Инфоурок Другое СтатьиМәңгі өлмес жырыменен із қалдырған

Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған

Скачать материал

Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған

(М. Мақатаевтың 85 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш)

Мақсаты:

Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу.

М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу

 Көрнекілігі:

  Залды  шарлармен безендіру. Ақынның портреті, интербелсенді тақта, үнтаспа, шағын көрме, буклет, автордың кітаптары.

     (Кеш хабарланбастан  «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы арқылы ашылады.

Көрініс аяқталған  соң «Көнеміз ғой»  әні орындалады.

Мұқағалидың өз оқуындағы  «Есіңе мені алғайсың» өлеңі  қосылады.)

 Жүргізуші:армысыздар

Сырым да - осы,
Жырым да - осы,
Алдыңда.
Байқашы бір
Бықсыдым ба, жандым ба?
Махаңдар жоқ,
Махаңдардың сарқыты -
Мұқағали Мақатаев бар мұнда,- деп бір күндік сәуледей ағып өткен
ақиық ақын  М.Мақатаевтың  85 жылдығына  арналған «Мәңгі өлмес жырыменен  із қалдырған»  атты әдеби-сазды кешімізді қош келдіңіздер.

ЛАУРА

   Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма қайтадан,
Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта, Адам?
Арма, өмір, бар әлемді баурына алып шайқаған!
Әрбір әрпі қанға шомған тарихына қараңдар,
Отырардай опат болған қала жоқ па, жараңдар?
Тату-тәтті бармысындар, армысыңдар, Адамдар!
Әлем - дархан, саялаңдар, бәріңе де орын бар,
Қорған емес, салтанатты, сәнді сарай соғыңдар.
Ей, Адамдар, сендер тату, сендер тату болыңдар!
Анамыз - Жер, сол Анадан жаратылдық, туыстық,
Алайда біз қан да төктік, қалжырадық, ұрыстық...
Армысың, сен, арамызда жалғыз перзент - Тыныштық!

Жүргізуші:

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.   

   Мұқағали Мақатаевты атақ пен даңқ өлген соң өзі іздеп тапты.

Өйткені биік таулардың алыстаған сайын зорая түсетіні сияқты, мықтылық та уақыт озған сайын  тұлғалана бастайды. Хантәңірі нақ осылай. Ал Мұқағали ақын табиғатына айнымай тартып туған ақын.

 

 

Таулар, таулар, тауларым-ай!
Сағынысып қаппыз ғой тарланым –ай!
Таудағыдай еш жерде күн шықпайды,
Түн болмайды еш жерде таудағыдай.
Тау менің несібеме тиіпті ерек,
Мендегі шаттық бөлек, күйік бөлек.
Ақсақалдар: - Таудай бол –дейтін маған,
Таудай болғым келеді биік керек. Осылайша тереңнен толғаған сыршыл ақын өмірден өз биігін іздеумен өтті. Ол биігі – Туған халқы, Ана тілі, Атаменкені.
(«Үш бақытым», «Туған жерге», «Қайырлы түн», «Күнін сүйем»өлеңдері оқылады)

8 «А» класс оқушысы Набиева Назкеннің орындауында «Сарыжайлау» әні

Жүргізуші:

Өмір дегенге
Тірлікте сірә жетер ме ой!
Жарық сәуледен
Басқаның бәрі бекер ғой,
Бекер ғой бәрі, бөтен ғой,
Өмір дегенің бір күндік сәуле екен ғой!

    Мұқағали мұрасы, маржан поэзия – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы.
Халық көңілін сусындатқан, ақын өлеңдерінің көпшілігі өмір туралы, тірршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір жұпарын жыр етеді.

( «Пай-пай өмір»,  «Ей, өмір» өлеңдері оқылады)

6 «а» класс оқушыларының орындауында «Бақыт деген» әні

Жүргізуші:

    Анасына өлең арнамаған, анасын жырға қоспаған ақын бар ма бұл дүниеде? Мұқағали да  анасына деген махаббатын  балалық мөлдір сезіммен тебірене жеткізді. Ақындар өмірге, анаға, балаға да ғашық бола біледі. Мұқағали бірде

«Өткенде түс көрдім. Шешем басында ақ жаулығы бар Абай атамыздың қасынан қуана басып маған қарай күліп келе жатыр.Ояна келсем түсім екен. Анам бақытты болады екен» дейді. Ұзақ толғаныстан  «Шеше, сен бақыттысың» деген өлең жолдары  дүниеге келді. Мұқағалидың  анасы туралы сөз қозғағанда әжесі Тиынды айтпай кетуге болмайды.

... Әже, сен бірге жүрсің меніменен,

Өліге мен өзіңді телімегем.

Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,

Ақ кимешек жоғалса... нені көрем? – деп өзі жырлағандай, Мұқағали ер мінезді, айбынды әжесін ерекше құрметтеген.

(Әдемі «ана», «Әже»)

Ән «Бесік  басында»  Ж. Орынбасарова      

Жүргізуші:

Ғашықтық па? 

Ғашық та бола білгем. 
Бір-ақ жанға ғашықпын бала күннен, 
Жанымменен сүйемін,жанарыммен. 

     Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жок десек

артық айтқандық емес. Махаббат мәселесі, бұл – мәңгілік тақырып. Бірақ әр ақын өз сезімін өзінің ішкі жан дүниесін әрқалай шығарады. Мұқағалидың сезімінде жасандылық жоқ. Махаббатта бір қуаныш – бір үміт, бір өкініш – бір күдік болатыны жасырын емес

(Маржан мен Мират, Санат)

Ән «Сенің көзің»  Нұрдаулет,  Әсем

«Ұнатамын» Арай,  Бота,  Назерке

Жүргізуші:

Қазынам бар 

Біреуге берсем бе екен?

Өкпелейді-ау бермесем,

Берсем, бөтен.

Бар байлықты қойныма тығып алып,

Әлде мына құмардай өлсем бе екен?

Әрине, Мұқағалидың  қазынасы  да өлең, досы да өлең.

(Мадина, Назерке)

Жүргізуші:

     Өздеріңіз жылда «Мұқағали оқулары »  байқауы  өтетінін  білесіздер. Биылғы жылы осы  байқауға   9 «А»  класының  оқушысы   Абилова Маржан қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленіп қайтты. Маржан  Мұқағалидың   екі поэмасын, 50 шақты  өлеңін жатқа біледі.  Маржанды шақырайық  бізге    бірнеше өлеңін оқып берсін. 

Жүргізуші:

   Бүгінде Мұқағали өлеңдерін сүйіп оқымайтын қазақ жоқ  шығар. Оның нәзік поэзиясы жырсүйер әр жанның жүректерінен ойып орын алды. Бұл Мұқағали жырларының мәңгілік екендігін көрсетеді. Біздің арамызда да кешімізге арнайы келіп отырған қонақтарымыз бар.  Ол  кісілерді ортаға шақырғым келіп тұр.

(«Поэзия»   Ләззат,       «                                    »     Еламанның мамасы,  Мира)                          

Ән «Арулар»,  «Есіне мені  алғайсың»     Назкеннің мамасы

Гүлсезім «Мұқағалиға арнау»

Жүргізуші:

   Дәстүрлі қазақ қоғамында үйге келген қонақты құрметтеп,  ауылдың алты ауызымен  көңілін көтеруге тырысқан. Ал, содан соң   келген  қонақты қолқалап, “қонақкәде” сұраған.  Мен де сіздерден қонақкәде сұрайын деп тұрмын.

(Оқушылар мен ұстаздар арасынан шығып оқиды.)

Жүргізуші:

Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар  деп ойлаймыз.

  Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер! Ендігі жерде ақынның сыр сандығын ақтарып, оны өсу мен өркендеудің   ұлағатты үрдісіне лайықты пайдалану міндеті бәріміздің еншімізде қалып отыр. Мұқағалидай ақыны бар халық- бақытты халық!

Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!  Мұқағали  - ұрпаққа   мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған ақын

    Бүгінгі поэзия кешіне қатысқан барлық оқушылар мен ата- аналарға  алғысымды білдіремін. (ата- аналарға  алғыс білдіру)

«Күрең күз»

  Сонымен, ақиық ақын Мұқағалиға арналған «Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған» атты әдеби-сазды кешіміз аяқталды.

   Қош сау, болыңыздар!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Семейный психолог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 296 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.04.2016 1217
    • DOCX 21.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Икласова Нуржанат Кайратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Икласова Нуржанат Кайратовна
    Икласова Нуржанат Кайратовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 56357
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Эффективные коммуникационные стратегии в образовательной среде: от управления до мотиваци

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов

Мини-курс

Развитие коммуникативных и здоровьесберегающих навыков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе