Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыМетод пособ по начальному классу

Метод пособ по начальному классу

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Журнал материал.doc


Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөз.
Сабақ мақсаты:1Біріккен сөз туралы ұғыммен таныстыра отырып, жаттығулар жұмысын жүргізу. 

Дамытушылығы: Оқушыларды шығармашылыққа баули отырып, ойлану қабілеттерін және сөздік қорын молайту. 
Тәрбиелілігі:Топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.адамгершілік, ізгі қасиеттер бойларына сіңіру.
Сабақ типі: жаңа сабақ.

Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, 

Көрнекілік:  кестелер, геометриялық фигуралар,тірек сызбалар, суреттер,слайд.

Сабақ барысы : І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, түгендеу. Психологиялық дайындық.

Сендерге геометриялық фигураларды ұсынамын өздерің қалағандарынды таңдайсыңдар. Бірдей фигураны таңдаған оқушылар,бір топ болып құрылады.1топ-Үшбұрыш 2-топ-Төртбұрыш; 3топ- Көпбұрыш.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге қандай тапсырма берілді? 
- Ережені сұрау  - Жаттығу жұмысы оқылады.  Сұрақ жауап 
1. Сөз дегеніміз не?  2. Бір- біріне қарама- қарсы сөздер туралы не білеміз?

Сөз мағынасының түрлері. Мағынасы жуық сөздер. Бет,жүз,

Мағынасы қарама –қарсы сөздер; жоғары-төмен; жақсы- жаман,

Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер. Ас, тамақ, тағам, дәм.аспан,көк ,әуе.

Жан-жақты білімдерін тексеру Күрделі сөз дегеніміз не? Мысал келтір.

Ү. Жаңа материалды түсіндіру «Фигураны тап» ойынымен басталады

hello_html_m6a8abbf9.gifhello_html_949c3e2.gif

hello_html_m57513e45.gifhello_html_m2823cef2.gif

hello_html_7ea97dc0.gif


hello_html_m2a7690f7.gif

Фигураларды тақтаға тізіп жазып шығады. Мысалы: шаршы, төртбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш, кесінді. Балалар, осы сөздердің ішінен күрделі сөздерді табайық: төртбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш. Бұлар қалай жасалған? Екі түбір сөздің бірігіп айтылуынан жасалған

Осылайша екі түбірдің бірігуінен жасалған күрделі сөздің бір түрі біріккен сөз деп аталатынын оқушылар өздері пайымдайды. Осы тұста біріккен сөздердің үнемі бірге жазылатыны ескертіледі.


ІІІ. Жаңа сабақ бойынша істелінетін жұмыс. «Сөзстан»ертегісі.

Баяғыда бір «күрделі сөз « деген ақсақал болыпты. Оның үш ұлы болыпты. Бірікке сөз; Қос сөз; Қысқарған сөз. Бүгін біз бірінші ұлы біріккен сөзбен танысқалы отырмыз.Біріккен сөз екі түбірдің бірігуінен жасалады, бірақ ,та үнемі бірге жазылады.
ІІІ. Жаңа сабақ. Тақырыпты хабарлау. Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Біріккен сөздерді қалай түсінесіңдер? Біріккен сөз.

Дәптерлеріңді ашып ,бүгінгі күннің жадын және тақырыбын жазыңдар.

Кітаппен жұмыс: 8-жаттығу. Гүлдердің күлшелерінен біріккен сөздер құрау. (Жалқы есім, жалпы есім) Айна бұлақ,жар, талды, кер. Нұрдәулет,Бақдәулет Жандәулет, Есдәулет.Сасықкөл, алакөл, Сексен көл,

Тақтамен жұмыс: 9- жаттығу. Сөздерді оқып, көшіріп жаз.

Аққу.бұзаубас, Ақмарал, шаңсорғыш, балмұздақ, егеуқұйрық,Жетіқарақшы, Шекара,

Ережені 2-3 балаға оқыту.Екі не одан да көп түбірден құралған сөздерді біріккен сөздер деп атайды. Олар бірігіп жазылады. Мысалы: алабота, балқарағай

Өзбетімен жұмыс: 10-жаттығу. Жатқа жазу. Кемпірқосақ.

Күн күркіреп, себелеп,

Жаңбыр жауып басылды.

Көкжиекке керемет

Кемпірқосақ асылды.

Сергіту сәті. 

Дәптермен жұмыс: 11-жаттығу. Аққұтан, шекара, еңбекақы.  Сөйлем құрау. 1. Аққұтан көл жағасында мекендейді. 2.Ағам шекараны күзетті.

3 Менің анам ай сайын жұмыс жасап еңбекақысын алды.

Ойын: «Сөздерді сәкестендіру » слайдтан көрсету.

Мүйіз+тұмсық, суық+торғай, көл+бақа, жол+барыс ,алты+бақан, жеті+қарақшы, бір+қазан, ақ+қу,

Топпен жұмыс: 12-жаттығу.

І- топ. Аңдар: ақбөкен, қарақұйрық

ІІ-топ. Құстар:

аққұтан,аққу,бұлбұл,бірқазан, күркетауық.кептер,бозторғай,

ІІІ -топ. Өсімдіктер: қазтабан, алабота, саңырауқұлақ,итмұрын таңқурай, жолжелкен.

Жер-су аттары: Ақтөбе, Ақтау,Сарытоғай,Сарыарқа,Көкшетау,

Қызығушылықты ояту:

1-топ Гүл + жан, Гүл + жайна,Гүл + бақыт,гүл + десте 
2-топ Күн + сұлу,күн + бағыс,күн +тізбе. 

3-топ Ай+гүл, Ай+жан, Ай +сұлу,болат, мұрат,сәуле,фара,сара, кен,
- Сөздерді топтасуына қарай қорытынды ереже шығару.
- Екі түбірден жасалған сөз біріккен сөз деп аталады.
- Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады.
- Мысалы: Ақмарал, денсаулық, Айнабұлақ, Қаратау, Алатау

Желтоқсан айында қандай мерекелер бар?

«Тәуелсіздіктің 24 жылдығы құтты болсын!»

Сурет бойынша әңгіме құрау. 13-жаттығу ауызша орындау.

«Хайуанаттар бағына саяхат» Тапсырмалар беру.

V. Қорыту. Бүгін біз не үйрендік? Екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған баланың аты өз сыныптарыңда бар ма?

VI. Бағалау.

VII. Үйге тапсырма? 96-97бет . 14-жаттығу.











Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы Зат есім.

Сабақтың мақсаты Оқушылардың зат есім туралы алған,білімдерін саралап жинақылау, одан әрі тереңдету.

Білімділігі: Зат есім тақырыбын қайталау,білімдерін жетілдіру. Дамытушылығы:Сөйлеу тілдерін жетілдіру,шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал

жасау. Тәрбиелілігі: Ұжымда өз бетінше жұмыс жасай білуге,үйретуге және ізденімпаз етіп

тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Тірек сызбалар, ребустар, дидактикалық материалдар.» Бәйге» ойыны. Сөзжұмбақтар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.

Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз. Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң қонақтар.

Ал, енді балалар. Қазір барлығымыз бірге халқымызды, елдікке, тірлікке, бірлікке шақыратын Қ:Р: Мемлекеттік әнұранын орындайық

2. Өткенді пысықтау.

3. Тірек сызбамен жұмыс

СӨЗ ТАПТАРЫ. -9

ЗАТ ЕСІМ. ЕТІСТІК, СЫН ЕСІМ. САН ЕСІМ.

Жалпы Жалқы. Негізгі Туынды. Көптік Тәуелдік жалғауы.

-Зат есім дегеніміз не ?. 2.Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?. 3. Тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?. 4.Қандай жалғаулар жалғанады?

4. КІТАППЕН ЖҰМЫС:

1-жаттығу. Сылтаушы.

1. Ертегіні оқытып, 1-2 балаға мазмұндату. 2. Зат есімді тапқызу.

Қойшы, қойды.

3. Тәуелдеулі зат есім. Келіпті , жұмсапты. -3 жақ жекеше. Тоңамын-1 жақ жекеше

Ол кигізіпті.-3жақ жекеше. Сен тоңбайсын. 2жақ жекеше. Менің көзім тоңады.1жақ.

Ол жылапты. 3жақ.

5. ТАҚТАМЕН ЖҰМЫС: 2-жаттығу.

ЖАЛҚЫ ЕСІМ: ЖАЙЫҚ. ТАЙБУРЫЛ. БІШКЕК: ҚҰТЖОЛ:

ЖАЛПЫ ЕСІМ: жаңбыр, биші, өлке, бала, оқушы.

6.ЖҰМБАҚТАР ШЕШУ: 3-жаттығу.

Екі желім-- көрік- көрігі

Күйдің көрігі, көлік-көлігі

Әннің көлігі, Шешуі /домбыра/

7. ДӘПТЕРМЕН ЖҰМЫС: 4-жаттығу.

Ұш ,біл, іл, сыз, жүз, өшір. /ЕТІСТІК./

Адал, ұзын, жаңа, сұлу, таза, биік ./СЫН ЕСІМ/

ҮЛГІ Ұш-қыш, біл-гіш, іл-гіш, сыз-ғыш, жүз-гіш, өшір-гіш.

Адал-дық, ұзын-дық, жаңа-лық, сұлу-лық, таза-лық, биік-тік.

8. РЕБУСТАР ШЕШУ: 5-жаттығу.

/ АДАЛ ДОСТЫҚ АЛТЫННАН ДА ҚЫМБАТ/ Шығарма жаздыру.

9. 9-жаттығу. САУАЛДАР:

ЖЕКЕШЕ ТҮРІ: ОМАР. Жұмбақ, түйеқұс,күркетауық, қар, балық, бала, дақ, су, мен

КӨПШЕ ТҮРІ. ОРАЗДАР.қораздар, пысықтар, мысықтар,бүйілер, көртышқандар.


10. «МАҚАЛДЫН ЖАЛҒАСЫН ТАП » ОЙЫНЫ

-Тіліңмен жүгірме,----/-біліміңмен жүгір./ Қына тасқа бітеді,-/ білім басқа бітеді/ . –Жеті жұрттың тілін біл, /жеті түрлі білім біл./ Әдепті бала ата-анасын мақтатар,/әдепсіз бала ата- анасын қақсатар.

/

11. ӨЛЕҢ ШЫҒАРЫП АЛУ ,ҮШІН СОҢҒЫ ЖОЛДАРЫН БЕРЕМІН, АЛДЫҢҒЫ ЖОЛДАРЫН ӨЗДЕРІҢ ҚҰРАСТЫР:
------------------------------------сыйлаймын. /ұстазды, анамды/

------------------------------------тыңдаймын. /ақылын, білімін/

------------------------------------аламын. /айтқан тілін, ақылын аламын/

-------------------------------------баламын. /мен әдепті ,тәртіпті/


  1. БӘЙГЕ ОЙЫНЫН ОЙНАТУ.

10 30 20 ортадағы сан.

10 40 20 оң жақтағы сан.

10 50 20 сол жақтағы сан

1.К.Р. рәміздерін ата?. 2.Тәуелсіздік қай жылы алынды?.3. Ата заңымыз қашан қабылданды?.4.2001жылы қандай жыл.? 5. 2003 жыл қандай жыл?.6. ? . 7.Сөз таптарын ата?. 8.Зат есімнің жасалу жолдарын айт.? 9.Тәуелсіздік туралы қандай өлең білесін?.

.

12 .ҮЙГЕ ТАПСЫРМА. 87-89 бет. 6-жаттығу. Ережелерді қайталау.

13. Сабақты қсрытындылау. Бүгін біз не үйрендік ?


.






















Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы. Одағай сөздер.

Сабақтың мақсаты. Оқушыларға одағай туралы түсінік беру, оның мағыналық тыныс белгісін үйрету

Білімділігі. Одағай туралы түсініктерін кеңейту, сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылығы. Оқушылардың өз ойын тез әрі, жүйелі жеткізуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелігі. Ұжымда өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету және ізденімпаз етіп тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі. Тірек сызбалар. суреттер , парақшалар,

дидактикалық материалдар.ребустар шешу.

Сабақтың әдіс: Сұрақ, жауап,әр түрлі тапсырмалар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. 2. Өткенді қайталау.

Психологиялық дайындық.

2.Тірек сызбамен жұмыс.

Сөз таптары. -9

1.Зат есім. 2. Етістік. 3. Сан есім. 4. Сын есім. 5.Есімдік. 6.Үстеу. 7. Шылау. 8. Одағай. 9. Еліктеуіш сөздер.

3. Жаңа сабақ.

Пай-пай, бәрекелді, түу, е-е, оу, ой,апырай,

4. Кітаппен жұмыс. 1-жаттығу.

Пай-пай, мына аттың жүйрігін-ай! 2. Бәрекелді, келгендерің жақсы болды! 3.Алақай, алақай, ауылдан әжем келді.! 4.Апырай. та қонысым еді!

5. Тақтамен жұмыс. 2-жаттығу.

1. Шіркін, мына атқа мінер ме еді ! 2. Бәрекелді,Сүйіндік аға, оныңыз жақсы ақыл./М. Әуезов./ 3.Әттеген-ай, көре алмай Еқалдым-ау! 4.Е, тәйір,күзектің шөбі бітуші ме еді?/М. Әуезов./ 5. Түу, қандай тымырсық түн!

5. Дәптермен жұмыс. 3-жаттығу.

Па, шіркін, әттең, ойпырай берілген одағайларға сөйлем

құрап жазу.

6.Өзбетімен жұмыс. 4-жаттығу.

1. Алақай, емтиханнан бес алдым! 2.Апырай, сенің жайбасарлығыңнан қалып қойдық! 3.Шіркін, киноактер болсам!

4. Оу, сен қашан келдің!


7. Ребус шешу 5-жаттығу.

Уық. Радио. Шешуі: (Ура)


Сөйлем ойлатып дәптерге жазғызу.


8. Төрт жол өлең құрастыру.

--------------- көңілді.

--------- ------- оралды.

-------------- айналам.

-------------- өңірді.

9. Жұмбақтар шешу.

10. Кестемен жұмыс.


Зат есім-

Етістік

Сын есім

Сан есім

Есімдік

Үстеу

Шылау

Одағай


















11. Үйге тарсырма . 176-бет 6-жаттығу.

12. Сабақты қорытындылау. Бүгін біз не үйрендік?


13. Бағалау.




























Рахмет, саған бастауыш мектеп.


МАҚСАТЫ. Төрт жыл бойы алған білімдерін,өнерлерін ортаға

салу.

1-ші жүргізуші. Құндыз.

Өсті міне бойларың, Қуанышқа ортақпын.

Өсті міне ойларың Құтты болсын тойларың

. Армысыңдар жиналған ұстаздар, ата-аналар! Бүгінгі

Рахмет, саған бастауыш мектеп атты арналған тойымызға қош келдіңіздер.


2-ші жүргізуші. Нұрболат. Армандасаң да, қиялдасаң да бастауыштағы балғын балалық шағымыз көз алдымызда. Өйткені осынау бал күлкі балалық шақтан басталады дейді ғой. Міне, бүгін біздер бастауышпен қоштасып, бір жылға тағы есейіп отырмыз.Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, эліппені үйреткен,достыққа жол ашқан ұстаздарына ризашылықтарын білдіруге сыныптастарым келіп тұр.Ендеше ортаға 4 «А»сынып түлектерін ортаға шақырамыз.

1-ші жүргізуші. Құндыз

Армысыздар ата-ана. Бастауышпен қоштасу

Бармысыздар достарым. Салтанатын бастадым.

1-оқушы. Дэстем.

Арай берген көңілге, Ұстазды алғашқы.

Өнегесі жалғасты . Ешқашанда ұмытпа.

Орны бөлек өмірде, Эріп сырын ұқтырып.

Ұстазың бар алғашқы. Жазуды алғаш үйреткен.

Патша бол,мейлі Елбасың. Қарсы алайық тік тұрып.

Данышпан,элде ұлылық. Сол ұстазды құрметпен.


Мадияр.

Уа, халайық, біз бүгін ең алғаш қолымызға қалам ұстатып,4 жыл бойы білім нәрімен сусындатып, адалдыққа үйреткен,бал дәурен шақтың ұстазы Фарида Бақтығалиқызына шексіз рахметімізді айтып, бас иеміз.


ХОР: АЛҒАШҚЫ ҰСТАЗ:


2-оқушы. Самал. 3-оқушы.Мадияр.

Думанды дүбір, эн жырлы. Ұстаздардың -жаны нұр.

Жайқалған өмір жас бағы. Шаттық күйін бөліскен. Мінекей, тағы бір жылды. Аяқталды тағы бір.

Сырғытып кейін тастадық. Оқу жылы жеміспен.


4-оқушы. Гаухар. 5-оқушы. Аманер.

Жайнаса бал-бұл бүлдіршін, Бойларыңа ақыл жиып, білімді,

Бір сынып тағы өрлеген. Асқақ еткей ұран мен көк туыңды.

Құрбылар тұйық, кім білсін, Бастауышта білім алған жас буын,

Сезім бе қимас кернеген. Орта буын толқынына ілінді.

6-оқушы. Ұлдана. 7-оқушы. Айбек.А.

Тәртіп пен тәлім, өнеге, Төртіншіні бітіріп,

Бастауыштан қаланар. Жоғарыға шығамыз.

Әдепті біз баламыз, Алғашқы ұстаз қадірін,

Аламыз жақсы бағалар. Сонда ғана ұғамыз.


8-оқушы . Гулайна. . 9-оқушы. Айбек.Қ.

Ақылшы болып біздерге, Бастауышта мақтан боп,

Көмекке келіп жүрдіңіз. Білімнің шықтық шыңына.

Сізді әркез еске алып, Олимпиада да жүлде алып,

Жүрейікші енді біз Қосылдық озат тобына.


10-оқушы. Назгуль. 11-оқушы. Дәурен.

Ізбасары боп үлкеннің, Ән мен биді,мәнертеп оқу дағдысын,

Біздер де өсіп келеміз. Бастауыштан үйренгенді жалғаймыз.

Бесіншіге барғанда, Орта буын сыныбына барғанда,

Жақсы оқимыз деп сенеміз. Тек осындай өнегені таңдаймыз.


ӘН. «ДОС БОЛАЙЫҚ БӘРІМІЗ:»


12-оқушы . Арайлым. 13-оқушы. Әли.

Математика ойымызды жетелеп, Ана тілін оқып іштей ұғынып,

Түрлі есеп тәсілдерін үйрендік. Ертегі, аңыз, оқығанбыз мақалдар.

Жақсылықты ұстаздардан үлгі алып, Оқу оқып, адам бол деп өсиет,

Жамандықтан кішкентайдан жирендік. Айтқан екен Ыбырай, Абай атамдар.


14-оқушы. Нұргүл. 15-оқушы. Думан.

Алғашқы ұстаз Әліппені ұсынып, Сыныпта да тату болдық үнемі,

Бізді білім жетеледі шыңына. Бәрі бізді өнерлі деп жүреді.

Әр оқушы жүрегіне үңіліп, Қай кезде де уйреткендей апайым,

Түсінікпен қараған ол сырына. Бірімізден қалмаймыз біз бір елі.


16-оқушы. Қадиша. 17-оқушы. Шапағат.

Үлкенді сыйлау, табиғатты аялау, Күні кеше ештеңені білмейтін,

Адамшылық қасиет деп білеміз. Бала болдық ойын ойнап жүретін.

Кішілерге қамқор болып,Отанды, Енді міне төрт бітіріп барамыз,

Сүю біздің борышым деп жүреміз. Бастауышпен қоштасатын боламыз.


ӘН: «АНА ТУРАЛЫ ЖЫР:» ДӘСТЕМ ГҮЛАЙНА:


18-оқушы .Шынар. 19-оқушы. Асылжан.

Үйде ата-анам, ал мектепте ұстазым, Енді міне 4 жыл бойы тербеген,

Тек білімді болыңдар деп тілеген. Әлдилеген бастауыштан шығамыз.

Болашағы бақытты тек болсын деп, Тек сәттілік тіле бізге ұстазым,

Біздің қамды ойлап олар жүдеген. Өзіңізді есте сақтап тұрамыз.


20-оқушы. Қадиша. 21-оқушы. Аманай.

Төрт жыл бойы әлдилеп, Сендермен атып таңдарым.

Бастауышта тербелдім. Сендермен от боп маздаймын.

Алғашқы ұстаз сіздерге, Жыл сайын балапандарын,

Рахмет деуді жөн көрдім. Ұшырған мама қаздаймын.


22-оқушы. Шынар.

Аялап, баулып өсірген,

Сендерсің біздің бұл егін.

Шығармай бір сәт есіңнен.

Білім деп соқсын жүрегің.


23оқушы.Айбек. 24 оқушы.Арайлым

Жібектей болып есілген. Толқып та тұр-ау жүрегім,

Әдеппен өсіп жетіңдер. Айырлысар міне, шақ туып. Қайда да жүрсең тілерім. Қайда да жүрсең тілерім

Қызығын дулы көп күндер. Сәттіліктер мен жақсылықтар.

ӘН: «ҚАЗАҚ ЕЛІ» ДӘСТЕМ:

25-оқушы.Асылжан. 26-оқушы. Ұлдана.

Аттанып үлкен өмірге, Шәкірттерім,жаны, ойы бай,

Қашықтаса да іргеміз . Тілерім-түзу, адал жол.

Шалғайлық болмас көңілге, Қиындықтарға мойымай.

Мәңгілік біздер біргеміз.

27. Қандай сәтте де адам бол.

Ұстазым ұлағатты сая бағым

Шәкіртті өз балаңдай аяладың.

Қолына әліппенің кілтін берген.

Адалдық ақ жолыңды бағаладың

28-оқушы.

Мектепке алғаш келгенімде. Әр сабақта тіл қатқан.

Қолыма қалам ұстатқан Сізге арнап ән жолдаймыз.

Ұстазымның еңбегі мол. Фарида апай қабыл ал.

ӘН. «МЕКТЕБІМ »НАЗГҮЛ: АРАЙЛЫМ:

1-ші жүргізуші. Құндыз.

Достарым мен сендерге бір сұрқ қойғалы тұрмын.

Іші толған әріпке,білімдіге жарық не.


Хормен. «Болашаққа жол ашқан ол сүйікті- Әліппе.»


Енді ортаға Әліппені шақырайық. «Әліппе»

2-ші жүргізуші. Нұрболат.

Бүгінгі кештің үлкен қонағы Әліппе келді. Ендігі сөз кезегін әліппеге береміз.

ӘЛІППЕ Сымбат.

1. Армысыздар жас достар. 2.Білім деген ғажаптың

Армысыздар ата –ана. Әліппесін меңгерген

Болашаққа жол бастар. Келешегі қазақтың

Әліппең келді ортаға. Басталады сенденрден

3.Таудай болса талабың 4.Жақсы білім көрімдік.

Айтары көп әріптің. Болсын сізге халайық

Қуанышы баланың. Не үйреніп , не білдік.

Қуанышы халықтың. Қане,ортаға салайық.

АНА ТІЛІ: Назгүл. ҚАЗАҚ ТІЛІ. Самал

Әліппеден үйреніп, Қазақ тілін оқумен.

Ана тілін оқыдым. Сөйлем, сөзді түсіндім.

Сан түрлі өлең,әңгіме. Жалғау, жұрнақ түрінде

Мазмұнын ойға тоқыдым. Оқып, талдап көп білдім.

Рахмет, саған ана тілі. Рахмет, саған қазақ тілі.

Әліде керек оқуым. Жалықпай оқып мен жүрмін.


ХОР:АНАНЫҢ ТІЛІ:


МАТЕМАТИКА. Гаухар.

Бар білімнің бастауы, Есептеуді үйреттің.

Математика өзіңсің. Рахмет саған, рахмет.

Қиынсын да төзімсің. Есейіп мен ер жеттім.

Төрт амалды меңгертіп.


1.Жүргізуші. Құндыз. Мектеп ұстаздарына жалынды сәлемдеме жолдаймыз.

  1. Дәстем. 2.Қадиша.

Оңыңнан жұлдыз туса айым. Ұлы өмірге жетелеп.

Мәртебе артсын еңбекпен. Ашқан білім есігін.

Құттықтап ГҮЛЗАДА апайды. Құрметтейік, мәпелеп.

Шәкірттер келсін жер көктен. Айгүл апай есімін.

3. Асылжан. 4.Нұргүл.

Балғын сәби болсақ та. Баулып біздің айдынның. Қадіріңізді білеміз. Ән-күйіне жүздіңіз.

Орта буынға барсақта. Аманыңда-ай- күннің.

Құралбек ағай мен Танзила апай сізбен біргеміз. Марта апаймен біргеміз.

5. Назгүл. 6. Дәурен.

Келешекке –алтын бақ. Сыйлар бәрін еліңіз.

Қосар таудай үлесін. Сізге-жыр да, тілек те.

Жасай берсін жарқылдап. Шыңға өрлей беріңіз.

Шолпан апай ұлы есім. Алмагүл апай тілекте.

7 .Ұлдана. 8.Аманай. Мерейлі болып әр уақыт. Көңіл толқыр еріксіз.

Ақталсын маңдай теріңіз. Бәрін-бәрін ұғамын. Сауле, Нұргүл апайларды ардақтап Ортаға қош келіпсіз. Қадір тұтсын еліміз. Надя апай мұғалім.

9.Аманер. 10.

Нұр жүзі жас балаша,жарқылдаған, Альбина апай

Шәкірт үшін әр істен тартынбаған, Бейнеңіз сұлу мүсін неткен көркем

Шалқар ағай облыстың жүлдегірі, Сабырлы ізгіліктің нұрын төккен.

Атына заты сай ,алтын адам. Сұңғат та бар танылып жүрген көпке

.

ХОР: ҰСТАЗЫМ:

Жүгегі таза бұлақтай.

2-ші жүргізуші. Нұрболат. Мөлдіреп тұрған көздері.

Төрт жыл бойы оқып үйреткен. Жіпке тізген бұлақтай.

Бастауыш білім тұғыры.

Шәкірттері әліде .


Арнайды саған би жырды. « жастар биі.»

Көркем сөз. «Ұстазға арнау. » Қадиша.

Қалай қиып кетке аламыз сізді енді

Ешқашанда ұмытпаймыз сіздерді.

Алғаш күннен әліппені ұсынып.

Бар мейіріммен қарсы аламыз сіздерді.

4жыл бойы өтті көзді жұмғанша.

Білім алдық осы уақытта біз қанша.

Фарида апай сізге бізден мың алғыс.

Сусындатқан білім нәрі қалғанша.

Ұстазбенен өсе берер санамыз.

Ұстазбенен от боп лаулап жанамыз.

Фарида апай өзің берген білімді.

Болашаққа бірге алып барамыз.


Хормен. Бәрімізді сүйіп өткен. Сабақ берген ұстаздарға

Балаларға үйреткен Бас иеміз құрметпен.

Ән. Мектебім.

Гүлайна. Аманер.

Осындай қүйге жеткізген. Алғысым көп айтатын.

Баспалдақ өзің бастауыш. Бастауышқа-сыныпқа.

Жүректен шыққан алғысың Білім берген ұстазға.

Арнайды бүгін көп дауыс. Айтылар тілек бір баска.


1. Жүргізуші.Құндыз.

Уа, халайық-халайық.

Мұнда назар салайық,

Бүгінгі той –мереке.

Бүгінгі той –береке.

Аяқталсын вальспен.

Келіп отырған сәлемдеме жолдаймыз.

Ән:«Армандастар.»


Хор. Алматы сұлу астанам.


Қорытындылау. Құрметті мұғалімдер, ата-аналар, бүгінгі сіздерге арналған мерекелік шарамыз аяқтала келді,алтын уақыттарыңызды бөліп, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз.
















Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Метод пособ по начальному классу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Нутрициолог

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ обл пед о?у 1.docx

hello_html_a4c60fc.gifhello_html_m20daa5e4.gifhello_html_59303760.gifhello_html_m25e140e7.gifhello_html_8653cbd.gifhello_html_mdb58b29.gifhello_html_1721373c.gifhello_html_24fa43e3.gifhello_html_m573f9b89.gifhello_html_mdb58b29.gifhello_html_m2d40705e.gifhello_html_m25ba6be5.gifhello_html_197b7b5f.gifhello_html_31842fd.gifhello_html_22e89458.gifhello_html_72d5e6a1.gifhello_html_1b68d025.gifhello_html_741a8dc7.gifhello_html_6f824ab8.gifhello_html_3275902a.gifhello_html_m30bdd43a.gifhello_html_m68fc9442.gifhello_html_m38b10c38.gifhello_html_17bb5c1b.gifhello_html_m67c5ea27.gifҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Облыстық білім беру басқармасы






Оқыту үрдісінде жаңа технологияны пайдалану.











Махамбет ауданы

Е.Ағелеуов атындағы Махамбет

орта мектебінің жоғары санатты

бастауыш сынып мұғалімі.

Альдешова ФаридаБақтығалиқызы.




Атырау 2014 жыл














Жоспар.


І. Кіріспе бөлім.



ІІ.Негізгі бөлім.


а) Оқыту үрдісінде жаңа технологияны тиімді пайдалану.


ә) Заман талабына сәйкес оқытудың жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана білу.





ІІІ. Қорытынды бөлім.































Еліміздің болашақта көркейіп, бәсекеге барынша

қабілетті елу мемлекеттің қатарына қосылуы бүгінгі

ұрпақтың қандай білім, тәрбие алатынына тікелей

байланысты.

Н.Ә. Назарбаев.


XXI ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында Егеменді ел болып «Ел межесі елулікке ену басты мақсатымыз болған соң,білім мен ғылым саласы дүние жүзілік деңгейге сай болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында «Білім беру» жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар,дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдай жасау» дей отырып, басым міндеттердің бірі ретінде «жеке адамның шығармашылық, рухани және мүмкіндігін дамыту,жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту» деп көрсетілген.

Қазіргі уақытта мектептегі білім мен тәрбие берудің жолдарын ұлттық нышанға негізделуі қолға алынып, осы бағытта жұмыс істелуде.осы тұрғыдан бастауыш мектептің мақсаты мен міндеттері анықталуының негізгі тамыры ғылыми педагогтың бастауыш мектеп жайлы мұраларында орын алғанын ескеріп,оны басшылыққа алған жөн.

Бастауыш білім беру стандарты мен білім мазмұнының тұжырымдамалары да,бүгінгі мектеп жүйесінде түбегейлі орын алған мәселеде,мектептегі білім тәрбие берудің мақсатын өзгерту бастауыш сатыдан басталуы керектігі анықталуда.Өйткені бастауыш саты оқушы тұлғасының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезең.[1]

Бүгінгі күннің мүмкіндігін толық пайдалану, яғни оқушының жалпы және психикалық дамуының бұл сияқты жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін бастауыш сатыдағы білім берудің мақсаты, ең алдымен, оқушы дамуы мен тәрбиесіне беріледі, білім, білік, дағды осыған қызмет етеді.Бүгінгі күні ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдана білу қабілеті қоғамның әрбір мүшесі үшін қажетті оқу, жазу біліктерімен тепе-тең саналуда.Демек, білімді ақпараттандыру мұғалімдердің кәсіби қасиеттері мен деңгейлеріне жаңа талаптарды ұсынып отыр.

Білім беру сапасын жақсартудың бірден бір жолы жаңа педагогикалық технологияларды қолдану.Технология дегеніміз белгілі бір үрдістерді жүзеге асыру әдістері жайындағы білімдердің жиынтығы, оқу үрдісін жандандыру мақсатында жұмылдырылған,алдын ала ойластырылған ықпал мен әсер.Сонымен бірге оқу үрдісін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы және білім алудың жоспарланған нәтижелерге жету үрдісінің сипаттамасы.

Елбасының Қазақстан халқына « Қазақстан-2030 »жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіп кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. 1

Олар өз ұрпағына жауапты да жігерлі,білім өрімі биік,денсаулығы мықты өқілдері болады.»деген сенімі жай айтылған сөз емес. Бүгінгі күн талабына орай білім беру мазмұны, мақсаты қайта қаралып, түбегейлі жаңартылып,оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері өз қолдауын тауып,оқу үрдісінде кеңінен қолдануда. Қай кезде де бүгінгі шәкірт ертеңгі ел тұтқасы. Осы ой Ш.А. Амонашвили, В.Ф: Шаталов: С.Н. Лысенкова: В.В. Фирсов. М.М. Жанпейісова: О. Сатқанов: Б. Игенбаева: Т.Оспанов: Б.Тұрғанбаева. тәрізді ғылымдар мен озық ойлы шеберлердің еңбектерін оқып үйренуге,көтеруге болатындығын меңзеді.Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологияларды меңгеру қажеттілігі туындайды, олардың сапалық деңгейге көтеруге, жан-жақты меңгеруге мән берілді. Оқыту технологияларының көпшілігі ұжымдық ой қызметі негізінде баланы өз іс-әрекетінің субъектісі етуге ұмтылдырады.[1]

«Бұлақ көрсең көзін аш »демекші бүгінгі таңда білім беру ісі ерекше қолға алынып отыр.Мектептерде жаңа бағдарламалар,жаңа технология әдістері көптеп пайдаланып жүр.Атап айтсам С.Жанпейісованың «Модульдік оқыту»,Қараевтың «Даралап деңгейлеп,cаралап оқыту»; Ш.А. Амоношивили «Білім беруді ізгілендіру технологиясы» Сондай-ақ технологиялық әдістердің бірі Қазақстан оқу Ассоциясының ұйымдастыруымен «Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» бағдарламасы.

СТО бағдарламасының қазіргі таңда алған білімді,білгенін өмірде пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеудегі алатын орны ерекше.оның бұрынғы дәстүрлі.Оқу технологиясынан айрықша ерекшеліктері бар.Олар мынадай:

1.Оқушының интеллектуалды дамуының аз уақыт ішінде қабылдануы.

2.Оқушы мен мұғалім белсенділігінің сайма –сай болуы.

3.Мұғалім мен шәкірттің өзара қарым-қатынасында жауапкершілік пен сенімділіктің болуы.Сын тұрғысынан ойлау сабақтары және кез-келген осы бағдарлама негізінде жасалатын шаралар оқушылардың, тыңдаушылардың өз бетінше тұжырым жасау,қорытындыға келу,құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу,пікірталас жүргізе білу,басқалармен қандай деңгейде болса да қарым-қатынас жасай білу,қажет жерде өз көз қарасын өзгерту,топ алдына шығып,өз тұжырымын айта білу, ойын қорғай білу қабілетін дамытады. Менің ойымша,осындай игі шаралар болашақ қазақстанның жемісің болмақ.

Қазіргі заманғы педогогикалық ой тұжырымдарда гуманизм идеялары, еркін білім,беру,оқушының жеке потенциялының дамуы басты рольді атқарып отыр.Олай болса ,қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат,өмірдің барлық саласындағы белсенді,шығармашылық іс-әрекетін қабілетті,еркін және жан-жақты жетілген тұлғаны дамыту.Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді.[2] Шығармашыл тұлға бойында батылдық, еркіндік,ұшқырлық, сезімталдық

Сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі,қайшылықтарды түсіну,заңдылықтарды анықтау шығармашылыққа деген педагогтардың даналық ойларында,еңбектерінде, зерттеулердің қорытындыларында анықталады. 2

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше рет орындалуы тиіс.Олар: шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу.Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы, ойлай білуге үйрету. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық іс-әрекетті талап етпес бұрын,оны соған үйреткен жөн болар.Оқушының шығармашылығына бағыт бағдар беруді алғаш білім мазмұнына М.Жұмабаев болатын. Ол балалардың ойларын дамыту туралы «Ойлау жанның өте бір қиын терең ісі » деп атап көрсете келіп,мұғалім баланың ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертті.

Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру,бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады.Сондықтан бастауыш мектеп алдында балаға жүйеленіп,дайындалып берген белгілі бір білімді ғана беріп қоймай,оны жалпы дамыту,яғни сөйлеу, оқу,қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру жағдайларды объективті түрде бақылау,талдау жасауға үйрету,ойын дұрыс жеткізе білуге,дәлелдеуге,сөйлеу мәдениетіне,шығармашылық бағытта жұмыс істейтін бір тума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыратын міндеті тұр.Дамыта оқытудың да басты мақсаты баланы оқыта отырып,оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту.

Бағдарламада жүзге тарта стратегия бар екендігі белгілі.демек,сол әдіс-тәсілдерді жақсылап игеріп,ішінен қажеттісін таңдау арқылы әр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол.Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап ,оның дамуын жан-жақты зерттей отырып,өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс.Ұстаз баланың білім алуына емес,өз бетінше игеруіне және де тікелей емес жанама ықпал ету арқылы оқуды ұйымдастырған жағдайда ғана сабақ нәтижесі жоғары болып,жаңа жүйе өз маңызын жоғалтпайды.

Білім берудің сапасын арттырудың бірден–бір жолын жаңа педагогикалық әдістер.Еліміздің болашағы көркейіп,өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақтың біліктілік,іскерлік қабілеттеріне тікелей тәуелді.Осыдан жас ұрпақтың бойында іскерлік қабілеттерін ашу мен оларды шығармашылыққа баулу мәселесі туындайды. Ал оқушы жүйелі білім беру, ынта-ықыласын арттыру,қабілет қасиетін дамыту мұғалімнің қолында.Мұғалімнің беделін көтеретін –білім.

Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстанның болашағы –бүгінгі жастар.сіздер оларға қалай білім берсеңіздер,Қазақстан сол деңгейде болады»,деп атап көрсеткен.Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады.Ертең осы елге ие болып,тізгінін ұстар азаматтары бүгінгі мектеп оқушысы.Иә,қазіргі уақыт талабы оқушыдан көп нәрсені білуді қажет етсе, ал мұғалім жан-жақты кәсіби дайындығы терең, өз бойына жинақтаған білімін жастарға үйрете алатын маман болуы қажет.

Жаңа оқыту әдістері оқушының ынта ықыласын ізденіс әрекетін оятуға бағытталады. Оқыту әдіс-тәсілдерінде мұғалім бұрынғысынша әр баланың

3

деңгейіне сәйкес қабілеті мен ой өрісіне қарай, жеке-жеке әсер ету жолдарын қарастырады.Бұл оқушының таяудағы даму сатысының дамуын қамтамасыз етеді.Оқытудың мақсаты бір ғана нәтижеге жету емес,ол әрбір оқушының іскерлігімен мүмкіндігін дамытуға жағдай жасау.Оқушылардың ынтасын арттыру үшін сабақты түрлендіріп өткізу керек.Дәстүрден тыс сабақтарды өзімнің іс-тәжірибемде басшылыққа аламын.Мысалы:жарыс сабағы,ойын сабағы,театрландырылған сабақ. ашық пікірталас, семинар сабақтары.т.б

Мұндай сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.Оқушылар өз бетімен жеке ізденеді,қосымша материалдармен танысады.Жалпы педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты жан-жақты дамыған жеке тұлғаны жан-жақты дамыған қалыптастыру болып табылатындықтан бұл жерде де жаңа технология бойынша,әдістемелік жүйенің басты компонентті оқыту мақсаты болып табылатын.Бірақ ол мақсат өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру,сондықтан оның өзіндік танымдық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Жаңа мақсат оқытудың әдістемелік жүйесінің қалған бөліктерінің (мазмұнын ,әдіс,оқыту түрі мен құралдарының) олардың өзара байланыстағы қалыптарымен өзгерулерін талап етеді.Осы талапты орындау үшін негізгі төрт мақсат көзделеді.

1.Жаңаша өзгерген мақсат оқушылардың өздігінен танып, іздену іс әрекеттің әдістерін меңгерулерін талап етеді, яғни «оқушы мұғалім»деген өзара байланыстағы қатынасты қарастырады.Бұл жағдайда бірінші орында тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады.

2.Жаңаша оқытудың негізгі түрлері болып,оқытудың дербес және топтық түрлері болады.Оқытудың бұл түрінің бастысы оқушыға деген сенімін,оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып,өз беделі мен қадір-қасиетін сезімін дамыту.

3.Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру»қажет.Ол оқыту құралдарына деген көзқарасты да өзгертуді талап етеді.Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай құралдар болу керек.Жаңа мақсат талап ететін оқулықтарда оқу материалдарының мазмұнын жаңаша баяндалады.Оқулықтарда келтірілген тапсырмалар да «сұрақ-жауап»диалогы түрінде беріледі, Оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін дамытуға бағыттау.

4.Оқыту ісінің тұтастығы оқушының ынта- ықыласынан, қызығушылығына қабілетінен,оның өз бетімен оқу.ізденуінен және танымдық қызметін басқарудан тұрады.Мұның бәрі оқыту процесінде тұтас қамтылса ғана,логикалық жүйелі түрде бірізді білікті жүргізілсе ғана, білім сапасы жоғары деңгейде жүреді.

Мектепте әр пәнді өткізудің өзіндік ерекшеліктері мен тәсілдері бар. Оқушылардың пәнге сол өтілетін тақырыпқа деген қызығушылығын арттыруда мына стратегияларды пайдаланамын:

  1. Топтастыру.

  2. Венн диаграммасы . 4

Бұл әдістерді пайдалана отырып сабақта мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады.

1.Оқушы өз ойын ашық айтуға үйренеді. 2.Талқылауға белсенді араласады. 3.Топпен жұмыс жасауға үйренеді. 4.Шығармашылықпен жұмыстанады. 5.Басқаға көмектесуге баулиды. 6. Шапшаң ойлауға үйренеді.

Жалпы оқыту технологияларын сабақта қолдануым оқушыларымның білім сапасын арттырып қана қоймайды, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға өз әсерін тигізеді.Тек олардың ерекшеліктеріне, мән-мағынасына қарай таңдап қолдана білуі керек. Оқушылардың даму қабілеті,қабылдауы әркелкі болғандықтан сабақ және оның барлық кезеңдерін :

а) жаңа материалды түсіндіру,

ә) ұсыну,

б) сабақты қорытындылау,

в) қайталау.

г) білім бойы дағдыны тексеру барысында оқушы білімін саралау жұмысын жүргіземін. Жаңа материалды жүргізу барысында мынадай мәселелерге назар аударамын:1.Ең басты негіз білім мазмұны,пәннің теориялық мәні,тірек мәліметтері.Алғашқы деңгей әрбір тақырыптың ең негізі де басты қарапайым мазмұнын ашып,толық болмағанымен,сол тақырыптың білуге міндетті тұтас бейнесін беремін.Бұл деңгейді базалық деңгейі ретінде пайдаланамын.Қосымша мәліметтер алғашқы деңгейде алған білімді одан әрі кеңейтіп, дәлелдеп тиянақтаймын.

Негізгі мазмұнын нақтылаймын,ұғымдардың не үшін қалай қолданылатынын көрсетемін.Бұл деңгей мәліметтер деңгейін,көлемін арттырып, негізгі материалды кеңінен түсінуге көмегін береді.Дамытушы мәліметтер материалды біршама тереңдетіп,оған логикалық негіз береді, болашақта шығармашылықпен қолдануға жол ашатынын ескерте отырып, оқушыларымды шығармашылыққа баулимын. Бұл деңгейде менің оқушым өз бетінше жұмыс істеуге бағыт алады.Сабақтың кез–келген бөлігінде топ құрып алуға болады.Тиімділігі тақырыпты немесе тапсырманы жақсы түсінген оқушылар қасындағы сына мәлімет береді.Сонымен қатар өзінің алған білімін нақтылайды.Жай қабылдайтын оқушыларым қосымша тағы да түсінік алады.Оқушылар топта жұмыс жасау барысында бір-біріне көмектесіп,ойларын ортаға алады ынталарына күш қуат бере отырып,өздерінің білім алуына көтермелейді,олар өздерінің білетіндерін сыныптарына түсіндіреді,талқыға салады және үйретеді.

Мен өз тарапымнан бірлесіп жұмыс жасау дағдыларына басшылық етіп,оқушының өз пікірін жеткізуіне жағдай жасаймын. Топпен жұмыс жасауда алға қойған мақсатым:

-Оқу бағдарламасын меңгерту: 5

- Сын тұрғысынан ой қозғау: - Тіл дамыту, сөйлеуді дамыту:

-Ұжымдық іс-әрекетке баулу:

-Жеке бас мінез құлқын қалыптастыру.

Білмегенін топтағы оқушылар арқылы толықтыру.Топпен жұмыстың қағидасы алдымен өзін ойлап көршіңмен кеңес, топпен ақылдас.Бұл әдісті сыныптың оқушыларымен үнемі қолданып жүремін.Байқағаным тұйық, ұялшақ оқушылар өз ойларын ашық айтуға бір-бірінің айтқанын саралап, сараптап дұрыс, терісін айыруға үйренеді.«Оқумен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша:

а)Топтастыру.

ә) Бес жол өлең шығару.

б) Қарама-қарсы элементтер.

в) Хат жазу.

г) Болжау кестесі,

д) Кубизм.

е) Ішкі және сыртқы т.б.

стратегияларын үнемі сабақтарымда пайдалану арқылы сынып оқушыларының білім сапалары көтеріліп, белсенділігі артқандығы

байқалады.Бір ғана стратегияны қолданудың өзі үлкен әсер қалдырады.

Алдымен қай стратегияны қандай мақсатпен қолданатынымды анықтаймын.

Жан-жақты талдап жоспарлап,нәтижесін күтемін.сын тұрғысынан ойлау стратегиясы сабақта қолданғаннан байқағаным оқушылардың түгел қызыға белсенділікпен қатысатыны.

Кейде күтпеген пікірлер айтылады.Ондайда басқа оқушылардың назарын аударып, «дұрыс па сендер қалай ойлайсыңдар» деген сұрақ арқылы дәлелдетуге тырысамын. Мұндай жағдайда «менің пікірімше», «мен былай ойлаймын» деген сияқты сөздер оқушылардың тарапынан айтыла бастайды. Әрине бұл құптарлық нәтиже.Сонымен қатар сынып оқушылары ұжымның тәрбиесі де назардан тыс қалмайды.Бірлесіп жұмыс жасаудың негізі сыйластық ,қамқорлық. Топқа берілген тапсырманы бірлесіп жасау кезінде бір-біріне бағыныштылықты (сыйласып жұмыс жасау) дұрыс жүйеге салып бағыттап отыру керек. Топты немесе топ мүшесін марапаттап, бағалаған кезде жетістік әрқайсысына тікелей байланысты екенін ұғындыра отырып оқушылардың белсенділігіне ынтасын,ізденгіштігіне қозғау саламын. Немесе керсінше ұшқырлық пен белсенділік таныта алмауында жеке оқушының өзінің де үлесі барлығын сезінуге жұмылдырамын. Келесіде бұл оқушы топты алып шығу үшін тырысады,сол үшін ізденеді, кітапханамен байланыс жасайды.сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиясының әсерінен оқу тәрбие бағытында күтетін нәтижем:

1) Оқушы өзін-өзі дамытады.

2) Көзқарас, идея,еркін ой таласы 3) Өзін-өзі тәрбиелеуге үйрену. 4) Жауапкершілік,іскерлік.

5)Бірлік,белсенділік: 6 6) Уақытты үнемдеу: 7) Үлгерім сапасының жоғарылауы.


Сауат ашу. 1 сынып.

Сабақтың тақырыбы: «Әке мен бала» Ы.Алтынсарин.

Сабақтың мақсаты: Қазақтан шыққан тұңғыш педагог Ыбырай Алтынсариннің өмірі және оның шығармашылығы,еңбегі туралы білімдерін қалыптастыру.

Білімділігі: Әңгіме мазмұнындағы оқиғаларға ондағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне өз көзқарастарын білдіре отырып,жүйелі әңгімелей білуге дағдыландыру.

Дамытушылығы: Оқушыларға бағыт бағдар бере отырып,өздіктерінен жұмыс істеуге және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушылардың бойында үлкен адамдарға деген қайырымдылық қасиеттерін қалыптастыру. Көрнекіліктері : Ы.Алтынсариннің суреті , мультимедия. әңгіме бойынша сурет.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Көрнекіліктері : Ы.Алтынсариннің суреті , мультимедия әңгіме бойынша сурет.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

.Әдіс-тәсілі: Дамыта оқыту әдісі, сын тұрғысынан ойлау, сұрақ жауап әдісі .

Сабақтың барысы: I . Ұйымдастыру II. Үй тапсырмасын пысықтау.

III. Шаттық шеңбері. Армысың асыл күн

Армысың көк аспан!

Армысың мейрімді жер ана!

Армысың жан досым

Жылуына жылу қос

Міне менің қолым бол.

Сұрақ, жауап әдісі:

1. Неше жыл мезгілі бар?

2. Кәзір жылдың қай мезгілі?

3. Күз айларын ата

4.Кәзір күздің нешінші айы?






7












8


Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін, ертегілерін, әңгімелерін білесіңдер ме?

Балалар бүгін біз Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала»

әңгімесімен танысамыз.

Кітаппен жұмыс: 1. Мұғалім әңгімені оқып береді.

2. Оқушыларға тізбектей оқытады.

«Әке мен бала»

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу қайтып келе жатып, жолда жатқан бір ескі тағаның сынығын көріп қалады.

Әкесі баласына: балам ана тағаны ала жүр - деді.

Сонда баласы әкесіне сынып қалған тағаны алып не қыламын деді.

Әкесі еш нәрсе айтпай тағаны өзі алады.Қаланың шетінде темірші ұстаға тағаны үш тиынға сатады.Ол ақшаға шие сатып алып ,орамалына түйіп, өзі шетінен бір – бірлеп жеп, баласына қарамай жүре береді.Біраз жүргеннен кейін әкесінің қолынан шие жерге түседі.Оны баласы жерден алып, аузына салады.Әкесі шиені тағы біреуін жерге тастайды, баласы тағы алып жейді. Сонда әкесі баласын тоқтатып былай дейді.

Көрдің бе балам, сен жаңа жаман тағаны алуға ерініп еңкейген жоқсын.Ал шиеге сен үш рет еңкейдің.

Бұдан былай есіңде болсын: «Аз жұмысты қиынсысаң, көп жұмысқа тап боларсың, азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың» депті.

Сурет бойынша әңгімелеу.

9


1.Әңгімедегі әке қандай?

2.Әкенің ісі дұрыс па?

3.Әңгімедегі бала қандай?

4.Баланың істеген іс дұрыс па?

Сөздік жұмыс: егіндік, таға, 3 тиын ( сол кездегі құндылығы) ертедегі, әңгіме.


Оқушылардың жауабы бойынша Венн диаграммасы


Әке Бала

Еріншек

Жалқау



Адамдар

Ақылшы

Еңбекқор

Мейірімді







Оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамыту мақсатында

сұрақтар қойдым.

1.Үлкендердің айтқанның тыңдайсыңдар ма?

2.Үш тиынға зат алуға болама?

3.Балалар әңгімеде әке не тауып алды?

Таға дегеніміз:Аттың тұяғына тағылатын зат.Себебі:Қыс мезгілінде аттың тұяғы мұзға таймау үшін жасалған.




10






Ертегі мен әңгімені ажырата білуді үйренді

Тыңдай білу, әңгімелей білуді үйренді






Нәтижесі




Логикалық тапсырмаларды орындауда жақсы жетістіктерге жетті


Үлкендерді тыңдауды, оларға құрметпен қарауды үйренді







Суретке деген қызушылықтары артты









Сабақты қорытындылау. Бүгін біз не үйрендік ?

  1. Әңгіменің авторы кім?

  2. Әке мен бала ертегі ме,әлде әңгіме ме?



11

Әдебиетті оқу . 2 сынып


Сабақтың тақырыбы : Отан туралы. М. Мақатаев.

Сабақтың мақсаты:Туған жер мәтінін оқи отырып, туған жердің әркімге ыстықтығы, жақсылығы жайлы жан-жақты түсінік беру.Ақын«Отан» ұғымына нені жатқызатыны, бәрінен биік қоятыны жайлы түсінік беру, ұғындыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін, тілін сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелілігі:Оқушылардың елін ,жерін сүюге,қадірлеуге жалпы ел жандылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: М.Мақатаев суреті.тірек сызбалар. мультимедия. Слайдтар.

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастырукезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін

сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Отан» Ж.Смақов.өлеңін мәнерлеп оқыту, жатқа

айтқызу. Ақын Отанды неге теңеген? Оқушылардан сұрау.

ІІІ. Өткенді пысықтау: Туған жер туралы мақал-мәтелдер айту.

1.Туған жердің күні де ыстық,

Түні де ыстық.

2.Отан- оттан да ыстық.

ІҮ.Мақсат қою кезеңі: Туған жер , Отан тақырыбына кіріспе әңгіме жүргізу.

Атамекен Қазақстан Туған жер

ОТАН

От басы Туған ел




Ү. Жаңа сабақ: а/Автор туралы түсінік / М.Мақатевтың өмірімен таныстыру.

өлеңді,тақырыпты мәнерлеп оқу сұрақтарға жауап алу сөздік жұмыс жүргізу.


Алматы облысы Мол мұрасы қалды 1931 ж 9 ақпан

дүниеге келді

Мұқағали Мақатаев кім

1976 жылы

Райымбек ауданы

өмірден өтті

Қара саз ауылы

11 жасында өлең шығарған

12



YI Кітаппен жұмыс. 1. Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

2.Оқушыларға өлеңді тізбектей оқыту.

ҮII Түсінгендерін тексеру:Сенің туған жерің қалай аталады? Сен оны неліктен жақсы көресің? Ақын Отаны үшін неге дайын? Қасиетті тіл деп отырғаны қандай тіл?

YIII. СУРЕТ БОЙЫНША ӘҢГІМЕ.

IX. Сергіту сәті.

X . Сөздік жұмыс.

АҒЫНДЫ өзен. ҚАСИЕТТІ тіл.

АСҚАР тау. ҚҰДІРЕТТІ үн.


XI. КЕСТЕМЕН ЖҰМЫС.


Ақындар

Отан неге теңейді

Екі өлеңнің ұқсастығы

Екі өлеңнің ерекшелігі

Жақан

Мұқағали




XII. ТОППЕН ЖҰМЫС:

1-топ « Отан» туралы әңгіме құрау.

2-топ. Отан туралы өлеңді жатқа айту.

3-топ «Отан » туралы мақал жазу.

XIII .МАҚАЛДЫҢ ЖАЛҒАСЫН ТАБУ:

1. Туған жердей жер болмас. Туған елдей ел болмас.

2. Отан елім - өлең төсегім.

3. Сағынған елін аңсайды. Сарала қаз көлін аңсайды.

4.Отансыз адам. Ормансыз бұлбұл.


13

XIY. Cабақты қорытындылау. Бүгін біз не үйрендік? Туған жер туралы мақал-мәтелдер айту.Туған жер – алтын бесік.Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.


XY. Үйге тапсырма:1.«Отан» туралы өлеңді мәнерлеп оқу, жаттау.

2. «Менің Отаным» туралы шығарма жазу.

3.Мақал-мәтелдерді жаттау


































Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.Сабақ берудегі басты мақсатым балаларды шығармашылық ойларға, практикалық әрекеттерге дайын болуға, қызығушылыққа тәрбиелеу.[5]

Шығармашылық жұмыстарды ой қозғау жаттығуларынан бастаған дұрыс.

Олар оқушылардың қызығушылықтарын оятып, жаңалық ашуға бар ынтасымен кірісуге жағдай жасайды.Оқытуда жаңа әдістерді қолдану арқылы оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат етіп қойдым.

Әрбір сабақ мұғалімнің шығармашылық жұмысы. Сондықтан әрбір сабақ жоспарын жасағанда сабақтың білімділік, тәрбиелік міндетіне көңіл бөліп, оқушылардың білімдерін, дағдылары мен шеберліктерін тексерудің, сабақты өткізу әдістерін, қолданылатын көрнекті құралдарды, сабақтың әрбір кезеңін рет-ретімен орналастырамын. Сабақтың әсерлі,оқушының шығармашылық қабілетін ашуға,ізденуіне көңіл бөлемін.

Қазіргі кезде мектептерде педогогикалық үрдістің саласын көтерудің бай тәжірибесі жинақталып келеді.Солардың бірі педогогикалық үрдісте оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыру.Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру мұғалімнен шығармашылықты шеберлікті,жоғары әдістемелік дайындықты талап етеді.Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар: - мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі.

- жұмысты орындаудың уақытын белгілеу.

-мұғалім басқаруымен оқушылардың дербестігін өзара байланысы олардың жұмысты өз еркімен және қолдарымен істеу,оған әсер ететін мотивтер.

Өзіндік жұмыс барысында орындалатын тапсырмаларды оқушы түсіну керек.Оның орындалуы жайлы оқушылар нұсқау беру керек: Өзіне-өзі талдау жасау,байқау:оқушының жұмысын тексеру, қателерін анықтау.Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбилеуге болады. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керек.Осы стратегияларды пайдалану арқылы сабақты жүйелі өткенін,оқушылардың пәнге қызығушылығының өскенін,тіпті тұйық балалардың да ашылып,өз ойларын ашық айта алатын деңгейге көтерілгенін байқадым.Менің байқауымша,көрнекілікті көрсете отырып көрнекілік арқылы сұрақ қойылу оқушылардың пәнге деген қызығушылық белсенділігін арттырды.Баяндамамды қорытындылай келе мынандай ұсыныстар жасаймын: 1-2 сыныптарда әр пәндер бойынша технологияларының әдіс-тәсілдерінің элементтерін пайдалануға болады.3-4сыныптарда технологияларды тарау материалдарының ішіне кейбір сабақтардың технологиялық әдіс-тәсілдерінің бірнеше түрін қолдануға болады. Кейбір сабақтарда әдіс-тәсілдер аз қолданылады. Болашақта мұғалімдер бастауыш сыныптың барлық пәндеріне технологияның әдіс-тәсілдерін қолдануға болатынына көзім жетті.

Тәуелсіздік тамырын тереңдетіп қолдан шығармау-ұрпақтар еншісінде.Ұрпақ- болашақ арқауы.Ел болашаққа сенеді,ұрпақ елдің үмітін үкілейді.Біздің болашағымыз Тәуелсіздік тұғырының беріктігіне байланысты.ендеше Тәуелсіздік тұғыры берік болсын!










































Пайдаланған әдебиеттер.




  1. Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

«Жаңа әлемдегі Қазақстан»


  1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасы.


  1. «Оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»

Бағдарлама жобасы үшін дайындаған методикалық құрал.


  1. В.Давыдов « Дамыта оқыту педагогикасы » Алматы 2002


5.Бастауыш мектеп- 2012жыл №4 2011жыл №8


6.Қазақ тілі оқулықтары 2-4 сыныптар



7.Әдебиеттік оку кітаптары


























































hello_html_998c6e7.gif



hello_html_m19736b4f.gif













hello_html_31b1e5cf.gif





hello_html_m1a8cd8e.gif













hello_html_me9f4498.gif





hello_html_a90c1f0.gif










hello_html_571f37f1.gif






hello_html_m36c303d1.gif









hello_html_m3d461e7b.gif









hello_html_m338a5925.gif








hello_html_mcd01f07.gif






hello_html_22c0e9aa.gif










hello_html_487d4d5.gif
















hello_html_m1331fb04.gif








hello_html_m30b7e1a0.gif







Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Метод пособ по начальному классу"

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ фарида.doc

Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі










Бастауыш сыныптарда ана тілі сабақтарындағы мәтінмен жұмыс арқылы сауаттылығын арттыру.

























Мұғалімі: Альдешова Фарида.Бақтығалиқызы.

Қазақстанның білім беру жүйесін жаңарту ең алдымен білім беру ұйымдар білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметінің жоғарғы сапасын қамтамасыз етуді меңзейді. Алайда,білім беру үдерісінің нәтижелілігі білім алушылардың білім алудағы жетістіктерін сырттай және іштей бағалау қорытындыларын басқару жүйесін кәсібі тиімді түрде құруға тікелей тәуелді. Қазақстан республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында қазақстандық оқушылардың халықаралық «мәтінді оқу және түсіну сапасын бағалау» PIRLS-зерттеуіне қатысу жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасының білі және ғылым министрлігі мен оқушылардың білім жетістігін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастық (IEA) арасында 2012 жылдың 31қазанында білім беру PIRLS-аясында қазақстандық бастауыш мектептің төртінші сынып оқушыларының PIRLS-2016 жылы зерттеуіне қатысуы туралы ынтымақтастық Келісіміне қол қойылды.Бұл бірегей зерттеу еліміздің балалар тәрбиесінде қарапайым оқу мәдениеті мен дағдыларының қаншалықты деңгейде екенін анықтауға бағытталады. Әлемдік контексте оқу сауаттылығы заманауи қоғамдағы өмірге деген дайындықтың маңызды бөлігі ретінде қарастырылады.PIRLS-зерттеуінің мақсаты әртүрлі әлем елдерінің бастауыш сыныптарының мәтінді түсіну деңгейлерін сәйкестендіру және ұлттық білім жүйесінің оқу сауаттылығын ашудағы ерекшеліктерін анықтау болып табылады.Аталмыш зерттеу ісінің халықаралық сарапшылар ойына келісе отырып,«Оқырман сауаттылығын»-бұл адамның өмірде толыққанды қалыптасуына және жеке мақсаттарына жетуіне қажетті әр түрлі жазба сөйлеу формасын түсіну және терең ойлау қабілеті.Соның негізінде адамзат және қоғам үшін білім саясатында басты принцип қалыптастырады.

PIRLS-зерттеуі мынадай міндеттерді шешуге бағытталады.

-Білім беру саласында әлемдік басымдылықтарда көрініс тапқан құралдар негізінде алынған нәтижелердің талдауы нақты өлшеуіштермен белгіленуі.

-Білім беру жүйесінің салыстырмалы бағасы және олардың тиімділігі.

- Зерттеу қорытындысына әсер ететін контекстегі дәйектемелерді анықтау.

-Ғылыми дәлелденген әлемдік ақпараттық қауымдастықтың мәліметтерін алу.

-Тәуелсіз елдер нәтижесін,сонымен қатар білім саясатын жақсарту нұсқауын зерттеуге қатысушыларға ұсынады.

Зерттеу нысаны бастауыш сынып бітірушілерінің оқу жетістіктерін анықтайды,себебі оқытудың алғашқы төрт жылы нақты барлық білімді және үйрену қабілеттерін шыңдаудың негізі.Мазмұны және формат бойынша білімді табысты жалғастыруда негізгі мектепте әртүрлі мәтіндерді қолдану үшін осы уақыт арасында қатысушылар оқып үйрену керек. Бастауыш мектептен бастап балаларды оқытудағы негізгі жетістіктердің бірі ол-оқушылардың ақпараттық біліктілігі қалыптасады.Өйткені бастауыш мектепте алған сапалы білім ары қарай оқудың іргетасы болып табылады.Оқушылардың оқу сауаттылығының қалыптасуына барынша мүмкіндік туғызу үшін заманауи мұғалімнен оқу қызметінің формасын,әдіс-тәсілдерін тауып қолданып табу талап етіледі.Бастауыш мектеп мұғаліміне кіші сынып оқушыларының мәтінмен жұмыс істеу шеберлігінің негізін салу яғни ақпарат дерекнамасын білу,қызықтырған сұрақтарға жауап іздей алу,таңдалып алынған мәліметтерді сауатты көркемдеу мен ұсыну маңызды. Білім алу мен әртүрлі ақпарат дерекнамасын жұмыс істеу балалардың ақпаратты дұрыс қабылдап,оның сапасын бағалауға және жасырын мағынасын түсініп,үйренуге көмектеседі. Оқушылардың оқу сауаттылығына байланысты дағдысын қалыптастыру, тәрбиелік іс-шаралар және қосымша білім беру сияқты оқу компаненттерінің тығыз байланысы кезінде жоғарғы жетістіктерге жетеді.Сонымен қатар,отбасылық оқу мәдениетін дамыту барысында ата-аналар қауымымен жұмыс жүргізуге де маңызды. Қазақстандық оқушыларды халықаралық салыстырмалы PIRLS-2016 зерттеуіне мақсатты бағыттауға әлі уақыт бар.Бастауыш сынып оқушыларының 4сынып соңында орта және жоғарғы буында білім алудағы табысты үрдіс үшін оқу-ақпараттық білімін қалыптастыруда біріккен мақсатты бағытталған аса маңызды жұмыс қажет.Қазіргі уақытта республика бойынша PIRLS-2016 зерттеуіне қатысу мақсатында іс-шаралар өткізілуде. Ол зерттеудің мақсаты мен оның өткізілу тәртібін, тапсырмалардың ерекшеліктерін мұғалімдер мен оқушыларға,ата-аналарға бағдар етуге, біліктігі мен дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған. Осы мақаланы жүргізіліп жатқан жұмыстың бір бөлшегі деп санауға болады.

PIRLS зерттеуіндегі оқу сауаттылығы -оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамытуы.Оқу сауаттылығын тексеру оқу техникасы немесе мәтіннің мазмұнын нақты түсінуін бағалау емес,оқубарысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға, оқушыларды әлеуметтенуге және дербестеуге бағыттау, болашақ кәсіби қызметі саласын жауапты таңдауына дайындау.Оқу сауаттылығын бағалау үшін білім алушыларға берілген мәтіндегі материалдарды салыстыру, автордың ойын аңғару, жауапқа дайындалу барысында нақты дәлелдемелер табу ұсынылады. Мәтіндерінің шынайылығы (өмірдегі мысалдар) PIRL тестерінің ерекшелігі болып табылады. Зерттеудің осы бағыты бойынша тест сұрақтары ретінде көркем мәтіндер қолданылады.

Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайық орнын белгілеген біздің мемлекетіміз үшін  қазіргі заман талаптарына байланысты өзіндік көзқарасы, саяси түсінігі бар, білімді әрі жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындап отырғаны сөзсіз.Қазіргі заман  балалардың функционалды сауатты болуын талап етсе, соның бірі -оқу сауаттылығы.

Оқу сауаттылығы дегеніміз – қарапайым тілмен айтқанда бала өзі оқып отырған ақпаратты толықтай қабылдай біліп, ішінен негізгісін  ала білуі [2,б. 4].

Оқу сауаттылығын қалыптастыру үшін қазіргі кезде түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады.Сондай әдіс-тәсілдердің бірі-оқу болса, сонымен қатар білім беру мен білім алудағы жаңа әдістер болып табылады.Оқу сауаттылығы бойынша  оқушылар мектеп аясында және мектептен тыс уақытта нені оқитынын, қандай мақсатпен оқитынын білуі қажет.

Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруға, соның ішінде мәтінмен сауатты жұмыс жүргізе білуге үйрететін бірден-бір құрал.Біз бұл жұмысымызда оқушылардың оқу сауаттылықтарын қалыптастырудағы белсенді оқыту әдістерінің рөлі мен маңызын ашып көрсетпекпіз.

«Бірге жиналу – бұл бастама, бірге қалу – бұл алға жылжу, ал бірге жұмыстану – бұл жетістік» деп Генри Форд атап көрсеткендей,оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудағы тиімді белсенді оқыту әдістерін анықтау. Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі білім мазмұнын жаңғыртуды талап етеді.  Білім мазмұнын жаңарту білім беруші ұстазға тікелей байланысты. Осы орайда ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің «Мұғалім-мектептің жүрегі» деген сөзі жүрекке оралады.  Жаңа әдістерді жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілілігі, алдыңғы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.  Өзімнің бірнеше жылдық ұстаздық тәжірибемде оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруда жаңа-әдіс тәсілдерді қолдану ерекше орын алатынын түсіндім.

       Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы.«Білім негізі – бастауышта қаланады»десек, ұрпақ тәрбиесі алдында бастауыш сынып мұғалімдеріне зор жауапкершілік жүктейді. Мұғалімнің әр сабақты қызықты етіп құруы,оқушыларға қойылатын талабы күннен – күнге арта түсіп, сабақтың әр кезеңін әдістемелік талапқа сай оқытудың жаңа-әдіс тәсілдерін жүргізілуі шарт.Сондай жаңа-әдіс тәсілдердің бірі-«Сыни тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту».  Бұл әдіс-тәсіл құрылымы үш кезең бойынша қолданылады. 1.Қызығушылықты ояту. 2.Мағынаны тани білу. 

3. Ой толғаныс. Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі мынадай нәтижелерге қол жеткізеді.

- оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай береді.

- басқаларды тыңдай білуге, кез келген жауапқа сыйластықпен және түсіністікпен қарауға үйренеді.

- өз ойын топ алдында ашық айтуға, қорғай білуге баулиды.

- өз бетінше ізденуге ұмтылдырады.

- сабаққа қызығушылығы артып, белсенділігі өте жоғары болады.

- шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Әдебиеттік оқу пәні бойынша көбіне мәтінмен жұмыс жүргізуді дейгейлік тапсырмалар арқылы береміз.

1-деңгейде мәтінді мәнерлеп оқиды, мазмұнын түсінеді.

2-деңгейде кейіпкерлерге мінездеме береді,табиғат суреттерін тауып оқиды.

3- деңгейде мәтінді өз ойымен аяқтау, оны талдау жұмыстары жүргізіледі.

4-деңгейде нағыз шығармашылық жұмыстар жүргізіледі.  Егер өлеңмен таныссақ, осы өлең ұйқасына салып, өлең құрау, шығарма жазу т.б. орындайды.  Оқушылардың тілдік қорын, сөз өнерін дамытуда «Ертегі құрау» ойыны, ойдан жұмбақ, жаңылтпаштар құрау т.б. ойындарын жүргіземін. Әдебиеттік оқуда көбіне бірыңғай сөз жүзінде өтуі оқушыларды жалықтырып жіберуі мүмкін. Сондықтан оқушылардың қабілеттерін арттыру үшін рөлдік ойындардың орны ерекше.Мысалы: 3-сыныпта  Ана  тілінен И.Крылов Абайдың аудармасындағы «Шегіртке мен құмырсқа» мысал өлеңінде шегіртке мен құмырсқа болып өздері ойнап, сахна өнеріне бейімделеді. Өлеңді оқып танысқаннан кейін, рөлге бөліп оқытамын.

     Шағын ғана диалогтың оқушыға әсері мол. Оқушыларға сахналық киімдер дайындап көрсеткенде өте тардымды шықты. Менің бір байқағаным жай уақытта көп сөйлемейтін оқушым құмырсқа рөлін өте тартымды орындады. Бұдан мынадай қорытынды шығардым.  Әр балада қабілет бар, соны аша білу – ұстаздың міндеті. Одан кейін құмырсқа,шегіртке суреттерін бейнелеу өнерінде жалғастырдым.Венн диаграммасын көрсету арқылы бұл жәндіктерге сипаттама беріледі.Дүниетану пәнімен байланыстырып пән аралық байланысқа қол жеткіздім. Осы орайда сыныптағы  әдебиеттік оқу сабағында «Төле бидің төрелігін» 3сыныпта, «Үш бидің толғауын»,2-сыныпта«Аңқау арыстан»,әңгімелерін диалог түрінде жазып,сахналық түрінде қойылым көрсеттім.Сахналық қойылым бір жағынан ерекше қабілет-дарынын көрсетіп,шығармашылық қырын ашса,екіншіден мәтінді терең түсінеді,сөз құдіретін ұғынуға көмектеседі.

      Әдебиеттік оқу пәні-баланың интеллектісі мен шығармашылығын дамытудың арнасы. Әдебиеттік оқу сабақтарында баланың тапқырлығын, зерделігін дамытатын шығармашылық тапсырмалар орындату баланың ой-өрісін, қиялын, есте сақтауқабілеттерін дамытады. Әр сабақта жақсы материалды талдауға көңіл бөлемін.

    Талдау дегеніміз- бірлескен ізденіс. Ізденіс  оқушыны шығармашылық іс-әрекетке жетелейді. Жаңа инновациялық әдіс-тәсілді пайдалану арқылы біз оқушы қиялын, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта түсіп, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.

  Үздіксіз бір ізді жүргізілген шығармашылық әрекет оқушыны білім шыңына шығарады.

Мектеп оқулықтарындағы мәтіндердің PIRLS тапсырмаларына негізделіп құрастырылған  үлгілері.

Тұтас мәтінді оқып, келесі сұраққа жауап беріңдер.

Райымбек батыр ерлігі.

Ерлік табиғаты қалың көпшіліктің түсінігіне сия беретін іс емес. Махамбет:

Халыққа тентек атанбай, Ерлердің ісі бітер ме ? деген. Ерлік болмысында тентектік бар. Ерлікті түсіну үшін де мерзім керек. Ерлік те –  ғашықтық сияқты құбылыс. Шын берілу қажет болса, құрбандыққа іштей даярлық болады. Ер адам мерт болам демейді, себебі оған қуат беретін – намыс.Бұл жөнінде мақал да тура айтылған: “Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді”. Ерлік деген бір сәттік көрініс емес, ерлік – батырдың қалыпты жағдайы. Ерлік табиғаты тылсым. Нағыз ерлер ер атанам деп ерлік жасамайды. Ерлік адамның өз болмысынан шығады. Ерлік жасап атымды қалдырам дегендер де болады, бірақ олар туралы әңгіме бөлек. Ал, бүкіл болмысы, ғұмыры ерлікке толы жандар болады, міне, сондай адам – Райымбек бабамыз.


1. Батырдың бойындағы ерлік пен батырлық ұғымдарының мәнін қалай түсінесіздер?

А. Адам бойындағы мақтаншақтық

В. Адам бойындағы төбелеске құштарлық

С. Әрқашан алға қойған мақсатты орындау

Д. Әрқашан алға қойған мақсатты орындау

Е. Елі үшін, жері үшін ешқашанда тайынбайтын, тайсалмайтын, халқы үшін құрбан болуға дайын,үлкен рух.

 2.  Ерлік тек ерлер, батырлардың ғана ісі ме?

А. Ия, оны тек ерлер ғана істей алады

В. Ия, батыр боп туған адамдардың ғана ісі

С. Жоқ, ерлік және батырлық адамгершілігі бар, әр адамға тән қасиет.

Д. Білмеймін.

Е. Иә, ерлікті батырлар ғана жасайды

 3. Ерлік адам болмысының қандай қасиеті?

А. Мейірімділік қасиеті

В. Қорқақтық қасиеті

С. Жалқаулық қасиеті

Д. Сабырлылық қасиеті

Е. Ең жоғарғы адамгершілік қасиеттің бірі

4. Ер адам мерт болам демейді, себебі, оған қуат беретін – ... не нарсе?

А. Намыс

В. Өжеттік 

С. Іскерлік

 Д. Еңбекқорлық 

Е. Спорт


1. Мәтінді оқығанда не нәрсеге сүйсінуге болады?

Жолдыаяқ – ақылды ит

Жолдыаяқ екеуіміз бұта-жыңғылдардың арасымен өтетін жалғыз аяқ жолмен келе жаттық. Бір кезде Жолдыаяқ жақын тұрған бұтаның арғы шетіне жүгіріп барып, алдыңғы аяғын көтеріп тұра қалды. Мен итімнің бұл қылығына таң-тамаша болып, оған жақындадым. Оның қарсы алдынан құрдың балапаны шыға келіп, қайтадан бұта-бұтаның арасымен жорғалап қаша жөнелгенін көрдім. Бір қызығы, Жолдыаяқ оны қуған жоқ, дереу кері бұрылып, бұтаны бір айналып өтті де, екінші бір жерге барып қайтадан артқы аяғымен тік тұра қалды. Қарасам, тағы да балапан құрдың алдынан шығыпты. Байғұс құр не істерін білмей, енді тіпті басқа жаққа қаша жөнелді. Жолдыаяқ бәрібір оны жібермеді, өзге иттер құсап артынан қуып аса көп қиналмай-ақ, тағы да алдынан шықты. Құдды бір өзінің асқан ақылдылығын танытып, құрдың кеткен бағытын дәл аңғарып, оның одан кейін не істейтінін қапысыз бағдарлай алғанын білдіргендей, үнемі оның жолын кесумен болды. Бір қызығы, оған тиіспейді де, ойын ойнағандай масаттанып, «не істейін» дегендей, мен жаққа қарап қояды. Ал құрдың балапаны болса, шыр-шыр етіп, қалай қашса да қарсы кезігіп, амалы таусылып, шыбын жанын қоярға жер таппады. Мен оны қатты аяп кеттім.

-     Жолдыаяқ, болды енді, тиіспе!- деп дауыстадым итіме. Сол-ақ екен, Жолдыаяқ оны әурелеуін қойды. Көзімен ұзатып сап, ойыны қанған баладай өзіне-өзі разы болып, тілін салақтатып қасыма келді. Құрдың балапаны бір бұтадан екіншісіне кетіп, одан үшіншісіненасып, көзден ғайып болды.

Осылайша, Жолдыаяқтың асқан ақылдылығына әбден көзім жетті.

1. Шығарманың идеясына сәйкес келетін жауапты таңдаңыз?

А. Бала мен ит               

В. Ит пен балапан               

С. Балықтар           

Д. Қыдыру

Е.Жеті қазынаның бірі, баланың досы әрі серігі -Жолдыаяқтың ақылдылығын паш ету

 2. Егер сіз баланың орнында болсаңыз қандай әрекетке барар едіңіз?

А. Ешкімнен қорықпаушы едім.

В. Итіме қарамаушы едім.

С. Жолдыаяққа тиіскізбей, балапанды ұясына шейін апарып салушы едім.

Д. Балапанды өзіммен алып кетуші едім.

Е. Ешқандай әрекетке бармаушы едім.

 3. Мәтінге басқаша қандай тақырып лайық деп ойлайсыз?

А. Төрт мезгіл.

В. Жыл мезгілі 

С. Жолдағы оқиға 

Д. Құстар

 Е. Алма ағаштары


Торғай мен адам

Өткен  заманда  бір саясатшы  тор құрып қойса, торына  кішкене  бір торғай  түсіп қалыпты. Торғайды адам қолына  ұстап үйіне апара жатса, торғай тілге  келіп былай депті:

– Мен  кішкене торғаймын, союға жарамаймын, қапасқа  салсаң құсалықпен өлемін. Мені  еркіме қоя бер, кең дүниеге жібер. Ақысына сізге екі ауыз ақыл айтайын, – депті.

– Кәне, ақылыңды айт, – депті адам.

– Жарайды, бір ауызын  қолында , бір ауызын жерге  түскен соң айтайын. Өйткені  қос қолдап қысып  тұрғанда, өкпем қысылып  ештеңе айта алмаймын, – депті торғай.Аңшы босатыпты.Бірінші – өткен іске өкінбе, екінші-көзбен көрмей  сенбе! – депті. Торғай  анадай  жерге  қонып отырып: – сен ештеңені білмедің,  менің бөтекемде  жұдырықтай гауһар бар еді, – дейді. Адам қонып  отырған торғайды ұстауға  тұра ұмтылыпты.Торғай  әр жерге  ұшып  қонып ұстатпайды.Адам қуып қоймаған соң ,адамға былай дейді: «Менің жаңағы айтқан  өсиетіме түсінбепсің, өзің ақылыңа салшы, менің өзім жұдырықтай жоқпын, менің бөтекеме ондай   зат қалай сыяды? Бұл бір. Екінші – мен саған  ұстатпаймын, қанатым бар. Сондықтан өткен іске өкінбе» – деп ұшып кетті.


1.Мәтінде қандай нақыл сөз айтылған?

А. Қапасқа  салсаң құсалықпен өлемін

Б. Өткен іске өкінбе, көзбен көрмей  сенбе!

В. Менің бөтегемде  жұдырықтай гауһар бар еді.

Г. Менің жаңағы айтқан  өсиетіме түсінбепсің, өзің ақылыңа салшы, менің өзім жұдырықтай жоқпын, менің бөтегеме ондай   зат қалай сыяды?

2.Адамның торғай айтқан нақыл сөзді ұқпағанын қайдан білуге болады?

А. Адам торғайды жіберіп қойды.

Б. Адам торғайды қуа жөнелді

В. Адам торғайдың сөзіне сеніп қалды.

Г. Торғайдың сөзіне алданып қалды.

3. Адам қандай? Мінездеме бер? Дәлелде.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4.Торғай Адамның нақыл сөзді ұққан- ұқпағанын қалай тексеріп көрді? Үзінді келтір.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

5.Торғай адамға неге ұстатпады?

А. Ағашта қонып отырды Б. Торғай жүгіргіш

В. Торғай босап кетті Г. Торғайдың қанаттары бар.


6. Мәтін арқылы автор қандай идея айтқысы келді. Өз сөзіңмен жаз.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


7.Берілген мәтіннің жанры қандай?

А. Ертегі Б. Аңыз В. Мысал Г. Мақал


8.Мына пікірлердің қайсысы мәтін оқиғасының қорытындысына сәйкес келеді?

А. Торғай өз ақылының арқасында ажалдан құтылды.

Б. Адам ақымақ болған соң торғайды қуды.

В. Торғай адамды ақылды еткісі келді.

Г. Өткен іске өкінбеу керек.




Ақселеу Сейдімбек «Әйел- Ана» тақырыбына талдау.

1-тапсырма. Мақалдың мағынасын түсіндіру /өз ойын айту./

1.Әйелдің пірі еркек

2.Еркек- үйдің егесі, әйел-үйдің шегесі

3.Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады.

4.Әжемді тыңдағаным,өзімді тыңдағаным

2-тапсырма. « Ана »кім?

1. Өмір сыйлаушы.

2.Қымбатты жан.

3.Ақылшы

4.Қамқоршы

5.Тәрбиеші.

3-тапсырма «Әйел-Ана »тақырыбына хат жаз.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

4-тапсырма.

«Табынар- ем ана деген тәңірге..»тақырыбында ана туралы шағын эссе жазу.

5-тапсырма.

«Әйел-ана» ертегідегі кейіпкер бейнесін салу.

6-тапсырма.

Халық ертегісін салыстыра отырып ұқсастығы мен айрмашылығын тап.

Халық ертегісі:------------------------------------------------------



Әдеби ертегісі:-------------------------------------------------

7-тапсырма.

Ер-азаматтарды қорғаннан алып шығудың тағы қандай жолын табар едің ?

Мысал келтір.--------------------------------------------------------------------------------

----------------------------------------------------------------------------------------------------






























Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Метод пособ по начальному классу"

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ фарида2.pptx

Скачать материал "Метод пособ по начальному классу"

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Бастауыш сыныптарда ана тілі сабақтарындағы мәтінмен жұмыс арқылы сауаттылығ...

    1 слайд

    Бастауыш сыныптарда ана тілі сабақтарындағы мәтінмен жұмыс арқылы сауаттылығын арттыру. Атырау облысы Махамбет ауданы Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Альдешова Фарида Бақтығалиқызы

  • ХХІ ғасыры –дамыған білім ғасыры. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “...

    2 слайд

    ХХІ ғасыры –дамыған білім ғасыры. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Еліміздің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры –ұстаздардың қолында ” демекші дамыған елдердің қатарына ену үшін саналы тәрбие мен сапалы білім қажет. Оқытудағы басқару және көшбасшылық

  • Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған...

    3 слайд

    Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қазақстандық оқушылардың халықаралық «Мәтінді оқу және түсіну сапасын бағалау» (Progress in International Reading Literacy Study) зерттеуіне қатысуды белгілеп отыр

  • PIRLS-2016 халықаралық зерттеуі ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИС...

    4 слайд

    PIRLS-2016 халықаралық зерттеуі ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

  • Қазақстанның зерттеуге қатысу мақсаты

    5 слайд

    Қазақстанның зерттеуге қатысу мақсаты

  • PIRLS - халықаралық зерттеуінде оқу сауаттылығы, оқушының қоғам өміріне белсе...

    6 слайд

    PIRLS - халықаралық зерттеуінде оқу сауаттылығы, оқушының қоғам өміріне белсене араласуын және өзіндік жеке мақсаттарына жетуі үшін қажетті жазбаша түрде берілген мәтіндердің форматын түсінуі мен қолдана білу деңгейлерін анықтайды. Жас оқырмандар түрлі тақырыптардағы берілген мәтіндерді түсінуі қажет.

  • Зерттеуде, мектепте және мектептен тыс уақытта жиі қолданылатын оқудың екі тү...

    7 слайд

    Зерттеуде, мектепте және мектептен тыс уақытта жиі қолданылатын оқудың екі түрі бағаланады

  • Зерттеудің негізгі мақсаты – мәтінді оқу және түсіну сапасын бағалайтын салы...

    8 слайд

    Зерттеудің негізгі мақсаты – мәтінді оқу және түсіну сапасын бағалайтын салыстырмалы зерттеу. Зерттеу бағдарламасына сәйкес 4 сынып оқушыларының мәтінді оқу бойынша дайындығы зерттеледі. Бұдан басқа, PIRLS зерттеуінің ерекшелігі оқушылардың нәтижелеріне әсер ететін факторларды анықтау болып табылады

  • Сабақтың тақырыбы “Жігіттің жақсысы” (Әйтеке бидің сөзі)

    9 слайд

    Сабақтың тақырыбы “Жігіттің жақсысы” (Әйтеке бидің сөзі)

  • Білімділігі: Оқушыларды жаңа сабақпен таныстыру, мәтінді түсініп оқу, сұрақта...

    10 слайд

    Білімділігі: Оқушыларды жаңа сабақпен таныстыру, мәтінді түсініп оқу, сұрақтарға жауап алу, суретпен жұмыс. Дамытушылығы: Балалардың ой-өрістерін кеңейту, сөздік қорларын молайту, тіл байлықтарын дамыту. Тәрбиелігі: Адамгершілікке, бірауыздыққа, ұйымшылдыққа, кішіпейілдікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Сабақтың мақсаты:

  • Жүру барысы I. Ұйымдастыру кезеңі. Жүректен - жүрекке II. Үй тапсырмасын текс...

    11 слайд

    Жүру барысы I. Ұйымдастыру кезеңі. Жүректен - жүрекке II. Үй тапсырмасын тексеру. “Не қымбат?” (Қазыбек бидің сөзі) I – топ : “Алтын ұяң – Отан қымбат” II – топ : “Құт берекең - атаң” III – топ : “Кіндік кескен жер”

  • Төле би Әйтеке би Қазыбек би

    12 слайд

    Төле би Әйтеке би Қазыбек би

  • IV. Оқулықпен жұмыс. I – топ: Мәтіннің бірінші бөлімін оқып, талдайды. II – т...

    13 слайд

    IV. Оқулықпен жұмыс. I – топ: Мәтіннің бірінші бөлімін оқып, талдайды. II – топ: Мәтіннің екінші бөлімін оқып, талдайды. III – топ: Мәтіннің үшінші бөлімін оқып, талдайды.

  • Шығармашылық жұмыс I – топ: Әйтекеңнің сөзіне сәйкес мақал-мәтел жазады. II –...

    14 слайд

    Шығармашылық жұмыс I – топ: Әйтекеңнің сөзіне сәйкес мақал-мәтел жазады. II – топ: Жаман жігітті бейнелеп, жазады. III – топ: “Елдің қамын жоқтай білген, дұрыс сөзге тоқтай білген” жақсыны бейнелеп, жазады.

  • Қорытынды: Бес жол өлең құрастыру. 1.Зат есім: Жігіт. 2.Сын есім: Ержүрек, на...

    15 слайд

    Қорытынды: Бес жол өлең құрастыру. 1.Зат есім: Жігіт. 2.Сын есім: Ержүрек, намысшыл. 3.Етістік: Қорғайды, көмектеседі, сыйлайды. 4.Сезімді білдіретін 4сөзден құралған сөйлем: Отан үшін отқа түседі. 5.Синоним: Азамат.

  • . ХХІ – ғасырда қызығушылық пен белсенділік қажет. Оны жүзеге асыруда бірден...

    16 слайд

    . ХХІ – ғасырда қызығушылық пен белсенділік қажет. Оны жүзеге асыруда бірден бір қолайлы тәсіл жаңа технологиялық әдістерді пайдалана сабақтар өткізу. Оқушылырдың қызығушылықтары мен танымдылық білімділік қасиеттерін арттырары сөзсіз. Осындай әдіс тәсілдер арқылы ел болашағы жан –жақты жете дамиды Сонда ғана ХХІ – ғасырдың балалары дені сау, саналы, білімді ,өресі биік болып өседі. . Сезімі артады. Сабаққа қызығушылығы оянады. Шығырмашылық қабілеті жетіледі. Дүниетанымы өседі, қасиеттері дамиды. “Ұстазы жақсы болса, Шәкірті озар” дегендей ұстаздар қауымы жаңа заман талабына сай жаңа үрдіспен білім нәрін оқушы бойына сіңіре білсек .бұл біздің баға жетпес жетістігіміз. Оқушы: Мүғалім. Жаңа технология әдістерді жүзеге асырады Сабақтың қызықты әрі пайдалы болуына жұмыстанады. Шығармашылық ізденісте жүреді. Қорытынды Бағбанның жақсы ағаштан жиған сапалы жемісі

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 657 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.02.2016 2167
    • RAR 24.2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хасанова Гулнафис Жанарбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 7824
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида

Учитель начальных классов компенсирующего и коррекционно-развивающего образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 285 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 891 человек

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 135 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 120 человек

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Эффективное управление электронным архивом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Культурное наследие России: язык и фольклор

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек