Инфоурок Дошкольное образование КонспектыМерекелік ертеңгілік тақырыбы: "16желтоқсан Тәуелсіздік ел тірегі"

Мерекелік ертеңгілік тақырыбы: "16желтоқсан Тәуелсіздік ел тірегі"

Скачать материал

Тәуелсіздік мерекесіне арналған ертеңгілік

 

Тақырыбы: Тәуелсіздік ел тілегі.

Мақсаты:  Ел қорғаудың қиын да ардақты міндет екендігін түсіндіру арқылы Отан туралы, оның тәуелсіздігі туралы түсінітерін кеңейту.Ертеңгілікте өлең-тақпақтар оқу, сахналық көрініс, би билеу, ойын арқылы белсенділіктерін арттыру, өздерін мәдениетті, әдепті, байсалды ұстау іскерліктерін дамыту. Отанды қорғауға, сүйе білуге, қастерлеуге, мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-аналар мен балалар, ұстаздар, сіздерді Еліміздің Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз!

Данасы мен батыры көп қазақпын

Көрген талай қияметін азаптың

Аршындаймын кө туымды шалқытып

Жасай берсін, тәуелсіздік, азат күн!- дегендей  «Арман» тобы мен «Жұлдыз» топтарының « Тәуелсіздік ел тілегі» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Балалар ән ырғағымен залға кіреді.(Балалар қолдарында жалаушалар мен шарлармен залға кіреді).

Жүргізуші: Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе

                      Ұрпақ өсер айналатын тірекке

                      Егемендік тиді міне еншіме

                      Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.

Тәуелсіздігіміз баянды болсын дей отырып кішкентай  бүлдіршіндеріміз  ертеңгілікті әнұранмен ашады.

Әнұран орындалады.

Жүргізуші: Балалар ,«Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары:

-Отан дегеніміз елім, жерім, бауырым, табиғатым

Жүргізуші: Ал, біздің балалар Отанға деген жылы сөздерін тақпақпен жеткізеді.

Айзере     Қуат алған өзіңнен,

                  Туған елдің қызымын

                  Бақытты етіп  өсірген

                  Отанымның гүлімін.

Альтаир Отан- жерім,Отан-суым.

                  Отан –қуат, нәр береді.

                  Отан – ұран, Отан –туым.

                  Отан – мәңгі гүлденеді.

Лаян        Отан деген – атамекен,

                  Отан деген – туған жер.

                  Отан – ана, Отан – үлкен

                  Қазақстан – туған ел!

Каусар Туған жерім – Қазақстан.

               Тәуелсіздігі жарасқан.

               Көк байрағы желбіреп.

               Көк аспанға ұқсасқан

Інжу      Туған жерім әдемі.

               Туған жерім қадірлі.

               Осы жерде мен тудым.

               Кең байтақ жерім менің.

Әлинур  Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің.

                Таулы орман,жасыл жайлау, көлім менің.

                Бүгінде бар әлемге даңқың жетті.

                Тәуелсіз Қазақстан –елім менің.

Аяла       Біз жас – ұлан отан өркені

                Үміт артқан болашағы ертеңі

                Тәуелсіз елдің даңқын көкке өрлетіп

                Гүлге бөлетіп жайнатамыз өлкені

 

Ән : «Сәлем Қазақсатан» «Арман» тобының орындауында.

 

Жүргізуші : Балалар, мына сұрақтарыма жауап беріңдерші.

-         Біз қай елде тұрамыз?( Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз)

-         Қазақстанның елордасы қай қала?( Қазақстанның елордасы –Астана)

-         Мемлекеттік рәміздерді кім атайды?( Ту,әнұран, елтаңба)

-         Біздің елбасымыз кім?( Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

-         Мемлекеттік тіліміз қай  тіл?(Қазақ тілі)

Жүргізуші : Рәміздерім елдігімнің белгісі

                      Білу керек бала дағы ең кіші.

                      Рәміздерім -әнұран, ту, елтаңба

                      Рәміздерді жатқа білген жөн кісі

Амина  Тәуелсіздік жолында

              Талай-талай тер тамған

              Билігім өз қолымда

              Еркіндігім елтаңбам.

К.Інжу Қатар шапқан қос тұлпар

              Ай астында қазақ үй

              Қалықтаған жас сұңқар

              Шарықтаған таза күй

              Елтаңбасы елімнің

              Елдігімнің белгісі

Мади  Айнымайды аспаннан

            Біздің тудың бояуы

            Оны халық қашанда

            Биікке іліп қояды

Арлан Ән ұраным, жан ұраным

             Айтар әнім, айтар сөзім

             Туған жерім сағынарым

             Жүрсем егер дүние кезіп

Жүргізуші: Бүгінгі Қазақстанымыз –қашанда мақтанышымыз. Өткен жиырма жылда Мемлекетіміз көркейіп, гүлденді. Өзге елдермен терезесі кең болып, болашаққа жол ашты.

 Алимджан Түрлі елдер достасқан.

                      Еңсесі биік Қазақстан!

                     Құтты болсын елдігің.

                     Тәуелсіз біздің  Қазақстан!

Ясмин Тәуелсіздік таңнан түскен ақ сәуле

             Тәуелсіздік бақыт сенде бақ сенде

             Қарқындайды қариялар қашанда

             Жарқылдайды жарық шашып жас кеуде

Арай  Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын, 
             Алдымызда барлық үміт ақталсын 
             Тату – тәтті бірлік болып қашанда 
             Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын. 

Нұрқұлан   Атыңнан айналайын егемен ел,

                     Тәуелсіз күніің туды кенеле бер

                     Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік

                     Ғасырдың  тойы болшы сен келе бер

Адемі     Дүбірлетсін өңірді
               Дүбірлесін дүлділі.
               Қазақ деген елімнің
               Құтты болсын бұл – күнің

Аружан Жасасын азат ерлік күн

               Жасасын бейбіт елмен жер

               Бостандық алған қазақтың

               Мәртебесін көрсін ел

Ән: «Жаса Қазақстан» Жұлдыз тобының орындауында.

Жүргізуші: Ия, осы жиырма жыл ішінде еліміздің ғарыштап дамуы, әлемге танымал ел бола бастауы, бұның бәрі осынау 1986жыл 16желтоқсан оқиғасымен тығыз байланысты. Біз сол егемендік жолында құрбан болған ұл-құздарымызды мәңгі ұмытпай, ерлігін есте сақтап, құрметтеуіміз керек.

Сахналық –көрініс: Қайрат  қамауда темір тордың ішінде отыр.

Автор: Қайрат  жатқан жерге күзетшілер келіп, есікті ашып, оны тергеушінің алдына апарады. Қайратқа соңғы сөзін айтуды бұйырады.

Тергеуші: Қане, шыныңды айт, айтпасаң жазаға тартыласың, не болмаса, сөзіңді айт!

Қайрат:

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десен алыңдар,

Қайрат деген атым бар.

Қазақ деген затым бар,

Ереке тоқты құрбандық!

Атам десең атыңдар!

Тергеуші: -Әкетіңдер!Жоғалтыңдар! (күзетшілер Қайратты алып кетеді)

Жүргізуші: Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,

                      Бет бағдарын бақиғаға бұрғандарым.

                      Жазықсыз жапа шегіп, бұл жалғаннан

                      Жалтақтап кете барған боздақтарым –деп  мұндағы суретте желтоқсан құрбандары. Осы аға, апаларымыздың арқасында егемен ел болып, көк туымыздың байрағы желбіреді. Ляззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев аға- апаларымыз рухына тағзым етіп 1 минут еске алайық.

 Жүргізуші: Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әр уақытта сақтайды. Өйткені олар біздің бақытымызды қорғады. Отан үшін, ел үшін құрбан болды. Біз Отанымыздың жүріп өткен  ерлікке толы жолдарын, азаты үшін күрескен ерлері мен батырларын ешқашан ұмытпаймыз, әр есімі ел есінде мәңгі сақталады.

Балаларға  «Желтоқсан желі» әні  тындатылады .

Алдияр Мұз жастанып азаматтық жолында,

               Тәуелсіздік туы тұрды қолында.

               Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып

               Сойыл таяқ ойнаса да жолында

Айзере Он алтыншы желтоқсан 
               Тәуелсіздік алған күн 
               Ерекше боп мәңгілік 
               Ел жадында қалған күн 

Адия    16 - желтоқсан

             Тәуелсіздік алған күн

             Мерекеде ел қуанып

             Шаттанып ән салған күн

 

Мирас    Он алтыншы желтоқсан 
                Ел мерейі тасыған 
                Қазақ деген қалың жұрт 
                Бәрін кешті басынан 

Амира   Түрлі елдер достасқан.

                Еңсесі биік Қазақстан!

                Құтты болсын елдігің.

               Тәуелсіз біздің  Қазақстан!

Амина   Тәуелсіздік жолында

               Талай-талай тер тамған

               Билігім өз қолымда

               Еркіндігім елтаңбам.

Аяулым Жасасын азат ерлік күн

                Жасасын бейбіт елмен жер

                Бостандық алған қазақтың

                Мәртебесін көрсін ел

Кәусар   Алып дүлей күштің зәре ұшқынын

               Алаулатып жылатты бір қыс күнін

               Сабирадай қайран қара көздерім

               Тастағанын елге ерлік ұшқынын

Ән: «Казақ елі»  «Арман»тобымен «Жұлдыз» тобының орындауында.

Жүргізуші:  Міне балалар, бүгінгі таңда Қазақстан Тәуелсіз мемлекет. «Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екендігін ұмытпа» - деп елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай ел ертеңі өздеріңсіңдер. Тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланысындар, өз жерлеріңді, өз еліңді ата- бабамыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауғатиссіңдер, бұны әрқашан естен шығармау керек.

           Армандарды жақындатып тым алыс,

           Біздің жаққа жеткен екен жылы алғыс.

           Егемендік- ел бақыты, ертеңі,

           О- халайық,

           Құтты болсын қуаныш!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мерекелік ертеңгілік тақырыбы: "16желтоқсан Тәуелсіздік ел тірегі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 220 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.02.2020 490
    • DOCX 23.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тюлеубаева Сания Канатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тюлеубаева Сания Канатовна
    Тюлеубаева Сания Канатовна
    • На сайте: 4 года и 2 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 39756
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие ребенка до трех лет: познавательные, коммуникативные и социальные аспекты

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Здоровьесберегающие технологии в образовательном процессе в соответствии с ФГОС ДО

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 504 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности учителя-наставника в образовательной организации

Учитель-наставник

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 141 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 501 человек

Мини-курс

Тревожные расстройства: диагностика и причины

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов

Мини-курс

Основы игровой деятельности дошкольников: роль игр в развитии детей

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек