Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Менің Отбасымның тарихы мен дәстүрлері" (3-сынып)

"Менің Отбасымның тарихы мен дәстүрлері" (3-сынып)

Скачать материал

 

 

Күні: 23.10.2017 жыл

Мектеп: №8 ЖББ орта мектеп КММ

Сынып: 2 «А»

Мұғалім: Касен Ахбота

Әдіскер: Жахметова Б.К.

Машықкер:Тұрдымұрат Қ.

Сабақтың тақырыбы: «Менің отбасымның тарихы мен дәстүрлері»

Сабақтың мақсаты:

            Білімділік:  Отбасы құндылықтары мен дәстүрлерін насихаттау, отбасында үйлесімді қарым-қатынас жасауға үйрету, білімдерін кеңейту;

            Тәрбиелік:  Оқушы бойында әдептілік және алғырлық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, жаман мен жақсыны ажырата білу, ұлттық мақтаныш сезімдерін ояту;

            Дамытушылық: Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпын оқушылардың бойына сіңіру, балалардың топпен жұмыс істеу дағдысын дамыту.

Көрнекіліктер: тақырыпқа сай суреттер,

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіңдер ме,  оқушылар. Бүгінгі музыка сабағынан мен, Сүлейменова Аймарал беремін.  Бүгінгі сабағымыз жоғары деңгейде өтеді деген сеніммен келіп отырмын. Бүгінгі сабаққа белсене қатысуларыңызды сұраймын. Бүгінгі сабаққа дайынсыздар ма? Сынып оқушылары түгел ме? Көңіл күйлеріңіз қалай? (Оқушылардың зейінін жинақтау, түгелдеу, оқу құралдарының дайындығын тексеру)

 

Психологиялық дайындық.

    Балалар сабағымызды көтеріңкі көңіл күйде бастау үшін сендерге шаттық шеңберін құруға шақырамын. Қазір мен қолымдағы тұрған мына гүлді жанымда тұрған балаға тілек айтып беремін, ал гүл алған бала келесі балаға өз тілегін айтады. Осылай жалғаса береді. Балалар мына менің берген гүлім өзіме қайтып келді. Бұл не деген сөз? Яғни, бұл сендердің жасаған жақсылықтарың, айтқан жақсы тілектерің ертең болмаса да, бір күні міндетті түрде өздеріңе қайтып келеді. Сондықтан жақсы тілек айтып, жақсылық жасай білейік!

 

ІІ. Жаңа сабақ.

-Балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз – «Менің отбасымның тарихы мен дәстүрлері».

-Балалар, қанекей, кім айтады? Отбасы дегеніміз не? Оған кімдерді жатқызамыз? Ал, салт-дәстүр дегеніміз не? Оның қандай түрлерін білесіңдер?

 

 

 

 

 

 

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Қазақ халқында салт-дәстүрлер өте көп болғандықтан, бірнеше топтарға бөлінеді.

-Балалар әр отбасының өз тарихы және өздерінің арасында өткізетін салт-дәстүрлері бар. Балалар отбасында өткізілетін қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер? (Оқушылардың пікірін тыңдау).

Шілдехана

Тұсау кесер

Сүндет той

Беташар т.б.

-Иә, балалар, салт-дәстүрлер өте көп. Олар: тәрбие дәстүрлері, отбасы дәстүрлері, діни дәстүрлер, наурыз дәстүрлері, еңбек дәстүрлері болып бөлінеді.

-Балалар салт-дәстүрлер жайында толықтыра айта кетсек:

    Ат қою.Дүние келген жас нәрестеге оның құлағына азан шақырып ат қойылатын. Жасы үлкен туысқандардың бірі Құраннан аят оқып, нәрестенің атын оның құлағына үш рет қайталап дауыстайтын.

    Бесікке бөлеу. Жас нәрестені үйге әкелгеннен бастап, оны әжесі, анасы бесікке таза болу үшін, аяқ-қолы түзу болу үшін, жылы жату үшін бесікке бөлеген.

    Қырқынан шығару.

Жас нәресте туғанына 40 күн толғанда қырқынан шығарады. Ол кезде баланың 1ші рет шашын, тырнағын алады.

    Тұсау кесер.

Бала 1 жастан аса бастағанда тез жүріп кетсін деген ниетпен тұсауын кеседі. Тұсауын көк жікпен көгеріп, өркендесін деп кеседі. Ала жіппен ешкімнің ала жібін аттамасын деген ниетпен кеседі.

   Сүндет той. 3,5 және . жасқа толғанда оны сүндетке отырғызу рәсімі орындалады.

   Тілашар. Бала 7 жастан асып мектепке барар алдында тілашар тойы жасалады.

   Балалар, Сүйінші сұрау да дәстүрге жатады. Яғни, жақсы жаңалық естігенде немесе жаңа зат алғанда адамдар сүйінші сұрайды.

   Шашу. Шашу жаңа түскен келінге, тұсауы кесілген балаға, алғаш атқа мінген балаға, т.б шашылады. Шашудың мәні – жақсылық, молшылық, құт-береке тілеу.

   Дәм ауыз тию. Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигізбейінше жібермейтін.

   Ерулік беру. Басқа жақтан көшіп келгендерді оның туған-туыстары немесе көршілері арнайы дастарқанға шақырып, ерулік тамақ беретін болған.

   Қалау айту. Үйге келген қонақтың сол үйдегі өзіне ұнаған заттың кез келгенін қаладым деп айтуына болады, ал үй иесі ол затты міндетті түрде беруі тиіс.

   Қымызмұрындық. Қымыз ашыту маусымы басталуына байланысты әдет-ғұрып. Ауыл адамдары бірін-бірі шақырысып, қымыз ішер алдында арнайы дастарқаннан тамақ жеседі.

   -Балалар, Сәлемдесу де салт-дәстүрге жататынын білесіңдер ме? Жасы кішісі жасы үлкеніне «Ассалаумағалейкүм!» деп бірінші болып сәлем береді. Жасы үлкені болса «Уағалейкүмассалам!» деп жауап қатады. 

   

 

 

 

Сонымен қатар,  балалар бізде дәстүрге сай ертеден келе жатқан мерекелік ойындарымыз бар :

Аударыспақ – бұл ойынға екі ер бала қатысады. Бір – бірін арқалап та немесе ересек балалар болатын болса ат үстінде отырып бірін- бірі аударып аттан құлатуы керек.

 

Асық ойнау – бірнеше балалар жиналып, алып асықтар атысып ойналады. Әрбір асықтың құлағына әртүрлі есептелініп, әртүрлі аталады.

 

Ақсүйек – ақсүйек алысқа лақтырылады, кешкі уақытта оны тауып алу қиынырақ, сондықтан бұл ойынның қызығы кім бірінші іздеп тапса сол жеңіске жетеді. Таппай қайтып келген балалар болса өлең айтып немесе жұмбақ жасыру керек болады.

 

Көрнекілікпен жұмыс

Балаларға тақтада ілініп тұрған көрнекіліктермен таныстыра кетеміз.

 

 

-балалар, не түсіндік?

-қандай салт-дәстүрлер жайлы айтылды?

-отбасымызда осы дәстүрлерді қолданамыз ба?

 

Сергіту сәті

Балалармен көңілді әуенге сай қысқа жаттығулар жасау.

 

Топпен жұмыс.(Ойын)

Балаларды 3 қатар бойынша 3 топқа бөлу.

1 топ: «Жалын»;

2 топ: «Ұлан»; 

3 топ:  «Болашақ»тобы.

 

-Балалар ойынымызды бастамас бұрын мен қазір әр топтан 1 басшы сайлаймын . Соған мына белгіні беремін. Топ басшысы сұраққа дайын болса, сол белгіні былай көрсетеді. Ал сендер басшыларыңа көмектесулерің қажет.

Балалар біздің ойынымыз ІІ кезеңнең тұрады. Ал І кезеңді бастайық. 1 кезеңде мен әр

3 топқа 3 әріп беремін. 1 минуттың ішінде сол әріптен басталатын қанша салт-дәртүрлерді білесіңдер, соның бәрін мына қағазға жазыңдар.

 

Қ ( қарқынан шығару, қымызмұрындық, қалау айту),   Т (тілашар, тұсаукесер),    С (сүндет той, сырға салу)

 

 

 

 

 

Бірінші біткен топ белгілеріңді көтересіңдер.

-Жарайсыңдар, балалар!

Ал ІІ кезеңде балалар бүгінгі тақырыбымызға қатысты болмақ. Яғни, мен қазір мына гүлдерді әр топқа таратамын. Гүлді кімге бердім, сол бала жауап береді.

1 топ: «Жалын» тобына сұрақтар:

-                     Бесікке бөлеу дегеніміз не?

-                     Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

 

 

2 топ: «Ұлан» тобына:

-                     Бала мектепке барар алдында қандай той жасалады?

-                     Сүйінші дегеніміз не?

 

3 топ:  «Болашақ»тобына:

-                     Сәлемдесу салт-дәстүрге жатады ма?

-                     Шашу шашудың мәні неде?

 

Жарайсыңдар, балалар! Жеңімпаз топ: «..» тобы.

 

-Ал енді балалар тәрбие сағаты дәптерлеріңді ашыңдар. Дәптерлеріңе сендер естімеген салт-дәстүрлерді жазып алайық. Ал ол салт-дәстүрлерді тек қана жазып қоймай жаттап алыңдар.

   Ерулік беру, қалау айту, қымызмұрындық, дәм ауыз тию, шашу, сүйінші, тілашар.

  Мысалы, менің отбасымда қалау, қымызмұрындық дәстүрлері орындалды. Балалар, сендердің отбасыларында қандай салт-дәстүрлер орындалады? Соны білсек.

Жарайсыңдар, балақайлар! Бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарың үшін сендерге сыйлығым бар. Соны өздеріңе табыстайын  (смайликтер тарату).

ІV. Қорытынды. Бүгінгі тәрбие сағатымызда аталған салт-дәстүрлерді жаттап алсаңыздар, артық болмас. Әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт-дәстүрлерінің жанашыры болатынына сенімдіміз. Ал балалар, сау болыңдар!

 

 

 

Мұғалім:

Әдіскер:

Баға:

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Менің Отбасымның тарихы мен дәстүрлері" (3-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бухгалтер

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 667 430 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.12.2017 5315
    • DOCX 21.4 кбайт
    • 50 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тұрдымұрат Қарлығаш Якудақызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тұрдымұрат Қарлығаш Якудақызы
    Тұрдымұрат Қарлығаш Якудақызы
    • На сайте: 6 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 13210
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 747 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 7 025 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 147 человек

Мини-курс

Психологическая экспертиза в работе с детьми и родителями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 50 человек

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе