Инфоурок Начальные классы КонспектыНа тему "Даралық- дарындылық"

На тему "Даралық- дарындылық"

Скачать материал

Даралық- дарындылық.

Алып ел дүрліккенде көрінеді, Дарынды жай тірлік күнде көрінеді.

М. Қашқари

Өмірде түрлі жұмбақ құбылыстар болып жатады.Солардың ең бір таңғажайыбы – баланың дарындылығы .Неге десеңіз, 3 жасында үлкен сандарды көбейте білу, 4 жасында әйгілі суретшілермен қатар сурет салу, 5 жасында шахматтан КМС атағына ие болу жұмбақ та, ғажап емес пе? Бұл жалғыз ғана мысал, мұндай мысал әлі жеткілікті.

Негізі,дарындылық әр баланың бойында тұнып жатады. Иә,иә жұмыс істеп, дамудың орнына тұнып жатады.Өкінішке орай, бұған кінәлі болатын ата-аналар. Дер кезінде баланың қабілетін байқап қалмау, байқаса да оған мән бермей, сол қабілетті дамытпау баладағы бір ғажап, түсініксіз «дарын» атты алаудың сөнуіне алып соқтырады. Сол үшін, әуелі ата-аналардың дарынды балаларын тәрбиелеу қабілетін, дайындығын тексеру қажет.

Өз кезінде Джон Гауэн ата-аналар үшін дарынды балалардың ой- өрісін дамыту және денсаулығына зиян келтірмей, қабілетін нығайту жайлы бірнеше пайдалы кеңес ұсынды. Осы кеңестер ата-аналарға өзіндік бір емтихан тапсыруға мүмкіндік береді. Сол кеңестерді өзімнің толықтыруларым мен өзгертулерімен ұсынамын.

1 кеңес.Балаңызға өзінің ашылуларынан қорыққанда қайтып оралуға мүмкіндік беретін қауіпсіз әрі жеке психологиялық база тұрғызыңыз.

2 кеңес. Балаңыздың творчествоға деген ұмтылысы мен қабілетін әрқашан қолдап, демеп тұрыңыз және тәжірибелерінің сәтсіздікпен ұшыраған жағдайларында жанашырлық білдіріңіз. Сонымен қатар, тәжірибелерін сынап, жаман баға беруді болдырмаңыз. Балаңызға шығармашылығының не істегенде жақсырақ болатынын айту керек емес: Балам, істегенің жаман емес, бірақ сен былай істесең жақсырақ болар еді... Мұндай жағдайда баланың қанша тырысқанымен, керекті, биік нәтижеге жету бала үшін мүмкін емес болады.

3 кеңес. Балаңыздың түрлі түсініксіз ойларына сабырлықпен қарап, бәрін, бірден білгісі келетіні мен шексіз сұрақтарын құрметтей біліңіз.Шектен тыс немесе қойылмайтын, жабайы сұрақтары болса да, барлығына жауап беруге тырмысыңыз.

4 кеңес. Егер бала қаласа, оған өзінің ойларымен жалғыз қалуға, істерімен өзі айналысуға мүмкіндік беріңіз. Өз ісінің «бастығы» болу балаңыздың шығармашылығын тез жетілдіруге жол ашады. Арман мен мақсат баланың өзінде пісіп жетіледі. Бала өзі ешбір көмексіз сол мақсатқа жетуді көздейді. Ал ата-аналық көмек кей жағдайда бала үшін жеке өмірге қолсұғушылық секілді көрініс алады.Мұндай жағдайларда ата-аналарға «көмектесейін,балам!» деп табандылық көрсеткеннен, жай ғана қызығушылық білдірген жөн.

5 кеңес. Балаңызға өзі үшін құндылықтар жүйесін құруға көмек беріңіз. Ең керектісі мен маңыздысы баланың жадысында жүйелі түрде орналасуы тиіс. Балаңыз әр нәрсенің өз орнын, маңыздылығын біле отырып, оны құрметтейді. Құрметтей келе, өз кезегінде балаңыз да құрметке ие болады.

6 кеңес. Балаңыздың негізгі адамдық қажеттіліктермен толық қанағат болуын қадағалап тұрыңыз. Яғни, қауіпсіздік сезімі, балаға деген махаббат, қоршаған ортаға және өзіне деген құрмет әрқашан болуы тиіс. Мейірімді, жанға жайлы орта орнатылғанда ғана бала өзін-өзі еркін ұстап, өзінің қабілетін сыртқа шығара алады.

7 кеңес. Балаңызға сәтсіздікпен күресуге көмек беріңіз. Көбінесе дарынды бала өзінің құрбыларының арасында болып, олардың жағынан түсінбеушілікке, кейде сын- мазаққа да тап болады. Мұндай жағдайда бала өзінің ойларында күдіктене бастайды. Ондайды болдырмауға тырысыңыз. Балаңыздың өзіндік, жеке, жұмбақ әлемін бұзуға, шығармашылық талабын талдыруға жол бермеңіз.Құрбы-құрдастарынан ерекше болып, қоршаған ортамен тіл табыса алмаған жағдайда әйгілі, ірі әрі дарынды тұлғалардың өмірі жайлы сөз етіңіз. Бұл өмірде өзінен басқа да қызық әрі түсініксіз қабілеті бар, дарынды адамдардың бар болуы балаңызға өзін- өзіне деген сенімін арттырады.

8 кеңес. Балаңызға барлық сұрақтарға бір мағынада жауап беру мүмкін еместігін, сұраққа толық жауап беру үшін уақыт, ал баланың жағынан шыдамдылық керектігін түсіндіріңіз.

Бала өзінің әлемімен интеллектуалды әлемді байланыстыра, өмір сүре білуі тиіс.

9 кеңес. Балаңызды өзін-өзі жеке әрі дарынды тұлға ретінде құрметтеуді және бағалауды үйретіңіз. Алайда оның мінез-құлқы мәдениеттілік шегінен аспауы тиіс. Мәселен, балаңыздың бір адамға сөзбе мінездемесі (карикатурасы) ұшқыройлы әрі дәл, бірақ сонымен қатар, сол адам үшін жақсы емес, немесе реніш тудыратындай болуы мүмкін.

10 кеңес. Балаңызға өзін-өзі терең танып білуге, өзінің ойларын толық жетілдіруге және еркін тәжірибелер жасауға жол беріңіз. Алғашқы ойлары мен тәжірибелерімен таныстырғанына қуанып, өзіңіздің шын ризалығыңызды білдіріңіз.

11 кеңес. Жаңа ашылу мен зерттеуге бел буған балаңызға жылы- жылы қолдау сөздерін таба біліңіз де, сынау сөзден қашық болыңыз.Балаңызбен жылы қарым- қатынаста болыңыз, балаға деген махаббатыңызды аямаңыз, жасырмаңыз. Неге десеңіз, бала өзі үшін ғана емес, оны сүйетін адамдар үшін де дарындылығын қолданады.

12 кеңес. «Жүрек пен парасаттың айтуына құлақ түр» дей отыра балаңызды қажыры да батыл болуға шақырыңыз. Өзінің интуициясына беріле, баланың шынайы ашылу жасауы әбден мүмкін.

13 кеңес. Дарындылықты дамыту үшін әр кезде арнайы жағдайлар жасалуы тиіс. Сондықтан балаңызды қоршаған ортаның жағымсыз, сын көзқарастарынан сақтай отырып, балаңыз үшін керекті атмосфера орнатыңыз.Егер дарындылықтың дамуы барысында, негативті әсерлер позитивті әсерлерге қарағанда көп болатын болса, онда балаңыздың шығармашылық энергиясы қажетсіз, тіпті зиян, салаға көшуі мүмкін.

14 кеңес. Өзіңіздің балаңыз үшін, міндетті түрде, өзіне ұқсайтын,жан-дүниесі мен мінезі, кем дегенде, қабілеттері мен ойлары бір жерден шығатын, жолдас, серіктес жан дос тауып беріңіз. Бұл бала үшін өте маңызды: ұшқыр ойларын, сырлары мен армандарын бір-біріне айту арқылы олар бойларындағы сенімділік пен қажырлық қасиеттерін нығайтады.

Және соңғысы, егер балаңыздың достары болмаса, балаңыз тек өз істерімен айналысып, құрбы-құрдастарымен тіл табыса алмаса, уайымдамаңыз. Бұл деген сөз,балаңыздың өзіне тең келетін адамды  таппағаны.

Қортындылай келе, ата-аналарға айтар бір өтінішім , балаларыңызға зейін салып , көңіл бөліңіз, балаңыздың терең жүрегіндегі тығылып жатқан дарындылығын, қабілетін ашып, балаңызға таңғажайып әлемнің есігін ашып беріңіз.

Өмірдегі шынайы ғажап, адамзатқа маңызды ашылулардың барлығы дарындылардың қолында, ал сол дарындылардың тағдыры сіздердің қолдарыңызда, құрметті ата-ана!!!



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "На тему "Даралық- дарындылық""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 158 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.03.2016 868
    • DOCX 18.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакежанова Айнур Койшымановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жакежанова Айнур Койшымановна
    Жакежанова Айнур Койшымановна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26979
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 415 человек

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 117 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 353 человека

Мини-курс

Психология семейных отношений: понимание, следствия и решения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Профориентация детей и подростков

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 41 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе