Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыМетодический материал школьному психологу на тему "Қарым-қатынас жасай білуде өнер" (9-11 класс)

Методический материал школьному психологу на тему "Қарым-қатынас жасай білуде өнер" (9-11 класс)

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ қарым қатынас.docx

 Сабақтың тақырыбы: «Қарым – қатынас жасай білу де өнер»

Сабақтың мақсаты:     Бір-бірімізбен достық қарым-қатынаста адал, жауапкершілігі мол,        

                                       ауызбіршілік пен татулықты қатар ұстай алатын тұлғаға жету.

Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: сұрақ жауап, пікір талас

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, краска, мақал-мәтелдер, қалам, газет, оргстекло

Сабақтың өту барысы:  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі

                                            2. «Мен кіммін?» тренинг (өз-өзіне баға)

                                            3.психологиялық ерекшеліктерін анықтау

                                           4. Күшті болсаң шешіп көр (мақал-мәтелдерді ым-ишарамен                    

                                            түсіндіру)

                                           5. «Мен және менің ішкі бейнем» сурет салу

                                          6. «Мен және сен» сөздерге ассоциация жазу

                                           7. «Мен таныдым сені» бір-біріне баға беру

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Бүгінгі кешке қатысушы жұптарымызды ортаға шақырайық.

9 а – Ерболатұлы Ердаулет пен Уйсинбаева Айсұлу

9ә – Болатов Жандос пен Маженова Айым

9б – Айбек Данияр мен Жанғали Зарема

10а – Нұрахашев Айбар мен Сәрсенбаева Әсемгүл

10ә – Қуанышев Серікболсын мен Әлмұрат Гүлдана

Қатысушылар мен көрермендер назарларыңызды экранға аударсақ:

-          Дәмді болар тамағың, Түйілмесе қабағың;

-          Жүрек үтірін қойған жерге нүкте қойма!

-          Біз өміріміздің – сәулетшісіміз!

-          Алынбайтын асу, бағынбайтын белес, шешілмейтін түйін жок;

-          Бір тамшы қуаныштың өзі, теңіздей бақыт сыйлай алады;

         2. «Мен кіммін?» тренинг Әрбір жұп өз - өздерімізге тақтадағы берілген суреттерге сәйкестендіріп кім екенімізді ортаға саламыз (жүрек, күн, биік тау, кең жазық дала, ақша, мұз, гүл, ай, сыйлық т.б)

3. Психологиялық ерекшеліктерін анықтау. Қыз балаларға ағаштардың суретін, ер балаларға көздің суретін көрсетіп, олар таңдау жасап, бір-біріне жұп табу мақсатында

Ағаштар

Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен-өзіңдің табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін... содан кейін де жақсы көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау.

2. Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды. 

3. Ақылды және ойшыл жансыз. Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяңыз бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз. Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да мүмкін. 

4. Зерек жансыз. Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті  сізбен салыстыруға тұрарлық жан да... Сізді көбі дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді. 

5. Сенімді жансыз. Сіз тәуелсіз жансыз. "Бәрін өзім жасаймын" деген қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз - олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды бағалайсыз, шындықты сүйесіз. 

6. Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай қарым-қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз. 

7. Бақытты және өзін-өзі еркін билейтін жансыз. Сіз адамдарды айтқызбай-ақ ұғатын кішіпейіл адамсыз. Әр адам өмірде өз жолын салуы керек деп түсінесіз. Сіз кез келген шараны, оқиғаны да қорқынышсыз қарсы аласыз. Көп мазаланатыныңыз тағы бар. Үнемі бос уақытты тиімді өткізесіз. 

8. Әдемі және қайратты жансыз. Сіз көңілді де күлдіргі адамдардың қатарынансыз. Егер әңгіме қандай да бір оқиға жайында өрбіп жатса, үнемі "Қолдаймын" деп қол көтеруге дайын жүресіз. Сіз таңқалудан да, таңдандырудан да жалықпайсыз. Бәрін біліп алғыңыз келіп тұрады. Егер сізге бір нәрсе қызық болса, соның жай-жапсарын анықтағанша байыз таппайсыз. 

9. Жолы болғыш адамсыз. Сіз үшін өмір - сыйлық. Сол сыйлықты сәтті пайдалану керектігімен бас қатырасыз. Өмірде қолыңыз жеткен жетістікпен марқаясыз. Жаныңызға жақын жанмен бар қуанышты бөлісуге әзір тұрасыз. Кешіре де, кешірім сұрай да аласыз. 

 

 

 

 

Жоғарыдағы суретке қарағанда ең бірінші қай нөмірдегі көзді көрдіңіз?

1. Өзгелерге көп сенетін тұлға

Сіз өміріңізге кез келген адамды еркін кіргізетін жансыз. Өмірдің ащысын да, тәттісін де көргіңіз келеді. Қорқынышыңыз бен сенімсіздігіңізді ешкімге көрсетпейсіз. Мәселенің барлығын өзіңізге ғана жүктейсіз. Өзіңізді нашар сезінсеңіз де, айналаңыздағы адамдарға көмектескіңіз келіп тұрады. Басқаларға көмектесу арқылы өзіңізді бақытты сезінесіз.

2. Тақуалыққа жақын тұлғалар

Сіз әрдайым дұрыс шешім қабылдап, өзгелердің көзіне жақсы адам болып көрінуге ұмтыласыз. Іштей қобалжып тұрсаңыз да, жақындарыңызға көрсетпейсіз. Жер шарындағы ең мықты адам болғыңыз келеді.

3. Құрбан болуды ұнататын тұлғалар

Өзіңіздің әлеміңізді кез келген жерден табуға тырысасыз. Өмірде өз орныңызды іздеп жүрсіз. Қараңғы ойларыңызды адамдарға көрсетпейсіз. Сізді "сүрінген сәтте өзін жинақтап алудың шебері" деп айтуға болады.

4. Ойшыл тұлға

Сіз барлық әрекетін ойланып барып жасайтын адамдардың қатарынансыз. Заттардың құрылымын зерттеуді жақсы көресіз. Кейде терең ойларға батып, мына дүниедегі тіршіліктің бар екенін ұмытып кетесіз. Өзіңізге деген 100% сенімділігіңізді өзгелерге көрсеткіңіз келмейді. Барлығына күдікпен қарайсыз. Өмірді ойын көресіз және сол ойында жеңіске жету үшін барлығын жасайсыз.

5. Жұмбақ тұлғалар

Сіз өзіңіз үшін де жұмбақ жансыз. Сізді түсінгісі келетін жандарға сәттілік тілейміз. Көңіл-күйіңіз тұрақсыз әрі жылдам өзгеріп отырады. Өзіңізге лайық өмір жолын таптым деген сәтте, қайтадан өзгеріп шыға келесіз. Сөйлеспес бұрын адамдарды бақылап алғанды ұнатасыз. Өзіңіз нақты білетін дүниелерді ғана айтасыз.

6. Сезімтал тұлға

Сіз барлығын байқап, есіңізде сақтайтын жандардың қатарына жатасыз. Сезімталдығыңыз соншалық, болмашы оқиғалардың өзі әсер етеді. Сізді күлдіру де, жылату да оңай. Бірақ, сезімтал екеніңізді жасыруға ұмтыласыз. Болашағыңызды болжай алатын қасиетіңіздің болуы да ғажап емес.

7. Энергияға толы тұлға

Сіз үнемі ғашық болып жүретін немесе күш-қуатқа толы жандардың бірісіз. Көрегендігіңіз мол. Әрдайым сүйіспеншілік пен кектің ортасында таңдау жасап жүресіз. Өзгелерге айтар сыни пікіріңіз көп. Шешімді жылдам қабылдайсыз. Шамадан тыс ашуланшақсыз.

8. Оғаш мінезді адам

Өмірге деген көзқарасыңыз мүлдем өзгеше. Кейбір ақылға қонбайтын қылықтарыңыз бар. Ережелерді онша ұната бермейсіз. «Не болса, ол болсын. Не істегім келсе, соны жасаймын» деген ұстаныммен өмір сүресіз. Өзге адамдар үшін ашықсыз. Сізді өзгертуге тырысатын адамдарға күле қарайсыз. Қарапайым адамдардың қатарында болуды ұнатпайсыз.

9. Интуитивтік тұлға

Сіз өзіңізді де, өзгелерді де өте жақсы түсінесіз. Адамның бет-әлпетіне, сөйлеген сөзіне қарап көп мәлімет айта аласыз. Сізге өтірік айтып тұрған адамдарды бірден анықтайсыз. Өзіңізден сөз асырмауға тырысқанмен, үндемей қалатын сәттеріңіз жиі болып тұрады.

4. Күшті болсаң шешіп көр. (таңдау жасалып алынған мақал-мәтелдерді бір-біріне ым -ишара арқылы түсіндіру.)

- Дос — ажарың, жолдас — базарың.
- Азаматпен дос бол, қадіріңді біледі.
 -Айрылмастай досыңа қайрылмастай сөз айтпа. 
- Айтулы достың малы бір, кемедегінің жаны бір.
- Дәмді болса - достық қымбат, 
Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды. 
- Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол. 
- Дос егіз, дұшпан сегіз. 
- Дос көбейсе дұшпан аяқ астында. 
- Доспен дос болғанша шаттан, 
Дұшпанмен дос болғаннан сақтан.

5. «Менің ішкі бейнем» тақырыбында оргстеклоға гуашпен сурет сал. Жұптар бір – бірімен ақылдаспай өздерінің ішкі бейнесін ғана бейнелейді. Оргстеклоның екі бетінде екі түрлі сурет болуы мүмкін. Суреттің бір-бірімен байланысын байқауға болады.

 

                           

 

 

 

 

6. «Мен және сен» сөздерге ассоциация жазу (теңіз, көктем, табиғат, жаз, мектеп, оқушы, мұғалім, отбасы, махаббат, дос;)

                        

7. Қорытындылау мақсатында қатысушы жұптар бір-бірі туралы мағлұматтар береді.

«Мен таныдым сені...»

 

                            

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Методический материал школьному психологу на тему "Қарым-қатынас жасай білуде өнер" (9-11 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Проректор

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ қарым-қатынас жасай білу де өнер.pptx

Скачать материал "Методический материал школьному психологу на тему "Қарым-қатынас жасай білуде өнер" (9-11 класс)"

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Қарым-қатынас жасай білу де өнерЖүректен шыққан сөз, 
Жүрекке жол табады.

    1 слайд

    Қарым-қатынас жасай білу де өнер
    Жүректен шыққан сөз,
    Жүрекке жол табады.

  • Мен кіммін?

    2 слайд

    Мен кіммін?

  • Қандай ағашты таңдайсыз?

    3 слайд

    Қандай ағашты таңдайсыз?

  • "Суреттен нені байқадыңыз?"

    4 слайд

    "Суреттен нені байқадыңыз?"

  • Күшті болсаң шешіп көр!Берілген мақал – мәтелдері іс-қимыл, ым-ишара арқылы б...

    5 слайд

    Күшті болсаң шешіп көр!
    Берілген мақал – мәтелдері іс-қимыл, ым-ишара арқылы бір-бірімізге түсіндіру

  • Мен және менің ішкі бейнем(сурет салу)Бір өзгеше, бар менің ішкі әлемімқиял...

    6 слайд

    Мен және менің ішкі бейнем
    (сурет салу)
    Бір өзгеше, бар менің ішкі әлемім
    қиялға толы, бояуы қанық әдемі!
    Шыққым келмей, қалатын кездер болады,
    Түсінгім келмей, тіршілік деген, бәлені!
    Мұңым да бар, жүректі қинап, тырнаған
    Бақыттың балын, ішкізбей маған, ұрлаған!
    Ұмытқым келіп, жиі-жиі кіремін,
    Әлемім менің, қорғаныш болып, тұр маған!

  • Мен және СенБерілген сөздерге ассоциация жазу: теңіз, көктем, табиғат, жаз, м...

    7 слайд

    Мен және Сен
    Берілген сөздерге ассоциация жазу: теңіз, көктем, табиғат, жаз, мектеп, оқушы, мұғалім, отбасы, махаббат, дос;

  • Мен таныдым, сені ...- Бір – біріміз туралы алған мәліметтерді жинақтап, ол а...

    8 слайд

    Мен таныдым, сені ...
    - Бір – біріміз туралы алған мәліметтерді жинақтап, ол адамды қаншалықты танығандығыңыз туралы баяндау;
    - Жұбыңыздың білдірген пікіріне сай өз пікіріңізді қосу

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 116 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2016 1908
    • ZIP 6.9 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дусипова Жайсангул Беркиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дусипова Жайсангул Беркиновна
    Дусипова Жайсангул Беркиновна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11715
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Обучение без стресса. Психосоматика

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 329 человек

Курс повышения квалификации

Логотерапия в семейном консультировании. Практический подход в работе с утратой смысла жизни

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Курс профессиональной переподготовки

Психологическое консультирование в спорте

Спортивный психолог

300 ч. — 1200 ч.

от 6500 руб. от 3600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 47 человек

Мини-курс

Профессиональное развитие педагога: успехи и карьера в образовании

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Аспекты эмоционального благополучия и влияния социальных ролей на психологическое состояние

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Жизненный цикл продукта и методология управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе