тұрманжанов

                 Кім    неге   барсын?

Тіл алғыш бала нанға барсын,

Тілазар бала талға барсын.

Тілі тәтті бала шалға барсын.

Нан — тамақ болады,

Тал — таяқ болады,

Шал — қонақ болады.

 

                   Кім    немен    ойнайды?

Теңізші болатын бала

 Бұлақпен ойнайды.

8

 Емші болатын бала

Сынаппен ойнайды.

Батыр болатын бала

Қынаппен ойнайды.

Жарықты жағатын бала

Шырақпен ойнайды.

 Шопан болатын бала

Қозы,лақпен ойнайды.

Диқан болатын бала

Топырақпен ойнайды.

Ғалым болатын бала Кітаппен ойнайды.

 

            Аппақ   болып   жүремін

Ақ халатты киемін,

Аппақ болып жүремін.

Аппақ болып жүргенді

Өзім жақсы көремін.

«Дәрігермін мен»,— деймін,

 Кәрі әжемді емдеймін.

«Көп-көп ішіп дәріні,

Кәрілікті жең»,— деймін.

 

              Кекілік

Кекілік-ау,  кекілік!

Ойнакшисың секіріп,

 Бір орында тұрақтап, Отырмайсың бекініп, Шәкірт болсаң, алар ең

Тәртібіңе «екілік».

 

9

             Тиін

Үлп-үлп еткен киімі,

Көрдіңдер ме тиінді?

Көзі өткір жұлдыздай,

Жүні жібек ұүндыздай.

Самырсынды жайлайды,

Қуыстан үйшік сайлайды.

Жемістерді қағады,

Жаңғақты да шағады.

Көк майсаға аунайды,

Түлкіден бір аумайды.

 

                               Мұзафар  Әлімбаев

Біздің   балабақшада

Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз,

 Балапандай өсіріп,

Мәпелейді бақшамыз.

Бұл — екінші үйіміз,

Бір туғанбыз бәріміз.

Біз — осы үйдің гүліміз,

Біз — осы үйдің сәніміз.

Бұл— құшағытым ыстық

Мектебіміз бастапқы!

Бұнда жақын туыстық,

Бұнда тұңғыш дос таптық!

10

 

Біз   енді   үлкенбіз!

Осы біз де —

Өзіміз де дардаймыз!

Бұзақының

Біз ақылын алмаймыз.

Көргендіге

Ерген бірге —достармыз.

Жақындықты,

Татулықты қостаймыз!

 

 

 

           Кішкентай баланың   тақпағы

Біздерде көп жас талап

Мен де бірі солардың:

Алматылық космонавт

Бәлкім, өзім болармын.

 

Қарағай

Көкке бойын созады,

Көпке қолын созады.

Кең құшағын ашады,

Көлеңкесін тосады.

Көк қарағай, қарағай

 Мейірбанды анадай.

 

Мен   дала   бардым

Мен дала бардым,

Қыр гүлін берді.

Қол суын берді,

 

11

 

Күн нұрын берді.

 

Бал   араның   жыры

Баратыным — Қыр,

Қонатыным — Гүл.

Теретінім — Нәр.

Беретінім — Бал.

            Туған   жерім   тамаша

О, алақай, туған жер!

Жақсы-ау, бақша-бауларың!

Көзге ыстық көрінер

Сенің асқар тауларың.

Сенің асқар тауларың.

Туған жердің жырларын

Қызғалдақтай терейік,

Кең өлкенің қырларын

Жүр, аралап келейік!

Жүр, аралап келейік!

 

Күнбағыс

Күнде көкке қараса да,

Жалықпайды күнбағыс.

Ұмтылғаны тамаша ғой

Аспандағы күнге алыс!

 

 

 

 

12

Ая мен ай

Айдың беті аппақ,

Аяның беті сатпақ.

Неге олай?

Ол былай:

Ай

Аунамайды жерге,

Шомылады -көлге.

 

Биікке,  биікке

Көктемде, көктемде,

Күн нұрын төккенде.

Қар еріп ақты су,

Жоғары тартты бу.

Көк шыбық былтырғы

Көгерді — құлпырды.

Құлпырды, құлпырды,

Жоғары ұмтылды!

 

            Он саусақ

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусак бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды...

Өнерлі екен он саусақ:

Қала салсақ, жол салсақ...

 

13

                       Тоқаш   Бердияров

Сұр   қоян

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің,

 Келе жатқан томпаңдап,

 Көжегі екен өзінің.

Құлақ

Таулар, таулар — шөккен бір

Нар түйенің өзіндей.

Бұлақ, бұлақ — мөп-мөлдір

Ботақанның көзіндей.

Баққа бұлақ келіпті,

Таудан түсіп ентіге.

Ажар болып еніпті

Алмалардың бетіне.

 

                                     Шона   Смаханұлы

Қаңқ-қаңқ, қаздарым

Қағып-қағып қанатын,

Қаңқылдайды қазымыз.

Қаңқылдаса қазымыз,

Жаңғырады жазымыз.

Қаңқ-қаңқ, қаздарым!

Ауыл жаны жағалай —  

 

14

Судың сәні құс екен.

Желкілдеген көкорай

Нудың    сәні құс екен.

Қаңқ-қаңқ, қаздарым!

 

Ай   бетіне   гүл   егем

Дайындашы тонымды,

Айға аттанам, апа!

 Қалдырмашы добымды,

 Ойнап барам, апа!

Айналаны анықтап,

Байқап барам, апа!

Ай бетіне қалықтап,

Жайлап қонам, апа!

Күшігімді жетелеп,

Ертіп алам, апа!

Шалыс басса, шекеге

Шертіп қалам, апа!

Ай бетіне гүл егем!

Егін салам, апа!

Сәлем-сауқат жіберем

Саған арнап, апа!

 

                        Зейнолла   Шүкіров

Ақша   қар

Айналамда ұшып жүр

Ақ мамық қар себелеп.

Қалт-құлт еткен бейне бір

Ақ қанатты көбелек.

15

Үстіме жалп-жалп жауады,

Ақ тауықтың жүніндей.

Жайнатады далаңы

Ақ жібектің түріндей.

 

                            Тілеген   Шопашев

Жар   жауды

Аппақ қып өңірді,

Қар жауды!

Қар жауды!

Көп бала көңілді,

Қызығып, таң қалды.

 Қойғандай қыс қымтап,

Қалғиды тау, қырқа,

Қонады ұшқындап,

Ақ ұлпа! Ақ ұлпа!

 

                    Мұқағали   Мақатаев

Әліппе

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе — ғылым ағасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

Мектебің мынау, класың,

Осында он жыл тұрасың,

Тарыдай болып кіресің,

16

Таудай болып шығасың.

 

                      Мүбарак   Жаманбалинов

Бөбек   жыры

Біз қандаймыз, қандаймыз?

Шұғылалы тандаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

 Еш уайымды білмейміз.

«А»   мен   «Б»

«А» дегенің — ана ғой,

Ана деген — дана ғой.

«Б» дегенің — бала ғой,

Жұмсаса анаң, бара ғой.

Әже

Аңғара қойып қарасын,

Әкеліп берем таяғын. —

 Әже, қайда барасың? —

Деп сұрап та қоямын.

Ол қаласа, әр үйге

Апарамын жетектеп.

 Орындаймын бәрін де,

Айтқандарын екі етпей.

 

Көрші   атам

Күнде үйінің қасынан,

Көрші атамды көремін.

Жүгіріп кеп асыға,

Оған сәлем беремін.

Қолымды ол,

Күліп кеп,

Иіліп тұрып алады.

— Міне, нағыз жігіт!— деп,

17

Сүйсініп бір қалады.

 

Тазалық

Жуын, жуын,

Жуынсақ,

Қандай жақсы, қуыршақ!

Әйтпегенде, бөпешім,

Кірлеп кеткен екенсің.

Қазір аппақ боласың, Қуанады анашың.

 

Жұлдыздар

Жұлдыз көкте мүлде көп,

Жарқырайды түнде кеп.

Қызығамыз, қараймыз,

Кереметке балаймыз.

Бірақ әлі баламыз,

Өссек, ұшып барамыз.

 

Күркіреді   Күн,    Күн...

Күркіреді күн, күн...

Терезелер шың-шың.

Жауды жаңбыр топ-топ,

Шелек-шелек, көп-көп!

Жон арқаңды тос, тос!

Күнбағыс, тез өс, өс!

 

Құлыншақ

Құлын, құлын,

Құлыншақ,

18

Желкілдейді

Тұлымшақ.

Құйрығында

Құндызы,

Маңдайында

Жұлдызы.

 

Балақан   мен   балапан

Сенің атың — балапан,

Менің атым — балақан.

Балапандар шоқуда,

Балақандар оқуда.

 

Бақа

Бақа, бақа, бақ-бақ,

Таңдайлары тақ-тақ.

Бәрі бірдей

Тақпақ

Жатқандай-ақ жаттап.

 

Бір   аптада

Бір    аптаның күндері өтті:

Дүйсенбіде гүлдер ектім,

Сейсенбіде жуа тердім,

Сәрсенбіде су әкелдім,

Бейсенбіде бақша баптап,

Жүма күні тақпақ жаттап,

Сенбіде мен кино бардым,

 

19

 

Жексенбіде бір демалдым.

 

Бес   саусағым

Бас бармағым,

Бақташы бол!

Қырағы көз,

Сақ малшы бол!

Сұқ саусағым,

Сауыншы болі

Өнеріңе

Табынсын ел!

Ортаң қолым,

Орманшы бол!

Күллі орманға

Қорғаншы бол!

Аты жоғым,

Аспазшы бол!

Өз қолыңнан

Дәм татсын ел!

Шынашағым,

Бақшашы бол!

Жемісіңді

Мақтасын ел!

 

 

 

 

20

                  Қабдікәрім   Ыдырысов

Әжесі   мен   бағлан

—  Жүрегім кім менің?

—  Мен!

—  Тірегім кім менің?

—  Мен!

—  Жаным кім менің?

—  Мен!

—  Сәнім кім менің?

—  Мен!

—  Ботақаным, бағлан қозым,

Не деген тәтті баласың өзің!

Ой, қарғам менің!

—  Жоқ, әже, қарғаң мен емес!

Жо ...жоқ, қарға болмаймын,

Керегі жоқ ондайдың.

Қарға «қарқ-қарқ» етеді,

Алысқа ұшып кетеді.

Қасында боп әрдайым,

Мен ешқайда бармаймын.

 

Аспаз

Біздің бұл бақшада

Бар әсем асхана.

Бар онда аспазшы

Ақ көңіл жақсы аға.

Әлде май құймақ па?

Борщ па, сорпа ма?

Әлде бал, қаймақ па?

 

21

Тұрады ортада.

Тәп-тәтті тағамы,

Ағай ас маманы.

Пісіре білгенге

 Астың жоқ жаманы.

 

                         Бүркіт   Ысқақов

Қыста   қызық жұмыс   бар

Көше бойы омбы қар,

Жиналамыз топтала,

Демей бетім домбығар,

 Соғамыз зор ақ қала.

Ауыл сырты — биік жар,

Бізді күтіп, түр қарап,

 Төбесіне шығып ап,

Жөнелеміз сырғанап.

Көктің жүзін бұлт торлап,

Жерді жапса күміс қар,

Үйде ұстамақ кім зорлап,

Қыста қызық жұмыс бар!

 

                  Нұрсұлтан   Әлімқұлов

Балалы   үй—   базар

Мен мектепте оқимын,

Інім болса бақшада.

22

Ақ анама кім жетсін,

Әлемдегі жақсы ана.

Әкемізге еркелеп,

Анамызды тыңдаймыз.

Әжем айтар ертек көп,

Атамызды сыйлаймыз.

Біздің үйде ән тарап,

Думандатар өмірді.

 Біздің үйде салтанат, Б

іздің үйде көңілді.

 

Ойыншықтар

Біздерде бар: қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойьшшықтар «тыңдайды»,

Ақыл айтсақ, бұйырсақ.

Кей қуыршақ ұйқтайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

Бұзау, қозы, құлыншақ

Ұйқта десең, ұқпайды.

Тындамайды, ұрысса,

Осылары дұрыс па?!

Тентектігін тыймаса,

Тұрғызармын бұрышқа.

 

Атқұлақ

Тауда өсетін атқұлақ —

Алақандай жапырақ.

Оны мініп ат қып ап,

Ойнап кетем шалқылап.

Шөп ішінен қаулаған

Айырам атқұлақты.

Жапырағы аумаған

23

Ат құлағы сияқты.

 

Апорт

Апорт деген алманың

Таттың ба сен бал дәмін?!

Апорт деген тәтті алма,

Ол өседі бақтарда.

Алатауда өседі ол,

Оған тең жоқ деседі ел.

 

Бала

—   Бала, бала, балдайсың,

Бал жеміспен қандайсың?

—  Балдай тәтті бал жеміс,

Бал жемістен ал деңіз.

—  Бала, бала, балдайсың,

Бауырсақпен қандайсың?

—  Бауырсақтың майы көп,

Жеймін «нәйім, нәйім» деп.

—  Бала, бала, балдайсың,

Балдан берсем, қандайсың?

—  Алыптардай толамын,

Балпанақтай боламын!

 

Ана   тілі

Ақыл-ойын дананың

Ана тілден аламын.

 Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның.    

24

Өсірген ой, білімді

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді.

 

Уыз   той

Алақай-ау! Алақай!

Егіз туды қойымыз!

Ертең — уыз тойымыз.

Енесіне қозының

Емірентіп, өзінің

Бауырына саламыз

Ауыздантып аламыз.

Төлден уыз қалады,

Әжем сауып алады.

Әжем уыз қайнатып,

Дастарқанды жайнатып,

Той жасайды, келіңдер,

Қошақанды көріңдер!

 

Бағдаршам

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін:

«Тоқта!

Сақтан!

Жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға!

25

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға!

Жасыл көзін ашқанда,

 Өте бергін, жасқанба!

                   Әнуарбек   Дүйсенбиев

Біз   —   өмірдің   гүліміз

Зеңгір көктен

Нұрын төккен,

Ортақ біздің күніміз.

Жайнап өскен,

Жайдары өскен

Біз — өмірдің гүліміз.

Бал достыққа,

Жолдастыққа

Шақырады әніміз.

Тыныштықта,

Нұр құшақта

Бақыттымыз бәріміз.

 

Қуыршақ

Әй, қуыршақ, қуыршақ,

Жуынбайсың, жуынсақ.

Беті-қолдың батпағын

Елең қылмай жатқаның,

Қашан адам боласың?!

Әй, қуыршақ, қуыршақ,

 

 

 

26

Біз қуырдақ қуырсақ,

 Отырасың бұртиып,

Шікірейіп-шіртиіп,

Қашан адам боласың?!

Әй, қуыршақ, қуыршақ,

Су әкел деп қиылсақ,

Бетті теріс бұрасың,

Бедірейіп тұрасың,

Қашан адам боласың?!

 

Мысық

Көп жұмысты күнімен

Келгендей-ақ «қиратып»,

Отыр мысық тілімен

Үш тал мұртын ширатып.

 

Ақтайлақ

Асау тайлақ, ақтайлақ

Мініп келем қақпайлап.

Желеді ол тайрандап,

Жұрт қарайды қайран қап.

Бала біткен шулайды,

Тайлақ үркіп, тулайды,

«Шөк» дегенді ұқпайды,

Үй маңынан шықпайды.

Бұл қылығың жақпайды-ақ!

 

Қошақанды   бағамыз

Жаз жайлауға көшеміз,

27

Тойып айран ішеміз.

 

Сауық-сайран құрамыз,

Айдын көлге түсеміз.

Далада от жағамыз,

Тайға мініп шабамыз,

Қолға шыбық аламыз,

Қошақанды бағамыз.

 

Жаңа   жыл   жыры

Дала аппақ.

Жапалақтап,

Қар жауып тур тынбастан.

Қалың орман

Қар жамылған.

Маужырайды түнгі аспан.

О, алақай,

Аяз ата

Келе жатыр алыста.

Кәне, досым,

Әнге қосыл.

Әнге қосыл, қалыспа!

Қол ұстасып,

Құшақтасып,

Үйренейік жаңа жыр.

Қутты босын,

Қутты болсын,

Қутты болсын

Жаңа жыл.

28

 

Жалқау

Сен байқасаң,

Ол әрқашан

Батпақ-сатпақ.

Себебі:

Жақау—

Жалқау,

Самарқау.

Есік алды

Қоқсып қалды,

Қоқыр-соқыр.

Себебі:

Жақау —

Жалқау,

Самарқау.

Егінді ол еккен,.

Мал жеп кеткен,

Тып-типыл.

Себебі:

Жақау —

Жалқау,

Самарқау.

 

               Жақан   Смақов

Бөпем

Көзі,

Өзі,

Басы,

29

Қасы,

Аяғы,

Қолы —

               кіші.

Басынан,

 Қасынан,

Көзінен,

 Өзінен,

Үлкен —

                іші.

Өзіме ұқсайды

             түсі.

Бірақ жоқ

Аузында

             тісі.

Бұл кім? Бөтен?

Бұл — менің          

Бөпем!

 

Сылдырмақ

Сылдырмақ

Сылдырлап,

Бесікте

Тұрады.

Бөпешім

Былдырлап,

30

Сылдырмақ

Ұрады.

Бас салып,

Қолға алып,

Ауызға салады.

Сол кезде

Сылдырмақ

Сөйлемей

Қалады.

 

Қаз қаз    бас...

Қаз-қаз-қаз,

Қаздан, бас.

Бір-екі-үш,

Аздан бас.

Қаз-қаз бас,

Құлама

 Құласаң,

Жылама!

 

Әйей

Әйей бала, әй, бала,

Мысығың сенің әйей ме?

Тырнамай ма, аяй ма?

Әйей бала, әй, бала,

Күшігің сенің әйей ме,

Тістемей ме, аяй ма?

Әйей бала, әй, бала,

Бұзауың сенің әйей ме,

Сүзбей ме сені, аяй ма?

Әйей бала, әй, бала,

Құлыншағың әйей ме,

31

Теппей ме сені, аяй ма?

Әйей бала, әй, бала,

Бөпешің сенің әйей ме,

Жыламай ма, аяй ма?

Әйей бала, әй, бала,

 Ағатайың әйей ме,

Ұрмай ма сені, аяй ма?

 

 

 

Түлпар

Әйт, шүу, менің ала атым,

Әйт, шүу, менің құла атым.

Кетеді кейде шапқылап,

Ойқастайды атқылап.

Тал шыбықты, ой, мақтап,

Шығамыз қырға ойнақтап.

Терледім, борша-боршамын,

Табаным тозды, шаршадым.

Ал, тал шыбық, тал шыбық,

Менсіз қырға ал шығып!

 

Жылауық

Жылауық-ау, жылауық,

Жылқы болып кісіне.

Маза берме

Кісіге.

Кешке дейін маңыра.

32

Қозы болып жамыра.

Бірге ойнауға

Келмесін

Ешбір бала

Жаныңа.

Жылауық-ау, жылауық,

Жақсы бала болмайсың,

Қоймасаң сен

Бір ауық!

 

 

Аяншақ

Қайшы, тарақ

Басына

Салғызбаған

              Аяншақ.

Ойбай салмай,

Тырнағын

Алғызбаған

               Аяншақ.

Тікен кірсе

Аяққа, Алғызбаған

               Аяншақ.

Жан жуытпай

 Жанына,

Жалғыз қалған,

            Аяншақ.

 

Күйе

Күйе-күйе, күйе ме?

33

Күйеге қолым күйе ме?

Күйеге қолым күймейді,

Ұстасам, апам сүймейді.

 

Қозы

Кіп-кішкене момақан

Қошақанды ұнатам.

Сүйеді апам «қозым» деп,

«Қошақаным — өзің» деп!

 

Санамақ

Башпайлар мен бақайды

Былай-былай атайды:

Басқы бақай,

Опай-сопай,

Атсыз апай,

Ерке тотай,

Құйттай шоқай.

Балалар да қарайды,

Башпайларын санайды:

Басқы бақай,

Опай-сопай,

Атсыз апай,

Ерке тотай,

Құйттай шоқай.

 

 

 

 

34

Бұлақ

Мөлдір бұлақ

Таудан құлап,

Сылдырлайды,

Былдырлайды.

 

Жау,   жаңбыр!

Жау-жау, жаңбыр, жау, жаңбыр!

Жауған жаңбыр — жауған нұр.

Жердің шаңы басылсын,

Гүлдің аузы ашылсын.

Еккен егін көктесін,

Бізге нанды көп берсін!

Жау, жау,

Гүлденсін бау!

 

Торғай   ағаш   қорғайды

Шыр-шыр еткен торғайды,

Қорғамасаң, болмайды.

Кіп-кішкене торғайлар

Ағаштарды қорғайды.

Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді,

Бақшамызға қонбайды.

 

Бақа,   бақа,   бақ-бақ!

Бақа, бақа, бақ-бақ!

Сеніп жүрсем мақтап,

35

Бетің неге сатпақ?

Бақа, бақа, бақ-бақ!

Жүрт қояды мақтап,

Үстің неге батпақ?

Бақа, бақа, бақ-бақ!

Жүру үшін мақтап,

Болу керек әппақ.

Алақай!

Жасыл емес жайнаған,

Ақ мамық қар айналаң.

Сырғанақта ойнайсың,

Қызыққа енді тоймайсың.

Алақай-ау, алақай,

Қыс келіп тұр, балақай!

 

Боран

Қырдың аппақ бораны

Сыпырғандай даланы,

Дүркіретіп үйіріп,

Қарды қуып барады.

 

Мен   ғарышкер   боламын

Аспан, аспан арайлым,

Саған жиі қараймын

Сені көзбен шоламын...

Мен ғарышкер боламын!

Ғарышкер мен де боламын,

Боламын десем. боламын.

Таудай үлкен талабым,

36

Мен бармақтай баламын.

Көктің жүзін барлайтын

Үлкен ғалым боламын.

Үлкен ғалым боламын,

Болам десем, боламын.

Ақ   тауық

Ақ тауық-ау, Ақ тауық,

Ақ тауық неден қақсауық?

Ертемен қыт-қыттайды,

Ауламыздан шықпайды.

«Шеп-шеп» десем, келмейді,

Берген жемді жемейді.

«Ауруы қандай қауіпті?»—

Деп аяймын тауықты.

Аяп жүрсем тауықты,

Ақ жүмыртқа тауыпты!

 

Әжемнің   екі   қазы   бар

Әжемнің екі қазы бар, қазы бар.

Мойындары иілген,иілген.

Қабақтары түйілген,түйілген.

Оны қалай жазамыз,жазамыз?

Әжемнің екі қазы бар,қазы бар.

Қамыс орып әкелдім,"әкелдім.

Жем де сұрап әпердім,әпердім.

Енді мойны жазылар,жазылар.

 Әжемнің екі қазы бар,қазы бар.

Жем көрсе, мойны жазылар, жазылар.

 

37

 

 

                             Қадыр   Мырзалиев

Досым   екеуіміз

Шекіссек те екеуіміз,

Үйге жылап қайтпаймыз.

Сөзімізге бекембіз,

Апамызға айтпаймыз.

Естімесе өздері,

Айтып қанша қажеті?

Біліп қойса, біздерді

Ойнатпайды бір жеті.

 

Апам   үшін

                    ( Ә н і      б а р )

Апам үшін күнде де

Отынға ағаш жарамын.

Су құямын гүлге де,

Дүкенге де барамын.

Жоқтатпаймын әпкемді,

Қоям шайын қайнатып.

Жылай қалса, бөпемді

Жұбатамын ойнатып.

Сыпырамын үй ішін,

Жуам аяқ-табақты.

Апам бірақ мен үшін

Оқымайды сабақты!

 

 

38

Кім   қалай   айтады?

Қайшы қиып айтады,

Көрік күйіп айтады.

Ине кіріп айтады,

Қышқыш бүріп айтады.

Төс тұрып айтады,

Балға ұрып айтады.

Біз тесіп айтады,

Пышақ кесіп айтады.

Шебер күліп айтады,

Бәрін біліп айтады.

 

Шана

Жарыспақшы көп шана,

Жаңа шана, көк шана!

Сен бір жүйрік оқ шана,

Саған жетер жоқ шана!

Сыйласатын кез, шана,

Саған айтар сөз, шана:

Мені жығып кетсең де,

Барлығынан өз, шана!

 

Асығыста

Қыртыс-қыртыс ұйпалақ

Киіп алдым жейдемді.

Омырауын сипалап,

Таба алмадым түймемді.

Бірін таппай түйменің

Босқа пісіп-күйіппін.

39

Асығыста жейдемнің

Теріс жағын киіппін.

Не   деуге   болады?

Қорқақ, үркек баланы

Торғай десе болады.

Кір-қожалақ баланы

Торай десе болады.

Жатып ішер баланы

Борсық десе болады.

Ебі жоқ өз баланы

Қырсық десе болады.

 

Аспанда

Аспан бұлтқа толып кетті—

Бұлттар түлік болып кетті:

Бір бұлт шықты ешкі болып,

Бір бұлт шықты бөшке болып.

Бір бұлт шықты бие болып,

Бір бұлт шықты түйе болып.

Бір бұлт шықты шошқа болып,

Бір бұлт шықты қошқар болып.

Күннің өзі малшы болып,

 Найзағайы қамшы болып,

Шартылдады, күркіреді,

Бес түлік мал дүркіреді.

Жаңбыр көкті жуып өтті,

Түк қалдырмай қуып өтті.

Ағытылған көгенге ұқсап,

Жатты жалғыз кемпірқосақ.

40

Онға   дейін   санау

Бір дегенім — бесік,

Шықтық содан өсіп.

Екі деген — Елім,

Далам, тауым, көгім.

Үш дегенім —Үміт,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім — төзім,

Төзе білем өзім.

Бес дегенім — Бақыт,

Бағалайтын уақыт.

Алты деген — Ақыл,

Тындағаның мақұл.

Жеті деген — жалау,

Жүректегі алау.

Сегіз деген — сөзің,

Серт беретін кезің.

Тоғыз деген — тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

Он дегенім — Отан,

Қорға соны, ботам!

 

                         Тұманбай   Молдағаливв

Жаз

Жаз келіпті дегенше,

Алма пісті дегейсің.

Бағымызда, ендеше,

Алма теру көбейсін.

Жаз келіпті дегенше,

41

Қарбыз пісті дегейсің.

Бақшамызда, ендеше,

Қауын-қарбыз көбейсін.

Жаз келіпті дегенше,

Жайлау бардық дегейсің.

Жайлаудағы, ендеше,

Қой-қозылар көбейсін.

 

Бұзау   бақтым

Тайға міндім,

Бұзау бақтым.

Олай шаптым,

Бұлай шаптым.

Отты жерді

Тауып алдым.

Бұзауларды

Жайып салдым.

Торы тайды

Отқа қойдым.

Айран іштім —

Әбден тойдым..

 

Қыс   күні

Жапалақтап ала қар

Жауды күнде қайталап.

Қырға шықты балалар,

Шаңғыларын арқалап.

Жұлдыз болып ағамыз

Ақ мамықтың үстімен.

42

Біз спортшы боламыз,

Үлгі аламыз күштіден.

Қуаныштың бүгінгі

Басылмайды ыстығы.

Жылдамырақ жүруді

Үйретеді қыс күні!

 

Сәлем   саған,   мектебім!

Мектеп, мектеп!

Төңіректеп

Жүруші едім мен кеше.

Сұраушы едім,

Әпкем кітап бермесе.

Қалам алып,

Сурет салып

Үйренгенмін бақшада.

Суретімді

Мақтап жүрді

Жақсы апа мен жақсы аға.

Міне, мен де

Үлкен болдым—

Жасым толды жетіге.

Кітаптағы ертектерді

Енді оқимын шетінен.

Таңнан тұрып,

Бетім жуып,

Кітабымды реттедім.

Сәлем саған,

Келем сағаң,

43

Көп аңсаған, мектебім!

 

             Сағи   Жиенбаев       

Көңілді   көктем

Көктем қандай көңілді,

Күміс жаңбыр төгілді.

Мөлдір аспан ашылып,

Күн пердесі сөгілді.

Жыршы құстар көп келді,

Гүлдер жапты бөктерді.

 Кел, балалар, әнменен

 Қарсы алайық көктемді.

Ұшып   келем

Ұшып келем, ұшып келем көгімде,

Ұшып келем, мөлдір аспан төрінде.

Көкте жүріп қызығамын

Жердегі

Сонау, сонау өзім ұшқан өңірге.

Анауменің асу-асу белдерім,

Асқар-ала тауларым мен көлдерім.

Туған жерден қанша биік ұшсам да,

Көз алдымда тұрады ылғи ол менің.

 

                     Шәміл   Мұхамеджанов

Тоқымашы   апай

Жүннен жібек, мақтадан

Тоқитұғын матаны,

Танимыз жұрт мақтаған

 

44

 Тоқымашы апаны.

Дүкендерге үйілді

Шұға, торғын, бөзі де.

Содан тіккен киімді

Киіп жүрмін өзім де.

 

Жұмекен   Нәжімеденов

Көк   теңіз

Шапшиды су жыртылып,

Теңіз үсті — шағала.

Долы толқын бұлқынып,

Құлайды көп жағаға.

Сол теңіздің кеудесін

Көрдім тілген кемені...

Батыр болу — ерге сын,

Моряк болғым келеді.

 

Қосжан   Мүсірепов

Күз

Көк майсалы көрікті

 Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін.

Жел тынымсыз гүілдеп,

Болып кетті тым бұзық.

Шуылдайды тал, терек,

Жапырағын жұлғызып.

 

 

45

Алтын   астық

Көктемде егін егетін,

Күзде жиып беретін,

Біздің дала — бай дала,

Алтын астық айнала.

Ел егінді жинайды,

Қырманға дән сыймайды.

Біздің дала — бай дала,

Алтын астық айнала.

 

Жәнібек   Кәрбозин

Анам,   саған!

Қозы бағып жүргенде,

Жаңбыр жауды.

Бір тамшысын әкелдім,

Анам, саған!

Гүлдер жауып кетіпті

Қырды, тауды.

Бір шоқ теріп әкелдім,

Анам, саған!

 

Секіртпе

«Өтірік-ау» демеңіз,

Болбыр еді денеміз.

Секіртпекі күнде алып,

Секірумен келеміз.

Секірумен келеміз,

Секіртпеге сенеміз.

Шымыр болды денеміз,

46

 Біз секіре береміз.

Сонау айға бір күні

Тиеді ғой төбеміз!

 

Не   жетсін!

Бұзау бірде айтыпты:

—  Жалағанға не жетсін!

Бөрібасар айтыпты:

—  Талағанға не жетсін!

Құлан тұрып айтыпты:

—  Қашағанға не жетсін!

Қасқыр тұрып айтыпты:

 —Асағанға не жетсін!

Тышқан сонда айтыпты:

—  Семіргенге не жетсін!

Қытыр-қытыр қап тесіп,

 Кеміргенге не жетсін!

 

Оспанхан   Әубәкіров

Біріншіні   бітірдім

Біріншіні    бітірдім,

Жаза аламын атымды.

Екіншіні бітірдім,

Бала болдым ақылды.

Үшіншіні бітірдім,

Әлі де оқып жатырмын.

Тек... нүкте мен үтірдің

Орнын таппай шатылдым.

 

47

Қастек  Баянбай

Керек

Ие керек итке,

Ине керек жіпке,

Икем керек іске,

Иық керек жүкке.

 

Тіс

Тісім шығып болды,

Кетіктерім толды.

Аузымды кең ашып,

Күле аламын енді.

Тісім түгел шықты,

Әрі тастай мықты.

Қашырлатып шайнап,

Жей аламын құртты.

Әуелі   бір   атта

Талпынып көр жүруге,

Әуелі тек бір атта.

Жетеді сол бүгінге,

Ертеңге аздау

Бірақ та.

Бес аттасаң егер де,

Ертеңге сол жетеді.

Арғы күнге,

Дегенмен,

Оның аздық етеді.

Арғы күні,

48

 

 

Ерінбей,

Он аттауға болады.

Бірақ одан кейінге

Бұл да аздау соғады.

Қалма жұрттың соңында,

Қажет болса,

Мың атта.

Аздық етер оның да,

Жету үшін мұратқа.

 

Мектеп

Алғаш

Аздап именіп

Ауласына келеміз.

Желкілдеген гүл болып,

Құшағына енеміз.

Өз аузына қаратқан

Ұстаз ойын ұғамыз.

Сөйтіп,

Әрбір сабақтан

Сәл есейіп шығамыз.

Көкке жетіп төбеміз,

Көңілденіп тарқаймыз.

Талаптанып келеміз,

Қанаттанып қайтамыз.

 

Ұя

Ұя жасап тақтайдан

49

Талға апарып байладым.

Жыл құсының шаттанған

Күттім қашан сайрауын.

Сол ұяны талдағы

Қараторғай мекендеп,

Күні бойы сайрады

Жайлы пәтер екен деп.

 

Жарыс

Қос жеңімді түрініп,

Түстім жаяу жарысқа.

Келемін зыр жүгіріп.

Мініп алып намысқа.

Қара терге малынып,

Топтан оза бергенде,

Балағыма шалынып,

Ұшып түстім

Мен жерге.

Қалағандай

Мен мына

Көпке күлкі болуды,

Балақ тұру орнына,

Түріппін ғой жеңімді.

 

Алғашқы   қар

Жалықтырып мал-жанды,

Тынған кезі жауынның.

Жапалақтап қар жауды,

Көбігіндей сабынның.

50

Жаз өткесін қайырлы,

 Алмақ болып тынығып,

Көпіртіп ақ сабынды,

Жатыр дала жуынып.

 

Құрдастар

Шақан зулап шабады,

Мініп алып шыбыққа.

Бек өрмелей алады

Сүйей салған сырыққа.

Қасен күлім қағады,

Шаңғы теуіп суықта.

Көбісі ер баланың

Құмар батыл қылыққа.

Бақай ғана баяғы

Жүреді ылғи иықта.

Салбырап қос аяғы,

Жерге жетер жуықта.

Фариза   Оңғарсынова

 Үй   жақсы   ма, бақша   жақсы   ма?..

Қызықпын-ау өзім де,

Мақтанарым шамалы:

Үйге келген кезімде

Кеткім келмей қалады.

Жан әжемнің жанында

Тіпті рақат секілді.

 Айтады ұйықтар алдында

Ертегіні не түрлі.

Ал бақшаға бармасам,

51

Тұра алмаймын тағы да.

Мұнда қызық әрқашан,

Келем сосын сағына..

Үй жақсы ма, бақша ма?

Білмей жүрмін со жағын.

Екеуіне сондықтан

Ортақ бала боламын:

Күндіз ойнап бақшада,

Үйге келіп қонамын.

 

Тәрбиеші

Ән салғызып, билетіп,

Ылғи бізбен жүреді.

Тақпақты да үйретіп,

Ойнатады, күледі.

Қызық-қызық ертектер

Біздерге оқып береді.

Жылауық та, тентек те

Сол апайға көнеді.

Бастап бізді далаға,

Серуенге де шығады.

Біз шомылсақ,

Жағада

Байқап өзі тұрады.

Естіп кейде қаламын—

Тәрбиеші апайды

«Қамқоршысы баланың»,

— Деп ауылда атайды.

 

52

Қайрат   Жұмағалиев

Жеңіс   күні

Ойлап-ойлап тұрдым көп,

Сауал бердім білгім кеп:

—  Қуанышты мереке—

Жеңіс күні қай күн?— деп.

Атамнан да сұрадым,

Көкемнен де сұрадым.

Ағамнан да сұрадым,

Апамнан да сұрадым.

Тосты бәрі құлағын:

—  Дұрыс,— десті,— сұрағың!

Бейбіт күннің бәрі де

— Жеңіс күні, шырағым!

 

Әнші   құстар

Дала гүлге бөленді,

Қуанышқа кенелді.

Орман,

Тоғай,

Бақтарда

Құстар сайрай жөнелді!

Өйткені, бұл — көктем ғой!

Шұғыласын төккен ғой!

Май келген соң,

Құстардың

Бәрі әнші боп кеткен ғой!

 

 

53

Неше   алма?

«Бес» алған Асанға

 

                    Бес алма.

«Төрт» аған Досанға

                   Төрт алма.

«Үш» алған Хасанға

                   Үш алма.

«Екі» алған Бошанға

               Неше алма?

 

Мыштай

Құйтақандай болса да,

Балаларға ол өзі

Ұқсамайды оншама —

Күдірейген сырты бар!

Едірейген мұрты бар!

Бірақ мұрты болса да,

Үлкендерге ол өзі

Ұқсамайды оншама—

Бір ойнаса қоймайды,

Ойнауға еш тоймайды!

Тіпті серік таппаса

Құйрығымен ойнайды!

Кім көріпті мұндайды?!

 

 

 

54

 

Нұрхан   Жанаев

Еңбек

Гүл өсірсең, терлеп,

Мұның аты — Еңбек.

Кесте тіксең, зерлеп,

Мұның аты— Еңбек.

Қырға шықсаң, өрлеп,

Мұның аты — Еңбек.

Сабағыңа жөндеп

Әзірленсең — Еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

 

Қолғанат

Кіп-кішкене Қолғанат,

Отырмайды ол карап.

Ақылыңды ұғады,

Көңіліңнен шығады.

Қолғанат десе, қолғанат,

Қалай тауып қойған ат!

 

Үйретеді

Үйренеміз жақсы ән біз,

Үйренеміз биді де.

Біздің балабақшамыз

Осындай шат үй, міне.

Үйретеді еңбекке,

Үйретеді білімге,

Үйретеді әдепке,

55

Таза болып жүруге.

Бір-бірімен сыйласты,   

Татумыз біз баршамыз.

Бал достықтың ұясы—   

Біздің балабақшамыз.

 

«Әліппе»

Жақсы кітап—«Әліппе»,

Үйретеді әріпке.

Қуыршақпен қоштасты «Әліппемен» достастым

«А»-дан бастап әріпті,

Түгел маған танытты.

 

Тиін

Мен тиінмін, тиінмін,

Қысқа жылы киіндім.

Қоймам толы жаңғаққа,

Іші жылы үйімнің.

 

Егінші

Бітік егін өсіріп,

Еліне бақ сыйлаған.

Егінщі ісін өс біліп,

Ол — халыққа сыйлы адам.

 

Мен   бөпеме   қараймын

Ағам жылқы бағады,

Атам пішен шабады.

56

Жеңгем сиыр сауады,

Әжем киіз қағады

Тәтем кесте тігеді,

Мұрат оқи біледі

Мен бөпеме қараймын,

Ойнатуға жараймын.

 

Дәптер

Дәптер сенің сырласың,

Дәптер досың болады.

Әріптердің тұлғасы

Дәптеріңе қонады.

Айтқан сөзін құпта да,

Ұстазыңды қүрметте.

Дәптерінді күт, бала,

Дәптерінді кірлетпе.

 

Біз   қызықпыз

Біз қызықпыз,

Қызықпыз.

Сәл еркелеу,

«Бұзықпыз».

Үйде жоқта

Апамыз

Қабырғаны

Сызамыз.

Біз қызықпыз,

Қызықпыз.

Сәл еркелеу,

57

«Бұзықпыз»,

Үйде жоқта

Апамыз

Түймелерді

Үзіппіз.

Біз қызықпыз,

Қызықпыз.

Сәл еркелеу,

«Бұзықпыз».

Үйде жоқта

Апамыз

Ойыншықты

Бұзыппыз.

Біз қызықпыз,

Қызықпыз...

 

Ермек   Өтетілеу

Тәй-тәй

Бөпем бүгін қаз басты,

Тәй-тәй!

 Көп-көп емес, аз басты,

Тәй-тәй!

Өзі мәз боп күледі,

Тәй-тәй!

Әлі-ақ тез-тез жүреді,

Тәй-тәй!

 

 

 

58

Өсіп   келе   жатырмыз

Әзір титтей бойымыз,

Әзір балаң ойымыз,

Тек білеміз ойын біз.

Дегенмен де күн санап,

Өсіп келе жатырмыз,

Беске толар батырмызі-

Ұзарады бойымыз,

Толысады ойымыз,

Азаяды ойынымыз.

Өйткені біз күн санап,

Өсіп келе жатырмыз,

Беске толар батырмыз!

 

Бала,   бала,   баламыз...

Бала, бала, баламыз

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа

Батамыз да қаламыз!

Қиынсынып қашпаймыз,

Шынығамыз жастай біз—

Көңілді әуен сазымен

Жаттығуды бастаймыз.

Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір,

Тәрбиеші қарайды

Аяққа бір, қолға бір.

Үйренеміз өнер біз,

Шетімізден шеберміз.

59

Тақпақ айтып, ән шырқап,

Билеп-билеп береміз.

 

Балаларды   қорғау    күні

Балалaрдың бақшасында бүгін той — Балаларды қорғау күні, біліп қой!

Алақай-ау, алақай!

Той тойлайық, балақай!

Қызарғанша алақан,

Қол соғайық, балақан!

Тақпақ айтып, кезектесіп, бір-бірлеп,

Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп!

Алақай-ау, алақай!

Ән шырқайық, балақай!

Қызарғанша алақан,

Қол соғайық балақан!

Тілін алып тәрбиеші тәтелер,

Гүл жайнайық елімізде мәпелер!

Алақай-ау, алақай!

Гүл жайнайық, балақай!

Қызарғанша алақан,

Қол соғайық, балақан!

 

Жалауша

Атама ілесіп,

Алаңға келемін.

Ағылған гүлесіп,

Халықты көремін.

Құлпырған алауша

60

 

Алаңда жүр бәрі.

Қолымда жалауша,

Көтерем жоғары.

Көтерем жоғары,

Келмейді түсіргім.

Бақшаға барғалы

Бір сырын түсіндім.

Тартымды, тамаша

Мәнісін ұғынам—

Аумайды жалаушам

Елімнің Туынан!

Көктем   өрнегі

                  ( Әні       бар)

Қар еріді, су ақты,

Күндер туды шуақты.

Байтақ дала келбеті

Түкті кілем сияқты.

Көкке бояп өңірді,

Көктем келді көңілді.

Бау-бақшада, ормаңда

Құстар әні төгілді.

Жаңбыр жауып, басылды,

Күлімдейді көкте күн.

Кемпірқосақ асылды,

Өрмегіндей көктемнің.

 

Егінжайға   құмармын

Алтын аймақ Арқаның

61

Алып жатқан алқабын,

Тыңда туған ұланмын,

Кең далаға құмармын.

Жайқалады ақ бидай,

Басын иіп аққудай.

Тыңда туған  ұланмын,

Егінжайға құмармын.

Трактор мен комбайн

Жүргізуге мен дайын.

Тыңда туған ұланмын,

Егінжайға құмармын!

 

Жаңбыр

Тырс-тырс!

Жаңбыр кеп жауады,

Тамшылар тамады.

Тырс-тырс!

Терезе қағады,

Жылғалар ағады.

Тырс-тырс!

Жапырақ жылайды,

Жардан су құлайды.

Тырс-тырс!

Көшелер тазарды,

Кір үйлер ағарды.

Тырс-тырс!

62

Сайын қыр түледі,

Балалар күледі.

Тырс-тырс!

Жаңартып ауаны,

Жаңбыр кеп жауады

 

Абдрахман   Асылбеков

Төлдер

Құлын

Құлдырайды Құлын,

Желбірейді тұлым.

Желігеді жүйрік,

Төгіледі құйрық.

Дөңгелетіп жерді,

Айналады көлді.

Секілді ұшқыр сұңқар,

Болғалы тұр тұлпар.

Торпақ

Айналайын, Торпақ,

Бола берме қорқақ.

Тысқа шық та, заула,

Тар болып тұр аула.

Әукешім-ау, күнде

Ойнайықшы бірге.

Еркелікті тастап,

Атанарсың баспақ.

 

 

 

 

 

 

63

Қозы

Айналайын, Қозым,

Малда жуас бозым,  

Ұзап шық та үйден,

Оттығуды үйрен.

Көтерілсең бетке,

Тойынарсың көкке.

 

Бота

Айналайын, Ботам,

Қандай күлте жотаң.

Табандарың жалпақ,

Теріп жейсің жантақ.

Иіліп түр мойның,

Қанбайды екен ойның.

Тостағандай көзің,

Әдемісің өзің!

Лақ

Жалт-жүлт етіп, Лақ,

Жағалайсың бұлақ,

Секірем деп, бірақ,

Қала көрме құлап.

Құлақ деген — шұнақ,

Көзің — жанған шырақ,

Түгің — бейне құрақ,

Тұрсың маған ұнап.

 

 

 

64

 

Совет   Әлімқұлов

Бөпеме

Келші, бөпем, айналайын,

Құшақтайын, аймалайын.

Алдыма алып мәпелейін,

Ойыншықтар әперейін.

Қаласаң, жүр, жетелейін,

Қаласаң, кел, көтерейін.

Жүгіртейін, құлатпайын,

Ойнатайын, жылатпайын.

 

Адырбек   Сопыбеков

Біздің   үй

Әкем менің — қауыншы,

Апам менің — сауыншы,

Ағам менің — егінші,

Жеңгем менің — тігінші.

Атам болса, ол ұста,

Бәрі-бәрі жұмыста.

Отырмаймын мен текке,

Кеттім мен де мектепке.

 

Қуыр,   қуыр,   қуырмаш!

Қуыр-қуыр, қуырмаш,

Мен айтайын, қолыңды аш!

Мынау тұрған — бас бармақ,

Жұмыс содан басталмақ.

Алақанның тұңғышы,

65

Болсын осы жылқышы.

Балаң үйрек жанында,

Бейім сиыр бағуға.

Ортан терек — ұзыны,

Түйе бақсын, қызығы.

Шылдыр шүмек — бұл саусақ

Қой бағуды тұр аңсап.

Титтей бөбек—шынашақ,

Сен дайында жерошақ.

Білекке енді барайық,

Онда не бар, табайық:

Мына жерде күн болар,

Мына жерде түн болар.

Мына жерден ай шығар,

Мына жерден май шығар.

Бәрін айтып болдық па?

Келіп қалдық қолтыққа!

Қытық, қытық, қызық-ай,

Міне, өрік, міне, май!

 

Хасенхан   Талғаров

Торғай

Торғай, торғай, торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын, тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.

 

 

 

66

Әжетайым

Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған.

Үлкен, кіші демейді,

Сыйлайды оны бар адам.

Құрт пен майын жинаған

Балаларға сыйлаған.

Бұл әжемнің өмірі —

Таусылмайтын жыр маған.

 

Сөзді   өзімше   құраймын

Әліппені бастадым,

Есепті де үйрендім.

«Бестік» баға алған күн

Масаттанып үйге ендім.

Түсінбеген жерімді,

Мұғалімнен сұраймын.

Әріптерді тізілтіп,

Сөзді өзімше құраймын.

 

Оразақын   Асқар

Жақсы   адам боп   шығамыз

Бізге тәртіп үйреткен,

Ән салдырып, билеткен,

Таныстырған ең алғаш

Әріптермен, суретпен—

Тәрбиеші тәтеміз.

Доспен тату ойнауды,

Мерекені тойлауды,

67

Бойымызға сіңірген

Көптің қамын ойлауды

Тәрбиеші тәтеміз.

Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығамыз,

Таза сәби жүректен

Қабылдаңыз мың алғыс,

Тәрбиеші тәтеміз.

 

Ақұштап   Бақтыгереева

Анаға   сыйлаймыз

Көктемде көңілді

Құстар кеп жатқанда,

Құлпыртып өңірді,

Гүл ектік бақтарға.

Гүл ектік аулаға,

Көктемде көңілді

Бақта да, бауда да

Ақ гүлдер өрілді.

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден

Анаға сыйлаймыз.

 

Мұғалім   апай

—  Көп ойлап отырма,

Ауылға қадірлі

Кім, атын атай ғой?

—   Әліппе оқуға

68

Үйреткен әр күні

Мұғалім апай ғой.

—  Анадай аяулы

Мәпелеп өсірген

Кім, атын атай ғой?

—  Үйретіп санауды,

Есепке төселткен —

Мұғалім апай ғой.

 

Жарасбай   Нұрханов

Көкше   мұзда

Тағып алып коньки біз,

Көкше мұзда қалқимыз.

Қызған сайын денеміз,

Қиғаш-қиғаш тебеміз!

 

Ұшақ

Көлдерді көктей өт,

Тауларға жетпей өт!

Бұлттарды жарып үш,

Бұлттан да өріге үш!

Тоқтаусыз төтеле,

Жетейік көкеме...

 

Шекербек   Садыханов

Құрылысшы

Қолда темір қалағым,

Саздан сарай қаладым.

Алматыдан аумайтын

69

Әсем қала саламын.

 

Рамазан   Тышқанбаев

Қазақ   жері

Шұғылалы таңымыз,

Қазақ жері — бағымыз,

Қайнарынан мөп-мөлдір

Сусындайды жанымыз.

Қазақ жері — сәніміз,

Мәуесі мол бағымыз.

Саясында жетілер

Балдай бала шағымыз.

 

Доп

Шаршамайсың,                                  

Шалдықпайсың,

Доп, қалай?

Секіресің,

Секеңдейсің,

Тоқтамай!

Асыққанда,

Арықтан да

Аттайсың.

Бір тәуірің —

Суға түссең,

Батпайсың.

 

 

 

70

Ұят-Ай!

Ернар, Қайсар алысты,

Тапырақтап шалысты.

Ақырында дауласып,

Бір-бір қойып қалысты.

Ұят-ай!

Түрлерін сол кездегі

Көрер ме еді өздері.

Шықшыттары жыбырлап,

Жасаурады көздері.

Ұят-ай!

Бірін-бірі азаптап,

Түр жыларға аз-ақ қап.

Мына кейпін көргендер

 Күліп жатыр мазақтап.

Ұят-ай!

 

Әли   Ысқабаев

Күміс   қар

Қырларды жапты күміс қар,

Далада жаңа тыныс бар.

Бұталар жалт-жүлт етеді —

Кәдімгі бейне хрусталь.

 

Сырғанақ

Қар жамылды күллі алап,

Жүрмедік біз құр қарап.

Бір топ бала бірлесіп,

 

71

Жасап алдық сырғанак.

 

Ақ көрпемен он қабат,

Тастағандай дәнді орап.

Ауырмайды еш жерім,

Аунап түссем домалап.

 

Ескен   Елубаев

Туған   дала

Мезгіл келіп жеткенде,

Сыбызғылы, сырнайлы,

Күн мейірін төккеңде,

Бозторғайлар жырлайды.

Ақ жаңбырға шомылып,

Туған жердің алабы.

Қызғалдаққа көміліп,

Көздің жауын алады.

 

Өжеттер   әні

Әлиядай апамыз,

Бауыржандай атамыз

Фашистерден Отанды

Қорғап, батыр атанды.

Біз еліктеп өсетін

Батырларың десе кім:

— Әлиядай апамыз,

 

72

Бауыржандай атамыз.

 

Жол   сілтеуші

Қақ жарып кең даланы

Поезд зулап барады...

Жалаушасы қолында

Танисың ба ағаны?

Тілеп ылғи оң сапар,

Бізді ұзатып салады.

 

Қысқа   түндер   ұзарды

Жер ақ қарға оранды,

Күн аязды, боранды,

Жылы жаққа кетті құс,

Көктемде күт оларды.

Мұрынымыз қызарып,

Құлақтарды үсітті.

Қысқа түндер ұзарып,

Кидік тон мен ішікті.

 

Сұлтан   Қалиев

Әже

Ұл-қызыңа ерген      

Немереңбіз, әже.

Немереңнен өрген

Шөберең — біз, әже.

Үйреткен сөз мәнін

Тілімізсің, әже.

Жарқыраған дәйім    

Күнімізсің, әже.

73

 

Шуағыңды сеуіп,

Жайна, анамыз — әже.

Жұлдыздарың сені

Айналады, әже.

Гүл

Үйде тұрып өсетін

Әкеп түлдің көшетін,

Топырақты салдым да,

Отырғыздым қалбырға.

Жел ысқырып, күз келді,

Жапырақтар түсті енді.

Жаурамасын біліп гүл,

Тысқа қарап күліп тұр.

 

Дәрігер

Дәнегүл қыз «дәрігер»

Бізге ойнауға келеді.

Десек болды:

— Дәрі бер,—

 Бір-бір кәмпит береді.

Қандай дәмді дәрілер,

Қиналмай-ақ жеп жүрміз,

Бұл Дәнегүл — «дәрігер»

Күнде келсе деп жүрміз.

 

Шаймерген   Әлдибеков

Гүлдер

Көктем гүлі — даланың

Десек сәні,

74

Ажары,

Бүлдіршіндер —

Ананың

Қуанышы — базары.

Есентай   Ерботин

Туған   жер

Төскейден жел еседі,

Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін

Көк майсасын төседі.

 

Араласаң   даланы...

Араласаң даланы,

Аймалайды самалы.

Айқұш-ұйқыш жолдары

Ауылға алып барады.

 

Дала   десем...

Дала десем,

Мал елестер көзіме.

Дала десем,

Дән елестер көзіме.

Дала десем,

Ән естілер құлаққа.

Дала десем,

Ер саламын құр атқа.

 

Сүрлеу

Апарады тауға да,

75

Апарады бауға да.

Әкеледі қайтадан

Туып-өскен аулаға.

Апарады алысқа,

Апарады ғарышқа.

Әкеледі қайтадан

Атамекен қонысқа.

 

Сағым

Мөлдіреген ағыстан

Аумайды өзі, аумайды.

Айыбы сол — алыстан,

Ынтықтырып алдайды.

 

Кемпірқосақ

Шіркіннің тамашасын-ай,

Әжемнің алашасындай!

Жинап алайын десем,

Бойымның аласасын-ай!

 

Достық

Үзім нанды бөліскен,

Ынтымағы келіскен.

Достық аулақ тұрады

Ұрлық, ұрыс-керістен.

 

Дидар   айтады

Қоңыр күзде туыппын,

Іңір кезде туыппын.

76

Көктем шыға еңбектеп,

Жаздыкүні жүріппін.

 

Тамыз

Тамыз айы —

Қарбыз айы —

Солай дейміз,

Қарбыз жейміз.

 

Келді   күз

Санай бер,

Қарай бер,

Бояуы жүз

Келді Күз!

 

Тыста

Суытпақ болып жылы үйді,

Тыста боран ұлиды,

Суыта алмай жылы үйді,

Сілесі әбден құриды.

 

Кәрім   Сауғабаев

Дала   перзенті

Әке тілін аламын,

Ана тілін аламын.

Жақсы оқу — мақсатым,

Таудай үлкен талабым.

Ана тілін аламын,

Аға тілін аламын.

77

Жүйрік мініп жарысқан

Баласымын даланың.

 

Тіл   сындыру

Тоғай барып қайтайық,

Тоқай жырын айтайық,

Айға барып қайтайық,

Абай жырын айтайық.

Елге барып қайтайық,

«Ер Төстікті» айтайық!

 

Бес   көмекші

Бас бармағым қой бақсын,

Балаң үйрек ой бақсын,

Ортан терек үй салсын,

Шылдыр шүмек күй шалсын.

Кішкене бөбек ойнасын,

Ойынға бір тоймасын.

 

Жеңіс   Қашқынов

Мектепке   өзім   барамын

Мыж-мыж етіп тастаған

Киімімді өтектеп,

Әжем бұрын бақшаға

Апаратын жетектеп.

Еркелігім аз енді,

Бүгінде есті баламын.

Мазаламай әжемді,

Мектепке өзім барамын.

78

 

Азамат

Тұрғанда ол ән салып,

Жұрт    тындайды тамсанып.

Азамат Ғажап-ақ!

Домбыра да шертеді,

Тындағандар елтеді.

Азамат Ғажап-ақ!

Талабын айт, талабын,

Жақсы оқиды сабағын.

Азамат —

Азамат!

 

Торғай

Ұстап алдым,

Торға салдым

Жараланған торғайды.

—Жем же,— дедім,

Су да бердім.

Шоқып, іше алмайды.

— Мені өзің

Дос деп сезін,

Үрпиіп сен тұрмашы.

Әсем үнің

Қайда бүгін,

Досың үшін жырлашы.

Тақпақ

Жұрт жүрген баламын мен

Мақтап,

79

 

Тақпақты аламын мен

Жаттап.

Тандайым тақылдайды

Тақ-тақ,

Әйтпесе айтылмайды

Тақпақ.

Кір   қуыршақ

— Кір басқан қуыршақ,

Қайтеді жуынсақ?

Айтқанды тыңдамай

Отырсың,

Бұл қалай?

Әй-әй, әй, кір бала-ай!

Әй-әй, әй, кір бала-ай!

 

Серікбай   Оспанов

Балабақта

Бағында бұл балалар

Іні,

Әпке,

Аға бар.

Ойыншықтар мол онда:

Машина,

Арба,

Шана бар.

Жазатұғын тақта бар,

Кісінейтін ат та бар,

Үйретеді тақпақ та,

80

Жаңылыспай, жаттап ал.

Айтып ертек, әңгіме,

Үйретеді әнді де.

Беріп кәмпит,

Тамақ та,

Оқытады сабақ та.

 

Әжем

Таусылмайды өлең

 Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені, өйткені,

Өте жақсы көреді.

Өскенде мен, ал енді

Аралаймын әлемді.      

Сыйлық әкеп әжеме,

Таң қалдырам бар елді.

Өте жақсы көремін

Өйткені мен әжемді!

 

Көжегім

Көжегім-ау, көжегім,

Талған жоқ па өзегің?

Қарның ашып қалмасын,

Шөптен өзге не жедің?

Көжегім-ау, көжегім,

Айтпай қалай сеземін?!

Айтпайсың ба тезірек,

81

Келіп отыр не жегің?

Көжегім-ау, көжегім,

Қазір тамақ беремін.

Жыбырлайды ерінің,

Келіп отыр не дегің?!

 

Тақпақ   айтам

Тойлайтұғын келді күн,

Тақпақ айтам мен бүгін.

Қателессем, күлмеңдер,

Мазақ етіп жүрмеңдер.

Мақтайтұғын болыңдар,

Қолды қатты соғыңдар.

Тақпақ айтам,

Тақпақты

Тәтем менің жаттатты!

 

Арнадым   саған

Ақ анашым,

Аппағым,

Өзің жайлы тақпағым.

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де!

 

Ән   сабағы

Қазір енді ән сабағы,

Барлық бала ән салады.

Тыңдағандар қол соғады,

Таң қалысып тамсанады.

82

Біздің балабақшадағы

Қандай ғажап ән сабағы.

Апайлардың күні бойғы

Ұмытылар шаршағаны!

 

«Әліппемен»   қоштасу

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертек те,

Үйреттің оны, «Әліппе!»

Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Ырза боп саған жүреміз,

Хош бол, сүйікті «Әліппе!»

 

Ғаббас   Өкеев

Ана   тілі

Бар балғын, жас түлекті

Ана өсірді, түлетті.

Ана тілін үйретіп,

Әр жүрекке гүл екті.

Балабақша ойнатты,

Ойнатты да, ойлатты,

Ана тілі сырына

Тереңірек бойлатты.

 

 

 

 

83

Тұрсын   Елеусізұлы

Суға   түстім

Шаң боп,

Үстім,

Суға түстім,

Сүңгіп алдым,

Сергіп қалдым.

 

Көбелек

Көбелек-ау, көбелек,

Әдемісің керемет!

Гүлге келіп қона ғой,

Өзің де гүл бола ғой.

 

Несіпбек   Айтов

Күзгі  Қуаныш

Алақай-ау!

Алақай!

Алақай-ау!

Алақай!

Бұдан былай мен енді

Емеспін жай балақай!

Осыдан да көлемді

Оқи алам өлеңді...

Бардым бүгін мектепке,

Оқушымын мен енді!

 

 

 

84

Жолың   болсын!

Атам шықса сапарға:

—  Жолың болсын!— дейді апам.

Апам шықса сапарға:

—  Жолың болсын!— дейді атам.

—  Жолың болсын!— дейді олар,

Үлкенге де, кішіге.

—  Жолың болсын! — дейді олар, Ұшырасқан кісіге.

Осы сөзде байқадым

Қуат барын, күш барын.

—Жолың болсын! — айтамын,

Алыс жолға шықса кім!

 

Ұл    мен    гүл

Баласы күлімдейді: «Гүл өсірдім!» — деп. Анасы күлімдейді: «Ұл өсірдім!» — деп.

Гүл құлпырып келеді,

Ұл ұмтылып келеді.

 

Байбота   Серікбаев

Мен—апамның   ай    мен    күні

Апам мені «АЙЫМ!»— дейді,

Мен мұңайсам, уайым жейді.

Апам мені: «КҮНІМ!» — дейді,

Мен қуансам, күлімдейді.

 

Бес

Бас бармақ, қойды бағағой,

85

Сұқ саусақ, шөпті шаба ғой,

Ортан қол, суға бара ғой,

Аты жоқ қолға жұмыс жоқ,

Шынашақ, ұйықтап қала ғой!..

 

Мен   де   гүлмін

Бос бармаймын бұлаққа,

Ауладағы гүлдерді

Суарамын мен көптен.

Мен де гүлмін,

Бірақ та

Өткізіп сан күндерді,

Өсемін тек еңбекпен!..

 

«Аспаз»

Қағаздан қантым бар,

Матадан мантым бар,

Шырыннан шайым бар,

Бақбақтан майым бар,

Кесектен наным бар,

Желімнен балым бар.

Орамал — дастарқан,

Аспазбын, ас тартам.

Қонақтар, бар мәзір,

Бәрі де болды әзір.

Алыңдар, алыңдар...

Бәрің қарқ болыңдар!

 

86

 

Өтепберген   Ақыпбеков

Көктем

Үстін жасыл түк басып, 

Көктем келді нық басып.

Жылғаларға жылыстап,

Кете барды қыс қашып.

 

Қозы   болғым   келмейді

«Қозым», — дейді мені апам,

«Қозым», — дейді мені атам.

Сөздеріне күлемін,

Қозы емеспін, білемін.

Қалай айтам мұны мен,

Қозы болсам шынымен:

Күнде кәмпит бер демей,

«Мә-мә»,— дер ем, сөйлемей.

Еденді де жумас ем,

Бұрышқа да тұрмас ем.

 

Доп

Домала, доп, домала,

Балшыққа тек жолама.

Жек көремін оныңды,

Бүлдіресің қолымды.

Секіріп өт ордан да,

Секіріп өт жолдан да,

Қуса, күшік жетпесін,

Машина басып кетпесін.

87

 

Телефон

Әй, телефон, телефон.

Апам келіп бұраса,

Кім керегін сұраса,

Тез шақырып келесің,

Айтқанына көнесің.

Әй, телефон, телефон.

Көкем келіп бұраса,

Кім керегін сұраса,

Тез шақырып келесің,

Айтқанына көнесің.

 

Көмек   Ыбраев

Үлкен   құшақ

Немерелер үйдегі

Әдетінше күндегі,

Әжесінің алдына

Таласумен жүргені.

Бәрін де ол құшады,

Бәрін де ол қысады,

Кіп-кішкентай әженің

Қандай үлкен құшағы!

 

Сегізінші   наурыз   күні

Марал,

Бақыт,

Сәніммен,

Анар,

Жақұт,

88

Жаңылмен

Бір класта оқимын,

Жақсы көрем бәрін мен.

Мерекені қарсы алып,

Мәз болғанда барша жұрт,

Гүл ұсынып қыздарға,

Бердім өзім ән салып.

 

Бейсебай   Кірісбаев

Тілек

Шөліркемей гүл тұрсын,

Жерім жайнап құлпырсын.

Нұрын сыйлап біздерге,

Көкте мәңгі күн тұрсын.

Ортақ бізге туыстық,

Нұр сыйлаған күн ыстық,

Ыстық бізге кең өлке,

Ыстық бізге тыныштық.

 

Балға

Таңдап алған ыңғайлы,

Балғам мені тыңдайды.

Күнде бір уақ қолға алып,

Бұлшық етті шыңдаймын.

Балғам істің әрдайым,

Талғамайды қандайын.

Босап қалса шегелер,

Соғады кеп маңдайын.

 

89

Асқаржан   Сәрсеков

Туған   елдің   ұлымын

Аспанымдай мөлдірмін,

Жайлауымдай жазықпын.

Өзенімдей өршілмін

Гүлдерімдей нәзікпін.

Қуат алған өзінен,

Туған елдің ұлымын.

Бақытты етіп өсірген

Отанымның гүлімін.

 

Мен   тимеймін,   жасқанба

Мен тимеймін, жасқанба,

Дос болайық, көбелек!

Жайнап тұрған бақшамда

Гүлдерімді көре кет!

Гүл жүзіне жас тұна

Жаңбыр жауса себелеп,

Тақиямның астына

Тығыла ғой, көбелек!...

 

Мәлике   Байсариева

Мен   де   балғын    гүлмін!

Арасында гүлдің,

Ойнап бүгін жүрдім.

Қызыл, көкшіл, сары,

Әп-әдемі бәрі.

Бірі сондай ірі,

Ал нәп-нәзік бірі.

90

Дейтін көкем:— Күнім,

Дейтін апам:— Гүлім.

Енді ғана білдім —

Мен де балғын гүлмін!

 

 

ЕКІНШІ БӨЛІМ

(Естиярлар үшін)

 

Халық өлеңдері

 

Тілек

Тоқтышағым, тоғыз тап,

Саулық қойым, сегіз тап,

Сегізін де семіз тап.

Құла бием, құлын тап,

ҚҰлын таппа, құнан тап,

Құнан тапсаң, қүлан тап.

Бөкен жүнді бөрте ешкім, Төрт айда бол төрт ешкім. Төртеуің де бөрте бол, Қой бастайтын серке бол!

Әукем, бұзауды алты тап,

Әукелері салпылдап,

Өгіз болсын атандай.

Бақайлары майысып,

Қайқаймасын қайысып,

Адам мінсе атамдай!

 

 

91

Мал баққанда

Ешкі бақтым — еңіреп бақтым,

Қой бақтым — қоңырау тақтым,

Сиыр бақтым — сидаң қақтым,

Жылқы бақтым — жорғалаттым,

үйе бақтым — түйме тақтым,

Лақ бақтым — жылап бақтым!

 

Мал баласын сүйеді

Қой сүйеді баласын: «Қоңырым!» — деп, «Ештеңені білмейтін момыным»,— деп.

Сиыр сүйеді баласын: «Торпағым!» — деп, «Қараңғыға баспаған қорқағым»,— деп.

Түйе сүйеді баласын: «Тайлағым!» — деп, «Жабу жапса, жарасқан жайнағым»,— деп.

Ешкі сүйеді баласын: «Лағым»,— деп, «Тастан-тасқа секірген шұнағым»,— деп.

Жылқы сүйеді баласын: «Шұбарым!», - деп,

«Жүгіруден тарасын құмарың»,— деп.

 

Төлді қалай  шақырады

Қой баласы қоңырым,

Қойдай жуас момыным.

Шопан ата түлегі

Қошақаным, қайдасың?

                  Пүшайт, пүшайт!

Жауын жауса, бақырған,

Ешкі атасын шақырған,

Өрісте өскен жануар

92

Шекетайым қайдасың?

                Шөре, шөре!

Жолға шықсам, көлігім,

Жапанда жүрсем, серігім,

Қамбар ата өсірген

Құлыным менің, қайдасың?

                    Құрау, құрау!

Тілімен мұрнын жалаған,    \

Тілімен бойын тараған,

Көкке мұрнын шүйіріп,

Көз төңкеріп қараған.

Зеңгі баба өсірген

Әукешім менің, қайдасың?

                    Аухау, аухау!

Екі көзі танадай,

Екі өркеші баладай.

Елпеңдеген ойнақтап,

Енесіне қарамай,

Ойсылқара баласы,

Ботақаным, қайдасың?

                     Көс, көс!

 

Торпағым

Дүлей қалың қамысты

Аралаған торпағым.

Атқа сабан салғанда,

Сығалаған торпағым.

Асқа, тойға мінгенде,

Жорғалаған торпағым.

93

 Оқыра қуып кеткенде,

Қорғалаған торпағым.

Кешеге күн кешінде, Бүгін тағы бесінде Қара қасқа торпағым

Жоғалыпты. Қорқамын!

 

Ешкі

Ешкі қойды бастаған,

Қойды артына тастаған.

Ешкі деген жануар

Сойса, саны қалақтай,

Сауса, сүті бұлақтай.

Тастан тасқа секіріп,

Ойнағаның қайтерсіңі

Тентектігін текесі

Қоймағанын қайтерсің!

Қойға қасқыр шапқанда,

Көрегенін қайтерсің!

Жаңа жұртқа қонғанда,

Өрегенін қайтерсің!

 

Сиыр

Сәйгелді тисе, мөңкіген,

Оқыра тисе, жөңкіген.

Алабас жіп естірген,

Мұрнын тура тестірген,

Сиыр деген мал екен!

94

 

 

Түйе

Маң-маң-маң басқан,

 Шудаларын шаң басқан,

Екі өркешін қом басқан,

Төрт аяғын тең басқан,

ілін тікен теспеген,

Мұрындығы келіскен,

Алабота жегені

Ашы қурап, теріскен,

«Шөк» дегенде «бық!» деген

Шешіп үйін, жүктеген.

 

Түйе, Түйе, Түйелер

—  Түйе, түйе, түйелер,

Түзың қайда, түйелер?

—   Балқан таудың басында,

Балғын қоян қасында.

Еніп кеттім егіске,

Қойным толды жеміске,

Жемісім жерге төгілді

Жер жусанын берді.

Жусанын қойға бердім,

Қой қозысын берді.

Қозысын қонаққа сойдым,

Қонақ қамшысын берді.

Қамшысын қызға бердім,

Қыз түймесін берді.

Түймесін көлге бердім,

Көл көбігін берді.

95

Көбігін терекке бердім,

Терек қабығын берді.

Қабығын келіншекке бердім,

Келіншек орамалын берді.

Орамалын апама бердім,

Апам асық берді,

Асығын мұзға бердім,

Мұз суын берді.

Суын қара сиырға бердім,

Қара сиыр сүтін берді.

 Сүтін пісіріп отыр едім:

Көбелек келіп көлп етті,

Көбігін ішіп ол кетті.

Жапалақ келіп жалп етті,

Жартысын ішіп ол кетті.

Қарға келіп қаңқ етті,

Қалғанын ішіп ол кетті.

Сауысқан келіп саңқ етті,

Сарқып ішіп ол кетті.

 Әтекем келіп еді,

Қаспағын қырып бердім.

 

ТОРҒАЙ

Торғай торғай, тоқылдақ,

Жерден тары шоқып ап,

Бөтегесі бұртиып,

Момақансып отырмақ.

96

 

 

 

Сауысқан

Сауысқан, сауысқан

Жауыр атқа жабысқан.

Ойда жауыр көрінсе,

Ойбайлатқан сауысқан!

Қырда жауыр көрінсе,

Қиқандатқан сауысқан!

Қарға

Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар:

Боран соқса қор болар,

Бұтаға келіп қорғалар.

Қысып кетсе сары аяз,

Көзден жасы сорғалар.

Қар үстінде жем көрсе,

Қапелімде қолға алар.

Екі шоқып, бір қарар,

Деп «жолымды» оңғарар! қыс

Бұтаға жабу кидірген,

Боранға қарын үйдірген,

Қыздың бетін қызартқан,

Мұздың бетін ұзартқан,

 Қызыл шұнақ, қатал қыс

 

 

 

 

 

97

Ыбырай Алтьғнсарин

Кел, балалар,  оқылық!

... Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.  

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Бір аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Сиса көйлек үстінде

Тоқуменен табылған.

Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған.

Өнер-білім — бәрі де

Оқуменен табылған.

Бір аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

 

Сәкен Сейфуллин

Туған  жер

Кеңсің, дала,

Туған ана,

Көйлегің кең, көк ала.

Жан беретін,

Тән беретін

Мейірімді ана — сен ғана.

98

 

Балалар

Міне, дала...

Бір топ бала,

Жүгіреді айнала.

Мінген таяқ,

Жалаң аяқ,

Табандарын көк бояп.

Жұлып сасыр,

Салады асыр,

Аунап жерге көк-жасыл.

 

Боз торғай

Міне, торғай

Үйін қорғай,

Жер бауырлап зырлайды.

Шырқап биік,

Күнге күйіп,

Қалмай, сайрап жырлайды.

 

Ілияс Жансүгіров

Жазғытұрым

Ой, балалар, балалар!

Жылы-жылы жел соқты,

Жылғалардан су ақты.

Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті,

Жер қарайды, жаз кепті.

Желкілдейді көк майса,

Желіндейді мал жайса...

99

Жазғы   шілде

Ой, балалар, балалар,

Шілдем, шілдем — шілде айым.

Шырлап торғай күн сайын,

Жапырақтар жалпайды,

Жас қозылар марқайды.

Ой, балалар, балалар,

Ойналық та күлелік,

Үйретіп тай, мінелік.

 

Күз

Ой, балалар, балалар,

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты,

Ел егінін орыпты.

Ой, балалар, балалар,

Ойналық та күлелік,

Енді оқуға кірелік.

 

Бейімбет Майлин

Жазғы  жайлауда

Күн сәске түс.

Қызу лебі,

Қаз-қатар ел — көлдің шеті.

Жылқы, сиыр суға құлап,

Қаптаған мал — дөңес беті.

Ноқта арқалап, тартып желі,

Тоқпақ даусы дүрсілдеді.

Жүген алып балалар жүр:

100

«Тайым келді!... Тайым келді!»

 

Әйт,  шүу,  ала  атым!

Әйт, шүу, ала атым!

Сүйеніш қанатым!

Жалғыз сен бейнетпен

Егінді салатын.

Жаз шөпті шабатын,

Пайданы табатын,

Күн болса, алақай,

Еңбегің жанатын!


Жамбыл Жабаев

Аманкелді

Ардагер Аманкелді — ердің ері,

Кең өріс, жалпақ дала туған жері.

Елі мен мекенінің туын ұстап,

Қол бастап қан майданда аққан тері.

Ерлері жаны сүйіп соңына ерген,

Жауына ажал оғын тартқан мерген. Шешеден ел қамқоры ұл боп туып,

Ер болып, майданда да ұл боп өлген.

Өлген жоқ, Аманкелді әлі тірі.

Әнеки ілулі тұр ақ семсері.

Орнатып ол көксеген арманды ойын,

Мен де шат, рахаттанған қарттың бірі.

Батыр бол, балаларым, бәрің, дағы,

Тап берген дұшпан, иттің сынсын сағы. Семсерін Аманкелді тот баспасын!

101

Ел қорға, ұлы күннің туса шағы.

 

Қасым Аманжолов

Мектеп — кеме, білім — теңіз

Мектеп — кеме,

Білім — теңіз.

Барар жерге

Тез жетеміз.

Адаспаймыз

Ұлы жолда,

Отанымның

Туы қолда!

 

Жетпіс  пен  жеті

І

Жеті жасар баласын

Жетпісте шал жетектеп,

Келе жатыр көшеде:

«Қайда әлгі мектеп?» — деп.

Жетпіс келеді сүрініп,

Жеті келед жүгіріп.

ІІ

 «Балам, балам, жақсы бол,

 Міне, сенің мектебің.

Сабағыңа зейін сал,

Ақылды бол, тентегім»,

— Деп бір жетпіс, күрсінді,

Жеті нені түсінді?

 

102

ІІІ

Келіп жетті мектепке,

Жамырады жас өмір,

Келер заман шуындай

Сонда естілді бір дүбір,

Жеті кетті жүгіріп,

Жетпіс қалды үңіліп.

 

Ғали Орманов

Ардагер атамыз

Ақ боз атпен ойқастап

Аманкелді атамыз

Қанша жүрсе, қол бастап,

Қажытпаған жапан-түз.

Анталаған жау көрсе,

Арғымағын орғытқан.

Қаһарланса, кәрленсе,

Қас дұшпанын қорқытқан.

Орай тартқан қылышы

Ойнатыпты найзағай-

Қалтыратып сол күші

Түсіріпті жауға жай.

Оққа тосып өз басын,

Өрендерін қорғапты.

«Ұрпақ жасық болмасын!»

— Деген үлгі — жол қапты.

 

Сырғанақ

Жасап қардан сырғанақ,

103

Астында шанам сырғанап,

Құламадан құлдырап,                                

Ағып барып зырқырап.

Ей, бөгеме, жолды аш!

Бол, тез, асық, шапшаң бас!

Келіп қалдым зымырап,

Ал басамын, аулақ қаш!

 

Өтебай Тұрманжанов

Кел, балалар,  күлейік!

Кел, балалар, күлейік!

 Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік.

Күлкімізді күн қылып,

Гүл өссін деп тілейік.

 

Тікен — гүлін қорғайды

Терек — бүрін қорғайды,

Тікен — гүлін қорғайды,

Ара — балын қорғайды,

Құлын — қағын қорғайды,

Киік — лағын қорғайды,

104

Шағала — көлін қорғайды,

Шопан — төлін қорғайды,

Егінші — жерін қорғайды,

 Ер жігіт — елін қорғайды.

 

Өс, ұлан!

Сау болсын десең

Он екі мүшең —

Ерте тұр!

Қүұақ түр,

Тыңда сыр.

Жапырақтар жырлар,

Гүлдер сыбырлар.

Күн нұрын күт!

Таза ауа жұт!

Бойыңа — құт.

Жүгір,

Селмен жарысып.

Жүгір,

Желмен жарысып.

Нұрға сылан,

Болып қыран,

Өс, ұлан!

 

Тақыр жерге тал  ектім

Тақыр жерге тал ектім,

Орман болсын деп.

Тақыр жерге қыш құйдым,

Қорған болсын деп.

105

Талымды тарадым, қарадым,

Орман болды.

Қышымды қаладым, сыладым,

Қорған болды.

 

Кім нені сүйеді?

Кесіртке құмын сүйеді,

Тасбақа тыңын сүйеді,

Сұңқар шыңын сүйеді,

Тұлпар қырын сүйеді,

Байғыз түнін сүйеді,

 Құмырсқа күнін сүйеді,

Бал ара гүлін сүйеді,

Төрт түлік төлін сүйеді,

Бақа көлін сүйеді,

Боз торғай шөлін сүйеді,

Бұлдырық белін сүйеді,

Егінші жерін сүйеді,

Ер жігіт елін сүйеді.

 

Ай мүйізді ақ қошқар

Ай мүйізді ақ қошқар,

Ақ мүйізді ақ қошқар.

Аппақ жылы тоны бар,

Ақ тақтайдай жоны бар.

Маңдайында дөңі бар,

Мойынында меңі бар.

Қойды айнала байқайды,

Ауыр басын шайқайды,

106

Қотанын сақ қорғайды, .

Ит-құсыңа болмайды,

Ақ қанжарын сермейді,

Төлін жауға бермейді.

Қасқыр келсе, сүзеді,

Омыртқасын үзеді.

Қойшыларға шын дос-жар,

Міне, осындай ақ қошқар!

 

Сырбай Мәуленов

Міне, үлкен азамат

Шынықтырып денені,

Тісін жуып тазалап,

Мектебіне келеді,

Міне, үлкен азамат.

Орамалы қалтада,

Үсті-басы таза, бап.

Отыр алғы партада,

Міне, үлкен азамат.

Ойнамайды орынсыз

Үйдің ішін мазалап.

Кездессеңіз, оны сіз

Дейсіз үлкен азамат.

 

Қыркүйек қоңырауы

Жаз бойы далада

Шыныққан тынығып,

Барады балалар,

Мектепке жүгіріп.

107

Қыркүйек күндері

Бастайды ілгері.

Бастайды ілгері

Қоңырау үндері.

 

Шахтер

Шахтерді ел біледі,

Оған сарай — жер асты.

Көмір қазып жүреді,

Сорғалатып тер ащы.

Бала оқитын зәулім үй

Қалмауы үшін суынып,

Үйіп көмір тауды ылғи,

Береді ол жылылық.

 

Сағынғали Сейітов

Ракеташы ағамыз

Батыр бопты бабамыз,

Біздер әлі баламыз.

Күзетте тұр қырағы

Ракеташы ағамыз.

Ракеташы ағамыз,

Суретіне қараңыз.

Көрген кезде келбетін,

Бір қуанып қаламыз.

Ракеташы ағамыз,

Одан үлгі аламыз.

Айбатынан жау бұққан —

 

108

 

Қорғанымыз, панамыз.

 

Мұзафар Әлімбаев

Мәншүк апай

Мақтан еткен мектебі,

«Бестік» толы дәптері.

Білім құмар балаға

Жұрт қызыға қараған.

Мәншүк апай — батыр қыз.

Ардақтаймыз атын біз.

Ұқсап Мәншүк апайға,

Өсіп келе жатырмыз.

Соғыс бұлты төнгенде,

Серік болып ерлерге,

Жаудың бетін тойтарған,

Елдің кегін қайтарған.

 

Кемпірқосақ

Жаңбыр жауып басылды,

Аспан шайдай ашылды

Көкте қызыл-жасылды

Кемпірқосақ асылды.

Мектебімнің тойдағы

Қақпасындай әдемі,

Мың құбылып жайнады,

Қызықтырып әдейі.

Құлпырғаны қызық-ақ

Жеті түрлі бояумен.

109

Бір кесегін үзіп ап,

Үйіме әкеп қояр ма ем?!

Әттең, бойым жетпейді,

Әттең, қолым жетпейді...

 

Қол

Қолың сенің жаралған

Жақсылықты жинауға.

Аямай дос-жараннан

Өз барықцы сыйлауға.

Ең далаға — тың жерге

Иен жеміс егуге.

Елге келіп тигенде,

Жау сазайын беруге.

 

Монтер ағай

Ағай епті қолымен

Жүреді ылғи от беріп.

Тарам-тарам жолымен

Жүгіреді тоқ келіп.

Көшеде, үйде, кеңседе    

Жүреді ағай шам жағып.

Түн ішінде келсе де,

Ол жүрген жер жап-жарық.

 

 

 

 

110

 

 

Тоқаш Бердияров

Шекарашы

Кең дала, тау, көл, теңіз...

Ұлан-байтақ өлкеміз!

Өткізбейді жансызды

Шекарашы көкеміз.

Сыбдырлай ма ну қамыс?

Әр дыбыспен ол таныс.

Ер жеткен соң жасаймыз

Ағаларға қолғабыс.

Шекарада солдат тұр,

Ел бақытын қорғап тұр.

Көңілденсін ағалар,

Амандық хат жолдап тұр.

 

Кім не ішеді?

Жаздың айы — шілдеде

Қатты ысиды күн неге?

Бәріміз де шөлдейміз,

Шөл басуды «жөн» дейміз.

Сусынға бай халқымыз:

Қандай тәтті бал қымыз!

Атасы мен Сәуірбек

Қымызды жүр «тәуір» деп.

Білеміз біз Талапты,

Сіміреді ол шалапты.

Сегіз айлық Досәлі

Шөлін сүтпен басады.

111

Іздегенге сусын көп,

Көже ішеді Тұрсынбек.

Қарашы, әне, Бақытты,

Асап отыр қатықты.

Көрдіңдер ме Қуатты,

Ұнатады ол шұбатты.

Байқасаңыз Күләшті,

Көп ішеді квасты.

Өзіміздің Инабат

Ішеді ылғи лимонад.

Жәмиланың жалғыз-ақ

Іздейтіні — балмұздақ.

Сусынның ең тәуірі —

Қармақшының қауыны.

Шөлдегенде, жемес кім,

Қарбызын айт Келестің!

Қатты шөлдей қалғанда,

 Не жетеді айранға!

Күн ыстықта, әрине,

Сусын болар бәрі де.

Айтқанымды істеңдер:

 Тек суды көп ішпеңдер!

 

Мүбәрак Жаманбалинов

Түймедей-ақ көзіммен

Анамды да көремін

Түймедей-ақ көзіммен,

112

Атамды да көремін

Түймедей-ақ көзіммен.

Аулымды да көремін

Түймедей-ақ көзіммен.

Ай, Күнді де көремін

Түймедей-ақ көзіммен.

Не сиқыры бар оның

Таң қаламын өзім де!

Қасиеті ме анамның —

Шаттығым да көзімде!

 

Құттықтаймыз бәріміз!

Міне, тағы тұр келіп

Жаңа бір жыл, балалар:

Басталмаған күнделік,

Алынбаған бағалар.

Оқылмаған сабақтар,

Қойылмаған сұрақтар,

Берілмеген жауаптар,

Жайнаған жас құрақтар.

Ұшыратын сол әлі

Батырларға ғарыштың.

Жаңа жылдар болады

Бастамасы бар істің.

 

Шофер

Отырмын рульде,

Моторым, гүрілде!

 Ойыншық машинам,

Тарт алға асыға.

Сенімен тасимын

113

Көмір мен тасыңды.

Таудай ғып артамын,

Бидайды, арпаны..

Біркелкі зулаймын.

Тым шүғыл бұрмаймын.

Дөңес пе, еңіс пе,

Бұдыр ма, тегіс пе,

Мұқият барлаймын,

Жолдан көз алмаймын

Шоферлер, себебі,

Қырағы келеді.

Ал тоқта, машина,

Қырманның басына!

Түріп мен білекті,

Қолға алып күректі,

Бидайды, арпаны

Өзім-ақ артамын,

Шоферлер, себебі,

Еңбекқор келеді.

 

Поезд

Паровозға қарашы,

Түтіні бұлт бүркеген.

Жалғыз өзі, санашы,

Неше вагон тіркеген?

Поезыңның далада

Зулағаны    қызық-ақ,

Бір көшені қаладан

Жөнелгендей үзіп ап.

114

 

Сілкіндіріп барады

Орман, таудың талайын.

Жүргізетін ал оны —

Менің көрші ағайым.

 

Екі қол

Қолжуғыштың қасына

Келе қалды балақан.

Ысқылады асыға,

Алақанды алақан.

Ысқылады асыға,

Оң қолымен сол қолын.

Ысқылады асыға,

Сол қолымен оң қолын.

Қарады да сосын ол,

«Тап-таза!» — деп қуанды:

— Қандай жақсы, екі қол

Бірін-бірі жуады!

 

Қабдыкәрім Ыдырысов

Мұғалім

Жанымды менің жайнатып,

Баураған өзің, мұғалім.

Өзіңмен бірге таң атып,

Өзіңмен күліп шығар күн.

Шәкіртің өткен іздерде

Үмітің гүлдер, мұғалім.

Білеміз ертең бізден де

115

Өмірдің талап сұрарын.

Сонда, ардақты мұғалім,

Уәдемде берік тұрамын!

Қиынға берік шыдармын,

Қияға талай шығармын!

 

Келіңдер, құстар!

Өткен жыл көктемде

Бала едім тым кіші

Кім білсін, өкпелеп

Кетті ме жыл құсы...

Өтті тез он екі    ай,

Енді мен үлкенмін!

Келсе ұшып көп торғай,

Өзім-ақ күтемін.

Менде енді бәрі әзір

Балға да, шеге де...

Жасаймын мен қазір

 «Қонақ үй» төбеге.

Жылы орын сайладым

Қарлығаш, торғайға.

Үй алды — көк айдын,

Бәрі көп қонбай ма?!

Құстарым, келіңдер,

Қарсы алам өзім-ақ,

Жаңа «үйге» еніндер,

Міне көл, міне бақ.

 

 

116

Әбдікәрім Ахметов

Қош келдің, көктем

 Күн нұрын сепкен,

Жер жылып, кепкен,

Тал бүршік төккен

Көңілді көктем.

Қош келдің, ән салдық,

Қуанып қарсы алдық.

Жібектей леппен,

Алмадай беттен

Біздерді    өпкен

Көрікті көктем.

Қош келдің, ән салдық,

«Бестікпен» қарсы алдық.

 

Қызық-ақ!

Нұр тұнып, құлпырып,

Айнала жайнады.

Тұр күнген ұмтылып

Алма ағаш сайдағы.

Өзен жай ағады,

Жағасы — балауса.

Көбелек қағады

Қанатын жалауша.

Көгалда аунадық,

Асыр сап күн ұзақ.

Гүл тердік, ойнадық,

Жарқын жаз... Қызық-ақ!

 

117

Тақпақ

Жаңа жылда   жаңаша

Тақпақ айтамыз,

Болсын риза балаша

Аппақ атамыз,

Бүгінгі кеш көңілді,

Шаттық қайда да.

Сүйеміз біз өмірді,

Қызық айнала.

Билейміз   де ойнаймыз,

Балғын ұл-қыздар.

Жаңа жылдай жайнаймыз,

Жарқын жұлдыздар.

 

Нұрсұлтан Әлімқұлов

Тоқымашы

Магазиннен бір күні

Әпкем әкеп кездеме.

Жейде тігіп, кидірді

Маған және жездеме.

Мен білмейді екем ғой,

(Түсіндірген көкем ғой):

Бұл матаны әпкемнің

Өзі тоқиды екен ғой.

 

Қоңырау

Жаз айында жүрдік жайнап,

Көңілдіміз, жарқынбыз.

Сайрандадық, күліп-ойнап,

118

Келді, міне, алтын күз.

Күн сәулелі мектеп-анам

Шақырғанда, ағылдық.

Әсем үні сыңғырлаған

Қоңырауды сағындық.

Шырқап достар көңілді әнін,

Би биледі далада,

 Қосыл бізге, қоңырауым,

Сыңғырлай бер тағы да!

 

Әдібай Табылдиев

Алтын қала

Алматының дарағы —

Алтын күзде сары алтын.

 Күн таңырқап қарады:

Күллі көше — бәрі алтын.

Көктөбеден мұнара

Көз тартады жарқылдап,

Асқақтайды шың анау

Алтындай боп жарқырап.

Алтын — гүлі, әр тасы,

Алма бағы — жаннаты,

Алатаудың алқасы —

Алтын қала — Алматы.

 

Наурыз тойы

Күн менен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Соны тойлар ел енді.

119

 Наурыз тойы салтымыз:,

«Көгерсін!» — деп, халқымыз

Көшеге тал егеді.

Наурыз — тойы ұлыстың,

Нағыз күні ұлы істің —

Салтанаты дәстүрдің.

Ел тұр жайып құшағын:

Күйге қосып құс әнін,

Кел жырлайық, жас құрбым!

 

Тәтті  қыс

Біздің байтақ далада,

Асқар тауда, қалада,

Биыл ғажап іс болды,

Таңғажайып қыс болды.

Ақ бұлт шарлап аспанды,

 Шекер жауа бастады.

Мұз бал болып еріді,

Балмұздақ мол терілді.

Әне, қатқан мармелад,

Әкел жиып, арбалап...

Ақ байлықты ақтарып,

Жасап алдық ақ қант.

 

Әнуарбек Дүйсенбиев

Ағайынбыз бәріміз

Жақсылыққа, бақытқа

Талпынған әр уақытта.

Бала біткен дос-бауыр,

120

Болмасын еш тосқауыл.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Ортақ болсын асқар тау,

Жеміс толы бақша-бау.

Болсын жер мен су да ортақ,

Болсын біздің ту да ортақ.

Ақпыз, қара, сарымыз.

 Ағайынбыз бәріміз.

Шопан атам одан да

Шофер болып істесе.

Ақыл кіріп сиырға,

Лай суды ішпесе.

Тауық көрсе түлкі сұм,

Аулақ жүрсе үш көше.

Тентіреп жат ұшақтар

Төбемізде ұшпаса.

Сарбаз тастап қаруын,

Қолға күрек ұстаса.

Қарындашын сындырсам,

Көкем маған ұрыспаса...

Айтар сөзім, мінс, осы,

Айтар сөзім қысқаша.

 

Жақсы  адам

Еңбегіңе мақтанам,

Шахтер ағам, жақсы ағам,

 Көмір қазып, кен қазып,

Ел сенімін ақтаған.

121

Бақыт тапқан шахтадан,

Шахтер ағам, жақсы адам.

Көмір қазып, кен қазып,

Ұқсап өсем нақ соған.

 

Поштабай

Тапқан жақсы дос талай,

Тана әпкем поштабай.

Қорықпай қардан,

Жаңбырдан,

Әкеледі «Балдырған».

Жұртты аузына қаратқан,

Жақсы хабар таратқан.

Мейманы ол әр төрдің,

Министрдің, монтердің.

Хат танырмын әлі-ақ мен,

 Хат әкелер

Тана әпкем.

Күнде жүз хат салармын,

 Күнде жүз хат алармын.

Хаттар, хаттар көп келсін;

Жұрт: «Достарың көп» десін.

 

Жақан Смақов

Апаның тілін  алса егер...

Мезгілсіз жүріп күн бойы,

Мерзіммен тамақ ішпесе,

Демалыс жоқ, күнде ойын,

Мерзіммен суға түспесе,

122

Қолында мұндай баланың

Күш болмайды, күш десе,

Қолынан мұндай баланың

Іс келмейді, іс десе.

 Күн-күн сайын солады,

Шынашақтай болады.

Апаның тілін алса егер,

Тамақ ішсе — іш десе.

Дем ал десе — дем алса,

Суға түссе — түс десе.

Қолында мұндай баланың,

Күш болады, күш десе,

Қолынан мұндай баланың

Іс келеді — іс десе!

Шынығып, өсіп толады,

Үлкен жігіт болады!

 

Шеге

Теңізде неге

Тоқтады кеме?

Неге?—

Сынды шеге.

Жол үзілді.

Машина бұзылды.

Неге?—

Шықты шеге.

Ауылда — ГЭС-те

Шам сөнді кешке,

Неге?—

123

Ұшты шеге.

Аяқта етік,

Боп қалды «кетік».

Неге?—

Түсті шеге.

Ендеше, шеге

Осал деме!

 

Торы тай

Тайымды жақсы көремін,

Арпа, сұлы беремін.

Күтемін, баптап қараймын,

Жалын талдап тараймын.

Құйрығын шарт түйемін.

Сөйтіп, ерттеп мінемін.

Бәйгеге шығып шабамын,

Жүлдені озып аламын.

 

Қол   шана

Биіктен түссең, қол шана

Ауыр емес соншама!

 Сүйретсең өрге, қол шана

Жеңіл емес соншама!

Ортақ болсын қол шана,

Ауыр, жеңіл болса да!

 

 

 

 

124

 

Мұқағали Мақатаев

Шекарада ағай жүр

Отанның қиыр шетінде

Аптапта, желдің өтінде,

Көз ілмей ағай сақ тұрып,

Еліне қызмет етуде.

Отанның асқар тауында,

Аязда, нөсер жауында

Мүлгімей ағай тік тұрар,

Тыныштық сыйлап ауылға,

Бірге өскен біздей бауырға.

 

Қадыр Мырзалиев

Мұғалима

Мынау менің сезгенім?

Ол — кластың анасы.

Өзінің де өзгенің

Баласы — оның баласы.

Қай кезде де мұғалім

Қайғырмайды өзі үшін.

 Біздер үшін қуанып,

Қызарады біз үшін.

Күнде «бестік» алсаң сен,

Онда басқа жоқ арман.

Ал оқымай барсаң сен,

Бір тал шашы ағарған.

Жақсы болсаң, шынында

Қартаймас деп айта алам.

125

Жаңа оқу жылында

Жасарады қайтадан.

 

Не жарасады?

—  Шегірткеге не жарасады?

—  Секірген.

—  Қолтырауынға не жарасады?

—  Кекірген.

—  Құланға не жарасады?

—  Пысқырған.

—  Жыланға не жарасады?

—  Ысқырған.

—  Ақ тауыққа не жарасады?

—  Шоқыған.

—  Ақылдыға не жарасады?

—  Оқыған!

 

Ана тілі

Ақындардың өлеңін

Жүрегінде түнетіп.

Көтеріпті ұлы елім,

Ана тілін ту етіп.

Ана тілің, біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің, біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

Ана тілің — арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

126

 

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!'

«А»

—   Ата, зейін салдың ба?

Бар әріптің алдында

-Неліктен «А» тұрады?

— Деп бір күні сұрадым.

Атам менің сауатты

Былай берді жауапты:

—  Ата, Ана, Ақыл, Ар, Адам,

«А»-дан басталар.

Содан шығар, Құрбаным,

«А»-ның алда тұрғаны!...

 

Тоқымқағар

Таң қалдырам мен елді,

Тайға мініп жөнелдім.

Шапқан сайын елірдім,

Шапанымды жел үрді.

Желпіл қағып етегім,

Қопаң-қопаң етемін.

Көзім түк те көрмеді,

Қара су боп терледім. Т

алып қалды тақымым,

Қалып қалды тоқымым.

Жармасамын жалына,

Жұрт күледі халіме

Құрбыларым қарайды,

Құламасам жарайды!

127

 

Асан   мен  хасан

Білген адам Асанды,

Білген адам Хасанды —

Екеуінің достығын

Дей алмайды жасанды.

Олар бірге ойнайды,

Олар бірге ойлайды.

Мерекені, мейрамды —

Бәрін бірге тойлайды.

Бірге іше'ді тамақты,

Бірге оқиды сабақты.

Бірге күліп жадырап,

Бір түйеді қабақты.

Ынтымақты, тірлікті

Бұл екеуі бір мықты.

Сабақтан да бір қалып,

Бірге алады «бірлікті!»

 

Тұманбай Молдағалиев

Мен  жайлауды  сағындым

Жүк таситын машина,

Оған жүкті артамыз.

Жылда-жылда жаз шыға

Тауға қарай тартамыз.

Отырғанда біздін үй

Арасында бұлттын,

Мен ашыппын көзімді,

Кең жайлауда туыппын.

128

Содан ба екен, білмеймін,

Сағынам сол жайлауды.

Күндіз мейлі, түн мейлі,

Мамада аты байлаулы

Сағындым мен атамды,

Сау болыңыз, мұғалім.

Тайға мініп, отардың

Бір жағынан шығамын.

Жаз жайлауда қызық көп,

Мен тайымды ойнатам. —

Немереміз жігіт боп

Келе жатыр,— дейді атам.

 

Күзгі  жапырактар

Кыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей.

Желмен ұшып барады,

Жерге қонып үлгермей.

Жапырақтар жамырап,

Сайға барып бекінді.

Анасынан ажырап

Қалған бала секілді.

 

Саги Жиенбаев

Әлия

Даламыздың даңқысың,

Балауса гүл, балғын қыз.

Жанын қиып, халқы үшін

Жанып түскен, ақ жұлдыз.

129

Мәңгі жасап жерде енді,

Биік бол деп таулардан,

Сенің балғын бейненді

Жасап қойдық мәрмәрдан.

Бірге соқсын дүрсілдеп,

Туған жермен жүрегің.

Аусында жүрсін деп,

Әнге қосып жүр елің.

 

Қосжан Мүсірепов

Мәншүк әпке

Сонау жылы жер-көкті

Соғыс бұлты торлаған.

Сонда Мәншүк әпкеміз

Жаудан елді қорғаған.

Үстінде сүр шинелі,

Дулығасы болаттан,

Мәншүк әпке күн-түні

Жауға оқты боратқан.

Қосамыз біз өлеңге,

Айтамыз біз ән қылып.

Мәншүк әпке ерлігі

Ұмытылмас мәңгілік!

 

Жәнгбек Кәрбозин

Өзім-ақ

Біресе желе жортам,

Біресе шауып көрем.

Иеннен неге қорқам,

130

Жолды өзім тауып келем.

Таулардың жолы қиын,

Не деген қауіпті еді!

Атам мен әжем үйін

Өзім-ақ тауып келдім.

 

Жасаймын  шана

Қар жатыр аппақ,

Ойнауға жақсы-ақ.

Осындай шақта

Кім үйде жатпақ?

Әп-әйбат қана

Жасадым шана.

Жасауға шана

Келеді шама!

Жеп-жеңіл шанам,

Отырып алам.

Отырсын ағам,

Сынбайды шанам!        

Келеді шамам

Жасауға шана.

Сыйлаймын саған,

Жалынсаң маған.

 

Бұлақ

Былдыр-былдыр

Сөз айтуға асыққан

Сәбилердің тіліндей.

Сыңғыр-сыңғыр

131

Естілетін қашықтан

Қоңыраудың үніндей.

Бойды сылап,

Сылдыр қағып арықпен,

Шаршамайсың, ағасың.

Бұлақ, бұлақ,

Кең далаға барып сен,

Күн-түн сайран саласың.

 

Өзен-ау, өзен!

Күн күліп келді,

Қар кетті қашып.

Өзен-ау, енді

Қуаншы тасып,

Жағаңнан асып!

Тынықтың қыстай

Сен аунап-қунап.

Ал енді құстай

Аға бер зулап,

Аға бер шулап!

Тулай бер, өзен,

Шулай бер, өзен!

Күшіңді жазға

Сыйлай бер, өзен!

 Сыйлай бер, өзен!

 

Қарсы аламын

Мен апамнан

Үйіме бұрын жеттім.

132

Суық үйде отырар

Дірілдеп кім?

Үлкен пешке от жағып.

Дүрілдеттім!

Қойдым пешке

Шәугімді, шәйнекті де.

Үй жылынып кетті ғой

Әйбәт, міне!

Шәугім, шәйнек

Ысқырып ән салады.

Жып-жылы үйде

Апамды қарсы аламын

 

Оспанхан Әубәкіров

Каникул жыры

Қырдың гүлі,

Күннің нүры,

Қол бүлғайды сая бақ.

Асқар белдер,

Толқын көлдер,

Қүшақтайды аялап.

Еліміздің,

Жеріміздің

Жазы жәннат тамаша.

Дала қандай,

Қала қандай,

Көз тоймайды, қараса.

Шығысқа да,

Батысқа да

133

Бастап жүрді Күн мен Ай.

Жермен, көкпен

Серуендеткен

Каникулдың күндері-ай!

 

Сотқарбек

Мазақтайды, өкпелетіп кішіні,

Тентеқтігін айтып-ақ түр пішіні. Достарымен төбелесіп, сотқардың Шекесінен үзілмейді ісігі.

 

Бектенбек

Мынау біздің Бектенбек,

Аузы-басы көкпеңбек.

Сиқын көріп сабаздың,

Үркіп, шошып кеткен көп.

Берекесіз Бектенбек,

Оған айтар өкпем көп.

Бояушы емес,

Апырай,

Аузы неге көкпеңбек?!

 

Мәмбеттің Қулығы

Біздің Мәмбет шатақ-ақ,

 «Бермейді,— деп,— шоколад».

Мың құбылтып жылады,

Етпетінен жата қап.

Ұнатпадым Мәмбетті,

Тәттіге әбден дәндепті.

134

 Сол сол екен, дем алмай,

Кешке дейін «әндетті».

Қулықты ол табады,

Бұл-дағы бір амалы.

Бақырғаны болмаса,

Жылағаны шамалы.

 

Қастек Баянбай

Наурыз

Өніп еккен дәніміз,

Бүршік жарды бағымыз.

Сәскеде жаз,

Түнде қыс

Секілді екен наурыз.

Төлдеп жатыр малымыз,

Қазан толы сары уыз.

Сүті көп те,

Көмірі аз

Болады ғой наурыз.

Дастарқанда дәміміз,

Жайдарымыз бәріміз.

Көжесі көп,

Қыры көк,

Қандай жақсы наурыз!                                   

 

Белгісіз жауынгер зираты

Белгісіз жауынгер,

Басында от пен гүл.

Барлығы бауыр дер

135

Қасынан өткеннің.

Семсердей сермеліп,

Сынғанмен батырлар,

Гүл орап тербеліп,

От болып лапылдар.

 

Ашық күн

Атамның баяғы

Жаралы аяғы

Жауынды күндері

Ауырып қалады.

Көрпесін жамылып,

Жатады сарылып.

Кенет күн ашылса,

Кетеді сауығып.

Кешкісін атаның

Қойнына жатамын.

Сипаймын ақырын

Сүттей ақ сақалын.

Таң атса күлімдеп,

Жүрегім дірілдеп,

Атама жүгірем:

Күн ашық бүгін!— деп.

 

 

 

 

 

 

136

Көктем

Астанамның көгінде

Алаулаған күн қандай!

Алып ұшқан көңілге

Шаттык әуен құйғандай.

Бұлбұлдары сайраған

Бұйраланған бақ қандай!

Теректері жайнаған

Жасыл бантик таққандай.

Самал желмен таранған

Қызғалдақты қыр қандай!

 Жер бетіне сан алуан

Жалау өсіп тұрғандай.

 

Бірінші  қыркүйек

Қалың бала жиылған

Кең ауланы толтырды.

Жаңа келген қиырдан

Жыл құстары секілді.

Төңіректі түрленткен

Гүлдер неткен көп еді!

Қыркүйекте бір көктем

Мектепке өстіп келеді.

 

Иіс

Жайнатқан кең аймағын,

Атам бағбан айтулы,

Киімінен әрдайым

 Көк иісі аңқиды.

137

Дастарқаны толы дәм,

 Айнадай бар ыдысы,

Апамның ақ қолынан

Шығады нан иісі.

Бірақ інім басқарақ,

Оңдырмай жүр оқуын.

Күнделігін ашсаң-ақ,

Шығады иісі «екінің».

 

Альпинист

Өркешіне Алтайдын

Өрмелеймін талғанша,

Белімдегі арқанның

Бір тұтамы қалғанша.

Қамшылаймын талапты

Хантәңірін алғанша,

Қолымдағы таяқтың

Тебендейі қалғанша.

Алатаумен тұлғалы

Айқасамын палуанша,

Асқақтаған шыңдары

Аласарып қалғанша.

 

Қайрат Жұмағалиев

Алысқа,  ғарышқа

Бет түзеймін алысқа

— Бағытымнан аумаймын!

Шетсіз-шексіз ғарышқа

Корабльмен заулаймын!

138

Қорықпаймын қиыннан,

Бойлап ғарыш сырына,

Көз жіберсем қиырдан

Туған өлке қырына!

Сырын ашып ғаламның

Туған елдің бағына,

Құшағына даламның

Ораламын тағы да!

 

Кім  ойлап тапқан?

Сөздерді ең аяулы,

Жақсы көріп жаттадым.

Енді білдім оларды

Кімнің ойлап тапқанын.

«Ана» деген сөзді де,

«Аға» деген сөзді де,

«Әке» деген сөзді де,

«Тәте» деген сөзді де,

«Ата» деген сөзді де

«Апа» деген сөзді де,—

Ойлап тапқан балалар!

«Күнім, жаным» дегенді,

«Құлыншағым» дегенді,

«Ботақаным» дегенді,

«Қошақаным» дегенді,

«Айналайын» дегенді,

«Толған айым» дегенді,—

Ойлап тапқан аналар!

 

139

Нұрхан Жанаев

Батыр қыз

Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі.

Әлия аты — көңілде,

Әпкеміз деп жүреді.

Әпкеміз деп жүреді,

 Атын аңыз, жыр қылып.

Елдің батыр түлегі

Әр жүректе түр күліп.

 

Еңбек сүйсең...

Салақ болсаң жасыңнан,

Шыбын кетпес- қасыңнан.

Таза болсаң жасыңнан,

Сабын қалмас қасыңнан.

Жалқау болсаң жасыңнан,

Ұйқы қалмас қасыңнан.

Еңбек сүйсең, табылар

Бар жақсылық басыңнан.

 

Мұғалім

Білім алған өзіңнен

Дәрігер, ұшқыш, не ғалым.

Саған ыстық сезіммен

Қарайды жұрт, мұғалім.

Мен де өзіңді әрдайым

Қамқорым деп ұғамын.

 Күліп атқан таңдайын

140

Жарқынсың сен, мұғалім.

Өз үлгіңді ұстаймын,

Айтқаныңнан шығамын.

Мен балапан құстаймын.

Баулыдың сен, мұғалім.

Алда талай өтермін

Өмірдің зор сынағын.

Мақсатыма жетермін

Өнегеңмен, мұғалім.

 

Күнбағыс

Таңертең де күнге қарап тұрасың,

Түсте дағы күнге қарап тұрасың.

Кеш болса да күнге бетті бұрасың,

Сонда өзің, айтшы, кім боп шығасың? Таптым, таптым,

Күнді баққан,

Үкі таққан,

Күнбағыс боп шығасың.

 

Шаш қою

Алақай-ау, алақай,

Жаңбыр жауды, балақай!

Жердің шаңын басады,

Гүл қауызын ашады.

Жаңбыр сырын білеміз,

Біз жалаңбас жүреміз.

«Шашымыз тез өседі»,

— Қыздар солай деседі.

141

Алақай-ау, алақай,

Шаш қоямыз, балақай!

 

Ермек Өтетілеу

Отан

Отаңды біз атамекен

Деп аялап атаймыз,

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.

Отанды

Жас, кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз,

Өйткені онда бәріміз де

Туып, өмір сүреміз.

Отанды әркім анасындай

Қастерлейді, бағалап.

Өйткені, Отан баласындай

 Бізді өсірер аялап.

Отан деген — атамекен,

Отан деген — туған жер.

Отан — ана,

Отан — үлкен

Қазақстан — туған ел!

 

Мәнсіз не, сәнсіз не?

Жаз

Күнсіз,

Бақ

Гүлсіз.

142

Күн

Түнсіз.

Ән

Үнсіз —

Сәнсіз де мәнсіз.

Ине

Жіпсіз,

Шелек

Түпсіз,

Бояу

Түссіз,

Тағам

Тұзсыз —

Мәнсіз де дәмсіз,

Үстел Аяқсыз,

Шаңғы

Таяқсыз,

Өрмек

Өрнексіз,

Адам

Еңбексіз,—

Мәнсіз де сәнсіз!

 

Жаңаша жыл  санау

Тышқан жылы — тыңғылықты жыл басы, Сиыр жылы — сапалықтың жалғасы,

Барыс жылы — береке-ырыс тасқыны,

Қоян жылы — қажыр-қайрат қарқыны.

Ұлу жылы — ұйымшылдық үлгісі,

143

 

Жылан жылы — жаңашылдық белгісі, Жылқы жылы — жақсылықтың жеңісі,

Қой жылы — құт, қарымды еңбек жемісі. Мешін жылы — молшылықтың мәресі. Тауық жылы — тоқшылықтың төресі.

Ит жылы — игі, игерілген жұмыстар, Доңыз жылы — дәулет, сәулет құрылыстар.

 

АЛАҚАЙ

Көктем

—  Алақай, Алақай!—

Қуанды Балақай:

—  Қыс кетті,

Құс кепті.

Қар кетті,

Қыр кепті.

Көлдерде

Сең жүрді,

Белдерге

Сән кірді.

Гүл қаптап

Дөңдерді,

Күллі алқап

Көгерді.

Тоңбаймыз,

Күн күлді.

Тыңдаймыз

Бұлбұлды.

144

Ойнаймыз

«Тай-құлын»,

Тойлаймыз

Май күнін!

Туу көктен

Ніл көкпен

Нұр төккен

Бұл— Көктем!

 

Жаз

Мәз болды

Балақай: —

Жаз келді, Алақай!

Күн ұзақ

Күйдірді,

Түн аз-ақ

Кідірді.

Қаз да көп,

Көлде — аққу.

Жазда жоқ,

Күзде — оқу.

Ауылға

Барамыз,

Ойынға

Қанамыз.

Сай көлік

Табамыз —

Тай мініп,

Шабамыз.

Құмға аунап,

Күйеміз.

Суда ойнап,

Жүземіз.

Жайдары

Келді жаз,

Жас-кәрі

Болды мәз!

 

Күз

—  Алақай,

Алақай!—

 Шаттанды

Балақай:

—  Жез түсті

Күз түсті,

Жон үсті

Дән пісті.

Жер берді

Жемісті,

Игерді ел

Егісті.

Толымды,

Келісті

Тойлады

Жеңісті.

Сабақты

Сағындық,

Мектепке

Ағылдық.

Бір класқа

Көштік біз,

Бір жасқа

Өстік біз.

Береке —

Салты күз,

Мереке —

Алтын күз!

 

Қыс

—Алақай,

Алақай! —

Қуанды

Балақай: —

Күз ауды,

Қар жауды.___  

Құс кетті,

Қыс кепті.

Айдала,

 Бақшалар —

Айнала     

Ақша қар.

Шығамыз

Топ бала,

Соғамыз

Аққала.

Шанамен

Зулаймыз,

Шаңғымен

Зырлаймыз.

Бүрісіп,

Тоңбаймыз.

Жарысып,

Ойнаймыз!

Дала, қыр

 Күтеді

Жаңа жыл

Жетеді!

 

Төрт түсті жер үсті

Алқап бар —

Аппақ қар.

Тым сұсты

Қыс түсті —

Ақ түсті

Жер үсті.

Көл, бел, қыр  

Көгілдір.

Шықты дүр

 Көктем-гүл —

Көк түсті

Жер үсті.

Жалын — жон,

Жасыл дөң.

Көлде — қаз,

Қелді жаз —

От түсті

Жер үсті.

Жаңбыр, қақ,

Қоңыр бақ.

Тұлдыр түз —

Түсті күз —

Тот түсті

Жер үсті.

АҚ түсті,

КӨК түсті,

ОТ түсті —

ТОТ түсті —

Төрт түсті

Жер үсті.

 

Пай! пай!

Бұл бала

Қай бала?

Пай! Пай!

Қарашы,

Үстіне,

Өзіне!

Бір кіршік

Түсті ме,

Көзіңе?

Пай! Пай!

Тап-таза

Ақ қаздай,

Киімі

Мұнтаздай.

Пай! Пай!

Жарайсың,

Балақай!

Дейміз біз

Мадақтай:

Пай! Пай! Пай!

 

Бай! бай!

Бұл бала

Қай бала?

 Бай! Бай!

Қарашы,

Үстіне,

Өзіне:

Адам ба?

Түсті    не

Көзіңе?

Бет-ауыз

Кір айғыз

Бес батпан,

Мойыны —

Күс қатқан.

Тырнағы

Сояудай.

Бай! Бай!

Аяқ-қол

Жарылған,

Батпаққа

Малынған.

Бай! Бай!

Ұят-ай,

Балақай!

Дейміз біз

Мазақтай:

Көрінбе

Ешкімнің

Көзіне,

Жүрме енді

Сен бұлай!

Бай! Бай! Бай!

 

Абдрахман Асылбеков

Әдептілік әліппесі

Атам маған әманда

Әдепті жан бол деген.

Ата сөзі санамда —

Жасы үлкенге жол берем.

Алдын орап кісінің,

 Кесіп өтпей көлденең.

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп, қол берем.

Атам маған әманда

Кішіпейіл бол деген.

Ата сөзі санамда —

 Мақтанбауды жөн көрем.

Өзгелерден өзімді

Санамаймын жоғары.

Артық айтып сөзімді, 

Желпінгенім жоқ әлі.

Атам маған әманда

Әділетті бол деген.

Ата сөзі санамда —

Жүрем тура жолмеңен.

Қалдыратын ұятқа —

Жалған сөзге төзбеймін.

Жеткізеді мұратқа —

Тек шындықты көздеймін.

 

Бояушы

Сырлап зәулім сарайды,

 Таңдандырған талайды,—

 Көріп жүрсің сен күнде

Бояушы апай, ағайды.

Бояушылық — ол да өнер,

Үйге сәулет, өң берер.

 Жадырайсың сен-дағы,

Жайнап тұрса бөлмелер.

 

Совет Әлімқұлов

Отан

Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң, Ұлы Отан

Елім — менің тірегім,

Құшағыңда гүл атам.

Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң.

Сенен бақыт тарайды

Баршамызға Ұлы Отан.

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан.

 

Қалсын апам қуанып

Апамызды сыйлайық,

Үйдің ішін жинайық.

Бұрынғыдай егесіп,

Ерегісіп тұрмайық.

Қалмау үшін керісіп,

Кел, алайық келісіп.

Атқарайьіқ үйдегі

Жұмысты тең бөлісіп.

Кел, самаурын қайнатып,

Дастарқанды жайнатып.

Отырайық бөлмеде

Бөпемізді ойнатып.

Гүлдерді де суарып,

Еденді де жуайық.

Келген кезде жұмыстан,

Қалсын апам қуанып.

 

Сыбызғы

Қуанышпен қарсы алып

Жаздың жарқын әр таңын,

Сан құбылта ән салып,

Сыбызғымды тартамын.

Кең далама, тауыма,

Сызылтып

Ән сыйлаймын.

Сыбызғыммен маңыма

Достарымды жинаймын.

 

Оразақын Асқар

Апорт

Қарашы апорт алманы,

 Бетінде ұят бар қыздай.

Әр алманың салмағы

Кішігірім қарбыздай.

Бұған алма жетпейді,

Күллі әлем сүйінген.

Дәмі ауыздан кетпейді,

Хош иісі үйіңнен.

Көрсе Алматы апортын,

Тоқтайды бір жан қалмай.

Бейне светофордың

Қызыл оты жанғандай.

 

Шұғынық

Жұпар исі аңқыды,

Гүлге тұнып түр беткей.

Шұғынықтың әр түбі

Жинап қойған букеттей.

Гүл жоқ одан көрікті,

Тау еркесі — шұғынық.

Қыздар қызыл бөрікті

Отырғандай бұғынып.

 

 

Омарташы

Жүрсең өзен жағалай,

Өте алмайсың қарамай.

Қатар-қатар жәшіктер,

Бейне ойыншық қаладай.

Бір жоғары, бір төмен

Ұшады ара күркеден.

Омарташы ағай жүр

Бетін тормен бүркеген.

Бармағынан бал тамған

Ол — еңбеккер дарқан жан.

Бала түгіл, балына,

Үлкендер де тамсанған.

 

Хасенхан Талғаров

ТОРЫ ТАЙЫМ

Жастайыңнан бағып ем,

Бәсіре ғып торы тайым.

Сәндеп үкі тағып ем,

Кекіліңе әрдайым.

Іс басына барайын,

Орғи жөнел, торы тайым,

Жұмысқа енді салайын,

Саған мініп жортайын.

 

Көктем  белгісі

Жер бусанып,

Көк шығып,

Арықтардан су ақты.

Бүрлеп,

Өсіп көк шыбық,

Жұтып жатыр шуақты.

Көбелектер көлбеңдеп,

Ұшып-қонып жүреді.

Табысқандай

Жер мен Көк,

Елжіреп тұр жүрегі.

 

Жүсіп Қыдыров

Жұлдыздайын ағамыз

Ылғи өжет баламыз,

Жұлдыздайын ағамыз.

Шыр айналып, секіріп,

Мұзда ойнақ саламыз.

Зымыраймыз алға да,

Зымыраймыз артқа да.

Таң қалып тұр сәбилер,

Таң қалып тұр қарттар да.

Қандай жақсы сырғанақ!

Зуылдаймыз сырғанап.

Коньки теппей қорқақтар

Таңдай қаға тұр қарап.

 

Есләм Зікібаев

Жеңіс келді

Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді қалама...

Жеңіс келді әке боп,

Елдегі көп балаға.

Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән-көрік.

Жеңіс келді,

Алақай,

Тоя жейтін нан болып.

Күн көзінен арайлы

Нұрлы шуақ тарайды.

Әр ауылға,

Әр үйге ол

Жеңіс болып қарайды.

 

Сейіл Боранбаев

Көкше мұз

Көл бетінде көкше мұз,

Көкше мұзда қызық көп.

Сырғанаймыз кеште біз,

Айқыш-ұйқыш сызып кеп.

Қыза-қыза келгенде,

Құйын болып кетеміз.

Жүйрік деген желден де

Басып озып кетеміз.

 

Мұхтар Құрманалин

Кім  болғым келеді?

Тау мен тасты қопарар

Кенші болғым келеді.

Достық сәлем апарар

Елші болғым келеді.

Темір жонар екпінді

Токарь болғым келеді...

Жолда өткізер көп күнді

Шофер болғым келеді.

Ұлағатты атанған

Ұстаз болғым келеді.

 Бармағынан бал тамған

Аспаз болғым келеді.

Алар озып бәйгіні,

Малшы болғым келеді,

Талай жерге әйгілі

Әнші болғым келеді.

Жеткен жыры ғаламға

Ақын болғым келеді.

Ақ ниетті адамға

Жақын болғым келеді.

Ғарышқа ұшқан ағамдай

Көкке жеткім келеді.

Елім үшін аянбай

Еңбек еткім келеді!

 

Бәрін білем

Бақшаны баптай білем,

Күректі саптай білем.

Қойды қырқа білем,

 Шөпті арта білем.

Сурет сала білем,

Атқа шаба білем.

Суда жүзе білем,   

Жүзім үзе білем.

Өлеңді айта білем,

Домбыра тарта білем.

Үлкенді сыйлай білем

Төсекті жинай білем.

Жүнді түте білем,

 Қонақты күте білем...

Мінеки, бәрін білем.

 

Рамазан Тышқанбаев

Туған жер

Арайлап атқан таңы бар,

Өрісі толымалы бар.

Омарта толы балы бар,  

 Сыңсыған мойыл, талы бар.

Осындай жерде түлеген

Балапандардың бағы бар.

Жұп-жұмсақ жұпар желі бар,

Мөп-мөлдір айдын көлі бар.

Нөсерлеп құяр селі бар,

Бәйшешек толы белі бар,

Еңбекті сүйген ері бар,

Осындай менің жерім бар!

 

Бақтыбек Қозыкеев

Құс келді

Кешегі қар жоқ енді,

Қалды дала жалаңаш,

Күн нұрына кенелді,

Бүршік атып бар ағаш.

Келіп көктем құстары,  

Бау-бақшада ән салды

Оларды жас достары

Ұя жасап, қарсы алды.

 

Ақұштап Бақтыгереева

Әдемі сурет

Дайын қағаз, қаламым,

 Бояу таңдап аламын.

Ақ көгершін, көк аспан

Суретін мен саламын.

Төсіне кең даланың

Зәулім үйлер қаладым.

Ең биікке қадаймын

Елімнің көк жалауын!

Дүйсенбек Қанатбаев

 

Күлімде, күн, күлімде!

Күлімде, күн, күлімде

Жер жасарып көгерсін!

Кешегідей бүгін де

Қанат қақсын көгершін!

Күлімде, күн, күлімде,

 Бүлдіршіндер қуансын.

Қырдың көкшіл түгіндей

Қолдарына ту алсын!

Күлімде, күн, күлімде,

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ!

 

Мұғалім

Отанның ұланын

Баулыған мұғалім,

Өзіңсің ағытқан

Білімнің бұлағын.

Кәусарын білімнің

Құлшына сімірдім.

Ойыма жинадым,

Бойыма сіңірдім.

Мен — сенің көктемің,

Нұрыңмен көктедім.

Сол үшін өзіңе

Алғысым көп менің.

 

Ескек Елубаев

Кім?

Қарқылдайтын кім?

Қаңқылдайтын кім?

Шырылдайтын кім?

Ырылдайтын кім?

Сұңқылдайтын кім?

Мыңқылдайтын кім?

Қарға — қарқылдайтын,

Қаз — қаңқылдайтын.

Торғай — шырылдайтын.

Ит — ырылдайтын.

Үйрек — сұңқылдайтын.

Сабақ сұраса, айта алмай,

 Нұрлан — мыңқылдайтын.

 

Тағамдар

Жеді қызыл алманы, қызыл қарбыз,

Сол қалпында бала өңі —

                              Қызармады.

Жеді көктей қиярды,

                              Көк пиязды,

Сол қалпында бала өңі —

                                Көгермеді.

Жеді қара нан мен

                                Қарақатты,

Сол қалпында бала өңі —

                               Қараймады.

Жеді сары қауынды,

                              Сары өрікті, 

 Сол қалпында бала оңі —

                             Сарғаймады.

Ішіп еді қымызды

                            Ала жаздай,

Өңі  кіріп әппақ   боп  ағарғаны.

 

Шаңғы жол

Будақтайды буымыз,

 Қырау басты қабақты.

 Әрең-әрең сырғимыз,

 Тіліп өтіп алапты.

Шақырады шаңғы жол,

Шақырады алысқа: —

Намысты ойла, алда бол,

Түссең егер жарысқа!

 

Сұлтан Қалиев

Шілде   .

Жетсе шілде аптабы,

Аңызақ жел желпиді.

Таудың көк мұз, ақ қары

Өзен болып жөңкиді.

Жан-жануар балбырап,

Құстар әнге салады.

Бақша-жайға

Балбұлақ

Ырғып-ырғып ағады.

Кіргізеді бақ сәнін,

Шақырайып көкте күн.

Пісіреді бақшаның

Сан алуан көктерін.

Пісіреді даланың

Тербетілген егінін.

Шілде деген —Ананың   

Мейіріндей мейірім.

 

 

 

 

 

Жеңіс Қашқынов

Палуан

Білегінде бұлтыңдап

Бұлшық еті ойнайды.

Белдескенде қутыңдап,

Жеңіп шықпай қоймайды.

Кіріп кетіп ішіңе

Аяқтан да шалады

Сенгеннен соң күшіне,            

Тік көтеріп алады.                

Келіп қалса ыңғайға,                

Жамбасқа алып ұрады.               

Не мықтылар мұндайга               

Шыдай алмай құлады.                 

Жарыстарда жүлде алған,               .

Оган кім бар таласар?                    

Елдің атын шығарған                       

Ер десең де, жарасар.  

             

Жел  диірмен

Ескекке ұқсас қалағы

Желмен зырыл қағады.

Диірмен тасы айналып,

Еңбек әнін салады.

Жай айналып тұрмайды,

Ұнтақтайды бидайды.

Сауылдатып ақ үнды,

Наубайшыға сыйлайды.

 

Жұматай Жақыпбаев

Бейбітшілік болса

Алаулап гүл тұрады,

Туған жер құлпырады,

Бейбітшілік болса!

Түрленіп бақша, бағы,

Тірлік те жақсарады,

Бейбітшілік болса!

Үйлер де құламайды

Ешкім де жыламайды,

Бейбітшілік болса!

Балалар болады аман,

Аналар болады аман,

Бейбітшілік болса!

 

Серікбай Оспанов

Тілегіміз — бейбіт күн

Сары, ақпыз, қарамыз,

Бәріміз де баламыз.

Бір қалада тұрамыз,

Бір мектепке барамыз.

Ақ, қара деп бөлмейміз,

Бір жыл туған төлдейміз.

Туысқанбыз, татумыз,

 Биіктерге өрлейміз.

Біз — балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз — бейбіт күн,

Ашық болсын кең аспан!

Алматы қаласы

Жап-жасыл ағашы,

Қып-қызыл алмасы.

Ақ басты тауы бар—

Алматы қаласы.

Ақындар ағасы —

Тұр Абай данасы.

Көшесі көрікті,

Алматы қаласы.

Кешкілік қарашы,

Шамдарын санашы.

Қызылды-жасылды

Алматы қаласы.

Қосылған әнге аты,

Өшпейді мәңгі аты.

Жәннаты жерімнің —

Астана — Алматы!

Жарасқан Әбдірашев

Отан

«Отан — атам,

Отан — әкем!»

Осы сөзім қате ме екен?!

Қате болса,

Неге біздер

Дейміз оны: «Атамекен?!»

«Отан — әжем,

Отан — анам!»

Құшақ жайған қатар маған.

—«Туған ел!»— деп,

«Туған жер!»— деп,

Ол бекерге аталмаған...

Атам,

Әжем,

Әкем,

Анам —

Төртеуі де «Отан!» маған.

Төртеуі де «Ботам!» дейді,

«Ер азамат атан!» дейді...

Мақтанамын Отаныммен,

Отаныма «Ботамын!» мен...

 

Алфавит сыры

—  Алфавиттің

                     А тұрады басында,

Әрқашанда     

                      Ә тұрады қасында,

Байқадың ба

                       Б тұрады үшінші,

Ал, осының сыры неде?

—  Түсінші:

                         А деген ол —

Аналар ғой ардақты,

                         Ә деген ол —

Әкелер ғой салмақты,

                         Б деген ол —

Балалар ғой әдемі,

                         Біздің елде

Үшеуі де кәделі...

Алшақ кетпей,

                       Сондықтан да, расында,

Түрады олар

                       Алфавиттің басында!..

 

Шофер

Шофермін

                   жарысқан желменен.

Және де

                   күштімін мен деген.

Мынаны қара деп,

                     бала деп,

Тұрмаңдар көлденең,

                     Бе-бе-е-п!

Қалды артта

                   тақыр да, сорлар да,

Асу да, белес те, орлар да, Келемін самғатып,

шандатып, Түрмаңдар   жолымда:

Бе-бе-е-п! Жаз келіп,

жайқалса мол егін. Тасимын,   '

қолғабыс беремін. Қалай мен қүстайын

үшпайын,

Асығып келемін:

Бе-бе-е-п!

 

Күләш Ахметова

Әже

Сөзімді дұрыстайтын әже,

Айғайлап ұрыспайтъш әже,

Қыдырса, ерте кететін әже,

Ылғи да еркелететін әже,

«Алысқа кетпе» дейтін әже,

Келмесем, өкпелейтін әже,

Бәрі де жүреді есімде, әже,

Ойынға досым шақырым тұр,

 Апама айтпай, жібересің бе, әже!

 

Несіпбек Айтов

Боран

Боран, боран, борама,

Түтеп кетсең, бола ма?!

Атам қайтсын өрістен,

Қойлар енсін қораға.

Неткен содыр борансың!

Аптықпа, әлі борарсың.

Ел орынға отырсын,

Жолаушылар оралсын.

Мейлің сонсоң гуілде

Мұржалардың түбінде.

Тындап тынбас әнінді,

Отырайын үйімде.

 

Қартаймайды күн неге?

— Күннен уақыт озбай ма?

Күн мұжылып, тозбай ма?

Қартаймайды Күн неге,

Арымай ма, азбай ма?

— Жердегі бар сәбиді

Өзі ғана таниды.

Үлестіріп шуағын,

Аралайды әр үйді.

Нұры көпке жетеді,

Жерді айналып өтеді.

Бөбек көрсе, басынан

Бір-бір сипап кетеді.

Әр бүлдіршін күлгенде,

Жасарады бір демде.

Сондықтан да ғұмыры

Бітпейді оның білгенге!

 

Шыңға шықтым

Шыңға шығып ертемен,

Қарап едім мен төмен:

Жіңішкерді өзендер,

Кішірейді кезеңдер.

Үйлер қалды жүктей боп,

Жолдар қалды жіптей боп.

Тастар болды түймедей,

Талдар болды инедей...

Өрлей берсем әріге,

Кішірейер әлі де.

 

Байбота Серікбаев

Абылай

Жан-жақтан бәрі қысқанда,

Айырып жау мен жақынды,

Қаптаған қалың дұшпанға

Ұрандап шықтың атыңды:

               Абылай! Абылай! Абылай!

Қабанбай — белді батырың,

Ісіңді тәңір оңғарды:

Тас-талқан қылып шатырын,

Жеріңнен қудың жоңғарды,

               Абылай! Абылай! Абылай!

Бас қосты сенің қасыңда

Үш Жүздің барлық ұланы.

Ғасырдан жетіп ғасырға,

Болдың сен елдің ұраны:

              Абылай! Абылай! Абылай!

 

Археолог

Сауран, Бестам, Сығанақ

Сырлары мол ашпаған.

Жер астынан сығалап,

Жатыр көне тостаған,

Саңатқа көп қосылар

Сансыз қала құмдағы.

Шақырады Отырар

Шешілмеген жұмбағы.

Қалақшамен тынбастан

Қазып төбе, обаны,

Қалаларды құм басқан

Ағам аршып алады.

Қарсылық қып жауларға,

Қамал қанша құлаған?!

Тарих бетін аударған

Археолог — бүл ағам!..

 

«Тір-ші-лік! тір-ші-лік!»

Ағады долы өзен күрсініп,

Түнеріп тұр шатқал

Тау дағы.

Шымшықтар:

—  Тір-ші-лік!

—  Тір-ші-лік!—

Деп әнге бөледі ауланы.

Келеді шығыстан күн шығып,

Аспаннан алтын нұр саулады.

Шымшықтар:

—  Тір-ші-лік!

—  Тір-ші-лік!—

Деп әнге бөледі ауланы.

 

Жұмаш Кененбаев

Теміржолшы

Поезд,

Поезд — солында.

Поезд, поезд — оңында.

Теміржолшы аға жүр

Жалаушасы қолында.

Көз жанарын қадауға,

Жалықпайды қарауға.

Бағынады бар поезд

Қолындағы жалауға.

Дүбірлетіп даланы

Поезд кетіп барады.

Жолаушылар қол бұлғап,

Құттықтайды ағаны!

 

Рахымжан Өтегенов

Кітапқа

Өлең болсын,

Ән болсын,

Беттеріңнен оқимын,

Өзің болып жан досым,

Сырласумен отырмын.

Өлең болсын,

Ән болсын,

Жаңылмастан жаттаймын.

Жақсы болып,

Жан досым,

Сеніміңді ақтаймын.

 

Әбубәкір Қайранов

Геолог

Біздің Отан жеріндей

Жер жоқ, кеннің бәрі бар.

Іздеп соны ерінбей,

Геологтар сарылар.

Асыл іздеу — азап бұл —

Шарлап тау мен даланы,

Ақырында ғажап бір

Кеннің көзін табады.

Түлетеді жондарды,

Жаңартады дала үстін.

Біз білеміз оларды

Ұрпағы деп Қаныштың.

 

Өтепберген Ақыпбеков

Түнгі тыныштық

Түн жапты түндігін,

Ай көкке асылды.

Ит қойды үруін,

Айқай-шу басылды.                              '

Ызың жоқ сәл, тіпті,

Шыбын да ұшпайды.

Тыныш түн — Тәртіпті

Класқа ұқсайды.

 

Наурыз

Наурызда күлімдеп,

Күн нұры төгілді.

Өзгеше бүгін леп,

Желпінтер көңілді.

Жылғалар былдырлап,

Тыншуды білмеді.

Сырғасы сылдырлап,

Тал-қайың бүрледі.

Тыраулап тырналар,

Көктемді жырлайды.

Көк қуып қырда мал,

Байласаң, тұрмайды.

«Әбігер жүрт неге?»—

Деп бекер таңданба.

Қайнатып құрт көже,

Той қамын қамдауда.

Күн сайын қырқалар,

Құлпыра түскендей.

Дала да бусанар,

Құрт көже ішкендей.

Наурызды халқымыз,

Жыл басы санайды.

Көнермес салтымыз,

Көктемдей арайлы.

 

Шәрифолла Сәниев

Өссем екен тезірек...

Отқа салса күймейтін,

Суға салса батпайтын,

Жаудың оғы тимейтін,

Өзгеге оқ атпайтын

Батыр болып өссем-ау!

Елге ойлы жыр айтар,

Әрбір сөзі дәрідей,

Жылағанды жұбатар

Ақылы мол кәрідей

Ақын болып өссем-ау!

Бақты күткен мәуелі

Жөн бе бағбан болғаным?!

Жігіт болсам әуелі,

Қиын емес қалғаны —

Тез тезірек өссем-ау!

Көктем

Күн де, жер де,

Бұлт та, жел де —

Бүгін қандай жайдары!

Қыстың қары,

Сынып зәрі,

Жоғалыпты айбары.

Мөлдір суға,

Қиқу-шуға

Толған дала сайлары.

Нұрға асығып,

Гүл басының

Желбірейді айдары.

 

Қайырғазы Исалин

Менің ағаларым

Баптаған егінін,

Халқына ұнаған,

Мақтаны елінің

Егінші — бір ағам.

Барады алдына

Балалар, кәрілер.

Адамның бағына

Бір ағам — дәрігер.

Баулыған биікке

Балапан қыранын,

Ісімен сүйікті

Бір ағам — мұғалім.

Бір ағам — жылқышы

Үйреткен тай-құлын.

Өткізді бұл кісі

Қырда сан ай-күнін.

Қашанда елгезек

Ағалар сияқты,

Өсемін

Мен де өжет,

Бала боп ұятты.

 

Көмек Ыбраев

Әйбат есімдер

Бақыт,

Бейбіт,

Тынышбек,

Гүлнұр,

Аққу,

Ырысбек,

Қайрат,

Жеңіс,

Еламан,

Сәуле,

Шуақ,

Құрышбек,—

Көңілге түй сен мұны,

Әр бүлдіршін — ел гүлі.

Бақытты елде туғаның

Есіміңнен белгілі.

 

 

Аттастар

—  Батырларды аташы,—

Деді Бекке атасы.

Бек сәл ғана бөгелді,

Сосын сайрай жөнелді:

—  Талғат,

Мәншүк,

Төлеген,

Тарғын,

Қамбар,

Өтеген,

Нұркен,

Мәлік,

Қабанбай,

Бауыржан мен Бөгенбай...

Соңың бәрін құп алып,

Атасы тұр қуанып.

Атағандар ол атын —

Өз достары болатын.

 

Қабылхан Күзембаев

Қыран

Жалт-жұлт етіп жанары,

Бейне оттай жанады.                 

Тұғырында талпынып,

Қанаттарын жаяды.

Ұшырып жас қиялды,

Шоламыз біз қиянды.

Биіктерге қараймыз,

Үлгі тұтып қыранды.

 

Мұрат Қуанышбеков

Сен бақытты ұлансың!

Анаң — күнің, жүрегің,

Әкең — өмір тірегің.

Сен — бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

Әжең — асыл ардағың,

Атаң — дана қорғаның.

Сен — бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

Ағаң — қамқор асқарың,

Інің — мөлдір аспаның.

Сен — бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

Қарындасың — қанатың,

Ел — Отаның — жаннатың.

Сен — бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

 

Бейсебай Кірісбаев

Омарташы жыры

Араларым гуілдейді,

Араларым гүл іздейді!

Бал іздеп сай түбіндегі

Омартаға Қонжық келді,

Араларым кіргізбеді!

Ары асып көкшіл белден,

Шырын сорып көп гүлдерден,

Араларым бал әкелді.

Бірі емес,

Бәрі әкелді!

Бәрекелді!

Бәрекелді!

 

Хат тасушы

Достарымнан, таныстан,

Ата, көке, әженің

Әкеледі алыстан

Ыстық-ыстық сәлемін.

Оған ортақ әр үйдің

Қуанышы, шаттығы.

Бәрі оны таниды,

Хатқа толы қапшығы.

Менің көкем әскерде

Туған елден жүр алыс.

Хат тасушы сол жақтан

Әкелсе екен қуаныш.

 

Асқар Кіребаев

Уәде

Жүгірмеймін дедектеп,

Ісірмеймін шекемді.

«Саған осы керек!» — деп,

Жылатпаймын бөпемді.

Құс ұясын бұзбаймын,

Бүлдірмеймін жейдемді.

Қабырғаны сызбаймын,

Жинап қоям бөлмемді.

Сыртқа желең шықпаймын,

Мұздай су да ішпеймін.

Мезгілінде ұйқтаймын,

Шалшық суға түспеймін.

Бос шимайлап, шатпақтап,

Дәптерді де жыртпаймын.

Бір күн болмай сатпақтап,

Киімімді құртпаймын.

 

Шопан ата

Мекені — тау арасы, дала төрі,

Астында ойнақтаған .қаракері,

Мыңғыртып қой өсірген ер шопанның Еңбегі ел мен жұртын таң етеді.

Жан бағып,

Көлеңкеде құр жатпаған.

Дидарын дәйім аптап,

Күн қақтаған,

Қайтпаған қара дауыл,

Бораннан да,

Еңбегі шопан ата қымбат маған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҮШШШІ БӨЛІМ

(Ересектер үшін)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Асанқайғы

 

Таза мінсіз асыл тас

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас

Жел толқытса, шығады,

Ой түбінде жатқан сөз

Шер толқытса, шығады.

 

Қайтіп күн көрер?

Құйрығы жоқ, жалы жоқ

Құлан қайтіп күн керер?

Аяғы жоқ, қолы жоқ

Жылан қайтіп күн керер?

Шыбын шықса, жаз болып,

Таздар қайтігі күн көрер,

Жалаң аяқ балапан,

Қаздар қайтіп күн көрер?

 

Шалкиіз жырау

Шағырмақ бұлт жай тастар,

Ағытқан қойды жол бастар,

Ақ желкенді жел бастар,

Әділ төре ел бастар,

Батыр жігіт қол бастар,

Аға жігіт жол бастар,

Шешен адам сөз бастар,

Құсты жисаң, бүркіт жи,

Қыс тонынды түлкі етер,

Бір жақсымен дос болсан,

Азбас, тозбас мүлкі етер,

Бір жаманмен дос болсаң,

Күндердің күні болғанда,

Бүкіл ғаламға күлкі етер.

Айырдан   туған жампоз бар

Жүгін нарға салғысыз,

Арғымақтан туған будан бар

Күнінде көрінім жерді алғысыз,

Жаманнан туған жаксы бар

Адам айтса, нанғысыз,

Жаксыдан туған жаман бар

Күндердің күні болғанда,

Бір аяқ аска алғысыз.

 

Бұқар жырау

Ауылда адам бар болса,

 Ауыл ала болмайды,

Ел иесі күт болса,

Халқы ала болмайды.

Үлгісіз сөз болмайды,

Мақтасыз без болмайды,

Сөз ұғарлық ер болса,

Айтылмас шын сөз болмайды,

Алтындай асыл сөзінді

Қадіріне жетіп, бағалап,

 Тыңдайтын ер кез болмайды.

Ежелгі дұшпан ел болмас,

Етекті кессең, жең болмас.

Қараша торғай қаз болмас,

Шағала келмей, жаз болмас.

Шаңқан болмай, боз болмас,

Өзіңнен тумай, ұл болмас,

Сатып алмай; құл болмас.

Екі жақсы қас болмас,

Екі жаман дос болмас.

Дос болғанмен, хош болмас.

Екі жақсы дос болмас,

Дос болса, түбі бос болмас.

Асқар таудың өлгені —

Басын мұнар шалғаны,

Көктегі бұлттың өлгені —

Аса алмай таудан калғаны.

Ай мен Күннің өлгені —

Еңкейіп барып батқаны,

Айдын шалқар өлгені —

Мұз болып, тастай қатқаны.

Қара Жердің өлгені —

Қар астында жатқаны.

Өлмегенде не өлмейді?

Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді.

Бай болмаған бай болса,

Жайламаған сай қоймас.

Би болмаған би болса,

Айтылмаған сөз қоймас.

Хан болмаған хан болса,

Қанамаған ел қоймас.

Шал ақын

Саясы жоқ бәйтерек

Саздауға біткен талмен тең,

Жақсы ағаңыз бар болса,

Алдында сары белмен тең,

Ағайының көп болса,

Ұлық бір шеру қолмен тең,

Ақылсызға сөз айтсаң,

Алды бір тұйық жармен тең,

Ұстаздан сабақ алсаңыз,

Алуан шекер балмен тең.

Пайдасы жоққа жалынсаң,

Семіз бір жемқор малмен тең,

Жетесі жаман жігіттер

Тоқсандағы шалмен тең,

Жаманнан көрген корлығың

 Кекірекке біткен шермен тең,

Бір қалған соң көңілің,

Қаңтарда қатқан мұзбен тең.

 

Махамбет Өтемісов

Ереуіл атқа ер салмай

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

 Қоңыр салқын төске алмай,

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Өзіңнен туған жас бала

Сақалы шығып жат болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық, шөл көрмей,

Өзегі талып ет жемей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебінгі теріс тағынбай,

Темір қазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай

Ерлердің ісі бітер ме?

Мен, мен едім, мен едім,

Мен Нарында жүргенде,

 Еңіреп жүрген ер едім.

Исатайдың барында,

 Екі тарлан бөрі едім,

Ерегіскен дұшпанға,

Қызыл сырлы жебе едім.

Жақсыларға еп едім,

Жамандарға кеп едім.

Ерегіскен дұшпанның

Екіталай болғанда,

Азыққа етін жеп едім.

Хан баласы ақ сүйек,

Ежелден табан аңдысқан,

Ата дұшпан сен едің,

Ата жауың мен едім.

Ежелгі дұшпан ел болмас,

Етектен кесіп жең болмас!

Хан баласы ақсүйек —

Байеке, сұлтан сен болып,

Сендей нарқоспақтың баласы,

Маған оңаша жерде жолықсаң.

Қайраннан алған шабақтай,

Қия бір соғып ас етсем,

Тамағыма қылқаның кетер демес ем.

 

Ерлердің ісі бітер ме?

Беркініп садақ асынбай,

Біртіндеп жауды қашырмай,

Білтеліге доп салмай,

Қорамсаққа қол салмай,

Қозы жаурын оқ алмай,

Атқан оғы жогалмай,

Балдағы алтын құрыш болат,

Балдағынан қанға боялмай,

Қасарысқан жауына

Қанды көбік жұтқызбай,

Халыққа тентек атанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?!

 

Дулат Бабатайұлы

Сәні жоқ...

Асқар таудың сәні жоқ

Төрт түліктің қонысы,

Басылмайтын сонысы,

Көк майса белі болмаса.

Өзен судың сәні жоқ

Өрлеп құлай қонатып,

Жағасы малға толатын,

Аймақты елі болмаса.

Қопалы жердің сәні жоқ

Тұңғиық мөлдір үйірім,

Көз болжамас қиырын,

Айдын көлі болмаса.

 

Ыбырай Алтынсарин

Бұл кім?

«Бала, бала, бала!» — деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде-бесік таянған.

Аялы қолда талпынтқан,

Қаймақты сүттей қалқытқан,

Суық болса, жөргегін

Қорғасын оқтай балқытқан.

Айналасына ас қойып,

Изелі көлдей шалқытқан.

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей,

Исін жұпар аңқыткан.

 

 

 

Өзен

Таулардан өзен ағар саркыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық.соқса бір қалыпта, Аралап тау мен тасты арқыраған.

Көңілін суын ішсең, ашылады,

Денеңде бар дертіңді қашырады.

Өксіген оттай жанып жануарлар

Өзеннен рақат тауып басылады.

 

Абай Құнанбаев

Ғылым таппай мақтанба

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашык бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз,

 Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ —

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой —

Бес асыл іс көнсеңіз...

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз.

Болмасаң -да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз,

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып, сөнсеңіз,

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға кеңіл бөлсеңіз...

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма-жыл...

 

Қыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр-мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Дем алысы — үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды

 Ұшпадай   бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сіліксе, қар жауып, мазанды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

 

Күз

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан.

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай, Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

 

Жазғытұрым

Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу, Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр кағып, бұраңдап ағады су.

Көл жағалай мамырлап ку менен қаз, Жұмыртқа іздеп, жүгіріп, балалар мәз. Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда,

Жарқ-жұрқ етіп ілінер көк дауылпаз.

 

Жаз

Жаздыгүні шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек

Ұзарып өсіп толғанда,

Күркіреп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғанда,

Шұрқырап жаткан жылқының

Шалғыннан жоны қылтылдап,

Ат, айғырлар, биелер

Бүйірі шығып, ыңқылдап,

Суда тұрып шыбындап,

Құйрығымен шылпылдап,

Арасында құлын-тай

Айнала шауып бүлтылдап,

Жоғары-төмен үйрек, қаз

Ұшып тұрса сымпылдап...

 

Желсіз түнде жарық ай

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны—терең сай,

Тасыған өзең гүрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы,

Сыбырласып өзді-өзі,

Көрінбей жердің топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі...

 

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Шәкәрт ойы

Қаранғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып, күн болам! Қараңғылықтың кегіне

Күн болмағанда, кім бояам?..

 

Асыл сөз

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.                              

Адамдықты көздесең,

Жаттап, тоқы кеңілге.                           

Сөз мәнісін білмесең,

Өлең оқып не керек?

Не айтқанын сезбесең,

Жарапазан не беред?

 

Шығармын тірі болсам

Адам болып

Шығармын тірі болсам адам болып, Жүрмеймін бұл жаһанда жаман болып, Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе, Жүргенше өмір сүріп надан болып.

Мен балаң, жарық күннен сәуле қуған Алуға, күнді барып, белді буған.

Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін. Болмасам толған айдай балкып туған.

Бұл сөзім асып айтқан асылық емес, Ойында оты барлар асылық демес.

Тебем деп, тірі болсам надандықты,

Серт етіп, өз-өзіме еткем егес

 

Қала ақыны мен дала ақыныныц айтысқанынан.

Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын, Ұранға «алаш» деген атты аламын. Сүйгенім — қазақ өмірі, езім — қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!

Ерікті ен даланың құсынша ұшып,

Ер жеттім кеңшіліктің сүтін ішіп.

... Алтай, Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық,

Арасын қоныс қылдым ірге жайып.

Елім, жерім, қорғайтын ерім болып,

Ер жеттім ен далада лықа байып.

Ер Түрік ұрпағымын даңқы кеткен,

Бір кезде Еуропаңды тітіреткен.

Кіргені есік, шыққаны тесік болып, Күнбатыс, Күншығысқа әмірі жеткен.

Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын, Ұранға «алаш» деген атты аламын. Сүйгенім — қазақ өмірі, өзім — қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын!

Сүйдіріп, жүрегімді тартқан менің, Сарыарқа, Сарыдала — туған жерім.

Көк күмбездің астында көк масаты Сәулемен алтындаған сары белім.

Кең дала, шаңсыз ауа, таза қоныс,

Исі аңқып, бетім сүйген самал желім. Кіндік болып, мал менен жанды өсірген, Жаз жайлау, күзгі күзек, қысқы тебін.

Сүйемін туған тілді — анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Сол тілмен шешем мені әлдилеген, Еркелеткен, «құлыным», «жаным» деген. Сол тілменен бірінші білгізілген:

«Ана» деген сүйгендік сөз әм менен.

Қылжақтап, алып қашып құрбы бөркін,

Сол тілменен ойнадым далада еркін.

Сол тілменен бірінші сыртқа шыққан Өмірден ен далада ұққан көркім...

 

Шәкәрім Құдайбердиев

Жаз келер

Жаз келер, қыстыгүні қысым өтіп,

Қар, суық, аяз, боран — бәрі кетіп. Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды, Табиғат барша жанға рахым етіп.

Жетпекке үлкендікке жас балалар,

Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп.

Шал-кемпір күншуақтап, көңілі жай боп, Өткен күн, өмірін айтып, күбірлесіп.

Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып,

Қуанып ойнақтайды, олар да өсіп...

Ақ жүрек пен таза ақыл,

Қылсаң адал еңбек,

Бәрінен де сол мақұл,

Артқыға жол бермек..

Сен бола көр аққа жақ,

Болам десең адам,

Адал еңбек берер бақ,

Бассаң соған қадам...

 

 

 

Ахмет Байтұрсынов

Тарту

Балалар, бұл жол басы даналыкқа,

Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та,

Бұл жолмен бара жаткан өзіңдей кеп, Соларды кере тұра қалалық па?!

Даналық — өшпес жарық, кетпес байлық, Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!

 

Адамдық диқаншысы

Адамдық диқаншысы қырға шыктым,

Көлі жоқ, көгалы жоқ — қорға шықтым Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, Көңілін көгертуге күл халықтың...

 

Мағжан Жұмабаев

Балалық шақ

Балалық шағы — Патшаның тағы —

Тіл жетпес оны бағалап.

Көп өтпей жыл,

Тек жүрмей, біл

Ілгері күнді сағалап.

Үйрен білім жастықта,

Білмей өс жанға қастық та!..

 

Мен жастарға сенемін

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты —

Қырандай күшті қанатты.,

Мен жастарға сенемін!

Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар,

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін!

Жас қырандар — балапан,

Жайып қанат ұмтылған.

Көздегені көк аспан,

Мен жастарға сенемін!

Жұмсақ мінез жібектер

Сүттей таза жүректер,

Қасиетті тілектер —

Мен жастарға сенемін!.

Мен сенемін жастарға —

Алаш атын аспанға

 Шығарар олар бір таңда,

 Мен жастарға сенемін!

Жетсе егер қорқынышты қара түнім,

Басса дерт, әлім құрып, шықпай үнім,

Көңіл ашар, кеудеме жан кіргізер

Өлең — менің Шолпаным, Айым, Күнім.

Күншығыстан таң келеді — мен келем,

Көк күніренеді, мен де көктей күңіренем Жердің жүзі қараңғылық қаптаған,

Жер жүзіне нұр беремін, Күн берем!

Ақын — жел, есер, гулер жүйрік желдей, Ақын — от, лаулап жанар аспанға өрлей, Қиялы, жан жүрегі — ойнаған от, Ақынды аласұртар тыныштық бермей...

Міржақып Дулатов

Оян, қазақ!

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.                

Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп, Қазағым, енді жату жарамасты.

Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш. Емеспін жемісі кеп тамаша ағаш.

Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі — Пайдалан, шаруаңа жараса, алаш!

Алыстан алаш десе, аттанамын,

Қазақты қазақ десе, мақтанамын.

Болғанда әкем — қазақ, шешем — қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын.

 

Шолпан Иманбаева

Үлгі сөз

Үлгілі сөз,

Бола ма кез,

Оқып, біліп жазбаса?

Алтын мен жез,

Алынбас тез

Еңбектенің қазбаса.

Тіліңнен шығар,

Басқалар ұғар,

Көңілдің шерін қозғаса.

 

 

 

Жамбыл Жабаев

Алатау

Тізілген таулары бар Жетісудың,

Ішінде орман, тоғай біткен нудың. Дариядай сол таулардан тулап тасып, Көресің тамашасын аққан судың.

Есепсіз тау суреті көз жетпейтін,

Жырлауға қазнасы көп тіл жетпейтін

Өрік пен алма, алмұрт, жемістер көп

Бір татсаң, аузыңнан дәм кетпейтін

Қарлы тау басы биік мұнар кетпес, Сырласып бұлттарменен болған кептес Түрлі аңдар мекен етіп, өніп-өсіп

Жүреді бір-бірімен боп тілектес.

Арыстан, аю, қасқыр, түлкі, борсық,     Сілеусін, жолбарыстар түнде жортып Тулаған аққан бұлақ тасқынында

Асаудай ойнақ салар балық шоршып

Етегі сол таулардың мидай тегіс,

Тегіс жер гүлін жарған миуалы епс,

 Еліне мекен етіп еңбек қылған

Жегізер аямастан түрлі жеміс.

Алатау Жетісумен құшақтасқан,

Еліне қазыналы қойнын ашқан.

Бауырында Алматыдай астанам бар —

Бауырлас орыс, қазақ араласқан.

Жайлау бар бұл тауларда шөбі шалғын,

Көк майса ойы-қыры — бәрі балғын

Қызығын кек жайлаудың көрем десең,

Шалғынға бауырың төсеп жатып алғын

 

Төлеген ер

Ерлікпен өлген еркін жас,

Арманына жетпеді.

Қайраулы тұрған еді алмас,

Оқыста сынып кеткені.

Кегін алар миллион жас,

Құрыштай қайнап кектері.

Алпарысқан дұшпаннын

Қанын судай төккелі.

Жөнкіліп жау қашқанда

Табылмас келген өткелі.

Қазақтан шыққан жас ұлан

Жалындады, жайнады.

Алтайдан ұшқан ол қыран,

Тұяғын өткір қайрады.

Болат еді-ау тұяғы,

Өткір еді қияғы.

Жауды алыстан болжайтын,

Көргіш еді қырағы.

Төлегендей батырға,

 Не айтсам да сияды.

Жас та болса ерлігі,

Жүрегіме ұнады.

Атылып тұрған оқтан да,

Қатпады ол, шыдады.

Қан төгіскен майданда

Ерді халық сынады.

Телегендей батырды

Өлді деуге келмейді.

Ер екен тапқыр ақылды,

Ерлігі оның өлмейді.

 

Қасым Аманжолов

Көктем

Сансыз көкек сұңкылдап,

Көктем келді ертелеп:

Нәзік үнмен сыңқылдап,   

Бұйра бұлақ еркелеп.

Асау өзен арқырап,

Асқар таудан дүркіреп.

Айдын жатыр жаркырап,

Алды дала бір түлеп.

Көкте бұлттар күркіреп,

Жерге текті өрмегін.

Жауды жаңбыр сіркіреп,

Мейірленіп жерге күн.

Көктем күйін бастады

 Өз өнерін асыра:

Қысты қуып тастады

Асқар таудың басына.

 

Май келеді

Май келеді, май келеді,

                             Шық тысқа!

Қып-қызыл күн дөңгеледі

                           Шығыста.

Көк алаңда

                  Қонды қызыл жалаулар,

Май келеді!

                  Ерте тұрып қараңдар...

Бүл өлкенің

                   Таңы қандай арайлы!

Адам түгіл,

                    Тас күлімдеп қарайды.

Алып завод

                     Беріп таңның хабарын,

Шымырлатты

                     Жан жүйесін қаланың.

Алтын кірпік,

                      Дөңгелек көз күлімдеп,

Май келеді!

                      Желкілдейді көк желек.

 

Тайыр Жароков

Жырла, бөбек!

Жырла, бөбек, бал бөбек,

Шырқап әнге сал, бөбек,

аң шапақтап атканда,

Қызыл арай жаққанда,

Шырқап ұшып бозторғай

Көкте қанат қаққанда,

Бұйраланып, сылдырап

Таудан бұлақ аққанда,

Қонып таңнан бұтақка

Бұлбұл сайрап жатқанда,

Өмірдең алып енеге,

Жырламай, бөбек, немене?

Жырла, бөбек, жан бөбек,

Жырың шырын, бал бөбек!

Балаусалы жайнаған

Шағында шалкып ойнаған,

Сызылтып таңнан ән салсан —

Бұлбұл да тыңдар сайраған;

Жалынды жас балуан,

Бұлшық етін ойнаған,

Жастық қайрат, жігерің

Жай тасындай қайнаған,

Көзің шыңның шолпаны,

Бетің қызыл алмадан.

Өркенісің өмірдің

Түлетіп таңнан таңдаған,

Алатаудан ән салсаң

Даусыңды әлем тыңдаған.

Жырла бөбек, жан бөбек!

Жырың шырын, бал бөбек,

Алтын өмір бесікте

Сені сәулем тербеткен,

Баулыған Отан-ананың

Ұланысың ер жеткен.

Әлпештеп сені өсірген

Сендер отан түлегі,

Жүрегіңмен бір соққан

Оның да ұлы жүрегі!

 

Мәриям Хакімжанова

Мектеп — ана

Анамдай асыл мектебім,

Құшағы нұрлы көктемім.

Өмірдің аттап өткелін,

Қойныңда өсіп көктедім.

Бағыңда құстай сайрадым,

Қырыңда гүлдей жайнадым.

Сәулетті дарқан бесігім,

Тербеліп жүрмін осы күн!

 

Сапарғали Бегалин

Құлыншақ

...Құлақ қадап құрақтан,

Тұяқ киіп болаттан,

Кекіл тағып үкіден,    

Түгін алып құндыздан,

Көзін алып жұлдыздан,

Томағадан сауыр сап

Туды ма екен құлыншақ?..

Әлде көлдің суынан,

Әлде судың буынан,

Әлде қырдың желінен,

Әлде желдің лебінен,

Әлде сүйрік жалыннан,

Шалғында өскен балғыннан,

Әлде бақша гүлінен

Әлде ақынның тілінен

Туды ма екен құнтиып,

Мінсіз боп қана жұнтиып?

 

Өтебай Тұрманжанов

Туған өлкем

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған елкем!

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

 Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

Түлігі өскен алуан-алуан,

Төс, алқабы малға толған.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

Ер еңбегі шалқып, тасқан,

Ел еркіндеп бақыт тапқан.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

 

Осы — біздің оңтүстік

Қауашағын қақ жарған

Ақ мақтасы — ак маржан.

Алмасы аппақ ақықтай,

Жүзімі бар жақұттай.

Түні салқын, күні ыстық,

Осы — біздің Оңтүстік.

Қарбызы бар келідей,

Қауыны аттың беліндей.

Асқабағы аяқтай,

Пиязы бар таяқтай.

Түні салқык, күні ыстық,

Осы — біздің Оңтүстік.

 

Көктем келді гүл алып

Балалар-ау, балалар!

Шақырады далалар.

Көктем келді гүл алып,

Құстар келді жыр алып.

Қос білекті сыбанып,

Жүгірейік қуанып.

Қыр басына шығайық,

Көктем тілін ұғайық.

 Қызғалдакты терейік,

Теріп үйге келейік.

Көбелектей киінген,

Гүлді көріп сүйінген,

Алақайлап жүгірген,

Қып-қызыл бет — бүлдірген,

Қарындасқа қаршадай,

Жас балапан аршадай,

 Гүлдің шоғын берейік,

Қуанғанын көрейік.

 Қолына алып күлімдеп,

Көктем сыйы бұл гүл деп,

 Гүлдендірсін үй ішін.

Жұтсын жұпар иісін.

Күлсін, күлсін, көңіл шын,

Күміс күлкі төгілсін!

Би билесін бүлдіршін,

Жұрттың бәрін күлдірсін.

 

Әбу Сәрсенбаев

Сүйікті туған ел

Сүйікті туған ел,

Шарықтап өсе бер.

Ардақты ата-ана

Азаттық күреске

Бекініп буған бел!

Гүлденіп, көркейіп,

Өсе бер, өсе бер!

Сүйікті туған ел,

Көк майса көркем бел,

Көтере кеңілді

Қойныңнан жұпардай

Аңқылдап ескен жел.

Гүлденіп, көркейіп,

Өсе бер, өсе бер!

Сүйікті туган ел,

Баурында мөлдір көл,

Жиһанда сендей бір

Мақтауға тұрарлық

Сүйікті бар ма жер

Гүлденіп   көркейіп,

Өсе бер, есе бер!

 

Сен құрметте оны

Сен құрметте оны!                                            

                  Түсіндің бе, карағым?

Ол ақшаға сатқан жоқ,

                  Тізеден кесіп аяғын

Еріқкеннен де ұстап жүрген жок,

                  Қолтықтағы ұзын таяғын

Кеше елге қатер төнгенде

                  ол жауға қарсы шапты,

Бізді жалмамақ болған ажалды

                    өр кеудесімен кақты.

Ол арыстанша алысты,

                    өлім соққысын өз үстіне алды.

Денесін ок пәршелесе де,

                     ел намысын қорғап қалды.

Сен құрметте оны!

                      Түсіндің бе, қарағым?

Сенің келешегің үшін берді ол

                       азаттық жолында аяғын!

 

Ғали Орманов

Ана

Мәпелейсің мені, анам,    

Қолындағы құсыңдай.           

Құлпыра есіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

Үмітіңдей көзіме,

Көп қарайсың үңіліп.

Еркелеген сезімде

Ертеңіңіз тұр күліп.

Сен жалықпай жетектеп,

Мен жаттыға жетермін.

Айтқаныңды екі етпей,

Ақ сүтіңді етермін.

 

Әбділда Тәжібаев

Атадан ақыл аламыз

Жаңа жыл бастап жаңа әнді,

Жаңа қар басты даламды.

Еңкейді жерге емендер,

Атамның шашы ағарды.

Ақша қар басты алаңды,

Аққалам қардан қаланды.

Сары ала жапырақ жоғалды,

Атамның щашы ағарды.

Ызғырық йселпігі жалауды,

Көтердім мен де жағамды.

Жетелеп жүрген шанамды

Атамның шашы ағарды.

Атамыз — біздің панамыа,

Атамыз — біздің данамыз,

Атадан ақыл аламыз,

Атадай адам боламыз.

 

Ұшып бара жатырмын

Қиялыңдай қиыр кезген ақынның

Ұшып бара., ұшып бара жатырмын.

«Қош» деді де, қошеметтеп қалды жер Құшағында жиырмасыншы ғасырдың.

Оздырып мен уақыттан кемемді,

Келем білмей бөгелу не дегенді.

Қандай кызық, шығып алып ғарышқа, Шырқап айту жерде туған өлеңді.

 

Жұмағали Саин

Достық

Дән ексем, жерге достық егер едім,

Бұлт болсам, соған тамшы себер едім. Жайнаған гүлден гөрі, ыстық құмға

Дос үшін жылда айналып келер едім...

 

Құлпыра берші, кең дала

Құлпыра берші, кең дала,

Гүліңді күңде терейін.

Жапырағыңмен жасыршы,

Қойныңа мен енейін.

Жасауыңды жайнатып,

Алдыма тегіс үйейін.

Нәрестедей балдырған

Қуанып, сақ-сақ күлейін.

Гүліңді құшып күн сайын,

Кең бақшаңда жүрейін.

Қанбағандай құмарым,

Тағы да сақ-сақ күлейін.

 

 

Дихан Әбілев

Туған тілім

Туған тілім — бабам тілі — өз тілім

Туған тілім — анам тілі — өз тілім...

Туған тілім — данам тілі — өз тілім.

Туған тілім — адам тілі — өз тілім.

 

Әли Есмамбетов

Өмірге

Сүйемін, қатты сүйемін,

Бақытты сұлу емірім,

Жас денемде жалын күш,

Көтеріңкі көңілім.

Қуанбаска немене...

Өсірген соң өмірім!,.

Шыңына шықтым құлпырып,

Өмірдің биік деңінің.

Құшақтаймын аймалап,

Жайнаған жас өмірім,

Құлпырамын құндыздай,

Көтеріңкі көңілім.

Әнге салам қажырлы

Өсірген соң өмірім.

Далаға,келген көктемнің

Қуалап өскен көгімін.

Керегіңе мен дайын,

Ұлы гигант өмірім.

Қуатымын Отанның,

Орындаймын сенімін.

Қолда қару білімім,

Сенсің, өмір, серігім.

Құлпыра бер күн сайын,

Жайнаған жас өмірім!

Мен қарулы күзетшің,

Басам жаудың желігін,

Аяқ басса жеріме,

Көрсетемін көрімін.

Халқымның батыр өмірге

Дайындаған ерімін.

 

Абдолла Жұмағалиев

Алтын таңның ұлымын

Таңнан туған тарихи

Ту көтере табыстан,

Жағаласқан жау болса,

Найзасына шанышқан;

Алтын таңның ұлымын

Даңқына жер қайысқан.

Кескінінде, көзінде

 Бір ғасырдың сыры бар,

Аузында айтылған

Алтын таңның жыры бар,

Сәулесіне нұрының

Таң шолпаны жуынар,

Ардақты елдің ұлымын

Қолында жеңіс туы бар.

Ел шетінен жау төнсе,

Найзаменен қағамын,

Шендесіп жау шекіссе,

Шертіп миын шағамын,

Жеңіс туы жеңгенше

Жер мен көктің алабын,

Алтын тулы ғасырдың

Барабанын қағамын.

 

Баубек Бұлқышев

Ер жеткенде

Ер жеткенде есейіп,

Ер болмасқа немене!

Ерке өсіп, білімді

Кен болмасқа немене!

 Өткір алмас болатқа

Тең болмасқа немене!

Сары алтындай салмақты,

Сірә, саспас сабырлы,

Кең болмасқа немене!

 «Уралап» айқай салғанда,

 Алтын шашақ біздің ту

Қолға алмасқа немене!

Жарқылдаған ақ семсер,

 Аспаһанды, тарланды,

Жолға алмасқа немене!

Қарсы келген жауынды,

Қаһарыңмен үйіріп,

Торға алмасқа немене!

Айбатыңмен арбасып,

 Айқасып жаумен қалғанда,

Қылпып тұрған қылышты

Сонда алмасқа немене!

Осы істерді істемей,

Ер жеттім деген ерлердің

 Сөзіне кісі сенер ме?!

 

Жұбан Молдағалиев

Ұстаз

Мейлі жас, мейлі кәрі бол,

Дана деп сені, пана деп сені ұғамын.

Көктемсің нұр мен нәрі мол,

Дихансың және, кеншісің және, Мұғалім!

Қалыпшы деп те айта алам,

Құрыштай құйып, шындайсың балғын жас                                          

                                                            жанды.

Мектептен түлеп майталман,

Батырдың жолы, бақыттың жолы басталды.

Анадай бесік тербеткен,

Түн қатып сансыз дәптерге қанша түнейсің!

Суарып білім-шарбатпен,

Дүниеден бізге жаксылық кана тілейсің.

 

Сырбай Мәуленов

Балалық

Балалық — қиялдың әлемі,

Ғажайып сәуленің гүлдері.

Балалық — бұлбұлдар әуені,

Балалық — наурыз күндері.

Балалық — алтын таң шақтары,

Балалық — найзағай ақ жалын.

Балалық — аспанның бұлттары,

Балалық — толассыз ақ жауын.

Балалық — орманның бүршігі,

Балалық — қоянның көжегі.

Балалық — бақаның у-шуы,

Балалық — даланың өзені.

 

Балалардың бақыты

Аспан тұрса күлімдеп,

Айын биік орнатып,

Ақса бұлақ гүрілдеп —

Балаларға сол бақыт.

Балаларға сол бакыт —                                

Болса Отаны аман-сау.

Басын бұлтқа байлатып,

Тұрса асқақтап Алатау.

Жапырақтарын жайнатып,

Әлдилесе бақша-бау.

Балаларға сол бақыт —

Жаз орманда жакса алау.

Балаларға сол бақыт —

Аман болса әкесі,

Қатар өссе тәтесі,

Аман болса анасы,

Жүрсе алдында ағасы,

Болса мөлдір өзені,

Болса байтақ даласы!

 

Дала

Дала — бала,

Шашркейді су тілеп.

Суға қанса, төсінде

Көк өседі дүркіреп.

Дала — бала,

Сүйеді күн шуақты.

Күн нұрына шомылса,

Болады алып қуатты.

Дала — ана,

Көргің келсе, жолға шық.

Дала — егін дария,

Дала — асы молшылық.

Дала — ана,

Сол даламен жаның шат.

Ақ бұршақтай шашады

Балаларға бауырсақ.

 

Ойнай-ойнай, шынықтық

Қаздық білек сыбанып

Қоғажайдан буылдық,

Қолға түссе қуанып,

Қабығымен қуырдық.

Ақ қайраңға аунадық,

Ақ балықты ауладық,

Бастап бізді балалық,

Кетті орманға, тауға алып.

Алау жақтық бауларда,

Қада қақтық тауларға.

Қиқуласып кұладык

Құлыншақтай аңғарға.

Табиғатта тынықтық,

Талай-талай сыр ұқтық,

Бала кезден батыл боп,

Ойнай-ойнай, шынықтық.

 

Сағынғали Сейітов

Алматы — астанам

Алматы — астанам,

Алматы — бас қалам,

Ардақтап атынды,

Аузымнан тастаман.

Күмбездей көгіңнен

Күн нұры төгілген.

Тауың бар айшылық

Жерлерден көрінген.

Түріңнен түр артпас,

Гүліңнен гүл артпас

 Кім сенің ал қызыл

Алмаңа құмартпас?

Көшең бар кеңейген,

Үйің бар көбейген.

Келген жан, көрген жан

Қайтады көп оймен

Алматы — аялы,

Аясы саялы,

Ақ пейіл адамға

Құшағын жаяды.

Ол — әсем Баршаға

Белгілі бағасы:

Жастықтың қаласы,

Достықтың қаласы

 

Мұзафар Әлімбаев

Мен — баласы даланың

( әні     бар )

Бес жасынан ат жалында ойнаған,

Ақ шабақша Ертіс бойын бойлаған.

Жеті түнде бес жүз қойдың түс-кейпін,

Бес саусақтай түгендейтін, түстейтін,

Мен — баласы даланың,

Кең далама тартып туған баламын.

Ат үстінде ән шырқасам Алтайдан,

Ақ Жайықта қуанып ел, марқайған,

Мұздан тесек, қардан көрпе жамылар,

Көк дауылда, ақ жауында жадырар.

Мен — баласы даланың,

Кең далама тартып туған баламын.

 

Ана тіліне тағзым

Ана тілі — біздің туған анамыз!

Анамыздай сыйлап, бағып-кағамыз.

Ана тілін бағаласақ қалай біз,

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім аялай білмесе,

 «Анасынан безген ұл!» — деп қараңыз.

 

Жаппар Өмірбеков

Нұркен батыр

Ойнақ салып «Кеңестаста»,

Ойнап ескен бала жаста,

Жарлы бойын жағалаған,

Шегірткені тағалаған,

Білесің бе сен Нұркенді?

Тайға мініп талма шапқан,

Атқа мініп шалғай шапқан,

Тауға шықса — шыңға шыққан, Тартынбаған тым қашықтан,

Білдің бе бала Нұркенді?

Талғай білген, таңай білген,

Ақиықтай самғай білген.

Жауға аттанып ұшақпенен

Тайынбаған бетпе-беттен,

Білдің бе ұшқыш Нұркенді?

Жаудың оғы жаралаған

Ұшағы оның жана қалған,

Жанған күйі жауға шапқан,

Жанып түсіп қаза тапқан

Біліп ал батыр Нұркенді!

 

Есет Әукебаев

Болмас мәңгі ол ұмыт

Отызыншы жылдарда,

Болмас мәңгі ол ұмыт,

Шекарада, ұрыста

Қаза болды жас жігіт.

Жерледі оны достары

Көк жотаның қасына.

Отырғызды жас емен

Қабірінің басына.

Содан бері тынымсыз,

Өмір жүгін арқалай,

Жер ұршығын иіріп,

Өтті жылдар бірталай.

Гүл қояды сақшылар,

Сол қабірге тоқталып.

Өз өмірін қиды деп

Отаны үшін аттанып.

 

Қуандық. Шаңғытбаев

Дала

Дала, дала, ұшан дала,

Мен далада келемін.

Алсам, әттең, құшағыма

Қысып байтақ көлемін!

Бұлты көшіп, самал есіп,

Тұр ғой толқып тамаша,

Боз кәдесін келем кешіп,

Гүлін терем балаша.

Дала менің есі-дертім,

Керсем көңіл жадырар,

Сүйем оның азат көркін,

Менде дала жаны бар.

Сол даланын сызы еді ғой

Аркам алғаш тигені.

Сол даланың қызы еді ғой

Жүрек алғаш сүйгені.

Дала, дала, ұшан дала...

Мен далада келемін.

Алсам, әттең, құшағыма,

Қысып байтақ көлемін!

 

Әткеншек

Заула да зырла, әткеншек,

Шыр айнал, шырқа, шарықта,

Ойнасын, күлсін жеткіншек,

Қалықта, тағы шалықта!

Зырла да заула, көкке шык,

Айналсын басы баланың:

Қиынға шыдап, от кешіп,

Талайлар тапқан талабын.

Заула да зырла, сорғала,

Жыласын, көзі мұнартып:

Жігітке керек сол ғана,

Жылап боп, күлген мың артық.

Зырла да заула, әткеншек,

Самғасын сәби — бал бұла:

Алдыңа қара, жеткіншек,

Өмірде қапы қалғыма!

 

Кабдыкәрім Ыдырысов

Кең далам

Қызығам, туған далам, кеңдігіңе.

Қуанам ерлігіңе, елдігіңе.

Тамаша табысың мен даңқың артып, Шалқыған шалқар шағың келді, міне.

Жалғанның жартысын ап кесілесің, Қойныңа жинап жұрттың несібесін. Қазақтың көп дауысты

                                      ер даласы

 Отанның күнде атағын өсіресің.

Бұл күнде мал да сенде,

                                       дән де сенде,

Сән-сәулет

Шарықтаған ән де сенде.

Дүрбісін Байқоңырдан көкке өрлеткен,

Қазекең әлемменен сөйлесерде.

 

Менің өлкем

Менің өлкем —

                      атадан мирас хат маған,

Ақылды сөзін жадымда жастай сақтағам. Көне беттерін

                       күрсініп ауыр аударып,

Жаңа парағын,

                          жадырап,  

                                      жайнап актарам.

Алатау,

          Алтай,

                 Атырау,

                             Арқа,

                                      Аркалық —

 Өлкемнің байтақ қуанышын, достар,

                                 ал таңып,

Қазақстан — шаттықтың елі шалқыған, Қарсы алған күліп, арайлы туған әр таңын.

Қазақстан —

                     батырлар елі,

                                          ер елі,

Бауырмалдық,

                               достықтың елі өрелі.

Қазақстаным —

Сары жайлау,

Асқар тауларым, —

Мәңгі-бақи жырланып бітпес

                              өлеңім!

 Қазақстаным — байтақ далам,

                                пәк далам!

Халқымның салмак,

                           сабырлығын сақтаған,

Өресі биік, өрені жүйрік

                              өлкемнің

 Қожасы болып туғаным —

                               Өшпес Бақ маған!

 

Әбдікәрім Ахметов

Қарлығаш

Әкемнің мұртындай

Қарлығаш қанаты,

Ауаны бір тынбай,

Қайшылап барады.

Жол шалғай, нетеді,

Жастан ол шындалған,

Теңізден өтеді,

Асады шындардан.

Кетті ол түстікке,

Жетіп күз күндері.                       .

Бұзбаймыз біз, тіпті,

Ұясын үйдегі.

Көктемде пүліштей,

 Баулар гүл тағынған.

 Қайтады ол туристей

Отанын сағынған.

 

Қабыкен Мұқышев

Қылыш пен орақ

Қылыш айтты:

—  Мен досымын ерліктің.

Орақ айттьг.

—  Мен досымын ел-жұрттың.

Қылыш айтты:

—  Ағызам қан, ұрғанда.

Орақ айтты:

—  Жегізем нан орғанға.

 

Ғафу Қайырбеков

Ана тілі

Мейлі шарлап теңіз өттім, тау бастым, Мейлі көктің ак бұлтына жармастым Сонда-дағы сен қалмассың көксиден, Сонда-дағы сені ұмыта алмаспын

Бар казақтың орман, көлі, өзені,

Тау қиясы, жалпақ, жазык кезеңі

Сайрап, сөйлеп тұрған жок па казақша Қалай тозар сендік асыл сез енді!

Сенде емес пе солардың бар ажары,

Орман үні, бұлағының таза әні.

Гүл, бәйшешек, көкорайдың жұпары, Жақсы қысы, жомарт көктем, жаз айы

Ана тілім, күшім менің, қуатым,

Жырым сендік жүрегімнен туатын.

Тауысар ма ырысыңды, корыңды

Тізелесіп қатар жазса мың ақын

 

Нұрсұлтан Әлімқұлов

Қош бол, мектеп

Бірдей біздің ойымыз да сырымыз,

Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

Бірдей өстік оқуда да еңбекте,

Күліп-ойнап бірімізбен-біріміз.

Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма, Мектебімде айтылмаған сыр бар ма! Мектебімде алаулаған жас жалын,

Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға.

 

Мұқағали Мақатаев

Мектебіме

Мектебім — айтар әнім,

Сан рет қайталадым.

Өзіңнен алғанымды

Өзіңе қайтарамын.

Мектебім, қия алмаймын,

Көп нәрсе қиялдаймын...

Мәңгілік оқушың боп,

Қалуға ұялмаймын.

Өзіңнен, тегінде, мен

Аттанам сенімменен.

Ассалаумағалайкум,

Дәу мектеп — өмір деген!..

 

Сағындым...

...Түйнектер мен Жидек терген

Нуларымды сағындым.

Үйректермен Иректелген

Суларымды сағындым.

Тынып тіптен, Түлік біткен ,  

Жусағанын сағындым.

Жиі беттен Сүйіп өткен

Қыр самалын сағындым.

Безінбейтін,

Сезінбейтін

Аңғал кезді сағындым.

Өзім дейтін,

Сезім дейтін —

Жанған көзді сағындым.

 

Болашаққа

Білемін,

Керемет бір күн келеді!

Жайнайды жасыл бағым, гүлденеді Көремін, керемет бір күн кешемін! Болашағым, сенімен бірге өсемін.

Мен сенің үніңменен үндесемін,

Мен сенің тіліңменен тілдесемін.

Сауық кұрам бойында бір көшенің...

Сен есен бол!

Мен, мүмкін, еленбеспін.

Сол акиқат — мен сенсіз көгермеспін!!!

 

Үш бақытым

Ең бірінші бақытым — Халқым менін, Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым — Тілім менін,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші — Отан деген,

Құдай деген кім десе,

Отан дер ем! ...

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба, Ойланбай-ақ келдағы от ал менен...

 

 

 

 

 

Әнуарбек Дүйсенбиев

Ардақты ана

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.    Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың — аясындай гүл бақтың.

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін. Махаббатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай — жадырай бір күлгенің. Қандай жақсы ортамызда жүргенің!

Ер жеткізіп елге берген баласын,      Ақылдысың, ардақтысың, данасың.

Қарайтыным қас-қабағың бір сенія,      Қайратыңнан қайта көрме, анашым.

 

Қадыр Мырзалиев

Менің әжем

Менің әжем, ак әжем,

Ұл мен кыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

Менің әжем, гүл әжем,

Алтын әжем, күн әжем.

Апам үшін, мен үшін

Нағыз ана тілі — әжем.

Менің әжем, бұл әжем,

Айтқан сезі дәл әжем.

Аман болса көреді

Қызығымды әлі әжем

Менің әжем, нар әжем,

Көп жасаған кәрі әжем.

Ауырғанда

Мен үшін

Әр сүйгені дәрі әжем

Менің әжем, жыр әжем,

Шуағы мол, нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп

Аман-есен жүр, әжем!

 

Тоғызыншы май

Алақай-ай!

Әйгілі

Тоғызыншы май бүгін.

Алғаш күні шаттықтың,

Соңғы күні қайғының.

Ұлы күшке сенген күн,

Фашистерді жеңген күн.

Қырмызы гүл, қызыл гүл

Құшақтарға енген күн.

Ағаларға ерген күн,

Бақыт гүлін терген күн.

Әкеміздің

Аңсаған

Әкелерін көрген күн.

Әлем бізді ұққан күн.

Жауды ініне тыққан күн.

Батыр атам алдынан

Әжем күліп шыққан күн.

Сағындырып жеткен күн,

Қадірі әбден өткён күн.

Түңғыш рет туған жер

Тәтті ұйқыға кеткен күн.

Жүйрік озар әйгілі

Күні бүгін бәйгенің.

Ура! Ура! Балалар,

Тоғызыншы май бүгін!.

 

Генерал жексенбаев

Темір қазық жастанған

Талай жорық өтіпті:

Таймановтан басталған

Имановқа жетіпті.

Талай өлең көнеріп,

Талай даңк өшіпті.

Батыр баба өнері

Өзіңізге көшіпті.

Туды қазір азат күн,

Тайды заман жас тамған.

Генералы қазактың

Өзіңізден басталған.

Мұрагерді іздеңіз

Ішінен көп баланың.

Қызығамыз Сізге біз,

Генералы даланың!

 

 

 

Жылқышы

Алағай да бұлағай

Ақ боранда, суықта

Атқа қонса бұл ағай,

Арымайды жуықта.

Қас батырдай пішіні

Құйып қойған еріне.

 Киген қасқыр ішігі —

Қатты ескерту бөріге!

Солқ-солқ етіп тынымсыз

Соғады аты бүйірін.

Сетінетпей, шығынсыз

Сақтайды сау үйірін.

Жөн таппаса, оңай ма!

Жылқысымен ыктайды.

Жұт дегеннің

Алайда Жұртынан бір шықпайды.

Уф! — деп ақыр соңында,

Көшсе бұлттар жабағы,

Күнмен бірге оның да

Ашылады қабағы.

 

Ат жарыс

Мәз болып күлдім де,

Құнанға міндім де,

Жалына жармасып,

Көзімді тер басып,

Жетердей мұратқа,

Жүйіткідім қыратта.

Қанымды тулатып,

Құлақты шулатып,

Тақымым қарысып,

Қиялмен жарысып,

Шығарып есімді,

Құнаным көсілді.

Қалам ба? Озам ба?

Шаң менен тозаңда —

Жүйріктер ішінде

Намысым үшін деп,

Сүліктей қараның

Алдында барамын.

Алыста, алыста

Айналып ағысқа,

Құмайдай құлдырап,

Бұлдырап, бұлдырап,

Көрінбей мұнардан,

Шығамын құмардан!

 

Барлық саусақ бірдей емес

Кімдер біздің класты

Өнерсіз деп ойлайды.

Алсаңыздар Күләшті,

Сыбызғыңда ойнайды,

Кімдер біздің класты

Өнерсіз деп ойлайды.

Алсаңыздар Тұрашты,

Домбыранда ойнайды.

Кімдер біздің класты

Өнерсіз деп ойлайды.

Алсаңыздар Құбашты,

Қобызыңда ойнайды.

Рас, рас, Кәрімнің

Райысы оңбайды.

Ол болса,

Ол бәріңнің

Жүйкеңізде ойнайды!

 

Қайсысы қалай сүйеді?

      Қарға   баласын   сүйеді  аппағым   деп

Халық      өлеңі

Қарға қызын сүйеді аппағым деп,

Ана сүтін, қарғашым, ақтағын деп.

Кірпі қызын сүйеді түбітім деп,

 Арманым деп, үкілі үмітім деп.

Бақа қызын сүйеді сұлуым деп,

 Бойымдағы ыстығым, жылуым деп.

Түлкі қызын сүйеді аңқауым деп, Аңқаулығын біледі бар қауым деп.

Қасқыр қызын сүйеді момыным деп,

Сен сияқты момақан кеп інің деп.

Есек қызын сүйеді ақылдым деп,

Жарыс болса жіберме қақыңды деп.

Шошқа қызын сүйеді арығым деп, Қабырғаңа жабысқан қарының деп.

Сүйеді ана талтағын, бүкірін де,

Шаруасы жоқ басқаның пікірінде.

 

Жыл маусымдары

Көктем

Көктем келді: құс келді,

Күн ұзын, түн қысқа енді.

Көктем келді: су ақты,

Күннің көзі шуақты.

Көктем келді: гүл өсті,

Көбелектер гулесті.

Көктем келді: кел үсті

Көңілді де келісті.

Көктем келді: іс келді,

Күн ұзын, түн қысқа енді.

 

Жаз

Жаз да келді пейілді:

Жан-жануар сейілді.

Жаз да келді, аптапта

Жан-жаққа ұшты бақ-бақта.

Жаз да келді найқалып,

Жатыр егін жайқалып.

Жаз да келді шаттанып,

Жұмыла іске аттанып,

Тындырып бар жұмысты,

 Тоя жедік жемісті.

 

Күз

Күз де келді, күз келді,

Күдерін жаз үзген-ді.

Күз де келді, күз келді,

Көкте бұлттар жүзді енді.

Күз де келді, күз келді,

Құстар мекен ізденді.

Күз де келді, күз келді,

Қондырмады түзге елді.

Күз де келді, күз келді,

Керек оқу бізге енді.

 

Қыс

Қыс келді, қыс иықтап,

Қалды аюлар ұйықтап.

Қыс келді, қыс мұз-қарлы,

Қыраулы да, ызғарлы.

Қыс келді, қыс боранды,

Қырат көрпе оранды.

Қыс келді, қыс мықты анык,

Қайтсе де біз ықпадық.

Қыс келді, қыс уайым ба?

Қандық біздер ойынға!

 

Тұманбай Молдағалиев

Ғарыш қырандары

Биікке құмар жан едік

Биіктен ғана нұр күткен,

Қуантып бүгін бар елін,

Барады көкте бір нүкте.

Бір нүкте емес, бір жүрек

Барады ғарыш жолымен.

Қарайды ана елжіреп,

 Қалқалап күнді қолымен.      

Қарайды көкке бар әлем,

Қызықтап жолын сұңқардың.

Жақсы еді, шіркін, не деген

Қыран боп кекке шыркар күн!

Келешек ұшып жүр көкте,

Жарқырап жанды жас арман.

Қарайды әлем қүдіретке

Ғажапқа колмен жасалған.

Болашақ, маған жакын кел,

Жақсылық сырын түсіндір,

Ғарышқа ұшқан батырмен

Жүрегім бірге ұшып жүр!

Бақыты үшін бар адам

Өнердің таңы атыпты.

Тек ұшу үшін жаралған

Адамдар кандай бақытты!

 

Саги Жиенбаев

Жиырма сегіз

Тастар көкке атылды,

Орман шулап, тау құлап...

Жиырма сегіз батырды

Жеңе алмады жау бірақ..

Жамылды жер тұманды,

Өрт ішінде қалды бақ.

Жиырма сегіз қыранды

Жеңе алмады жау бірақ.

Оқ астында зулаған

Туған жермен бір болып.

Жау алдында тұрды олар,

Жиырма сегіз шың болып.

Жау жеңілді ақыры,

Атты бейбіт таң күліп.

Жиырма сегіз батырын

Ұмытпайды ел   мәңгілік!

 

Оспанхан Әубәкіров

Аға, іні — туысқан

Аға деген,

Іні деген —

Барлығы бір туысқан.

Аға деген,

Іні деген

Жаралғандай құрыштан.

Бірлік болса,

Ерлік болса,

Алынбайтын қамал жоқ.

Қорқақ болса,

Шорқақ болса,

Одан өткен жаман жоқ.

От болса да,

 Өрт болса да,

Қиналмайық қиыннан.

Атамыз да,

Бабамыз да

Қиындықтан құйылған.

 

Әшекей қыз

Тақияға күміс қадап он шақты, Жапсырыпты неше түрлі моншақты.

Жинап алып үйдегі бар жүзікті,

Оны-дағы саусағына тізіпті.

Қалай ғана көтеріп жүр бір басы, Құлағында — апасының сырғасы.

Танаменен тұтасыпты омырау,

Үсті-басы толып тұрған қоңырау.

 

Төлеген Айбергенов

Өсіп келе жатырмын

Кеудесінде таулардың,

Кемесінде арманның,

Жалау етіп ерлікті,

Ескеқ етіп ерлікті,         

Есіп келе жатырмын!    

Адал терін әрдайым

Моншақтатып маңдайым...

Соқсын дауыл, соқпасын,

Қиындықтың кек тасын

Кесіп келе жатырмын.

Кейде күнмен теңесем,

Таласып күнмен мен есем,

Гүл теремін жерімнен,

Бірге туған еліммен

Өсіп келе жатырмын!

 

 

Абдрахман Асылбеков

Тыныштық

Шашырап алтын шапағы,

Тамылжып таңдар атады.

Асығып барлық адамдар

Жұмысқа бара жатады —

Осының аты Тыныштық.

Шашырап алтын шапағы,

Тамылжып таңдар атады.

Моншағын мөлдір шашу ғып,

Фонтандар көкке атады —

Осының аты Тыныштық.

Қуантып ата, ананы,

Шырқалып сұлу шат әні.

Бақытты балғын бөбектер

Бақшада ойнап жатады —

Осының аты Тыныштық.

Қызарып барып шапағы,

Алаулап күн де батады.

 Қайтады ел де үйіне,

Тындырып ісін сапалы —

Осының аты Тыныштық.

Қызарып барып шапағы,

Алаулап күн де батады.

Бақытты балғын бебектер

Балбырап ұйықтап жатады —

Осының аты Тыныштық!

 

 

Қапшағай

Айнымайды Балтықтан

Айдын-шалқар Қапшағай.

Қапшағайды шалқытқан

Қайраты мол жақсы ағай.

Жағасында Іленің

Жайқалады бақша-жай.

Бақша-жайдың реңін

Нұрландырған Қапшағай.

Үлкен-кіші демалып,

Жан рақат тапса жай,

Көңілімен кең, алып

Құшақ жайған Қапшағай.

Алматының аймағы

Шам-шырағын жақса жай,

Күндіз-түні жайдары

Қуат берген Қапшағай.

Айнымайды Балтықтан

Айдын-шалқар Қапшағай.

Қапшағайды шалқытқан

Қайраты мол. жақсы ағай.

 

Оразақын Асқар

Мен жылқышы боламын

Дүбірлетіп даланы,

Өсіремін сәйгүлік.

Қарғып ойнақ салады,

Жайылмайды жай жүріп.

Боламын мен күшіне

Әдісі де сай жігіт.

Оңай-оспақ кісіге

Салғызбайды тай құрық.

Тұнық суға жүздірем,

Шүйгінге ат шалдырып.

Асауға бас білдірем,

Қашағанға шалма ұрып.

Жетер шырқап шың-құзға

Салған әнім жаңғырып.

Кенелтемін қымызға,

Халық шөлін қандырып.

 

Биші болам

Аппақ көйлек киемін,

Қос етегі бүрмелі.

Кестелеген жиегін

Кең даланың гүлдері.

Жарасады бөркіме

Үкілерім үлпілдеп.

Ел қарайды көркіме:

— Неткен әсем, шіркін!— деп.

Қамзол кием қынай бел,

Толған ою, өрнекке.

Билесін деп сұрайды ел,

 Өнерімді кермекке.

 

 

 

 

Құрылысшы

Мерейіндей қаланың

Күнде өсірген қабатын.

Құрылысшы боламын

Сәнді сарай салатын,

Табамын іс ретін,

Қоршаса да келіп түн.

Арқанменен жүретін

Артисіндей цирктің.

Сағат сайын өсемін,

Үймен бирге биіктеп.

Көркі деп әр көшенің

Мақтар оны сүйіп көп.

Ұнатқанда әр адам,

Жарық, жылы бөлмесін,

 Жазық жерге жаңадан

Бастап жатам өзгесін.

 

Жүсіп Қыдыров

Шофер аға

Бірде қырға шабады,

Бірде тауға барады.

Ағам дамыл таппайды,

Қашан демін алады?

Түн демейді. түнді де,

Күн демейді күнді де.

 Шаршадым деп айтпайды

 Шофер ағам, білдің бе?!

Шалғын өссе сайларда,

 Гүл қауласа тауларда,

Машинамен біздерді

Апарады жайлауға.

 

Ескен Елубаев

Шатыр

Теміржол бойы бағана,

Сымында көктем құстары.

Жып-жылы қазір дала да,

Дала да — үйдей қыстағы.

Шырақ боп мың сан гүл жанып,

Теңселе билеп жон жатыр.

Жапырақ жайған бүр жарып,

Емендер — жасыл қол шатыр.

Көктемнің бала-жаңбыры

Көшеге шықса жүгіріп,

Астына емен — шатырдың

Қаламыз біздер тығылып.

 

Қайтіп барады?

Тойдың жетсе хабары,

Кім қалайша барады?

Балық жүзіп барады,

Бүркіт үшып барады,

 Құмырсқа жорғалап барады,

Қоңыз домалап барады,

Қосаяқ секеңдеп барады,

 Есек тепеңдеп барады,

Тасбақа еңбектеп барады,

Кебелек көлбеңдеп барады,  

Қоян орғып барады,

Қасқыр жортып барады,

Үйрек маймаңдап барады,

Түйе тайраңдап барады,

Кесіртке жүгіріп барады.

Жауын құрт бүгіліп барады,

Жылан иретіліп барады,

Итбалық сүйретіліп барады,

Көртышқан жер үңгіп барады,

Тотықұс керіліп барады,

Керік кердендеп барады,

Жапалақ ербеңдеп барады,

Адам жүріп барады,

Не көлікке мініп барады

 

Жарасқан Әбдірашев

Ыбырай

Жырын жаттап жатамыз

Жалықпастан қыс-жазы.

Ұлы Ыбырай атамыз —

Ұстаздардың ұстазы...

Ұран тастап кеп елге:

 «Кел, балалар, оқылық!»—

Деген сөзін көңілге                  

«Ықыласпен тоқыдық!»

Оқығаннан кезінде —

 

Озған алғаш — сол екен!

«Әліппенің» өзін де

Жазған алғаш — сол екен!

Бұларды да мектепте

Білдік алғаш оқып біз!

Ұлы болып кетсек те,

Ұлы ұстазға — шәкіртпіз!

 

Абай — біздің бабамыз

Өлеңі — ақыл,

Өзі — аңыз,

Абай — біздің бабамыз!

Өсиетін,

Сондықтан,

Санамызға жазамыз!..

«Шен-шекпенге жасыңнан

Құмар болма!» —

Депті  - Абай...

«Милары жоқ масылға

Сыңар болма!»—

Депті Абай...

«Бүкіл абзал адамның

 Баласы бол!» —

Депті Абай...

«Атаң менен анаңның

Панасы бол!»—

Депті Абай...

Өсиетін Абайдың

Орындап жүр қалай кім?

 «Бес нәрседен қашық бол,

«Бес нәрсеге асық бол!» —

Деген жырын Абайдың

Жиі-жиі ашып көр...

Өтірікпен,

Өсекпен

Өмірлері бос өткен

Адамдарды

Ұлы Абай

Шығарыпты есептен...

Еңбекпенен,

Талаппен

Әрбір күнін ән еткен

Балалардан

Ұлы Абай

Адамшылық дәметкен...

Өсиетін Абайдың

Орындап жүр қалай кім?

 «Көрсекызар, жалмауыз

Болма!»— депті атамыз.

 «Алтыбақан ала ауыз

Болма!»— депті атамыз.

«Қызық қуған жаманға

Қас бол!»— депті атамыз.

«Бір-біріңе әманда

 Дос бол!»— депті атамыз.

Өсиетін Абайдың

Орындап жүр қалай кім?

Абырой да,

Атақ та,

Дүние түгел табылар,

«Артық ғылым кітапта!» —

Деген сөзі тағы бар...

«Ұйқылы-ояу бойкүйез

Ұқпай жатып, жалығар...

Оған ақыл — арам без!»—

Деген сөзі тағы бар...

«Пайда ойламай,

Ар ойлап...»,

Алды-артына қарайлап,

Өсиетін Абайдың

Орындап жүр қалай кім?

Осыдан-ақ білеміз

Ой-өресін талайдың!..

 

Несіпбек Айтов

Терезелер

Күн шыққанда күлімдеп,

Терезелер шаттанар.

Ашылады біріндеп,

Ашылғандай қақпалар.

Қүшақтауға күн нұрын,

Күнге қүшақ жаяды.

Анадайдан бір-бірін

Құттықтасып қояды.

Ерте оянса кім бұрын,

Соған жаны ашиды.

Құшақ-құшақ күн нұрын

Бөлме ішіне тасиды.

Сырттан жаңа тыныс кеп,

Үйдің іші құлпырар.

«Мұның жақсы жұмыс!»— деп,

Күлімсіреп Күн тұрар.

ТҮН

Төсегіне күн жатты,

Жердің бетін түн жапты.

Көзін ашты жұлдыздар,

Маужырады шың-құздар.

Орман күңгірт, күңгірт көк,

Құстар қалды жым-жырт боп.

Ай ақырын жылжыды,

Бөбектер де мүлгіді.

Қой ұйқтады қорада,

Жылқы жусап далада.

Күні бойы безектер,

Ұйқтап кетті көжектер.

Мыс-ық пештің түбінде,

Тышқан терең інінде.

Күшік қана қырағы,

Көзін ашып-жүмады.

Көнген түннің ыркына,

Бәрі ұйқыда, ұйқыда.

Көз ілмейтін таңға ұзақ,

Өзен ояу жалғыз-ақ.

«Ұйқтай алар түрім жоқ!»—

Дейді қатты гүрілдеп.

Күндіз-түні жарқырап,

Аға берер сарқырап.

Шаршамайтын себебі:

Күтіп отыр ел оны...

 

Әркімнің өз әні бар

Әр нәрсенің мәні бар,

Әркімнің өз әні бар.

Ән айтады әрқалай,

Жердегі жан-жануар.

Тынбай жазы-қыста әман,

Құбылтады құстар ән.

 Әйгілі әнші әтеш те,

Демесең бір ұшпаған.

Жазда көлге барсаң бір,

Қаз-үйректер ән сап жүр.

Ал топтасқан тырналар

Аумай қалған ансамбль.

Болсын құстың қандайы,

Тақылдайды таңдайы.

Гастрольге шығады

Әнші бұлбұл арнайы.

Ән айтады аң біткен,

Өзінше бір сәндікпен.

Естіледі жағымды үн

Жәндік екеш жәндіктен.

Шегіртке де шырылдар,

Өзінше әні — шырын бал.

Борсаңдаған борсық та

 Бірдеңе деп қырылдар.

Бәрі, бәрі айтады ән,

Қайталайды қайтадан,

Апанында әндетер

Маймақ аю майтабан.

Ән айтылар тоқтықта,

Қуанышта, шаттықта.

Ән айтылмас жоқтықта,

Ән айтылмас аштықта.

Тауып жүр ғой мың бөлек,

Әрқайсысы бір қорек.

Жүру үшін әндетіп,

Мәңгі бейбіт күн керек!

Әнін айтпас қорықса,

Жүрген аң да корықта.

Бұлбұл әнін тыяды,

Торға түсіп торықса...

 

Өтепберген Ақыпбеков

Таудай болып өсемін

Өттім қия белдерден,

Өрмеледім тасына.

Қиялыма дем берген,

Шықтым таудың басына.

Тұңғыш рет биіктен,

Мен өзіңе қарадым.

 Неткен әсем, сүйікті ең,

Туған жерім, алабым.

Буы көкке тік ұшып,

Ағады өзен гүрілдей.

Тастар жатыр бүк түсіп,

Өкпелеген інімдей.

Аң-таң болып әрнеге,

Көркі естен кетер ме?

«Таудай бол»,— деп әжем де,

Айтпайды екен бекерге.

 

Рақмет саған, мұғалім!

«Әріптерді үйретіп,

Жақын болған кім бізге?

Жамандықтан жирентіп,

Ақыл болған кім бізге?»—

Десек, ол жан — мұғалім,

Таласады, сірә, кім?

«Қапастағы елдердің

Мұңын айтқан кім бізге?

Көрікті сан жерлердің,

Сырын айтқан кім бізге?»—

Десек, ол жан — мұғалім,

Таласады, сірә, кім?

Аңыз, ертек, ән, жырдың,

Бәрін бойға құйғыздың.

Санамызға сен біздің

Бар асылды сыйғыздың.

 Жақтың білім шырағын,

Рақмет саған, мұғалім!

 

Сүлеймен Мәметов

Жайлау

Жайлау қандай тамаша,

Көзді тартар қараса.

Қызыл-жасыл төңірек,

Бейне жайған алаша.

Ак боз үйлер тігіліп,

Ашылыпты түңілік.

Көбелекті қуалап,

Балалар жүр жүгіріп.

— Жан-жағынан шығыңдар,

Ноқтасы бар құлындар

Кетіп қалып жүрмесін,—

 Деп жылқышы құрулар.

Сар қымызды сапырып

Келгенге дәм татырып,

Жияр әжем дастарқан,

Күн қызылын батырып.

Аспан бұлтсыз тұр ашық,

Жиегі жатыр қыр асып.

Үлкен-кіші көнілді,

Тойы тойға ұласып.

Саумал татып самалы

Жанға жағып барады.

Жасыл жайлау көркі боп,

Қызғалдақ — шоқ жанады.

Жасыл жайлау

Жайнаған,

Гүлге толы айналан.

Қоңыраудай бозторғай

Кекке іліп байлаған.

 

МАЗМҰНЫ

Бірінші  бөлім

(Балдырғандар үшін)

Халық өлендері

Туған жер.............................

Бауырсақ. .............................

Айгөлек.......................  

Бақ-бақ......................—

Ақтүш    ......................—

Бақа

Мазақтамалар

Кетік-кетік................, . .     —

Құрама ......................   —

Жаурауық.....................    

Жаңабай.....................—

Алдаушы.....................—

Ойнамасаң....................—

Халық санамағы................     

Ілияс Жансүгіров. Аман бол............    —

Төрт түлік жыры...............

Мәриям Хакімжанова. Отан............     11

Өтебай Тұрманжанов. Кім неге барсын?.....—

Кім немен ойнайды?..............—

Аппақ болып жүремін.............12

Кекілік......................13

Тиін.......................     —

Мұзафар Әлімбаев. Біздің бала бақшада.....14

Біз еңді үлкенбіз................—

Кішкентай баланың тақпағы.........   15

Қарағай.....................    —

Мен дала бардым...............     —

Бал араның жыры...............    16

Туған жерім тамаша..............—

Күнбағыс.....................—

Ая мен ай....................17

Биікке, биікке..................—

Он саусақ....................    —

Тоқаш Бердияров. Сұр қоян.............18

Бұлақ.......................—

Шона Смаханүлы. Қаңқ-қаңқ, қаздарым.....19

Ай бетіне гүл егем...............—

Зейнолла Шүкіров. Ақша қар............

Тілеген Шопашев. Қар жауды...........    21

Мұқағали Мақашаев. Әліппе . ,..........    —

Мүбарак Жаманбалинов. Бөбек жыры.....

«А» мен «Б»..................     —

Әже........................—

Көрші атам..................       23

Тазалық.....................    —

Жұлдыздар..................       24

Күркіреді күн, күн.................   —

Құлыншақ....................    —

Балақан мен балапан.............    25

Бақа........................    —

Бір аптада . . .................     —

Бес саусағым..................    26

Қабдікәрім Ыдырысов. Әжесі мен Бағлан ....    

Аспаз......................     28

Бүркіш Ысқақов. Қыста қызық жұмыс бар

Нұрсұлтан Әлімқұлов. Балалы үй — базар

Ойыншықтар..................     —

Атқұлақ .....................    31

Апорт......................     —

Әдібай Табылдиев. Бал бала............    32

Ана тілі....................       —

Уыз той.....................    33

Бағдаршам...................     —

Әнуарбек Дүйсенбиев. Біз — өмірдің гүліміз

Қуыршақ.....................   —

Мысық......................   35

Ақтайлақ.....................  —

Қошақанды бағамыз..............    36

Жаңа жыл жыры................   —

Жалқау.....................     37

Жақан Смақов. Бөпем................   38

Сылдырмақ...................    39

Қаз-қаз бас................       —

Әйей.......................    40

Тұлпар..................... .   41

Жылауық ..................    —

Аяншақ......................  42

Күйе..........,............    —

Қозы......................      43

Санамақ.....................    —

Бұлақ.......................  —

Жау, жаңбыр!..................  44

Торғай ағаш корғайды.............  —

Бақа, бақа, бақ-бақ!..............   45

Алақай! .....................    

Боран.......................  —

Мен ғарышкер боламын............   46

Ақ тауық ....................     —

Әжемнің екі қазы бар.............   47

Қадыр Мырзалиев. Досым екеуіміз........    48

Апам үшін (Әні бар)..............  —

Кім қалай айтады?...............  49

Шана.......................   —

Асығыста....................     50

Не деуге болады................    —

Аспанда.....................    51

Онға дейін санау................   52

Тұманбай Молдагалиев. Жаз............   53

Бұзау бақтым..................   —

Қыс куні.....................   54

Сәлем саған, мектебім!............    55

Саги Жиенбаев. Көңілді көктем..........    56

Ұшып келем...................  —

Шәміл Мұхамеджанов. Тоқымашы апай.....   

Жұмекен Нәжімеденов. Көк теңіз.........    —

Қосжан Мүсірепов. Күз ...... 58

Алтын астық..................    —

Жәнібек Кәрбозин. Анам, саған...........59

Секіртпе ....................   —

Не жетсін!...................     60

Оспанхан Әубәкіров. Біріншіні бітірдім......   

Қастек Баянбаев. Керек..............    61

Тіс........................     —

Әуелі бір атта..................  62

Мектеп......................   63

Ұя........................     —

Жарыс . .....................   64

Алғашқы қар..................    —

Құрдастар....................    65

Фариза Оңғарсынова. Үй жақсы ма,

бақша жақсы ма? ..................     66

Тәрбиеші.....................     67

Қайрат Жұмағалиев. Жеңіс күні.........    68

Әнші құстар...................   —

Неше алма?..................      69

Мыштай....................,    —

Нұрхан Жанаев. Еңбек............ . . .    70

Қолғанат ..............

Үйретеді....................    71

«Әліппе».................... .    —

Тиін.......................     —

Егінші......................     72

Мен бөпеме караймын............ .   —

Дәптер ......................    —

Біз қызықпыз..................   73

Ермек Өтетілеу. Тәй-тәй..............   74

Өсіп келе жатырмыз.............     

Бала, бала, баламыз..............   75

Балаларды қорғау күні.............  76

Жалауша....................     77

Көктем ернегі (Әні бар)............   —

Егінжайға құмармын.............      78

Жаңбыр....................    79

Абдрахман Асылбеков.  Төлдер...........     80

Совет Әлімқұлов. Бепеме.............      82

Адырбек Сопыбеков. Біздің үй...........    —

Қуыр, қуыр, куырмаш!............    83

Хасенхан Талгаров. Торғай............      84

Әжетайым....................    —

Сөзді өзімше құраймын............    —

Оразақын Асқар. Жақсы адам боп шығамыз

Ақүштап Бақтыгереева. Анаға сыйлаймыз

Мұғалім апай..................    —

Жарасбай Нұрханов. Көкше мұзда........    

Ұшақ.......................    —

Шекербек Садыханов. Құрылысшы ....   88

Рамазан Тышқанбаев. Қазақ жері.........    —

Доп........................   -

Ұят-ай!......................   89

Әли Ысқабаев. Күміс қар..............    90

Сырғанақ.....................  —

Ескен Елубаев. Туған дала.............    91

Өжеттер әні...................    —

Жол сілтеуші..................    92

Қысқа түндер ұзарды.............     —

Сұлтан Қалиев. Әже................     93

Гүл........................    —

Дәрігер......................   94

Шаймерген Әлдибеков. Гүлдер...........    —

Есектай Ерботин. Туған жер...........    95

Араласаң даланы..................    —

Дала десем.....................     —

Сүрлеу......................

Сағым......................     —

Кемпірқосақ...................—

Достық......................97

Динар айтады..................—

Тамыз......................    —

Келді күз....................     —

Тыста .....................98

Кәрім Саугабаев. Дала перзенті..........    —

Тіл сындыру..................     —

Бес көмекші..................•.  99

Жеңіс Қашқынов. Мектепке өзім барамын ....   —

Азамат......................100

Торғай ......................   —

Тақпақ.....................    101

Кір қуыршақ..................    —

Серікбай Оспанов. Балабақта...........    102

Әжем......................    103

Көжегім.....................     —

Тақпақ айтам.................    104

Арнадым саған.................    —

Ән сабағы....................    —

«Әліппемен» қоштасу.............105

Ғаббас Өкеев. Ана тілі................—

Тұрсын Елеусізұлы. Суға түстім .....    106

Көбелек.....................    —

Несіпбек Айтов. Күзгі қуаныш...........—

Жолың болсын!................    107

Ұл мен гүл...................    —

Байбота Серікбаев. Мен — апамның

ай мен күні...................108

Бес........................    —

Мен де гүлмін.................     —

«Аспаз»..................   109

Өтепберген Ақыпбеков. Көктем..........     —

Қозы болғым келмейді............   Ш)

Доп........................-

Телефон.....................111

Көмек Ыбраев. Үлкен құшақ............—

Сегізінші наурыз күні.............112

Бейсебай Кірісбаев. Тілек..............—

Балға......................    113

Асқаржан Сәрсеков. Туған елдің ұлымын.....—

Мек тимеймін, жасқанба..........     114

Мәлике Байсариева: Мен де балғын гүлмін!.. . .   

 

ЕКІНІШ БӨЛІМ

(Естиярлар үшін)

Халық өлеңдері

Тілек....................117

Мал бақканда..................118

Мал баласын сүйеді..............    —

Төлді қалай шақырады............119

Торпағым....................120

Ешкі.......................    —

Сиыр.......................121

Түйе........    ..............     —

Түйе, түйе, түйелер ...............   —

Торғай.....................    122

Сауысқан....................   123

Қарға.......................—

Қыс........................—

Ыбырай Алтынсарин. Кел, балалар, оқылық! . .121,

Сәкен Сейфуллин. Туған жер...........Г25

Балалар .....................    —

Бозторғай....................    —

Ілияс Жансүгіров. Жазғытұрым..........126

Жазғы шілде..................    —

Күз.......................      —

Бейімбет Майлин. Жазғы жайлауда ...... 

Әйт, шу, ала атым.............. . —

Жамбыл Жабаев. Аманкелді............128

К,асым Аманжолов. Мектеп — кеме, білім

теңіз.......................    —

Жетпіс пен жеті................129

Ғали Орманов. Ардагер атамыз..........130

Сырғанақ.....................—

Өтебай Түрманжанов. Кел, балалар, күлейік! . .13.1

Тікен гүлін қорғайды.............    —

Өс, үлан!....................   132

Тақыр жерге тал ектім...........    —

Кім нені сүйеді................    133

Ай мүйізді ақ қошкар............      —

Сырбай Мәуленов. Міне, үлкен азамат......134

Қыркүйек коңырауы..............—

Шахтер.....................135

Сагынгали Сейітов. Ракеташы ағамыз......    —

Мұзафар Әлімбаев. Мәншүк апай.......-. . 136

Кемпіркосақ...................—

Қол........................137

Монтер ағай...................—

Токаш Бердияров. Шекарашы..........      138

Кім не ішеді?..................   —

Мүбарак Жаманбалинов. Түймедей-ак кезіммен   140

Қүттықтаймыз бәріміз!.............—

Шофер.....................    141 .

Поезд.....................      142

Екі қол.....................     —

Кабдікәрім Ыдырысов. Мұғалім ..........143

Келіңдер, қүстар!................—

Әбдікәрім Ахметов. Қош келдің, көктем.....144

Қызық-ақ!....................145

Тақпак......................—

Нұрсұлтан Әлімқүлов. Тоқымашы.........146

Қоңырау.....................  

Әдібай Табылдиев. Алтын қала..........    147

Наурыз тойы...................—

Тәтті қыс....................148

Әнуарбек Дүйсенбиев. Ағайынбыз бәріміз

Не деу керек..................149

Менің ойым (Хат)...............    —

Жақсы адам..................150

Поштабай....................151

Жақан Смақов. Ананың тілін алса егер.....152

Шеге.......................   —

Торы тай....................153

Қол шана.....................—

Мұқағали Мақатаев. Шекарада ағай жүр .... 154

Қадыр Мырзалиев. Мұғалима...........     —

Не жарасады?..................   155

Ана тілі.....................    —

«А»........................156

Тоқымқағар...................   —

Асан мен Хасан................157

Тұманбай Молдагалиев. Мен жайлауды

сағындым....................   158

Күзгі жапырақтар...............   —

Саги Жиенбаев. Әлия...............     159

Крсжан Мүсірепов. Мәншүк әпке.........     —

Жәнібек Кәрбозин. Өзім-ақ............    160

Жасаймын шана................    —

Бүлақ......................   161

Өзен-ау, өзен! .................—

Қарсы аламын.................162

Оспанхан Әубәкіров. Каникул жыры.......     —

Сотқарбек....................163

Бектенбек .................... —

Мәмбеттің кулығы...............    —

Қастек Баянбай. Наурыз..............164

Белгісіз жауынгер зираты...........—

Ашық күн....................165

Көктем.....................      —

Бірінші қыркүйек...............    166

Иіс........................ .    —

Альпинист .

Қайрат Жұмагалиев. Алысқа, ғарышқа......167

Кім ойлап тапқан? . . . 168

Нұрхан Жанаев. Батыр қыз............     —

Еңбек сүйсең..................169

Мұғалім.....................    —

Күнбағыс....................   170

Шаш қою....................    —

Ермек Өтетілеу. Отан.................171

Мәнсіз не, сәнсіз не?.............     —

Жанаша жыл санау . . ............172

Алақай!.....................173

Төрт түсті жер үсті..............177

Пай! Пай!...................    178

Бай! Бай!....................    —

Абдрахман Асылбеков. Әдептілік әліппесі ....    180

Бояушы.....................181

Совет Әлімқұлов. Отан...............   —

Қалсын апам қуанып.............182

Сыбызғы.....................—

Оразақын Асқар. Апорт...............183

Шұғынық.....................—

Омарташы....................184

Хасенхан Талгаров. Торы тайым.........     —

Көктем белгісі.................185

Жүсіп Қыдыров. Жұлдыздайын ағамыз......  

Есләм Зікібаев. Жеңіс келді............186

Сейіл Боранбаев. Көкше мүз............    —

Мұхтар Құрманалин. Кім болғым келеді? . .

Бәрін білем...................    —

Рамазан Тышқанбаев. Туған жер.........188

Бақтыбек Крзыкеев. Қүс келді...........189

Ақұштап Бақтыгереева. Әдемі сурет.......

Дүйсенбек Қанатбаев. Күлімде күн, күлімде! . . 190

Мұғалім.....................    —

Ескен Елубаев. Кім?.................191

Тағамдар....................     —

Шаңғыжол...................    192

Сұлтан Қалиев. Шілде................—

Жеңіс Қашқынов. Палуан.............    193

Жел диірмен..................     —

Жұматай Жақыпбаев. Бейбітшілік болса ....   Серікбай Оспанов. Тілегіміз — бейбіт күн

Алматы қаласы................    195

Жарасқан Әбдірашев. Отан............     196

Алфавит сыры.................197

Шофер.....................      —

Күләш Ахметова. Әже...............198

Несіпбек Айтов. Боран...............199

Қартаймайды күн неге?............    —

Шыңға шықтым................200

Байбота Серікбаев. Абылай ............     —

Археолог....................    201       ,

«Тір-ші-лік! Тір-ші-лік!»...........     —   

Жұмаш Кенебаев. Теміржолшы.........      202      

Рахымжан Өтегенов. Кітапка............—    

Әбубәкір Қайранов. Геолог.............     203 

Өтепберген Ақыпбеков. Түнгі тыныштық.....—

Наурыз . ....................   204

Шарифолла Сәниев. Өссем екен тезірек.....205

Көктем.....................      —

Қайырғазы Исалин. Менің ағаларым......     206

Көмек Ыбраев. Әйбат есімдер...........207

Аттастар .....................   —

Қабылхан Күзембаев. Қыран...........     208

Мұрат Куанышбеков.. Сен бақытты ұлансың! . .    —

Бейсебай Кірісбаев. Омарташы жыры......    209

Хат тасушы..................      —

Асқар Кіребаев. Уәде...............210

Шопан ата...........    

 

ҮШІНШІ БӨЛІМ

(Ересектер үшін)

Асанқайғы. «Таза мінсіз асыл тас...».......213

Қайтіп күн керер................     —

Шалкиіз жырау. «Шағырмак, бұлт жай тастар» 214

«Айырдан...».................

Бұқар жырау. «Ауылда адам бар болса...» ...     215

«Ежелгі дұшпан ел болмас...»........     —

«Асқар таудың өлгені...»...........     —

Үмбетай жырау. «Бай болмаған бай болса...» . .216

Шал ақын. «Саясы жоқ бәйтерек...».......     —

Махамбет Өтемісов. Ереуіл атка ер салмай . . 217

«Мен, мен едім...»...............    —

Ерлердің ісі бітер ме? ............    218

Дулат Бабатайұлы. Сәні жоқ............—

Ыбырай Алтынсарин. Бұл кім?..........2Х*к

Өзен.......................    —

Абай Құнанбаев. Ғылым таппай мақтанба             220

Қыс.......................      —

Күз.......................    221

Жазғытұрым..................     —

.Жаз.......................222

Желсіз түнде жарық ай...........      —

Сұлтанмахмут Торайғыров. Шәкірт ойы .... 223

Асыл сөз.....................—

Шығамын тірі болсам адам болып......    —

Қала ақыны мен дала ақынының

айтысқанынан.................    224

Шәкәрім Құдайбердиев. Жаз келер ........225

«Ақ жүрек пен таза акыл...».........—

Ахмет Байтұрсынов. Тарту............226

Адамдық диқаншысы............. . —

Мағжан Жұмабаев. Балалық шақ.........    —

Мен жастарға сенемін............      —

«Жетсе егер...».................    227

«Күншығыстан таң келеді...»»........     —

«Ақын — жел...» ...............    —

Міржақып Дулатов. Оян, қазақ!......... 228

Шолпан Иманбаева. Үлгілі сөз ,..........—

Жамбыл Жабаев, Алатау.............229

Телеген ер...................   230

Қасым Аманжолов. Көктем . .......... .    231

Май келеді...................    —

Тайыр Жароков. Жырла, бөбек.........     232

Мәриям Хакімжанова. Мектеп — ана......233

Сапарғали Бегалин. Құлыншақ..........     —

Өтебай Тұрманжанов. Туған өлкем........234

Осы — біздің Оңтүстік............    —

Көктем келді гүл алып............235

Әбу Сәрсенбаев. Сүйікті туған ел......... 236

Сен құрметте оны..............,    —

Ғали Орманов. Ана.................237

Әбділда Тәжібаев. Атадан ақыл аламыз.....238

Ұшып бара жатырмын ............     —

Жұмағали Саин. Достық . 239

Құлпыра берші, кең дала..........      —

Дихан Әбілев. Туған тілім............ .    —

Әли Есмамбетов. Өмірге ..............  240

Абдолла Жұмағалиев. Алтын таңның ұлымын , . 241

Баубек Бұқышев. Ер жеткенде..........    —

Жұбан Молдағалиев. Ұстаз ............    242

Сырбай Мәуленов. Балалық............243

Балалардың бақыты..............    —

Дала......................     244

Ойнай-ойнай, шынықтык..........       —

Сагынғали Сейітов. Алматы — астанам.....245

Мұзафар Әлімбаев. Мен — баласы даланың . .   246

Ана тіліне тағзым...............    — ,

Жаппар Өмірбеков. Нұркен батыр........   247

Есет Әукебаев. Болмас мәңгі ол ұмыт......248

Қуандық Шаңгытбаев. Дала...........    —

Әткеншек....................249

Қабдікәрім Ыдырысов. Кең далам.........250

Менің өлкем..................

Әбдікәрім Ахметов. Қарлығаш...........251

Қабыкен Мұқышев. Қылыш пен орақ..   252

Ғафу Қайырбеков. Ана тілі.............—

Нұрсұлтан Әлімқұлов. Қош бол, мектеп!253

Мұқағали Мақатаев. Мектебіме..........—

Сағындым.................. 254

Болашаққа...................     —

Үш бақытым...................  255

Әнуарбек Дуйсенбиев. Ардакты ана.......      Қадыр Мырзалиев. Менің әжем..........256

Тоғызыншы май................    —

Генерал Жексенбаев..............257

Жылқышы...................    258

Ат жарыс....................    —

Барлық саусақ бірдей емес.........    259

Қайсысы қалай сүйеді?............260

Жыл маусымдары...............     —

Тұманбай Молдағалиев. Ғарыш қыраны.....262

Саги Жиенбаев. Жиырма сегіз ...........    263

Оспанхан Әубәкіров. Аға, іні-туысқан...... 26

Әшекей қыз...................—

Төлеген Айбергенов. Өсіп келе жатырмын.....

Абдрахман Асылбеков. Тыныштық........     

Қапшағай....................266

Оразакын, Асқар. Мен жылқышы боламын .267

Биші болам...................      —

Құрылысшы..................     268

Жүсіп Қыдыров. Шофер аға........... .    —

Ескен Елубаев. Шатыр...............   269

Қайтып барады.................   —

Жарасхан Әбдірашев. Ыбырай..........     270

Абай — біздің бабамыз............—

Несіпбек Айтов. Терезелер.............272

Түн.......................    273

Әркімнің өз әні бар..............274

Өтепберген Ақыпбеков. Таудай болып өсемін. . .275

Рақмет саған, мұғалім..............—

Сүлеймен Мәметов. Жайлау...........    276

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектепке дейінгі балалардың және оқушылардың жаттап алуына лайықты деген өлеңдері мен тақпақтар жинағы."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 064 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2016 11231
    • DOCX 314.9 кбайт
    • 57 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мырзабекова Салтанат Балтабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 73430
    • Всего материалов: 18

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация воспитательной деятельности в условиях реализации ФГОС

Специалист в области воспитания

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 97 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 525 человек

Курс повышения квалификации

Теория и методика развития дошкольника для организации образовательной деятельности в дошкольных образовательных организациях с учетом ФГОС ДО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 438 человек

Курс повышения квалификации

Дизайн-мышление или «study skills» в современной дошкольной педагогике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 79 человек

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы образовательной политики и информатики

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека