Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" сайысы (3-сынып)

"Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" сайысы (3-сынып)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ.

Мақсаты: Адамгершілікке, адамдыққа тәрбиелеу. Ата-бабаларымыздың өсиетін қадір тұтуға, мақал-мәтел, жұмбақ шешендік өнер арқылы өз елінің тарихын, тарихи шежіресін білу, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді сыйлауға баулу.

Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, өз ойларын кең, мазмұнды жеткізе білуге үйрету.

Мұғалім:Құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі мақал-мәтел сайысына қош келдіңіздер.Мақал-мәтел сайысы бес турдан құралған.

1-тур Жүйрік болсаң,озып көр!

2-тур    Жалғасын тап!

3-тур    Тапқыр болсаң,тауып көр!

4- тур   Ойлан, тап!

5-тур    Ұйқасын тап!

 

Мақал-мәтел, жұмбақ, шешендік өнер ата-бабамызбен қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны терең, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал-мәтел, шешендік сөздердің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Ал жумбақтар ойлау қабілетін шындайды.

         Сауық кешке келіңдер

         Сөзден маржан терейік

         Мына бір әнге еріңдер

         Мақал айтып көрейік.

 

Мұғалім. «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойнымызды бастаймыз. Ойынның шартымен таныстырып кетейін.

I тур. Жүйрік болсаң,озып көр!

Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі

1.     Отан туралы

2.     Еңбек туралы

3. Оқу-білім туралыбілетін мақалдарын айтып шығу.

II  тур. Жалғасын тап!

   Мақалды ары қарай жалғастырады. Ең аз ұпайы алғандары 2 адам ойыннан шығады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

1.     Еңбек етсең ерінбей

... Тояды қарның тіленбей

2.     Еңбек түбі – береке,

.... Көптің түбі – мереке.

3.     Еңбектің наны тәтті,

.... Жалқаудың жаны тәтті.

4.     Туған жердей жер болмас,

.... Туған елдей ел болмас.

5.     Туған жердің күні де ыстық,

.... Түні де ыстық.

6.     Әркімнің өз жері –

.... Мысыр шаһары

7.     Қына тасқа бітеді.

.... Білім басқа бітеді.

8.     Білекті бірді жығар

.... Білімді мыңды жығар.                                    

9.     Оқу – білім азығы,

.... Білім – ырыс қазығы.

10.  Өнерлі жігіт өрде озар,

.... Өнерсіз жігіт жер соғар.

11.  Жігіттің түсін айтпа

.... Ісін айт.

12.  Саусағы ұзын – биші болар,

.... Құлағы үлкен – күйші болар.

13.  Талапты мен таласпа

.... Өнер ердің қанаты.

14.  Ақыл көпке жеткізер

.... Өнер көкке жеткізер.

15.  Өнерлінің қолы алтын,

.... Өлеңшінің сөзі алтын.

16.  Білімдіден ақыл шығыр,

.... Ақылды қарттан нақыл шығар.

17.Білім ауысады

....Ырыс жұғысады.

18.Ақыл көпке жеткізер,

....Өнер көкке жеткізер.

     19.Білім алып  құрасын,

          ....Еңбек етіп сұрасын.

     20.Оқы да біл,

          ....Ойна да күл.

 

 

III  тур.  Тапқыр болсаң,тауып көр!

      Асыл сөз көп халықта

      Іле жүрер құлаққа.

      Ізденген жетер мұратқа

      Ізденуден жолықпа,-демекші келесі турда жұмбақ шешу. Ең аз ұпай жинағаны ойынан шығады.

 

1.     Дәмді – дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды сыйлайды. (Дастархан)

2.     Біруге адам батпайды,

Затыңды аман сақтайды. (Сандық)

3.     Үсті тас,

Асты тас,

Ортасында піскен ас. (Таба нан)

4.     Құрғақ жерде сақтайық,

Менсіз тамақ татпайсың. (Тұз)

5.     Арқалап бірік қоймай көтергеннің,

Аяғы еш уақытта талғаны жоқ, (Білім)

6.     Жер көрдім қаласы бар,

Үйлері жоқ мекендейтін.

Көл көрдім, өзен көрдім,

Сулары жоқ тереңдейтін. (Карта)

7.     Аппақ дала, қара дән,

Сепкен дәнін түсінуге жараған. (Әріптер)

8.     Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған сөзі сөйлейді. (Қарындаш)

9.     Қарап тұрсаң өзіне,

Сурет тусер көзіңе.

Ол суретің ұқсайды.

Дәл қазіргі кезіңе. (Айна)

 

10. Көлемі шағын, қыры көп,

Қолдан қолға өтеді.

Өмірдің ұшан сыры көп

Ішіне сыйып кетеді. (Кітап)

11.  Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ желеді,

Аузы жоқ ұлиды. (Боран)

12.  Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)

13.  Жазда болмайды,

Қыста болады,

Терезеге қонады,

Әсем ою ояды. (Қырау)

14.  Момықтай ұлпа,

Қанаттай ақ.

Қыста жер бетін басады,

Жазда тауға қашады. (Қар)

15.  Тырсылдап түседі,

Жер бетіне жетеді,

Жер бетіне жеткен соң

Ғайып боп кетеді. (Бұршақ)

IV  тур. Ойлан,тап!

Жұмбақ беріледі, оны  шешеміз, соның жауабына сәйкес мақал айтады. Ұпайы азы жеңіледі.

1.     Еш тесікке тұрмайды,

Ол жақта жер құрғайды. (Су)

«Тау мен тасты су бұзар,

Адамзатты сөз бұзар.»

2.     Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәнім береді. (Ұстаз)

«Ұстазы жақсның

Ұстамы жақсы»

3.     Аспаннан домалап,

Көп моншақ төгіледі.

Бусанып жон алап

Терлейді, керіледі (Жаңбыр).

«Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады»

4.     Жылмаң –жылмаң етеді,

Жылмаңдап сайдан өтеді.

Із-міз тастап кетеді (Ине)

«Оқу ине мен, құдық қазғандай»

 

5.     Ұзын, ұзын, ұзын жол,

Ұшына жеткен бар ма екен?

Түбі терең қара су,

Түбіне жеткен бар ма екен?

Түбіне жетіп бұл судың,

Қанын ішкен бар ма екен? (Оқу)

«Оқу-білім бұлағы,

Білім -өмір шырағы»

V  тур. Ұйқасын тап!

Мына жұмбақтардың ұйқасын тап:

1.     Өзінше ноян, қорқақ ...кім? (Қоян)

2.     Тұмсығымен шымшып

Құр тереді .... (шымшық)

3.     Кезіп жүрген шаңдақты,

Көрдім жаңа ... (қаңбакты)

4.     Алмастан тыным

Шабады ... (құлын)

 

Құрметті ұстаздар, оқушылар осымен мақал-мәтел сайысымыз өз мәресіне жетті.

Осылайша, өрбіген ойын қорытындысында жеңімпаздар марапатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" сайысы (3-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по занятости населения

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 711 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2017 1788
    • DOCX 24.2 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ықлас Айгүл Жазықбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ықлас Айгүл Жазықбайқызы
    Ықлас Айгүл Жазықбайқызы
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13678
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 180 человек

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 303 человека из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 1 201 человек

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 829 человек

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическое благополучие и успех в учебе: методы помощи детям на разных этапах развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 208 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 131 человек

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе