Инфоурок Всеобщая история Презентации"Менің туған өлкем" (Кеңес Одағының батыры Е. Ш. Орақбаевқа арналған) презентация

"Менің туған өлкем" (Кеңес Одағының батыры Е. Ш. Орақбаевқа арналған) презентация

Скачать материал
Скачать материал ""Менің туған өлкем" (Кеңес Одағының батыры Е. Ш. Орақбаевқа арналған) презентация"

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Помощник руководителя отдела библиотеки

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • “Жалпақ жұртыңды, игі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын,...

    1 слайд

    “Жалпақ жұртыңды, игі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады”
    Н.Ә. Назарбаев
    “Менің туған өлкем”

  • “Менің туған өлкем”Өлкетану-іздестіруТуризм және спортТарих қойнауындаТабиғат...

    2 слайд

    “Менің туған өлкем”
    Өлкетану-іздестіру
    Туризм және спорт
    Тарих қойнауында
    Табиғат және экология

  •    Ұлы Жеңіске 70- жыл !

    3 слайд

    Ұлы Жеңіске 70- жыл !

  • Кеңес Одағының батыры        Есен Шегрейұлы Орақбаев

    4 слайд

    Кеңес Одағының батыры
    Есен Шегрейұлы Орақбаев

  • Е.Ш.Орақбаев атамыз, Сисенқұдық ауылы, (Тайпақ ауданы) қазіргі Ақжайық ауданы...

    5 слайд

    Е.Ш.Орақбаев атамыз, Сисенқұдық ауылы, (Тайпақ ауданы) қазіргі Ақжайық ауданында, 1922 жылы 3 қаңтарда дүниеге келген. 1942 жылы Фурманов педагогикалық училищесінде оқып жүргенде өзі сұранып соғысқа аттанды. Ростов қаласындағы артиллерия училищесін табысты аяқтап, Орақбаев Е.Ш.Чехославакияны, Венгрияны, жаудан азат ету үшін болған ұрыстардың қақ ортасында болды. 1944 жылы взвод командирі Е.Орақбаев Тисса өзенінен жауып тұрған жау оғына қарамай жанын шүберекке түйіп бірінші болып өтіп арғы беттегі жаумен шайқасты. Оның осы жылдар ішіндегі ерлігі жоғары бағаланып, 25 наурыздың 1945 жылдарында оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
    Өмір - дерек

  •       Соғыста жүріп өткен         жолдары

    6 слайд

    Соғыста жүріп өткен жолдары

  • Соғыстан оралғаннан кейін Орал облысының партия, совет органдарында жұмыс іст...

    7 слайд

    Соғыстан оралғаннан кейін Орал облысының партия, совет органдарында жұмыс істеді. 1949 жылы Алматы жоғарғы партия мектебін, 1966 жылы КПСС ОК жанындағы жоғары партия мектебін бітірді. Е.Ш.Орақбаев 1968 – 1986 жылдар аралығында Красногор заводының директоры қызметін атқарды. Осы жылдар ішінде ауыл шаруашылығын дамытудағы табыстары үшін «Красногор» жылқы заводы бір рет Бүкіл Одақтың, екі мәрте республикалық социалистік жарыс жүлдегері болды. Е.Ш.Орақбаевтың еңбектерінің бірі – Қазақстан Ленин комсомол сыйлығының жүлдегері аталған. «СӘУЛЕ» қыз – келіншектер трактор бригадасын құруы еді. Бригада алғаш рет 1971 жылы мамырдың 30-да құрылған еді. Бригада мал азығын дайындауда 25 мың центнердің орнына 50-60 мың центнер мал азығын дайындап отырды.
    Елге оралып еңбек еткен кездері

  • “Сауле” қыздар бригадасы

    8 слайд

    “Сауле” қыздар бригадасы

  • “Крестьянка” газеті

    9 слайд

    “Крестьянка” газеті

  • Есен атамыздың басшылығымен салынған мектеп

    10 слайд

    Есен атамыздың басшылығымен салынған мектеп

  •        Мәдениет үйі

    11 слайд

    Мәдениет үйі

  •  Мектеп жатақханасы

    12 слайд

    Мектеп жатақханасы

  • Есен атамыздың соғыста қаза тапқан боздақтарға арнап салдырған мәңгілік алау...

    13 слайд

    Есен атамыздың соғыста қаза тапқан боздақтарға арнап салдырған мәңгілік алау ескерткішінің макеті

  • Есен Шегрейұлы  Алғабас ауылында жұмыс істеп жүрген кезінде Есағаңмен бірге б...

    14 слайд

    Есен Шегрейұлы Алғабас ауылында жұмыс істеп жүрген кезінде Есағаңмен бірге бөлімшелерді аралауға тура келді. Уақыт наурыз айының іші жер телегей-теңіз су шұңқырлардың барлығы суға толып айнала жалтырап жатыр. Рульде Есағаңның өзі, бір уақытта машинамыз шұңқырға түсіп кетті, оны шығара алмай біраз әуре болып,болмағасын тастап ауылға қайттық. Түн,айналаның бәрі жалтырап жатқан шұңқыр су. Содан мен “Аға, мен жаспын алға жүрейін”-десем, “Жоқ , мен жасарымды жасадым,асарымды асадым, болашақ сіздердікі мен алға жүрем”-деп өзі жол бастап түнгі 2де ауылға қайттық. Сол кезде маған улкен әсер берген жағдай ол кісінің қан майданды басынан өткізіп, енді бейбіт өмірде де өз қамын ойламай болашақ ұрпақты, келешекті ойлауы.
    Есен атамызбен жұмыстас,таныс болған
    Нәсіпқали Мақанов ағамызбен жүздесу

  • Мен Су шаруашылығы басқармасының бастығы болып жұмыс істеп жүрген кезімде,Еса...

    15 слайд

    Мен Су шаруашылығы басқармасының бастығы болып жұмыс істеп жүрген кезімде,Есағаңмен жұмыстас болдым.Ол кезде Жаңақала ауданының тек17 мың гектар жері ғана суарылған,Есағаң өзінің территориясына су тартып 30 мың гектарға жеткізді. Бірде екеуміз сол суарылған жерлерді аралап қайтуға бардық,сонда ол кісі етігінің қонышына дейін судың ортасына барып, “Ай, Ғайса қараш бұл жер 10-15 күн өткен соң көкорай шалғынға айналады еңбек қайттығой қайты”-деп балаша қуанатын. Сол сәт әлі есімнен кетпейді.
    Батыр атамызбен жұмыстас,таныс болып бірге жүрген Ғайсағали Томанов ағамызбен кездесу

  • Мен Есен Шегрейұлы Орақбаевпен жұмыстас, таныс болдым. Ол адам өте қарапайым,...

    16 слайд

    Мен Есен Шегрейұлы Орақбаевпен жұмыстас, таныс болдым. Ол адам өте қарапайым, өз ісіне берік батырмын деп көкірегін кермеген жаны таза, адал жан. Бірде су жіберу жөнінде облыстан бір адам келеді, оған жұмысшы тәріздес аяғына керзі етік киген адам келіп жолығып, су жөнінде сұрастырады, содан әлгі адам: Сен кімсің? –десе, “Мен осы ауылдың директорымын, Кеңес Одағының батырларының бірімін” -депті. Ол адам сенбей, аудан басшысына хабарласып, маған осындай адам келіп жолықты сенейін бе, сенбейін бе? - деп сұраған екен. Аудан басшысы дұрыс, ол адам Кеңес Одағының Батыры деп жауап беріпті.

    Есен атамызбен таныс, жұмыстас болған Қайыржанов Құмарғали ағамызбен сұхбаттасу

  • Әкем бізге ылғи майдан даласындағы әңгімелерін айтып,  әрдайым “Барға қанағат...

    17 слайд

    Әкем бізге ылғи майдан даласындағы әңгімелерін айтып, әрдайым “Барға қанағат қылыңдар” –деп өзінің майдан даласында қаза болған жолдастарын еске алып, “қыршын кеткен боздақтар”- деп өзегі өртеніп,өкінішін білдіріп отыратын. Әкем отбасымызды алып “Той терегі” деген жерге барып табиғат аясында демалғанды және қырларды аралап, каналдардың қасында ұзақ қарап тұрғанды ұнатушы еді.Әкем сол кездері “Қарақұдық” деген жерге аэропорт салам, сосын көшім тұқымды жылқыларымызды Италияға,Америкаға шет елдерге шығарамыз”-деп армандап отырушы еді.Бұл әкемнің орындалмай кеткен арманы.
    Батыр атамыздың қызы Гүлнар Орақбаева апаймен жүздесу

  • Бұл атамыз менің еңбектегі алғашқы ұстазым.Мен де “Сауле” қыздар бригадасының...

    18 слайд

    Бұл атамыз менің еңбектегі алғашқы ұстазым.Мен де “Сауле” қыздар бригадасының мүшесінде болғам. Атам ешқашан балаларына қаттты сөйлемейтін, ренжісе үндемей қалатын. Сол кезде біз өзіміздің қателігімізді түсінетінбіз. Біздің үйімізге қонақ көп келуші еді, атамның өз ортасында әзілі жарасқан, ұтымды сөйлейтінін, басқа адамдарға қарағанда өресінің кең екендігін, мінезінің ашық, жарқындығына, тапқырлығына іштей тәнті болып,атамды мақтан тұтып жүруші едім. Сол қонқтардың бірі Әсет Бейсеуов ағамыз атамызға “Ағаларым” әнін, анамызға “Жайықтағы жеңешем әнін” сыйлаған болатын.
    Батыр атамыздың келіні Райса Байғалиевамен кездесу

  • Есен атамыздың мұражайдағы орны

    19 слайд

    Есен атамыздың мұражайдағы орны

  • Есен Шегрейұлы  Қызылоба ауылында директор болып тұрған кезінде құрылыс ө...

    20 слайд

    Есен Шегрейұлы Қызылоба ауылында директор болып тұрған кезінде құрылыс өте қарқынды дамыды,атап айтсақ; МТМ, мектеп, жатахана, мәдениет үйі, уйлер салынды, ескерткіш орнатылды. Сонымен қатар, бұрынғы көлтабандардан су шығартып, соның арқасында жеріміз шабындыққа мол болды.Есағаңның еңбегінің жемісін күні бүгінге дейін көріп отырмыз.
    Есен атамызбен жұмыстас, ауылдас болған ағамыз Еслямғалиев Биғали ағамызбен кездесу.

  • “Сауле” қыздар бригадасы Есен ағайдың басшылығымен құрылған бригада. Ол кісі...

    21 слайд

    “Сауле” қыздар бригадасы Есен ағайдың басшылығымен құрылған бригада. Ол кісі өте қарапйым, мейірімді, адал жан болатын. Ағай біздің еңбегімізді бағалап жыл сайын біздерді курорттарға, шет елдерге жіберіп отырды. Бізді өз қыздарынан кем көрген емес, бірде Айтпай деген елді-мекенге тойға барып, таңда қайттық.Ұйқымыз шала,көзіміз іліне берген соң тракторды сөндіріп, астына жатып ұйықтай кеттік. Ұйқымыздың қаттылығы сондай қасымызға машинамен келіп, малдасын құрып отырған басшымызды байқамаппыз. “Ал, қыздар ,ұйқы қандыма” дегенде, бәріміз атып-атып түрегелдік. Сонда ағай “Қайта трактордың үстінде ұйықтамай,жерге түсіп жатқандарыңа да рахмет” деп жымиып қасымызда отыр. Басқа басшы болса,осылай істермеді ? Есен ағайдай адам кемде-кем.
    “Сауле” қыздар бригадасының бригадирі болған Өтешқалиева Дәмелі апаймен жүздесу

  • Батыр атамыздың қабірінде оқушылар тағзым етуде

    22 слайд

    Батыр атамыздың қабірінде оқушылар тағзым етуде

  • Артына ұмытылмас із қалдырған,
Кетседе алыс жолға жоқ қой арман.
Арнайы әнге...

    23 слайд

    Артына ұмытылмас із қалдырған,
    Кетседе алыс жолға жоқ қой арман.
    Арнайы әнге қосып жүретұғын,
    Өмірін жалғастырар біз балдырған.
    Мен туылдым Қызылоба текті елінде,
    Білімнің сусындаймын өткелінде.
    Жақсы оқып, еш ұятқа қалдырмаймын,
    Атақты Батыр ата мектебіне.
    Естіген білгенімді ойға түйіп,
    Ерлігін Атамыздың қалды сүйіп.
    Осындай мектебінде білім алып,
    Жүргенге мақтанамын басымды иіп.
    Батыр атаға арнау

  • Мәңгі өшпейтін ұлы бейне

    24 слайд

    Мәңгі өшпейтін ұлы бейне

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ұсынып отырған "Менің туған өлкем" атты презентация Кеңес Одағының батыры Есен Орақбаевқа арналады.

Бұл презентацияда Есен Орақбаевтың өмірі, соғыста жүріп өткен жолдары, соғыстан кейін елге оралып еңбек еткен кездері жазылды. Сонымен қатар батыр атамызбен таныс, жұмыстас болған ағаларымызбен, қызы және келінімен сұхбат жасалды. Осы адамдармен кездескендегі суреттер мен олардың әңгімелері берілді.

Есен атамыздың соғыста қаза тапқан боздақтарға арнап салдырған мәңгілік алау ескерткішінің макеті және Есен атамыздың басшылығымен салынған мектептің суреттері слайдта көрсетілген.

Бұл презентация Ұлы Жеңстің 70 жылдығына арналған түрлі өтетін шараларда пайдалануға болады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 131 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.04.2015 2562
    • PPTX 15.2 мбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кайыржанова Эльмира Кумаргалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5803
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Курс повышения квалификации

Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 639 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 544 человека

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Искусство понимания: техники успешной жизни, отношений и бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая работа с эмоциональными и поведенческими проблемами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 226 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека